12
Практикалық сабақ № 5
Сабақтың тақырыбы: Композициялық шешімі. Заттың оңтайлы жағын таңдау.
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу; геометриялық денелердің
композициялық шешімі.
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін түссіз шешімде сызу (штрих сызықтармен, гельді
қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар).
3. қарапайым геометриялық денелердің пішінін штрихпен көрсету.
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: геометриялық денелердің құрылымы
мен көлемдік формалардың композициясын құрастыруды меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар:
Композициямен айналысу дегеніміз ойдан шығару, жасап шығару, жаңа нәрсені ойлап
табу.алайда «ойдан» шығару деген сөз көп жағдайда әдебиеттен шығарма және суреттемелік
шығарма, яғни сурет салулар арқылы болуы мүмкін.Сонымен өнердің қай түрін алсақ та
шығармашылық ой туындайды. Сол шығармашылық ой сәулет өнерінде де кеңінен кездеседі.
Сәулет архитектурасында өзіне тән композициялық әдіс-тәсілдері мен пішімдік құралдарды
пайдаланады. Сондықтан сәулет өнеріндегі ерекшеліктерді түсіну үшін мазмұн және форма
деген түсініктерді талдау керек.
Мазмұн дегеніміз кез-келген заттың мәнін білдіретін ең негізгі элемент
Ал форма деген –сәулет өнерінде көлемді немесе ықшамды масштабына байланысты салынған
ғимараттарды айтамыз. Яғни салынғғимараттардың мазмұны өзгерген жағдайда оның формасы
да өзгеріп отырады. Сонымен сәулеттік форма мазмұнына байланысты болғандықтан бұл
байланыс белгілі бір жағдайлардың нәтижесінде әрқалай көрінуі мүмкін. Сәулеттік форма көп
жағдайларда ұлттық дәстүрлер мен климат жағдайларына байланысты беріледі. Сондай-ақ
сәулет ғимараттарының сырт пішініне бейнелік мағына берілгеніне , яғни экстерьердің
өзгеруіне байланысты болады. Сәулет ғимараттарында негізгі форманың мақсаты осы
факторлардың бәрін біріктіріп сәулет ғимараттарына көркемдік жағынан мәнді және мағыналы
болып шығуына жағдай жасайды. Сонымен қатар сәулет басқа өнер түрінен өзінің
функциялылығымен
және
конструктивтілігімен
ерекшеленеді.
Мәселен,
сәулет
құрылыстарында климат жағдайы ескерілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: