Әдетте төрт тұрманға сарбаздың 1. ер-тұрманы (ер, құйысқан,
өмілдірік, қамшы, үзеңгі т.б.); 2. мүкәммалы (кісе, дәндәку, кемер,
белдік, күдері белбеу т.б.); 3.
жау жарағы, қару қаттауы (сауыт,
дулыға, қалқан т.б.); 4. бес қаруы жатады. Байырғы өлең-жырларда
ер-тұрманға байланысты
"Құйысқаны құйма алтын, үзеңгісі үзбе алтын,
қоңыраулы құйысқан" тәрізді тұрақты сөз орамдары жиі кездеседі.
Жағасы алтын, жеңі кез, шығыршығы торғай көз (Ақтамберді
Сарыұлы), береңгілі бек сауыт, шығыршықты көк сауыт ("Шынтасұлы
Төрехан"); ақсырмалды сауыт ("Ер Төстік") дегендері-сауыт, көбенің
түр-түріне байланысты айтылатын тұрақты теңеулер.
"Жау-жирақ
атадан балаға қалатын мұра" деп отырады қариялар.
"Бектен белгі-
белге медет"деген мақал жау-жараққа қатысты айтылады.
Сондай-ақ, қалқанның түрлеріне де қатысты айтылатын тұрақты
сөз орамдары, әсіресе, эпос тілінде аса мол:
құрама болат дулыға,
айдарылы алтын дулыға, кереуке көзді калқан, шарасы алтын ақ қалқан
т.б.
11
Достарыңызбен бөлісу: