ӘОЖ
330.322
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ
Сыздықбаева Н.Б., Сейсенбаева Г.Д.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.,
nurgul.010174@mail.ru
Мақалада экономикалық әріптестікті дамытудың жаңа бағдары мен оның
Қазақстан Республикасында қажеттілігі және даму жолдары жайлы
қарастырылады. Экономикалық әріптестік ел экономикасын дамытуға тікелей
әсер ететіндіктен ол жан-жақты қарастырылатын мәселе.
В данной статье рассматривается, пути развития новых направлений
экономического сотрудничества и их потребности в Республике Казахстан. Так как
экономическое партнерство непосредственно влияет на развите экономики,
является обширным вопросом.
This article examines the development of new areas of economic cooperation and
their needs in the Republic of Kazakhstan.
Since the Economic Partnership directly affects
develop the economy, it is a broad question.
Кілт сөздер: экономикалық серіктестік,экспорт,стратегия, инвестиция.
Еліміз керегесі кеңейіп, ата-бабаларымыз білектің күшімен, ақ найзаның
ұшымен алып берген тәуелсіздік алғанына да жиырма төрт жылдың жүзі болды.
Тәуелсіз ел ретінде танылған мемлекетіміздің әлемдік аренада ойып алған орны да
ерекше. Бізді төрткіл әлем танитындай беделге де қол жеткіздік [1].
Мемлекетіміз экономикалық әріптестікті барынша дамыту үшін көптеген іс-
қимылдар жасауда. Экономикалық әріптестіктің жаңа бағдарын құру экономикалық
дамудың белсенділігін арттырады, шетел экономикасының саяси бағыттарымен
тәжірибе алмасуға жол береді.
Экономикалық әріптестіктің бастамасының бірі мемлекетіміздің Еуразиялық
экономикалық одаққа кіруі болып табылады.
Бұл – ерікті, теңқұқылы және өзара
тиімді технологиялық жүйесі бар экономикалық бірлестік бастамасы. Толықтай іске
қосылған Одақ экономикалық әріптестіктің көкжиегін жаңа белеске шығаруда.
Инвестиция тартуға бірден-бір қолайлы ел ретінде танымал Қазақстан үшін
201
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Еуразиялық экономикалық одақ өте маңызды. Көлденең кедергілермен түрлі
салықтан арылған кәсіпкерлер игі бастаманың оң тұстарына қазірдің өзінде жоғары
баға беруде. Экономикалық әлеуеті зор, халыққа пайдасы мол ұйым бірегей
мүмкіндіктерге жол ашпақ. Бұл бастаманы іскер топ өкілдері күткені анық. Себебі
үлкен нарықты көздеген әр кәсіпкердің табыс табуына Одақта ұтымды тұстар
жетерлік. Әсіресе, бүгінгі күні еліміз Ресей Федерациясымен әріптестік қарым-
қатынастарды нығайта түсуде. Ресей Еуропа елдеріне транзиттік жол ашатын
стратегиялық әріптес. Сондықтан солтүстіктегі көршімен қарым-қатынасты жоғары
деңгейге жеткізу өте маңызды.
Қазақстанның шекаралас мемлекеттермен тығыз
қарым-қатынас жасауы ата-бабаларымыздан қалған дәстүр деп санаймыз, сондықтан
қазіргі замандағы ынтымақтастықты барынша нығайта түсу қажет. Экономикалық
жаһандану заманында ешбір мемлекет жеке, дара, оқшауланып дамуы мүмкін емес.
Мұндай кезеңде кез келген мемлекет шекаралас мемлекеттермен экономикалық
әріптестік орнатуға ұмтылады. Әсіресе, біз үшін көрші мемлекет Ресей
Федерациясы, Қытай Халық Республикасы сынды алып державалар болса, онда
сөзсіз экономикалық интеграция міндетті түрде орын алатын құбылыс.\
Осы жолда айта кететін жағдай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
ұсынған еліміздің жаңа саяси бағытының негізгі мақсаттарына бағытталған
«Қазақстан-2050» Стратегиясы, яғни ішкі және сыртқы саясаттағы перспективалық
міндеттерге қол жеткізу.
Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы елімізде айтарлықтай ең маңызды
оқиғаға айналып отыр. Бұл ұсынылған тарихи құжат тек Қазақстан үшін ғана емес,
сонымен қатар барша бүкіл әлемдік қоғамдастықтың өзінде кеңінен талқыланып
қарастырылуда
.
Қазақстан үшін Елбасы айтып өткендей шынымен де, дамыған 30
елдің қатарына кіру аса маңызды. Әрине бұл туралы Президент өзінің Жолдауында
айтып өткен және осындай мақсат қойып отыр. Шын мәнінде, атап айтсақ, бұл
Қазақстан тарихының жаңа дәуірін ашар еді. Қазақстан қалыптасқан мемлекет
ретінде ғана ұзақ мерзімді дамуымен, стратегиялық жоспарлау саясатымен,
экономикалық өсімімен, жоғары әлеуметтік жағдайын қалыптастыруымен әлем
мемлекеттері арасында көзге ерекшеленеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің саяси көрегендігін, жаһандық ойлау
биіктігін тағы да дәлелдеп отырған сыңайлы. Елбасының тікелей осы қасиетінің
арқасында Қазақстан бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасты.
Қазақстан үшін ұзақ мерімді міндеттер қойылды, бұл біздің мемлекетіміздің
болашағының жарқын және зор екендігін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан
экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістіктері бойынша дүниежүзінің
көптеген елдеріне үлгі болатындай мемлекет. Жаңа стратегия еліміздің дамуының
бір көрсеткіші осы мақсатта көптеген жақсы игі істер атқарылуда [2].
Қазақстан егемендік алған жиырма төрт жылдың ішінде елімізде жарқын
болашағы мен тұрақты экономикалық дамуы жолында көптеген ірі бағдарламалар
қабылданып, олар жүзеге асуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ішкі тұрақтылығымыз
бен экономикалық дамудың жаңа бағдарын айқындай отырып, сол мақсатқа жетуде
Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты еліміздің қарқынды
даму жолындағы жеті бағытының негізгі тұстарын айқындай түсетін жаңа
экономикалық саяси бағдарламасын жария етті. Бұл тарихи бағдарламада әлемдік
дағдарыстардың алдын алудың тиімді тұстарын көрсетіп қана қоймай, елімізді
дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылуға жағдай жасап, Тәуелсіз Қазақстан
тарихында ұзақ мерзімдік даму жолдарын анықтап, болашағымыздың жарқын
бағдарын айқындап көрсетті.
Төрткіл әлемнің алпауыт мемлекеттерінде болып жатқан геосаяси
дағдарыстар және экономикалық ахуал, шикізат ресурстарына деген нарықтағы
202
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
бағаның төмендеп кетуі, жаңа сынақтар мен жаңа экономикалық талаптар күшейе
түсті. Әрине, бұл көптеген ірі мемлекеттерді айналып өтпегені сөзсіз. Көптеген ірі
державаларда ішкі саяси тұрақсыздық пен экономикалық жағдайлардың,соның
ішінде әлеуметтік әлсіреулер орын алып отыр. Бұл өз кезегінде қаржылық және
өнеркәсіптік тоқырауларға ұшыратуда, сонымен қатар, сөзсіз жұмыссыздық
мәселелерінің белең алуына алып келіп отыр. Осындай жағдайлар, яғни әлемдік
проблемалар Қазақстан үшін де өз әсерін тигізбей қоймас. Осы тұрғыда «Нұрлы
жол» бағдарламасы елде болуы мүмкін деп табылған дағдарыстардың алдын алу
құралы ретінде танылып, халық қалаулылары мен қоғам қайраткерлері және
қарапайым халық қолдауына ие болып, зайырлы мемлекетіміздің жарқын даму
бағдары ретінде көрінуі тиіс. Осы бүгінгі таңда елімізге айтарлықтай, мықты
серпіліс әкелген аталмыш бағдарлама әлеуметтік, сонымен қатар, экономикалық
жағынан ғана емес, еліміздегі маңызды мәселелердің бірі болып табылатын рухани,
мәдени құндылықтарға да ерекше назар аударуда. Еліміз көп ұлтты зайырлы
мемлекет болғандықтан, ішкі діни тұрақтылық пен конфессияаралық келісімнің
маңызы ерекше екендігін атап көрсетті. Сол себепті де, Елбасы жыл сайынғы
халыққа Жолдауында елдің экономикалық жағдайымен қатар, дін мәселесіне де
айрықша көңіл бөледі. Саяси және діни тұрақтылық еліміздің шекаралас
мемлекеттермен экономикалық серіктестікті нығайта түседі. Жалпы халықтың
әлеуметтік жағдайы экономикалық тұрғыдан қарағанда дұрыс болуы қоғамдық
келісімді нығайтып, саяси тұрақтылықты ұстап тұруға септігін тигізеді. Бүгінгі
таңдағы әлемдік дағдарыстың белең алған заманында ұлттық идея мен мемлекеттік
идеологияны, ұлттық мүддені, халықтық ұстанымды дамытқан мемлекет қана өзінің
егемендігі мен ішкі саяси әлеуметтік тұрақтылығын сақтап қала алады.
Бүгінгі таңда, дүниежүзінің бірқатар елдерінде ішкі экономикалық және
жұмыссыздық мәселелерімен қатар дінаралық қақтығыстар да орын алып отырғаны
белгілі. Атап айта кетсек, экстремизм мен терроризмнің ушыға түсуі жиырма бірінші
ғасырдың індетіне айналып бара жатқандай. Әрине, осындай бүкіл әлемді алаңдатып
отырған террорлық әрекеттердің зардабы мен қиындықтарын бейбіт тұрғындар
көруде. Осы тұрғыдан айтып кететін болсақ, осындай келеңсіз жағдайлар
мемлекеттердің әлеуметтік және экономикалық жағдайын әлсіретіп, өзінің кері
әсерін көрсетуде. Алпауыт мықты мемлекеттердің өзі де экономикалық дағдарыстар
мен экстремистік әрекеттердің алдында қауқарсыздық танытып отырған сыңайлы.
Осы сынды келеңсіз жағдайлардың алдын алу мен оған қарсы тұрудың жолдары
«Нұрлы жол» бағдарламасында толық дерлік көрсетілген [3].
Еліміздің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы да экономикалық
әріптестік әрекеттерінің дамуына өз ықпалын айтарлықтай тигізуде. Еуразиялық
экономикалық одаққа қазірдің өзінде 40-қа жуық мемлекет қызығушылықтарын
танытуда. Сол себепті де, бұл одақтың маңызы аса зор. Одақ отандық кәсіпкерлердің
өнімін үлкен нарыққа шығаруға жол ашып қана қоймай, сонымен бірге, іскерлік
байланыстарды нығайтуға барынша өз септігін тигізеді. Жалпы айтқанда,
бизнесмендер ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында жаңа кәсіпорындар құрып, өз
кәсібін жүргізгісі келсе, оған қолайлы жағдай жасалған. Президенттің өзі атап
өткендей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық және инвестициялық
әріптестері болып табылатын Еуропалық Одақ елдерімен ынтымақтастыққа да күш
салынуда. Елбасының айтуынша, белсенді түрде дамып келе жатқан Америка
Құрама Штаттарымен стратегиялық әріптестікті нығайту да еліміз үшін маңызды
бағыт болып табылады. Бүгінгі таңда, Қазақстан халықаралық байланыстарды
кеңейтіп, тереңдете түсу бағдарын белсенді түрде жалғастыра түседі [4].
Экономикалық әріптестікті дамытудың басты әрі жаңа бағдарының бірі ең
алдымен шекаралас мемлекеттермен, сонымен қатар әлемнің басқа да дамыған
203
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
елдерімен тығыз қарым-қатынас жасау. Айта кететін болсақ, бүгінде Қазақстан-
Ресей қарым-қатынастары динамикалық түрде даму үстінде, екіжақты әріптестік әр
түлі салаларды сауда, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық
салаларды қамтып отыр. Бұл ретте екі ел арасында қарым-қатынасты одан әрі
дамыту өзекті болып отыр.Кеден Одағының құрылуы мен Бірыңғай экономикалық
кеңістіктің қалыптасуы екі ел арасындағы әріптестіктің дамуына оң әсерін тигізуде.
Қазақстан мен Ресей ежелден көршілік хақымен алыс-беріс, барыс-келісті
тереңдеткен елдер болғандықтан, екі елдің арасында әуелден әріптестік, іскерлік
байланыс орныққан болса, енді міне, сол арақатынасымыз еуразиялық ықпалдастық
түрінде бұрынғыдан да тереңдей түскен. Қазақстан мен Ресейдің инновация
саласында интеграциялануы екіжақты әріптестіктің үздік бағыттарының бірі болып
отыр, себебі тек қана осы саланың дамуының есебінен бәсекеге қабілетті, жоғары
технологиялы өнімдер, тауарлар мен қызметтерді, агроөнеркәсіптік кешен, оның
ішінде биотехнология, баламалы энергетиканың кейбір бағыттарын дамыту, мысалы
жел энергетикасы, техногендік қалдықтарды қайта өңдеу және ол өнімдерді әлемдік
рынокқа шығару мүмкіндіктері айтарлықтай ұлғая түсуде.
Осындай инновациялық бағыттарды дамыта отырып біз аталған салаларда
әлемдік көшбасшыға айналуымыз әбден мүмкін. Қазақстан мен Ресей
ынтымақтастығы барлық салаларда қарқынды дамып келеді. Осы күнде 2013 жылы
қабылданған екіжақты бірлескен жоспар аясында жұмыстар атқарылды. Бұл
бағдарлама айтарлықтай жемісті аяқталды. Қазіргі таңда 2016-2018 жылдарға
арналған іс-қимыл жобасы әзірленуде. Жыл соңына дейін бұл құжат қабылданады
деп кәміл сенеміз. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында қол
қойылған келісімнің шеңберінде тікелей шетелдік инвестицияларды ынталандыру
және салаларда инвестицияларды дамыту бағдарламаларын жетілдіру үшін
қазақстандық ресурстарды әртараптандыру мәселесі бойынша бірлескен жоба
табысты іске асырылды.
Тағы бір еліміздің экономикалық әріптестік орнатқан мемлекетінің бірі, Азия
алпауыты Жапония болып отыр. Жапония Қазақстанмен әріптестікке өте үлкен
жауапкершілікпен қарайды, оның өзіндік себептері де бар. Ең алдымен, Қазақстан
Еуразия құрлығының кіндік орталығында орналасқан, себебі, Қазақстансыз
аймақтың ғана емес, тұтастай әлемдік қауымдастықтың тұрақтылығын елестетудің
өзі мүмкін емес. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақстандықтардың
пікірінше, Қазақстан Азия мен Еуропаны біріктіріп тұрған ел ретінде үлкен
экономикалық және саяси әлеуетке ие деп санайды. Сонымен қатар, Қазақстан жер
қойнауына толы пайдалы қазбалары мен энергия тасымалдаушыларының арқасында
жоғары экономикалық дамуға қол жеткізуде. Жапонияның іскер топтары
Қазақстанның дамуын жіті қадағалап отырады, сондықтан олар ортақ жобаларға
қатысуға, соның ішінде табиғи ресурстарды өндіруге мүдделі. Сондай-ақ, Жапон
саясаткерлері аймақтық держава ретінде Қазақстанның экономикалық өсуі Орталық
Азияның тұрақтылығы мен дамуының негізгі факторы екендігін толық мойындаушы
елдердің бірі. Қазақстан Жапония үшін де маңызды шешімдер қабылдауда
белсенділік танытуда. Мысалға, Жапонияның ядролық қарусыздануы мен климатын
сақтауда жасап жатқан жұмыстары қыруар. Осылайша, Қазақстан Жапония үшін
халықаралық аренада да маңызды әріптес ретінде қалыптасып отыр. Жапония
халықаралық қарым-қатынастар негізінде құрылған «Әлемге белсенді қолдау»
ұстанымын қолдана отырып, аймақтағы, одан қалса әлемдегі бейбітшілік пен
тұрақтылыққа деген өз үлесін қосуға мүдделі. Олай дейтін себебіміз, Қазақстан
Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға атсалысуда және жуырда Біріккен Ұлттар
Ұйымының Африкадағы бейбітшілік орнату қызметіне өз әскерилерін жіберу туралы
шешім қабылдады. 2014 жылдың соңында Ауғанстаннан Халықаралық бейбітшілікті
204
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
орнату күштерінің шығарылуына орайластырылып жалпы аймақтың да тұрақтылығы
жағынан маңызды кездесу өткізілді. Атап айтқанда әріптестік мәселелерімен қатар,
Ауғанстанға қатысты қауіпсіздік шараларын да, соның ішінде есірткі мәселесі де
қарастырылған. Бұл тағы да біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас, мақсат-
мүддесінің бір арнаға тоғысатынын дәлелдей түседі. Әрдайым екіжақты қарым-
қатынасты одан әрі кеңейте түсу үшін әріптестіктің жаңа сатысына көтеріле беру
қажет.
Тағы да бір тоқталып кететін мәселе, ол екі ел арасындағы сауда-
экономикалық және инвестициялық әріптестік саласындағы жағдай. Қазақстан
тауар айналымы бойынша да, инвестиция көлемі бойынша да Жапонияның Орталық
Азиядағы ең ірі әріптесінің бірі болып табылады. Осы уақытқа дейін Жапония
энергетикалық ресурстарға, мәселен мұнай өндіруге ғана қызығушылық танытып
келді. Жапония үкіметі өз кезегінде екі ел арасындағы инвестицияларды
ынталандыру және қорғау бойынша іскер ортаның қызметін жандандыра түсуге
мүдделі. Орталық Азияның тұрақты әрі ашық аймақ ретінде дамуы үшін Жапония
ортаазиялық елдердің өзара қарым-қатынасы мен ортақ тапсырмаларды шешудегі
аймақтық әріптестігінің дамуын өте маңызды қадам деп санайды. Жапония елі мен
мемлекетіміздің әріптестіктерінің басты мақсаттарының бірі ретінде біздің
мемлекетіміздің ортаазиялық елдердің аймақтық әріптестік мүмкіндіктерін алға
жылжытудағы «катализаторы» ретінде қатысуын атауға болады. Орталық Азияның
«барынша мықты», «едәуір бай» және сонымен қатар «ашық» аймаққа айналуы үшін
аймақтық әріптестік қандай болуы қажет деген тақырыпта пікіралмасу шаралары
болды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта мүше-мемлекеттер ауыл шаруашылығына да баса
назар аударып, осы саладағы аймақтық әріптестікке қатысты ортақ жобаларды
белгілеу бойынша да жұмыстар жүргізілді.
Экономикалық әріптестікті нығайтудың бір бағыты елдермен сауда
серіктестігін қалыптастыру болып табылады.
Соған орай, сауда саласын дамыту
мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру шеңберінде биржалық
және электронды сауда саласын қоса алғанда, сауда саласында халықаралық
заңнамалық норма талаптары ескеріле отырып, мемлекеттік саясатты қалыптастыру
бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Жалпы аталған шаралардың іске
асырылуы сауда саласын жаңғыртуға, оны қазіргі халықаралық талаптарға
сәйкестендіруге мүмкіндік береді және ең аз транзакциялық шығындармен тиімді
тауар қозғалысына өз септігін айтарлықтай тигізбек. Тағы да бір тоқталып кететін
жайт, ол
Қазақстанның экономикалық өміріндегі маңызды оқиға, яғни Дүниежүзілік
сауда ұйымына кіруі және осы ұйымға мүшеліктен ұтатын сонымен қатар, ұтылатын
тұстары туралы соңғы кездері жиі айтылып жүр. ДСҰ-ға мемлекетіміздің мүше
болуының басты айтарлықтай жайттарының бірі дүниежүзінің ұйым шеңберіндегі
мемлекеттерімен серіктестік, ынтымақтастықты қарым-қатынас жасау. ДСҰ-ға
мүшелік ету еліміз үшін халықаралық сауда ережелерін қалыптастыруға
қатысуымызға зор мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Біріншіден, басқа елдің
нарығында біздің экспортқа әділетті қарым-қатынастың кепілі болады және сонымен
қатар біздің ішкі нарықта шетел тауарлары мен қызмет көрсетулерді импорттау үшін
осындай талаптардың болуын қамтамасыз етуін айтарлықтай міндеттейді.
Екіншіден, ДСҰ-ға кіру экономикалық әлеуеттің ұтымды тұстарынан басқа, қолайлы
имидждік дивидендтер әкеледі. Біз үшін барлық халықаралық нарыққа
қатысушыларға Қазақстанның бизнесті тұрақты және транспарентті жағдайда
жүргізуде сенімді бизнес-әріптес екенін көрсетуге мүмкіндік туғызады. Отандық
205
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
бизнес ел ішіндегі бәсекелестікпен қатар, ел аумағынан тыс қызмет көрсетуі мен өз
өнімін өткізу үшін жаңа нарықтарды таба білуі керек. Бұл өз кезегінде өте өзекті
жағдай. Үшіншіден, Қазақстан өз тауарларын сыртқы нарыққа көлікпен жеткізу
үшін тауарлардың экспорттық бағасына тікелей әсер ететін әлемдік порттарға қол
жеткізе алмауда. Сондықтан ДСҰ-ға мүше болу Қазақстанға ДСҰ-дың басқа
мүшелерінің нарығына осы елдердің ішінде тауарлар алмасуы кезінде қолданылатын
көліктік тарифтер бойынша экспорттауға жол ашады. Төртіншіден, қазақстандық
заңнаманы ДСҰ-дың негізгі шарттарына сәйкестендіру болашақта отандық
өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға алып келеді. Мысалы, техникалық
регламенттер мен стандарттарды әзірлеу кезінде жалпыға танымал стандарттардың
негiзiнде қабылдау, отандық өнiмдi сыртқы нарықтарға шығаруға аса зор әрі тиімді
мүмкiндiктер
.
Бесіншіден, бүгінгі күні Қазақстанның жалпы тауар айналымының
50%-дан астамы ДСҰ-ға мүше елдерімен жүзеге асырылады. Сондықтан Қазақстан
үшін ортақ құқықтық кеңістік шеңберінде өзінің ірі сауда әріптестерімен сауда
жасау маңызды. Сонымен қатар, Қазақстан үшін шикізаттық өнімдерден дайын өнім
шығаруды қолға алу қажет.
Жалпы айтқанда, жоғарыда аталған секторларда бәсекелестікті дамыту халық
пен шаруашылық субъектілерін қоса алғанда, тұтынушылар үшін сапаның
жақсаруына және аталған қызметтер құнының төмендеуіне алып келуі тиіс.
Сонымен, басты қызметтердің құнының төмендеуі және сапаның жақсаруы
қазақстандық тауарлар өндірісінің нәтижелігін ұлғайту мен олардың бәсекеге
қабілеттігін жақсартуға бағытталған. Мемлекетімізде өндірілмейтін өнімдерге
қатысты импорттық баж салығын төмендету жолымен қазақстандық нарыққа
тауарлардың қол жеткізілімін ырықтандыру, тұтынушылардың жағдайына
толығымен жақсы әсер етуі тиіс [5].
Мемлекеттік саясаттың экономикалық әріптестікті дамытудағы маңызды
шаралардың бірі инвестиция болып табылады. Яғни, осы орайда ел экономикасын
дамыту мақсатында шетелдік инвесторлармен ұтымды жұмыс жасау қажет.
Шетелдік инвесторларды тарту экономиканың жаңаша қырларының дамуымен
қатар, қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың да жаңаруына жол ашады. Шетелдік
инвесторларды тарту өз кезегінде, іс-тәжірибе алмасуға, халықтың әлеуметтік
жағдайын көтеруге тікелей ықпал етеді. Инвестицияның жоғарғы қарқынмен
дамуының жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей
әсері мол.
Инвестиция кәсіпорындар мен өндіріс орындарына, жекеменшіктік
кәсіпкерлерге көп жылға берілетін капитал екендігін білеміз. Қай мемлекетте де
экономикалық реформалауды жемісті жүзеге асыруда шетелдік инвестицияны
тікелей өндіріске жұмылдыру мен тиімді пайдаланудың маңызы зор.
Шетел
инвестицияларын тарту мен қолдау стратегиясын жүзеге асыруда мән беретін
жағдай тәуелсіз мемлекеттердің саяси және экономикалық қызығушылықтарын
ескере отырып, шетел инвестицияларының табысты және тиімді нысандарын таңдап
алу болып табылады. Шетелдік саясат мемлекеттің экономикалық стратегиясының
маңызды элементі және оның мақсаттарымен анықталады. Шетел капиталын тарту
саясаты өндірістің құрылымдық қайтақұрылуына максималды түрде көмек көрсету,
инвесторлардың инвестициялық белсенділігін маңызды көлемде көтеруге қол ұшын
беру қажеттілігінен туындайды [6].
Қазіргі таңда республикада негізінен шетел капиталын тарту үшін қажетті
құқықтық орта мен кепілдеме жүйесі қалыптасқан.Сонымен қатар, инвесторларды
тарту экономикалық әріптестікпен қатар, экономиканың тиімді дамуына тікелей
ықпал етеді.
206
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында Алматы: Атамұра.-2001 ж
2.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы. – Астана, 2014 ж
3.
"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсан.
4.
Н.Ә.Назарбаев Еуразиялық одақ: идеядан – болашақтың тарихына.-
Алаш айнасы, №191 27 қазан 2011 ж
5.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы ресми сайт мәліметі.
http://bnews.kz/kk/news/heading/tamojennyi_soyuz
6.
ҚР Индустриялық – инновациялық саясаттың 2003-2015 даму
жоспары.
207
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Достарыңызбен бөлісу: |