астрономиясында
жеті қат (қабат) көк деп аталады. Бұл - ІV-V
ғасырдағы Сирия-грек ойшылы Диносийдің космологиялық түсінігіне
байланысты жүйесі. Ортағасырлық дәстүрлі түсінік бойынша әлемнің
кіндігі – жер, одан кейін
жеті қат көк, ал бұдан әргі тоғызыншы
қабат -
ғарыш деп аталса керек.
Дүние жаратылысы туралы бұл модельді Жүсіп Баласағұн,
Әлішер Науаи тәрізді шығыс авторлары өз шығармаларында сөз ету
дәстүрін берік ұстанған. Қазақтың
ескіше оқыған ақын-жыраулары
кейде осы дәстүр бойынша өз жырларында
жеті қат көк, жеті ғалам,
тоғыз қат көк деген сөз орамын қолданып отырған:
Жеті ғалам астында
Дауысың кетті алысқа
Өзіңнен өрнек жайылды.
Жақынға туған қалысқа (ХVІІІ-ХІХ ғ. қазақ ақындары).
Қазақтың байырғы жырларында кездесетін
ғарыш сөзі әуелде
"көктің тоғызыншы қаты" деген мағынаны білдірген:
Патшасысың кұдая,
Он сегіз мың ғаламның
Ғарыш пенен Күрсінің
Лауық пенен Қаламның
Жаратқан алла жар болып,
Бақытын ашқыл баламның ("Қыз Жібек").
Бұл жырдағы күрсінің мағынасы – «мінбер», «тақ»,
«тоғызыншы аспан» ал лауық сөзі «жазу тақтасы»,
немесе
«тағдырдың жазуы жазылатын тақта» деген діни нанымды аңғартады.
Байырғы жыр мұраларда күрсімен қосарлана арсы сөзі де
колданылған:
Арсы менен Күрсіні айт,
Лаухы менен Кәлемді айт
Құдіретімен жаратқан
Он сегіз мың ғаламды айт (Бұқар).
Мұндағы
арсы «ғарыш» сөзінің дыбыстық варианты.
Достарыңызбен бөлісу: