Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет62/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

Солай екен-ау, Бәке. Өзіңіз экономистердің жылдық жоспарын
шемішкеше шағады екенсіз...- деп отырғандар ұлардай шулады (Т.Кенеев.
Сөз бен іс. «Қазақ әдебиеті», 1981, 5 маусым). Ұлардай шулады – ның бұл
контексті «жатырқап» тұрғаны айқын байқалады. Өйткені бұл
фразеологизм қым-қуыт жылады, зар қақты», «өре түрегелді» деген
мағынаны білдіреді. Бұл арада контекстің мазмұнын таң-тамаша
қаласты тәрізді сөз орамдарының бірін қажет етіп тұрғанын оқырман
да оңай аңғарады.
Фразеологизмдердің лексикалық құрамына кірмейтін, бірақ
мағынасын дәлдеп, айқындап тұру үшін контекстің ыңғайына қарай
қосарлана жүретін с е р і к т е с с ө з д е р
болады. Олар
фразеологизмдерді контекспен үйлестіріп тұрады.
таза, тап-таза 
жылан жалағандай 
түк қалдырмады 
тып-типыл қылды
102


ұқсас
егіздің сыңарындай 
аумаған
айнымаған
кенелді 
шаш етектен 
мол
асады
зиянға батты
әдемі
көз тойғандай
мол
табысы 
шаш етектен
 асады 
мол
қарызы 
нәрсе жоқ
көз тоқтатар
зат жоқ
еш нәрсе жоқ
көрді
көзінің қарашығындай
сақтады
ардақтады
мол
көз сүріндірер 
көп 
әдемі 
103


Фразеологизмдердің өзі ғана емес, оның серіктес сөздері де
дұрыс колданбау фразеологиялық нормаға нұқсан келтіреді.
Мұндайда контекст мағына дәлдігінен айырылып қалады.
Фразеологиялық нормадан жөнсіз ауытқудың мұндай типін мына
тәрізді мысалдардан айқын байқауға болады: Портфелімді қолыма
алып, асыға басып мектепке келдім. Кластың іші жылан жалағандай тірі
жан жоқ («Лениншіл жас», 1982, 19 тамыз), – Жарайсың Кебекбай.
Қазіргі жағдайда орман» – маңызды обьект. Көзінің қарашығындай
қарар деп сенем («Қазақ әдебиеті», 1981, 18 қыркүйек); Ауызша
шежіренің де хатқа түскен жазба деректердің де көрсетуінше қазақ пен
қарақалпақ түркі тілдес халықтар ішінде егіздің сыңарындай жақын
("Қазақ әдебиеті", 1981, 12 маусым); Бүгін аспанда көз сүріндірер
шөкімдей бұлт жоқ (Ж.Бақадыров. "Қос қайың"); Қыркүйек қалай
басталды, солай бұл араның балықшыларының тірліктері шаш етектен
асып сала беретіні әдетке айналғалы қашан. ("Лениншіл жас", 1983, 21
қыркүйек); Сауда тәртібін бұзу деген шаш етектен асады. Үстеме баға
қосып сату, нағыз керекті заттарды тығып сату" – дегеннің көкелері
бар ("Социалистік Қазақстан", 1981, 1 желтоқсан).
Фразеологизмдердің әсіресе олардың бейәдеби топтарының
стильдік-экспрессиялық реңктерін елеп-ескермей, кез келген
контексте беталды қолдану текстің тілін шұбарлап, тартымсыз
көрсетеді. Қарапайым бейәдеби фразеологизмдердің экспрессиялық
ренкі, бәсең мазмұны контекстегі салтанатты, көтеріңкі үнмен
үйлеспей, оғаштау сезіліп тұрады. Әсіресе репортаж, көркем очерк,
хроника жанрында олардың талғаусыз жұмсалуы материалдың
мазмұнын төмендетеді. Бірнеше мысал: Бұл күнде егінжайға көңіл
елеңдей береді. Саржағал алқаптардағы – сары атан түйелердей сартап
болып, сыралғы мінезбен жұмыстың түбін түсіріп жүрген дала
кемелерінің қарымын қызықтау қандай ғанибет ("Лениншіл жас" 1983,
23 қыркүйек); Москва олимпиадасының чемпиондары классикалық
күресті жаңаша дамытудың жарқын өкілдері болды. В. Благидзе,
Ш.Серіков, Ш.Русу және Н.Невеньилер техникалық әдістерді судай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет