Жылына 4 рет шығады



Pdf көрінісі
бет37/56
Дата06.03.2017
өлшемі4,19 Mb.
#8044
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56

Әдебиеттер
1.
 
Жұмаділов Қ. Прометей алауы. – Алматы: Атамұра, 2002. – 352 б. 
2.
 
Байғұт М. Қозапая.  – Алматы: Атамұра, 2003. – 248 б. 
3.
 
Нұржекеұлы Б. Бейтаныс әйелдің құпиясы. – Алматы, 2002. – 336 б. 
4.
 
Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 10-том. – Алматы: Қазақпарат, 2006. – 528 б. 
5.
 
Ахметжан Т. О дүниенің қонағы. – Астана: Елорда, 2001. – 376 б. 
6.
 
Амантай Д. Қарқаралы басында. Бірінші том. – Алматы, 2010. – 396 б. 
7.
 
Ісімaқовa A. Aсыл сөздің теориясы. – Aлмaты: Тaңбaлы, 2009. – 376 б.  
8.
 
Кемелбаева А. Тобылғысай. Повесть және әңгімелер.  – Астана: Елорда, 2001. – 120 б. 
9.
 
Кемелбаева А. «Жазушы ізгіліктің иесі болуы тиіс». // Егемен Қазақстан. №183. 2012 жыл. 25 сәуір. 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
223 
10.
 
Сaвельевa  В.В  Художественнaя  aнтропология.  Тело  человекa  и  поэтикa  телесности.  – 
Aлмaты, 1999. 
11.
 
Майтанов  Б.  Қазіргі  қазақ  прозасындағы  модернистік  және  постмодернистік  ағымдар  // 
Қазақ әдебиеті. – 2004. – № 43-44.  
 
Султангалиева Р.Б. 
Казахский рассказ периода Незамисимости: новые горизонты мастерства жанра 
В данной статье рассматриваются проблемы, поднятые в казахских рассказах периода Независимости, 
их  идейно-тематические  особенности,  новые  художественные  поиски  писателей    в  данном  жанре. 
Представлена  картина  современных  реалий  в  казахских  рассказах  периода  Независимости,  образы  новых 
типов  людей,  философских  изысканий,  эпизодов  фантастических  антропологий.  А  также  через  анализ 
рассказов писателей К. Жумадилова, Б. Нуржекеулы, М. Байгута, Т. Ахметжана, Д. Амантая, А. Кемелбаевой, 
расскрываются  проблемы религиозной  тематики,  поиск  новых форм современного  содержания, раскрытие 
дешевных качеств и психологзма человеческой души. 
Ключевые слова:  малый прозаический  жанр, рассказ,  художественной образ, философские смысли, 
фантастическая антропология, писательские изыскания. 
 
Sultangalyeva R.B. 
Kazakh stories in the years of independence: innovative researches 
This  article  discusses  the  problems, 
thematic
-ideological  characteristics,  artistic  and  innovative  research  of 
writers  in  these  genres  raised  in  Kazakh  stories  published  since  independence.  Images  of  the  modern  world, 
descriptions  of  types  of  new  people,  as  well  as  philosophical  thinking  in  Kazakh  stories,  images  of  fantastic 
anthropology,  religious  themes,  the  search  for  new  paths,  respectively,  with  a  new  look,  with  new  content,  the 
disclosure of the internal psychology of consciousness of the human soul can be seen based on the analysis of stories 
of such writers as K.Zhumadilov, B.Nurjekeulı, M.Bayğut, T.Axmetjan, D.Amantay, A.Kemelbaevа. 
Keywords:  genre  of  short  fiction,  story,  imagery,  philosophical  thinking,  fantastic  anthropology,  the 
writer’s research. 
 
 
ӘОЖ:  811.512  
 
Мұсаев  А.М. – филология ғылымдарының докторы, профессор, 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
(Ақтөбе қ., Қазақстан), E-mail: musaev03111948@mail.ru 
 
ШУАҚ  ШАШҚАН  ШЕБЕР 
 
Аннотация.  Мақалада  жазушы  Сайын  Мұратбековтің  «Ұлтуған»,»Жусан  исі»,  «Басында 
Үшқараның» әңгімелерінің көркемдік ерекшеліктері қарастырылған. 
Кілт сөздер:  характер, стиль, образ, түс, сарын, қаһарман, тенденция, махаббат, мұң, сезім 
 
Сайын  Мұратбеков  қазақ  әдебиетінің  тарихына  көркем  прозаның  шағын  жанрларының 
майталман шебері ретінде енді. Оның әңгімелері мен хикаяттарында адам тағдырының жұмбақтары, 
өмір диалектикасының күрделі түйіндері алуан характерлер арқылы айшықтап беруінен көрінеді. 
«...Ол прозаның ықшам саласы – әңгіме жанрында бірыңғай қалам тербеп, қазақ әңгімесін бүгінгі 
даму сипатын танытар туындылар арқылы байытып, шағын жанрды көзге қомақты көрінетін роман мен 
повестің тасасынан шығару құбылысын жүзеге асырды» [1.3]-деп жазды әдебиеттанушы Қ.Алпысбаев 
жазушының  екі  томдық  таңдамалы  шығамаларының  алғысөзінде.  Айтса  айтқандай,  жазушы 
әңгімелеріндегі  мөлдірлік,  сезім  шынайылылығы  мен  табиғилық,  лирикалық  сыршылдық  пен 
психологиялық тереңдік адам жанын айнытпай түсінгіштік қасиеті жазушылық шеберлікті көрсетеді. 
Сайын  кейіпкерлері  характері  айқын,  эстетикалық  талғаммен  сұрыпталған  типтік  бейне 
тұрғысынан қарауға болатын жинақтық мәніне ие оқшау тұлғалар. 
Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастады. Содан бергі 
уақытта  әңгімелері  мен  повестерінің  «Менің  қарындасым»  (1961),  «Ауыл  оты»  (1964),  «Көкорай» 
(1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы 
шығармаларының  бір  томдығы  (1981),  ал  1986  және  1991  жылдары  екі  томдығы  жарық  көрген. 
Кейін  «Қалың  қар»,  «Өліара»  повестері  жеке  кітап  болып  басылып  шықты.  2003  жылы  «Жабайы 
алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. 
С.Мұратбековтың «Менің қарындасым», «Ауыл оты» жинақтарындағы әңгімелерден алпысыншы 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
224 
жылдағы  қарапайым  ауыл  адамдарының  тамаша  мінездері  мен  іс-әрекеттерін  көреміз.  Жазушы 
әдебиетімізге  осы  бір  кезеңнің  талай-талай  қайталанбас  жаңа  образдарын  әкелген  жазушы.  Балалық 
шағы  соғыс  жылдарының  ауыр  күндеріне  тап  келген  Сайын  Мұратбеков  көңіл  таразысынан  өткізген, 
алыста қалған бала шағының жүрек сыздатар мұңды елесін жадына қайта жаңғыртып, көркем туынды 
етуі  –  оның  творчествосындағы  басты  тақырыптардың  бірі.  Бір  кездегі  қазақ  әңгімесінің  туып, 
қалыптасуында алғашқы арнаны салып, көркемдік сапасының биік белеске көтерілуіне, ұлттық дәстүрді 
европалық  үлгімен  қиюластыра  дамытуға  айрықша  еңбек  еткен  Б.Майлин,  М.Әуезов,  Ғ.Мүсірепов 
дәстүрлі 60-шы жылдары  С.Мұратбеков творчествосы арқылы жалғастық тапты десек артық айтқандық 
емес. Алайда ол ізденісті әңгіме жанрында көбірек танытты. 
Жазушы  Сайын  Мұратбековтың  әрбір  әңгімесінде  бұрын  айтылмаған  жағдай,  ашылмаған 
сыр,  көрінбеген  характер  алдыңнан  шығып  отырады.  Осының  бәрін  ол  мен  мұндалатып  көзге 
ұрмай,  сол  өзінің  лирико-психологиялық  пландағы  сырбаз,  сыпайы  жаймашуақ  жазу  стилімен 
жеткізеді.  Қаламгер  не  туралы  айтқысы,  қандай  жағдайды  көрсеткісі,  нендей  шындықты  ашқысы 
келсе  де  қамырдан  қыл  суырғандай  баппен,  байыппен  жазады.  Жазушы  характер  диалектикасын 
ашуда,  яғни  адамды  табиғи  бар  болмысымен  көрсетуде  ерекше  шеберлік  танытады. 
«Кәментоғайдағы» Зағипа, «Күсен-Күсекедегі» Күсен, «Ананың арманындағы» әже, «Отау үйдегі» 
Ұзақ  пен  Тана,  «Жеңешедегі»  Қапар  бейнелері  туған  әдебиетімізге  Сайын  Мұратбеков  әкелген 
жаңалықтар, соны образдар, айшықты характерлер. 
«Ұлтуған»  әңгімесіндегі  басты  кейіпкердің  образы  ұлттық  бояуға  тұнып  тұр  деуге  болады. 
Бір  үйдің  ұлы да, қызы  да  өзі болып  ерке  өскен  Ұлтуған алғыр да қабілетті  болғанмен, қартайған 
ата-анасына қарайлап үйде отырып қалады. Өз бақытынан ата алдындағы парызын жоғары қойған 
ол  сүйген  жігітіне  тұрмысқа  шығудан  бас  тартады,  ал  мұның  қолына  кіруге  «күшік  күйеу»  деген 
аттан  қорыққан  ол  келісім  бермейді.  Сөйтіп  жар  қызығын  жолына  құрбан  еткен  ата-ана  да  өтті 
өмірден.  Екі  бөлмелі  ескі  үйде  соқа  басы  сопайып  Ұлтуған  қалды.  Алғашқыда  жалғыз  жатуға 
жүрексініп,  көршінің  кішкене  баласын  қасына  алып  жатып  жүрді.  Кейіннен  бәрібір  несібеме 
бұйырған жалғыздық болса оған да үйренейін деп бекініп, қаншама елегізігенмен жалғыз жататын 
болды.  Мұның  жалғыздығын  кейде  арақ  ішіп  келген  күні  әйелі  үйінен  қуып  шығатын,  сондайда 
Ұлтуғанның  ауыз  үйіне  келіп  тығылатын  Майдан  ғана  бұзып  жіберетін.  Алғаш  ауыз  үйге  қонып 
шығуына  өзі  рұқсат  бергенмен,  кейін  ол  жиі-жиі  келгіштей  бастағанда  ашуланып  үйден  қуып 
шығады, қамшымен де тартып-тартып жібереді. Бірақ оның шын мүсәпір кейпін көріп жаны ашып, 
әйелге тән мейірімі оянып, аяныш білдіреді. Бұл  - көкірегі құсаға толы, шерлі жан, Майдан болса 
көкайыл  әйелінен  қорлық  көріп  жүрген  бейбақ,  айналып  келгенде  екі  мұңлық  түсінісіп  тынады.  
Түсінісудің  соңы  тамырлыққа  ұласып,  екеуі  тар  төсекте  табысады.  Жалғыздықтан  жабығып, 
жанының жетімсіреуіне тән құштарлығы, жар құшағын аңсау қосылған Ұлтуған күні кеше адам деп 
көзіне  де ілмейтін Майданға ес-түссіз беріледі. Оның үйлі-баранды екендігі де, ауылдың бұл екеуін 
сан-саққа жүгірткен өсек-аяңы, жұмыстағы әйелдердің мазағы да, Майданның әйелі Сәндібаланың 
бір  емес  екі  рет  мұның  терезесін  сындырып,  жер-жебіріне    жете  тілдеуі  де  Ұлтуғанға  шыбын 
шаққандай  әсер  етпейді.  Өмір  бойы  аңсаған  арманына  енді  ғана  қолы  жеткендей  болып,  бақыт 
құшағында балқыған оның басқаларға назар аударуға  мұршасы да жоқ еді. 
Бірақ  әр  нәрсенің  шегі  болады  ғой.  Бір  күні  дүкенде  кездейсоқ  Майданның  баласын 
жолықтырып,  шешесінің  ауырып  жатқанын  естіген  Ұлтуған  не  істеп,  не  қойғанына  өзі  де  есеп 
берместен,  әлдебір  түйсіктің  жетелеуіменен  Майданның  үйінен  бір–ақ  шығады.  Үй  ішінің 
күтімсіздігін, жас сәбилердің жүдеп-жадап кеткенін көріп, жүрегі сыздап Ұлтуған осы шаңырақтың 
алдында өзін кінәлі екенін, бұлардың бақытын өзі ұрлап жүргенін түсінеді. Бүкіл жан сезімі астан-
кестен  болған ол  өзінің  де  құрсағында  әлі  жарық дүниеге  келмеген шарана  барына,  ертең  оған да 
әке  керек  болатынына  қарамастан,  Майданның  төрт  баласын  жетім  етуге  дәті  бармай,  бір  түнде 
көшіп  кетеді.  Ол  өзін  бұрын  да  маңдайынан  сипай  қоймаған  өмірден  тағы  да  таяқ  жеді,  дәмі 
таңдайына  енді  ғана  тати  бастаған  тәттісінен,  жанына  балаған  аяулысынан  айырылуға  мәжбүр 
болды. Бірақ, бұл саналы түрде жасалған құрбандық, ол өзінің бақыты үшін өмірдегі өз үлесінен бас 
тартып, ар алдында адалдық көрсетті. Ұлтуған образының құндылығы осында. 
Жазушының  «Жусан  иісі»  повесінде  жанының  жарасы,  жүрегінің  қаяуы  бар  Аян  есімді 
жасөспірім баланың өмірінің белгілі кезеңі суреттеледі. Кейіпкерінің ішінде, жүрегінің тереңінде тұнған 
сырының асыл ағынын жазушы оның ауыл балаларына айтқан ертегісі арнасында сурттейді. «...Әй, мен 
енді сендерге  бір қызық айтайын ба?  - деді ол сүйінші сұрағандай қуанышты үнмен. –Мен бүгін  таң 
алдында  түсімде  ағамды  көрдім.  Рас  айтам.  Түнде  жатарда  ағамның  пальтосын  басыма  жастап,  көпке 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
225 
дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қалыпты. Бір түрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. Мен 
бүйтіп жағасына мұрнымды тығып алдым да, ұзақ-ұзақ иіскедім... Әжем ылғи: «Ағаңды анау жусанды 
төбенің үстінде, мал қайырам деп жүргенде, айдалада тапқанмын» дейтін... Менің ағамда жусанның иісі 
содан қалған... Сөйтіп жатып ұйықтап едім, түсіме кірді...»[2, 3]. 
Аянның  түсі  бар  баланың  көкірегінен  сыр  төгілтеді.  Балалардың  бәрі  де  майдандағы 
етжақындарының  үйлерінде  қалған  киімдерін  еске  алып,  олардан  да  жусан  иісі  шығып  тұрғанын 
айтып,  мәз  болысады.  Осы  иіс  олардың  бәрін  мақтанышқа  бөлеп,  марқайтады.  «Жусан  иісі» 
жазушының  суреттеуінде  ерекше  киелі  қасиетке  айналады.  Жасөспрімдер  өміріндегі  асыл,  аяулы 
сезімдер, киелі  ұғымдардың бәрін  жазушы  осы қасиеттер  арқылы  ашады.  Өмірдің  мәні  мен  сәнін, 
адамның  абзал  сыры  мен  адал  шынын  танудың  құпиясын  жазушы  өз  шығармасының  өн  бойынан 
бұрқырап  тұрған  жусан иісі  арқылы  ашады. Жусан иісі  жазушының көркемдік  әлеміне  тән жарық 
пен  жылудың,  лирикалық  тереңдік  пен  эпикалық  кеңдіктің  асыл  өзегі,  алтын  тірегі  қызметін 
атқарады.  Автор  телегей  теңіз  тарихтың  шындығы  мен  күн  көзіндей  жарықтың  қуатын  өзі  іздеп 
тапқан, өзі жасаған осы бір нәзік деталь арқылы танытады. Ал Аян бейнесі туралы белгілі әдебиетші 
Ж.Дәдебаев:  «...Аян  –  қаақ  әдебиетінде  бұған  дейін  болмаған,  жаңа  да  дара,  теңдесі  жоқ  әрі 
қаһармандық,  әрі  трагедиялық  бейне»  [2.6]  -  деп  ой  түйеді.  Шындығында,  С.Мұратбеков  жасаған 
адам  образдарының  жүйесінде  қазақ  әдебиетінде  бұрын  көрініс  таппаған  өмір  құбылыстарын 
көтеріп  тұрған  болмысы  бөлек  типтік  тұлғалар  тобы  бар.  Аян  соның  бірі.  Бір  үйде  бір  өзі  ғана 
қалған жетім баланың образы арқылы-ақ қаламгер жан ауыртып, жүрек сыздатар үлкен шындықтың 
сырын ашады. 
Сайын  Мұратбековтың  «Жеңеше»  атты  әңгімесіндегі  Қамар  –  бойында  адамдықтың  алапат 
қуаты  жатқан  жан.  Жазушы  шеберлігі  «кебенек  киген  келеді»  деп  жұбаныш  іздеп,  қасірет 
қамауында  ғұмыр  кешкен  осынау  қаралы  жанның  тұрлаусыз  тағдыр  алдындағы  берік  бейнесін 
Смағұл  шал,  Мақсұт  қарт,  Салиқа  шешейлердің  іс-әрекеттері  арқылы  түйіндейді.  Ел  басына  күн 
туған  ереулі  кезде  ауыл  совет  басқарған  Смағұл  да,  ақкөңіл  Мақсұт  қарт  та,  Салиқа  шешей  де 
Қамарға  күйеуінің  қазасын  естіртуге  тәуекел  ете  алмайды.  Жазушы  характер  қасиетін  танытатын 
қимыл-әрекет,  сезім  иірімдеріменен  психологиялық  сәттер  арқылы  осыған  сендіреді.  Шеберлік 
қырларының шексіздігі қаламгердің шығармашылық қуатына тәуелді. Бір ғана мазмұн беретін, бір 
шығармадан бір шығармаға ауысып жүретін аты бөлек, заты бір кейіпкерлер мен бір тақырыптың 
өзіне  әртүрлі  қырынан  келетін,  әр  шығармаға  даралық  сипат  танытатын  типтік  характерлер 
жасаудың  айырмасы  жер  мен  көктей.  Жазушы  творчествосының  даралық  қасиетін  де,  міне  осы 
тұстан іздейміз. «Жеңеше», «Күзгі бұралаң жол» әңгімелерінде негізгі идея соғысқа қарсы лағынет 
айту болса да, ой түйіні адами характер, пендешілік мінез иірімдері қарама-қарсы тұлғалар арқылы 
шешіледі.  Күйеулері  майданнан  оралмаған  Қамар  мен  Бибі  тағдырлары  оптимистік  трагизммен 
өрнектеліп жатыр. 
«Басында  Үшқараның»  әңгімесінде  «Жусан  иісіндегі»  лирикалық  қаһарманның  мінез-
қылығы,  Ешкіөлмес  тауының  етегіндегі  туған  ауыл,  рухани  сарындар  ұқсас  болғанмен,  шығарма 
үшінші жақтан және ортақ төл сөз түрінде баяндалады, кейіпкер елде қалған жан емес, өскен орта, 
дос-жаран, ағайын – туғанға ескі бір өкпе мен сағыныш аралас сезіммен оралатын жас ғалым. Оқиға 
барысы  Әсеттің  көңіл  аудандары,  ішкі  жан  құбылыстарына  орай  соны  түйсіну,  қорыту,  бағалау 
әсерімен  бейнеленетіндіктен  бұл  туындыда  сыршылдық  ағым  басым,  енжар  суреттеу  кездеспейді. 
Жүдеу  күндеріндегі  туыстар  қараулығына  назалы  жігіттің  жалғыз  апасы  шақырған  қыз  ұзату 
тойына  немқұрайлы аттану  сапары  байқалғанымен, бәрібір жөргек  иісі  сіңген қасиетті  топыраққа, 
жасырын  іңкәрлікке  белгісіз  елжіреу,  бар  ғаламға  ынтығу  күйлеріне  ұласады.    Арнайы  тоқталса, 
талдап  бітуі  қиын  толып  жатқан  шағын  психологиялық  детальдар  жолаушы  жүрегіндегі  дірілдер 
картасын  шебер  сызады.  Бұл  сапар  Әсет  үшін  қайталай  және  жаңадан  ғашық  болу,  ескіні  ойлай 
отырып, жаңғыру тәрізді күрделі әрі оқыс процестермен сабақтас. Пойыздан түсе беріп, жол бойы 
сұхбаттасқан  жолсерік  қызға  тамсанып, шын  іштарту,  оның  опық жеген  сүйкімді жүзін  жабырқай 
еске  ала  беру  Әсетттің  жан  әлеміндегі  болашақ  қызу  бұлқыныстардың  увертюрасы  іспетті.  Әрбір 
тас,  әрбір  бұлақ,  әрбір  жота,  тау  сілемдері  көп  уақыт  ат  ізін  салмаған  жат  перзентке  аналық 
мейіріммен тіл қатардай. Сол, жалғандағы жалғыз қымбатындай көрер анасының шек – қиыры жоқ 
ізгілік  нұрын  апасының  лебіздерінен  танып,  алқымына  жас  тығылғандай  кіршіксіз  мөлдір 
адамшылық  мезеттері,  алыс  құмдағы  балалық  шағы  бірге  өткен  шопан  әйел  Зағипа  үніндегі 
бейтаныс, жабырқау, жасқану сияқты мүлде бөгде пернелерді көкірек шерімен пайымдау сарынына 
ұштасады. Құлын-тайдай тебісіп  өскен  Зағипаның Әсетке  бұрынғы ойнақылығы,  еркелігі  жоқ, өңі 
тотыққан  кексе  жанның  кейпінде  «сіз»  деп  кішірейе  сөйлеуі,  мұны  оқыған  зиялыға  санап,  өзін 
қатардан қалған бейбаққа балағандай аянышты сыңайы, ол туралы Зағипамен апасы ойламаса да, не 
мән 
берілмеуі 
арқылы 
бұл 
қатынас 
қалыптасқан  қағида  тәрізді  көрінуіндегі 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
226 
моральдық-этикалық  тұрғыдан  өте  нәзік  хал  жанары  сергек,  сарайы  ашық  кейіпкерді  заңды  түрде 
лирико-философиялық  толғанысқа  жетелейді.  Құрметті  мейман  жоғарыдағыдай  бірнеше  сезім 
әсерлерін  бастан  кеше  келіп,  табиғаттану  ғылымдарына  ежелден  мәлім  ережені  рухани-ұждандық 
аспектіде  өзі  үшін  мәңгі  жаңа  құбылысқа  телитін  байлам  жасайды:  «Әсет  дүниенің  ұшы-қиырсыз 
кеңдігі туралы ойлады, құс жолындағы тозаң сияқты сан миллиондаған жұлдыздардың кез-келгені 
күннен де әлдеқайда үлкен, олардың ара-қашықтықтары миллиардтаған жарық жылмен есептеледі, 
ал сондай алып дүниенің жер деп аталатын тозаңнан да кішкентай бір бөлшегінде адам өмір кешеді. 
Қызық-ау,  адам  шексіз  өмір  сүреді,  бір-біріне  ғашық  болады.  Жер  деп  аталатын  планетасының 
тозаңнан  да  кішкентай  екенін  ұмытып,  өзі  дүниенің  бір  құлағын  ұстап  тұрғандай  болады.  Ой 
жіберсең  күлкілі-ақ.  Анау  Жетіқарақшы  Алматыдан  қарасаң  да  осы  тұста,  Москвадан  қарасаң  да 
осы тұста. Жер - Ананың күйкілігін ойласаң зәрең ұшады. «Ертең қайтамын... Қош боп тұр, туған 
ауыл. Енді тағы біраз жылға дейін келе алмаспын...» [3.112]. 
Қазақ прозасында ауыл тұрмысын бейнелеу, шаһар мен қыр халқының адамгершілік межесіне 
көзқарасын  салыстыру,  уақытша  елге  келіп,  есейіп  қайтатын  кейіпкері  суреттеу  түріне  өріс  алған 
лирикалық  тенденцияға  хас  белгілер  Сайын  Мұратбеков  туындысында  мол  сақталған.  Әсет 
тіршліктегі  тәжірибелерін  ой  –  сана  қуатыменен  биіктен  тұжырымдай  білетін  интеллектуал  жас. 
Оның көңіл көкжиегі тек қара басы не жақындары арасындағы ахуалмен шектелмейді, шағын өмір 
көріністерінен  бүкіләлемдік  мәні  бар  абсолютті  ақиқат  сипаттарын  іздестіруді  аңдаймыз.  Жер 
кеңістігіндегі  молекула,  атомдай  ғана  болса,  адамдар  келешекте  табылар,  иондардан  да  кіші 
физикалық  ұғымға  теңдесер  еді  ғой.  Жазушының  таңырқау  реакциясы  осы  теңеудің  өмір 
материгінде  кері  бағдар  алуынабасқаша  пайымдалуына  байланысты.  Ол  өзгеше  әлемнің  иесі  – 
қоғам. 
Қоғамдағы 
саяси-әлеуметтік, 
ұждандық-эстетикалық 
игіліктердің 
айнымас 
«Жетіқарақшысы»  -  адалдық,  теңдік  пен  кеңдік  ұғымдары.  Кейіпкердің  рухани  мәдениеті  жеке 
тұлғалардың  дербестігін,  ешкімге  тәуелсіз  еркіндігін  аңсап,  дәріптейтін  гуманизм  принциптерін 
бойына терең сіңіруінен аңғарылады. 
Шығармада  екінші  арна  –  махаббат,  сүйіспеншілік  сияқты  интимдік  құбылыстарды  жалпы 
рухани-адамгершілік  эволюция  тізбегіндегі  мағыналы  түйіндер  ыңғайында  өткіншілік  сипатта 
суреттеу  нысанасы  анық.  Аспаны  ашық  бейбіт  заманда  балалық  түсінікпен  ағат,  тосын  қадамға 
баратын  қос  ғашық  Бағлан  мен  Айнаш  өлімі  туралы  хабардың  зейін  аяларына  айналып  соғып 
отыруы,  «пәлендей  сұлу»  да  емес,  «секпілі  бар»,  «тәмпіш  мұрын»,  «шынашақтай»  Шынарға 
кездейсоқ ынтығу, бозбала дәуірдегі тәтті басталып, ащы аяқталған хикаяның - куәсі өр мінез, әдемі 
Сәулетаймен  арадағы  қызулы  шоғы  сөнгендей  көңілдің  беймәлім  күй  танытуы  И.А.Буниннің 
«Жеңіл  тыныс»,  «Күн  соғар»  атты  әңгімелерінде  оқшау-лирико-философиялық  серпінмен 
сомдалған  ғұмыры  қысқа  махаббат,  белгісіз  мұң  сезімдерінің  тағдыр  қазынасына  қосылатын 
мезеттік романтикасын реалистік назармен бейнелеу өнеріне үндесері айқын. 
Әсет  көкейіндегі  желікті  сабырға  бағындыратын  эпизод  тағы  Зағипаға  байланысты.  Той-
думан  кәдесіне  қызып  қалған  Зағипаның  «Басында  Үшқараның...»  деп  салатын  зарлы  әні  қанша 
қиын,  ауыр  тисе  де,  бастан  кешірілегенімен,  екінші  қайырылмастығымен  тіршілік  белестерінде 
қалып  бара  жатқан  арман-шер  жалынын  өрнектеумен  бірге,  пендешілік  ауқымында  кете  жаздаған 
Әсетті тәубасына келтіріп қана қоймайды, қайғы-қасіреті мен қуанышы қатар өмірдің ұлы шеруін, 
мәңгілік сұлулығын түйіндейді, адам бақыты жайлы сырды тереңнен топшылатады. 
Жазушының «Жусан иісі», «Басында Үшқараның...» әңгімелеріндегі бас қаһармандарға мінез, 
көзқарас тұрғысынан туыстас кейіпкердің дүлей табиғатпен бетпе-бет күресін суреттейтін  «Біреу» 
әңгімесінде лиризм әндерінен таза психологизм өрнектері басым көрінгендіктен, ол өз алдына бөлек 
сөзге арқау болуға тиіс. Жазушы лирикалық стильде  мол ашылған талантын соны көркемдік даму 
биігінде туған кейінгі туындысында тың стильдік сапарлармен байытады. «Алайда бұл лирикалық 
проза мүмкіндіктерінің аздығы туралы қате ұғымға әкелмесе керек. Сондай-ақ лиризм көп жағдайда 
психологизменен  біртұтас  болғаныменен,  соңғы  эстетикалық  принциптің  аумағы  үлкен  екені 
түсінікті.  Бұлақ  пен  дария  іспетті  екі  бірдей  өнердің  тектік  қасиеті  шынайы  таланттың 
творчествосында ғана өркен жаймақ, жеке ерекшеліктерменен стильдік өрнек қалыптастырмақ» [4]. 
Сайын Мұратбеков қаламынан туған шығармалар өзінің сыршылдығымен, шұрайлы тілімен, 
әдемі  айшықты  өрнегімен  көңілге  қонып,  көкірекке  ұялайды.  Қарапайым  адамдардың  бейнесі, 
солардың күйініш-сүйініші, адамшылық келбеті – жазушы қаламынан туған шынайы әңгімелердің 
негізгі  арқауы.  Туған  жер,  өскен  ел  алдындағы  парыз  да  суреткер  назарынан  тыс  қалмаған.  Жан 
дүниесі бай, өз басының қадырын басқаға керектігімен өлшейтін ол жасаған өміршең кейіпкерлер 
туған әдебиетімізді кескін-келбетімен ерекшеленеді. 
«Райгүл»  әңгімесіндегі  Райгүл  бейнесін  алайық.  Шағын  ғана  әңгімеде  ата-ананың  жалғызы 
болғандықтан  ешкімнен  қағажу  көрмей  еркін  де  ерке  өскен  бұла  бойжеткеннің  бар  болмысы 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
227 
мөлдірете  бейнеленген.  Станция  басында  кездейсоқ  жолыққан  бейтаныс  студент  жігітті  жол-
жөнекей арбасына мінгізіп ауылға ілестіре кеткен сәттен бастап, оның әлі балалықтан толық арыла 
қоймағанын,  ойындағысын  ірікпей  бетіне  айтатын  турашылдығы  да,  бөтен  адамнан  еш  қысылмай 
өзін еркін ұстайтыны да, қасымда жас жігіт отыра-ау деп қымсынбауы да жігі білінбей жымдасып 
жатқан  көркем  штрихтар  арқылы  шебер  берілген.  Жаңашыл  жастардың  ұйытқысы  болған  Райгүл 
колхоздың бұрынғы төрағасы, елге сыйлы әкесінің жақын досы Жұманға қаймықпай қарсы шығып, 
мал шарушылығына өзіндік өзгеріс енгізбек. Ол идеясын теориялық тұрғыдан тиянақтай түсу үшін 
астанадағы  үлкен  ғалымға  хат жазып,  ғылыми кеңес  сұрауы  оның  ізденгіштігін,  жастық  жалынын 
елінің болашағына арналған күрескерлігін көрсетеді. Профессордан жауап хат әкелген жігіттің өзіне 
сырттай  атастырылған  күйеу  бала  екенін  білгенде  ол  өзінің  турашылдығына  сай  тарпа  бас  салып 
кіналамайды. Нәзік әсемдік пен асқақ өршілдіктен тұратындай көрінген өр мінезді өжет қыз қазақ 
аруларына  тән  ибалық  пен  ізеттіліктен  де  ада  еместігін  танытып,  оған  оңаша  сөйлесуді  ұсынады. 
Мән-жайға қанық болған жігіт ата-анасының өзін ұнатып қалғандықтан, олардың қылығын теріске 
шығармайды. Бірақ, Райгүлдің сүйген жігітімен әңгімесін кездейсоқ естіп қалған ол өзінің ниетінің 
дұрыс еместігін түсініп, аз уақыт ішінде көкірегінде өшпес із қалдырған аяулы жанмен жүзбе-жүз 
қоштасуға дәті бармай, амалсыздан келген ізімен кері қайтуға мәжбүр болады. Табиғи тазалығымен 
баурап алған ерке қызымен оқырман да қимай қоштасады.  
«Жанболат» әңгімесінде орталықтағы интернатта оқып жүрген жерінен туып-өскен ауылына 
сағынып жиі келетін ертеңгі азаматтың әлі толық қалыптаса қоймаған, бірақ ертеңіне еш күмәнсіз 
сенім артуға болатындай бейнесі жасалған. Ілгеріде қайтыс болған ата-анасынан қалған мал-мүлікті 
даулайды  деп  қарыққан  жеңгесінің  жақтырмайтынына,  жалғыз  ағасының  шайпау  әйелінің 
ықпалынан  шыға  алмай,  артынан  ерген  бауырын  ашық  еркелете  алмайтын  ынжықтығына  мойып 
жасмайтын, қайта олардың пендешілік күйілігіне жаны аши да кешірімділікпен қарайтын кәмелетке 
жасы жетер-жетпес жас бозбала біздің болашағымыз, шынайы патриот. Ол кейбір әсіре ұраншылар 
тәрізді  «елім-жерім»  деп  айқай  салмай,  туған  жеріне  деген  оның  сүйіспеншілігі  шығармада 
мейілінше мөлдір де табиғи көрініс тапқан.  
Жанболаттың  бойынан  туған  өлкеге  титімдей  де  болса  жақсылық  жасап,  еңбек  сіңірсем  деген 
осындай құштарлықты байқаған бригадир Өсімбай оған ересектер де меңгеріп кете алмған шөп шабатын 
машинаны  сеніп  тапсырады.  Жанболаттың  оны  ұятқа  қалдырмайтынына,  өзіне  жүктелген  міндетті 
абыроймен атқарып шығатынына сіз де сенесіз, образдың қуаттылығы сізді бұған сендіреді. 
Сайын Мұратбековтің шығармаларында көркемдік салмақ артылмаған, жалт етіп бір көрініп, 
жоқ болып кететін кездейсоқ кейіпкер жоқ. Оның кейіпкерлерінің қай-қайсысы да бар болмысымен 
тұлғалана суреттелген көркем образдар болып келеді.   
Сайын Мұратбековтің соңғы кезде жазғандарының ішінен оның «Біреу» атты әңгімесін айрықша 
атап  айтқан  жөн  сияқты.  Жазушы  мұнда  тақырып  аясын  кеңіту,  оқиғаның  әлеуметтік  мазмұнын 
тереңдету,  жанр  табиғатын  түбегейлі  игеру,  характерді  күрделендіру,  жаңа  идея  айту,  тың  концепция 
ұсыну,  адам  жанының  қат-қабатқ  айшылығын  ашу,  ішкі  драматизмге  терең  бойлау,  интеллектуалдық 
психологизмге ден қою жағынан өскендігін танытты. Сайын Мұратбековтің бұған дейінгі әңгімелерінде 
оның стиль ерекшелігін айқындайтын сүйікті тәсілі – психологиялық лиризм болатын. Яғни, ол оқиғаны 
да, ойды да, образды да лирикалық планда алып, психологиялық этюдтер түрінде өрнектейтін еді.  Сол 
этюдтер іштей сабақтасып, өзара байланыса келіп, біртұтас көркемдік жұмыр дүние болып шығады. 
Әңгіме аты «Біреу» ондағы негізгі герой да аты-жөні нақты айтылмаған белгісіз біреу, әрине 
мұның өзі бұрын Сайын творчествосында ұшыраспаған көркемдік шарттылық екенін ұмытпауымыз 
керек.  Бұл  біреу  дегені  кім,  ол  неғылған  белгісіз  жан,  мезгілсіз,  мекенсіз  жүрген  ол  қандай  адам 
деген оймен әңгімені оқып, шыққанда, көз алдымызға белгісіз біреуіміз таныс-бейтаныс біреулерге 
ұқсай  береді.  Біз  осынау  біреудің  характерінен,  тіршілігінен,  өмір  сүру  принциптерінен  қазіргі 
уақыттың кейбір шындығын, әлеуметтік нышандарын, біраз адамның басындағы типтік жағдай мен 
ортақ психологияны көргендей болдық.  
Әңгіменің  атында  ғана  емес,  затында  да  символикалық  терең  мән,  әлеуметтік  астар  бар. 
Жазушы  бұл  әңгімесінде  адамның  өз  мүмкіндігіне  лайық  өмірдегі  орнын  табуының  қиындығы 
жайлы  қиын  мәселені  қиюын  тауып  көтере  біліпті.  Нақтырақ  айтқанда,  өмірден  өз  орныңды 
табудың, өз үлесіңді алудың жөні осы екен деп табиғи және рухани мүмкіндігіңнің төмен екеніне 
қарамастан  биікке  ұмтылып,  сөйтіп  әлін  білмей  әлекке  түсіп,  бақталастықпен,  көрсеқызарлықпен, 
атаққұмарлықпен  жалған  өмір  сүру-  тоғышарлық  принцип  екені  туралы  толымды  сыр  толғайды. 
Адам баласының бойы ғана емес, ойы да әр түрлі емес пе?! Ендеше неге сол ойымыздың дәрежесіне 
қарай  мақсат  қойып,  арман  қумасқа?  Көрпеңе  қарай  көсілмей,  мүмкіндігіңді  асыра  бағалап,  кез 
келгеніміз  биік  мансап,  жоғары  атаққа,  қол  жетпеске  ұмтылу  шарт  па  екен.  Мәселе  тек  абырой 
қуып, атақ алып, жеңіл жолмен ақша табуда, ішіп-жеуде ғана ма екен? Жазушы оқушысын осындай 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
228 
өткір саудалар төңірегінде ойға қалдырады. Әңгімедегі негізгі герой біреу, яғни сол таныс-бейтаныс 
замандасымыздың бар ойы жеңілдің асты, ауырдың үстімен күн көріп өмір сүру. Сол жеке басының 
мүддесін  көбірек  ойлайтын  Біреу  көздеген  көкейтесті  мақсаттарына  өз  еңбегімен  ат  арытып,  тон 
тоздырып  жетуді  бос  әурешілік  деп  қарайды.  Одан  гөрі  тамыр-таныстықтың  күшімен,  өзі  сый-
сыйяпат  көрсеткен  адамдардың  көмегімен  қиындықсыз  жетуді  ғана  ойлайды.  Біздің  арамызда 
мұндай  типтер  ұшыраспайды  деуге  болмас  еді.  Жазушы  осындай  тоғышарлық  психологияның 
шылауында  шырмалып  жүргендердің  типтік  образын  нанымды  жасай  отырып,  олардың  рухани 
жарымжандығын  батыл  сынайды.  Сондай  тек  аларман  адамдардың  асығы  алшысынан  түсіп, 
алшаңдап  жүруіне,  ойлағанның  бәрін  ойдағыдай  орындауына  жол  бермеуге  үндейді.  Иә,  автор 
солардың  рухани-творчестволық  әлсіздігін көре  тұра  көрмегенсу,  тіпті  кей  тұста  оларға  өліп-өшіп 
қамқорлық  жасап,  қолтығынан  демеу  –  азаматтық  болмысымызға  нұқсан,  адамгершілік 
мұраттарымызға сын екенін ескерткен. 
Қазіргі қазақ прозасында қаһарманның жан әлеміне, рухани мүмкіндіктеріне, ойлау, толғану 
процестеріне  назар  аудару,  әрекет  пен  сезімнің  бңрлңгңн  сақтауға  ұмтылу  психологиялық  талдау 
әдістерінің мол қуатын ашуға септігін  тигізіп отыр. Бұл орайда да Сайын Мұратбековтің тағы бір 
соны  талпынысын  аңғартатын    «Отау  үй»  әңгімесі.  Нәзік  нюанстарға  құрылған  әлеуметтік-
тұрмыстық мағынадағы психологиялық суреттер әңгімеде ерекше орын алады. 
Әлеуметтік-тұрмыстық  аяда  адамдар  тағдыры  ұқсап  та,  алшақ    түсіп  те  жатады.  Жазушы 
творчествосының  өзегі  –  көп  қайталанса  да  реттік  қатары  өзгеріп  отыратын  өмірлік  оқиғалар 
тізбегіне  сай  жаңғыра  дамитын,  әйтсе  де  бастапқы  мәні  мен  мазмұнын  сақтай  білетін  рухани  – 
адамгершілік ұғымдармен теңдес іс-әрекет үстінен табылуға тиіс қоғам мүшелерінің нақты тарихи , 
психологиялық болмыс-бітімі мен асқар мұраты. 
Адамгершілік, жан сұлулығы, ішкі әлеміндегі психологиялық нәзік құбылыстар, әр мәселенің ішкі 
сезі  қақтығыстары  үстінде  суреттеуге  бейім  Сайын  Мұратбеков  «Отау  үй»  әңгімесінде  бүгінгі  күннің 
толғақты  сырларын  арғы  кезеңдердегі  қоғамдық-тұрмыстық  күйлермен  сабақтас  шертеді.  Әшейінде 
байқалмайтын адамдар қарым-қатынасындағы белгісіз сарындардың уақытқа тура пропорционал мәнін 
жазушы тағдыр жібімен жалғасқан адамдардың кеше мен қазіргі табиғатына зер сала ашады. 
Сайын  Мұратбековтің  әрбір  әңгімесінде  суреттелетін  өмір  шындығына  көңіл  аударып, 
адамдардың мұңы мен мұратына ортақтасқан сайын біздің ойымызға халық әндеріндегі қайталанбас 
мұңды әуен, сағынышты саз, терең толғаныс, ойлы, ойнақы наз, қимас сезім ораа береді. Біздіңше, 
мұның өзі жазушы творчествосындағы халықтық сипаттың жақсы әсері де болуы керек. Осы сипат 
оның әдеби геройларын бізге ет жақынымыздай жақындатып та тұр. 
Сайын  Мұратбеков  -  өзіндік  дүниетанымы  берік,  көркемсөзге  ықшам  психологиялық, 
интеллектуалдық  бағытты  нысана  тұтқан  саналы  ізденіс  жолында  әр  алуан  шеберлік  сырларын 
еркін игерген жазушы. Қаламгердің стильдік даралығы айқындалып, шығармаларындағы идеялық - 
эстетикалық жүйе де әрбір туындымен бірге тың қасиеттерге ие болды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет