Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет61/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

Құланның қасуына мылтықтың басуы дегенді кейбір авторлар
мылтықтың басуына құланның қашуы деп жаңғыртады: Есіне манағы
оқиға түсіп, ызадан жирылып кете жаздады. «Мылтықтың басуына
құланның қашуы» дегендей аудандық партия комитетінің бірінші
хатшысының жолын тосып жүргендей Қантайдың мезгілсіз уақытта
келе қалғанын көрмеймісің (Б.Мұқаев. «Мазасыз маусым»). Сірә, автор
фразеологиялық тізбектің мазмұнына» қасу-дан гөрі қашу үйлесімді,
өйткені «құлан мылтық дауысынан шошып кашады» деп түсінетін
болу керек. Бірақ мұндай субьективті түсінікке негізделген жаңғырту
фразеологизмге тән ирониялық реңкті
74
 жуып-шайып кетеді.
Нормадан жөнсіз ауытқудың саз қолданыста ұшырайтын бір
түрі – фразеологизмдердің тұрақты сыңарларын фразеологиялық
мағынаға қатысты семалардың бірімен жаңғырту. Мысалы, жіпсіз
байланды деген оксиморон түріндегі фразеологиялық шоғырдың
семантикалық структурасында 1) «еріксіз», «амалсыз» 2) «бөгеді»,
«кідіртті» деген екі сема бар. Мына контексте автор фразеологизмнің
лексикалық құрамын осы аталған семалардың бірімен алмастырып,
нормадан жөнсіз ауытқыған:Әдемі сырлы қыз күлкісі жігітті тағы
жіпсіз бөгеп қалды. (Р.Әутәліпов. «Алтын»)
75
Мұндай жаңғыртудан
оксиморонға құрылған образдылық ыдырап, тіркес алогизмге
айналған. («жіпсіз бегеді-ні оқырман не деп түсінеді?).
Фразеологиялық нормадан жөнсіз ауытқулардың жиі
ұшырайтын бір түрі – тұрақты сыңарларды синонимдес сөздермен
кездейсоқ алмастыру. Мысалы: Халық нақылында: «Не сепсең, соны
орасың», «жаман тұқымнан жақсы өнім күтпе» деп бекерден-бекер
айтылмаған. («Жетісу», 1983, 12 қазан). Фразеологиялық тізбектің
жалпыхалықтық нұсқасы – не ексең, соны орасың деп айтылады. Ал
бұл мәтелдің жаңаланған сыңары фразеологизмнің семантикалық
74
Фразеологиялық бұл орамға тән ирониялық реңкті тұрақты тізбектің шығу төркініне зер салсақ,
айқын аңғарамыз. Ертеде бір хан сыйлы адамдардың алдында өзінің мергендігін айтып, «Кұланның
артқы тұяғын көздеп атқан оғым оның табанынан өтіп, құланынан бірақ шықты», деп мақтанса керек.
Ханның әңгімесіне «ұйып» отырғандар бұл сөзге сенер-сенбесін білмей, «ынғайсызданып» қалады.
Ханның шектен тыс «бөсіп» кеткенін байқаған уәзір: «Хан тақсырдың жануардың табанына дәл
тигізгені рас, бейшара құлан сол сәтте артқы тұяғымен құлағын қасып тұр еді», – деп өтіріктің қисынын
таба қойыпты. Сонда тыңдаушылар: «Е...е . кұланның қасуына мылтықтың басуы дөп келген екен ғой»
десеп, бас шұлғысқан екен. Қазақ тілінде белгілі бір аңыз-әнгіме, ертегі сюжеттерінің негізінде
жасалған бірсыпыра тұрақты сөз тіркестері бар: аяз әліңді, құмырсқа жолыңды біл («Аязби»), маңғыт,
аузыңа саңғыт, («Түлкі мен бөдене»), отқа салса жанбайды, суға салса, батпайды («Ер Төстік» т.б.);
Лұқпандай мың жасаған, Атымтайдай жомарт, Наушаруандай әділ т.б.
75Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-том. Алматы, 1976, 393-б.
101


структурасымен үйлеспей тұр, өйткені «себілген нәрсенің бәрі
орылмайды, кейбірі «жиналады». Сондай-ақ себу–ден гөрі егу–дің
мазмұны кең: ек-етістігінің семантикалық структурасында «тұқым»,
«себу», «өсіру», «отырғызу» деген семалар болса, сеп – етістігінде
«тұқым», «сіңіру», «шашу» деген семалар бар.
Сонымен жоғарыда сөз болған жайтты жинақтай айтқанда,
фразеологизмдердің форма тұрғысынан (в плане выражения)
тұрпатын жаңғыртуға байланысты нормадан жөнсіз ауытқудың
түрлеріне мыналар жатады: Фразеологизмдердің кұрамындағы
архаизмдерді жаңғырту, деректі ұғымды білдіретін сөздерді дерексіз
атаулармен ауыстыру; дыбысталуы ұқсас,мағынасы әр басқа сөздерді
жаңсақ қолдану, фразеологизм сыңарларын синонимдес я болмаса
мазмұндас сөздермен жаңғырту, фразеологизмдердің грамматикалық
тұлғаларын өзгерту және фразеологиялық түйдектердің «неге бұлай
айтылатындығына» мотив іздеу т.б.
Фразеологизмдерді мазмұн тұрғысынан (в плане содержания)
дұрыс колданбау да нормадан жөнсіз ауытқуға жатады. Бұл типтегі
ауытқулардың өзін үш топқа бөліп қараймыз: 1) фразеологиялық
мағынаның контекстен үйлеспей тұруы, 2) контекспен
фразеологиялық единицаны байланыстырып тұратын сөздерді дұрыс
қолданбау,
3)фразеологизмдердің
стильдік-эмоционалдық
реңктерінің контекспен үйлеспеуі.
Қайсыбір контекстерде фразеологизмдер форма тұрғысынан (в
плане выражения) өзінің жалпытілдік нұсқасына сәйкес
қолданылады да, олардың лексикалық құрамы, морфологиялық
тұлғалары ешбір өзгеріске түспейді. Алайда фразеологизмдердің
мағынасы мәтіннің мазмұнымен үйлеспей тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет