Қылмыстық процестің принциптердің сипаттары
Нормативтілік –заңда ғана бекітілуі
Нормативтілік –заңда ғана бекітілуі
Бұйрықты, өктем жарлықты сипат
Принциптер бекітілген нормалар бастапқылығы
Жалпы және басқарушы жағдай
Бірлік және жүйелік
Тұрақтылық пен орнықтылық
Заңдылық. Қылмыстық процесс сласындағы заңдылық принципі- қылмыстық
іс жүргізу процесіне әрбір қатысушының материалдық және іс жүргізу заңдарының
барлық талаптарын, соның ішінде осы қызмет принциптерінің формулалары бар
нормаларды сақтауға міндетті ҚПК бойынша іс жүргізуші органдардың заңды
бұзуына жол берілмейді және ондай әрекет:
1)
Заңмен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады
2)
заңсыз актілер жарамсыз деп тануға және олардың күшін жоюға әкеп
соғады.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықатрын сот арқылы қорғау.
Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығы бар. Ешкімге
өзінің келісімінсіз ол үшін заңмен көзделген соттылығы өзгертіле алмайды.
Мемлекет заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша жәбірленушіге сот
әділдігіне қол жеткізуін және келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз етеді .
173
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Судьялардың тәуелсіздігі. Судья сот әділдігін атқару кензінде тәуелсіз болады
және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Соттың
сот әділдігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді
және ол заң бойынша жауапқа тартылады. Нақты істер бойынша судьялар есеп
бермейді. Судьялар – тәуелсіздігіне кепілдігі Қазақстан Республикасының
Конституциясымен заңмен белгіленген.
Сот ісін жүргізуді тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы
негізінде жүзеге асыру. Қылмыстық сот ісін жүргізу айыптау және қорғау
тараптарының бәсекелестігі ен құқықтылығы принципінің негізінде жүзеге
асырылады. Қылмыстық ізге түсу, қорғау және істі соттың шешуі бір- бірінен
бөлінген және оларды әртүрлі органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Сотталушыға
тағылған
айыпты
дәлелдеу
міндетті
айыптаушыға
жүктеледі.Қорғаушы сотталушының қорғаудың заңда көзделген барлық құралдары
мен әдістерін пайдалануға міндетті.Сот қылмыстық ізге түсу органы болып
табылмайды, айыптау немесе қорғау жағында болмайды және құқық мүдделерінен
басқа қандай да болсын мүдделерді білдірмейді. Сот объективтілікті және
бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз іс жүргізу міндетерін орындауы
және өздеріне берілген құқықтарын жүзеге асыруы үшін қажетті жағдай тұғызады.
Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы тараптар тең құқықты, яғни оларға
Конституциямен және Қылмыстық іс жүргізу кодекспен өз айқындамаларын
қорғауға бірдей мүмкіндік берілген.
Сот, іс жүргізу шешімін, зерртеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей
негізде қамтамасыз етілген дәлелдерге ғана негіздейді. Тараптар қылмыстық сот ісін
жүргізу барысында өзінің айқындамасын , оны дербес және сотқа, басқа да органдар
мен адамдарға тәуелсіз қорғаудың әдістері мен құралдарын тандайды [5].
Мемлекеттік айыптаушы мен жеке айыптаушы белгілі бір адамның қылмыстық ізіне
түсуді жүзеге асыра алады немесе заңда көзделген жағдайларда қылмыстық ізіне
түсуден бас тарта алады. Сезікті мен айыпталушы өзінің кінәсін еркін жоққа шығара
алады немесе өзін кінәлімін деп мойындай алады.
Істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу. Сот,
прокурор, тергеуші, анықтаушы істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-
жайларды жан-жақты толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық
шараларды қолдануға міндетті. Қылмыстық ізге түсу оргнадары нақты деректерді
анықтайды, солардың негізінде іс үшін мәні бар мән-жайлар белгіленеді.
Қылмыстық істі қараушы сот объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып,
айыптау және қорғау тараптарына олардың істің мән-жайларын жан-жақты және
толық зерттеу құқықтарын жүзеге асыруы үшін қажетті жағдай туғызады. Сот
тараптардың пікірімен байланысты емес және өз басамшылығымен қылмыстық іс
бойынша ақиқатты анықту үшін қажетті шаралар қолдануға құқылы.
Айыпталушыны әшкерелейтін де, ақтайтын да, сондай-ақ оның жауаптылығы мен
жазасын женілдететін және ауырлататын мән- жайлар іс бойынша анықтауға
жатады. Қылмыстық процесті жүргізуші орган кінәсіздігі немесе кінәсінің аздығы
туралы, сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны ақтайтын не олардың жауаптылығын
женілдететін дәлелердің бар екендігі туралы барлық мәлімдемелерді тексеруі тиіс.
Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау. Судья, прокурор, тергеуші,
анықтаушы дәлелдемелерді қаралған дәлелдемелердің жиынтығына негізделген
өздерінің ішкі сенім бойынша бағалайды, бұл орайда заң мен ар-ожданды
басшылыққа алады. Ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды.
Күдіктінің, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету. Күдіктінің,
айыпталушының қорғануға құқығы бар. Олар бұл құқығын ҚП кодексінде
белгіленген тәртіппен жеке өзі де,қорғаушының, заңды өкілінің көмегімен де жүзеге
174
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
асыра алады.Қылмыстық процесті жүргізуші орган күдіктіге, айыпталушыға,
олардың құқықтарын түсіндіруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым
салынбаған барлық құралдармен қорғану шаралар қолдануға міндетті. Қылмыстық
процестік кодексінде көзделген жағдайларда қылмыстық процесті жүргізуші орган
сезікті, айыпталушы қорғаушысының іске қатысуын қамтамасыз етуге
міндетті.Күдікті, айыпталушы қорғаушысының және заңды өкілінің қылмыстық сот
ісін
жүргізуге
қатысуы
сезіктіге,
айыпталушыға
тиесілі
құқықтарды
кемітпейді.Күдікті, айыпталушы қылмыстық ізге түсу органдарына айғақтар беруге,
қандай да болсын материалдар беруге, оларға қандай да бір жәрдем көрсетуге
мәжбүр етілмеуге тиіс.Күдіктінің, айыпталушының онымен бірлесіп қылмыс жасады
деп айыпталған адамға қатысты қылмыстық істі қарау кезінде де тиесілі қорғану
құқығының барлық кепілдіктері сақталады.
Жариялылық. Қылмыстық істерді талқылау барлық соттар мен барлық
сатыларында ашық жүргізіледі. Сот талқылауының жариялылығын шектеуге ол
мемлекеттік құпияны қорғау мүдделеріне қайшы келгенде ғана жол беріледі.
Сонымен бірге іске қатысушы адамдар өмірінің жеке жақтары туралы мәліметтерді
жариялауды болдырмау мақсатында, сондай-ақ оны жәбірленушінің, куәнің немесе
басқа да іске қатысушы адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен
жақын туыстарының қауіпсіздік мүдделері талап ететін жағдайларда кәмелетке
толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша, жыныстық қылмыстар туралы
істер және басқа да істер бойынша соттың дәлелді қаулысымен жабық сот
талқылауына жол беріледі. Сонымен бірге іске қатысушы адамдар өмірінің жеке
жақтары туралы мәліметтерді жариялауды болдырмау мақсатында, сондай- ақ оны
жәбірленушінің, куәнің немесе басқа да іске қатысушы адамдардың, сондай-ақ
олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздік мүдделері талап
ететін жағдайларда кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша,
жыныстық қылмыстар туралы істер және басқа да істер бойынша соттың дәлелді
қаулысымен жабық сот талқылауына жол беріледі. Соттың үкімі мен іс бойынша
қабылданған қаулылар барлық жағдайларда ашық жарияланады.
Жариялылық - мемлекеттік және басқа да институттардың іс-әрекеттерінің
ашықтығы, ақпараттың кең таралуы, ұйымдар, мекемелер мен лауазымды
тұлғалардың азаматтарға ашықтығы, қоғамдық пікірді анықтау және есептеу,
қабылданған шешімдерді жариялау [3].
Кінәсіздік презумпциясы әділдік негізгі принциптерінің бірі болып табылады.
Ол, әдетте, принципі қабылданды, өз кінәсін дейін оған сәйкес айыпталушы кінәсіз
саналады заңда белгіленген тәртіппен дәлелдеді. Бұл принциптің жүрегінде әрбір
адам оған сәйкес, мораль жалпы және кең қабылданған стандарттарға болып
табылады әйтпесе сұраған жағдайларды қоспағанда, (болжам) орнықтылығын
көзделіп керек дәлелдеді. Кінәсіздік презумпциясы - шын мәнінде қылмыстық іс
жүргізу санаты, жаны қылмыскер іс. Әлеуметтік-саяси идея ретінде ол көп ұзамай
бұрын дүниеге келген XVIII ғасырдағы Француз революциясы. және қылмыстық сот
ісін келді саясаты. Ол талаптарымен бірге, саяси ұраны ретінде алға еркіндік, теңдік
және бауырластық революциялық үшінші мүлік шыңы ескірген inquisitorial іс
азаптау, корольдік тирания мен сот жоқ түрмеде белгісіз бас бостандығынан айыру.
Оның бастапқы түрінде кінәсіздік презумпциясы мынадай талаптарға түрінде
тұжырымдалған. Адам мен Франция 1789 азаматының құқықтары декларациясының
9-бабында бекітілген: әрбір адам, ол (сот арқылы) жарияланады анықтағанға дейін,
кінәсіз болуы тиіс болғандықтан емес, оның қамауға кінәлі, егер қажет болса, кез
келген Rigor, оның жеке (сот) қамтамасыз ету қажет болуы тиіс [7].
Еліміз әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің қатарына ену мақ-сатын алға қойып
отыр. Осыған байланысты қылмыстық заңды жетілдіру, халықаралық норма-лар-дың
175
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
тиімді жақтарын пайдалану, қоғамға қауіптілігі шамалы іс-әрекеттерді қылмыс
қатарынан шығару, қылмыстық жазаны ізгілендіру, қылмыстық құқықтың жұрт
таныған халықаралық тиімді қағидаларын заңдарды жетілдіруге пайдалану, оны
зерттеу – өзекті мәселе болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
ҚР Конституциясы – Юрист, 1995 30 тамыз.
2.
ҚР қылмыстық Процестік кодексі –Алматы: Юрист, 2014.
3.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. – Алматы : «Жеті жарғы»,
2000.
4.
Оспанов С.Д. Уголовный процесс РК (общая часть). — Алматы, 2000.
5.
Уголовный процесс : учебник для вузов /под ред. П. А. Лупинкской. – М.:
Юрист,1995.
6.
https://ru.wikipedia.org/wiki/
7.
http://tezister.net/
8.
ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексі –Алматы: Юрист,2005.-208 б.
9.
Макарова З.В., Янин М.Г. – Обжалование процессуальных действий и
решений в системе принципов уголовного судопроизводство. – Уфа, 2003.
176
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
ЭКОНОМИКА
177
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
ӘӨЖ 341.1
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ
ЖАҢА СЕРПІНІ
Кантуреев М.Т. э.ғ.д., Абдиманап Н., магистр
Мақалада Кеңес өкіметінен кейінгі кеңістіктегі білім берудің
теориялық мәселелері мен жаңа интеграциялық бірлестіктің қызметі және
халықаралық ұйымдардың құқықтық табиғатын құру принципінің
арақатынасы қараастырылған.
Рассматриваются
теоретические
вопросы
образования
и
функционирования нового интеграционного объединения на постсоветском
пространстве – ЕврАзЭС, и соотношение принципов построения с правовой
природой международных организаций.
нап
Н.
Theoretical education and the functioning of the new integration association in the
former Soviet Union - EurAsEC, and the ratio of principles of construction of the legal
nature of the international organizatsiy.nap
м
Кілт сөздер: Еуразиялық экономикалық одақ, геосаяси тұрақтылық, интеграция,
консенсус
Еуразия атауы қазіргі ақпараттық кеңістікте ең көп кездесетін сөздердің
біріне айналып отыр. Мұның себебін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа
қол қойылуымен түсіндіруге болады. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы
аймағымызда маңызды геостратегиялық, геосаяси, экономикалық және геомәдени
бетбұрыстардың болып жатқанын көрсетеді. Әрине, Еуразияны әрбір мемлекет өз
мүддесі тұрғысынан түрліше түсінеді.
Еуразияның геосаяси маңыздылығын түсіну үшін батыстықтардың аймақ
туралы кең танылған теориясын қарастырайық. Еуразия құрлығы туралы сөз
болғанда геосаясат теоретиктерінің бірі ағылшын Халфорд Ж.Макиндердің heartland,
яғни «жердің жүрегі» («Жерұйық») теориясына назар аудару қажет. Ол теория
бойынша, кез келген географиялық кеңістіктің немесе мемлекеттің ең стратегиялық
маңызды аймағы оның ортасы, орталығы болып табылады. Макиндердің пікірінше,
дүниежүзінде ықпал жүргізу үшін Еуразия құрлығында, ал Еуразияда ықпалды болу
үшін сол құрлықтың ортасында, яғни ішкі аймағында басымдыққа ие болу шарт.
Расында, бұл теория Ресейге де, біздің аймағымызға да қатысты. Орталық Азия
жоғарыда аталған neartland, яғни кіндік аймаққа кіретін географиялық кеңістікте
орналасқандықтан, тек теория ғана емес, сондай-ақ, геосаясаттың нысанасына
айналып отыр. Бұл атлантистік теорияның мәні Батыстың Еуразияға қалай
қарайтындығын білдіріп қана қоймай, оның аймағымызға қатысты геостратегиялық
ниетінен де жақсы хабар береді [1].
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) - Қазақстан, Ресей,Беларусь мемлекет
басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде
құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015
жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енді.
Мүшелері:
Беларусь - (1.01.2015 жылдан), (9 481 000 адам. 01.01.2015 жыл).
Қазақстан (1.01.2015 жылдан), (17 417 447 адам. 01.01.2015 жыл).
Ресей (1.01.2015 жылдан), (146 270 033 адам. 1.01.2015 жылдан)).
178
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Армения (2.02.2015 жылдан), (3 010 600 адам. 31.12.2014 жыл).
Қырғызстан (8.05.2015 жылдан), (5 874 100 адам. 1.11.2014 жыл).
Еуропалық Одақ интегрцациясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі
премьер-министрі Владимир Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында
көпшіліктің назарына ұсынылған, бірақ тұжырымдама ретінде Қазақстан
президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан 1994 жылы Мәскеу Мемлекеттік
Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын.
2011 жылдың 18 қарашасында Беларусь, Қазақстан, Ресей президенттері
Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылға қарай құрылады деген келісімге қол
қойған. Бұл келісім болашақ интеграцияның жол картасын қамти отырып,
Еуразиялық Экономикалық Комиссияның және 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс
істей бастаған Еуразиялық Экономикалық Кеңістік негізін қалады.
ЕЭО саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылады деп
жоспарланған.
Еуразиялық Одақ мүшелері үшін макроэкономикалық әсерлері:
Қажетті шикізатты тасымалдауға кететін қаржының азаюы тауарлар
құнының төмендеуі алып келеді
Бәсекелестіктің артуы тауарлар мен қызметтердің сапасын арттырады
Үлкен халқы бар нарықтын кұрылуы [2].
Осыған орай, Еуразиялық интеграцияның тарихи кезеңіне қатысты бірқатар
мәселелерге назар аударсақ.
Еуразиялық экономикалық одақ теңқұқылық, мақсатқа сәйкестілік, кезеңділік,
прагматизм және ортақ тиімділік қағидаттары негізінде құрылады. Еуразиялық
экономикалық одақ туралы шарт Қазақстан, Ресей және Беларусь азаматтарының әл-
ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін шешуге бағытталған. Оның
аясында тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын,
үйлестірілген экономикалық саясат жүргізу көзделеді.
Сарапшылар болашақтағы интеграциялық тиімділік шеңберінде 2030 жылға
қарай Ішкі жалпы өнімнің жиынтық өсімін 900 млрд. доллар көлемінде бағалап
отыр. Ал Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа қол қою қажетті
құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталады. Шарт құрылтайшылардан
(институционалды) және салалық (функционалды) бөлімдерден тұратын бірегей
құжат болып табылады. Оны даярлау барысында барлық тараптардың ұстанымдары
келісіліп, сарапшылар қауымдастығының, іскерлер ортасының пікірлері барынша
ескерілген.
Еуразиялық экономикалық одақтың базалық негіздері
Еуразиялық экономикалық одақтың басты мақсаты - бірыңғай рынок
қалыптастыру, тауарлар, қызметтер, инвестиция мен жұмыс күші үшін кедергілерді
жою, кәсіпкерлікті барынша тиімді жүзеге асыруға бағытталған келісілген
экономикалық саясатты жүзеге асыру болып табылады. Ал Еуразиялық
экономикалық одақ туралы шарт мемлекеттердің егемендік теңдігі, территориялық
тұтастық, сонымен бірге, Одаққа қатысушы-мемлекеттердің саяси құрылымының
ерекшеліктерін құрметтеу қағидаттарына негізделеді. Бұдан бөлек, Еуразиялық
экономикалық интеграция теңқұқылық, мақсатқа сәйкестілік, кезеңділік, прагматизм
мен өзара тиімділік қағидаттары негізінде дамиды. Ең бастысы, Еуразиялық
экономикалық одақ - саяси бірлестік емес. Ол өз алдына саяси міндеттерді қоймайды
және саяси егемендікті шектемейді. Сондықтан да одақ туралы шарт тек қана
экономикалық ынтымақтастық мәселелерін қамтып отыр.
Одақ аясында шешімдер қабылдау консенсусқа негізделеді
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта барлық деңгейдегі
стратегиялық мәнге ие шешімдер қабылдау барысында консенсустың нақты
179
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
тетіктері қамтамасыз етіліп отыр. Бұның өзі басқа да шаралармен қатар, қатысушы
мемлекеттер арасындағы қандай да бір елдің басымдыққа ие болу мүмкіндігін
түгелдей жоққа шығарады. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақтың
мемлекетүсті органдары «бір ел - бір дауыс» қағидатымен жұмыс істейтін болады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның жоғары органдары - Кеңес пен Алқадағы -
басшылық етуші позициялары барлық қатысушы-мемлекеттердің теңдей өкілдер
санымен тағайындалады.
Тоқтала
кететін
жайт,
Еуразиялық
экономикалық
одақ
-
бұл
ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ашық мегажоба. Одақтың басқа
мемлекеттермен, түрлі интеграциялық бірлестіктерімен қатынасына келсек,
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары
Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысындағы келіссөздерде
Еуразиялық интеграциялық үдеріс аясын кеңейту мәселесі де қаралды. Бұдан бөлек,
Мемлекет басшыларының қатысуымен Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық
кеңістікті дамытудың негізгі мәселелері жөніндегі бірқатар өзекті тақырыптар
талқыланды. Мәселен, сарапшылар бүгінгі таңда Вьетнам, Израиль, Үндістан мен
Египет секілді бірқатар мемлекеттермен еркін сауда туралы келісім жасау жөніндегі
мәселенің талқыланып жатқанын алға тартады. Сондықтан да, Еуразиялық
интеграциялық үдерістер тек қатысушы мемлекеттермен арада ғана емес, әлемнің
басқа да барлық елдерімен ынтымақтастықты тереңдету бағытында жаңа
мүмкіндіктер ашатыны күтіледі.
Еуразиялық экономикалық интеграцияның басымдықтары
Интеграцияның жаңа кезеңіне - Еуразиялық экономикалық одаққа өту
еліміздің сұранысын тез арада емес, керісінше ұзақмерзімді іргелі бағытта
қамтамасыз етуді көздейді. Атап айтқанда, еуразиялық интеграция қатысушы-
мемлекеттердің орнықты экономикасын нығайтуға, олардың нарықтық әлеуетін
арттыруға бағытталады. Әлбетте, бірлестік ел кәсіпкерлері үшін барлық
проблемаларды бірден жойып тастай алмайтыны айқын, алайда, одақ аясында
кәсіпкерлікті дамсытудың жаңа деңгейі үшін жағдайлар құрылады, іскерлік
айналымның барлық циклдары үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатын болады.
Бұл ретте капиталдың, тауарлар мен қызметтердің, жұмыс күшінің еркін
айналымы Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы бизнесті жүргізуді барынша
оңайлатады. Ішкі шекараларда кедендік, фитосанитарлық, ветеринарлық және басқа
да бақылаулардың жойылуы бизнес айналымын шапшаңдатып, кедергілерді керте
түседі. Мұның аясында көліктік инфрақұрылымдарға теңдей қолжетімділік үлкен
маңызға
ие.
Интеграциялық
бірлестіктің
тұтастай
аумағында
көліктік
инфрақұрылымды бірыңғай пайдалану шарттары да осыны дәлелдей түспек. Бұл
қазақстандық кәсіпкерлер үшін көліктік шығындарды төмендетуге, оның ішінде
Ресей арқылы арзан тасымалдардың қолжетімділігіне жағдай жасайды. Шикізаттар,
материалдар мен қондырғылар жеткізуге қолжетімділік оңайлатылады.
Тұтастай алғанда, Еуразиялық экономикалық одақ оған қатысушы үш ел
экономикаларының сапалық параметрлерін арттыруға мүмкіндік туғызып қана
қоймай, мемлекеттердің жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне айтарлықтай рөл
атқарады. Бүгінгі әлемде экономикалық интеграциялық бірлестіктердің жұмысы
жаңа дәуірге қадам басып қана қоймай, олар барынша белсенді болып,
ықпалдастықтың қажеттілігі күн санап артып отырғаны айқын. Ендеше, құрылған
Еуразиялық экономикалық одақты оған қатысушы-мемлекеттердің жаһандық
бәсекелестіктегі ұстанымдарын нығайтуға арналған бірлестік деуге келеді [3].
«Дүниежүзілік
экономикалық
форумның
мәліметінше,
жаһандық
бәсекелестіктің индексі қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігі 50-орында.
Ресей 64, Белорусь елі 94-орында екен. ХХІ ғасырда қай елдің болмасын ұлылығы
180
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
мен қарымын инновациялық, ақпараттылық және кәсіпкерлік қабілетінен
пайымдауға болады. Сондықтан ЕурАзЭО бәсекеге қабілеттілікті арттырып,
экономикалық кеңістікке жол ашады деп сенеммен айтуға болады.
Кез келген интеграциялық одақ белгілі саяси-экономикалық құндылықтарға
сүйенеді. Теориялық тұрғыда, еуразиялық экономикалық интеграция посткеңестік
елдердің нарық, теңдік және өзара тиімділік сияқты жаңа экономикалық құнды-
лықтары негізінде қалыптасады. Сонда ғана ықшамды, жаңашыл және динамикалық
одақ құрылуы мүмкін. Әрине, интеграцияға қатысты қалыптасқан қасаң
стереотиптер мен скептизмнің жойылуы үшін одақтың қағидаттары, ережелері мен
идеологиясы ашық және әділ негіздерге сүйенуі тиіс. Еуразиялық одақ, сондықтан
Еуропалық одақтың үлгісін негізге алып отыр. Интеграцияның сәттілігі мен
баяндылығы, бірінші кезекте, Мәскеудің стратегиялық ниетіне, бұрынғы қателерді
қайталамауына, одақты саясиландырмай, экономикаға мейлінше көңіл бөлуіне, мүше
елдердің ұлттық мүдделерін сақтауына, теңдік пен әділдікті қамтамасыз етуіне
байланысты болмақ.
Біздіңше, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуының
келесі тиімді жақтары мен себептерін атауға болады. Олар: Қазақстанның Ресей
экономикасымен күрделі байланыстылығы, Қазақстанда ішкі саяси тұрақтылық пен
геосаяси қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне жанама әсері, ортақ әуе қорғанысы
жүйесінің орнығуы, Ресейдің ірі нарқына кіріп, экономикалық бәсекелестікке бейім-
делудің мүмкіндіктері, геопсихологиялық жағынан Ресеймен бірге болу арқылы
әлемдегі ықпалы мен атағын арттырудың мүмкіндігі, т.б. Сондай-ақ, Дүниежүзілік
экономикалық дағдарыстың да келеңсіз әсері интеграциялық үдерістерді жеделдетті.
Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан үшін барлық тиімді және
ықтимал
зиянды
жақтарын
салыстыратын
болсақ,
Астана
үшін
артықшылықтарының басым екенін айта аламыз. Өйткені, қазір қазақтың саяси
элитасы және елдің ішкі тұрақтылығы үшін интеграция өте тиімді. Қазақстанның
геосаяси тұрақтылық жағдайында күшейіп алуы үшін Ресейді Батыспен немесе
Қытаймен салыстыруға болмайды. Елдің болашағы тұрғысынан Ресеймен жақын
ынтымақтаса отырып, оның экономикасымен бәсекелесіп, ысылып барып,
дүниежүзілік бәсекелестікке дайын, қуатты Қазақ мемлекетін қалыптастыру
мүмкіндігі зор және алдымызда нақ осы міндет тұр. Ал бұл мақсатты, яғни
«Қазақстан - 2050» Стратегиялық жоспарын орындау үшін Ресеймен жақсы болу
бірінші шарт. Осы тұрғыдан Қазақстан өзінің төңірігіне дұрыс баға беріп отыр.
Ресеймен түсінісе алудың өзі үлкен геосаяси жетістік. Әрине, Қазақстанның
Еуразиялық экономикалық одаққа енуі – үлкен саясатпен шектесетін үлкен
экономика [4].
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер бір-бірінің ішкі ісіне
араласпай, егемендік пен мемлекеттік шекараларға қол сұқпайды. Сонысымен-ақ
Еуразиялық одақ тұрақты әрі қуатты, тиімді тұстарымен көпшілік қолдауына ие
болды. Бұл саяси-экономикалық байланысы берік, өзара ынтымақтастық қарым-
қатынасты сақтап келе жатқан мемлекеттердің дамуының жаңа белесі болмақ.
Сондықтан Еуразиялық одақтағы Қазақстанның алатын орны еліміздің
интеллектуалдық-экономикалық секіріс жасауына да тікелей байланысты болмақ.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Қ.
Мәметқазыұлы
Еуразиялық
экономикалық
одақ
қатысушы
мемлекеттердің жаһандық бәсекедегі ұстанымын нығайта түседі, Халықаралық
ақпараттық агенттігі
2.
https://kk.wikipedia.org
181
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
3. Ж. Байжомартұлы, Ә. Есбаева Еуразиялық экономикалық одақ: оның
Қазақстан үшін маңызы, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ.: 4 б.C., 2014. -
12 маусым
4. Б. Жолдыбай Еуразиялық экономикалық одақ елімізді дамудың даңғыл
жолына бастайды: Егемен Қазақстан газеті 05.06.2014
Достарыңызбен бөлісу: |