ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


месе  материя,  шіркеулік  және  азаматтық  мемлекеттің  формасы



Pdf көрінісі
бет15/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47

месе  материя,  шіркеулік  және  азаматтық  мемлекеттің  формасы 

мен  билігі»  (1651)  деген  еңбегі  қоғамдық-саяси  және  ғылыми  топтар 

арасында  үлкен  толқу  тудырды.  Онда  мемлекеттің  қызметіне,  саяси 

билікке қатысты мәселелер терең де жан-жақты зерттелген.

Туындысын  библиялық  теңіз  құбыжығының  атымен  атай  оты-

рып, – Иова кітабында Левиафанның «тәкаппар ұлдардың барлығының 

патшасы»  екені  айтылған  (Иова  кітабы,  41:26),  –  Т.Гоббс  өзі  «алып 

тірі  ағза»  деп  қарайтын  мемлекетті  соған  ұқсатады.  Оның  қоғамдық 

құрылыс пен мемлекет туралы ой-пікірлерінің бастауы – «адамдардың 

табиғи  жай-күйі»  болып  табылады,  солар  деп  ол  адамның  азаматтық 

қоғамнан тыс жағдайын түсінеді: қандай да бір мемлекеттік ұйым бол-

маса,  жеке  меншік  жоқ  болса,  бұндай  жағдайды  «бәрінің  барлығына 

қарсы соғысы», яғни «адам – адамға жау» деп жариялаудан басқа лаж 

қалмайды.

Бұл  соғыста,  Гоббс  бойынша,  жеңімпаздар  болмайды.  Ол  (соғыс) 

әркімге  төніп  тұрған  қауіп-қатер  жағдайын  білдіреді.  Табиғаты 

сездіріп,  өз  жағдайының  мүшкілдігін  түсінген  соң,  адамдар  осын-

дай  бейшара  және  жиіркенішті  күйден  арылуға  ұмтылады,  бірақ  бұл 

олар  өзара  келісім  бойынша  өздерінің  барлық  құқықтарынан  бас 

тартқан  жағдайда  ғана  мүмкін  болады.  «Өз-өзімді  билеу  құқымнан 

бас тартып, ол құқымды мына бір адамға немесе адамдардың әлдебір 

жиынына  беремін,  егер  сен  де  мен  сияқты,  оларға  өз  құқыларыңды 

берсең, барлығы үшін оларға уәкілеттік ұсынсаң, олардың әрекеттерін 

өзімдікі  деп  танитын  боласың.  Солай  болған  кезде,  ерекше  бір 

қауымдастыққа,  қауымға  сөйтіп  біріккенде,  олар  көпшілік  деп  атала-

ды,  латынша  –  civitas.  Ұлы  Левиафанның  дүниеге  келуі  осындай...». 


132

Нәтижесінде,  жеке  адамдар  өкілеттіктерін  беріп,  өз  еріктерін  мемле-

кетке  бағындырып,  қоғамдық  шарт  жасасады.  Мемлекет  билігі  ғана 

табиғи заңдардан көрінетін саналы адамдық табиғатты іске асыра ала-

ды. Азаматтық заңдар табиғи болуға, бірақ міндетті түрде мемлекеттің 

беделі және күшімен бекіген болуға тиіс. Гоббс үшін мемлекет – бұл 

ешкім  қол  сұға  алмайтын  құндылық.  Мемлекеттік  билік  мықты, 

орталықтандырылған болуға тиіс: «билікті бөлу – оны жою деген сөз, 

өйткені бөлек-бөлек ажыратылған биліктер бір-бірлерін құртып тына-

ды».  Мығым  және  әлеуетті  биліктің  талабы  қалыптасып  келе  жатқан 

буржуазияның мүдделеріне әбден сәйкес болды.

Гегель  «Философия  тарихында»  Гоббсқа  қаратып,  «оның  пікірі 

ұшқары  және  эмпириялық,  яғни  тәжірибеге  ғана  негізделгендігін, 

бірақ  оған  келтіретін  уәждері  мен  тезистері  шынайы  екенін,  өйткені 

табиғи  қажеттіліктерден  туғанын»  айтқан.  Бірақ,  біздің  ойымызша, 

Гегельдің  бұл  көзқарасы  әділетті  емес.  Әйтпесе  Гоббстың  мемлекет 

пен  қоғамға  қатысты  пікірлері  XVII-XVIII  ғасырлар  ойшылдарының 

басым  көпшілігіне  орасан  зор  ықпал  етпеген  болар  еді.  Егер  аяғына 

дейін  әділетті  болғымыз  келсе,  онда  Т.Гоббстың  келісім-шарт 

және  мемлекеттің  пайда  болуы  теориясынан  тартылған  жолдың 

«Ж.Ж.Руссоның  қоғамдық  келісіміне»,  ары  қарай  біздің  бүгінгі 

заманымызға  жеткізгенін  мойындағанымыз  жөн.  Ұлы  әлеуметтік 

философтың  мемлекетке  және  қоғамға  деген  пікірлері  алғаш  рет 

теологияға емес, ақыл-парасат пен тәжірибеге сүйенді.

Иә,  бүгінгі  күні  біз  мемлекеттің  пайда  болуы  –  аса  күрделі, 

көпфакторлы  үдеріс  екенін,  онда  келісім  де,  күш  қолдану  да,  жеке 

меншік  те  болатынын  жақсы  түсінеміз.  Бірақ  сонда  Т.Гоббстың 

конвенциялық теориясына неге соншалықты мән беріп, көңіл бөлеміз? 

Себебі,  негізінен,  кез  келген  мемлекетті  адамдардың  қоғамдық 

өмірді  қандай  ұстанымдар  мен  нормалар  негізінде  ұйымдастырғысы 

келетіні туралы әлдебір конвенция деп қарауға болады. Осы тұрғыдан 

алғанда,  Қазақстан  Республикасының  егжей-тегжейлі  бүкілхалықтық 

талқылаудан  кейін  азаматтардың  дауыс  беруі  арқылы  қабылданған 

1995  жылғы  Конституциясы  –  біздің  елімізде  бейбітшілік  пен 

орнықтылықты қамтамасыз ететін осындай құжат болып табылады.

Ойшылдың  басқа  да  философиялық  көзқарастары  жайында  бірер 

сөз  айта  кетуімізге  болады.  Т.Гоббстың  философияны  әлемді  ақыл-

парасат көмегімен танып білуге болады дей отырып, теологияны фило-

софия аясынан тыс қарастырғанын ерекше атап өткеніміз жөн. Соны-


133

мен бірге ол дінді қарапайым халық үшін, әсіресе оның рухани жетілуі 

үшін қажет деп санады.

Өзінің онтологиялық пікірлерінде Гоббс Әлемді нақты өмірде бар 

заттардың  бәрінің  жиынтығы  деп  есептейді.  Олардан  басқа  ештеңе 

де жоқ. Нақты зат – ол субстанция (түпнегіз). Ұзындық және форма – 

заттардың  негізгі  қасиеттері  (акциденция).  Зат  жоқ  жерде  кеңістік  те 

жоқ. Уақыт – ол да нақты қозғалатын денелердің өлшемі ғана.

Ол әлемнің тек материалдық және қозғаушы себептерін мойындаған. 

Әлемдегі  денелердің  шексіз  санының  қозғалысы  қайдан  шығып  жа-

тыр?  Бұл  сұраққа  жауап  бергенде,  ол  Құдайды  заттардың  бастапқы 

қозғаушысы  деп  таниды.  Ары  қарай  дүние  өзінің  заңдылықтары 

негізінде дами береді.

гносеологияда  гоббс  тәжірибеден  шығатын  білімге  сүйенеді. 

Бірақ  ғылыми  ұғымдарға  жету  үшін  бұл  жеткіліксіз.  Сол  себепті 

математикалық  білімдерді  қолдану  қажет.  Ол  Декарттың  «туа  біткен 

идеяларына»  қарсы  шығады  және  олардың  негізін  сөздерден,  тілден 

іздейді. Ойлау тілге тең. Сөздердің көмегімен ғана біз өз ойларымызды 

басқаларға жеткізе аламыз. Сөз – ол заттардың атауы (лат. – nomina). 

Сондықтан  бір  сөздердің  әртүрлі  адамдардың  ауыздарынан  әртүрлі 

мағынада айтылуы мүмкін. Адамдардың бір-бірлерімен келіспеушілігі, 

бір-бірлерін түсінбеуі осыдан келіп шығады.

Егер жете ойланып көрсек, оның шындықтан тым алыстамағанын 

байқаймыз.

Адамдар өзара келісімге келе отырып, сөздердің мазмұнына бірдей 

мағына  бергенде  ғана  адамдардың  өзара  түсіністігі  орын  алады. 

Кейіннен, XX ғасырда бұл мәселе ғылым философиясында Т.Гоббстың 

идеялары рухында қаралатын болды.

Ойшыл  сонымен  қатар  Ф.Бэкон  мен  Р.Декарт  идеяларының 

біржақтылығын  да  байқаған.  Ол  танымның  екі  әдісін:  индукция  мен 

дедукцияны  біріктіруді  қажет  деп  санайды.  Алайда,  егер  Табиғат 

зерттеулерінде индуктивтік әдістің басымдығы қажет болса, ал этика 

мен саясатта дедуктивтік әдіс басымдыққа ие. 



адам  мәселесін  ойшыл  Н.Макиавелли  рухында  қарастырады. 

«Адам  –  табиғатынан  өзімшіл.  Адамдар  тойымсыз,  қорқақ  және 

қазымыр,  ал  қоғам  пенделері  ретінде  олар  пайда  мен  атақ  көздейді, 

тек өздерін жақсы көреді. Қоғамдық өмірде адамдардың өзімшілдікке 

негізделген  мүдделері  тоқайласып,  қабаттасып  жатады.  Бұл 

заңдардың  бұрмалануына,  адамдардың  құқықтарының  бұзылуына 

әкеліп  соқтырады.  Егер  геометриялық  дәлелдемелер  адамдардың 


134

мүдделерін  қозғаған  болса,  онда  олар  әлдеқашан-ақ  отқа  өртелер 

еді». Бұл данышпандық сөздер Т.Гоббсқа тиесілі. Сол себепті мораль 

құндылықтарының  негізінде  де  мүдделерден  шығатын  пайда  жатыр. 

«Қайырымдылық пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық деген не?». 

Бұл  сұраққа  Т.Гоббс  пайда  (лат.  –  utilitas  –  пайда)  тұрғысынан  жауап 

береді.  Бізге  ұнайтыны  да,  пайдалысы  да  –  ізгілік  пен  жақсылық,  ал 

зұлымдық пен жамандық, әлбетте, керісінше.

Адам  еркіндігін  қарастыра  келе,  Т.Гоббс  оны  жалпыға  бірдей 

деңгейге шығарады. Табиғаттың барлық денелері еркіндікке ұмтылады. 

Мысалы, егер ыдыс сынса, ондағы су еркіндік алады. Адам еркіндігін 

айтар  болсақ,  бір  жағынан,  адам  еркін,  бірақ,  екінші  жағынан,  қоғам 

қажеттілігімен  санаспай  тұра  алмайды,  өйткені  өзі  сияқты  мыңдаған 

адаммен  өзара  қарым-қатынаста  болады.  Өзеннің  ағысы  еркін,  бірақ, 

сонымен бірге өз арнасынан аса алмайды. Адам да дәл сондай.

4.4. спиноза және оның түпнегіз туралы ілімі.

жете ұғынылған қажеттілік іспетті азаттық

бенедикт  (барух)  спиноза  (1632-1677)  –  «ұлы  философтардың 

ішіндегі  ең  бір  ізгілікті  және  тартымды  адам.  Парасат  жағынан 

кейбіреулері  одан  артық  та  болған  шығар,  бірақ  ол  адамгершілік 

тұрғысынан  бәрінен  жоғары  тұр.  Бұның  табиғи  салдары  –  өмір  бойы 

және  қайтыс  болғаннан  кейін  де  бір  ғасыр  оның  жан  шошытатын-

дай  өнегесіз  адам  саналғаны».  Бұл  сөздерді  айтқан  екінші  бір  ұлы 

философ – Бертран Рассел (Рассел Б. История западной философии. – 

Новосибирск: НГУ, 1997. – 529-бет).

Бұл  адамның  адамгершілік  қасиеттері  неге  соншалықты  төмен 

бағаланған?

Ол еврей отбасында дүниеге келген және иудей оқымыстылығының 

білгірі  саналғанмен,  діндар  иудей  болу  мүмкіндігін  ойламаған.  Сол 

үшін оны еврейлер шіркеуден қуып, тіпті өлтірмек те болған. Бірақ оны 

христиандар  да  бірдей  жек  көретін.  Спиноза  философиясында  Құдай 

идеясы үстем болғанмен, шіркеушілер оған атеист деп кінә артқан.

Оған Декарт философиясының әсері күшті болды. Сол себепті ол өз 

білімін жаратылыстану ғылымдары мен математика саласында көбірек 

кеңейтуге күш салады. Спиноза философиясын сипаттай келе, Гегель: 

«Ол Декарт философиясын дара шындық түрінде нақтылайды», – деп 

кездейсоқ  айтпаса  керек.  «геометриялық  әдіспен  баяндалған  кар-



135

тезия  философиясының  ұстанымдары»  атты  жұмысында,  сондай-

ақ  «геометрияда  қолданылатын  әдіспен  баяндалған  этика»  де-

ген  басты  еңбегінде  ол  ой-пікірлердің  негізгі  қағидалары  ретінде 

картезиандық  рационализмге  және  «геометриялық  әдіске»  ойланбас-

тан  қосылады.  Бірақ  ғылыми  зерттеулерінде  Декарттың  идеялары-

нан шегініп, ол Бэконмен біріккені сияқты, онымен де үздіксіз сұхбат 

жүргізумен болады.

Спиноза  іс  жүзінде  философия  тарихында  алғашқы  болып  көне 



өсиетті  оқып  зерттеген.  Ол  алдымен  «адам  мен  Құдай  және  оның 

бақыты туралы» трактат, содан кейін «теологиялық-саяси трактат-

ты» жазды. Бұл еңбектерінде Спиноза ғылыми тарихжазудың негізін 

қалады.


Өз  онтологиясында  Б.Спиноза  Құдай  туралы  айтқанда,  Оны  бұл 

Әлемнің  соңғы  себебі  санайды.  Бірақ  сонымен  бірге  ол  Құдайды 

Табиғаттың  ішіне  сіңіріп,  Оған  пантеистік  мағына  береді,  бұл  оны 

Құдай  осы  өтпелі  дүниенің  шектерінен  тыс  өмір  сүретін  мәңгі  Рух 

емес  дейтін  алысқа  әкететін  қорытынды  жасауға  келтіреді.  Оны 

ақылмен ғана түсінуге болады.

Екіншіден,  бұндай  тұжырымдаманы  жақтаушылар  әлемді  Құдай 

әрекетінің ең алшақ салдары деп санайтын деизмге қарсы келеді. Спи-

ноза Құдайды осы дүниенің ең жақын себебі көреді.

Ал енді, ақыр соңында, үшіншіден, Табиғатқа парапар Құдай – осы 

дүниенің Түпнегізі. Сөйтіп, Құдай, табиғат, түпнегіз – тұтас бірбүтін. 

Осындай  көзқарас  болғанда,  «жаратушы»  және  «жаратылған»  де-

ген  діни  ұғымдарға  қажеттілік  өз-өзінен  жоғалады.  Табиғаттың  өзі  – 

«causa sui» – өз-өзінің себебі. Құдай мен Табиғат бір-бірлеріне сәйкес 

келетіндіктен,  Спиноза:  өндіруші  табиғат  (лат.  –  natura  naturans) 

және  өндірілген  табиғат  (лат.  –  natyra  naturata)  деген  екі  ұғым 

енгізеді. Алғашқы түсінікке ақыл-парасат түйсігімен жетуге болса, ал 

екіншісіне адамды қоршаған заттарды сезімдік қабылдау арқылы жете 

аламыз.

Б.Спиноза нақты денелер мен заттарды біртұтас түпнегіз модустары 



деп қарастырады. Түпнегіз өзін зат-модустар көмегімен шектейді. Ал 

кез келген шектеу – ол терістеу (determinatio est negatio). Сондықтан 

заттар  пайда  болады,  өзгереді,  құриды.  Шектеу  бір  заттың  бірегей 

болмысын анықтай отырып, оны екіншісінен бөлектейді, өйткені бұл 

дүниедегі бірде-бір зат екіншісіне толықтай ұқсамайды. 

Түпнегіздің  бірнеше  белгісі  бар:  біріншісі  –  ұзындық,  екіншісі  – 



ойлау.  Сөйтіп,  Декарттың  дербес  екі  түпнегізі  Б.Спинозаның 

136

онтологиялық көзқарастарында бір түпнегіздің екі белгісіне айналды. 

Ал  енді  осылай  болғандықтан,  бар  табиғат  –  тірі!  Философияда  бұл 

гилозоизм  (грекше  –  gileos  –  денеге  тән,  материалдық,  zoo  –  тірі)  – 

бүкіл табиғаттың жандануы деп аталады.



таным  мәселесінде  Б.Спиноза  рационалист  болды.  Сезімдік  та-

ным  –  көмескі  білім.  Ойлау  ғана  адамға  нақты  білім  береді.  Оның 

үстіне,  нағыз  нақты  білімді  математика  береді,  өйткені  математика 

ұғымдары жүйелі, бір-бірімен негізді түрде өзара байланысқан.

Өмірдегі  жинақтаған  тәжірибесіне  қарай  әрбір  адам  аталған 

сезімдерді  өздігінше  қабылдайды.  Мысалы,  далада  аттың  қиын 

көргенде,  шаруа  егіс  даласын,  ал  әскер  бұрынғы  ұрыс  даласын  есіне 

алады.  Бірақ  сезімдік  танымды  тұтастай  жалған  деуге  болмайды: 

онда  қашанда,  мысқалдай  болса  да,  шындық  бар.  Мысалы,  білімсіз 

адам Күнді кішкентай, әрі жылы нысан деп ойласа, қалай дегенмен де, 

бұл  жерде  шындық  қылтияды,  өйткені  күн  бар  және  өзінің  жарық 

сәулелерімен жерді жылытады. Күнделікті сезімдік таным халықтың 

өмірін,  адамдардың  бір-бірлерімен  қарым-қатынастарын  белгілейді. 

Рационалистік  жолмен  алынған  білім  де  әр  кездері  тәжірибелік 

тексеруді қажет етеді.

Танымның  тағы  бір  үшінші  түрі  бар  –  ол  ақыл-парасат  түйсігі 

немесе  сезімдік  те,  рационалистік  те  танымға  жүгінбей,  шындыққа 

тікелей  жету.  Ол  Әлемнің  тұтастығына  жету  мүмкіндігін  береді.  Та-

ным  туралы  ілімнің  тағы  бір  ерекшелігі  –  гносеологиялық  және 

онтологиялық ілімдердің бірлігі, өйткені түпнегіздің ойлау қасиеті бар.

Спинозаның  антропологиясы  да  өзгеше.  Ол  адамды  Табиғаттың 

бөлінбес  бөлшегі  санайды.  Ал  осыдан  Табиғаттың  қасиеті  –  ойлау  – 

адам бойында барынша дамыған түрінде көрінеді. Ал сол уақытта адам 

дене  ретінде  Табиғатқа  түбегейлі  тәуелді  және  қоршаған  дүниемен 

есепсіз  байланыстарға  және  өзара  әрекеттерге  түседі.  Оның  үстіне, 

бірінші кезекте ол өз-өзін сақтауға ұмтылады. Ал бұл оның бойында 

әртүрлі  сезімдер  мен  құштарлықтарды  оятады.  Платон  мен  Сократқа 

ұқсап, Б.Спиноза да адамның дұрыс емес әрекеттерінің себебін жалған 

танымнан  шығарады.  Егер  адам  айналасында  қалыптасқан  жағдайды 

дұрыс түсінсе, ол өзінің іс-әрекеттерінде қателеспейді және кейбіреулер 

бақытсыздық деп бағаласа да, ол өзін бақытты сезінеді.

«Әдетте,  адамдар  өз  еріктерін  азат  деп  ойлайды  және  әрекеттерін 

мүлдем  еркін  іске  асырып  жатқандарына  сенімді,  –  деп  жазады 

В.В.Соколов. – Әйткенмен ерік бостандығы – ол қиял, яғни көпшілік 

адамдардың  өз  әрекеттерін  соларға  ықпал  ететін  себептерге  терең 



137

мән  бермей  жасағанының  нәтижесі.  Ақыл-парасат  түйсігі  арқылы 

келетін  білім  жолында  барлық  себептердің  жалғыз  түпнегізбен 

әлемдік  байланысын  ұғынуға  қабілетті,  ақылы  толысқан  азшылық 

қана  өзінің  барлық  әрекеттерінің  қажеттігін  түсінеді,  ал  бұл  ондай 

данагөйлерге  олардың  аффект-құштарлықтарын  аффект-әрекеттерге 

айналдыруға,  сол  арқылы  шынайы  бостандыққа  жетуге  мүмкіндік 

береді»  (В.В.Соколов.  Спиноза.  /  Жаңа  философиялық  энциклопедия, 

3-том.  –  М.:  Мысль,  2001.  –  622-бет).  Спиноза  бостандықты  дәл  осы-

лай түсінді. Оның: «бостандық – санамен түйсінген қажеттілік», – 

деген  танымал  формуласы  осыдан  шыққан.  Адам  үшін  жоғарғы 

игілік  –  Құдайды  тану  арқылы  Оған  деген  парасатты  сүйіспен-



шілікке  жету.  Ал  егер  Құдайдың  Табиғат  екенін  еске  түсірсек,  онда 

адамның  қоршаған  дүниені  танып  білудегі  қиын  да  азапты  жолы 

оның бойында бақыт сезімін оятады, ал бұл – ең жоғарғы ләззат.

Өзінің  әлеуметтік  философиясында  Б.Спиноза  әркімнің  өз-өзін 

сақтауға  ұмтылуы  қоғамның  пайда  болуына  себепші  болады  деп  са-

найды. Ал мемлекет, Т.Гоббс ойлағандай, «келісім-шарт күшінен» емес, 

адамдардың  алуан  түрлі  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  қажеттігі 

нәтижесінде еңбекті бөлу арқылы пайда болады.

Қоғамның  рухани  өмірі  туралы  айтқанда,  Б.Спиноза  діннің 

маңызын тым төмен бағалайды. Библия қарама-қайшылықтарға толы, 

бұны аталған құжаттың Құдайдан түскендігі емес, адам тудырғаны-ақ 

растайды. Діни сенімнің пайда болуының себебі қарапайым да білімсіз 

адамдардың  Табиғаттың  дүлей  күштері  алдындағы  қорқынышы  бо-

лып табылады. Мысалы, келешектегі өлімнен қорқуды айтуға болады. 

Адам алдын ала қандай әрекеттерге барса да, одан қашып құтыла ал-

майды. Сондықтан өлімнен қорқу – босқа құртқан уақытпен тең. Бұл – 

адам  құлдығының  бір  түрі.  Оның  орнына  адам  барлық  күш-қайраты 

мен  қабілетін  өмірлік  мәселелерді  шешуге  бағыттауға  тиіс.  Адамның 

қуаныш  пен  мазасыздыққа,  күйзеліс  пен  мұңға  толы  өмірі  –  бұл 

шексіз Әлемнің кішкентай ғана бір бөлшегі. Осындай көзқарас адамға 

жұбаныш пен тыныштық әкеледі.

4.5. В.г.лейбниц монадологиясы

 

готфрид Вильгельм лейбниц (1646-1716) – аса көрнекті неміс фи-

лософы, өз заманының энциклопедиялық біліміне жетік адам. Ол ма-

тематикада,  физикада,  тарихта,  құқықтануда,  дипломатияда  жарқын 

із  қалдырды.  Бірақ  өзінің  адами  қасиеттері  жағынан  Спинозаға 


138

мүлдем  қарама-қайшы  адам  болды.  Рас,  ол  еңбекқор,  ұқыпты,  алдап-

арбаушылықтан  бойын  аулақ  ұстайтын,  ақша  істерінде  адал  адам 

еді.  Дегенмен  екіжақты  өмір  сүрді.  Оның  екі  философиясының  бо-

луы  да  соған  байланысты:  бірі  –  «ресми»,  билік  иеленгендердің 

конъюнктуралық  мүдделеріне  есептелген,  ал  екіншісі  –  өзі  үшін  деп 

жазылған  іспетті  (ол  Лейбниц  қайтыс  болғаннан  кейін  белгілі  бо-

лып, оның даңқын асырды). «Дүние – әлемдегілердің ең жақсысы», – 

деп  жариялаған  нақ  осы  «ресми»  Лейбниц  болды  (оған  Ф.Г.Бергли 

мысқылдап:  «...Ондағының  барлығы  –  қажетті  жамандық»,  –  дегенді 

қосқан-ды. Ал екіншісі оған дейін қол жеткен жетістіктердің барлығын 

сын  көзбен  қайта  қарап,  алдыңғылардың  бастағандарын  аяқтап 

шықты,  сөйтіп,  еуропалық  рационализм  философиясының  даңқын 

шығарды.


Көп мәселелерде Спинозаға қарыздар болған Лейбниц бұны мұқият 

жасырып  келді,  өйткені  Спинозаның  күпірлікпен  аты  шықты  және 

«сақтанып  жүру  мақсатында  оған  әлдеқалай  бір  мақтау  сөз  айтып 

қалудан тартынатын; ал Лейбництің артық кеткені соншалық, күпір ев-

реймен жеке таныстығының қаншалықты дәрежеде екені туралы өтірік 

айтатын»  (Рассел  Б.  История  западной  философии.  –  529-бет).  Бірақ 

бұл  –  адамгершілік  қасиеттері.  Алайда  ғалым  ретінде  ол  өзінің  жан-

жақтылығын  көрсетті  және  ол  әділетті  түрде  ұлы  данышпандардың 

бірі саналады:

•  Математикаға  ол  шексіз  кіші  бөлшектер  түсінігін  енгізді  (Нью-

тонмен болған әйгілі пікірталас).

• Тарихта ол Брауншвейский князьдігін зерттеуші ретінде танымал.

• Саясатта Мысыр экспедициясы жобасының авторы ретінде белгілі, 

кейін көп жылдар өткен соң, оны Наполеон Бонапарт пайдаланған.

• Оның докторлық диссертациясы заң мәселелеріне арналған.

• Инженерлік-құрылыс жобалары да кеңінен танымал.

Лейбництің  негізгі  философиялық  еңбектері:  «адамның  ақыл-

парасаты туралы жаңа тәжірибелер», «монадология», «теодицея», 

«метафизика туралы ой-толғаулар».

Онтологиялық  ой-пікірлерінде  ол  жаңа  көзқарастарды,  жаңа 

әдістерді  іздейді,  өйткені  оның  алдындағы  философтардың  идеялары 

оны  қанағаттандырмады.  Р.Декарттың  екі  түпнегізі  әлемді  қақ  бөлді, 

ал  оларды  біріктіру  үшін,  ол  Құдай  идеясына  келуге  мәжбүр  болды; 

ал  Б.Спиноза  бір  түпнегізді  ғана  мойындаса  да,  оның:  ұзындық  және 

ойлау  деген  екі  қисыны  бұрынғыша  бір-біріне  байланыссыз,  тәуелсіз 

қалып  отыр.  Олардың  екеуі  де  дүниенің  шексіз  түрленуінің  себебін 

аша алмады.



139

Г.Лейбництің  ойы  бойынша,  бір  түпнегізден  қайталанбайтын 

заттардың  шексіз  көп  саны  пайда  бола  алмайды.  Демек,  сапалы, 

көпқырлы  түпнегіз  табу  керек.  болмыстың  терең  негіздемелерінің 

өздері  көпсапалы  болып  шығуға  тиіс.  Сол  себепті  әлемнің 

негіздемесінде  әртүрлі  сапалардағы  түпнегіздердің  шексіз  көп  саны 

болуға тиіс. Өйткені әлем – ол бейберекеттік емес, бұл түпнегіздер де 

белгілі  бір  тәртіпке  келтірілуге  тиіс.  Осындай  ой  желісі  Г.Лейбницті 



өте  ұсақ,  өзіндік  жеткілікті,  ішкі  күштерге  толы  монадаларды  – 

жалғыздарды (грекше monos – жалғыз) мойындауға келтірді.

Монадалардың  өте  ұсақ  дене  бөлшектері  емес  екенін  айтқан  жөн, 

әйтпесе олар Демокриттің атомдарына ұқсап кетер еді. Олар кеңістікте 

ешқандай орын алмайды. Монадалар әрекет етеді, яғни олар көреді не-

месе қабылдайды, екіншіден, мақсаты бар.

Олар – рухы мен жаны бар, тәнсіз құрылымдар, сапалы нүктелер, 

әрқайсысы өзінше даму сатысында тұр. Олардың ортақтығы – олардың 

мәңгілігі және бөлінбестігі. Шамасы, монадалар идеясы ойшылдың ба-

сына  ол  Левенгук  микроскопы  арқылы  микроорганизмдерді  көргенде 

сезінген әсерінен кейін келген-ау.

Монадалардың тіршілік күші мол, олар өне бойы өзгерісте болады, 

жетіледі  және  осы  жолда  олар  материалдық  физикалық  үдерістерді 

туғызып жатады.

Әрбір  жеке  монада  –  өзінше  құпия  Ғалам.  Оларда  терезе  жоқ,  сол 

себепті олардың әлеміне ештеңе кіре де, шыға да алмайды, демек, олар 

бір-біріне ықпал ете алмайды. Олардың әрқайсысы өздігінен жетілген 

және өз-өзін шектейді. 

Ал  енді осы жерде өзгеше қиын  сұрақ туады: егер  монадалар  бір-

бірлеріне  ықпал  етпесе,  онда  неге  Әлем  бейберекеттікке  (хаос)  ай-

налып  кетпейді?  Себебі,  монадалар  алдын  ала  белгіленіп  қойған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет