Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет41/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   144
Әдеби KZ 
тегенедегі суға тастап жібергенде, су баж етіп шашырап, буы бұрқырайды. Суыған күміске 
төс үстінде балға соғылады. Осылайша әрқайсымыз өз тіршілігімізбен отырғанда 
байқамаппын. Қайдан алып келгенін білмеймін, Құлжабай жуандығы сұқ саусақтай, 
ұзындығы төрт-бес қарыстай алшыбықты бәкісімен жонып отыр екен. Сөйтіп біздің үйде 
«өндіріс цехтарының» жұмыстары қыза бастады. Біреумен біреудің ісі жоқ. Әркім өз 
тірлігін үделеп отырған. 
Түскі тамаққа қою майлы быламық істелген екен. Сол кездерде біздің ауылда сұйық 
тамақты да «екеуара», «үшеуара» табақтасып бір қасықпен ішетін әдет бар еді. 
Быламықтың түрі де көп болатын. Ең сұйығын «атала», күбіге ашытса — «ашыған 
быламық», айран қатса — «ақ быламық», сүтке пісірсе «сүт быламық», тек суға пісірсе — 
«қара быламық», оған құрт езіп қатса — «құрт быламық», май салса — «майлы быламық» 
деуші еді. 
Құлжабай тамақ үстінде быламық туралы талай күлдіргі сөздер айтып отырды... 
Алыс жолдан арып келген екі жолаушы бір үйге түстенгелі ат басын тірепті. Үй иесі шайдан 
кейін өзге рәует білдірмей, тымпиып отыра берсе керек. Қарны тойып, қабағы 
жадырамасын білген жолаушының біреуі тысқа шығып келген соң, серігіне «аттаналық» 
деп тықыр салыпты. 
— Тұр енді, аттаналық. Отыра бергенмен оңала қоймаспыз, — депті. 
Серігі орнынан қозғалғысы келмей қипақтай берген екен. 
— Әй, тұрсаңшы енді... 
— Досым-ау, қалай тұрайын. Жай-күйім өзіңе әйгілі ғой, — деп мынадай өлең айтқан 
екен: 
Ішсем тамақ болмайды шай антұрған, 
Әйт, шүу десем жүрмейді тай антұрған 


64 
Әдеби KZ 
Ат бер десем бермейді бай антұрған 
Шай шіркінді шығарған бай антұрған. 
Шу дегенде суырылған құла мықты, 
Сынығыңды бекіткен сына мықты. 
Қалай ғана құр ауыз аттанайын, 
Тым болмаса қимады-ау быламықты. 
Біздің елде жұқпа дейтін тамақ болады. Қамырды жұқалап жайып, ыстаған қазан түбіне 
кептеп жапсырып пісіреді. Қамыр жабысып күймес үшін қазан түбін құйрықпен майлап 
отырады. Жұқа піскен нанды қатырма дейді. Қатырманы суға не сүтке салып қайта пісіріп 
былбыратады да, үстіне сары май салып орап дастарқанға қояды. 
Бір үйге қонақтар түсіпті. Үй иесі сараң бай екен. Аузынан берекелі сөз шықпай, әйеліне 
қайта-қайта «қонақтар жұқпа істеңдер, жұқпа істеңдер», — дей беріпті. 
Пейілі тар үйден тамақ ішіп жарымасын білген қонақтардың үлкені мұқата сөйлепті. 
—Байеке, сонша«жұқпа-жұқпа» дей бердіңіз. Жұқпайтын болса, құдағиды әурелеп 
қайтесіз, — деп орындарынан тұрып шығып кеткен екен... 
Осы сияқты әңгімелерді көп білетін Құлжабай нағашым бізді күлкіге қарық қылып 
отырушы еді. 
Түскі тамақтан кейін Құлжабай шыбықтарын қайтадан жонуға кірісті. Кейбіреуін істіктеп, 
үстіктеп жатыр. Жуандау шыбықтың екі ұшынан ұстап иді де, алға созып қарады. Кендір 
жіппен екі басынан байлап тартты. Ұшталған шыбықтың біреуін алып өзі жасаған 
«садақпен» кірер есіктің маңдайшасын көздеп атты. «Оғы» нысанаға дәл тиді. 
— Мінеки, Сұрмерген осылай «атқан», — деді. 


65 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет