ӨӘК 343.23.01
БАНДИТИЗМНIҢ ӨЗГЕ ДЕ АРАЛАС ҚЫЛМЫСТАРДАН
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Жангушукова Алия Заманбековна з.ғ.м, аға оқытушысы
Талдықорған қаласы, И. Жансүгіров атындағы ЖМУ
aliyazhangushukova@mail.ru
Бандитизм –аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-
жал өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілігі сол, банды құрылымы
жөнінен тұрақты, қаруланға топ болып, аса ауыр қылмыстар жасайды.
Бандитизм – это преступление известно с незапамятных времен и во
всех государствах оно рассматривалось как одно из самых опасных.
Количество преступлений, совершенных вооруженными бандитскими
формированиями, всегда напрямую зависело от экономического благополучия
и политической стабильности государственной власти.
Banditry is a crime known since time immemorial and in all countries, it was seen as
one of the most dangerous. The number of crimes committed by armed gangs, has always
depended on the economic prosperity and political stability of the government.
Негізгі сөздер: бандитизм, қарақшылық, жәбірленуші, кінә, қылмыс.
Кез келген қылмысты iс-әрекеттiң мәнiн ашу үшiн қылмыстың объектiсiн
анықтаудың маңызы ерекше. Әрбiр iстелген қылмыс белгiлi бiр объектiге қол
сұғумен қатар оған белгiлi бiр зиян келтiру қауіпiн туғызады. Қылмыстық заң
нормасымен қорғалатын объектiге қылмыстық қол сұқпауы мүмкiн емес. Сондықтан
да қылмысты қол сұғушылықтың объектiсiн дұрыс анықтаудың теориялық,
тәжiрбиелiк маңызы зор. Қылмыстың объектiсiн дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды
бiр-бiрiнен, қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемдеседi. Өйткенi,
қылмыстық-құқылық қорғау объектiсiне әрқашанда өзiнiң мәнi мен дәрежесiне қарай
ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Объектi маңызды болса
соған сәйкес iстелген қылмыста қауiптi болып саналады.
146
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Бiзге белгiлi қылмыстық құқық бойынша қылмыстың объектiсi деп
қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық
қатынастарды айтамыз. Қылмыстық қол сұғушылықтың объектiсi болып табылатын
қоғамдық қатынастардың маңыздылық дәрежесiде қылмыстық заңдарды ретiмен
орналастыру үшiн аса қажет. Әрбiр iстелген қылмыс белгiлi бiр жағдайларда
қоғамдық қатынастарға зиян келтiредi немесе зиян келтiру қауіпiн туғызады.
Сондықтан да қылмыстық құқық ғылымы қорғалатын қоғамдық қатынастардың
жалпы объектiсi деп таниды [2, 45 б.].
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстiң 2-бабының екiншi бөлiгiнде
“осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам
немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны
айқындалады” деп көрсетiлген. Яғни, мұның өзi қолданып жүрген қылмыстық
заңдар бойынша белгiлi бiр қорғауға алынған қоғамдық қатынастар ғана қылмыстың
жалпы объектiсi болып табылатынын көрсетедi.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объектiсiн жете бiлу үшiн
қылмыстың объектiсiн жалпы, топтық және тiкелей деп бөлу қағидасы қалыптасқан.
Осыған орай, бiздiң мақсатымыз қарақшылықтың объектiсiн бiлу үшiн оның
маңызын және атқаратын рөлiн, қызметiн түгел ашу мақсатымен тонаудың жалпы,
топтық және тiкелей объектiсiн анықтауымыз қажеттiлi туындауда. Ұрлыққа,
алаяқтыққа, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап етуге
қарағанда қарақшылық талан-таражға жататын қылмыс нысандарының ең қауiптi
түрi болып табылады [3, 55 б.].
Қарақшылықтың қауiптiлiгi бөтеннiң меншiгiне қол сұғумен бiрге, осы қол
сұғудың өте қауiптi тәсiлi – шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен
денсаулығына қауiптi күш қолданумен немесе тiкелей күш қолданамын деп
қорқытумен ұштасқанында болып табылады. Қылмыстың бұл түрiнiң қоғамға
қауiптiлiгiнiң көтерiңкi жағдайы оның екi бiрдей объектiсi – меншiкке және адамның
өмiрi мен денсаулығына бiр мезетте қылмысты қол сұғуы арқылы сипатталады.
Қарақшылық қылмыс болып табылғандықтан, өз кезегiнде екi түрлi объектiге
қол сұғады. Бiр жағынан, қарақшылықтың тiкелей объектiсi – мемлекеттiк, қоғамдық
немесе жеке меншiк болып табылса, яғни бөтеннiң мүлкiне қол сұғу болып
табылады. Бұл көзқарасты көптеген кеңестiк криминалистер қолдаған. Келесi мәселе
– ол қарақшылықтың екiншi объектiсiнде болып отыр. Ғалымдар арасында әртүрлi
көзқарастар бар. Н.Д. Дурмановтың ойынша, күш қолдану арқылы қарақшылықты
жасау кезiнде қылмыстың объектiсi меншiкпен қоса, жәбiрленушiнiң өмiрi мен
денсаулығы да (жеке адамның бас бостандығы, денеге қол сұқпаушылығы) құрайды
[3, 256 б.].
Өйткенi, қарақшылықтағы күш қолдану жәбiрленушiнiң (қарсылық
көрсеткенде) оның денсаулығына немесе жеке басына зиян келтiрiлуi мүмкiн.
Мысалы, П.П. Михайленко және Р.И. Тевлиннiң көзқарасы бойынша, қарақшылық
кезiнде қолданылған күш маңызды және қоғамға қауiптi болып табылады [4, 6 б].
Қарақшылық кезiндегi күш қолдану мемлекеттiк мүлiктi немесе азаматтардың
жеке мүлкiн иелену құралы болып табылады. Мысалы, қылмыскерлердiң
ұйымдасқан тобы пышақпен қаруланған, яғни тапаншаны иелену мақсатында М.
деген азаматтың үйiне кiрген. Қылмыскерлер М. байлап және өлтiремiз деп қорқыта
отырып тапаншаны беруiн талап еттi. М. онда тапаншаның жоқтығын айтады,
қылмыскерлер үйдi тiнтiген және тапаншаны таппаған. Қылмыскерлер
жәбiрленушiнiң өзге де мүлiктерiн иеленбестен, қылмыс болған жерден жасырынып
қалған.
Сонымен, қарақшылықтың тiкелей объектiсi – мемлекеттiк, қоғамдық және
жеке меншiк, ал күш қолдану арқылы тонауды жасау кезiндегi осы қосымша тiкелей
147
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
объектiсi меншiкпен қоса жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығын (жеке бас
бостандығы, денеге қол сұқпаушылық) құрайды.
Ал, қарақшылықтың заты – объективтiк белгiлi бiр экономикалық,
шаруашылық, материалдық құндылығы бар әртүрлi заттар, сонымен қатар,
материалдық құндылықтың балама ретiнде қызмет ететiн заттар, мысалы, ақшалар,
облигация, сондай-ақ тауарлық айналымнан алынған заттар (қару, бағалы металдар)
жатады [5, б 59.].
Сонымен, қорыта келгенде, қарақшылықтың топтық объектiсi – меншiк иесiнiң
иелену, пайдалану немесе оған билiк ету құқығын құрайтын меншiкке байланысты
қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қарақшылықтың тiкелей объектiсi болып бөтеннiң мүлкiне қол сұғу болып
танылады. Сонымен бiрге қарақшылық жоғарыда айтып кеткендей, көп объектiлi
қылмысқа жатады.
Сондықтан да оның қосымша объектiсi - жеке адамның өмiрi, денсаулығы,
бостандығы.
Ал, қарақшылықтың заты болып – азаматтық құқық бойынша меншiк объектiсi
деп танылған кез келген бұйымдар мен мүлiктер танылады, яғни ақша, бағалы
қағаздар, азаматтық айналымдағы қозғалмайтын және қозғалатын мүлiктер, адам
еңбегi арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер, заттар жатады.
Қылмыстың объективтiк жағы қылмысты iстеген адамның мiнез-құлқының
сыртқы көрiнiсiн бiлдiредi. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес (ҚК-тiң 9-
бабы) ондай мiнез-құлық бiрiншiден қоғамға қауiптi, екiншiден қылмыстық заңға
қайшы болуы керек [1].
Қылмыстың
объективтiк
жағының
мазмұны
көптеген
белгiлерiнiң
жиынтығынан тұрады. Ең бастысы қылмыстық заң құрайтын қоғамдық қатынастарға
қиянатпен қол сұғатын және оған қол сұғу қауіпiн тудыратын қоғамға қауiптi iс-
әрекет (әрекет пен әрекетсiздiк). Сонымен, қоғамға қауiптi iс-әрекет, қылмыстық
зардап, себептi байланыс кез келген қылмыстың объективтiк жағын құрайды.
Қоғамға қауiптi iс-әрекет бұл адамның құқыққа қайшы, саналы, белсендi түрде
қоғамдық қатынастарға зиян келтiретiн мiнез-құлқының сыртқы көрiнiсi.
Iс-әрекет – адам мiнез-құлқының сыртқа шыққан шынайы көрiнiсi болып
табылады. Бiздiң мiндетiмiз қарақшылықтың объективтiк жағын құрайтын белгiлердi
айқындай отырып, қарақшылықтың қандай әрекеттермен жасалатындығын анықтау
болып отыр.
Қарақшылықтың объективтiк жағы адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi
күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан
шабуыл жасау арқылы белгiленедi. Осыған орай, қарақшылықтың объективтiк жағы
негiзiнен екi әрекет арқылы: шабуыл жасау және күш көрсету арқылы жүзеге
асырылады.
Қарақшылықтың құрамының объективтiк жағының ерекшелiгi оның жасалу
тәсiлi болып табылады. Қылмыстық кодекстiң 192-бабында “қарақшылық, яғни
бөтеннiң мүлкiн талан-таражға салу мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның
өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей күш қолданамын деп
қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау”,- деп көрсетiлген [1].
Қылмыстық кодекстiң 192-бабының диспозициясының мазмұнын төмендегiдей
конструктивтiк элементтерге бөлiп көрсетуге болады: шабуыл жасау; бөтен мүлiктi
талан-таражға салу мақсаты; адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш
көрсетумен немесе тiкелей күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл
жасау.
Шабуыл жасау деп кiнәлi адамның жәбiрленушiге кенеттен, оның қарсылығын
тойтару мақсатында өте үрдiс түрде күш қолдануы болып табылады. Шабуылға
148
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
ашық түрде жасалған зорлық әрекеттерiнен бөтен жәбiрленушiнi ту сыртынан ұру,
тасада тұрып оған оқ ату, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына қауiп келтiретiн
жағдайда оған қатты әсер ететiн, уландыратын немесе жындандыратын нәрселер
беру арқылы оны есенгiрететiн жағдайға келтiру сияқты әрекеттер жатады.
Адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсету, жәбiрленушiнiң
денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiру (106-бап), орташа ауырлықтағы зиян
келтiру (107-бап) немесе денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуының немесе еңбек
қабiлетiн айтарылықтай емес тұрақты жоғалтуға әкелiп соққан зиян келтiру (108-
бап), сондай-ақ жәбiрленушiнiң өмiрiне тiкелей қауiп тудырған басқадай күш
қолданулар жатады.
Өмiрге, денсаулыққа қауiптi күш қолдануға адамның тыныс жолдарын бекiту,
биiктен жерге тастау, жүрiп бара жатқан немесе тұрған көлiктен итерiп жiберу
немесе жәбiрленушiнi уландыратын немесе оның нерв жүйесiне әсер ететiн нәрселер
қолдану жатады. Күш қолданудың осы түрлерiн қолданудың өзi жәбiрленушiнiң
денсаулығына ешқандай зиян келтiрiлмегенiне қарамастан қарақшылық әрекетi
ретiнде сараланады [6, 6 б.].
Қарақшылықтың құрамын күш қолданумен бiрге адамның өмiрi мен
денсаулығына қауiптi күш қолданамын деп қорқытумен де ұштасқан әрекеттер
жатады. Мұндай ретте қорқыту шын мәнiнде адамның өмiрi мен денсаулығына
қауiптi болуы және қарсыласқан жағдайда ол қорқытудың нақты iс жүзiнде
асатынына жәбiрленушiнiң ешбiр күмәнi болмауы керек.
Қарақшылықтағы күш қолдану бөтеннiң мүлкiне иелiк етудiң құралы болып
табылады. Сондықтан да күш қолдану иелiк етуден бұрын жүзеге асырылады. Егер
кiнәлi адам бөтеннiң мүлкiн жасырын түрде ұрлауды жүзеге асыру барысында
меншiк иесiнiң немесе өзге де адамдардың қарсылығына тап болып күш қолданса,
онда оның әрекетi қарақшылық ретiнде сараланады. Егер кiнәлi адам бөтеннiң
мүлкiн жасырын ұрлап, бiрақ қылмыс iстеген жерде көзге түсiп қалып, қашып
құтылу мақсатымен жәбiрленушiге күш қолданса, онда оның әрекетi қарақшылық
емес, ұрлық және жеке адамға қарсы қылмыс ретiнде сараланады.
Бөтеннiң мүлкiн қасақаналықпен немесе бұзақылық ниетпен бүлдiру, я болмаса
осы мүлiкке өзiнiң нақты немесе болжамалы құқығын өз бетiнше жүзеге асыру
мақсатымен, сондай-ақ оған уақытша пайдалану ниетiмен иелiк ету қарақшылық деп
қарастырылмайды, мұндай реттерде кiнәлiнiң әрекетi iстiң нақты жағдайларына
қарай Қылмыстық кодекстiң 192-бабы (бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе
бүлдiру), 293-бабы (бұзақылық), 389-бабы өз бетiнше билiк ету бойынша саралануы
мүмкiн [1].
Қарақшылық шабуыл жасаған уақыттан бастап, оның бөтеннiң мүлкiн иелiк
жасағанына немесе жасамағанына қарамастан аяқталған деп есептеледi. Сондықтан
қарақшылық формальдық қылмыс құрамын құрайды, олардың объективтiк жағы
заңда көрсетiлген мына элементен тұрады: құқыққа қайшы әрекеттен, ал
қылмыстық құқықтық қалып диспозициясында көрсетiлген мүлiктiк зиян ретiндегi
зардаптан, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы
себептi байланыстың рөлi шамалы.
Қылмыстың субъективтiк жағы бұл негiзiнен адамның психикалық iс-
әрекетiнiң қылмыс iстеуге тiкелей байланысты жағының көрiнiсi болып табылады.
Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтiн объективтiк жаққа қарағанда субъективтiк
жақ қылмыстың iшкi мәнiн, мазмұнын бiлдiредi. Бұл жерден шығатын қорытынды
қылмыстың объективтiк және субъективтiк жағының белгiлерi өзара тығыз
байланысты, белгiлi бiр бiрлiкте болады. Сондықтан да қылмыстың субъективтiк
жағына барынша тығыз талдау жасау қажет. Қылмыстың субъективтiк жағының
мазмұны мынадай заңдылық белгiлерi: кiнә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы
149
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
белгiлердiң жиынтығы қылмыс iстеген, яғни қоғамға қауiптi iс-әрекет жасаған
адамның жан-дүниесiнде орын алған iшкi өзгерiстердi, оның санасы мен еркiнiң
өзара байланысты бейнелеп бередi.
Аталып өткен қылмыстың субъективтiк жағының осы белгiлерiнiң заңдылық
маңызы бiркелкi емес, керiсiнше әр түрлi. Кiнә кез келген қылмыс құрамының
субъективтiк жағының мiндеттi белгiсi болып табылады. Кiнәсiз қылмыстың құрамы
болмайды. Мұның өзi кiнәсiз жағдайда қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы
мүмкiн емес дегендi бiлдiредi. Қылмыстық ниет және мақсат, кiнәға қарағанда,
кейбiр құрамдар үшiн заңда көрсетiлген реттерде қажеттi белгi болады. Ал олай
болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс құрамының факультативтi белгiсi
ғана болып саналады.
Iстелмекшi болған қылмыс жөнiндегi абыржу, өкiнiш бiлдiру немесе жазадан
қорқу психолгиялық әрекеттiң элементтерi болып табылмайды, сондықтан ол
қылмыстың субъективтiк белгiсiне жатпайды.
Қылмыстың субъективтiк жағының белгiлерi – кiнәнi, ниет пен мақсатты дұрыс
анықтаудың маңызы мынада:
Бiрiншiден, қылмыстық жауаптылық негiзiнiң құрамдас бөлiгi ретiнде ол
қылмысты қылмыс болып табылмайтын iс-әрекеттен ажыратуға мүмкiндiк бередi.
Екiншiден, қылмыстың субъективтiк жағы объективтiк жағынан өзара ұқсас
құрамдарды бiр-бiрiнен ажыратуға мүмкiндiк туғызады. Үшiншiден, қылмыстың
субъективтiк жағының мазмұны iстелген қылмыстың, сондай-ақ оны iстеген
адамның қоғамға қауiптiлiк дәрежесiнiң деңгейiн анықтауға себеп болады. Мұның
өзi жауаптылықтың негiздiлiгiн және мөлшерiн анықтауға мүмкiндiк бередi.
Сонымен қылмыстың субъективтiк жағының қылмыстық жауаптылықтың бар-
жоғын анықтау үшiн, iстелген қылмысты дұрыс саралау және әдiл жаза тағайындау
үшiн маңызы ерекше. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының пленумы көптеген қаулыларында қылмыстың субъективтiк жағының
мазмұнын, кiнәнiң нысандарын, қылмыстық қаскүнемдiк пен арам ниеттiң және
оның мақсатының мазмұны мен бағытын терең зерттеудi талап етедi. Осыған орай,
қарақшылық қылмыс болып табылғандықтан осы қылмыстың субъективтiк жағының
белгiлерiн анықтау қажеттiлiгi туындайды.
Қарақшылықты жасау кезiнде қылмыскердiң кiнәсi тiкелей қасақаналық
нысанымен бейнеледi. Қарақшылықты жасағанда қылмыскер жәбiрленушiнiң өмiрi
мен денсаулығына қауiптi күш қолдану арқылы шабуыл жасау әрекеттiнiң қоғамға
қауiптiлiк сипатын және зардабын сезедi, және осы шабуыл жасау өзiнiң пайдасына
бөтен мүлiктi иемдену құралы ретiнде қызмет етедi, және мемлекеттiк және жеке
меншiк үшiн зиянның келуiн тiлейдi.
Қарақшылық кезiнде кiнәлiнiң қасақаналығының ерiктi элементi бөтен мүлiктi
иеленумен бейнеленедi. Бөтеннiң мүлкiн иемдену үшiн шабуылды жасаған тұлға
пайдақорлық ниеттi көздейдi. Қылмыстың ниетi – мүлiктiк, материалдық пайда алу.
Пайда, материалдық пайда алу ретiнде кез келген талан-тараждың, қарақшылықтың
мiндеттi белгiсi болып табылады. Сонымен, қарақшылықтың субъективтiк жағының
мiндеттi белгiлерiне – пайдакүнемдiк ниет пен мақсат жатады.
Қылмыстың субъектiсi болып қоғамға қауiптi iс-әрекет жасаған және
заңға сәйкес сол үшiн қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабiлеттi адам
танылады. Қылмыстық кодекстiң 4,6, 7-баптарының талаптарына сай
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң күшi Қазақстан
Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы
азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдiктерге қолданылады [1].
150
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Бұдан туатын қорытынды, қоғамға қауiптi iс-әрекет үшiн қылмыстық
жауаптылыққа тек қана тiрi адам – азамат тартылады. Заттар, жануарлар
дүниесi, табиғат күштерi келтiрген зиян үшiн олар қылмыстық жауапқа
тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектiсi болып танылмайды.
Сонымен қатар, адам өзі жасаған қылмысқа тек ғана өзі жауап беруі тиіс.
Ол үшін оның туған –туыстарымен бауырлары жауап бере алмайды.
Егер адам жануарларды немесе табиғи күштердi пайдалану арқылы
қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтiрсе, онда қылмыстық
жауаптылыққа сол адамның өзi тартылады. Мысалы, қабаған итке адамды
қасақана әдейiлеп қаптырса, онда сол адам жөнiнде қасақана дене жарақатын
келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылық мәселесi қарастырылады, ал мұндай
жағдайда ит қылмыс субъектiсi емес, қылмысты iстеудiң құралы болып
табылады.
Сондай-ақ заңды тұлғалар – мекеме, ұйым, кәсiпорын және басқа да заңды
ұйымдар қылмыстың субъектiсi болып табылмайды. Қайсыбiр кәсiпорын, мекеме,
ұйымда еңбек қорғау ережелерiнiң елеулi бұзылуы үшiн қылмыстық жауаптылыққа
мекеме, ұйым, кәсiпорын емес, сол еңбек қорғау ережелерiн кiнәлi түрде бұзған
лауазымды адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса
жауаптылыққа тартылады.
Жаңа Қылмыстық кодекстiң 14-бабында (1-бөлiгi) “есi дұрыс, осы Кодексте
белгiленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс” деп
тура айтылған. Осыған орай, яғни қылмыс субъектiсi болып тек қана жеке тұлға –
адам саналады. Бұл субъектiнiң бiрiншi белгiсi болып табылады.
Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа өзiнiң iстеген iс-әрекетiне есеп бере
алатын және өзiн-өзi басқаруға қабiлетi бар адамды, яғни есi дұрыс адамды ғана
тарта алады. Адам қоғамға қауiптi iс-әрекет iстеген кезде өзiнiң iс-әрекетiне есеп
бере алмаса, яғни қылмысты есi дұрыс емес күйде iстесе, онда ол адамның iс-
әрекетiнде кiнәнiң екi нысаны: қасақаналық пен абайсыздық жоқ деп есептеледi.
Қоғамға қауiптi iс-әрекетiн ұғынып, оның мағынасына жетiп, ақылмен, естiлiкпен
iстеген есi дұрыс адам ғана қылмыс үшiн кiнәлi деп танылады.
Өзiнiң iс-әрекетiн сезу, және оны басқара алу денi сау адамға туған кезден
бастап қалыптасады, пайда болады. Адам белгiлi бiр жасқа толған кезде қалыптасқан
өмiрлiк тәжiрбиесi арқылы өзiн қоршаған ортадағы құбылысқа дұрыс баға беру, сол
ортаға өзiнiң iс-әрекетiнiң пайда не зиян келтiретiнiн ұғыну, нақты жағдайларға
байланысты iс-қимыл жасап құқық, мораль нормалары арқылы тыйым
салынғандарды iстеу-iстемеу немесе ондай қимылдан бас тарту мәселелерiн шешуге
толық қабiлеттi болады. Психолог, психиатр, педиатр, педагог және заңгер
мамандардың тұжырымына сәйкес мұнда жас мөлшерi 16 жасқа толған уақыт деп
белгiленген. Осы жасқа толған жасөспiрiмдер өздерiнiң қылмыстық заңға қайшы кез
келген iс-әрекетi үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Бандитизм мен қарақшылықтың ұқсастығы осы екi қылмыста шабуыл жасау
арқылы жасалынады және жәбiрленушiге шабуыл жасау кезiнде өмiрiне,
денсаулығына қауiп төнуi мүмкiн. Осы аталған екi қылмыс ұқсас болғанмен бiр-
бiрiнен ажырататын критерийлерi бар.
Бандитизмнiң мақсаты, яғни конструктивтiк белгiсi – адамдарға немесе
ұйымдарға шабуыл жасау болса (бұл бандитизм құрамының мiндеттi элементi), ал,
топтық қарақшылық шабуылдың мақсаты ҚР ҚК-нiң 192-бабының диспозициясында
тiкелей айтылған: “бөтен мүлiктi тонау мақсатында шабуыл жасау”.
Бесiншiден, бандитизмнiң субъектiсi – 16 жас, ал топтық қарақшылықтың
субъектiсiнiң төменгi жас шегi – 14 жас.
151
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Алтыншыдан, қылмыстың аяқталу кезеңi бойынша ажыратылады: бандитизм
келте қылмыс құрамына жатады, бандитизм - банданы құрған уақыттан бастап,
бандалық шабуыл жасауға қатысқаннан бастап аяқталған болып есептеледi,
қарақшылықта құрамы жағынан формальды құрамға жатады, сондықтанда
қарақшылықта шабуыл жасаған уақыттан бастап аяқталған деп есептеледi [7, 55 б].
Қарақшылық жеке орындаушылар немесе адамдар тобы арқылы жасалуы
мүмкiн, банда құрамының мiндеттi белгiсi ұйымдасқан топ болады. Қарақшылық
құрамындағы адамдар тобы қылмыстың ауырлататын түрi болып саналады, ал
бандитизмде ұйымдасқан және тұрақты топ қылмыс құрамының негiзгi белгiсi
болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 03 шілде 2014ж Алматы,
Юрист, 2014. – 142 б.
2
Курляндский В.И., Карпушин М.П. Ответственность за государственные
преступления. Часть вторая. –М., 1965. – 320 c.
3
Хан-Магомедов Д.О. Государственные преступления. –М., 1961.- 320 c.
4
Бюллетень Верховного суда Республики Казахстан - Қазақстан Республикасы
жоғары сотының бюллетені: официальное изд. / Верховный суд РК.- Астана, 2015.-
Ежемес.
5
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісне. Түсінік. – Алматы ЖШС
“Издательство “Норма-К”, 2004. – 648 б.
6
ҚР-нiң Жоғарғы Соты Пленумының 1997 жылғы 17 қаңтардағы “Бандитизм
үшiн жауаптылық туралы заңды соттардың қолдану тәжiрбиесi туралы” №1 қаулысы
7
Уголовное право: Общая часть: Учеб. / КазНУ им. аль-Фараби; Под ред. А.
Н. Агыбаева, И. И. Рогова, Г. И. Баймурзина.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2005.- 240
Достарыңызбен бөлісу: |