Практикалық сабақ № 3 Сабақтың тақырыбы: Перспективалық заңдылықты қолдану. Заттың жалпы формасын
елестете білу
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша қарапайым формалы эскиздер сызу;
геометриялық денелерден тұратын композиция.
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін түссіз шешімде сызу (штрих сызықтармен, гельді
қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар).
3. қарапайым геометриялық денелердің пішінін штрихпен көрсету.
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: геометриялық денелердің құрылымы
мен көлемдік формалардың композициясын құрастыруды меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: Кез-келген сурет немесе эскиз сызық пен рең арқылы орындалады. Нәрсенің дұрыс
бейнеленуі – перспектива мен жарық немесе көлеңке ұзындықтарын жетік білудің нәтижесінде
болады.
Перспектива заңдылықтарын білу және қолдану –шынайы бейнелеудің маңызды шарты.
Сонымен перспектива дегеніміз нәрсе әлемін көріп қабылдаумен сәйкес бейнелеу
заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол латынның «persptcere»-тасадағыны көре білу деген
сөзінен шыққан.
Перспективаның кейбір ережелері бұдан 2000 жыл бұрын болған екен. Оған Везувий
жанартауының атқылауынан қираған ежелгі Помпей қаласындағы тұрғын үйлердің
қабырғаларындағы салынған суреттер куә.
Тәжірибемен анықталған ережелер жиынтығын бақылау перспективасы деп атацды. Ал
геометрияға негізделген перспективаның ғылыми даму жолы қайта өрлеу дәуірінен басталады.
Ол сызықтық перспектива деген атауға ие болды.
Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі – қайта өрлеу дәуірінің атақты итальан
сәулетшісі және суретшісі Филиппо Брунелески. Бірақ алғаш перспектива туралы шығарма
жазып , осы ғылымның негізін қалаған итальан суретшісі Пьеро Делла Франческа екені бізге
мәлім. Оны зерттеумен Паоло Учелло, Леон-Баттиста Альбертилер және осы дәуірдегі өмір
сүрген басқа да итальан сәулетшілері шұғылданған. Аты әйгілі Леонардо да Винчи да өз
еңбектерінде перспектива заңдылықтарын ашуға маңызды орын берген.