жетінші жылғы дүрбелеңде тап жауларының қолынан қаза тапқан
(Сәбит Досанов. Өткен күнде белгі бар. Роман. "Жұлдыз", 1981, N3).
Сөйлем құрылымы жалпы дұрыс сияқты көрінгенімен, стильдік талапқа
сай емес. Олай дейтініміз тап жауларының қолынан қаза тапқан тәрізді
стандарт сөйлеу тілі реңін бұзып тұр. Белгілі бір стильдік элементті
ешбір көркемдік мақсатсыз, бояуын сезбестен екінші бір стильге тели
беру аққа қара баттастырғандай тым сұрықсыз көрінер еді. Әр стильдік
бояуларды өң-түсіне қарамай осылайша араластырып қолдану;
шұбыртпа сөзділік (Ат арба, өгіз арбаға мініп келе жатқан кісілер
арасында жаяу келіп жатқандар да, салт аттылар да түйеге мінген
кісілер де бар) (Сонда т.б. ақаулардан сөз өрімі жиі бұзылып, роман тілі
жатық, бір тегіс көрінбей, кедір-бұдырлы болып, оқушысын әр жерде бір
"сүріндіріп" отырады.
"Жұлдыздың" жаңа авторларының бірі ("Жұлдыз", 1981, №1)
оқушысын бұдан да зор "әсерге бөлейді".
106
– Директордың қабылдауынан оралған соң, түс қайта соққамын. Бәрінде
айттым. Ақылды ғой Күнсұлу. Жүрегімді түсінді. Қуаттады шешімімді.
Автор сөйлеу тілінде тән реңкті дәл бере алмаған. Ресми қолданысқа
лайық стандарттардың (директордың қабылдауында, қуаттады
шешімімді т.б.) бұл контексте кірікпей тұрғандығын оқушы айқын
сезеді. Бөгде стильдік элементтер ешбір көркемлік мақсатсыз
қолданылғандықтан, сөйлеу стиліне тән бояуды бұзып тұр.
Сөздің реңкін сезінбен қолдану диалогта ғана емес, авторлық
баяндауда кездеседі. Сағат тілі сегізді көрсеткен шамасында қызыл
барқыттан тігілген клуб сахнасының шымылдық пердесі ысырылып,
концерт номерін жариялаушы конференсье Қарлығаш апай қалың
көпшілікті Ұлы Октябрь мерекесімен құттықтап, ұстаздар мен
шәкірттер атынан ізгілік білдіреді. Содан соң жетінші, сегізінші,
тоғызыншы, оныншы кластың жастарынан шертіп жүріп іріктелген
топ құрап, төрт қатар етіп тізгін сахна төріндегі оқушылардың
орындауында "Бейбітшілік берік қолда " әні залды жарып жіберердей
шырқалды (Сонда).
Осы үзіндіде орашолақ құрылған тіркестер (...қызыл барқыттан
тігілген клуб сахнасы..., ...төрт қатар етіп тізілген сахна..) басы артық
сөз қолданыс – тавтология (шымылдық перде, концерт номерін
жариялаушы конферансь) сөз мағынасының байыбына бармай колдану
(сегізінші, тоғызыншы, оныншы кластың жастарынан... Сонда, бұл
кластың "қарттары" да болғаны ма?); ресми қолданысқа тән тізбектер
мен сөйлеу тіліне тән элементтердің араласып кетуі (Ұлы Октябрь
мерекесімен құттықтап, ұстаздар мен шәкірттер атынан ізгілік
білдіреді... шеттерінен шертіп жүріп; залды жарып жібере жаздады.)
т.б. көркем тіл кестесіне мүлдем жанаспайтын "кырық құрау" шикі
қолданыстар. Ешбір оқушы мұндай дүмбілез дүниелердің "Жұлдыз"
тәрізді беделі биік көркем әдеби журналдың беттерінде жүруін еш қаламас
еді.
Қазіргі көркем шығарма тілінде газетизмдер көбейіп бара ма деген
күдік те бар. Әрине, бұл жерде газет тілі (публицистикалық стиль) көркем
шығарма тілінен төмен, немесе іс қағаздары тілі ғылыми әдебиет тілінен
нашар деуге болмайды. Ондай көзқарас аты-жөнімен теріс. Еш уақытта
өлең тілімен өтініш жазып, қаулы қабылдай алмайсыз, немесе газет
қызметін романмен ауыстыра алмайсыз. Әрқайсысының қоғамдық
өмірдегі орны әр басқа. Әңгіме белгілі бір стиль де орын тепкен тілдік
амал-тәсілдерді екінші бір стильге араластырып жіберуде болып отыр.
Автор бөгде стиль элементтерін талғаусыз жұмсағандықтан, сөйлеу тіліне
тән реңкті шынайы бере алмаған.
Қазіргі кезде көгілдір отын (газ), қанатты металл (алюминий)
көгілдір экран (телевизор), дала кемесі (комбайн), ақ алтын (мақта) т.б.
толып жатқан метафоралық тұрақты тіркестерді газет-журнал
107
бағаналарынан, микрофон материалдарынан жиі кездестіреміз. Радиодан:
"Бүгін көгілдір экраннан өнерпаздардың концертін тамашалай
аласыздар"деп хабарлап жатады. Публицистика аулына тән мұндай
сөздерді өсіп-өнген топырағынан айырып, екеуара сөзде (сөйлеу тілінде)
қолдану, мысалы магазиннен кеше көгілдір экран сатып алып едім деу,
біреуге түсініксіз болса, біреуге күлкілі бірдеме болып шығар еді. Бірақ,
бір жақсысы, ешкім бұлай деп сөйлемейді. Ал осындай газет
фразеологизмдерін (публицистика элементтерін) кейбір авторлар роман,
повестерінде талғаусыз, стиль тезіне салмай жұмсай береді. "Изобилие"
совхозы ала-құла піскен егінін әлден бөлектеп оруға кірісіп кетіпті.
Көгілдір көк жиекте катар-қатар салған комбайндар тұманды теңіз
өрінде жүзген дала кемелеріне ұқсайды, Алипатовтың айтысында,
есілдіктер ырғалып-жырғалғанша "Изобилие" астығының жартысы
Отан қамбасына құйылып та үлгереді. (Р.Тоқтаров. "Ғасыр наны").
Автордын дала кемесі дегені – комбайн да, Отан қамбасы деп отырғаны –
элеватор. Сонда қалай, "тұманды теңіз өріндегі комбайн" комбайнға
ұқсағаны ма?
Әңгіме автордың теңеуді сәтті немесе сәтсіз қолдануында ғана емес,
публицистикалық тілдің көркем әдебиет тілінен принципті
айырмашылығында. Әдетте журналист болмысқа басқа қырдан қараса,
жазушы оны өз танымы тұрғысынан бейнелей отырып, тілдік амал-
тәсілдерді сол мақсатқа сай қолданады. Газет бағаналарында тұрақты
орын тепкен бейнелеуіш амал-тәсілдердің көркем тіл кестесіне бөтен
болып есептелетіні де сондықтан.
108
|