Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Қазақстандық көлік өндірісі
шетел нарығына шыға бастады.
Əдетте, отандастарымыз темір
тұлпарларды араб елдерінен та-
сымалдайтын болса, енді олардың
көзі Қазақстанда құрастырылған
өнімге түсіп, «Нива» көлігін аттай
қалап сатып ала бастапты. Қазір,
автокөліктің бұл маркасы Біріккен
Араб Əмірліктерінің жолдары
мен шөлдеріне өз ізін сала баста-
ды деуге болады. Бұл мүмкіндік-
ке қол жеткізуге «БИПЭК АВТО
Қа зақстан» ЖШС Ақтаудағы фи-
лиалының өтінішін аз уақыттың
ішінде қарап үлгерген Маңғыстау
облысы кəсіпкерлер палатасы
мұрындық болды. Бұған дейін
тауардың шығарылған жері тура-
лы сертификаттаудан туындаған
проблемалардың салдарынан
Біріккен Араб Əмірліктеріне өс-
кемендік автокөліктерді экспорт-
тау мүмкін болмаған еді.
– Біздің шетелдік серіктесіміз
келесі автокөлік топтамасын сатып
алуға қызығушылық танытты. Бұл
жеткізілім туралы сөз қозғағанда
бірқатар ұйымдастырушылық
мəселелердің басын ашуда қол
ұшын созған Маңғыстау облысы
кəсіпкерлер палатасының атқар-
ған маңызды рөлін айта кету ке-
рек. Бұл біз үшін, сөзсіз, бірегей
тəжірибе болмақ. Біріккен Араб
Əмірліктерінің нарығына шығу
біздің жоспарымызда бар болатын,
енді, міне, ол жаққа автокөліктерді
жеткізу бірінші рет сəтті жүзеге
асты. Алғаш рет «БИПЭК АВТО»
ЖШС-нің Ақтаудағы филиа-
лы өз автокөліктері топтамасын
Түрікменстанның оңтүстігіндегі
Мары қаласына жөнелткен бо-
латын. «БИПЭК АВТО-АЗИЯ
АВТО» компаниялары тобының
алдында енді Қазақстан мен Ресей
аумағындағы филиалдық желіні
дамыту тəжірибесіне сүйене оты-
рып Моңғолия, Қырғызстан,
Өз бекстан, Түрікменстан жəне
Тəжікстанда бұдан кем түспейтін
жоғары деңгейдегі ритейл ұйым-
дастыру міндеті тұр, – дейді
«БИПЭК АВТО Қазақстан» ЖШС
Ақтау филиалының директоры
Асқар Бұланбаев.
«Нива» көлігін БАƏ нарығына
шығару үшін бұған дейін орын алып
келген қиындықтар ауыздықталды.
Өңірлік кəсіпкерлер палатасы
директорының орынбасары Əсет
Мановтың айтуынша, 2014 жылдың
наурыз айынан бастап тауардың
шығарылуы туралы сертификат-
тарды куəландыру жəне ресімдеу
қызметтері өңірлік палаталардың
қолына өтіп, аз уақыттың ішінде
«БИПЭК АВТО»-ның Ақтаудағы
филиалының «Жеңіл автокөліктер
жəне өзге де моторлы тасымал-
дау құралдары» тауарлық тобына
«СТ-КZ» сертификаттарын беріп
үлгерген. «Қажет болған жағдайда
Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей
Федерациясы, Əзербайжан, Иран
жəне өзге де елдерге экспорттау
ке зінде сертификаттар беретін
боламыз, оған қоса қазақстандық
тауарларды экспорттау мəселесі
біз үшін əрқашан басты назарда
тұрады», дейді ол.
Маңғыстау облысы кəсіпкерлер
палатасы теңіз арқылы да, құрлық
арқылы да көршілес елдермен
экономикалық ынтымақтастық
құру алдағы уақытта жалғасады
деген сенімде. Бұл елімізде жүр-
гізіліп отырған отандық өнім өн-
діру жəне оны экспорттау баста-
масы аясында жүзеге асырылған,
кəсібін шыр үйірем дегендерге
қолдау көрсету барысындағы
елеулі істердің бірі.
Маңғыстау облысы.
«Нива» көлігін Араб
Әмірліктеріне шығаруға
жол ашылды
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Алдымдағы жігіттің бой-бітімі
таныс көрінді. Есіме енді түсті. Бұл
анау бір жылдары газет тапсыр-
масымен «Тəуелсіздік құрдасы»
айдарына мақала жазатын Ваня
Лебедев қой. Өте талантты жас.
Кəдімгі «жігітке жеті өнер де жа-
расадының» дəл өзі. Мектепті
үздік бітіріп, Шоқан Уəлиханов
атын дағы Көкшетау мемлекеттік
университетінде грантпен оқып
жүрген...
Бойын қанша тік ұстауға
ты рысқанымен, сылтып баса-
ды. Қуып жеттім. Танып жа-
тыр. Қолымызды қатты қысып
аман дастық. Хал-жағдайын сұра-
ғанымда, «Бəрі де артта қал ды» де-
ген сөзімен көп мағына аңғартты.
Қазбалап жатпадым. Жайлап ба-
сып қала жастарының «Консалтинг
орталығына» кіріп кетті.
Сұрастырып білдім. Универ-
ситетті 2013 жылы «Ақпараттық
жүйелер» мамандығы бойынша
тəмамдапты. Сол жылы магис-
тратураға түсіп, 2015 жылы тех-
ника жəне технология магистрі
атанған.
Тағдырдың тəлкегіне не шара.
Ваня Лебедев классикалық би
жаттығуынан келе жатқанда, ала-
көлеңкеде бұзақылардың қоқан-
лоқысына ұшырайды. Тəп-тəуір
спортшыға əлдері келмейтінін
білген əлгілер бірнеше жерден
пышақ салыпты. Ауруханаға ес-
түссіз жеткізілген. Дəрігерлер кон-
силиумы жедел ота жасап, оның
аяғын кесуге шешім қабылдаған.
Жантүршігерлік оқиға жас
жігіттің жігерін мұқалта ал маға-
нын нағыз ерлікке балауға бола-
ды. Ерлік дейтініміз, ол оқуын
жалғастырумен қатар, спортпен
жан аямай айналысты, қоғамға
пай далы болуды ойлады. Бүгінде
Иван Лебедев қимыл-тірек жүйесі
зақымданған спортшылар арасын-
да аты алдымен аталатын азамат қа
айналған. Ол пауэрлифтинг жəне
көпсайыс жарысы бойынша 2014
жəне 2015 жылғы облыс чемпи-
оны. Сондай-ақ, Талдықорған
қа ла сында өткен Қазақстан чем-
пионатында II жəне III жүлделі
орындарға ие болса, Павлодар
қаласында болған Қазақстандық
параолимпиадалық ойындарында
II орынды жеңіп алыпты.
Иван өзінің еңбек жолын
«Көк шетау қалалық ақпараттық
кітапханалар» коммуналдық-мем-
лекеттік мекемесінде бастаған
екен. Бірақ, əртүрлі жағдайларға
байланысты үйінде екі жылдан
астам жұмыссыз отырыпты. Осы-
дан екі ай бұрын ол күтпеген жер-
ден қалалық жастар ұйымының
Консалтингтік кеңес орталығы нан
шақыру алған. Сынақтан мүдірмей
өткен Иван Лебедев қазір инфор-
матика жəне жүйелік технология
маманы қызметін атқаруда.
Біз оны өзінің сүйікті кəсібінде
табысты болуына тілектестік
біл діріп, Консалтингтік кеңес
орталығының ұжымына алғы-
сымызды айттық.
Ақмола облысы.
«Демеу» қорының қай-
тарымсыз несиелеріне қол
жеткізген қармақшылықтар
кəсіптерін дөңгелетіп жатыр.
Жал пы, ауданнан конкурсқа 215
өтініш тапсырылса, соның ішінде
40 жоба қолдау тапқан. Енді
аймақта тігін цехтары ашылып, үй
құстарын көбейту қолға алынып,
шағын шаруашылықтар мен кəсіп
нысандары да ашылатын болады.
Қ а р м а қ ш ы л ы қ Ж а д ы р а
Тұяқбаева 2014 жылдан бас-
тап шағын тігін шеберханасын
ашып, қазіргі таңда халық қа
қызмет көрсетіп келеді. Не гі-
зінен көрсететін қызмет түр-
лері қазақы ою-өрнек арқылы
көр пеше, жастық жасау, қыз
баланың жасауы жəне тағы да
басқа қолөнер түрлері. Қазіргі
таңда осы кəсібін əрі қарай да-
мыту мақсатында «Байқоңыр»
əлеуметтік кəсіпкерлік корпора-
циясы арқылы «Демеу» грантын
«Тігін шеберханасын дамыту»
жобасы бойынша ұтып алды.
Ақжар ауылының тумасы
Жадыра Жүсіпбекқызы ұлт-
тық тəрбие мен тəлімге сусын-
дап өскен жан. Ес білгелі ана-
сының тігін машинасымен киім
жөндеп, көрпеше құрап жата-
тынын көріп өскен қаршадай
қыз қуыршақтарына сəйкесінше
көйлектер пішіп, жастығы мен
көрпесіне қамтып қояды екен.
Жадыраның ұлттық қолөнерге
деген қызығушылығы осылайша
бала кезінен бастау алған.
– Анамның тіккен киімдерінен
қалған маталардан əртүрлі пішінде
қол сөмкелер тігіп алып, мектепке
ұстап барғанымда құрбыларым
қызыға да қызғана қарайтын. Өсе
келе Жаңа жыл, күзгі кештер ге
көйлектерiмді өзім тігіп киетін
болдым. Анама киім сатып əпер
демеймін, өз ойымдағыдай етіп
өзім тігіп шығатынмын. Əрине,
бірден бəрі керемет болған
жоқ. Себебі, менің қолыма ине
мен жіп беріп ешкім киім тік,
тоқы демеді. Анам мұғалім
бол ға нымды қалады. Мектеп
бітіргеннен кейін Сарыағаштағы
педагогикалық колледжде оқып,
бастауыш сыныптың мұғалімі
мамандығын алдым. Оқу бітірі-
сімен Жосалы кентінің тума сы
Бекнияз есімді жігітке тұр мыс-
қа шықтым. Келіндік, аналық
міндеттерімді абыроймен атқарып
келемін. Ата-анамдай болған ата-
енемнің қолында 12 жыл тұрып
өз еншімізді алдық,– дейді иба-
лы келін.
Енесі Қуантай да ісмер жан
екен. Келініне ақыл-кеңесін
айтып, білгенін үйретуден жа-
лық пайтын көрінеді. Жадыра 3
баланың анасы. Үйден тапсы-
рыс қабылдап тігін тігіп жүрген
қолөнер иесі былтыр өз күшімен
керекті құралдарын, жарақты
тігін машинасын сатып алып,
ша ғын шеберхана ашыпты. Өзі
тапсырыс қабылдайды, тігеді, өзі
сатушы.
– Наурыз мерекесі жақын-
дағаннан балабақшалар мен
мектеп оқушыларынан ұлттық
киімдерге тапсырыс көптеп тү-
седі. Барлығын дер кезінде, са-
палы орындау менің міндетім.
Сондықтан, күндіз-түні жұмыс
істеудемін. Тапсырыс берушінің
ойындағыдай етіп тігуге тырысып
бағамын. Барлығы дайын затын
алып кетуге келгенде қуанып,
көңілдерінен шығып, ақысын
ренжімей беріп кетеді. Мұның
өзі маған күш береді. Барыңды
бағалай білгендерге, еңбегіңді
ескеріп, алғысын айтқандарға
қуанасың. Мен дайын оюлар-
ды пайдаланбаймын. Себебі,
олардың сапасы көңіл қуантарлық
емес. Тез түсіп қалып жатады.
Сон дықтан, барлығын өз қолым-
мен ойып, жапсырамын. Оюлар
дайындау уақыт алады, көп ой-
лануды талап етеді. Оған көбіне
қызым Айшара көмектеседі. Киіз
де баса аламын, ши де тоқимын,
киіз үйдің барлық керекті жаб-
дықтарын тігуге, жалпы, кімнен
қандай тапсырыс түседі – қолдан
келгенше соның барлығын орын-
дауға тырысамын. Ізденемін. Жас
бола тұра білмеймін, жасай ал-
маймын, қолымнан келмейді деп
айтуға ұяламын,– дейді кəсіпкер
келіншек.
Иə, тігін тігу, ұлттық өнерді
дəріптей білу ең бірінші ептілікті,
ұқыптылықты, шыдамдылықты
талап етеді. Көздің майын тау-
ысып, жеті рет өлшеп, бір рет
ке сетін мамандық түрі тігін-
шілікті оқымай-ақ үйреніп, кəсіп
еткен Жадыраның бұл тірлігі
жастарға үлгі. Бүгінде ол мем-
лекет тарапынан қолдау тау-
ып, кəсібін кеңейтуді көздеп
отыр. Саусағынан өнері тамған
жас кəсіпкердің кəсібіне нəсіп
тілейміз.
Айта кетейік, «Демеу»
грант тары халықтың əлеу мет-
тік тұрғыдан əлсіз топтарына,
көпбалалы аналарға, жұ мыс-
сыздар мен мүгедектерге беріліп
отыр.
Нұрбек ДƏУРЕНБЕКОВ.
Қызылорда облысы.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Үржар ауданындағы жаңа-
дан ашылған «Ер Төстік» ба-
ла бақшасында туған жерді та-
ныстыруға һəм сүюге тəрбие-
лейтін ерекше əдістемелік кешен
қалыптасып келеді. Балабақша
қызметімен мекеме меңгеру-
шісі Гүлнəр Қабаева таныстыр-
ды. Бір жыл бұрын «Балапан»
бағдарламасымен пайдалануға
берілген балабақшада 140 бүл-
діршін тəрбиеленеді, жоғары са-
натты ұстаз Қанипа Момбаева
бастаған білікті педагог-тəрбие-
шілер еңбек етеді. 27 адам-
ды жұмыспен қамтыған меке-
меде балалар 2 жастан бастап
қабылданады. Балабақша ас-
ханасы сəби ағзасына пайда-
лы жергілікті жеміс-жидек,
көкөніс өнімдерімен қамтама-
сыз етілген. Бұл тарапта меке-
ме əкімшілігі жергілікті өнім
өн дірушілермен келісімшарт
бекіткен. Келісімшартқа отырған
диқандардың бірі Жұмабек
Татубаев жаз бойы өсірген көк -
өністерді төмен бағамен бала-
бақшаға өткізеді.
25 жыл бойы бала тəрбиесімен
айналысып келе жатқан білікті
педагог Гүлнəр Жақанқызының
айтуынша, жаңа балабақшаның
бір жылдағы жетістіктері аз емес.
Үржарлық бүлдіршіндер был-
тыр Ресейде өткен «Веселый ка-
русель» байқауында, облыстық
«Үркер» байқауында жеңім-
паз атанды, Астанадағы Қазақ
хан дығының 550 жылдығына
арналған «Ханталапай» ойынына
онлайн арқылы атсалысты.
«Ер Төстікте» тəрбие жұ мы-
сы қазақ, орыс жəне ағылшын
тілдерінде жүргізіледі. Яғни,
үштұғырлы тілді дамыту бағ-
дар ламасын қолға алған бала-
бақшалардың бірі. Ағылшын
тілін Семей қаласынан жоғары
оқу орнын тəмамдап келген жас
маман Сандуғаш Қайратпаева
үйретеді. «Тілді ауызекі сөйлеу
жəне тыңдау арқылы үйретеміз.
Қазір балақайлар амандасу мен
қоштасуды, əн мен тақпақ айту-
ды біледі. Жалпы, 3-4 жастағы
балалар тілді тез қабылдайды»,
деді ол. Шет тілде санамақ,
сергіту жаттығуларын меңгерген
бүлдіршіндер балабақшаның
бір жылдық мерейтойына орай
«Үйшік» ертегісін ағылшын
ті лінде қойып, ата-аналарын
қуантқан екен. «Қарлығаш» то-
бы ның тəрбиеленушісі Жібек
Жеңісқызы ағылшын тілінде
онға дейін санап, тақпақ айт-
қанда мүдірген жоқ. Ал жоғары
санатты музыка маманы Айнұр
Дəулетбекқызы дарынды бала-
лар дың шығармашылығын шың-
дауға барын салып жүр. Солар-
дың бірі 5 жасар Нұ рай Нұрболат
«Көк тудың желбірегені» əнін
нақышына келтіріп орындағанына
куə болдық.
Балабақшада балалардың
қабілет-қарымын ашуға бағыт-
талған оңды шаруалар көп. Мау-
сымдық тақырыптағы «Алтын
күз», «Қыс қызығы» тақырыбын-
да ұйымдастырылған қолөнер
туындылары бірден көз тартады.
«Еркем-ай» тобының бүлдіршіні
Нұрдəулет Рақымғазының «Қыс-
қы аула» туындысы шынайы
ау ланың кішігірім көшірмесі
іспетті. Осы сынды ермексаздан,
қамырдан, ағаштан, қағаздан
жəне басқа да материалдан ше-
бер лікпен жасалған бұйымдар
көрмеге қойылыпты. Əсіресе,
бүлдіршіндердің ұйқыашар жат-
ты ғуларын жүргізуге арналған
əдістемелер жылы əсер қалдырды.
Сəбилердің табанының ізі іспетті
моншақтармен, түймелермен,
кес телермен жасалған ұйқыашар
кілемді тəрбиеші Бану Нұр қа -
сымова тоқыса, Жаңыл Серік-
баева есімді тəрбиешінің
Ала көлдің толқын шайған те-
сік тастарын түрлі түске бояп
жасаған ұйқыашар жолақшасы,
тіпті, таңғалдырды. Яғни, Үржар
ау данының мақтанышы санала-
тын Алакөл жағалауының тасы-
мен тəрбиеленген сəбидің санасы-
на елді, жерді сүю сынды сезімдер
берік орнығады.
Сондай-ақ, ертөстіктік бала-
лар бидай егіп, биологиялық зерт-
теу жұмыстарын жүргізеді екен.
Мəселен, бидайды қарашірігі мол
жəне керіш топырақ салынған
ыдыстарға егіп, дəннің өнуін, өсуін
бақылайды. Балалар дəнді егу, су-
ару, қопсыту барысында топырақ
қыртысының құнарлылығына,
өсімдіктің өсімталдығына зерт-
теу жүргізеді. Үш метрге жуық
қар түсетін, ылғалы мол Үржар
өл кесінің маңайында егістік ал-
қаптары мол. Барқытбел бау -
райындағы танаптарға көз жі-
берген талшыбықтай өскіндер
ас атасы – бидайдың қара жерді
қалай жарып шығатынын, қалай
бүр жаратынын біліп тұрса, Ала-
көлдің ақ малта тасынан алқа та-
ғып тұрса қандай ғанибет! Міне,
осы ойдың ұшқыны Үржардағы
«Ер Төстік» балабақшасының кез
келген бүлдіршінінде бар! Біз ба-
лалы, базарлы мекеннен осындай
оймен қуанып шықтық.
Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы.
––––––––––––––––
Суретті түсірген автор.
Ұлттық қолөнерге сұраныс көп
Кеңес орталығы
қолын созды
www.egemen.kz
4
18 ақпан 2016 жыл
САЙЛАУ-
Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
«Бүгінгі таңда партияда түрлі
əлеуметтік топтарға жататын
тұрғындармен нақты іс-қимыл жоспа-
ры əзірленіп, республикалық желілік
кестесі қабылданып, медия-жоспар
бекітілді. Алдағы уақытта еліміздің
барлық өңірінде сенімді өкілдер мен
депутаттыққа кандидаттардың сай-
лаушыларды қабылдау жұмысын
үйлестіретін 16 аймақтық жəне
208 аумақтық штабтың қоғамдық
қабылдау бөлмелері құрылмақ», –
деді А.Оспанов.
Сайлауалды штабтардың
қоғамдық қабылдау бөлмелерінің
жұмыстарын ұйымдастыру,
міндеттерін айқындау туралы
сөз қозғаған Жұмажан Жүкенов,
біріншіден, сайлау науқаны
кезінде партияның қоғамдық
штабының қоғамдық қабылдау
бөлмелері Астана мен Алматы
қалаларында жəне облыстарда,
аудан орталықтарында құрылып,
жұмыс атқаратынын жеткізді.
«Қоғамдық қабылдау бөл ме-
лерінің бір ғана қаржы көзі – сай-
лау қорының қаражаты. Қоғам-
дық қабылдау бөлмелері – қоғам-
дық штаб аппаратының құрылым-
дық бөлімшесі. Олардың негізгі
міндеттері – партияның сайлауал-
ды бағдарламасының үгіт-насихат
жұмыстарын жүргізу, тұрғындар
арасында сайлау заңдылықтарын
түсіндіру мен сайлауға қатысуға
шақырып, үгіт-насихат жұмыс-
тарын ұйымдастыру. Сайлау
науқанына дайындық пен оны
өткізу барысында заңды лық-
тардың сақталуын қамтамасыз
ету. Сондай-ақ, сайлаушылардың
ұсыныс-тілектерін жинап, оны
талдау жұмыстарын ұйым-
дастыру. Бұл – біздің негізгі мін-
дет теріміз. Партияның қоғамдық
қабылдау бөлмелерінің фили-
алдары өз жұмыстарын кесте-
ге сəйкес атқарады», – деді
Ж.Жүкенов.
Сондай-ақ, ол сайлау науқаны
кезінде қоғамдық қабылдау
бөлмелері партия ғимараттарында
ғана орналасатындығын, ал егер,
партия кеңселерінен тыс ғи ма-
раттарда болса, ол тек келісімшарт
арқылы ғана жүргізілуі тиіс екен-
дігін атап өтті. «Қоғамдық қабыл-
дау бөлмелерінің мемлекеттік
ұйым дар мен білім беру мекеме-
лерімен бір ғимаратта жұмыс
атқару ларына тыйым салынады»,
– деді қабылдау бөлмесі меңгеру-
шісінің орынбасары.
Жиын барысында сайлауалды
штабтардың қоғамдық қабылдау
бөлмелерінің сайлау науқанына
əзірліктері тексеріліп, əдістемелік
нұсқаулықтар жəне заңнамалық
түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Олардың сөздеріне қарағанда, сай-
лауалды штабтардың қоғамдық
қабылдау бөлмелері заңнамаға
сəйкес жұмыс істеп, сенімді тұл-
ғалар мен депутаттыққа канди дат-
тардың сайлаушыларды қабыл-
дау кестесін құрастырып, қабыл-
дауларын ұйымдастырмақ.
Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ОСК мүшесінің хабардар ет-
кеніндей, Қазақстан халқы Ас-
самблеясы сайлайтын Мəжіліс
де путаттарын сайлауды əзірлеу
мен өткізу жөніндегі негізгі іс-
шаралардың күнтізбелік жоспа-
ры Ортсайлаукомның 2016 жыл-
ғы 20 қаңтардағы отырысында
бекі тілген. Аталған жоспарға
сəйкес Мəжіліс депутаттығына
кан ди даттарды ұсыну 20 ақпан -
да басталып, 29 ақпанда аяқ-
та лады. Ал Қазақстан халқы
Ассам блеясы сайлайтын Мə-
жі ліс депу таттығына канди-
даттарға қойы латын талаптар-
дың партиялық тізім дер бойын-
ша сайланатын Мə жіліс депу-
т а т т ы ғ ы н а к а н д и д а т т а р ғ а
қойы латын талап тардан айыр-
машы лығы жоқ. Кан ди даттар ды
ұсы ну құқығы Қазақстан халқы
Ассам блеясына сессиялар ара-
сын дағы кезеңде басшылық
ете тін жəне қазіргі уақытта 67
адам нан тұратын ҚХА Кеңесіне
тиесілі.
«Кандидаттарды тіркеуді Орт -
сайлауком 29 ақпан - 5 наурыз
аралығындағы кезеңде жүр гі-
зеді, – деді Т.Охлопкова əрі қа-
рай. – Ассамблея сайлайтын
Мə жіліс депутаттығына канди -
даттар сайлау жарнасын төле -
мейді жəне сайлау қорын құр -
майды. Ассамблеяның жоғары
бас қа рушы органы – сес сияны
Қазақ стан Республи касының
Прези денті шақырады. Сес-
сияны ша қыру туралы өкім оның
баста луына 30 күн қалғанда
қабыл дануы тиіс, ол ту ралы
бұқаралық ақпарат құрал дарында
хабарла нады. Сессия жұмысына
ҚХА мүше лері жал пы санының
кемін де үштен екі бөлігі қатысқан
жағ дайда сес сия заңды деп сана-
лады. Оған қатысқан мүшелердің
жарты сынан көбі дауыс берген
жағдай да сессия қабылданды деп
есеп теледі. Осы күнге Қазақстан
халқы Ассамблеясының құра-
мында 446 мүше бар».
Дауыс беру үдерісіне да-
уыс беруге арналған пункт
ҚХА сессиясы өтетін ғима-
ратта орналасады жəне сес-
сия жұ мысы басталғанға дейін
бір сағат бұрын ашылады.
Дауыс беруге арналған пункт-
те халықаралық жəне қазақ-
стандық байқаушылар, бұқа-
ралық ақпарат құралдарының
өкілдері, сондай-ақ, ҚХА
сайлай тын Мəжіліс депутат-
тығына кандидаттардың сенім
біл дірілген адамдары болуға
құқылы. Сес сияда Астана
қала сының қала лық сайлау
комис сиясының төр ағасы дау-
ыс беру тəр тібін түсіндіргеннен
кейін Ассам блея мүшелерін да-
уыс беруге арналған пунктке
шақы рады.
«Əр сайлаушы жеке өзі дау-
ыс береді. Дауыс беру құқығын
басқа біреуге беруге, басқа
адамдар үшін дауыс беруге бол-
майды. Дауыс беруге арналған
бюллетень сайлаушылар тізі-
мі нің негізінде сайлаушының
жеке өзіне оның жеке басын куə-
ландыратын құжатын ұсынғанда
беріледі, – деді Т.Охлопкова.
– Дауыс беру жəне дауыстарды
санау аяқталған соң, қалалық
сайлау комиссиясы дауыс беру
қорытындылары туралы хат-
тама жасап, қол қояды. Дауыс
беруге қатысқан Ассамблея
мүше лерінің 50 пайыздан аста-
мы дауыс берген кандидат-
тар сайланған деп саналады.
Сессия қалалық сайлау комис-
сиясының төрағасы дауыс бе ру
қорытындылары туралы хат-
таманы жариялағаннан кейін
жа былады. Қалалық сайлау ко-
мис сиясының хаттамасы Орт-
сай лаукомға екі күннен – 22
нау рыздан кешіктірмей ұсы-
нылуы тиіс».
ОСК мүшесінің айтуынша,
Мəжілістің сайланған депутат-
тарын Ортсайлауком тіркейді.
Конс титуцияға жəне еліміздің
заң дарына сəйкес Парламент
депутатының мəртебесіне сəйкес
келмейтін міндеттерін доғару
туралы Ортсайлаукомға ұсынған
өтініші Мəжіліс депутаттарын
тіркеу үшін міндетті шарт бо-
лып табылады. «Жалпы, еліміз
бо йынша, Мəжіліс депутатта-
рын сайлау қорытындыларын
Орт сайлауком 27 наурыздан
кешік тірмей белгілейді, ал сай-
лау қорытындылары туралы
ха бар БАҚ-та 2016 жылғы 30
нау рыздан кешіктірмей жария-
лана ды. Бұқаралық ақпарат құ-
рал дарында сайлау қорытын-
дылары жарияланғаннан кейін
О р т с а й л а у к о м П а р л а м е н т
Мəжі лісінің сайланған əр де-
путатына куəлік пен омырауға
тағатын белгі тапсырады», –
деді Т.Охлопкова.
Достарыңызбен бөлісу: |