Жылына 4 рет шығады



Pdf көрінісі
бет34/56
Дата06.03.2017
өлшемі4,19 Mb.
#8044
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56

Әдебиеттер
1.
 
Жұбанов Қ.Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2010. – 608 б. 
 
Кайыров А.Б., Бакытжанова А.Б. 
Грамматическое наследие профессора К.К. Жубанова 
В  статье  рассматриваются  грамматические  взгляды  профессора  К.К.  Жубанова  и  его  роль  в 
казахском  языкознании.  В  частности,    дается  всесторонний  анализ  взглядам  ученого  на  проблемы 
принципов частей речи, ее видам, сложных слов и способов их образования, вспомагательных глаголов и 
их семантическим особенностям. 
Ключевые слова: грамматика, морфология, части речи, сложные слова. 
 
Kairov A.B., Bakytzhаnova A.B. 
Grammatical heritage of professor K.K. Zhubanov 
In  this  article  professor  K.K.  Zhubanov's  grammatical  views  and  his  position  in  Kazakh  linguistics  are 
considered. Specifically professor's views about principles of parts of speech, their types, compound words and 
their formation, auxiliary verbs, particles and their semantic peculiarities are completely analysed.  
Keywords: grammar, morphology, parts of speech, compound words, particle. 
 
 
ӘОЖ: 811.512.122’373.62 
 
Насыритдинова Ә.Н. – филология ғылымдарының кандидаты, 
аға оқытушы, С. Сейфуллин атындағы Қазқ агротехникалық университеті 
(Астана қ., Қазақстан) 
 
ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР СӨЗДІКТЕРІНДЕГІ БІРІЗДІЛІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ 
САҚТАЛУ МӘСЕЛЕСІ 
 
Аннотация.  Мақалада  соңғы  жылдары  жарық  көрген  техника  саласының  сөздіктерінде 
терминдердің  берілу  мәселесі  сөз  болады.  Автор  сөздіктерді  саралап  келіп,  ондағы  терминдерге 
қойылатын талаптарға сай келмейтін атауларға талдау жасайды. Зерттеу барысында әр сөздікте әр түрлі 
нұсқада  берілген  терминдерге  тоқталып,  олардың  арасынан  дұрыс  деп  таныған  нұсқасын  ұсынады. 
Сонымен  қатар  сөздіктерде  орын  алған  мұндай  кемшіліктердің  аударма  еңбектер  мен  оқу  әдебиетінің 
тіліне кері әсер ететіні нақты мысалдармен дәлелденеді.  
Кілт  сөздер:  термин,  техникалық  терминжасам,  терминология,  терминдену,  терминологиялық 
талаптар, салалық терминдер, сөздік, сөзжасам, аударма, көпмағыналық. 
 
Лингвистер  мен  сала  мамандарының  арасындағы  бірлескен  жұмыстың  жоқтығы  қазіргі  кезде 
жарық  көріп  жатқан  сөздіктердегі,  аударма  еңбектердегі  терминдердің  берілісінен  де  байқалады. 
Ондай  еңбектерде  терминдерді  аударуда  әр  маман  өз  бетінше  жұмыс  атқарып,  бекітілмеген 
терминдерді  былай  қойғанда,  бекітіліп,  қалыптасқан  терминдердің  өзін  әртүрлі  нұсқада  қолдануда. 
Бұл  туралы  қазақ  тілінің  терминографиясын  зерттеуші  Е.  Әбдірәсілов  қазіргі  терминологиялық 
сөздіктердің  көпшілігінің  басым  дерлік  сапалық  жағынан  сұраныс  қажеттілігіне  жауап  бере 
алмайтынын, олардың қандай да бір аударма ісінде қолданылмауы тұтынушылар тарапынан туындап 
отырған  сенімсіздікке  байланыстылығын  айтады  да,  сөздіктерге  мынадай  талап  қояды:  1)  кірме 
терминдерге  не  жаңадан  жасалған  терминдерге  қысқаша  түсініктеме  беру;  2)  аударма  термин  қай 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
208 
тілден  аударылды,  қазақша  қандай  ұғым  беретіндігі  туралы  ақпарат  болу;  3)  сөздік  статусына 
жауапкершілікпен қарау,  яғни сөздік  жасау  бір-екі  адамның ісі  емес;  4)  техникалық  құралдар  мен 
саймандардың суреттері берілсе; 5) бір салада түрлі сөздіктердің көп болуына жол бермеу [1]. 
Сөздіктердің  соңғы  жылдары  көптеп  шығуы  қуанарлық  жағдай  болғанымен,  олардағы 
аударма жарыспалығы, жіберілген техникалық, грамматикалық қателіктер аудармашылармен қатар 
басқа да тұтынушылардың жұмысында алшақтыққа жол береді. Себебі кез келген сала маманы орыс 
тілінен  қазақ  тіліне  өз  саласының  мәтінін  аудару  кезінде  қолына  түскен  сөздікті  қолданады. 
Сәйкесінше,  бір  сөздің  түрлі  сөздіктегі  түрлі  аудармасы  пайдаланылғандықтан,  орыс  тіліндегі  бір 
мәтіннің қазақ тілінде бірнеше нұсқасы жасалады. Содан орыс тілді отандастарымыздың қазақ тілін 
ғылым  тілі  ретінде  мойындамауына,  қазақ  тіліндегі  ғылыми-техникалық  мәтіндерге  сенімсіздік 
танытуына  дәлел  туындайды.  Сөздіктердің  бұлай  көбеюі,  ондағы  бірізділіктің  жоқтығы 
терминология саласының дамуына да кері әсерін тигізеді. 
Соңғы кезде әр қалада, әр оқу орнында бір-екі маманның бірігуімен өздеріне дейінгі сөздіктердегі 
өз  саласына  қатысты  терминдерді  жинақтау  жолымен  жарық  көріп  жатқан  сөздіктер  көп  кездесуде. 
Олардың  барлығы  бірдей  Терминологиялық  комитеттің  бақылауында  болып,  сараптауынан  өте 
бермейді. Яғни, бұл сөздік жасау ісін тым жеңілдетіп жіберуімізден орын алып отыр. 
Бұл мәселеге қарсылық білдірген Г.Бельгер сөзімен айтсақ, «Сөздік жасау – оңай-оспақ шаруа емес, 
әрине.  А.Х.  Востоковтың  ең  алғашқы  орыс  тілінің  академиялық  сөздігін  жасау  жолына  қырық  жыл 
ғұмырын сарп еткенін білеміз. И.И. Срезневский көне орыс тілінің сөздігіне қырық үш жыл, ал В.И. Даль 
орыс халқының түсіндірме сөздігіне елу үш жыл уақытын арнағаны баршаға мәлім. «Сөз өнері дертпен 
тең» деп ұлы Абай айтқандай, сөздік жасау таңғажайып төзім мен ұқыптылықты, білімпаздықты тілейді» 
[2].  Ал  қазіргі  кезде  орын  алып  отырған  үдерісті  мамандар  осы  салаға  қатысты  сөздіктердің 
жетіспеушілігімен түсіндіруі мүмкін. Дегенмен арнайы комитетпен бекітпей, тілші және сол саланың басқа 
да  мамандарымен  келіспей  жасалған  жұмыста  кемшіліктердің  орын  алуы  заңды  да.  Алайда  ондай 
сөздіктердің  жарыққа  шығуы  бір  тараптан,  терминдердің  аудармасындағы  варианттылықты  туындатып, 
оқырман үшін сол көп нұсқадан лайықты баламаны таңдауға мүмкіндік туындатады. 
Тәуелсіздік алғанға дейінгі, 1960-1990 жылдар аралығындағы сөздіктердің аудармасы мүлдем сын 
көтермейтіндігін бізге дейінгі зерттеушілер де айтып жүр. Мәселен, қазақ терминографиясын зерттеуші 
Е.  Әбдірәсілов  бұл  аралықта  құрастырылған  сөздіктердегі  кемшіліктердің  себебін  ұлттық 
терминологияның  да  сол  кезеңдегі  даму  дәрежесінен,  терминологиялық  бағыттағы  ізденістер  мен 
терминдерді  реттеу,  бірізге  келтіру  бағытындағы  жұмыстардың  жүргізілмегендігінен,  жаңа 
терминдердің  жасалмауы,  жаңа  терминдер  туралы  мәліметтің  болмауы  көпшілік  тарапынан  жаңа 
терминдерді  білуге,  жаңа  терминдер  туралы  түсінікті  ақпарат  алуға,  соған  сәйкес  терминологиялық 
сөздіктердің сапасы мен құрылымындағы жүйелілікті талап етуге деген сұранысты қажет етпегендіктен 
іздейді [1]. 
Қазіргі терминжасамда ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейінгі сөздіктерді жасауға негіз болған 
қағида  басшылыққа  алынып  жүр.  Әрине,  ол  сөздіктерде  де  жоғарыда  көрсетілген  кемшіліктер 
аңғарылады. Әр салаға қатысты сөздіктер саны көбейгенімен, көпшілік мамандар өз жұмыстарында 
олардың арнайы комитетпен бекітілгендеріне жүгінеді. 
Техника  саласына  қатысты  жарық  көрген  сөздіктер  қатарынан  көпшілікке  жақсы  таралған, 
сұранысқа ие, мамандардың иек артар сөздігі – 2000 жылдары жарық көрген ҚР Үкіметі жанындағы 
мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен 31 томдық сөздіктің осы салаға қатысты томдары. 
Диссертациялық  жұмыстың  осы  тарауында  аталған  сериялы  сөздіктердің  3-информатика  және 
есептеуіш  техника,  4-механика  және  машинатану,  7-машинажасау,  11-жалпы  техника  және 
полиграфия томдары сараланды. 
Алдымен  аталған  сөздіктерде  бұған  дейінгі  осы  сала  сөздіктеріне  қарағанда  қазақ  тілінде 
жасалған  терминдер  үлесінің  көбірек  болғанын  атап  өткіміз  келеді.  Сериялық  сөздіктердің  4-
томындағы  тек  қазақ  тілінде  жасалған  терминдер  үлесі  47%  екендігін  анықтадық.  Бұл  жерде 
сөздікте берілген терминдердің ішінде тек қазақ тіліндегілерін ғана есептедік. Ал терминбөлшектер, 
құрамына шетел сөзі кездесетін құранды терминдер есепке алынған жоқ. 
Алайда осы сериялық сөздіктердің өзінде қателіктер кездеседі. Ондай қателіктердің орын алу 
себебін  екіге  бөліп  қарастыруға  болады.  Біріншісі  –  сөздік  бетінде  баспа  жұмысында  жіберілген 
грамматикалық  және  техникалық  қателіктерге  байланысты  болған  кемшіліктер.  Екіншісі  – 
сөздіктердегі  терминдерді  қазақшалау  кезінде,  яғни  оларды  ұлт  тілі  негізінде  жасауда  жіберілген 
кемшіліктер. 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
209 
Алдымен  сөздіктерде  жіберілген  техникалық,  грамматикалық  қателіктер  салдарынан  орын 
алған түсініспеушілікке  тоқталып  өтсек,  аталған сөздіктерде  техникалық  қателіктерге  байланысты 
кері түсінік қалыптастыратын оптический спектромер – оптикалық спектрометр, абразив – кажақ
квитанция – кавитация, отпуск стали – болаты босаңдату, пиноль – сұйеутөлке секілді терминдер 
кездеседі.  Бұл  кемшіліктер  аударма  мәселесіне  кері  әсерін  тигізетін  болғандықтан,  техникалық 
терминдерді ұлт тілінде жасаудың проблемалары сөз болар тараушада айтып кетуді жөн санадық. 
Екінші  –  терминдерді  қазақ  тілінде  жасау  кезінде  жіберілген  кемшіліктерді  шартты  түрде 
былай жіктеуге болады:  
1.
 
Бір терминнің екі сөздікте екі түрлі берілуі; 
2.
 
Бір-бірімен  тығыз  байланысты  ұғым  атауларын  терминологиядағы  жүйелілікті  сақтамай 
аудару:  
-
 
жеке термин ретіндегі аудармасы бір басқа, ал күрделі термин құрамындағы аудармасы бір 
басқа терминдер; 
-
 
бірде аударылып, бірде аударылмай берілген терминдер;  
2.1
 
жұрнақтардың дұрыс аударылмауы, мұның өзін екіге бөліп қарастыруға болады:  
-
 
орыс тіліндегі әр түрлі жұрнақтардың қазақ тілінде бір ғана жұрнақпен берілуі; 
-
 
керісінше, орыс тіліндегі бір жұрнақтың қазақ тілінде әр түрлі нұсқада берілуі; 
1.
 
Аудармасы күмән туғызатын терминдер; 
2.
 
Сөздіктерде аталым ретінде берілмеген терминдер
3.
 
Аударуды қажет етпейтін терминдерді қазақшалаудан туған қателіктер.  
Енді осы байқалған кемшіліктерді жеке-жеке мысалдар арқылы дәлелдеп көрейік. Бұл жерде 
техника  ғылымының  бір  ғана  саласына  қатысты  терминдерде  орын  алған  кемшіліктерді  ашып 
көрсету  мақсатында  информатика  және  компьютерлік  техника  ғылымының  терминдерін  қамтыған 
сөздіктерді зерттеу  нысаны  еттік.  Ол  сөздіктер  –  2002  жылы  «Мектеп»  баспасынан  жарық  көрген 
«Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірмелі  сөздігі:  информатика  және  компьютерлік 
техника»  еңбегі  мен  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  жанындағы  мемлекеттік  терминологиялық 
комиссия  бекіткен  31  томдық  терминологиялық  сөздіктің  3-томы,  яғни  информатика  және 
есептеуіш  техника  саласына  арналған  сөздік.  Ал  жалпы  техника  саласына  қатысты  терминдерді 
талдауда жоғарыда аталған сериялы сөздіктердің барлығы да қамтылды. 
Бір  терминнің  әр  сөздікте,  әр  түрлі  берілуі  –  қазақ  тілі  терминжасамының  басты  кемшілігі. 
Бұл мәселе аталған сөздіктерде ғана емес, барлық ғылым саласында кездеседі. Ғалымдар тарапынан 
да  айта-айта  жауыр  болған  бұл  мәселеден  жоғарыдағы  сөздіктер  де  қалыс  қалмаған.  Техниканың 
информатика  саласына  қатысты  сөздіктердегі  терминдер  жарыспалылығын  шартты  түрде  екіге 
бөлуге болады. Олар: 
1.
 
екі сөздіктегі нұсқасы да қазақ тілінің сөздері,  яғни  терминді аудару барысында  екі сөздікте 
тіліміздің синонимдес сөздері қолданылған. Мәселен, деректер, мәліметтер (данные), аймақ, атырап 
(область),  қаттау,  беттеу  (верстка),  ентаңба,  тамға  (метка),  ентаңбалау,  белгілеу  (разметка), 
жасақтама,  жасақ  (обеспечение),  мәлімдеме,  жариялау  (объявление),  сілтеуіш,  бағыттауыш 
(проводник), телу, меншіктеу (присвоение) т.б.  
2.
 
бір  сөздікте  аударылып  берілген  термин  екінші  сөздікте  шет  тілдік  нұсқасында 
қабылданған.  Мысалы,  сұрыптауыш,  селектор  (селектор),  жиым,  массив  (массив),  жалғауыш, 
коммутатор  (коммутатор),  бағдарлауыш,  маршруттауыш  (маршрутизатор),  ұқсастырғыш, 
идентификатор (идентификатор) т.б.  
3.
 
жалпы  техника  ғылымына  ортақ  бір  термин  ғылым  тармақтарында  әр  түрлі  беріледі. 
Мәселен, белгілі бір құралдың, техниканың жұмыс істеуіне кедергі келтіретін ақауды анықтайтын 
дефектоскоп  термині  жалпы  техника  және  полиграфияға  арналған  сөздікте  ақаутапқыш
машинажасау  сөздігінде  ақаукөргіш  деп  алынса,  2007  жылы  жарық  көрген  бекітілген  терминдер 
сөздігінде  ақаутапқы  деп  беріледі.  Бұл  қатарға  бірде  өзек,  бірде  сырық  деп  аударылып  жүрген 
стержень терминін де жатқызуға болады.  
Сөздіктерде орын алып отырған осындай олқылықтың салдарынан техника саласына қатысты 
аударма еңбектердің тілінде де бір терминнің әр түрлі нұсқада берілуі байқалады: 
«IBM  фирмасының  анықтамасы  бойынша  компьютерлік  (есептеу)  жүйелер  төрт  негізгі 
құрамнан тұрады: 
1)
 
шығарылатын есепті, орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып, соның нәтижесін 
алатын адам;  

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
210 
2)
 
аппараттық жасақтама (Hardware); 
3)
 
мәліметтер файлы; 
4)
 
компьютердің программалық жасақтамасы (Software)» [3]. 
«Интерфейс  –  программалық  жабдық  пен  жұмыс  істейтін  адам  арасындағы  сұхбат 
жүргізу  шарттары  мен  келісімдер  жиыны».  «Программалық  жабдықтама  –  информациялық 
технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жай элементтер жиыны 
болады  да,  ол  ешнәрсе  істей  алмайды»  [3].  Берілген  үш  сөйлемдегі  «программное  обеспечение» 
тіркесті  термині  әр  түрлі  нұсқада  берілген.  Сөзіміз  дәлелді  болу  үшін  еңбектің  орыс  тіліндегі 
нұсқасына сілтеме жасар болсақ, жоғарыдағы сөйлемдер былай берілген:  
«Компьютерные системы, по определению фирмы IBM, включают 4 основных компонента:  
1)
 
человек, который ставит задачу и получает результат;  
2)
 
аппаратное обеспечение (Hardware); 
3)
 
файлы данных;  
4)
 
программное обеспечение (Software)» [4]. 
«Интерфейс  –  набор  правил  и  соглашений,  по  которым  строится  диалог  между 
пользователем  и  программным  обеспечением».  «Программное  обеспечение  является 
равноправной  частью  информационных  технологий.  Без  программ  любая  аппаратура  –  просто 
сборище элементов» [4, 50 б.]. 
Информатика саласында қатысты еңбек тілінде жарыспалы түрде берілген термин жалғыз бұл 
емес. 
Біз  жоғарыда  сөз  еткен  еңбек  авторларының  терминдерді  аударуда  варианттылыққа  жол  беруі 
терминдердің көпшілікпен қабылдануына да, сала мамандарын даярлау ісіне де кері әсерін тигізері анық. 
Бір-бірімен  тығыз  байланысты  ұғым  атауларын  терминологиядағы  жүйелілікті  сақтамай 
аудару.  Бұл  топқа  терминтанушы  Ш.Құрманбайұлы    терминдер  құрамында  кездесетін,  бірде 
аударылып,  бірде  аударылмай  берілетін  немесе  түпнұсқасында  бір  ұғымды  білдіріп,  өзі  қатысқан 
терминге  де  ортақ  мағына  үстегенімен,  түрлі  нұсқада  аударылып  жүрген  терминбөлшектерді 
жатқызады  [5].  Сонымен  бірге,  бұл  топқа  құрамындағы  жұрнақтарын  аударуда  жүйелілік 
сақталмаған терминдерді және жеке тұрып бір басқа аударылған, ал күрделі термин құрамында бір 
басқа аударылған терминдерді де жатқызуға болады. 
Жеке термин ретіндегі аудармасы бір басқа, ал күрделі термин құрамындағы аудармасы бір 
басқа  терминдер  де  –  қазіргі  қазақ  тілі  терминологиясында  көп  кездесетін  олқылық.  Атап  айтар 
болсақ,  информатика  саласының  түсіндірмелі  сөздігінде  жеке  термин  ретінде  «атырап»  деп 
аударылған  «область»  сөзі  «область  пополнение  связи»  тіркесінде  «байланысты  толықтыру 
аймағы» деп аударылған. Одан басқа дәл осы сөздікте  «блокировка» сөзі жеке тұрып «бұғаттау» 
болса, «логическое блокирование» тіркесінде «логикалық тосқауыл», ал «отсроченная блокировка» 
тіркесі «кейінге қалдырылған тежеу» және «деблокирование» сөзі «тежеуді алу» деп аударылған. 
Бірде аударылып, бірде аударылмай берілетін терминдер немесе бір сөздіктің ішінде, бір оқу 
құралы  тілінде  қазақша  және шет  тілдік  нұсқасы  бірдей  жүретін  терминдер де  термин қорымызда 
жиі  кездеседі.  Оларға  мысал  ретінде  информатикаға  қатысты  түсіндірме  сөздікте  берілген 
коммутатор  –  жалғауыш,  дескриптор  –  сипаттауыш,  скроллинг  –  қарап  шығу,  ақпарат, 
информация (информация)  терминдерін келтіруге болады. 
Орыс тіліндегі әр түрлі жұрнақтардың қазақ тілінде бір ғана жұрнақпен берілуі бұған дейін де 
