Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет17/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

Сөтке. Тәулік. Қазақ тіліндегі сөтке, тәулік сөздерінің өзге тілден
енгендігі белгілі. Кейде күн сөзі "тәулік" мағынасында жұмсалады. Ал бұл
ұғымды білдіретін арнаулы сөз халық тілінде бұрын болды ма? Бұл
сұраудың жауабын салыстырмалы деректен табамыз: шор тілінде чатті
қонақ чурдулар(олар)"жеті тәулік жүрді"
27
. Сары ұйғыр тілінде қонақ,
қонуқ "сутки",
28
якут тілінде хонук "сутки, суточный"
29
.  Монғол тілінде
хоног "сутки"
30
.  Тәулік мағынасын білдіретін бұл сөз қазақ тілінде де
26Құрышжанов Ә. Көне қыпшақ тіліндегі ай мен күн атаулары//Исследования по тюркологии. Алма-
Ата, 1969, Мұсаев К. М.. Лексика тюркских языков в сравнительком освещении. М., 1975. 
27Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречии. Т.2,ч.1 СПб.
28Малов С.Е. Язык желтых уйгуров. Алма-Ата, 1957, 58-б.
29Якутско-русский словарь. М., 497-б.
30Монгольско-русский словарь. М.,1957, 536-б.
29


сақталған. Халық календарында байырғы қазақ есепшілері (халық
астрономдары) қолданылатын бес қонақ деген арнаулы термин бар.
Осындағы қонақ сөзі "мейман" деген мағынаны білдіреді деуге болмайды.
Бұл жерде, жоғарыда айтылған салыстырма дерекке сүйене отырып, бес
қонақ сөзінің "бес тәулік" деген ұғымды аңғартатынын байқаймыз. Ал бес
қонақтың қандай "бес тәулік" екендігі байырғы сөздіктердің бірінде
былай түсіндірілген:"бес қонақ – бірінші апрель мен бесінші апрельдің
аралығындағы суық. Бес қонақ өтпей қыстаудан жайлауға көшпейді, қысқа
киімді тастамайды"
31
. Ал қазақтың халық календарын арнайы зерттеген
ғалым М.Ысқақовтың көрсетуінше, "бес қонақ-жай жылдары 4 марттан 8
мартқа дейін де, кібісе жылдары 3 марттан 8 мартқа дейінгі 5 күн"(тәулік-
Н.У.) 
32
.
Қазіргі кезде тәулік сөзін "жиырма төрт сағат
мағынасында"түсінеміз. Ал журналист С.Шүкіров бұл сөз халық тілінде,
ай тәулік, жыл тәулік түрінде де айтылады деуі де зерттеушілер үшін
назар аударарлық дерек.
33
Сонымен, біз сағат (шақ), қонақ (тәулік) сөзі мағынасының бірер қырын
ғана сөз еттік. Ал байырғы кездің өзінде тәуліктің бірнеше шаққа
бөлінетіндігі, олардың өзіне тиісті атаулары болғандығы белгілі. Ай айдың
оты басқа дегендей, тәулік ішіндегі мерзім атаулары да әр басқа. 
Таң. Қазіргі тіл қолданысымызда таң атқанда, таң құлан
иектегенде, таң бозарып атқанда деген тіркестер бар. Ал халық тілінен
таң мезгілін білдіретін сөздердің бұдан басқа да небір түрін кездестіреміз.
"Таң сімірі жауғанда"("Төрехан батыр"). Ереуіл таң."Шолпан жұлдыз
батқанда, пәленің алды қайтқанда, Ереуіл таңдар атқанда, қызара келіп
күн шықты"("Ер Қосай").Коғалаң таң." Желпіндіріп ту байлап Ерлерім
тұрды ат сайлап, көгалаң таң болғанда"(Қашаған Күржіманұлы), Рауан
таң. "Рауан таң біліне, жемісті сайдың бойына бастап келді ол
енді"("Құбығұл"). Ерен-параңда "ерте, таң ерте 
34
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет