сциентизм – 1) ғылым туралы, әсіресе жаратылыстануға қоғам-
дық өрлеудің басты факторы деп қарайтын көзқарас; 2) XIX-XX
ғасырлардың әлеуметтік ғылымындағы ағым; әдістері бойынша да,
қоғамдағы атқаратын қызметтері бойынша да әлеуметтік ғылымдарды
табиғи ғылымдарға ұқсатуды міндет етіп қойған ағым.
табиғи ұстаным – үйреншікті және жаратылыстанымдық-
ғылымдық бағдарды білдіретін құбылыстық түсінік: онда санамен
жанама күйге келтірілген тәжірибе дұрыс, тікелей деп қабылданады.
Табиғи ұстаным сонымен бірге «табиғаттық», «догматтық», «әлсіз-
теориялық» деп те аталады және құбылыстық ұстанымға қарсы
қойылады, ал оған өту құбылыстық дәуір көмегімен іске асырылады.
телеологизм – әлемнің: жанды табиғаттағы ғана емес, жансыз
табиғаттағы да барлық үдерістер мен құбылыстардың себептерін
мақсатты анықтаудың (детерминация) жалпыға бірдей сипатын мо-
йындайтын ғылыми тұжырымдамалары және бейнесі.
телеология – объективті әлемнің құбылыстарын және адамның
қызметін түсінуде және түсіндіруде маңызды (кейде шешуші) орын
мақсат, қызмет, мағына, маңыз ұғымдарына берілетін тәсіл.
технократизм – қоғамның материалдық қызметінің ғана емес,
тұтастай алғанда, оның әлеуметтік өмірінің де жетілуінде техниканың,
технологиялардың, ғалымдардың рөлін асыра көрсететін әлеуметтік-
философиялық тұжырымдама.
трансценденттік – адам тәжірибесінің, адамның сезімдік те,
ұтымды (трансценденталдық) та танымының шектерінен тыс жатқан
423
және сол себепті танымның емес, таза сенімнің нысанасы бола алатын
әрекет.
трансценденттік апперцепция – И.Канттың, жалпы, кез келген
сыртқы тәжірибені мүмкін ете алатын алғышарттар болып табылған
ойлау (пайым, ақыл-ес) формалары мен санаттарын белгілеген таным
теориясының негізгі санаттарының бірі.
трансценденталистік
тұжырымдама
(философия
мен
ғылымның арақатынасы) – тарихи алғашқы, антика дәуірінен біздің
заманымызға дейін ұзақ даму жолынан өткен, XIX ғасырдың ор-
тасына дейін мәдениетте үстемдік етіп келген, жеке ғылымдарға
қатысты философияның гносеологиялық және әлеуметтік-мәдени
(«метафизиканың», «табиғи философияның») басымдығын негіздеген
философия мен ғылым арақатынасы тұжырымдамасы.
универсализм – моральдың жалпыға бірдей ұстанымдарын
негіздеуге тырысатын этикалық теориялардың әдістемелік тәсілін
белгілеу үшін, көбінесе қазіргі заманғы этикада қолданылатын түсінік.
Ұтымды негізделген ұстаным ретінде увиверсализмді этикаға И.Кант
енгізген.
Фаллибилизм – ғылыми білімнің философиялық-әдістемелік
тұжырымдамасы. Оған сәйкес, философиялық, діни және соған
жақын білімдерден басқаларының барлығы эмпириялық тәжірибенің
көмегімен әлеуетті (табиғаты бойынша) бұрмаланып (теріске
шығарылып) қана қоймайды, сонымен қатар нақты да бұрмаланады,
өйткені кез келген ғылыми (әсіресе теориялық) үлгілер қашанда
біржақты және өзінің шынайы нысанасына (түптұлғасы – прототип)
қатынасы бойынша да жан-жақты емес.
Фальсификация (бұрмалау) – эмпириялық ғылыми болжамдардың
немесе теориялардың жалғандығын тәжірибеде (бақылау мен сынақта)
одан шығатын қисынды (логикалық) салдарлардың (әлеуетті неме-
се өзекті) жалғандығын анықтау негізінде дәлелдеу амалдарының
жиынтығы және үдерісі.
Холизм – бүтіннің басымдығын, оның онтологиялық дербестігін
және бөлшектер мен олар орындайтын қызметтердің жиынтығына
келтірілмейтіндігін оны құрайтын бөлшектер алдында растайтын
философиялық тұжырымдама.
Цивилизация (өркениет) – (лат. «civilis» – азаматтық) – 1) қоғамдық
дамудың, материалдық және рухани мәдениеттің деңгейі, яғни
әлеуметтік байланыстар сөзсіз табиғат байланыстарынан басым бола
бастайтын және қоғам өзінің меншікті негізінде дами және үстемдік
ала бастайтын адамзат өрлеуіндегі осындай кезең; 2) қазіргі заманғы
424
әлемдік мәдениет. «Цивилизация» терминін алғаш рет 1756 ж. француз
ағартушысы Мирабо ғылыми айналымға енгізген. Осы термин арқылы
француз ағартушылары ақыл-парасат пен әділеттілік бастауларына
негізделген қоғамды айтатын болған.
Шизоанализ (талдау) – Ж.Делез және Ф.Гваттари ұсынған
еуропалық әлеуметтік-мәдени парадигманың түбегейлі тексерілуінің
философиялық-саяси бағдарламасы. Олар З.Фрейдті және оның сана-
дан тыс терең деңгейді – әлеуметтік инвестицияларды және «қалайтын
машиналардың» жұмысын көзге ілмеушілігі үшін оның психо-тал-
дау жүйесін сынға ұшыратқан: психоталдау алдын ала белгіленіп
қойған кейіпкерлердің (Эдип және басқалары) қатысуымен, театр
сахнасындағы санадан тыс әрекетке келтіріп, отбасы қатынастарында
шектеліп қалады. Санадан тыс әрекет «театр емес, – фабрика», детер-
минация жүйесі емес, – индетерминацияға келтірілген шексіз өндіріс,
«қалайтын машина».
Эвристика – 1) Ертедегі Грекияда – бағыттаушы сұрақтар беру
жолымен оқыту жүйесі; 2) теориялық зерттеу және шындықты
іздеудің қисынды амалдары мен әдістемелік ережелерінің жиынтығы;
3) тапқырлық, ептілік, белсенділік сияқты қасиеттердің жетілуіне
септігін тигізетін оқыту әдісі.
Экспликация – ғылымда кеңінен қолданылатын жекелеген,
әдетте, бір емес, бірнеше мағынасы бар терминдердің мағыналары мен
мәндерін айқын анықтау немесе нақтылау.
Экстернализм – ғылым философиясы мен тарихын жазудағы
бағыт. Оның өкілдерінің ойынша, ғылым білім жүйесі ретінде де,
әлеуметтік институт ретінде де әлеуметтік мәдениеттің иммаментті,
органикалық бөлігі болып табылады, сондықтан соның тарапы-
нан, яғни тұтас жүйенің де, әлеуметтік мәдениетке кіретін қосымша
жүйелердің де (экономика, техника, саясат, рухани мәдениет сияқты)
айтарлықтай ықпалын сезеді. Әлеуметтік мәдениет ғылыми білімнің
қарқыны мен бағыт таңдауына ғана емес, соңғының мазмұнына да
осындай ықпалын тигізіп отыр.
Экстраполяция – сипатталатын құбылыстарының қандай да бір
тезисін немесе теориясын бір саладан басқа салаларға (тақырыптық
салаларға) тарату жолымен білімді сан жағынан көбейту арқылы арт-
тыру.
Элементаризм – дара, жеке ғылымның тұтас ғылым алдындағы
басымдығына сендіретін философиялық тұжырымдама.
425
Энтелехия – бастапқыда берілген, алдын ала салынып қойған
әлдененің жүзеге асырылуы, көрініс беруі; мүмкіндіктің шындыққа,
әлеуеттің әрекетке көшуі.
Эпохé – объективтік шындықтың нысаналары туралы үзілді-кесілді
шынайы пікірлерден тартынуға деген танымдық ұстаным; сол тек-
тес кез келген пікірлерді қашанда қателіктер жібермеуге кепілдеме
бере алмайтын, нақты субъектілер білдіретін болғандықтан, олардың
пікірсайыс нысанасына қатысты біржақты, тіпті кейде жаңылыс
пікірлер айтуы мүмкін.
426
мазмҰны
Кіріспе сөз .................................................................................................... 3
бірінші бөлім. ғылым, оның пайда болуы және дамуының
негізгі кезеңдері ............................................................. 5
1-тарау. Ғылым, оның қоғамдық өмірдегі орны және рөлі ................... 6
1.1. Ғылым түсінігі ............................................................................. 6
1.2. Философия және ғылым ............................................................11
1.3. Ғылым және дін ..........................................................................14
1.4. Ғылым мәдениетте және өркениетте .......................................18
1.5. Әлеуметтік институт ретіндегі ғылым ....................................21
1.6. Жаратылыстану, техникалық және әлеуметтік-
гуманитарлық ғылымдардың қалыптасу ерекшеліктері ......24
екінші бөлім. ғылым мен философияның тарихы ..........................27
1-тарау. Антика дәуірінде ғылым бастауларының пайда болуы ........28
1.1. Ғылымның пайда болуы мәселесі ............................................28
1.2. Ежелгі Шығыста ғылым бастауларының пайда
болуының алғышарттары туралы ............................................31
1.3. Ғылым бастауларының ежелгі Грекияда пайда болуы
және олардың еуропалық өркениеттің кейінгі
дамуындағы маңызы ..................................................................41
2-тарау. Әлемдік тарихтың Орта ғасырларында ғылым мен
философияның дамуы ................................................................67
2.1. Ортағасыр дәуірінің ерекшеліктері туралы.
Сенімдегі философия .................................................................67
2.2. Патристика. А.Августиннің философиясы ............................74
2.3. Схоластика кезеңі. Номинализм мен реализмнің күресі.
Аквинскийдің шығармашылығы ..............................................77
2.4. Орта ғасырлардың мұсылмандық философиясы.
Әлеуметтік-саяси және идеялық алғышарттар .......................83
2.5. Әл-Фараби философиясы ...........................................................86
2.6. Ибн-Сина мен Ибн-Рушд ...........................................................89
2.7. Ибн-Хальдун – қазіргі заманғы әлеуметтік
философияның және саясаттанудың негізін салушы ............93
427
3-тарау. Қайта өрлеу дәуірі философиясы .............................................99
3.1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі .............................................99
3.2. Н.Кузанский және оның философиялық идеялары ..............102
3.3. Қайта өрлеу дәуірінің ғылыми жетістіктері .........................105
3.4. Н.Макиавеллидің философиялық және әлеуметтік-
саяси идеялары ..........................................................................113
3.5. Діни реформация және оның еуропалық капитализм
дамуындағы маңызы ................................................................118
4-тарау. Жаңа дәуір ғылымы және философиясы ..............................121
4.1. Жаңа дәуірдің әлеуметтік-экономикалық және рухани
өмірінің ерекшеліктері .............................................................121
4.2. Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм мен
рационализм және олардың ғылымның дамуына
ықпалы (Ф.Бэкон және Р.Декарт) ............................................122
4.3. Т.Гоббстың әлеуметтік философиясы: моральдың
жоғарғы белгісі ретіндегі мемлекет мүдделері ....................131
4.4. Спиноза және оның түпнегіз туралы ілімі.
Жете ұғынылған қажеттілік іспетті азаттық ........................134
4.5. В.Г.Лейбниц монадологиясы ...................................................137
4.6. Джон Локктың гносеологиялық және онтологиялық
көзқарастары ..............................................................................141
4.7. И.Ньютон мен оның планетарлық теорияға сіңірген
еңбегі және жаңаеуропалық ғылымның құрылуы ...............143
4.8. Б.Паскальдің ғылыми жетістіктері және
философиялық ұстанымдары ..................................................146
5-тарау. Ағарту дәуірінің философиясы және ғылымы .....................150
5.1. Кейіннен Ағарту дәуірі деп аталған XVIII ғасыр
философиясының ерекшеліктері ............................................150
5.2. XVIII ғасырдағы ағылшын ағартушылары және
олардың негізгі философиялық идеялары .............................152
5.3. Француз ағартушылары ...........................................................159
5.4. Орыс ағартушылығы ................................................................175
6-тарау. Неміс классикалық философиясы ...........................................180
6.1. Неміс классикалық философиясының пайда болуының
тарихи шарттары және оның жалпы сипаттамасы ..............180
428
6.2. И.Кант – неміс классикалық философиясының негізін
салушы. Таным теориясындағы «Коперник төңкерісі».
Кант этикасы .............................................................................181
6.3. И.Фихтенің субъективтік идеализмі және
Ф.Шиллингтің объективтік идеализмі ..................................189
6.4. Г.Гегельдің жүйесі және әдісі ..................................................197
6.5. Фейербахтың материализмі.
Сүйіспеншілік философиясы ...................................................204
6.6. Марксизм: «иә» және «қарсы» ................................................209
7-тарау. Классикалық емес философия. Иррационализм ...................221
7.1. Неміс классикалық философиясынан – қазіргі заманға
дейін. Рационализм қағидаларын басқаша ойлау.
Иррационализм .........................................................................221
7.2. «Өмір философиясы» және оның негізгі түрлері .................230
8-тарау. XX ғасырдағы ғылым мен философия ...................................238
8.1. XX ғасыр философиясындағы негізгі үрдістер:
сциентизм мен антисциентизмнің күресі ..............................238
8.2. XX ғасырда классикалық емес немесе постклассикалық
ғылымның пайда болуы және оның ерекшеліктері .............240
8.3. Ғылым философиясы ретіндегі неопозитивизм ...................246
8.4. Структурализм ..........................................................................259
8.5. Прагматизм және неокантиандық ..........................................261
8.6. Феноменология және оның екі тармағы ................................266
8.7. Герменевтика: герменевтикалық дәстүр, ғылыми және
философиялық герменевтика ..................................................269
8.8. Экзистенциализм – бірегей адам тұлғасы өмірінің
мағынасы туралы ілім ретінде ...............................................272
8.9. Фрейдизм: саналы және санадан тыс әрекет мәселесі.
Неофрейдизм .............................................................................279
8.10. Модернизм және постмодернизм ............................................287
Үшінші бөлім. ғылым философиясы ................................................295
1-тарау. Ғылыми таным: оның құрылымы, деңгейлері
мен әдістері ...............................................................................296
1.1. Ғылыми таным құрылымы .....................................................296
1.2. Танымдағы шындық мәселесі .................................................300
1.3. Ғылыми таным деңгейлері туралы ........................................302
429
1.4. Ғылыми таным әдістері ...........................................................315
1.5. Ғылыми танымның дамуы ......................................................335
2-тарау. Ғалым мамандығы: әлеуметтік сипаттама ........................341
2.1. Ғалым мамандығының ерекшеліктері туралы .....................341
2.2. Ғылыми мамандықтарға мамандар даярлау туралы ...........344
3-тарау. Ғылымның этикалық мәселелері ............................................347
3.1. Мораль философиясы туралы .................................................347
3.2. Ғалымның адамгершілік жауапкершілігі жайында .............351
4-тарау. Әлемнің ғылыми бейнесі философиясы .................................358
4.1. Әлемнің табиғи бейнесі: оның қалыптасуы мен
дамуының негізгі кезеңдері ....................................................358
4.2. Әлемнің жаңа ғылыми бейнесін қалыптастырудағы
химия ғылымының рөлі ..........................................................375
4.3. Әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін
қалыптастырудағы биология ғылымының үлесі ................380
4.4. Антроптық қағида. Биосаладан ноосалаға көшу
мәселелері ..................................................................................386
4.5. Адамзаттың ғаламдық мәселелері және оларды
шешу жолдары ..........................................................................404
Қорытынды ...............................................................................................412
Глоссарий (түсініктемелер) .....................................................................413
а.и.артемьев, с.Қ.мырзалы
ғылым таРиХы
және ФилОсОФиЯсы
ISBN 978-601-281-026-4
Қазақ тіліне аударған – Омарова сәуле сыдықбекқызы
Компьютерде беттеу және дизайн – любовицкая Ольга
Басуға 2011 жылы қол қойылды.
Форматы 60х84 1/16. Көлемі 27 баспа табақ.
Times гарнитурасы. Офсеттік басылым.
Тапсырыс № 87. Тиражы – 1000 дана.
«Бастау» баспасы (тел. 266-54-59, 266-54-58).
Мемлекеттік лицензия – № 0000036.
ҚР Білім және ғылым министрлігі.
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының
халықаралық код беру куралы №155 –
978-601-281 сертификаты.
Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 458/460-95
«Полиграфсервис» баспаханасында басылды (тел. 233-32-53)
Алматы қаласы, Зеленая көшесі, 13-а
Достарыңызбен бөлісу: |