сынға  алынған  болатын.  Терминтанушы  Ш.Құрманбайұлы  өзінің  «Қазақ  терминологиясы 
дамуының  ғылыми  қағидаттары»  атты  еңбегінде  «Ұлт  тіліндегі  термин  шығармашылығының 
жандана  бастауына  байланысты  бұрын  бірен-саран  терминдерді  жасауға  ғана  қатысып,  аса 
өнімділік  таныта  қоймаған  жұрнақтарды  пайдалану  арқылы  жаңа  терминдерді  жасау  үрдісі  де 
байқалады»  деп  оған  А.Байтұрсынұлы  ізімен  жасалған  зерттеу  нысаны  болып  отырған  саланың 
талдауыш  –  анализатор,  жабдықтауыш  –  поставщик,  жүктеуіш  –  загрузчик,  қосындылауыш  – 
сумматор,  құжаттауыш  –  документатор,  жинақтауыш  –  накопитель,  шоғырлауыш  –  концентратор, 
шектеуіш  –  ограничитель,  өңдеуіш  –  обработчик,  модульдеуіш  –  модулятор,  маршруттауыш  – 
маршрутизатор,  құрылмалауыш  –  конструктор,  жөндеуіш  –  отладчик,  жоспарлауыш  – 
планировщик, сипаттауыш – описатель, вычислительный – есептеуіш, кодтауыш – кодировщик т.б. 
терминдерін келтіріп, орыс тіліндегі -атор, -ятор, -тор, -щик, -чик, -тель, - ный суффикстерінің қазақ 
тіліне бір ғана –уыш, -уіш жұрнағымен аударылғандығын  алға   тартып,  бұлардың  ішінде  сәтті  
жасалған  деп    тек    -атор,  -ятор,  -тор  суффиксіне  сәйкес  келетіндерді  атайды.  Бұл  кемшіліктің 
себебіне термин жасаушы салалық мамандарының терминжасамның лингвистикалық қырына және 
терминтанудың  жүйелілік  сияқты  маңызды  талаптарына  және  қосымшалардың  ерекшелігіне, 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
211 
грамматикалық мағынасына жете мән бермегендігін жатқызады [6]. Ғалым сөзіне қосып-аларымыз 
жоқ,  тек  бұл  жерде  -щик,  -чик,  -тель  суффикстерін  қалыптасқан  тәртіп  бойынша  –шы,  -ші 
жұрнағымен аудару керек деп есептейміз. 
Орыс тіліндегі бір жұрнақтың қазақ тілінде әр түрлі нұсқада берілуін біз тіркесті терминдерді 
қарастыру барысында аңғардық. 2002 жылы жарық көрген сөздікте тіркесті терминдер құрамында 
бір  анықтауыштық  қызмет  атқаратын  сыңардың  түрлі  нұсқада  жазылуы  орын  алған.  Мысалы, 
абсолютный  адрес,  абсолютный  код,  абсолютный  маршрут,  абсолютный  модуль,  абсолютная 
программа  тіркестері  қазақ  тіліне  абсолют  адрес,  абсолют  код,  абсолют  маршрут,  абсолют 
модуль,  абсолют  программа  деп  аударылған.  Ал  абсолютный  ассемблер,  абсолютный  загрузчик, 
абсолютная  команда  тіркестері  абсолюттік  ассемблер,  абсолюттік  жүктеуіш,  абсолюттік 
команда  деген  нұсқада  берілген.  Сондай-ақ,  абстракты  автомат,  абстракты  символ, 
абстрактылық  жүйе,  абстрактылық  синтез;  виртуаль  құрылғы,  виртуаль  нақтылық, 
виртуальдық  мәліметтер  базасы;  сенсорлы  карта,  сенсорлық  бергіш,  сенсорлық  дисплей, 
стандартты  программа,  стандарттық  режім  сияқты  тіркесті  терминдер  де  кездеседі.  Бұл 
терминдердің құрамындағы алғашқы сыңарларының барлығы орыс тілінде -ный, -ная, -ное жұрнағы 
арқылы  жасалған.  Термин  жасаудағы  бірізділік,  жүйелілік  қағидаларын  ұстанып,  аталған 
терминдерді де бірізге келтіру қажет деп санаймыз. 
Аудармасы  күмән  туғызатын  терминдер  қатарына  біз  анықтаған,  жоғарыда  аталып  кеткен 
барлық  кемшіліктермен  аударылған  терминдерді  жатқызуға  болады.  Себебі  әр  сөздіктегі  түрлі 
нұсқа  аудармашыларды,  көпшілік  қауымды  шатастырады.  Кез  келген  аудармашы  қандай  да  бір 
мәтінді  аудару  кезінде  бірінші  кезекте  терминдердің  сөздікте  бар  нұсқасына  жүгінеді.  Ал  егер  әр 
сөздікте бір термин түрлі нұсқада, не қосымшасының мағыналық қасиеті ескерілмей берілген болса, 
ол  әрине,  аудармашының  жұмысына  да  кері  әсерін  тигізбек.  Сонымен  бірге  аталған  сөздіктерде 
мышь сөзі маус және тышқан нұсқаларында берілген. Және де информатика пәнінің оқулығында да 
бұл құрылғының аты «тышқан» деп алынып жүр: 
«Информация  мен  басқару  командаларын  енгізетін  негізгі  құрылғыларға  пернетақта 
(клавиатура),  «тышқан»  тәрізді  тетік  және  сканер  (із  кескіш)  жатады»  32.  «Шерту  деп 
тышқанның сол жақ батырмасын бір реет басып, қайта жылдам қоя беруді айтады» [3]. 
«К основным устройствам ввода информации и команд управления относятся клавиатура, 
манипулятор типа «мышь» и сканер».28. «Щелчок – это одинарное кратко- временное нажатие 
кнопки «мыши» [4]. 
Бұған  қарсы  пікір  білдірген  Ш.Құрманбайұлы  «...екеуінің  де  келісіп  тұрмағаны  анық.  Сәтті 
балама  табылмағандықтан  алынғаны  көрініп  тұр.  Дәл  осы  терминнің  баламасы  ретінде  қытай 
қазақтарының  тілінде  қолданылып  жүрген  тінтуір  сөзін  алуға  әбден  болады»  дейді.  Одан  әрі 
«тінт» сөзінің түсіндірме сөздіктегі «бір нәрсені іздеп үй ішін т.б. жерді ақтарып-төңкеріп қарау, 
іздеу»  деген  мағынасының  компьютер  құрылғысы  қызметіне  сәйкестігін  алға  тартып, 
«Компьютерлік  техника  терминдерін  тек  көшіріп  қабылдаумен  шектелмей  оның  ұлттық  сипатын 
арттырамыз десек, тінтуір тәрізді ұғым мазмұнын ұтымды бейнелеп беретін атауларды қолданысқа 
енгізген  жөн»  деп  тұжырымдайды  [5].  Шынымен  де,  қазақ  тілі  терминжасамының  қай  саласында 
болса  да,  қайта  қарауды  талап  ететін  терминдер  кездеседі.  Оның  басты  себебі  тура  сол  терминді 
қабылдар кезде одан сәттірек атау табыла қоймайтын кездер де болады. Уақыт өте келе, сол сәтті 
термин  табылып  жатса,  оны  неге  қолданысқа  енгізбеске?  Осы  жұмысты  атқару  барысында  ғалым 
пікірін ескеру, ескеріп қана қоймай, аталған сөзді термин ретінде қабылдау керек деп ойлаймыз. 
Сонымен  қатар,  машинажасау  саласының  сөздігінде  «засор»  терминін  «қоқым-соқым»  деп 
қазақшалаған.  Қазақ  тіліндегі  баламаның  ғылыми  стилге  толық  жауап  бермейтінін  алға  тартып,  бұл 
терминді де аудармасы күмәнді терминдер қатарына жатқызамыз. Қоқым-соқым қос сөзін ауызекі стилге 
жақындығын ескеріп, аталған терминнің баламасы ретінде «қоқыс» сөзін алуға болады деп санаймыз. 
Негізінен техника саласында ғылыми стилге тән емес стилде жасалған терминдер бірен-саран 
болса да, кездеседі. Тағы бір мысал полиграфия саласында қатысты сөздікте экземпляр сигнальный 
тіркесі  –  сүйінші  дана  деп  алынған.  Жарыққа  шығарылмақшы  еңбектің  бірінші  данасын  көркем 
стилде «сүйінші дана» деп алмай, бастапқы не алғашқы дана деп алса, дұрыс болатын шығар. 
Сериялы  сөздіктерді  талдау  барысында  кейбір  техникалық  терминдердің  аталым  ретінде 
мүлдем  берілмегенін  анықтадық.  Бұның  өзі  осы  салаға  қатысты  мәтінді  аударушыға  қиындық 
тудырары  мәлім.  Біз  талдаған  салалық  сөздіктерден  техника  саласына  жататын  «абсорбер», 
«абсорбция»,  «автокар»,  «грейфер»,  «думпер»  сияқты  терминдерді  таба  алмадық.  Ал  техникалық 
термин  ретінде  «газдың  сұйықтықпен  қоспасынан  заттектерді  жұту,  сору»  (абсорция),  «осы 
газдың  сұйықтықпен  қоспасынан  заттектерді  сору,  жұту  үдерісін  іске  асыратын  құрылғы» 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
212 
(абсорбер),  «зауыт,  порт,  қойма  ішінде  тиеу-тасу  жұмыстарын  жүргізуге  арналған  өздігімен 
жүретін  арба»  (автокар),  «айналмалы  жақтары  бар  жүкті  қармайтын  құрылғы»  (грейфер), 
«жақын  қашықтыққа  сусымалы  жүкті  тасуға  арналған  өзі  түсіргіш  машина»  (думпер) 
мағынасындағы аталымдардың техника үшін маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Алайда олардың не 
қазақша баламасының, не шет тілінен өзгеріссіз қабылданған түрінің осы ғылымға қатысты негізгі 
сөздіктерде берілмеуі ғылыми мәтінді аудару жұмысына кедергі келтірері анық. 
Аударуға  болмайтын  сөздерді  аударудан  орын  алған  олқылыққа  мысал  ретінде  Л.С.Сейітбеков, 
М.Р.  Алшынбайдың  авторлығымен  жарық  көрген  «Қазақша-орысша,  орысша-қазақша  ауыл 
шаруашылығы  техникасының  сөздігіндегі»  амперметр,  ваттметр,  вольтметр  сияқты  ғалымдардың 
аттарының қатысуымен жасалған терминдерді ток күшін өлшейтін құрал, күш өлшейтін құрал, кернеу 
өлшейтін  құрал  деп  түсіндірмелі  түрде  аударуды  жатқызар  едік.  Терминдердің  қазақ  тіліне 
аударылуында жіберілген бұндай қателіктер аталған жұмысты дұрыс жолға қоюға кері әсерін тигізеді. 
Ал осындай толымсыз, орынсыз аудармалардың алдын алу үшін, әлі де теориялық салыстырулар, сөздік 
қорымыздың ұтымды нұсқаларын талдау, сараптау қажеттігін көрсетеді. 
Жоғарыда  көрсетілген  кемшіліктерге  қарап,  техника  саласында  қазақ  тілінде  жасалған 
терминдердің  барлығын  іске  жарамсыз  деп қабылдауға  болмайды.  Аталған кемшіліктер  –  техника 
ғылымының  әрқайсысы  4000-5000  терминнен  тұратын  4  саласына  қатысты  сөздіктерден  іріктеліп 
алынғандары.  Осы  санмен  салыстырғанда  аз  болып  көрінгенімен,  бұндай  кемшіліктердің  орнын 
міндетті  түрде  толтыру  керек  деген  пікірдеміз.  Ол  үшін  сала  мамандары  мен  тілші  ғалымдардың 
бірлесе жұмыс атқарғандары абзал. Осы мақсаттағы жұмыстарда тілшілер пікірі ескерілуі керек. 
Жалпы,  техника  саласының  терминдерін  саралау  барысында  осындай  кемшіліктер  орын 
алғанын аңғардық. Дегенмен қазіргі кездегі терминжасам ісін толықтай жоққа шығаруға болмайды. 
Қазіргі техникалық терминдер қатарында жасалуы  жағынан барлық талаптарға жауап беріп, 
сала  мамандары  мен  тілші  ғалымдар  тарапынан  қолдауға  ие  болып  отырған  терминдер  де 
баршылық. Мәселен, техниканың информатика саласында сәтті жасалған терминдер қатарына жад 
(память), перне (клавиша), пернетақта (клавиатура), батырма (кнопка), қоржын (корзина), ұяшық 
(ячейка),  қоректендіру  блогы  (блок  питания),  шерту  (щелчок)  т.б.  атауларды  жатқызуға  әбден 
болады. Бұл  атауларды  терминологияның  ұлттық  сипатын арттыру  жолында жасалған  сәтті  қадам 
деуге тұрарлық. Терминдердің жасалуына олардың қызметі, сыртқы тұрпаты түрткі болған. Мұны 
аталған ұғымдармен жақсы  таныс  кез  келген адамға  түсіндіріп  жатудың  қажеті  де  шамалы.  Қазақ 
терминологиясындағы  жоғарыда  айтылған  кемшіліктерді  жою  арқылы  бұндай  сәтті  терминдер 
қатарын арттыра түсу қажеттігі, айтпаса да түсінікті.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет