Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық
конспектілерден, оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық сабақтарды оқып үйрену
жатады. Практикалық сабақта студенттер композицияны құрастырудың негізгі әдістері жайлы
негізгі ұғымдар мен ерекшеліктерін қарастырады. Практикалық сабақ барысында студент
мынаны орындауы тиіс:
-композицияны құру барысында негізгі заңдылықтарды ескеру;
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау;
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында орындау;
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау;
- жарық-көлеңкенің негізгі әдістеріне бірнеше жобалар сызу;
-композициялық эскизді графикалық түрде орындау.
Техникалық және инструменттік құралдар: карандаштың бірнеше түрі, акварль немесе
гуашь, белгілі шығармалардың мысалдары.
Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері:
1.берілген тақырып бойынша композиция әдістеріне статикалық және
динамикалық эскиздер сызу.
1.1.геометриялық денелердің композициясы.
1.2.геометриялық фигуралардың үйлескен түрде орналасуы.
2.геометриялық детальдардың макетін жасап үйрену.
2.1.жарық-көлеңкелі натюрморт орындау.
Практикалық сабақ №8 Сабақтың тақырыбы: Композициялық және функционалдық байланыс.
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу;сәулеттік композицияның
масштабын анықтау, перспектива заңдылықтарын сақтау.
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін графикалық шешімде сызу (штрих сызықтармен, гельді
қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар).
3. әртүрлі масштабтағы фигуралардың пішінін штрих арқылы көрсету.
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: геометриялық денелердің масштабы
мен перспективасын анықтай отырып, негізгі заңдылықтарды меңгеру.