ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


энтелехиясы (грек сөзі – entelechia – жетілгендік, кемеліне келгендік)  деп  айқындаған  мақсат  көздеуші  себепті



Pdf көрінісі
бет7/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47

энтелехиясы (грек сөзі – entelechia – жетілгендік, кемеліне келгендік) 

деп  айқындаған  мақсат  көздеуші  себепті  көреміз.  Қазіргі  замандағы 

термин тілімен айтқанда, энтелехия – бұл заттың ішкі бағдарламасы.

Бірақ бұл жерде өз заманында Платон көтерген: біздің алдымызда 

жатқан әлем неге кемеліне келмеген деген мәселе пайда болады. Арис-

тотель бұл мәселені материя арқылы шешеді. Инертті, енжар материя 

формамен  бірігіп,  қажеттіліктің  пайда  болуына  ғана  емес,  сонымен 

қатар  кездейсоқтықтың  пайда  болуына  да  келтіреді.  Сол  себепті, 

бұл  дүниедегінің  барлығының  дами  беретініне  қарамастан,  ештеңе 

де  өзінің  толық  кемеліне  жетпейді,  яғни  өзінің  энтелехиясына  толық 

сәйкес келмейді.

Ал  өмір  мәселесіне  келер  болсақ,  тірі  ағзаның  материалдық 

тәні,  ал  жанның  формасы  бар.  Сондықтан  жан  ішкі  энтелехияны 

қалыптастырады және ағзаны мақсат көздеуші негізде дамытады.

Аристотель жанның үш түрін ажыратып көрсетеді:

Өсіп-өнетін жан (өсу және көбею);

Сезетін жан (жан-жануарларда болады);

Ойлайтын жан (адам ғана ойлай алады).

Аристотель  этика  ғылымында  да  үлкен  із  қалдырды.  Оның  адам 

өмірінің  мәні  туралы  ой-толғаныстарына  құлақ  салып  көрейік. 

Көпшілік адамдар өмірдің мәнін рақат табудың соңына түсіп, қызық 

қуудан көреді. Бұл, – шындығын айтқанда, құлдардың арманы.

Екіншілері құрмет-қошемет, даңқ туралы армандайды, бірақ оның 

бәрі оларға басқалар арқылы келеді. Бүгін – бар, ертең – жоқ.



60

Үшіншілері  байлық  қуып  шаршайды.  Бұл  –  табиғатқа  қайшы 

келетін,  ең  бір  мағынасыз  іс,  өйткені  байлықты  басқа  мақсаттарға 

жетудің  құралы  ретінде  пайдалануға  болады,  ал  мақсаттың  өзі 

ретінде оның ешқандай маңызы жоқ.

Адамның  барлық  іс-әрекеттерінің  мақсаты  –  рақатқа  жету.  Адам 

саналы тіршілік иесі болғандықтан, рақаттың ең биік шыңы – Әлемді 

өз ойларыңмен қамту (theoria). Бірақ адамға алдымен өмір сүру керек, 

ал ол үшін басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасау қажет.

Әлбетте,  кедейлік,  қажетті  заттардың  өне  бойы  жетіспеуі,  ауру-

сырқаулар және басқалары адамды рақаттан алыстата түседі. Сен бай 

болсаң,  қалағаныңның  бәрі  бар  болса,  денсаулығың  мықты,  ал  күш-

қуатың тасып тұрса, онда сен өзіңді бақытты сезінесің. Алайда бұл – 

барлығы емес.

Рақатқа жетудің айқын жолы – арете (arеte – грек сөзі, ізгілік деген 

мағынада). Адамның рақат алуы – ол ізгілікті іс-әрекеттің нәтижесі, 

бұл ақыл-оймен шектелген ләззат. Олай болса, онда оған үйрену ке-

рек.  Адам  біржақтылықтан  азат  болуға  және  «ортаңғы  жолды»  таба 

білуге  тиіс,  еш  нәрсе  де  шектен  аспауы  керек.  Мысалы,  батылдық 

ессіз  батырлық  пен  қорқақтықтың  арасындағы,  ал  жомарттық  – 

ысырапшылдық пен сараңдықтың арасындағы бірдеңе.

Аристотель  адамға  «zoon  politicon»  –  «саяси  хайуан»  деген 

анықтама  береді,  өйткені  адам  бұл  дүниеде  жападан-жалғыз  тіршілік 

ете  алмайды.  Сол  себепті  мемлекет  адамдардың  бірлескен  тіршілік 

қарекеті  жолындағы  қажеттілік  іспетті  пайда  болады.  Аристотель 

мемлекетті  жеке  меншік  пен  еркіндікпен  ұштастырады.  Сондықтан 

құлдар  мемлекеттің  азаматтары  бола  алмайды.  Құлдық  мәселесінде 

данышпан  Аристотель  де  өз  заманының  шектерінен  шыға  алмады, 

өйткені әрбір адам – өз дәуірінің ұрпағы.

Платон  жеке  меншікке  қарсы  болса,  ал  Аристотель  сол  үшін  қол 

көтереді.  «Меншіктің  орасан  зор  пайдасын  айтпағанның  өзінде, 

оның  болуының  өзі  адамды  өзгеше  рақат  сезімге  бөлейді,  –  деп 

сендіреді  ол.  Алайда  байлық  иеленуші  адам  жомарттық  көрсетуге, 

кіріптарларға  жәрдемдесуге  тиіс,  олай  болмаған  жағдайда  қоғам 

өзінің  орнықтылығынан  айырылып  қалуы  мүмкін».  Аристотель 

қоғам  орнықтылыққа  жетіп,  халықтың  басым  көпшілігінің  орта-



ша  баршылықта  өмір  сүргенін  қалайды.  Ойшылдың  осы  идеялары 

негізінде  XX  ғасырда  Батыс  философиясында  «орта  тап  теориясы» 

құрылды.  Біздің  мемлекетіміздің  «орта  тап»  құру  жолында  орасан 

күш-қайрат жұмсауы ұлы ойшылдың идеялары арнасында тоғысқан.



61

Аристотель  «саяси  формалардың  алмасуы»  теориясын  құрып,  өз 

заманының  саяси  философиясының  өркендеуіне  үлкен  үлес  қосты. 

Афинаның  саяси  өмірі  тарихын  мұқият  зерттеу  негізінде  ойшыл  үш 

дұрыс (монархия, аристократия және полития) және үш дұрыс емес 

(зорлық-зомбылық,  олигархия  және  демократия)  (қазіргі  заманғы 

терминология  бойынша  –  охлократия,  яғни  қаралардың,  тобырдың 

билігі) саяси форманы ажыратып көрсетеді.

Сөйтіп, – бұны да ерекше атап өткен жөн, – Аристотель философия 

мен  ғылым  тарихында  үлкен  із  қалдырды.  Оның  көптеген  идеялары 

бүгінгі таңда да өзектілігін жойған жоқ.

Ұлы  ойшылдардың  назарынан  сол  уақытта  ғылым  философиясы 

аясында  туған  жіктеп  саралау  мәселесі  да  тыс  қалған  жоқ.  В.Вундт 

дұрыс  атап  көрсеткендей,  ежелде  ғылымдарды  саралау  мәселесі  іс 

жүзінде философияның өзін жүйелеуге парапар болатын, өйткені же-

ке-дара ғылымдар әлі де одан оқшауланып, бүршік жарып үлгірмеген-

ді (ол туралы оқыңыз: В.Вундт. Введение в философию. – М.: Добро-

свет, 1998. 44-46-беттер).

Белгілі  болғандай,  ғылымды  айтпағанның  өзінде,  кез  келген 

құбылысты  жіктеу  үшін,  алдымен  қатаң  белгілер  әзірлеп  алып,  со-

дан кейін солардың негізінде бөлшектеуді жүзеге асыруға болады. Бұл 

тұрғыда ұлы Платонның еңбектерінде сондай белгілер болып адамның 

танымдық  қызметіндегі  рухани  қабілеттер  айырмашылығы  әрекет 

етеді.  Платонның  ойынша,  адам  бойындағы  ондай  қабілеттер  саны  – 

үшеу. Біріншіден, әлемді түсінікпен тану. Платонның шамамен барлық 

туындыларында  бұл  сұхбат  немесе  сұрақтар  мен  олардың  жауаптары 

түрінде  іске  асырылады.  Екіншіден,  сезімдік  қабылдау  арқылы  біз 

алдымызда жатқан әлемнің заттары мен құбылыстарын, олардың ды-

быстары мен иістерін сезіп, көреміз. Үшіншіден, бұл – ерік пен қалау. 

Олар адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін бағыттай отырып, оның 

белсенділігін оятады. Соларға толық сәйкестікте Платон үш ғылымды 

ажыратады. Бұл – диалектика, физика және этика. Егер Платонның 

сұхбатын шолып өтсек, онда «Тэтатет», «Парменид», «Софист» деген 

туындылары диалектикаға арналса, «Тимей» мен Федон» – физикаға, 

ал «Мемлекет» және «Саясат» этика мәселелеріне арналғанын байқауға 

болады. Платон бойынша, диалектика ең жоғарғы ғылым болып табы-

лады, өйткені адамның ең жоғарғы рухани қабілеті – ойлайтын ақылы 

негізінде жүзеге асырылады. Онсыз физика мен этика жетілген білімге 

қол  жеткізетін  толық  және  өз  бетінше  бағалы  ғылымдар  бола  алмас 


62

еді.  Сол  себепті  бұл  ғылымдар  да  диалектикамен  өрілген.  Жалпы 

түрде оны төмендегідей көрсетуге болады:

Диалектика

(Ақыл)


       

Физика   

 

 

Этика

   (Сезімдік таным) 

 

     (Ерік және қалау)



Бұл  жіктеуде,  неге  екені,  жеке  ғылым  ретінде  астрономияға  орын 

берілмепті.  Платон  бойынша,  ол  физиканың  аса  қажетті  құрамдас 

бөлігі болып саналады. Адамның ізгіліктері оның мемлекетпен қарым-

қатынасында  қалыптасады  деп  есептейтін  Платон  әзірше  саясат  пен 

этиканы  бір-бірінен  ажырата  қоймаған.  Академиясының  алдын-

да:  «Геометр  емессің  бе,  –  кірмейсің!»  деген  ұран  ілініп  тұрғанына 

қарамастан,  Платонның  жіктемесінде  математикаға  да  орын  табыл-

мапты.  Бұл,  Платонның  ойынша,  математика  физиканың  құрамдас 

бөлігі болып табылатындықтан, бір мезгілде диалектиканың аса күшті 

құралы болатындығына да байланысты.



аристотельге  келер  болсақ,  оның  ғылымды  жіктеуі  күрделірек. 

Ғылыми таным барысында оның белгісі ретінде ол адамның танымдық 

қабілеттерімен  қатар,  адамның  мақсаттарын  да  алады.  Осы  тұрғыдан 

келгенде,  диалектика  мен  физика  әлемді  танып-білуге  бағытталған 

болса,  ал  ол  кезде  этика  адам  қызметінің  заңдылықтарын  ашуға 

бағытталады. Бірінші топты Аристотель теориялық ғылымдарға, ал 

екіншісін практикалық, яғни іс жүзіндегі ғылымдарға жатқызады.

Теориялық  ғылымдарды,  ғылымда  қойылған  мақсаттарына  қарай, 

ол  ары  қарай  саралайды.  Диалектиканы  Аристотель  аналитикаға 

(кейіннен логика деп аталған) және метафизикаға (алдымен «алғашқы 

физика»  деп  аталған)  бөледі.  Физиканы  Аристотель,  бір  жағынан, 

табиғатты  зерттейтін  ғылым  деп,  ал,  екінші  жағынан,  адам  жаны 

туралы  ілім  –  психология  деп  қарастырады.  Ары  қарай  табиғатты 

зерттейтін  ғылым  ретінде  физика  тағы  да,  негізінен,  қозғалыстағы, 

жан-жағымен  өзгеретін  денелерге  қатысты  физикаға  және  заттардың 

өзгермейтін  тұрақты  жақтарын  зерттейтін  математикаға  бөлінеді. 

Платоннан  айырмашылығы,  Аристотель  математикаға  ерекше  на-

зар аудармағанмен, бірақ бұл жерде де ол математика нысандарының 

онтологиялық мәртебесін алғаш рет белгілеуі арқылы айтарлықтай із 

қалдырды. Оларға қарсы тұратын метафизика заттардың: материя бо-



63

лып табылмайтын, әйтсе де олардың болмысын айқындайтын рухани 

негіздемелерін зерттейді. Оны теология деп атауға болады.

Іс  жүзіндегі  философияны  да  Аристотель  тиісті  салаларға  бөледі. 

Егер ол нақты бір адамның мінез-құлқын зерттейтін болса, онда эти-

ка  болып  табылады,  ал  егер  біртұтас  сияқты  мемлекетті  зерттесе, 

онда  саясат  болады.  Практикалық  философияға  сондай-ақ  риторика 

(шешендік  өнер)  және  көркем  шығармашылықты  зерттейтін  пиити-

ка  жатады.  Сызбанұсқа  түрінде  Аристотельдің  ғылымдарды  жіктеуін 

төмендегідей көрсетуге болады:

 

теориялық ғылымдар 



практикалық ғылымдар

 Диалектика

 Физика

Этика

 Аналитика 



Психология

 Саясат

 Метафизика 

Математика 

Риторика

 Пиитика

 

Ғылымдардың Аристотель жүргізген жіктемесі ғылым өркендеуінің 



келесі  ғасырлардағы  жолын  ұзақ  уақытқа  айқындап  берді.  Әлем 

тарихының  келесі  ғасырларының  ғылымға  қандай  жаңалықтар 

енгізгенін алдыда қарастыратын боламыз.

Ал қазір, тым болмағанда, тағы үш: Евклид (математик), Архимед 

және Птолемей атты ұлы тұлғаға қысқаша тоқталып өткеніміз дұрыс 

шығар.


евклид  (б.з.д.  III  ғасыр)  Сократтың  шын  берілген  ізбасары  бол-

ды. Оның басты еңбегі «Бастау» 15 кітаптан тұрады. Онда антикалық 

математиканың, қарапайым геометрияның, сандар теориясының және 

басқаларының негіздері берілген. Ол антика астрономы, оптик, музыка 

теоретигі ретінде де танымал.

Жүйеленуі  «Бастауларда»  іске  асырылған  геометрия  кейіннен    



«евклид геометриясы» деген атқа ие болды. Оның пайда болуы бізді 

қоршаған  әлемді  көрнекі  түрде  көзге  елестетуімізге  (мысалы,  тура 

сызықтар – тартылған жіп деген сияқты) байланысты.

«Бастаулар» – ол ең бір ұзақ ғұмырлы оқулық, сол бойынша бүгінгі 

күні  де,  мысалы,  планиметрия  (геометрияның  жалпақ  денелерді 

зерттейтін  тарауы)  негіздері  оқытылады.  Планиметрияның  ертедегі 

грек  өркениетінің  ең  басты  математикалық  жетістігі  екенін  айтқан 

жөн.


64

«Бастауларда» негізгі міндет – оның анықтамасынан бастап, тұтас 

математикалық универсум (бұл жерде: бүтіндік. – Аудармашы) сипат-

талады. Ол үшін Евклид аса маңызды жиырма үш анықтаманы: нүкте, 

сызық,  параллель,  тура  сызықтар  және  басқаларын  тізіп  шығады. 

Кіріспе  тарауын  аяқтай  келе,  Евклид  оның  геометриясының  негізі 

ретінде қабылдануға тиіс, бірақ дәлелдене алмайтын бес тұжырымды 

немесе  жалпы  түсінікті  атап  көрсетеді.  Мысалы,  бір  нәрсеге  тең 

болғандар өзара да тең болады және т.б.

«Бастаулардың» алғашқы төрт кітабы: нүктелер, тура сызықтар, ау-

дандар, сондай-ақ турасызықты және дөңгелек денелер геометриясына 

арналған.

Бесінші  және  алтыншы  кітабы  қатынастар  мен  пропорцияларға, 

яғни  бір  ғасыр  бұрын  математик  Евдокс  зерттеген  мәселелерге 

арналған.

Жетінші,  сегізінші  және  тоғызыншы  кітаптары  арифметика  мен 

сандарға қатысты.

Он  бірінші,  он  екінші  және  он  үшінші  кітаптары  стереометрияға 

(кеңістікті  денелерді  зерттейтін  қарапайым  геометрия  тарауына) 

арналған.

Тұтастай алып айтар болсақ, Евклидтің «Бастауларда» баяндалған 

басты идеяларын былайша көрсетуге болады:

1.  Математикаға  деген  қатаң  жүйеленген  көзқарас  барлық 

ұсыныстардың  бар  уәждері  мен  дәлелдемелерін  біркелкі  әдістеме 

көмегімен құруды талап етеді.

2.  Барлық  математикалық  мөлшерлер  (шамалар)  геометриялық 

фигуралар:  сызықтар,  аудандар  немесе  қомақты  денелер  көмегімен 

көрсетілуге тиіс.

3.  Физикалық  құбылыстарды  математикалық  формулаларды  пай-

далану арқылы бейнелеуге болады.

4.  Кеңістік бөлінгіштігі бойынша емес, ұзындығы бойынша шексіз 

созылып  жатыр  (қараңыз:  Великие  мыслители  Запада.  –  М.:  Крон-

пресс. 1998. – 58-62-беттер).

Евклид  басқа  да  кітаптар  жазған.  Олардың  ішіндегі  аса  танымал 

болғаны  –  көру  және  болашақ  (перспектива)  мәселесінен  арналған 

«Оптика» кітабы.

Бірақ антика заманының ең атақты математигі архимед (б.з.д. 287-

212  жылдар  шамасы)  болып  табылады.  Бір  аңызды  айта  кетейік:  пат-

ша  Гиерон  II  құдайларға  арнау  ретінде  алтын  тәж  жасамақ  болады. 


65

Ол  үшін  патша  зергерге  біршама  алтын  береді.  Тәж  дайын  болғанда, 

патша алтынның бір бөлігін басқа бір арзандау металмен ауыстырып 

қойған  шығар  дегендей,  зергерге  күдік  келтіреді.  Шебер  кәззаптық 

жасамағанына  ант-су  ішкен  соң,  патша  бәрін  анықтауды  Архимедке 

тапсырады.  Бұл  мәселеге  көп  уақыт  басын  қатырған  ол  бірде  ванна-

да  жуынып  жатып,  оған  терең  бойлаған  сайын,  судың  көбірек  асып 

төгілетінін  байқайды.  Басына  келген  шешімге  қуанғаны  соншалық, 

ол:  «Эврика!  Эврика!»  («Таптым!  Таптым!»)  –  деп  айғайлаған  бойы 

далаға  жүгіріп  шығады.  Содан  кейін  ол  тәждің  салмағындай  алтын 

кесегін тауып алып, оны су толтырылған ыдысқа батырады да, қанша 

судың  арнасынан  асып  төгілгенін  белгілеп  алады.  Тәжді  де  солай 

тексереді. Бұл жолы су көбірек төгіледі. Сөйтіп, ол тәждің таза алтын-

нан  жасалмағанын  анықтайды,  өйткені  алтын  кесегінің  салмағындай 

болғанмен,  оның  көлемі  үлкендеу  еді,  демек,  құрамында  жеңіл 

металдың қоспасы бар.

Бұл  Архимедтің  өзі  ашқан  жаңалықтарының  бірі  болды:  әртүрлі 

материалдардың өздеріне тән салмақ күштері бар.

«Тұйық бет және цилиндр туралы» деген трактатында Архимед өзіне 

тән  екі  әдісті:  көбінесе  түгесу  (тауысу)  әдісі  деп  аталатын  үйлесімдік 

әдісін және фигуралардың аудандары мен көлемдерін табуға мүмкіндік 

беретін қисынсыздыққа келтіру (reduction ad absurdum) әдісін ұсынды. 

Бұл мәселеге ол «Шеңбер өлшемі туралы» деген еңбегін де арнаған.

Статика мен гидростатика «Жазықтықтардың тепе-теңдігі туралы», 

«Жүзіп жүретін денелер туралы», «Механикалық теоремалар туралы» 

еңбектерінде  көрініс  тапса,  «Құм  қиыршықтарын  санау»  трактаты 

арифметикалық әдістерге арналған.

Архимед  еңбектерінің  осы  қысқа  тізбесінің  өзі-ақ  оның  антика 

әлемінде  қандай  алып  болғанын  көрсетеді.  Бір  таңғаларлығы,  оның 

математикалық  еңбектері  антика  заманында  аса  танылмады.  Әртүрлі 

механизмдерді  ойлап  тапқаны  –  оны  үлкен  даңққа  бөледі.  Біздің 

заманымыздың IX-X ғасырларында оның еңбектері араб тіліне, ал XII 

ғасырда араб тілінен латын тіліне аударылды.

Антика  дәуірінің  ең  атақты  астрономы  клавдий  птоломей 

(б.з.  100-175  жылдары  шамасы)  болды.  Ол  әлемнің  аристотельдік 

суретінің  әлемнің  ғылыми  суретіне  айналуын  аяқтап  шықты.  Өз 

тұжырымдамасын  ол  көбінесе  «Альмагест»  деген  арабтандырылған 

атауымен  таныс  болған  «Мегале  синтаксис»  («Ұлы  құрылыс»)  деген 

трактатында баяндаған. Ұзақ бір жарым ғасырға созылған әлемнің бұл 

суретінің (оны, әрине, Аристотель-Птоломейдің әлемді философиялық-


66

ғылыми  суреттеуі  деп  атау  дұрысырақ  болар  еді)  келесі  ғылымдар, 

философия, дін үшін талассыз болғаны анық.

Қазіргі заманғы американдық ғалым Роберт Р.Ньютонның «Клавдий 

Птоломейдің қылмыстары» (орыс тілінде 1985 жылы шықты) деген мо-

нографиясына соқпай өтуге болмайды. «Синтаксисті» егжей-тегжейлі 

талдап  алып,  ол  Птоломей  негіздеген  барлық  бақылаулардың  жалған 

екендігі  туралы  қорытындыға  келеді.  Өзге  астрономдарға  телініп 

жүрген басқа да көптеген бақылаулар өтірік болып шығады. Автордың 

пікірінше, жазылған кез келген басқа жұмыстарға қарағанда, «Синтак-

сис» астрономияға артық зиян келтірген, өйткені қағидаландырылған 

бұл  «теория»  геоцентризмді  жеңу  жолындағы  ең  бір  қуатты  тежегіш 

болды, ол Коперниктің гелиоорталық жүйесін әзірлеуін қиындатты.

Бірақ,  бір  қызығы,  Птоломей  «Төрткітап»  деген  кітап  жазып,  онда 

жалған ғылымды (астрологияны) жүйеге келтірген. Сол уақытта оның 

орасан  зор  маңызы  болды,  ал  бүгінгі  күні  де  оны  көпшілік  адамдар 

қорғауға  бейім,  ал  астрологтарды  алсақ,  олар  –  ғалымдар  тарапынан 

қатаң сынға ұшырағанына қарамастан, ең бір танымал тұлғалар.

Сөз  жоқ,  біздің  заманымыз  тұрғысынан  алғанда,  Птоломей 

мұрасының  көпшілігі  ақылға  қонымсыз  көрінеді,  бірақ  бұл,  біздің 

көзқарасымыз  бойынша,  оның  ғылым  үшін  істегендерін,  әсіресе 

оның  тәжірибелік  әдістерін  және  Қайта  өрлеу  дәуірі  мен  кейінгі 

дәуірлердің тәжірибелік ғылымы үшін үлгі болған деректерді кестелеп 

ұйымдастыруын  ешбір  кемсіте  алмайды.  Ғалымның  беделі  14  ғасыр 

бойы дау тудырған жоқ.

Қорытындылай келе, төмендегіні атап көрсету қажет:

а)  гректердің  ұлылығы  –  әлемді  мифологиялық  тұрғыда  түсінуді 

қанағат  тұтпай,  олардың  сол  кездегі  әлемнің  шекті  негіздемелеріне 

ақылмен  жетуге  ұмтылуында  жатыр.  Олар  адам  ақылының  (Номос) 

заңдарын  құдайлардың  заңдарынан  (Темис)  ажырата  алды,  кейіннен 

бұның ғылымның дамуы үшін орасан зор маңызы болды;

ә)  алайда  әлемнің  алғашқы  негіздерін  табиғаттың  әртүрлі  сти-

хияларымен  (су,  от,  ауа  және  т.б.)  теңестіруге  байланысты  «архе» 

бағдарламасы  тиісті  нәтижелер  бермеді.  Солардың  негізінде  әлемнің 

біртұтас монистік суретін жасау мүмкін болмады;

б)  ауыр  дене  еңбегіне  жиіркенішпен  қараған  ертедегі  гректер  тек 

табиғаттың  абстракциялық  (дерексіз)  философиясын  құра  алды; 

табиғаттың даму заңдарын зерттейтін физика ертедегі грек өркениеті 

топырағында бүршік жармай-ақ кетті.



67

2-тарау. әлемДік таРиХтың ОРта ғасыРлаРынДа 

ғылым мен ФилОсОФиЯның Дамуы

2.1. Ортағасыр дәуірінің ерекшеліктері туралы.

сенімдегі философия 

Тарихшылар  әлемдік  тарихтың  Орта  ғасырларына  Батыс-Рим 

империясының құлауынан (V ғасыр) бастап, Қайта өрлеу дәуіріне (XIV-

XVI)  дейінгі  кезеңді  жатқызады.  Бұлайша  жіктеудің  негіздемесіне 

өндіру тәсілінің өзгеруі, яғни құлиеленушіліктен феодализмге өту са-

лынады.


Философтар есепті христиандықтың пайда болуынан (I ғасыр) Қайта 

өрлеу дәуіріне дейін жүргізе және рухани хал-ахуалдың өзгеруі негізіне 

пұтқа  табынушылықтан  (көп  құдайға  табынушылыққа  негізделген 

діннен)  монотеизмге  (бірқұдайлыққа)  өтуді  сала  отырып,  біршама 

басқадай  көзқарас  ұстанады.  Алғашқысы,  яғни  тарихшылардың 

көзқарасының кеңірек таралғанын айтқан жөн. Бірақ бұл аса маңызды 

емес. Маңыздысы, біздің көзқарасымыз бойынша, сол уақытта қоғамда 

не болғанын, қандай экономикалық, саяси, дүниетанымдық факторлар 

жаңаның пайда болуын тудырғанын түсіну немесе, голландық тарих-

шы  Йохан  Хёйзинганың  (1872-1945)  сөздерімен  айтқанда,  «шұғыласы 

кейіннен өзінің толық жарқырап көрінуіне жеткізген тұрмыс салтының 

сол жаңа идеялары мен формаларының қалай туғаны және гүлденгені» 

маңыздырақ  (Хейзинга  Й.  Осень  Средневековья.  –  М.:  Наука,  1988.  – 

5-бет).


Жаңа дәуірдің I ғасырына қарай Ертедегі Грекия мен Ертедегі Рим-

нің  қандай  рөлі  болғанын  еске  түсіріп  көрейік.  Сол  уақытқа  қарай       

Грекия  өз  ықпалынан  толықтай  айырылып  болды,  грек  демокра-

тиясының  дағдарысы  ұлы  өркениет  тап  болған  шыңырауға  әкеп 

соқтырды. Римде бұл дағдарыс шын мәнінде үздіксіз болды, ал б.з.д. 

I ғасырдың соңына – біздің заманымыздың I ғасырының басына қарай 

оның ушыққаны соншалық, барлық таптар ішінде «ақырзаман» орнай-

тындай күйге жеткізді.

Палестинаны  да  қосқанда,  Жерорта  теңізі  жағалауларын  түгел 

жаулап  алып,  Рим  билеушілері  барлық  жерлерде  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан өмір салтын қиратты. Империяның азаматтары болып тек 

римдіктер танылды, ал қалған басқаларының барлығы – мемлекеттің 

құзырындағы  міндетті  салық  төлеушілер  болды.  Римдіктер  басып 

алған  халықтарға  өздерінің  саяси  құрылымын,  өздерінің  соттарын, 



68

салықтар  жүйесін  күштеп  таңды.  Басқыншылардың  жазалаушы 

көздерінен  ешкім  де  таса  қалмады.  Тек  жергілікті  ақсүйектер  ғана

салыстырмалы  түрде  белгілі  бір  шамада  тәуелсіздіктерін  сақтай 

алды,  бірақ  оларды  халықтың  тағдыры  толғандырмады.  Сезімдік 

ләззаттардан жол іздеп, олар рақат өмірге берілді. Ал Рим аристокра-

тиясы ештеңеге де араласпады.

Сырттай  барлығы  жақсы  көрінгенмен,  экономикалық  және  саяси 

дағдарыс  жағдайдың  аса  қиын  екенінен  хабар  беріп,  құлиеленушілік 

құрылыстың  тиімсіздігін  көрсетті.  Оған  рухани  дағдарыс:  ырым-

шылдықтарға  сенудің  және  көзбояушылықтардың  адам  айтқысыз 

көбеюі,  терең  скептицизм  (шүбәланушылық),  түңілу,  бірдеңені  өз 

күшімен өзгертудің мүмкін екендігіне сенбеушілік қосылды.

Бұл  дағдарыс  әсіресе  Рим  провинцияларының  бірі  –  Иудей-

де  өзін  ерекше  қырынан  көрсетті.  Қиын  да  ұзақ  күресте  қол  жеткен 

мемлекеттілік  римдік  басқыншылық  нәтижесінде  құрып  тынды.  Ал 

вавилондық  және  мысырлық  тұтқыннан  кейін  бұл  өзгеше  қайғылы 

жағдайға  жеткізді:  қоғамды  толық  ашыну,  күйіну  жайлады.  Бұндай 

көңіл күйі еврей халқының мессияға – Рим билігінің құтқарушысына 

деген сенімімен үйлесім тапты.

Алайда жаңа идеологияға аластатылғандар мен езілгендер ғана зәру 

емес-тін.  Оған  деген  қажеттілікті  әлеуметтік  билеушілер  де  сезінді, 

өйткені  жалпы  дағдарыс  нәтижесінде  олар  да  тарихи  жоспарлардан, 

ертеңгі күнге деген сенімнен ажырап қалды. Апаттан енді адамдар да, 

Олимп құдайлары да, тіпті ұлттық тәңірлер де құтқармайтынын олар 

түсінді. Енді жаңа, әлеуетті күш қажет болды.

Міне,  дәл  осындай  жағдайда  христиандық  –  құлиеленушілік 

құрылыстан феодализмге өтудің рухани негізі пайда болды.

Біздің  бұдан  аз  уақыт  бұрынғы  тарихымызда  (кеңес  заманы 

тұсында)  Ортағасыр  философиясын  зерттеп  білуге  жеткілікті  көңіл 

бөлінбеді,  өйткені  ол  «идеологиялық  түсініктерге»  байланысты  бол-

ды. Сол себепті Ортағасыр дәуірі терминдерде: «артқа шегіну», «діни 

надандық»,  «өндірістік  күштер  дамуындағы  тоқырау»,  «халықты  ру-

хани  бағынышты  ету»,  «еркін  ойлаушылықты  басып-жаншу»  деп 

бағаланды.

Бүгінгі  таңда  жаңа  әлеуметтік-саяси  ахуал  жағдайында  әлемдік 

тарихтың  аталған  кезеңі  жаңаша  мәнге,  сипатқа  ие  болды.  Егер 

өндірістік күштер туралы сөз қозғасақ, онда біз құлдықтың жойылуына 

байланысты айтарлықтай ілгерілеушіліктің орын алғанын байқаймыз. 

Рас,  шаруалар  дворяндыққа  тәуелді,  заңдық  тұрғыда  соларға  байлау-



69

лы болды, бірақ олардың өз отбасылары, жер телімдері, ұсақ малдары 

және басқадай мүліктері бар еді. Олар тіпті болмағанда өз жерлерінде 

өндірістің дамығанына мүдделі-тін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет