BIBLIOGRAPHY
1.
Adams, Richard, and Greenspan, Alan, the Guardian, Washington, Monday 17
September 2007, http://www.theguardian.com/world/2007/sep/17/iraq.oil
2.
Admin, 2009, Minyak Sebagai Sumber Konflik http: minyak-sebagai-
sumberkonflik.html?m=1Mulai.Terteror.ISIS
3.
Admin, 2010, Imperialisme, http://tentang-imperialisme.html?=1
4.
Andaru, Randi, Jurnal Kerjasama Pemerintah Rusia-Cina Dalam Menguasai Energi
AsiaTengah,
http:/www.academia.edu/2538874/Jurnal_Kerjasama_Pemerintah_Rusia_Cina_Dalam
_Menguasai_Energi_Asia_Tengah
5.
Aldino, Arjuna Putra, 2013, Artikel Kajian Filsafat, Merenungkan Kembali Makna
Kemerdakaan,http://www.academia.edu/4383946/Jurnal_Merah_Putih_Merenungkan_
kembali_makna
6.
Baylis, John & Smith, Steve, Scott, Lenn, 2001, International History 1945-1990, The
Globalization of World Politics, 2nd edition, Oxford University Press
7.
Badri, Yatim, 2005, Tujuan Cita-cita Peperangan: Rajawali Press
8.
Bingham, Jean, Chandler Fiona, Taplin, Sam, 2012, Encyclopedia of World History,
Osborn
9.
Clausewitz, Carl von, 1984, on War, (volume 1 – 16, Hal. 14), Terj dari Vom Kriege,
Princeton University Press, Howard, Michael dan Paret, Peter, New York: Oxford
University Press
10.
Clausewitz, Carl Von, On War, 1984, Edited and Translated By Howard, Michael and
Paret, Peter, Princeton University Press Princeton, New Jersey
11.
Clausewitz, Carl von, Hahlweg, Werner, Vom Kriege: Hinterlassenes Werk des
Generals Carl von Clausewitz, 1991, Vollständige Ausgabe im Urtext Gebundene
Ausgabe – 1991
12.
Dekker, I Nyoman, 1975, Sejarah Indonesia dalam Abad XIX, JPTP IKIP Malang,
Lembaga Penerbitan Almamater
13.
Devitasari, Ika 2014, Amerika Sebagai Negara Adi Kuasa, Jember
14.
Ellington, 2004, Japanese Economy, Japan: Lucien
https://id.wikipedia.org/wiki/Operasi_Seroja
15.
Ensiklopedi Indonesia, 1997: “Perang Dunia I dan PerangDunia II”. Jakarta, PT. Delta
Pamungkas
16.
Furtado, Celso, 1994, Fondasi Historis Ekonomi Dunia, Gramedia Pustaka, Jakarta
17.
Gabriel, Richard A, No More Heroes: Madness and Psychiatry in War, New York:
18.
Galih, Bayu, 2015, Presiden Ukraina: 1.549 Tentara Tewas Selama Perang dengan
Milisi Pro Rusia, Kompas Internasional, (10 Maret 2015 | 04:43 WIB), Jakarta. Diakses
dari:
http://internasional.kompas.com/read/2015/03/10/04431681/Presiden.Ukraina.1.549.Te
ntara.Tewas.Selama.Perang.dengan.Milisi.Pro.Rusia
19.
Godechot, Jacques, 1989, Revolusi di Dunia Barat. Yogyakarta: Bharatara
220
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
20.
Goldstein, Joshua S. 2005, International Relation, Pearson Longman knutsen Handoko,
Irvan, 2014, Korban Tewas di Gaza Lampaui 2000 Orang, Kompas Internasional, (18
Agustus 2014 | 18:42 WIB), Jakarta. Diakses dari:
http://internasional.kompas.com/read/2014/08/18/18421761/Korban.Tewas.di.Gaza.La
mpaui.2.000.Orang
21.
Grossman, David A, 2015, Defeating the Enemy’s Will: the Psychological Foundations
of Maneuver Warfare
22.
Hanish, Shak Bernard, The 1990 Gulf Crisis: Political Realism Applied, Journal of
International Relations and Foreign Policy 1(1); June 2013, Department of Social
Sciences College of Letters and Sciences National University, La Jolla, CA, U.S.A
23.
Harrison, Mark, 2002, How May Economic Factors Influence War? Professor of
Economics University of Warwick, Coventry, UK
24.
Kalshoven, Frits and Zegveld, Liesbeth, Constraints on the Waging of War an
Introduction to International Humanitarian Law, March 2001 3rd edition, International
Committee of the Red Cross, Geneva, Swiss
25.
Kabul, Afganistan (VOA-ISLAM). (http://www.voa-islam.com/read/world-
news/2012/09/19/20702/as-derita-kerugian-19-trilyun-akibat-serangan-taliban-di-
kamp-bastion/#sthash.pD9BxpOw.dpbs, diakses pada minggu, 22 maret 2015, Jam
15.04
26.
Kamah, Iwan Satyanegara, Timor Timur Punya Indonesia,
https://suciptoardi.wordpress.com/2010/03/04/timor-timur-punya-indonesia/
27.
Kartodiardjo, Sartono, Notosusanto, Nugroho, Poesponegoro, Marwati, 1997, Sejarah
Nasional Indoneisa V, Jakarta: Departemen Pendidikan dan Kebudayaan
28.
Keegan, John, 1993, A History of Warfare, New York: Knopf
29.
Lenihan, D. A, The Just War Theory in the Work of Saint Augustine, dalam
Augustinian Studies, Volume 19 Tahun 1988
30.
Kuntowijoyo, 1965, Pengantar Ilmu Sejarah, Yogyakarta: Bentang Budaya
31.
Latour, Bruno, 2002, War of the Worlds: What about Peace? Prickly Paradigm Press,
Chicago
32.
Ludwig von Mises, Economic Causes of War, MAY 14, 2008, Mises Institute,
Austrian Economics Fredom and Peace, the Foundation for Economic Education in
2004, Austria
33.
Machiavelli, Niccolò, The Prince 1469-1527, Published 1921, Topics Political science,
Political ethics, Publisher London: Oxford Univ. Press
34.
Machiavelli, Niccolo. 2008. The Prince Sang Penguasa diterjemahkan Natalia Trijaji.
Surabaya: Selasar Surabaya Publishing
35.
Maslani dan Suntiah, Ratu, 2010, Sejarah Peperangan didunia, Bandung:
CV. Insan Mandiri
36.
Middle East, edisi 3 Februari 2003
37.
Mapalulo, Fitrica, Imbang, Max, Tamon, Max L. 2013, Perang Dingin dan
Pengaruhnya di Indonesia
38.
Mc Cormick, R.A, Morality of War, (volume 1 – 14. Hal. 545-805), the New Catholic
Encyclopedia
39.
Mc Hugh, John A. O.P dan Callan, Charles J. O.P., Moral Teology: A Complete
Course, vol.1, 545, dikutip dari Carl von Clausewitz, On War, New York: Oxford
University Press, 1984
40.
Messakh, Matheos Viktor, Elite Fretilin 1970-an: Antara Pendidikan Jesuit, Turunan Deportados,
African Connection, dan Semangat ‘the Sixties’, Satu Timor Lokal Orisinil dan Mendalam, Satu
Timor.com, May 17, 2014 http://www.fkpmaritim.org/falsafah-dan-teori-perang-warisan-
carl-von-clausewitz-yang-masih-relevan-sampai-saat-ini/
221
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
41.
Mofid, Kamran. 1990, Economic Reconstruction of Iraq: Financing the Peace, Third
World Quarterly, Volume 12, Issue 1
42.
Meier, Rouch. 2000. Pembangunan Ekonomi Dunia. Jakarta: Bumi Aksara
43.
Neste, Berit Van, Cicero and St. Augustine's Just War Theory: Classical Influences on
a Christian Idea, 2006, Graduate Theses and Dissertations, University of South Florida,
USA
44.
Nirmalasari, Putri, 2008, Perkembangan Ideologi dan Politik Pasca Perang Dunia:
Rajawali Press
45.
Ojong, P. K, Perang Eropa Jilid 1, Kompas, Jakarta 2006
46.
Poppy, Ria, 2012. Jurnal Latar Belakang Perang Dunia II Sampai Perang Surabaya
47.
Rosalina, Dessy 2014, Ketika Dunia Bisnis Mulai Terteror ISIS. Republika. Co.id ,
Jakarta.
48.
Rocher, Jean, dan Iwan Santosa, 2013, Sejarah Kecil Petite Histoire Indonesia-Prancis
1800-2000, Jakarta: Penerbit Buku Kompas
49.
Sab, Randa, Economic Impact of Selected Conflicts in the Middle East: What Can We
Learn from the Past?, June 2014, IMF Working Paper, Middle East and Central Asia
Department, Authorized for distribution by May Khamis
50.
Schneid, Frederik C, the French Revolutionary and Napoleonic Wars, 2011, European
History Online, Germany
51.
Syahid, 2014, diakses dari website (http://www.dream.co.id/dinar/6-negara-muslim-
yang-rontok-karena-ulah-isis-141223a.html, pada senin, 23 maret 2015, Jam 14.09
52.
The Socialist Party of Great Britain, Economic Causes of War, London, UK, 2015
http://www.worldsocialism.org/spgb/education/depth-articles/history/economic-causes-
war
53.
Wells, H. G, the War of the Worlds, 2005, Pearson Education Limited, Essex, England
ӘОЖ - 323.1.01
ЭТНОСАРАЛЫҚ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ
Н. К. Байгабатова
т.ғ.к., доцент, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі
Қ. А. Искаков
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
«Ғылым философиясы және өлкетану» зерттеу орталығының ғылыми
қызметкері
Мақалада этникалық толеранттылықтың теориялық мәселесі көтерілген.
Авторлар полиэтникалық қоғамдағы этносаралық қатынастардың үйлестіруші
факторы ретіндегі толеранттылықтың аксиологиялық негіздеріне талдау
жасады. Сонымен қатар, этникалық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің
қазақстандық моделі қарастырылған.
В
статье
освещаются
теоретические
проблемы
этнической
толерантности.
Авторами
проанализированы
аксиологические
основы
толерантности как фактора гармонизации межэтнических отношений в
поликультурном обществе, а также рассмотрена казахстанская модель
этнической толерантности и общественного согласия.
222
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
In the article deals the theoretic problems of ethnic tolerance. The authors analyzed
the axiological foundations of tolerance as a factor of harmonization of interethnic
relations in a multicultural society, and considered Kazakhstan's model of ethnic tolerance
and social harmony.
Кілт
сөздер:
Этносаралық
толеранттылық,
полиэтникалық
қоғам,
полиэтникалық мемлекет, этникалық сәйкестік, этносаясат, қоғамдық келісім
Қазіргі көпэтносты Қазақстан – бұл өткен тарихтың мұрасы. Ежелгі заманнан
ақ Ұлы дала арқылы керуен жолдары өткен, мұнда әртүрлі халықтардың тағдырлары
тоғысып, мәдениеттері мен діндері араласып жатты. Қазақстанның Ресей
империясының құрамына кіруі мен қарқынды түрде отарлануы, әлеуметтік-
экономикалық, саяси және мәдени өзгерістерге әкеп соқты. Бұл өзгерістер аймақтағы
этномәдени жағдайды түбегейлі өзгертті және жергілікті халықтың полиэтникалық
құрамының қалыптасуына әсерін тигізді. Кейінірек кеңестік кезеңдегі жер аудару,
депортация, көші-қон, индустрияландыру мен тың және тыңайған жерлерді игеру
республиканы полиэтникалық мемлекеттердің біріне айналдырды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанды мекен ететін әртүрлі этникалық топ
өкілдері алдында этномәдени және ұлттық сәйкестендіру мәселесі пайда болды.
Қазіргі таңда қазақстандық сәйкестіктің қалыптасу процесі ең алдымен республика
дамуындағы этнодифференциалдық үрдістен көрі консолидациялық үрдістің мәнін
түсінуді қажет етеді. Сондықтан толеранттылық мәселесін этникалық тұрғыдан
мемлекеттік, топаралық және жеке адамдар деңгейінде қарастыру Қазақстан
жағдайында өзекті болып табылады.
Халқының 5%-ы өзге этносты құрайтын мемлекеттер полиэтникалық болып
саналады. Қазақстан Республикасында басқа этностар халықтың 30%-н құрайды.
Полиэтникалық мемлекеттердің даму тәжірибесінен біртұтас халықтың қалыптасуы
қоғамның ары қарай дамуына әсер ететін ерекше фактор екендігін көреміз. Әртүрлі
тарихи оқиғалар нәтижесінде Қазақстан – тек қазақтардың отаны ғана емес, өзіндік
мәдениеті бар 100-ден аса этностардың ата-мекеніне айналуы еліміздегі жағдайдың
бірегейлігін дәлелдейді. Осы тұрғыдан тарихи өткенді білу – егемен, тәуелсіз
мемлекетіміздің ары қарай дамуының негізі және бүгін біз куә болып отырған
Қазақстан халқының біртұтастығына біздің ортақ тарихымыз сүйеу болып тұр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік,
ұлттық бірлік және қоғамдық келісім идеясы тәуелсіз Қазақстанның табысты
дамуының іргетасы болып табылады. 2010 жылы сәуірде Елбасы Қазақстан
Республикасының Конституциясы Ережелеріне, «Қазақстан халқының Ассамблеясы
туралы» Заңы және т.б. нормативтік-құқықтық актілерге, сонымен қатар
халықаралық құқық нормаларына негізделген Қазақстанның Ұлттық бірлігі
доктринасын бекітті. Доктринада жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген
ұлттық бірліктің негізгі принциптері пысықталды. Бірінші принцип – «Бір ел – бір
тағдыр» - тағдырдың ортақ екендігін сезіну – өткен мен болашаққа үнделді. Бірінші
кезекте, «ортақ тағдыр» - бұл біз бірге бастан кешкеніміз, біз бірге құрғанымыз,
және де бұл біздің алда күтіп тұрған болашағымыз.
Қазақстанда мемлекет этносаралық қарым-қатынасты және өзінің ұлттық
саясатындағы процестерді құқықтық база, оның ішінде ҚР Конституциясы және
орталық, аймақтық және жергілікті билік деңгейінде қызмет ететін тиісті органдар
мен институттар негізінде реттейді. Қазіргі этносаралық процестерді қарастырудағы
методологиялық әдістер Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан
2030», «Ғасырлар тоғысында»,"Тәуелсіздігіміздің бес жылы", "Тарих толқынында"
және т.б. кітаптарында көрсетілген. Өз еңбектерінде Президент еліміздегі бүгінгі
күнгі үндестік пен татулықтың маңызын баса көрсетуде.
223
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Қазақстан сияқты полиэтникалық мемлекет үшін, ұлттық бірлік пен қоғамдық
келісімді күшейту – жүзеге асырылып жатқан реформалардың жетістігі мен дамуы
негізге алатын шарттарының бірі. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей,
«біздің басты бағытымыз келісімге келу жолдарын іздеу және біріктіретін
бастамалар арқылы барлық ұлттық топтардың дамуына негізделеді» [1, 17 б.]. Бұл
аксиома Қазақстанның ұлттық біртұтастығы Доктринасының құрамдас бөлігінің бірі
болды. Аталған құжатта «Мемлекеттің қалыптасуы кезеңінде басты міндет
этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісім арқылы қоғамды біріктіру болса,
елдің дамуының жаңа кезеңінде стратегиялық басымдылық барлық халыққа ортақ
құндылықтар мен принциптер жүйесін мойындауға негізделген ұлттық бірлікке
жету. Бұл қажеттілік өмірдің өзінен туады, ортақ тағдыр мен тарихтың логикасынан
ағып шығады» делінген [2, 3 б.].
Осыған орай, толеранттылық аксиологиясы мәселелері шығады. Бұл,
аксиология қарым-қатынас құндылықтарының жекелеген жүйесіне сәйкес тұлғаның
өмірлік ұмтылыстары мен жүріс-тұрысы дифференциациясына негізделген, адам
өмірінің құндылықты-мағыналық концепциясы ретінде тұжырымдалатындығымен
түсіндіріледі. Ал этникалық толеранттылық политэникалық өзара әрекеттестік
мәдениетінің жоғары деңгейін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар, мемлекеттің
саяси, экономикалық және т.б. салаларында қатынастың жаңа жүйесі қызметі және
қалыптасуының нәтижесі бола алады. Жалпы адамзаттық құндылықтар
басымдылығынан шыға отырып, этникалық толеранттылық өмірдің мәні рөлін
атқара отырып, қазіргі қоғамның құндылығы болып табылады. Құндылықтар
мәселелеріне тоқтала отырып, оған ғылыми түсініктеме табу қажет.
Әрбір қоғамға, әлеуметтік топ пен сол қоғамда әлеуметті мойындалған
құндылықтар критерийлері көрсетілетін әлеуметтік реттелудің жоғары көрсеткіші
ретінде жүретін белгілі бір құндылықтар жиынтығы тән екендігін атап өткен жөн.
Тұлға құрылысы деңгейінде сондай критерийлерді меңгеру, тұлға қалыптасуына
және қоғамда нормативтік тәртіпті ұстап тұруға қажетті негізді құрайды. Әлем
туралы ойлай отырып, адам өзінің өмірінде не маңызды екендігін шешеді [3].
Этникалық толеранттылық – этникалық қоғамның не оның жеке өкілінің,
басқа этностардың өмір салтының мінез-құлықтық және коммуникативтік
модельдерін, мәдениетін, дәстүрін, құндылықтарын қабылдауға дайындығын
сипаттайтын қасиет.
Этникалық
толеранттылық
әлемдегі
этномәдени
көптүрлілікті
құндылықтарды мойындай отырып, әрбір ұлттың, оның өкілдерінің рухани-
адамгершілік әлеуетін ашу негізінде пайда болады.
Этникалық толеранттылық негізінде позитивті этникалық сәйкестік жатыр.
Ол өз кезегінде топтың этникалық сана сезімін күшейтуге және оның этномәдени
организм ретінде оның біртұтастығын сақтауға әсер ететін, өзін сол этносқа қатысты
жеке адамға жатқызу арқылы түсіндіріледі [4]. Этникалық сәйкестік, этникалық
топтар, олардың дәстүрлері, мәдениетінің ерекшеліктері жайлы білімді талап
ететіндігі оны этномәдени компетенттілік деңгейіне шығарады. Бұл, этникалық
топтардың көптүрлілігін түсіну мен қабылдауға, этномәдени өзара әрекеттестіктің
жақсы жақтарын көруге мүмкіндік береді.
Этникалық толеранттылықтың мазмұнды жақтарының дамуы білімнің
бөлшекті түсініктен оның маңызын аша отырып, жалпы, тұрақты түсініктерге
жылжуын білдіреді. Терең білім, заттың танымдық қызметінің барлық қырынан
яғни, оның объективті ішкі байланыстары және оның маңыздылығы тұрғысынан
бағалаудың бейнеленуін қажет етеді. Білім сипаттамалық түрде ғана болса, толық
болып есептелмейді, танылатын мен танып білуші арасындағы байланысты ашуы
тиіс.
224
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Бұл фактілерден этникалық толеранттылық тұлғаның құндылықтарымен
тікелей байланысты деп есептейміз. Белгілі бір дәрежеде құндылықты бағыт,
сәйкесінше, этникалық толеранттылық құрылымында келесі компонент –
аксиологиялық болып табылады.
Адам түйсігінде тұлғалық, оған маңызды болатын объективтік нормаларда,
шындықты адекватты бағалауда, өзге этнос өкілдерімен байланысқа түсе
алатындығы мен дайындығында, достықта және достық қарым-қатынасты ұстай
білуде, көмекке келу дайындығында, бірін-біріне қол ұшын бере алуында көрінеді.
Сонымен қатар, позицияларды өзара келісу, келісімге келу, полиэтникалық өзара
қарым-қатынас процесінде тіршілік ету құқығымен басқа адамдардың ой-пікірлері
мен бағалаларын қабылдай білуі болып табылады.
Бұл компонент әртүрлі этнос өкілдерінің өзін-өзі бағалау, түсіну арқылы,
олардың қайталанбайтындығының өзі құндылық екендігін түйсіну арқылы қоғам
өміріндегі олардың алатын рөлін, полиэтникалық өзара позитивті қарым-қатынасты
қамтамасыз ететін мінез-құлық моделін таңдау, жүзеге асыру арқылы құндылықтар
әлемінде тұлғалық тәжірибенің қалыптасуын да қамтамасыз етеді.
Этникалық топтардың өзара әрекеттестігінде толеранттылық тұлғаның жалпы
деңгейіне, оның әртүрлі этникалық топтарға құндылықты қатынасына, адамзаттық
нормалар мен адамгершілікті қабылдай алуына байланысты болады.
Осылайша, этникалық толеранттылықтың аксиологиялық аспекті бірнеше
бағыт бойынша қарастырылады:
1.
Этникалық толеранттылық әр тұлғаның шығу тегіне қатысы жоқ
қолсұғылмаушылығын, адамдық абыройдың құндылығын бекітетін қазіргі қоғамның
әлеуметтік құндылықтарының бірі ретінде жүреді.
2.
Этникалық толеранттылық қоршаған шынайылық тұлғаның қарым-
қатынасын реттейтін заманауи тұлғаның құндылықты қатынасы жүйесінің бір
бөлшегі. Және әртүрлі этникалық топтарға өмірдің маңызы бар әлеуметтік шындығы
ретінде құндылықты қарым-қатынасты қалыптастыру ретінде қабылдайды.
3.
Этникалық толеранттылық әртүрлі бір-бірінен тілі, түсінігі, дәстүрі мен
әрбірімізді жеке тұлға ретінде қалыптастыратын ұқсас этномәдени, рухани
құндылықты білу полиэтникалық өзара әрекеттестікте барлық әлеуетін жүзеге
асыруға, әртүрлі этникалық топтармен түсіну мен қарым-қатынас орнатуға
мүмкіндік беретін білімді қабылдайды.
4.
Этникалық
толеранттылық
этномәдени
әлемнің
санқырлылығы,
жалпыадамзаттық және адамгершілік құндылықтар, жүріс-тұрыс формалары жайлы
түсінік талданатын негізгі тұлғалық қасиет болып табылады. Этникалық
толеранттылық діңгегі позитивті полиэтникалық өзара әрекеттестікке, өзге адамды
қайталанбайтын құндылық ретінде қабылдайтын құндылықты бағыт болып
табылады.
5.
Этникалық
толеранттылық
өзінің
құрылымында
аксиологиялық
компоненттер де бар, күрделі, көпқырлы феномен ретінде болады. Бұл компонент
құндылықтар әлемінде, позитивті полиэтникалық өзара әрекеттестікті қамтамасыз
ететін әртүрлі этнос өкілдерінің өзін-өзі бағалауын түсінуінде, олардың қоғам
өмірінде алатын орнын түйсінуде, жүріс-тұрыс моделін таңдауда, тұлғалық
тәжірибе қалыптасуында көрініс табады [5].
Этникалық толеранттылықтың аксиологиялық негіздері көпшіліктікті
мойындауға, тұлғаның құндылықты бағыттары, шындықты бағалау көмегімен
қабылдау, бұл құбылыстар мен қарым-қатынастардың тұлғалық мағынасын бағалау
арқылы әртүрлі этникалық топтардың теңқұқылығы. Бұл процестердің нәтижесі өзге
этнос өкілін түсіну ғана емес, оның өзіне деген қатынасы әңгімеде тең партнер
ретінде қараудан тұратын шынайы өзара түсіністікке жету болып табылады.
225
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Жаһандану процесі өмірдің барлық қырларында тығыз мемлекетаралық
байланыстар орнату, шекараның ашықтығы мемлекеттердің ғана емес, жеке
тұлғаның да өмір салтын өзгертеді. Өмірдің міндетті шарты өзгелердің құқығын
шектеп қалмай, этникалық топтардың өздерінің қайталанбас даралығын сақтап қалу
құқығын мойындау, адамдардың өзара қарым-қатынасын реттейтін нормаларды
сақтау болып отыр. Жаңа қоғамның дамуы заманауи адамның толеранттылық
түйсігін қалыптастыруды талап етеді. Осы ретте қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер
бұрыннан келе жатқан құндылықтарды қайта бағалау мен қайта қарау қажеттілігін
талап ететіндігін, жаңа құндылықты бағыттардың пайда болуы, рухани идеялар мен
құндылықтармен біріктірілетін адамгершілікке негізделген қоғамның қалыптасуына
бағытталған идеялар жариялануда екендігін атап өткен жөн.
Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімің қазақстандық үлгісі –
Қазақстанның көпэтносты қоғамындағы этностар арасындағы қатынастардың
дамуының теориялық тұрғыдан негізделген, тәжірибемен қорытындыланған
Қазақстан Республикасы саясатында жүзеге асқан үлгісі (моделі).
Әлемдік тәжірибеде этносаясаттың бірнеше үлгісі бар. Ассимиляция –
этностық топ мүшелері басқа этностық я ұлттық қоғамдастықтың мәдени және
құрылымдық сипаттарын қабылдап алады. Соның салдарынан өздерінің ұлттық я
этностық сәйкестігін ауыстырады. Әдет-әдеп, құндылық пен арман-тілектері басқа
этносқа ұқсап шыға келеді, рәміздер мен әлеуметтік кедергілердің теңгерімі ортаға
бағытталады. «Балқыту қазаны» «түрлі халықтар мен олардың ұлттық мәдениеттері
тоғысады, осындай тоғысудың нәтижесінде тұтас америкалық ұлт қалыптасты. Бұл
атау алуан түрлі парадигмалар сақталатын «ыдыс» мағынасында қолданылады.
«Мәдени бостандық» тұжырымдамасы (жеңілдіктер мен санкциялардың арқасында
иммигранттардың қабылдаған қоғамдастықпен бірігіп кетуі). Этностық иерархия,
«басым этнотоп» - саяси я мәдени/онтологиялық жақтан басым этностық топ.
Сондай-ақ, саяси я мәдени жақтардан ғана емес, экономикалық жақтан да басымдық
болатын жайттар болады. Кең таралған әрі даулы үлгілердің бірі көпмәдениеттілік
(мультикультурализм) түжырымдамасы («тарихи эпизод», «қысқа мерзімді «кері
толқынның» көрінісі» сияқты түрлерге жіктеледі).
Қазақстан
Президенті
алғашқылардың
бірі
болып
этносаралық
толеранттылық пен қоғамдық келісімнің үлгісін жасаудың қажеттігіне
алғашқылардың бірі болып назар аударды: қазіргі проблемаларды әділдікпен көрсете
отырып, түрлі этностар мен конфессиялардың өзара ықпалдасуы жолындағы
қазақстандық тәжірибені ашық әйгіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясының (мұнан
ары - ҚХА) 2003 жылдың желтоқсан айындағы X сессиясында Президент
аталмыш модельдің құрамы мен мәнінің, оны түсінудің ыңғайларын белгілеп берді.
ҚХА Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 1 наурызындағы
Жарлығымен құрылды, оны Мемлекет басшысы басқарады. ҚХА этносаралық
қатынастар мен қоғамдық келісімді жарастыратын институт, мемлекеттің ұлттық
саясатын жүзеге асырудың шешуші құралы болып табылады.
Бұл үлгіге Қазақстанды мекен ететін барлық этнос өкілдерінің өзара
түсіністігі мен толеранттылығын, патриотизм мен ел тағдыры үшін азаматтық
жауапкершілігін қалыптастыратын бес негізгі ұстаным тірек, негіз болып отыр.
Әлемдік тәжірибеде жұрттың 95%-нан кем емес бөлігі бір этностық дәстүрдің
өкілінен құралатын мемлекет моноэтносты деп танылады. Ондай мемлекеттер
бірнешеу ғана: Исландия, Норвегия, Португалия, Албания, Армения, Мальта,
Ямайка, Иемен, Венгрия т.б.
Қазақстан үлгісін кейде Азия үлгісімен немесе Канада тәжірибесімен
салыстырып жатады. Азиядағы басқа модельдер сияқты, Қытайға күшті мемлекетке
сүйену, көрінеу идеология, ұстамды консерватизм мен азаматтық ұлтшылдықты
226
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
сабақтастыру, титулсыз этностарға жалпыұлттық құндылықтарды телу тән. Ал
Канадада Қазақстанмен ұқсас бірқатар географиялық және саяси сипаттар бар.
Алайда Канада алуан түрлілікті біртұтастыққа салуға ұмтылса, Қазақстан көп түрлі
бола отырып бірігу саясатын ұстанып отыр.
Сонымен қатар қазақстандық үлгінің қағидаттық маңызы бар бірқатар
ерекшеліктері бар.
Біріншісі. Ел басшыларының саяси ерік-жігерінің нәтижесінде қандай этнос
пен қандай дінге қатыстылығына қарамастан азаматтардың тең құқылығын жүзеге
асырудың ықпалды тетіктері жасалып, жетілдірілуде. ҚХА Төрағасы - ел
Президенті, ал Президент - Конституция кепілі, осының өзі-ақ ҚХА мәртебесінің
жоғарылығын білдіреді.
Екіншісі. Қазақстандық үлгі азаматтардың бастамасымен, азаматтық қоғам
мен мемлекет институттарының сындарлы үнқатысудың, елдің тұтастай қоғамдық-
саяси жүйесі қатыстырылған үнқатысудың нәтижесінде, «төменнен» қалыптасып
шықты. Қоғам мен мемлекетті қатыстырған, бұл күнде осы екі институтты
бірлестіруші алаңға айналған ҚХА болды.
Үшіншісі. Қазақстанның бірегей ерекшелігі сол, этностық топтар азаматтық-
құқықтық және қоғамдық тұрғыдан бірдей, айрықша жоғары мәртебеге ие. Этнос
өкілдері ұлттық азшылық өкілдері ретінде емес, Қазақстанның тұтас халқының
азаматтары ретінде құқықтардың бәріне де толықтай ие бола алады. Ел
Конституциясының он бір нормасы этносаралық қатынастар саласындағы
стандарттарды белгілеген, ал «ұлттық азшылық» дейтін ұғым іс жүзінде
қолданылмайды.
Санының
аз-көптігіне
қарамастан
Қазақстан
халқының
құрамындағы этностар тең құқықпен және мемлекеттің қорғауымен қамтамасыз
етілген.
Төртіншісі. Қоғамдық келісім ең бір маңызды саяси-идеологиялық құндылық
болып саналады. Негізгі Заңның бұл қағидаты Қазақстан Республикасы
Конституциясының сарқылмас мүмкіндігін ашады. Онда қоғамдық келісім мен саяси
тұрақтылықты,
азаматтардың
қоғамдық-саяси
өмірге
толық
араласу
мүмкіндіктерінің бірегейлігін қамтамасыз етуде және шешімдер қабылдауда
мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының атқаратын рөлі белгіленген.
Бесінші. ҚР Парламент Мәжілісінің ҚХА сайлаған 9 депутаты Парламентте
барлық этностың кепілді өкілдігін қамтамасыз етеді. ҚР Парламент Мәжілісіндегі
107 депутаттың, ҚХА сайлаған 9 депутатты қосқанда, 31 депутаты түрлі этностық
топтардың өкілдері. Жалпы алғанда, ҚР Парламентіндегі түрлі этностарға жататын
депутаттар саны - 41, этностық топтардың саны - 14. Мәжілістегі ҚХА депутаттық
тобының форматы қоғамдық-саяси тұрғыдан жаңаша толықтырылды. Қазір ол топқа
Парламенттегі үш партияның және Азаматтық альянстың өкілдері кіреді, мұның өзі
заң шығаратын қосымша мүмкіндік туғызып отыр. Мемлекет басшысының ҚХА
XIX сессиясында берген тапсырмасы бойынша ҚХА-мен партиялар арасындағы
әрекеттестіктер өңірлік деңгейде де қолданылады.
Алтыншы. Мәдениеттің көпалуандығын сақтау мен ұлғайтуға мемлекеттің
этностық тілдер мен мәдениеттерді қолдайтын өзгермес саясаты сеп болып отыр. Кез
келген этнос құрмет пен сенімге ие, кез келген этностың заңнамада бекітілген ретпен
өзінің жасампаз әлеуетін арттыруға мүмкіндігі бар.
Жетінші. Қазақстандағы этносаралық қатынастар саясатсыздандырылған
және бұл заңмен бекітілген: ҚР Конституциясының 39-бабының 2-тармағы
бойынша, «Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес
деп танылады».
Сегізінші. Этносаралық қатынастар үлгісінде ҚХА шешуші орын алады.
Ассамблеяға Қазақстанды мекендейтін барлық этностық топтардың 600-дей өкілі
227
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
енеді. Оның жоғарғы органы - сессия, ҚХА Төрағасы ел Президентінің төрағалық
етуімен өтеді. Сессия шешімдерін мемлекеттік органдар қарастыруға міндетті.
Тоғызыншы. Этносаралық толеранттылық пен конфессияаралық келісімді
қамтамасыз ету жолындағы Қазақстанның қарекеті еліміздің гуманитарлық
өлшемдегі ең маңызды жетістіктерінің бірі ретінде әлемдік деңгейде мойындалып
отыр [6].
Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі
шеңберінде этносаясат ғылыми тұрғыдан талданып, сараптамамен қосталуда,
этносаясатты халықаралық және отандық тәжірибе негізінде одан ары дамытудың
стратегиялық ыңғайлары жасалуда.
Этносаралық
ахуалдың
индикаторлары
қоғамдағы
этносаралық
қатынастардың даму үрдісі мен жай-күйін анықтайтын айнымалы шамалардың
жүйесі болып табылады. Этносаралық саланы бағалау үшін, сондай-ақ мем-лекеттік
органдардың қолдануына ыңғайлы болу қажет типтік индикаторлар ретінде мыналар
қарастырылғаны жөн: этносаралық келісімді қамтамасыз ету ісіне жұрттың беретін
бағасы; ҚХА-ның этноұлттық саясатты жүзеге асыру жолындағы іс-шараларына
тартылған орталық және жергілікті атқарушы органдардың үлесі; этноұлттық саясат
саласындағы іс-шараларына орталық және өңірлік деңгейде этномәдени
бірлестіктердің қамтылуы; этносаралық қатынастар саласында Конституция
нормаларына сәйкестігі сараптамадан өткізілген заң жобаларының үлесі;
Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін
түсіндіру жөніндегі ақпараттық жұмыспен қамтылған жұрттың үлесі; этносаралық
қатынастардың жайын оң бағалайтын жұрттың үлесі; қоғамның жалпы ұлттық
құндылықтарды қолдау деңгейі; ұлттық-мемлекеттік бірегейлік белгілерімен өзін
бірдейлестіретін жұрттың үлесі; мемлекеттік тілге оқытып-үйретудің барлық
түрімен қамтылған этностардың және тілін, дәстүрі мен мәдениетін сақтау жолында
жұмыс жүргізіп жатқан этностардың үлесі; этносаралық қатынас пен қоғамдық
келісім мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің деңгейі;
Қазақстан
Республикасы
Президенті
жанындағы
Мемлекеттік
басқару
академиясында оқыған тыңдаушылардың даярлық сапалық құрамы мен деңгейі.
Этносаралық қатынастардың түрлі деңгейлерге тән, көп бағытты және көп
компонентті сипаттары мол. Сондықтан бағалау межелеуіштерінің ішінде мыналар
ескерілуі қажет: әлеуметтік-экономикалық ахуал; әлеуметтік-саяси ахуал; тілдік
ахуал; азаматтардың өзін-өзі сәйкестендіруі мәселелері; этностық қоғамдастықтар
мен топтардың қоғамдық үдеріске қосылғандығы.
«Нұрлы
жол
–
болашаққа
жол»
атты Жолдауында
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Этносаралық татулық – бұл тірі ауа.
Біз дем алған кезде оны сезбейміз, оны автоматты түрде жасаймыз – біз жай ғана
өмір сүреміз. Біз өз бірлігіміз бен этносаралық татулығымызды өзіміз сақтауымыз
қажет... Татулық пен тұрақтылық – бұл жалпыхалықтық игілік, оны күнделікті
еңбекпен қорғау мен күшейту қажет» деді [7].
Сондықтан біздің жол – Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына
ортақ болып табылатын, принциптер мен құндылықтар жүйесін мойындауға
негізделген ұлттық бірлікке жету, татулықты, тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау
болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
ҚР Президенті Н.Ә:Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының XVI
сессиясында сөйлеген сөзі // Страна и мир. – 2010. – № 42. – 3-17 б.
228
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
2.
Қазақстанның мемлекеттік этносаясаты: жаңа трендтер. – Астана:
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы,
2011. – 204 б.
3.
Кирьякова А.В. Теория ориентации личности в мире ценностей:
монография. – Орынбор, 1996. – 187 б.
4.
Лебедева Н.М., Лунева О.В., Стефаненко Т.Г. Тренинг этнической
толерантности для школьников: учебное пособие для студентов психологических
специальностей. – М. : Привет, 2004. – 358 с.
5.
Юдина О.И. Аксиологический аспект этнической толерантности //
Современные проблемы науки и образования. – 2014. – № 4. – с. 21-28.
6.
Этносаяси сөздік. – Астана, 2014. 400 б.
7.
Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына
Жолдауы //
http://www.akorda.kz/kz/page/page_218341_poslanie-prezidenta-respubliki-
kazakhstan-n-nazarbaeva-narodu-kazakhstana-11-noyabrya-2014-g
Достарыңызбен бөлісу: |