Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


гипербола - қыл өтпестей; ине шаншар жер жоқ; түймедейді түйедей етті, литота



Pdf көрінісі
бет4/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

гипербола - қыл өтпестей; ине шаншар жер жоқ; түймедейді түйедей
етті, литота - түйедейді түймедей етті, синекдоха - ауыздыға жол,
аяқтыға сөз бермеді, оксиморон,- жаңбыр жаумай мойнына су кетті;
Ақпанда ақ жауын тіледі, күн ашықта басына бұлт үйіріледі; Жіпсіз
байланды, ілгері басқан қадамы кері кетті, плеоназм - ауыздан-ауызға
3ата жау, ата мекен тәрізді тіркестер өзара өте ұқсас. Кейбір зерттеулерде бұларды да 
фразеологизмдердің семантикалық бір тобына жатқызады. Шындығында, бұлар әр түрлі семантикалык 
топқа жатады. Мысалы, ата жаудың синонимі - ежелгі жау, тіркестің тірек сыңары - жау. Жарым-
жартылай \ идиомаланғандықтан, бұл орамды фразеологиялық тіркеске жаткызамыз. Ал ата мекеннің 
синонимі - туған жер. Тіркестің тірек сыңары жоқ, екі сыңары бірдей идиомаланған, сондықтан бұл орам
фразеологиялық шоғырға жатады деп түсінеміз.
4Когыленко М . М . , Попова З.Д. Очерки по обшей фразеологии. Воронеж, 1972, 15-б.
9


тарады; Ақыр-аяғы, кетпен-таяғы, синоним - жуып-шайып отыр,
айналасы аман, төңірегі түгел; антоним - ақ дегені алғыс, қара дегені
қарғыс; Не өліде, не тіріде жоқ т.б.каламбур - жақсы ашушаң болмас,
ашушаң жақсы болмас; асыл би, асыл болмас, би асыл асыл болмас т.б.
Көркем тіл кестесіндегі фразеологизмдердің құрамы да әр алуан
болып келеді. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сынды көркем «сөз
шеберлерінің бір ғана шығармасы, я болмаса бір ғана әңгімесінің
өзінен шығу тегі жағынан жалпыхалықтық (диалект, қарапайым сөз,
сөйлеу тілі, әдеби тілге қатысты) фразеологизмдердің түр-түрін
кездестіруге болады. Сондай-ақ жазушы тілінің лексика-
фразеологиялық арсеналы өзіне дейінгі сөз зергерлерінің тұрақты
тіркес түріндегі қолтума қолданыстарымен, аударма
фразеологизмдермен байи түседі. Сөйтіп, шығарма тілі өзінің
лексика-фразеологиялық құрамының әр алуандығымен де оқырманды
өзіне баурап отырады. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің «Атақты әнші
Майра»әңгімесінен жалпы халыктық тілдегі фразеологизмді де,
белгілі авторға тән қолтума үлгілерді де, аударма фразеологизмдерді
де ұшыратамыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет