Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет14/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

Бес қару.«Ер каруы- бес қару» дейді халық мақалында. Бес қару
тіркесі ертегі жырларда жиі кездеседі. 
Берік сауыт кигізді, 
Садағын сала байланып.
Ер қаруы- бес қару,
Бесеуін тамам ілгізді ("Құбығұл ").
Әрине, ертеде бес каруға қару біткеннің бәрін жатқызбаған. Бес қару
деп тартыспақ (садақ), атыспақ (мылтық), шанышпақта (сүңгі), найза,
шабыспақ (қылыш, алдаспан, селебе) салыспақ (шоқпар, айбалта)
сайыстарында, жекпе-жекте жұмсалатын қаруларды атаған.
Эпос, ертегі сюжеттерінде: Алыспақ керек пе, шабыспақ, керек пе?
-Атыспақ атамның арғы төрінде қалған, шабыспақ керек, –деп келетін
тұрақты сөз орамдары жекпе-жек сайысына байланысты айтылатын
стеоротиптер. Бес қарудың ел арасында айтылатын әр түрлі нұсқалары бар.
1899 жылы Орынбордан шыққан "Сборник киргизских пословиц" деп
аталатын жинақта "ер жолдасы- бес қару" деген мақалды келтіре отырып,
оған жинақ авторы 1.пышақ, 2. найза, 3. қылыш, 4. садақ, 5. мылтық
тәрізділерді жатқызады (106-бет) Осы аталған кітапта бес карудың тағы бір
нұсқасының берілуі өте қызық. Бұл нұсқа бойынша бес қаруға.1. пышақ, 2.
таяқ, 3. біз, 4. шақпақ, 5. жіп тәрізді тұрмыстық заттарды (бес аспапты)
жатқызады (94-бет). Тегінде, бұл нұсқаның көне дәуірдегі аңшылық
кәсібіне байланысты қайтылуы ғажап емес.
11 Қайдаров Ә.Т. Қазақ эпосындағы батырдың жау жарағы және олардын этнолингвистикалық 
түсініктемесі // Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1973, N-6, 
24-25-б.
22


Бес қарудың ішінде мылтық пен қылышқа, әсіресе, кылышқа сыбаға
қылу салтының болғандығын аңыз-әңгіме, байырғы жырлардан кездестіріп
отырамыз. Қылышын мадақтап, оның суарылуы мен тойтарылуын айтып,
"бір сыбаға қылғаны" туралы аса көркем жыр жолдары бар: 
Тойтаруына шыдамай,
Тоқсан шәкірт мойыған.
Суаруына шыдамай,
Айдын көлдер құрыған (Ш.Уәлиханов).
Батыр қылышын: "Айдынына шыдамай, ай бұлтқа сынған, көруіне
шыдамай, күн бұлтқа сынған" деген бейнелі сөзбен дәріптейді. Кей
жырларда батыр қылышын дұшпанына айбарлы көрсету үшін селебе,
қылышын таптауы мен егеуіне дейін мадақ (ода) айтады:
Егеуме келгенде,
Елу ұста жиналған
Таптауына келгенде,
Тамам ұста жиналған ("Әлібек " ертегісі).
Қылыш, алдаспан, сапы селебенің жетім құрыш қылыш (Сүйінбай
Аронұлы), бүктемелі семсер (Нұрхан Ахметбекұлы), сағасы алтын нар
болат ("Орақ жыры"), алмас тся ("Қамбар") қынабын алтын қырқар
("Қыз Жібек") тәрізді тұрақты баламалары мен атаулары халық әдебиеті
мұраларында, ақын жырларында аса көп ұшырайды.
Жеті қат жерден өткен зұлпықардай, Қашауым қара тасты кетті
іріп, – дейді Шашубай ақын. Қазіргі оқырман зұлпықар сөзінің мағынасын
бірден аңғара бермейді. Зұлпықар - омыртқа кесер.
12
Әуелде бұл атаудан
пайда болуы діни әпсанаға байланысты. Мысалы, қазақ тілінде аспаннан
түскен төрт кітап деген фразеологиялық сөз тіркесі бар. "Діни ұғым
бойынша, төрт пайғамбар ие төрт кітап болыпты. Тәурат (Пятикнижие
Мойсея)-Мұсаның, Зәбур (Псальтырь)-Дәуіттің. Інжіл (Евангелие)-
Исаның, Құран-Мұхамбеттің кітабы".
13
Сөз арасында бұл аталған төрт
кітаптың байырғы кезде шар кітап деп те аталатынын еске ала кетуге
болады. Осы тәрізді бұрынғы қазақ тілінде көктен түскен төрт қылыш
(хәмкам, сәмсем, зұлқажа, зұлпықар) деген фразеологизм бар. Төрт
қылыштың бірі – зұлпықар. От ауызды, орақ тілді Қашаған ақын
"домбыраны қу ағаш" деп тіл тигізген молданы уәжді сөзбен тұқыртады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет