Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,32 Mb.
#8300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2015  №4  (29)

9

АБАЙТАНУ

...бидің «қайрауы жетуі» – оның пара алуы. Оның

қайрауын жеткізген қайрағы – пара» [6,102] деп

өзінше  топшылайды.  Ал  бидің  парақорлығы

туралы  жинақтық  нұсқада  да  сөз  етілмейді.

Демек, бұл арада зерттеушінің биді «парақор» деп

кесіп айтуы негізсіз. Жинақта «Қайрауы жеткен

қатты би Қайырылып, не етсін көңілді!» делінсе,

газетте «Қайрауы жеткен мықты би Қалдырып

не етсін көңілді» деп берілген. Жыр мазмұнында

бидің қайрағы – сөздің көбеюі, ұлғаюы, ақылы

жандардың  арызы.  Қайрауының  жеткілігі  –

шешімге келуі. Ал оның болыстан қаймықпай,

тиесілі  малдарды  иесіне  қайтаруы  би  ісінің

мықтылығын айқындаса керек. Негізінен, осы

жырда ақын «мықты», «қатты», «күшті» деген

синонимдес  сөздердің  үшеуін  де  өз  ретімен

пайдаланады. «Қатты» сөзін төртінші бөлімдегі

«ағыны  қатты  аңқылдап»  деген  жолдан

кездестіреміз.

Төртінші  бөліктегі  25  жол  өлең  газеттік

нұсқада  18  жолмен  жинақталған.  Мәселен,

жинақтағы:

Бір кептірмей терімді

Күн батқанша шабамын,

Әрлі-берлі далпылдап.

Етек кеткен жайылып,

Ат к... жалпылдап.

...Пысықтың көбі бұғып жүр,

Беттесе алмай шаңқылдап.

Ашылып омырау, күн ыстық

Қойын кетті аңқылдап,–

деген тоғыз жол газеттік нұсқада мынадай төрт

жолмен ғана беріледі:

Таңертеңнен шабады,

Әрлі-берлі далпылдап.

Болған соң ашылып омырау, күн ыстық

Қойын кетті алқылдап.

Жалпы,  есі  дұрыс  адам  «бір  кептірмей

терісін»,  яғни,  демалмастан  атпен  «әрлі-берлі

далпылдап күн батқанша шаппайды». Егер солай

суреттелсе,  осы  бөліктегі  өлеңнің  соңында

«Табаныңнан тозасың Құр жүгіріп тарпылдап»

деген жолдар айтылмас еді. Сонымен қатар осы

бөлік бойынша  Ғ.Әбетов «Тіпті, өлең жолдарына

«буын»  санынан  асып  кететін  сөздер  де

жапсырыла  берген.  ...болыстың  деген  сөз

зорлықпен  қосылып...»  [6,107]  деп  орынсыз

ескерту жасайды. Газеттік нұсқада «болыстың»

емес, «болған соң», яғни, күн ыстық болған соң,

омырау ғана ашылмай, қойынның да алқылдап

кетуі.  Егер  сөз  мәнді  болса,  әсіресе,  жыр

үлгісіндегі өлеңнің буын санының біркелкі болуы

шарт  емес.  «Алқылдап»  сөзі  (1933  жылғы

жинақта да осылай берілген) жинақта (1995 ж.)

«аңқылдап» деп қате басылған. Сонымен қатар

«боқтап»  сөзі  газеттік  нұсқада  «ұрысып»  деп

берілген.  «Оязға  жетуі»  үшін  барқылдап

боқтағаннан гөрі, ұрысқаны қисындырақ тәрізді.

Одан  әрі  «елі  жөнді  болыстардың»  бейнесіне

келсек, жинақта «Күлкісі жақсы қарқылдап, Үні

бөлек сартылдап» деген артық жолдар кездеседі.

«Тарқылдаған» болысты тағы да «қарқылдату»,

«ағыны  қатты  аңқылдап»  сөйлегенді

«сартылдату» да ақынның шеберлігіне мін болса

керек.  Олай  болса,  ояз  алдында  «өзгеден  үні

бөлек» болыстың бейнесі газеттік нұсқадағыдай

болғаны дұрысырақ.

Бесінші  бөліктегі  20  жол  өлең  газеттік

нұсқада  12  жолмен  түйінделеді.  Жинақтық

нұсқадағы «Әуелде к... бос кәпір. Мықтыға не

қып  беттеймін»,  «Ояз  бардағы  қылықты  Ояз

жоқта етпеймін. Кәкір-шүкір, көр жерді Пайда

көріп  ептеймін»,  «Өзімдік  бол  деп  ел  жиып,

Құрастырып,  септеймін»  деген  артық  жолдар

болыстың тағы да өзінің «өйттім», «бүйттіміне»

басу  үшін  керек  болған  тәрізді.  Сондай-ақ

жинақтық нұсқаның бірінші жақпен айтылу реті

де  біркелкі емес. Ал газеттік нұсқаның идеялық

мазмұны жырдың тақырыбы мен құрылымына

сай салмақты.

Түйіп  айтқанда,  шын  сөздің  тұғырын

Абайдың  көзі  тірісінде  жарық  көрген  өз

жазбасынан іздеу абзал демекпін.



Әдебиет

1  Абай.  Шығармаларының  екі  томдық

жинағы. – Алматы: Ғылым, 1995.

2 Түсіндірме сөздік.– Алматы, 1978.

3  Ахметов  З.  Абайдың  ақындық  әлемі.–

2015  №4  (29)


10

АБАЙТАНУ

Алматы: Ана тілі, 1995.

4  Қожекеев  Т.  Абай  –  сатирик.  Алматы,

1970.


5 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.– Алматы:

Дайк-Пресс, 2008.

6 Әбетов Ғ. Абайдың саяси сатирасының

идеялық 


көркемдік 

ерекшелігі:

Дисс.филол.ғыл.канд.– Алматы, 1958.

Резюме

Resume

В статье автор проводит текстологическое исследование произведения Абая «Болыс болды

кей кісі», опубликованное в газете «Дала уалаяты».

The author holds textual study of works of Abai's.

2015  №4  (29)


11

АБАЙТАНУ

Ж. КАМАЛҚЫЗЫ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Түркістан қаласы

ӘОЖ 821.512.122



Баяндамада  Абайдың  ренессанстық  тұлға  болатын  себептері  дәлелденеді.  Абайтану

ғылымында М.Әуезов көрсетіп кеткен ғылыми қорытындыларды оның шәкірті ҚР ҰҒА академигі

Р.Бердібайдың әрі қарай тереңдей түсіндірген себептерін, әлі де ашылмай жатқан тұстарын

көрсетеді.  Автор  Р.Бердібайдың  Абайды  «ренессанстық  тұлға»  деп  атағанын  толығымен

қуаттайды. Абайдың өзінен бұрынғы шығыс, батыс, түрік ойшылдарының білімін үйреніп қана

қоймай, солармен ой жарыстырған  тереңдігін тануға соған лайық білімін жетілдірген жастарды

дайындау қажеттігіне назар аудартады.

АБАЙ – РЕНЕССАНСТЫҚ ТҰЛҒА

Тірек сөздер: Ренессанстық тұлға, абайтану, нәр алған қайнарлар, ислам құндылықтары,

кемеңгер,  ұлт руханияты, шығыс ойшылдары.

«Абай мұрасы мәңгілік мәнін жоймайтын,

әр  заманда  да  әсері  азаймайтын,  уақыт  озған

сайын терең сырлары ашыла түсетін, бүгінгі мен

болашақтың сан буынын тәрбиелейтін ұлттық

байлығымыз. Классикалық әдебиетіміздің асқар

биігі  болып  табылатын  Абай  шығармаларын

әрдайым  қайталап  оқып  отыру  халқымыздың

елдік санасын, көркемдік тұшынымын өсіретін

мықты құрал болып қала береді».  Р.Бердібай

Абайтану ғылымы дамыған  сайын оның

мұқтаждықтары  да  сан  қырынан  ашыла  түсіп

отырғанын  көруге  болады.  Өйткені  Абай

мұрасы  -  кез-келгеннің  тісі  бата  бермейтін

тұңғиық терең, сан қырлы, әлемдік ғылымнан

терең  сусындаған  жан-жақты  мәселелерімен

басты  айналдыратындай  бай  мұра.  Абай  -

жақындағы  туысқан  інісі  Шәкәрім  қажыдан

бастап,  сонау Петерборда жаңаша білім алған

алаштың  ардақтысы    Әлихан  Бөкейхановты

таңдандырған  ғажап  білім  иесі,  Семейге  сан

тағдырлы  жолмен  бастары  қосылған  орыс

зиялыларын тәнті еткен алып тұлға. Бірақ бұның

бәрі  -  сырт  құрғақ  сөзбен  берілген  бағалар.

«Ғылымға  дәлел  керек»  деген    ұлы  ұстаз  әл-

Фараби сөзіне сәйкес  нақты жұмыстар, терең

зерттеулер  ғана  Абайдың  ұлылығын  тануға

апаратын  жол  бола  алады.Абай  мұрасын

танудың  негізгі  әдіснамасына  ұлы  Мұхтар

Әуезов  анық  жол  салған.  «Абай  өмірі  мен

шығармаларының беделді білгірі Мұхтар Әуезов

абайтанудың негізін салумен қатар, бұл тарапта

болашақта атқарылар сан алуан мәселелерді де

жүйелеп көрсеткен. Сондай тақырыптардың бірі

ақын  Абайдың  үлгі  алған  нәрленген    рухани

көздеріне қатысты»,-дейді академик Р.Бердібай.

Ұлы тұлға М.Әуезов Абайды дұрыс танытатын

ғылыми  ізденістер  болатынына  сенген,  сол

болашақ үшін дұрыс жол көрсетіп кетуді мақсат

тұтқаны  көрінеді.  Абайды  шығыспен,  туған

рухани мұрамен байланыстыра алмай, тек орыс

әдебиетінен үйренгендігін  айтуды талап еткен

саяси  тар  қыспақта  тұрса  да,  өзіне  мәлім

мәселенің сорабын көрсетіп кеткен. М.Әуезовті

өмір бойы өзіне ұстаз санаған, жол таба алмай,

ақылшы іздеген кездерінде үнемі М.Әуезовтің

жазбаларын ақтарып отыратын ғалым Р.Бердібай

абайтанудың жаңа беттерін бастауды да Әуезов

салған  жолдан іздеген.  М.Әуезов айтқан  Абай

нәр алған үш қайнар жаңалық емес, бірақ соның

өзін  әлі  тереңірек  тарқату  қажеттігін  ғалым

Р.Бердібай жүйелей түсіндіреді: «...Дана ақынның

өз халқынан және жалпы адам  баласының өнер-

2015  №4  (29)


12

АБАЙТАНУ

ой  байлығынан  алған  үш  үлкен  салалы  түп-

төркіні  барын  байқаймыз.  Мұның  біріншісі  –

қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып,

өсіріп  келген  өз  даналығы,  халықтың  ауызша

әдебиет қоры... Екінші бір қол артқан қазынасы

– араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың көркем

классик поэзиясы. Үшінші, үлкен өнер, мол азық

алған  зор  саласы  –  орыс  халқының  мәдениеті

және  сол  арқылы  Еуропа  мәдениеті  [2,  270],-

деген  түйіндеулерін  уақытына  сай  толық

тарқатып, болашақ зерттеушілерге үлкен бағыт

көрсетеді. «Бұл тақырыптар түрлі зерттеулерде

азды-көпті  көтеріліп  келеді.  Бірақ  Абайдың  өз

халқының  көркемсөз  даналығымен,  шығыс,

батыс әдебиеттерімен  сан тарау байланысы кең

көлемде тексерілген жоқ. Аталған тақырыптың

әрқайсысынан  алуан  проблема  екшеліп  шыға

бермек»  [1,173],  -  деген  сөздері  осыны

дәлелдейді.

Заман өзгеріп, тәуелсіздік алғаннан кейінгі

жылдары абайтануға қайта бет бұру керектігін

айтқан алғашқы ғалым да Р.Бердібай болатын.

Әсіресе, Абайды исламнан алыстатып көрсетуге

тырысқан сын еңбектерді қайта қарау керектігін

айтып дабыл қаққан болатын. Сол уақыттарда

да жол басшы ретінде М.Әуезовтің Абай туралы

монографиясын қайта зерделеді. Монографияда

айтылған  тезис  түріндегі  қорытындыларды

таратып тексеретін кез келгенін ғалым ерекше

атап  өтеді.  Абайтану  ғылымының  сол  күнге

дейінгі жетістіктерін жоққа шығармай, тереңдей

зерттелуге  тиісті  мәселені  М.Әуезов  еңбегіне

сүйеніп күн тәртібіне қояды. Және ғалым сонау

ХХ  ғасырдың  соңын  ала  келген  тәуелсіздік

жылдарымен  бірге  сырттан  келген  түрлі

идеологиялық  тасқындардан  Ұлы  Абайды,

сонымен бірге бүкіл қазақ руханиятын арашалап

қалған  деуге  болатын  қорытындыларды

жүйесімен жұртшылыққа жайып салды. Абайды

исламнан арашалап алып қалуға әрекет жасаған

атеист ғалымдарымызға үлкен ескерту жасады.

Бұл  да  өзінше  үлен  бір  бағыт  деуге  болады.

«Қазақты  дінсіз  халық  етіп  көрсетіп  келген

белсенділер мен дінімізді ғайбаттап, оның асыл

ережелеріне кір жағуға ұмтылған қаскүнемдер

Абайды  да  дінге  енжар  қараған  адам  етіп

көрсетуге  тырысқаны  белгілі.  Олар  осындай

әрекетімен  шындықты  бұрмалап,  зор  күнәға

батты, сенімі кәміл кемеңгердің асыл ойларын

бұрмалады.  Міне,  енді  ғана  алланың  құлы,

пайғамбардың үмбеті, дін ислам алдында жүзі

жарқын  Абайдың  сенім,  наным  қуатына

бөленген өлмес, өшпес сөздерін еркін мысалға

келтіретін болғанымызға шүкіршілік» [1,185],- деп

өткен уақыт үшін ол жандарды да кінәлағысы

келмей, бүгінгі күннің мәнді мәселесін сөз етеді.

Ғалым  ұстазы  М.Әуезов  айта  алмаған  ғажап

әлемге барлық ғалымдардан бұрын бет бұрды.

Абайды да, қазақ халқын да «дінсіз» деген жалған

жаладан  арашалауға  ғылыми  дәлелмен  өз

уақытында  келді.  Бұл  да  Р.Бердібай

зерттеулеріндегі өз замандастарынан озық пікірі

деуге  болады.  Ғалым  Абайдың  дін  туралы

өлеңдерінің оның шығармашылығындағы елеулі

орын иеленетінін ғана айтпайды. Бұл тақырыпқа

ұлы 

ойшылдың  көп 



ізденістер  мен

толғаныстардан  кейін  саналы  түрде  келгеніне

анық  баға  береді.  «Ақынның  шығармаларына

бірте-бірте  мұндай  сарын  табиғи  түрде  ене

бастайды, ол қауымға имандылықтың шарттары

мен 


артықшылықтарын 

түсіндіреді,

мұсылманшылық  жолына  ден  қойғандықты

қолдайды.  ...Абайдың  «адамды  сүй,  алланың

хикметін сез, не қызық бар өмірде онан басқа"

деген сөздері кездейсоқ айтылмаған, көп ойлану,

толғану,  с алыстырулардан  кейін  туған

қорытынды лебіз деп қарауға болады. ...Бұл ел

қамқоры, ойшыл ақынның халықтың түпкілікті

тәрбиесі    үшін  діннің  қаншалықты  қажет

екендігіне көз жеткізгендігінен деп қарау керек.

Түрлі кесапат әдеттерге бой алдырып, азғындап

бара  жатқан  жұртының  бетін  тұрақты  діни

тәрбие жолына бұрғысы келген қайраткер ғана

мұндай ашық насихатқа бармақ» [1,185],- дейді.

Осы 


арқылы 

Абайдың 


ислам 

дінін


мойындағанын, оның адамзат тәрбиесіндегі ұлық

орнын түсінгендігін алғашқылардың бірі болып

айтты. Бұл сала да әлі көп зерттеуді күтіп тұр деп

ойлаймыз.  Жастар  арасынан  араб,  парсы

тілдерінен  сауатты,  таза  ислам  қағидаларын

бұрмаламай түсінген адал ниетті зерттеуші ғана

бұл  тақырыптың  үдесінен  шыға  алады.

Бұрмалаушылар  болғанын  өздеріңіз  жақсы

білесіздер.  Тіпті,  есі  ауысқан  заманның

пенделерінің  арасынан  Абайдай  ұлы  тұлғаны

өзге  діннің  насихатшысы  деп  докторлық

2015  №4  (29)


13

АБАЙТАНУ

қорғамақ болған өз қандасымыздың шығуы – ұлт

руханиятында    қатерлі  дерт  барын  аңғартады.

Осылай боларын білген «бүгінгі заманның дәдем

Қорқыты» Р.Бердібай өз уақытында дабыл қаққан

болатын. Бұл да өз алдына үлкен мәселе болып

қалап отыр....

Ғалым  Р.Бердібай  ұстазы  М.Әуезов

тезистерін  тереңдей  түсіндіріп  отырғанын

айттық.  Бұл  тәсіл  ежелден  мұсылман

ғалымдарында бар дәстүр деуге болады. Атақты

алланың  сөзі  болып  есептелетін  «Құранға»

тәпсір  жазған  ислам  ғалымдарынан  қалған

дәстүр.  Сол  сияқты    академик  өз  ұстазының

қысқа  қорытындыларын  уақыты  келген  сәтте

тарқата  түсіндіріп  кеткенін  көруге  болады.

М.Әуезов  қорытындыларын  түсінуге  кесел

келтіріп  тұрған  обьективтік  жағдайды  дәл

қалпында  суреттеп  береді.  «Тарихтың,

мәдениеттің  әрбір  ескерткішін  өзіміздің

түсінігімізбен  емес,  Еуропалық  көзқараспен

бағалауға  тиіс  болып  келдік.  Еуро па

халықтарының,  соның  ішінде  орыс  халқының

жетістіктерін  бірыңғай  дәріптеу,  Азия  елдерін

мәңгілік артта қалған, жаңалыққа, жасампаздыққа

қабілетсіз кертартпа, тек озық жұрттардан үйрену

арқасында қатарға қосыла алады деп дәлелдеу

бұл  «теорияның»  түп  қазығы  болатын  [1,184-

185]»,-  деп  со л  кездегі  үстем  теория

«еуроцентризм» әсерін түсіндіреді. Абайтануға да

бұл  қисын  үлкен  залалын  келтіргенін  ашына

айтады.  «Бұл  айтылғандардан  туатын

қорытынды  –  Абай  шығармаларының  қадір-

қасиетін сөз еткенде Еуропаның мәдени дәстүрін

асырып, қазақтың төл құндылықтарын жасырып

көрсетіп  келген  бір  жақтылықтан  құлан  таза

арылу ғана шындықты табиғи қалпында түсінуге

мүмкіндік береді. Бұл бір күннің міндеті емес,

ұзақ жылдарда жалпы жұртшылықтың, соның

ішінде  ақын,  жазушылар  мен  ғалымдардың

санасына сіңірілген жасқаншақтық, жалтақтық

әдет зардабын жою жөнінде жүйелі жұмыстар

жүргізілуге  тиіс.  Абайтануды  кең  көлемге

шығарудың 

қажетті 

методоло гиялық

жолдарының бірі осы демекпіз» [1,185],- деп, өз

замандастарының санасына түскен дерттің оңай

кете  қоймасын,  сондықтан  ғылымда  да

өзгерістердің  болуы  кешеуілдейтінін  сұңғыла

ғалым ашық айтады. Бұған мысал ретінде белгілі

абайтанушы 

ғалым 

профессор



М.Мырзахметовтің  1993  жылы  шыққан

«Абайдың  адамгершілік  мұраттары»  деген

кітабын алуға болады. Ғалым Абайдың шығыс,

батыс, ескі түрік ойшылдарымен байланысына

терең    талдаулар  жасап,  татымды  дәлелдер

келтіреді. Бірақ Абайды ислам ойшылдарының

негізгі бағытына қарсы екендігіне көп дәлелдер

келтіруге тырысады. «Тіпті осы 28-сөзінде ұлы

ойшыл  Абай  ислам  дінінің  Мұхаммет

пайғамбардан кейінгі бетке ұстар идеологы Абу

Хамид әл-Газалидң (1055-1111 ж.) «қасб» туралы

ілімінің  негізіне  қарама-қарсы  келетін  ой

толғамын  аңғартады.  Абай  жазмыш  тағдыр,

немесе әрбір іс алдын ала алланың қалауымен

болады-мыс деген «қасбтік» ілімге сене бермейді.

Жалпы ақылды еркіне жіберіп, еркін ойлылықты

талап  ететіндіктен  де:  «Әрбір  рас  іс  ақылдан

қорықпаса керек деген ойға келеді» [78-б.],- деген

сөзі осыған дәлел.  Ал, мына пікірі бұдан да өткір.

«Абай өзіне дейінгі хауасты түсіндірушілерді яғни

мүтәкәлламистер  мен  мантикиншылардың

еңбектерін зерттей оқып  шығады да, олардың

күш біріктіре, жабыла түсіндіретін хауас жөніндегі

танымы  мен  нанымын  ақыл-ойға  қонбайтын

нәрсе деп терістейді. Олардың танымын, яғни

хауасты  түсіндіру  жолдарын  Абай  босқа  лағу

ретінде қарап: «Мүтәкәлламин, мантикин Бекер

босқа  езедүр,-  деп  қатаң  үкім  шығарады.

Абайдың  дүниетанымындағы  бұл  соны  бағыт

бүкіл  мұсылман  шығысының  ғасырлар  бойы

уағыздап 

танытып 


келген 

негізгі


дүниетанымдарының  шеңберіне  сыймайтын,

олардың  көзқарастарына  кереғар  алшақ  та

қайшы келетін, нағыз сыншыл да жаңашылдық

пікір  еді»  [3,  85].  Абайтанушы  ғалымдар

М.Әуезовтен  бастап,  саясаттың  ыңғайына

сәйкес,  Абайды  ислам  мұраттарына  қарсы

дегенді  дәлелдеумен  болғаны  белгілі.  Себебі

өнерді  ұлттық  емес,  таптық  өнер  деп  қараған

идеология ұлттың негізгі тірегі – дінді терістеуді

талап етті. «Патшалық Ресей билеушілері өздері

басып алған халықтарды безіндіріп, қалай бұрса,

солай жүретін тобыр жасау мақсатын қойғаны

құпия  емес.  Діні  бар  ел  бірлік  табуы,

отаршылдыққа қарсы күреске шығуы, өздерінің

салт-санасын сақтау үшін қажырлы әрекеттерге

баруы  мүмкін  екенін  әккі  билеушілер  жақсы



2015  №4  (29)

14

АБАЙТАНУ

білген.  Ал  Ресей  қарауындағы  бағынышты

елдердің көбі ислам дініндегілер еді. Міне, осы

топтағы тілі, дәстүрі жақын жұрттардың басын

қо спау  үшін  патшалық  үкімдарларының

істемеген айласы жоқ. Олар дін адамдарының

ішіне  алауыздық  тудыру,  жеке-жарым

жүргендерді шоқындыру, исламды құбыжық етіп

көрсету  саясатын  ұстанды.  Өзі  тәуелділік

қамытын  киген  елдердің  дінін  мүлде  таптап

тастау үшін панисламизм деген жалған қисынды

ойлап  тапты...»  [4,  264].  Міне,  ресейдің

миссионер  ғалымдарының  негізгі  мақсаты

о сылай 


болғанын 

ғалым 


Р.Бердібай

жалтақтамай, жасырмай анығын айтты. Абайды

ислам діні мен ілімінен бөлектей қарау ғылымда

жартыкеш  түсінік  қалыптастыратынын  ғалым

сол  1995  жылы  жарияланған  «Ұлылыққа

жартыкеш түсінік жүрмейді» деген мақаласында

тереңдете түседі. Қазақ әдебиетін дін исламнан

бөлектеп қарау қателік екеніне тағы да бір көз

жеткізеді.  Дін  ислам  ілімі  қазақ  әдебиетінің

құнарлы өзегі екенін айтатын, зерттейтін уақыт

жеткенін  ғалым  жете  түсіндіреді.  «Абай  және

ислам  дәуірінің  әдебиеті.  Болашақтағы

абайтанудың  ең  құнттап  қолға  алатын

проблемасының күрделі бір тармағы осы екенін

де  мето доло гиялық  жағынан  дәлелді

санаймыз»[4,  268].Ғалымдар  осы  жалған

концепцияға  өздері  де  қатты  сене  бастаған

кезеңде тәуелсіздік келіп жетті. Бүкіл қоғамның

тірегі  болып  келген  марксизм  философиясы

күйреді. Ендігі жерде жетпіс жыл бойғы  ұстаным

абайтануға кедергі келтіріп қана қоймай, Абайды

ұлттық  құндылықтардан  алшақтатып,  оны  өз

руханиятымызға қарсылардың қолына қару етіп

беруге дайындық болатын. Бұны өз уақытында

түсінген  ғалым  Р.Бердібай  жоғарыдағы  өз

уақытында  айтқандары  осы  қауіптің  алдын

алғандай  болып  көрінеді.  Сонымен  бірге

М.Әуезовтің саясатқа бағындырылған еңбегінің

өзінде  нағыз  ғылымға  берілген  бағыттарды

ашып, тереңдетіп  көрсетеді.

«Бозбалалықтан  асып,  жігіттік  шағына

жеткен  уақытта  қазақтың  ескі  сөзі,  ескі  жол-

жобасы,  мәтел,  тақпақ  ескі  биліктеріне  елдің

маңдай алды кісілерімен  қатар түскендей білім

жияды.  Ескі  ақындар,  шешендер,  батырлар

болсын, барлығы жайындағы әңгімелер Абайға

енді  таныс  дүниелер  болады.  Абай  халық

қазынасына жанасады» [2, 44],- деген ұлы ұстаз

пікірін  ғалым  Р.Бердібай  төмендегіше

түсініктермен тереңдетеді: «Соңғы кезге дейін

Абай шығармаларының кемінде бір жарым мың

жылдық дәстүрі бар көне түрік әдебиетімен тығыз

байланысы  тіпті  сөз  болмай  келеді.  Абай

мұрасының бірегей білгірі, аса көрнекті жазушы

әрі ғалым Мұхтар Әуезов ақын нәрленген рухани

бұлақтардың  бірі  деп,  қазақтың  халықтық

әдебиетін көрсеткен еді. Бұл пікірді ендігі жерде

кеңейтіп, қазақтың  халықтық әдебиетіне  түрік

халықтары  жасаған    аса  бай  жазбаша  және

фольклорлық  ескерткіштерді  қоса  айтуымыз

қажет болады. Өте ертедегі дәуірлерге бармай-

ақ, Ү-ҮІІІ ғасырларда өмір сүрген Түрік қағанаты

кезінің аса құнды жәдігері – Орхон жазуларынан

бергі  әдеби,  тарихи  жаратындылардың  әр

тараптан  Абайға  мәлім  болғанын  ескермеуге

болмайды.  Ортаазиялық  түрік  тілінде  дүниеге

келген  көптеген  кітаптар  мен  қолжазбалар,

аудармалар  ұлы  ақынның  ең  көп  танысқан

мәнбелері  деп  қарауға  болады.  Абай  өзінің

медреседе оқып жүрген кезінде шығыстың бір

топ ұлы шайырларының есімін зор құрметпен

атап, солардан медет тілеген ғой! Сол шайырлар

парсы және түрік тілдерінде жазатындар еді»[1,

185]. 


Ислам 

құндылығын 

айтса 



«панисламизм»,  түрік  ескілігіндегі  рухани



мұралардан сөз қозғаса - «пантюркизм» деген

желеумен  қадамын  аштырмай  тұрған  уақытта

ұстазы  тарқатып  айта  алмаған  тұстардан

абайтану 

ғылымының 

жаңа 


көздері

ашылатынына  бағыт  береді.    Науайы  мен

Бабырдың жазбаларын оқығандығы Абайдың өз

шығармаларынан да анық көрінетінін де ғалым

қадай ескертеді. Түрік тілінде жазылған тарихтар,

шежірелер, аңыздар мен әпсаналарды Абайдың

оқымауы мүмкін емес. Себебі сол уақытта араб,

парсыға  қоса  түрки  кітаптар  деген  атаумен

ақындар аузынан көп естілетін шығармаларды

Абай оқымады деу қиянат болар еді. Осылардың

ішінде Қ.А.Ясауи хикметтерінің аталмауын ғалым

атап  түсіндіреді:  «Түрік  тілінде  сопылық

поэзияның  негізін  салған,  аты  дүниеге  кең

тараған  Ахмет  Ясауидің  хикметтерін  оқымақ

түгілі  атын  атаудың  өзі  қылмыс  саналатын

кезеңдерде    бұл  мәселенің  қолға  алынбауы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет