Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет3/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

жаба тоқу; кежегесі кейін тартты; көсегесі көгерген; апы кіріп, күпі
шықты; алтынмен аптап, күміспен күптеп т.б. Фразеологизмдер
өздерінің мағына тұтастығы жағынан жеке сөздердің төлеуі
(эквиваленті) бола аларлықтай дәрежеде. Мұндай типтегі
фразеологизмдердің ішкі формасы (фоны, мотивациясы) тасаланған,
яғни қазіргі тұрғыдан алғанда тіркестің «неге бұлай айтылатындығы»
сөйлеушіге белгісіз. Фразеологизмдердің ішкі формасынын
тасалануы көп жағдайда олардың лексикалық кұрамында
архаизмдерге айналған сөздердің (морфемалардың) жүруіне де
байланысты. Құрамында бірде-бір архаизм кездеспейтін, бірақ фоны
тасаланған фразеологизмдер де көп ұшырайды. Мысалы, балапан
басына, тұрымтай тұсына; он екімүше, он екіде бір гүлі ашылмаған;
қара қылды қақ жарған, төрт көзі түгел т.б. Бұл типтес
фразеологизмдердің құрамында бірде-бір көне элемент
кездеспегенімен, уәждемесі (мотивациясы) қазіргі тіл тұтынушыға
мүлде белгісіз. Ішкі формасы тасаланған, мағына тұтастығы жағынан
жеке сөздердің төлеуі бола алатын фразеологизмдердін семантикалық
типі фразеологиялық түйдек деп аталады.
Фразеологизмдердің қазіргі қазақ тілінде аса мол кездесетін әрі
жиі қолданылатын ерекше өнімді типі бар. Бұл топтағы
фразеологизмдердің ішкі формасы (фоны, мотиві) анық, басқаша
айтқанда "неге бұлай айтылатындығы" айқын болып тұрады.
Фразеологизмдердің бұл типі көбіне метафора, теңеу т.б. фигуралар
6


негізінде жасалады: санын соқты «өкінді», қол ұшын берді
«көмектесті» көзді ашып-жұмғанша «жылдам, тез», соқырға таяқ
ұстатқандай «анық». Бұл тәрізді фразеологизмдердің ішкі формасы
айқын. Шындық өмірдегі іс-әрекеттің қайталамасы тәрізді. Сондай-ақ
бұл топқа жататын бірсыпыра фразеологизмнің ішкі формасының
ақиқат өмірде аналогиясы(фоны) болмауы ықтимал. Мысалы, қой
аузынан шөп алмас «жуас», қырық қазанның құлағын тістеген
«қыдырымпаз», жұмыртқадан жүн қырыққан «сараң» тәрізді
фразеологизмдердің ақиқат өмірде аналогиясы жоқ (қойдың
аузындағы шөпті ешкім барып жұлып алмайды, қазанның құлағын
ешкім тістемейді, жұмыртқада жүн болмайды т.б.). Бірақ бұл
фразеологизмдер метафора арқылы жасалған. Ішкі формасы
сақталған, метафора құрылған, мағына тұтастығы жағынан жеке
сөздердің эквиваленті бола алатындай тұрақты сөз тіркестерінің
семантикалық типі фразеологиялық шоғыр деп аталады.
Кейбір фразеологизмдердің құрамындағы сыңарлардың бірі
тіркестегі сөзге телімелі болса, енді бірі өзге сөздермен еркін
байланысқа түсе береді. Мысалы: асқар тау, шалқар көл, сүмбіл шаш,
сәске түс, ит көйлек, бесін ауа, ақ таңдақ, ала көлеңке, ала құйын, күдері
жал, кедері бел, көктеп тігу, тірнектеп жинау,кұрмеп байлау, үш салар
текемет, бір қайнатым шай, қозы көш жер, бие сауым уақыт, тас
қараңғы, жеті түн т.б. Мұндай фразеологизмдердің идиомалану
дәрежесі жарым-жартылай ғана деуге болады. Өйткені бұл топтағы
тіркестің тиянақ болатын сыңарлары (тау, бел, көл, шаш т.б.) өзге
сөздермен еркін байланысқа түсе береді. Мысалы: қыпша бел -
жіңішіке бел, нәзік бел; асқар тау - биік тау, үлкен тау т.б. Тұрақты
тіркес сыңарларының өзара байланысы тең дәрежеде емес, сыңаржақ
сипатта болады, өйткені қыпша, асқар, үш салар деген сыңарлар тек
бел, тау, текемет тәрізді тірек сөздермен, үйреншікті сөздермен
тұрақты байланысқа түседі. Тұрақты тіркестің жарым-жартылай
идиомаланған түрін немесе мағына тұтастығы жағынан жеке сөздерге
7


эквивалент бола алмайтын типі фразеологиялық тіркестер
1
деп
аталады.
Тұрақты сөз тіркестерінің фразеологиялық түйдек,
фразеологиялық шоқыр, фразеологиялық тіркес деп аталатын
семантикалық түрлерінен басқа фразеологиялық тізбек
2
 деп аталатын
ерекше типі бар. Фразеологиялық тізбектердің де семантикалық
құрылымы мен лексикалық құрамы әрі тұрақты, әрі тиянақты (дайын)
болып келеді. Бұл жағынан фразеологиялық тізбектің өзге
семантикалық типтерден – фразеологиялық түйдек, фразеологиялық
шоғыр, фразеологиялық тіркестерден еш айырмасы жоқ. Бірақ
тізбектің лексикалық құрамындағы сөздер еркін тіркес түрінде
байланысады да идиомалану дәрежесі бәсең (нольге тең) болады.
Фразеологиялық тізбектер өз ішінде қоммуникативті сипаттағы
тізбектер (проф. К.Ахановтың терминологиясы мен айтқанда
фразеологиялық сөйлемшелер) және номинатив сипаттағы тізбектер
болып, екі салаға бөлінеді. Коммуникатив сипаттағы тізбектерге
негізінен мақал-мәтел түріндегі сөз орамдары жатады: шегірткеден
қорықкан егін екпес; түсі игіден түңілме; жылтырағанның бәрі алтын
емес; мың шешенді бір мылжың жеңеді; аузымен орақ орғанның белі
ауырмайды т.б.
Номинатив сипаттағы тізбектерге ата мекен,
3
темір жол, дауыс
беру, қол көтеру, соғыс өртін тұтандырушылар т.б. сөз орамдары
жатады.
1Сырт карағанда, ақ жаулық ("әйел" деген мағынада) фразеологиялық тіркеске өте ұқсас. Бірақ бұл 
тәрізді тіркестер фразеологиялық шоғырға жатады. Өйткені, біріншіден, "ақ" және "жаулық" сынары өзге
сөздермен еркін байланысқа түсе береді (ақ орамал, ақ көйлек, қызыл жаулық, жаулық орамал т.б.), 
екіншіден, екі сыңары семантикалық бір тұтас мағынаны білдіреді, басқаша айтқанда, жеке сөздің (әйел)
эквиваленті болып жұмсалады, үшіншіден, тіркестің тірек сыңары болмайды. Фразеологиялық тіркестің 
өзгелерден тағы бір ерекшелігі - олардың синонидерге тірек сыңар үнемі қайталанып отырады: қыпша 
бел - жіңішке бел, үш салар текемет - үлкен текемет, тас қараңғы - қою қараңғы. Сондай-ақ кейбір 
зерттеулерде су ми, көк ми, су жүрек тәрізділер фразеологиялық тіркеске иллюстрациялық материал 
ретінде беріліп жүр. Бірақ, біздің пайымдауымызша, бұлар фразеологиялық түйдекке жатады. Өйткені, 
біріншіден, ішкі формасы тасаланған (неге су миі, көктің миға катысы қанша?; неге су жүрегі), 
екіншіден, тіркес сынарлары идиомалану дәрежесі фразеологиялық тіркестердегідей біржақты емес, 
сондықтан жеке сөздерге эквивалент бола алады: су жүрек - қорқақ, су ми, көк ми - ақылсыз.
2Кейбір зерттеушілер, фразеологизмдерді тар мағынасында түсінушілер, фразеололиялық единицаға тек 
фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық шоғырды ғана жатқызады. Ал зерттеушілердің біразы, тіпті 
басым көпшілігі (қазақ тіл білімінде) деуге болады, фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық 
шоғырға қоса, бұл екеуі көп жағдайда идиомалық тіркестер деп аталады, фразеологиялык тіркесті де 
фразеологиялық единица деп таниды. Мысалы, акад. І.Кенесбаевтың "Қазақ тілінің фразеологиялық 
сөздігінде"(Алматы, 1977) негізінен фразеологизмдердің осы аталған үш типі берілген. 
Фразеологизмдерді кең мағынасында түсінушілер осы аталған үш типке қоса, фразеологиялық 
тізбсктерді де (мақал, мәтел, комбинатив атаулар. Күрделі терминдер) фразеология құбылысына 
жатқызады.
8


Сонымен, тілдің фразеология саласы – өте күрделі құбылыс.
Сондықтан ол әр аспектіде, әр қырынан зерттеуді қажет етеді. Тілдік
бірлік ретінде фразеологизмдердің семантикалық құрылымы,
лексикалық құрамы, лексика-грамматикалық 
ерекшеліктері,
қолданылу тұрғысынан экспрессиялық-стилистикалық реңктері,
диахрония тұрғысынан шығу тегі, жасалу жолдары т.б. мәселелер өз
алдына жеке-жеке зерттеу объектілері болатындығы даусыз. Сонымен
қатар фразеологиялық норма, фразеологизмдердің көркем
шығармалардағы қолдану ерекшеліктеріне назар аудару жазушы
шығармашылығындағы ізденістерді дұрыс түсінуге, объективті түрде
бағалауға мүмкіндік береді. Бірақ фразеологизмдердің көркем
әдебиеттегі жұмсалуын сөз еткенде, олардың жоғарыда аталған
семантикалық структуралық типтерінің барлығын емес, алдымен
экспрессиялы-образды реңктері бар, поэтикалық сипаттағы түрлеріне
назар аудару тиімдірек болуға тиіс екендігін зерттеушілердің
мынадай пікірінен де аңғарамыз: «Образность и экспрессивность -
черты художественной речи, они редко отмечаются в деловой и
бытовой речи, а фразеологические сочетания представлены во всех
стилях. В целях изучения творчества писателей, сказителей
индивидуатьных особенностен стиля исследователь может
ограничить себя образной фразеологией, так же как и образной
лексикой или экспрессивными синтаксическими средствами, но в
ңелях ичучения обшеязыковых фактов образность и экспрессивность
как черты вторичные, мало эффективны»
4
.
Көркем әдебиет тілінде образдылығы айқын, экспрессиялық-
эмоциялық реңкі қанық фразеологиялық сөз орамдары жиі кездеседі.
Әсіресе түрлі заттар мен құбылыстарды, сезімді дәл, нәзік
бейнелейтін сөз айшықтарының (речевые фигуры) алуан түрін
фразеологиялық сөз орамдарынан ұшыратуға болады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет