бейнелеуіш, көріктеуіш құралдар мен көріктеудің амал-тәсілдерін
жасалды, көркемдік нормаларды қалыптастырды. Көркемдік нормалардың
көбі ұлттық тіл дәуіріне дейінгі кезеңдердің өзінде-ақ қалыптасты.
Мәселен, мақал-мәтелдерді, фразеологизмдерді көркем тіл кестесіне
түсіру, оларды тұлғалық, мағыналық жақтан түрлендіру, контекске
бейімдеу байырғы сөз шеберлерінің тіл кестесінде де кездеседі. Алайда
ұлттық тіл дәуірінде (бұл дәуірде әдеби тілдің үлес
салмағы артып,
қоғамдық кызметі өрістей түседі) жалпыхалықтық тілдің байлығын
эстетикалық мақсатта жұмсау айрықша мәнге ие болды.
Диалектизм, қарапайым сөйлеу тілі т.б. әдеби тілден тысқары
өзгермелі элементтер бұрынғы ақын-жыраулардың, фольклорлық сөз
үлгілерінде кездесіп отырады. Көркем тіл кестесіне енген бейәдеби
элементтер басқа да сөздермен эстетикалық жақтан ұйымдаса келіп
ерекше жүйе кұрайды. Сөйтіп, көркем ойдың жарыққа шығуына қызмет
етеді. Алайда ұлттық тіл дәуірінде жалпыхалықтық тілдің өзгермелі
элементтерін эстетикалық мақсатта жұмсаудың принципті айырмасы
болды. Мысалы, алғаш рет М.Әуезов қаламы әдеби тілге жалпыхалықтық
тілдің диалект нысанына тән элементтерін
қарама-қарсы қоя отырып,
көркемдік тәсілдің жаңа бір үлгісін жасады. Сондай-ақ, ескі кітаби тіл
элементтерін сөйлеу тіліне қарсы қоя жұмсау (М.Әуезов), әдеби тілдің
стильдік тармақтарының саралануына байланысты белгілі бір
функционалдық-стильге тән элементтерді екінші бір стильде қолдану
(Ғ.Мүсірепов) тәсілі сөздің көркемдік мүмкіндігін ашуда айтарлықтай
құбылыс болды. Диалектизмдер, кәсіби сөздер,
қарапайым сөйлеу тілі
элементтері тек кейіпке, тілін даралау шеңберінде ғана емес, авторлық
баяндаудың түрлерінде, өмір шындығын өз бояуымен беру, соны сөз, жаңа
мағыналық реңк іздеу мақсатында жұмсала келіп, көркем контексте жүйелі
поэтикалық таңбаға айналды. Бейәдеби элементтердің осылайша жұмсалу
өрісі кеңейді. Әсіресе Ғ.Мүсірепов қаламының кітаби сөзді (жазба тіл
элементтерін, ресми стильге тән бедерлерді) сөйлеу тілі контексінде
қолдануы тіл көркемдігіне жаңа бояу,өзгеше нақыш әкелді. Түптеп
келгенде, бұл аталған кұбылыстың бәрі де эстетикалық мақсатқа
бағынған, нормадан жөнімен ауытқудың түрлері болды. Сөйтіп,
жөнімен ауытқудың өзі ұлттық көркемдік нормаға – субнормаға
айналды.
Мұндай құбылыстың, әрине, тек ұлттық әдеби тілдің
стильдік тармақтары айқын сараланған кезеңінде ғана мүмкін
болатыны сөзсіз. Жалпыхалықтық тіл байлығын бұлайша
шығармашылықпен игеру ұлттық сөз мәдениетін дамытудағы жаңа
кезең болды.
Жалпыхалықтық тіл байлығының бір саласы фразеологизмдер
болса, оны сөз шеберлерінің шығармашылық жолмен игеруінің түр-
түрін талдай отырып, нормадан жөнімен ауытқудың эстетикалық
мақсатқа бағынатынын көрсеттік. Мұндай тәсіл, әрине, әрі дәстүрлі,
110
әрі тұрақты тілдік норма болғанда, сондай-ақ кодификацияланған
норма болғанда жүзеге асады. Алайда нормадан мақсатты ауытқудың
эстетикалық, эмоционалдық әсері әсіресе
оқырман норманы айқын
сезінгенде ерекше болмақ. Академик Л.В.Шерба: "Әрине, нормадан
ауытқымайтын автор болмайды. Сірә, ондайлар бола қалса, жұртты
зеріктіріп, мезі етіп жібереді. Норманы сезіну түйсігі тәрбие көрген
адам ғана жақсы жазушыда кездесетін нормадан жөнімен ауытқудың
ғажаптығын сезіне алады",
76
– дейді.
Әдеби тілдің нормасына дағдыланған оқырман одан жөнімен
ауытқуды жөнсіз ауытқудан ажырата біледі. Бірақ кейде олардың ара
жігін ажырату оңайға түспейді, ғылыми негізге сүйенуді қажет етеді.
Өйткені жалпыхалықтық тілдің байлығын жазушы өзінің
шығармашылық зертханасында контекске лайықты өңдеп, ажарлап,
икемдеп қолданады, әрі әдеби тіл нормасынан тысқары жатқан
тұстарға да қалам жұмсайды. Сондықтан
көркем контекстегі тілдің
мағыналық бірліктерін оның ішінде фразеологизмдерді тек
дыбыстық, мағыналық кұрылымына, тұлғалық ерекшеліктеріне
байланысты талдау жеткіліксіз. Осымен байланысты оларды
жалпыхалықтық тілдің өмір сүру, қызмет ету нысандарына, әдеби
тілдің функционалдық стильдік түрлеріне және фразеологизмдердің
стильдік мағынасы мен реңктеріне байланысты қарастыру қажет.
Сөйтіп, көркем мәтіндегі фразеологиялық бірліктерді қалыптасқан
дәстүрлі тілдік норманың аясында карастыра отырып,
дағдылы
нормадан жөнімен ауытқуды ұлттық көркемдік норманың бір саласы
деп таныдық. Мұндай субнорма ұлттық тіл дәуірінде, әдеби тілдің
стильдік тармақтарының сараланып, бедерлерінің айқындала түскен
кезеңінде жүзеге асатындығын байқадық.
76Шерба Л.В. Спорные
вопросы русской грамматики //Русский язык в школе. 1939, N1, 10-б.
111
МАЗМҰНЫ
Фразеологизмдердің функцоналдық-стильдік реңктері....................
...............
.........97
Фразеологиялық норма және одан мақсатсыз ауытқудың түрлері
...........................................................................................................................106
Достарыңызбен бөлісу: