Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,32 Mb.
#8300
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

осы  маңнан  соңынан  шәкірттерін  қаздай

шұбыртып, маңғаз ноғай молда өтіп бара жатты.

Молда  кеудесіне  иманшарт  басқан  көкөрім

бірнеше балаға түсін суытып былай деді:

- Ей, пақырлар, адамның басы – Алланың

добы, сендер қаперсізсіңдер!

Бұл бір аса тауып айтылған бейнелі сөз еді.

Шоқайдың денесі жер астында, басы жер үстінде.

Хисса, жырды жанындай сүйетін тақиялы зерек

шәкіртке адам сонда жаңа туған Көр ұлындай

панасыз көрінген. Қорғансыз һәм күнәһар пенде.

Өлім – үкім емес пе. Үкімнен қашып құтылған

әзір ешкім жоқ. Жабырқап жүрек сыр бермеуі

үшін  өмір  мен  өлімді ұзын  арқанның  екі  ұшы

тәрізді  қабылдаған  мақұл.  Сонда  керулі  арқан

үзілгенде басы соңы бола ма, соңы басы бола

ма?  Арқан  қара  қылдан  есіле  ме,  ақ  шудасы



93

молырақ па? Алла сүйген құлын жазаласа, ол -

тазарудың кепілі. Дүние жалған, мезет өткінші

екеніне  өкпелеудің  қауқары  өлең  тудыруға

жараса, өмірден артық сый дәметіп қажеті жоқ.

Шәкірттерді о баста ата-анасы молдаға еті сіздікі,

сүйегі  біздікі,  хат  танып,  адам  болсын  деп

мойынсұнып бермек. Сондықтан балалар ұстазы

алдында  момақансуға  мәжбүр.  Бірақ.  тентек

біреуі мына көріністен бұрын, молданың астарлы

сөзіне шыдай алмай мырс етіп күліп жіберді.

- Тек, найсап, мүсәпірге күлу – күнә, - деп

ұрысты ноғай молда. Желіден босаған құлындай

құлдилап, аулақта шек-сілесі қатып еркінше бір

күлуге құмартып, әлгі бала айдалаға безе жөнелді.

Соңынан шыбыққа жығыларын  білді. Сонда әлгі

жүгірмек көкмайсада аунап шегі түйілгенше күліп

басылғасын,  түйежапырақтың  арасында

шалқалап  жатып  көктегі  күн  қоса  күлімдеп

тұрғанын аңдап еді, суырылып бір шумақ сықақ

өлең тіл ұшына тамды.

Шал шұңқырда күл көбеңірек тартқанша

тұрды.  Тәңірінің  мейірі  күзгі  аспанда  шілдеде

жоғалған үркер жұлдыз биігіне қайта жоғарылап

жарқыраса,  амандық  бо лса,  Шоқай  түк

көрмегендей  шауып  жүреді.  Ол  ажал  аузынан

қалса,  інісі  Алыбай  марқұмның  қорғансыз  үш

қызы  жетімдік  көрмей  өседі.  Шал  қандас

бауырларын  қызғыштай  қорғайды,  ұзатарда

зорлықшыл тексіздің атына өңгертіп жібермесі

және анық. Әйел-ана панасыз қалған ұрпағын

қалай қорғаштауды біледі.

Емнің шипасы зор екен. Денедегі ірің мен

құрт  құрып  үлгерді.  Шалдың  денесі

қызылдақтанып  тазарып  түлей  бастады.

Күнбала  науқастың  иығынан  түскен  көйлек-

дамбалды жиіркеніп отқа тастаған. Енді өртей

берсе саудагер сарттың сатулы бөзі шақ келмес.

Сондықтан ол шалдың киімдерін қазанға қара

суды  қайнатып,  алаботаны  өртеп  істейтін

домалақ  қара  сабын  қосып  тазалап  көгалға

жайып, кептіріп алды.

Шал өзін келінінің иемденіп, ерекше күтіп

жатқанын  бек  біледі.  Әттең,  марқұм  інісі  жер

басып, тірі жүргенде бәрі де келісті көрінер еді

ғой, мына қамқорлығы. Шоқай осыдан татар дәмі

таусылмаса жарық күнге, Тәңір берген ырзыққа

қанағат қылар еді-ау. Өле алмай жатып жас әйел

алсам деп қиялдайтын шал әзірге алжығаннан

аулақ... Шоқай байғұс мына бес күндік дүниенің

алдамшы  қызықтарын  армандап,  алдағысын

болжап кесіп-пішуден сақтанды. Жас баланың

ішінде  арыстан  ойнайды.  Кәрілік  жан

тыныштығын  бағады,  күпіршілік  бойына  тең

емес.

Әйтсе  де  Күнбала  шырақтың  таңдауы



неліктен өзіне түсті? Келінжанның қызық болды

мұнысы.


Таң ұрланып таяп қалды-ау деген межеде

Күнбала  жылы  орнын  қимаса  да,  құстөсектен

тұрды. Ұйқысын қашырған мазасыз, шерменде

күйі.  Шалдың  асқазанында  бір  кінәрат  бар

сияқты.  Ас  батпайтын  адамдай  тәбеті  нашар.

Күнбаланың ойына келмеген нәрсе жоқ. Көңілі

күпті, шешесінде көздің сұғын қайтаратын, ауру-

сырқауды  ұшықтап  жазатын  емшілік  қасиет

болған  екен.  Әжесі  шықтың  суы  пейіштің

суындай таза, дауасы дертке мың да бір ем, нағыз

зәмзәм  суынан  айнымайды  деп  тамсанып

айтушы  еді.  Сол  сөз  тірілді.  Күнбала  тысқа

шықты. Таң білінер-білінбес оянып келеді, бірақ

түннің әлі тұнжырай салбырағаны басым. Үстіне

шапанды желбегей жамылды. Үзбе сырғасы аяқ

басқан сайын сыңғырлап, қолтығына тостаған

қысып жас әйел беткейге беттеді.

Аспанда ай бусанып аунап жатыр. Дөңнің

бетінде  иіріліп  қой  жусайды,  ешкі-лақ  әдетте

шетінде  жатады.  Маңында,  ағаш  арбаның

үстінде  қой  күзеткен  қойшы  ұйықтайды.

Төңіректе тырс еткен жан жоқ. Өзеннен бақаның

бақылдағаны  мен  далада  көкке  тойған  мал

оқыранып, пысқырғаны естілді. Жетіқарақшы дәл

төбеде  төніп  тұр.  Түн  баласы  жұлдыздар

жыпырлап,  шүпірлеп  кетуіне  орай  аспан  түбі

кеңіп,  түпсізденіп  көрінеді.  Жұлдыздардың

жымыңдасып  самсауы-ай...  Алыбай  барда

Күнбалаға олар сыңғырлап күлетіндей көңілді

сезілетін.  Өткен  өмір  кеудеңде  асқақ  мұңға

айналса,  өзінше  бір  сиқыр-көрікке  оранады.

Күнбала сол шұғылаға жиі малынатын. Қазір жас

әйелдің жүрегінде қарбалас болса да, қайғының

сызы  жоқ.  Тұрмыс  қамы  күндіз  көз  жасын

құрғатып  дегеніне  көндіріп  тастайтыны  тәуір.

Енді үш баланың обалын, игілігін ойлағаны жөн.

Сол себепті де Күнбала адам естімеген қылық

шығарып,  таң  төсінен,  қыземшек  дөң

бауырындағы  балаусадан  дәру  іздеп  шықты.


94

Қараңғылықтан қорқып неғылсын. Асылы қазақ

дүниедегі  ең  бейбіт  жатқан  ел.  Күн  жадына

тәуелді көшпенді халық болған соң, түнде есігі

жабылмайды, күндіз дастарқаны жиылмайды.

Күнбала  тізерлеп,  тостағанын  шық  суына

толтырдым  деген  межеде  тау  жақтан  жер

қабатын тұяғымен тесердей солқылдатқан қалың

дүбір шықты. Түннен сұлбасы артып өктемсіп,

зорайып ештеңе көрінбесе де, дүбір ұлғайып өсіп

барады.  Бұл  үйір-үйір  жылқының  жүз  сан

тұяғының 

жер 

жаншыған 



салмағы.

Жылқышылар  –  жыл  мезгіліне,  күн  уағына

бағынбай жер оты үшін көшіп-қонып, қалаған

жерге  қосын  тігіп  жүре  беретін  азат  халық.

Жылқы баласы түнде жақсы оттайды. Баяғыда

Алыбай айттырып алатын жазда, көңілі мас, үкілі

жас  жылқышы  жігіт  түн  ауғанда  кең  даланы

жаңғыртып ән салып жүретін еді. Әншілігі ерен

ғажап болатын, ол бір дәурен екен.

Бұйырса, бүгін-ертең көк бие құлындайды.

Күнбала кері қайтқанда есінеуі жиіледі. Беймезгіл

әлдекімнің көзіне шалынса неше саққа құбылтып,

өздерінше жорып жүрер бұл долбаршыл жұрт.

Аспанда  ай  дөңгеленіп  аунап  жатыр.  Шолпан

туғанша  аунайды  да,  ұядан  алынған

жұмыртқадай жоқ болады.

Күнбала тостағанды суымен шидің ішіне

қойды, ас сақтайтын орынды шиден тоқиды. Өзі

қараңғыда  сипалап  келіп  төсегіне  жетіп,

шапанын  шешті.  Құс  жастықтан  мүлгіген

жұмсақтық арбайды. Оның жастыққа басы тиді.

Шұңқырды соңғы рет шипалы күлге толтырса

жетіп жатыр. Жара содан әбден құрғап, орнымен

жоғалады. Су тигізбей шыдаса, ұзамай шалдың

денесінде  тобықтай  дақ  қалмайды.  Шықтың

суын, ірімшіктің сары суын көп ішкен Шоқайдың

тәбеті түзелді, денесі толыса бастады. Өзі жас

сорпа ішсем деп емеурін білдірді. Сойылар қойға

бата  жасауға  ниет  білдіре  қоймады.  Күнбала

адуындығын танытып қойға батаны өзі жасады.

Қазан  оттан  түсірілгенде  Шоқай  дастарқан

басында  жантайып  жатуға  жарады.  Қабағы

жылы.  Уақыт  оздырып мүлде  оңалатын  кейпі

бар.  Қойдың  басын  Шоқай  өз  алдына  алып,

кездігімен  кертіп,  құйқа  дәмін  татты.  Жылы-

жұмсақтан екі-үш асады да, басты ысырып бала-

шағаға қарай жылжытты. Жануарда құлақ екеу,

үш  қызының ортаншысына  сүйікті асы  тимей

өкпелеген  соң,  Күнбала  «құлақ  жемедім»  деп

бұртиған қызына, «Әйкенім, таңдайың тақылдап

тұрсын, өнер алды – қызыл тіл» деп таңдай мен

тілді ұстатып, разы қылды. Шоқайдың кемпірі

дастарқан  басында  отыр.  Заты  жуас,  момын,

аңқау адам. Күнбалаға өкпе-кегі жоқ, бұрыннан

ортаншы қызын өзіне икемдеп, бауырына басқан.

Көңілі жарқын.

Ертесінде Күнбала жермен-жексен болған

шұңқырдың  о рнына  төрт  таяқ  шаншып,

шымылдықпен  бүркеп,  жаппа  тұрғызды.

Мақсаты – Шоқайды қырық күнгі иіс қоңысынан

арылтып,  жас  балаша  әбден  тазартып,  суға

шомылдыру. Тайқазанның астына от жағылды,

сақылдап  су  қайнады.  Күнбала  арқан  керіп,

шалды иығынан асып қойды, өзі шомылдырды.

Шал сақалы кеудесіне төгіліп, өзін дүниеге қайта

туғандай сезінді.

Жыл құстары қайтқанда кішкене ауылда бір

оқиға  болды.  Түнгі  аспанда  Үркер  жұлдыз

жарқыраған, өзі шілдеде даладан асау жылқыша

үркіп көрінбей кететін жұлдыз ғой. Ноғай молда

Шоқайдың  жаназасын  шығарудың  орнына

күлімдеп, изеңдеп әмеңгершілік салт бойынша

оның  некесін  қиды.  Шәкірт  балалардың

құлағына  молдекең  жұмақ  пен  тозақ  туралы

жалықпай құя беруші еді, екеуінен де әзірге шалға

орын табылмаған сыңайлы. Шоқай кемпірінің

рұқсатымен, келіннің өз ризашылығымен туған

інісінің қаралы жесірі Күнбалаға қосылды.

Содан  кейін  де  талай  сәрсенбі  өтті.  Жер

қара, күн жылыда Шоқайдың шаңырағына жаңа

бір қуаныш қарлығаштай ұя салды. Күнбала айы-

күні  жетіп  толғатып,  маңдайы  торсықтай  ұл

туды.  Кіндік  шешеге  Шоқай  бәйгеге  шабатын

судай  қара  жорғасын  атады.  Шілдехана,  бесік

тойына  талай  малдың  басы  жығылды.  Шоқай

кәрілікті ұмытып, шаруақор болып алды. Пішен

шауып шаршап оралса, отағасы бесікті көргенде

жадырап, арқасы кеңіп сала береді. Кіші әйелі

тысқа шығып кетсе, бәйбішесі үлкен үйде, үш бала

ойнап  кеткен  оңаша  кезін  аңдып,  Шоқай

сырмақтың үстімен құйрығымен сырғып келіп,

еңкейе  төніп  бесікті  ашады.  Нәресте  бесікте

бөленіп, көзі жұмулы, титімдей мұрнының демі

білінбей үлбіреп, қалың ұйқыда, қарын ұйқыда

жатады.  Шоқай сорлағанда  сақалы тиіп  кетіп,

бөпені оятып  алмасқа именсе  де үздігіп,  өліп-



95

өшіп,  бір  жапырақ  нәзік  қолынан  иіскеп,

жөргегінен  иіскелеп  еміреніп,  мейір  сөзін

күбірлеп отырады. «Биттеп, құрттағанда көрген

жарығым, жалғызым, күн мен айым, асылым,

ұйқыдағы  түріңнен  айналайын.  Биттеп

құрттағанда, күдер үзгенде көрген үмітім, үзеңгі

ұстарым, базарым, садағаң кетейін, нұр сәулем!».

Жазғы ауылдың бояуы ғажап. Таулар ыстықтан

мүлгіп көрінеді, ұшар бастарында қарағай өседі.

Ауыл  үстінен  мөлдіреген  көліне  жабайы

үйректер ұшып өтсе, жерошақтың маңындағы

жас төбет орнынан қарғып тұрады. Еш қайрат

қылмай аспанға қарап қайта жатады. Қарақат исі

аңқып,  тайға  мінгескен  балалар  кейде  оны

бұтағымен үзіп алады да, кей жері жасыл екені

 1998 жыл, шілде.

ұнамай, жемей лақтырып тастайды. Ұзаса жаңа

ай туғанша қарақат та қап-қара боп уылжи піседі.

Киіз үйдің күнгейінде Күнбаланың кенже қызы

қуыршақ  ойнап,  ән  салып  отыр.  Қуыршағы

қойдың башпай сүйегі, соны бөбек қылып мата

қиындыларына орап әлдилеп ән тербейді.

Әлди-әлди бөпешім,

Әлди-әлди көкешім,

Ұйықтай қойшы бөпешім,

Жілік шағып берейін.

Байқұтанның құйрығын,

Жіпке тағып берейін.

Әлди-әлди бөпем-ау.



96

«ШӘКӘРІМ» ЖУРНАЛЫ

____________________________________________________

Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Семей қаласының Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университеті, «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы. Глинка көшесі, №20а.

Бас ғимарат, 209 бөлме. Байланыс телефоны:

8 (7222) 35 48 52;

Е-mail:  shakarimtanu.semey@mail.ru

Компьютерде беттеген: Өндірқан М.

Корректоры: Болесова А.

Беттеуге тапсырылған күні - 18.12.2015 ж. Басуға қол қойылған күні - 24.12.2015 ж.

Форматы - 60х84 1/8. Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

баспаханасында басылды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет