2. Жалпы ережелер
4. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде əрекет ететін
жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу рəсімдерін орындау үшін
тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ алда болатын мемлекеттік
сатып алуда өзінің мүдделерін білдіретін лауазымды адамын айқындайды.
5. Тапсырыс берушінің өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу рəсімін
орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
ретінде əрекет ете алады.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы етіп тапсырыс берушіге ведомстволық
бағынысты мемлекеттік мекемені айқындауға құқылы.
Тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде əрекет етуге құқылы.
Тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші
олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауға құқылы.
Бюджеттік бағдарламаның əкімшісі өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, оған
қатысты өзі мемлекеттік басқару органы ретінде əрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік
бағдарламаның əкімшісі мемлекеттік басқару органы ретінде əрекет ететін заңды тұлғамен үлестес тұлға
үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде əрекет етуге құқылы.
Мемлекеттік кəсіпорын өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
ретінде əрекет етуге құқылы.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы
мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
ретінде əрекет етуге құқылы.
Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде əрекет еткен
жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушімен, əлеуетті
өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен жəне сарапшымен өзара қарым-қатынастарда өзінің атынан
өкілдік ететін лауазымды адамды айқындауға міндетті. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының
өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу рəсімдерін орындауға жауапты құрылымдық
бөлімшенің қызметкерлері қатарынан айқындалуға тиіс.
6. Ұйымдастырушы осы Қағидалардың 5-тармағына сəйкес айқындалған жағдайда, тапсырыс берушілер
ұйымдастырушыға не мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға олар белгілеген мерзімде
конкурсты ұйымдастыру жəне өткізу үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде:
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алудың
жылдық жоспарынан үзінді көшірмені;
2) тапсырыс берушінің басшысы не оның міндеттерін атқаратын тұлға қол қойған жəне əр парағын
дəйектеген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін жəне
техникалық ерекшелігін;
3) конкурстық жəне сараптау комиссияларының құрамына енгізу үшін кандидатураны (сарапшыны);
4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі рəсімдерге қатысу үшін тапсырыс берушінің уəкілетті
өкілдері туралы мəліметтерді;
5) құрылыс жұмыстарын сатып алған кезде құрылыс объектісіне жобалау-сметалық құжаттаманы;
6) маңызды шарттарды көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын;
7) əлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру жəне бекіту үшін əлеуетті өнім берушілер туралы
мəліметтерді ұсынады.
7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген ақпарат өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші (тапсырыс
берушілер) бұл туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны дереу хабардар етеді.
8. Мемлекеттік сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) қатысқан жағдайда,
осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар өздерінің біліктілік талаптарын рас-
тау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа:
1) заңды тұлғалардың (консорциумның) мүшелері арасында жасалған нотариат куəландырған ортақ
жауапкершілік шартын;
2) бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шартта көзделген қызмет бөлiгiнде тауарды беру, жұмыстарды
орындау, қызметтерді көрсету құқығына арналған тиiстi лицензиялардың нотариат куəландырған
көшірмелерін не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияларды беруге тиіс.
3. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тəсілдері
9. Мемлекеттік сатып алу мынадай:
1) конкурс;
2) бір көзден алу тəсілдерінің бірімен жүзеге асырылады.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тəсілін осы Қағидаларға сəйкес айқындайды.
4. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен
жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу
10. Конкурс тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстық құжаттаманың мəтіндерін конкурс
тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарламаны, конкурсқа қатысуға
өтінімдері бар конверттерді ашудың қол қойылған хаттамаларын, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу
туралы, жіберу туралы жəне конкурс тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы
хаттамаларды тапсырыс берушілердің интернет-ресурсында жəне мемлекеттік сатып алу веб-порталында
орналастырмай жүзеге асырылады.
11. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен жүзеге асырылатын
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу мынадай дəйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, тапсырыс берушінің уəкілетті
өкілін белгілеуі;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының
уəкілетті өкілін айқындауы;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы əзірлеуі, сондай-ақ қажет
болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыруы жəне бекітуі;
4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық
комиссияның хатшысын қалыптастыруы жəне оны бекітуге ұсынуы;
5) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;
6) тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының əлеуетті өнім берушілер тізімін бекітуі;
7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауы;
8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген əлеуетті өнім берушілерге конкурстық
құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ осындай əлеуетті өнім берушілер туралы мəліметтерді
конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуі;
9) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Қағидалардың 38-40-тармақтарында көзделген жағ -
дай ларда, конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған əлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі;
10) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналын-
да тіркеуі;
11) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы, сондай-ақ
конкурстық комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеуі;
12) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған
конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін əлеуетті өнім берушілерге не олар туралы мəліметтер
конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген олардың уəкілетті өкілдеріне жіберуі (ұсынуы);
13) біліктілік талаптарына жəне конкурстық құжаттама талаптарына сəйкес келетін əлеуетті өнім
берушілерді айқындау үшін конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауы;
14) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат етілген əлеуетті өнім берушілердің тізбесін
қалыптастыруы жəне жіберу туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі;
15) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға өтінім берген əлеуетті өнім
берушілерге алдын ала рұқсат беру туралы хаттама көшірмесін жіберуі (ұсынуы);
16) конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына жəне біліктілік та-
лаптарына сəйкестендіру;
17) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберілген əлеуетті өнім берушілер тізілімін
қалыптастыруы жəне рұқсат беру туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі;
18) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға ниет білдірген əлеуетті өнім
берушілерге рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмелерін жіберуі (ұсынуы);
19) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға жіберілген əлеуетті өнім
берушілер ұсынған мəліметтерді, конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді конкурстық баға
ұсыныстарын тіркеу журналында тіркеуі;
20) конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу, конкурстық комиссияның
конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы жəне салыстырып тексеруі (конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып
алу қорытындыларын шығаруы);
21) конкурстық комиссияның конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы
хаттаманы ресімдеп, оған қол қоюы жəне оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа
қатысуға жіберілген əлеуетті өнім берушілерге жіберуі;
22) тапсырыс берушінің конкурс жеңімпазымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы.
12. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Мұндай жағдайда тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы
шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушы:
1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етуге;
2) енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді жəне (немесе) мемлекеттік сатып алу
туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті.
1. Конкурстық құжаттаманы əзірлеу, келісу жəне бекіту
13. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің
талаптары мен тəртібін айқындау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы
заңнамасының талаптарын ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес үлгілік конкурстық
құжаттама негізінде қазақ жəне орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы əзірлейді.
14. Егер əлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, онда оның біліктілік
талаптарына сəйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері беретін құжаттар не
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының жəне Қазақстан Республикасы
ратификациялаған шарттардың талаптарын ескере отырып, конкурстық құжаттаманың тілдеріне нотариат
куəландырған аудармасымен бірге Қазақстан Республикасының резиденті емес əлеуетті өнім берушінің
біліктілігі туралы ұқсас мəліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылады.
15. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы əзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің
бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшы
өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
Мемлекеттік сатып алу Заңның 7-бабының 3 жəне 4-тармақтарына сəйкес өткізілген жағдайда конкурстық
құжаттаманы ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға не тапсырыс
берушінің жауапты хатшысы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге де лауазымды
адам не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
16. Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып
алу жүзеге асырылған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға
бөлуге міндетті.
Тауар жеткізілетін орын кемінде бесеу болған жағдайда, конкурс тəсілімен өткізілетін лотта тауар
жеткізілетін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.
2. Конкурстық комиссияны, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекіту
17. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды
өткізу рəсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы əрбір конкурсқа жеке конкурстық
комиссия құрады жəне конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.
Конкурстық комиссияны құру жəне конкурстық комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе жауапты хатшысы не оның
міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.
Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып тікелей тапсырыс берушінің өзі не мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыру рəсімдерін орындауға жəне өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі тұлғасында
əрекет ететін болса, конкурстық комиссияны құру жəне конкурстық комиссияның хатшысын айқындау
туралы шешімді бірінші басшы не оның міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын
ескере отырып, тиісті қызмет саласындағы уəкілетті органмен келісім бойынша оның өкілдерін конкурстық
комиссияның құрамына енгізе алады.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын
жəне (немесе) техникалық ерекшелігін əзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық
құжаттаманы əзірлеу кезеңінде сараптау комиссиясын құра (сарапшыны тарта) алады.
18. Конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары жəне басқа да мүшелері конкурстық
комиссияның мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оны алмасты-
ратын тұлға орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға жəне кемiнде
үш адам болуға тиiс.
Конкурстық комиссияның төрағасы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші
басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуға тиіс. Егер мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс беруші өзі əрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы
болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуға
тиіс. Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыру рəсімдерін орындауға жəне өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі тұлғасында əрекет
ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесінің
басшысынан төмен емес лауазымды адам анықталуға тиіс.
19. Конкурстық комиссияның төрағасы:
1) конкурстық комиссияның жұмысын жоспарлайды жəне қызметіне басшылық жасайды;
2) конкурстық комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;
3) осы Қағидаларда көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.
20. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап əрекет етеді жəне тау-
арларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт
жасалған күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
21. Конкурстық комиссияның отырыстары конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым
көпшiлiгiнің қатысуы шартымен өткізіледі жəне конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерi мен
конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Конкурстық комиссияның қандай
да бiр мүшесi болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебi
көрсетiліп, аталған фактіні растайтын құжат қоса беріледі.
22. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады жəне егер оған конкурстық
комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса,
қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол
болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Конкурстық
комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше
пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде баяндалуға жəне конкурстық комиссия отырысының хатта-
масына қоса берілуге тиіс.
23. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз
етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды жəне
конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік
сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдарының
қатарынан айқындалады.
Конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық комиссия отырысының күн тəртібін қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажетті
құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады;
2) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы
хаттаманы, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырыстарының
басқа да хаттамаларын ресімдейді жəне оларға қол қояды;
3) тапсырыс берушіге конкурстық комиссия қол қойған отырыстар хаттамаларын, сарапшының (сарап-
тау комиссиясының) қорытындысын жібереді;
4) конкурстық өтінімдерді ашқан сəттен бастап тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді кон-
курс тəсілімен мемлекеттік сатып алу құжаттарының жəне материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді;
5) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
24. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыда əлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың,
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сəйкестігін айқындау үшін
тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, сарапшылар
ретінде мемлекеттік қызметшілерді өтеусіз негізде, ал өзге сарапшыларды тараптардың уағдаластығы
бойынша ақылы, сондай-ақ өтеусіз негізде тартуы мүмкін.
Сарапшы ретінде қандай да бір тұлғаны тарту үшін оның қызмет бейінінің мемлекеттік сатып алу
нысанасына сəйкестігі міндетті шарт болып табылады.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс
берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты
мекемелердің мамандарын сарапшылар ретінде тарта алады.
Сарапшыны ақылы негізде таңдауды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңға сəйкес жүзеге
асырады.
25. Үш немесе одан көп сарапшыны тартқан жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
тартылған сарапшылардың қатарынан сараптау комиссиясын құрады жəне олардың арасынан сараптау
комиссиясының басшысын айқындайды.
Сараптау комиссиясын құру жəне сараптау комиссиясының басшысын айқындау туралы шешімді
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе жауапты хатшы не оның міндетін
атқаратын тұлға қабылдайды.
26. Сарапшылар (сараптау комиссиясы) əлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сəйкестігі тұрғысынан сараптамалық
қорытынды береді жəне конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Егер
сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар
шегінде жасалған болса ғана оны конкурстық комиссия міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытынды
жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар (сарапта у комиссиясының мүшелері) қол қояды жəне
конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі.
Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, мұндай сарапшы ерекше
пікірін жазбаша баяндайды, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі жəне оның
ажырамас бөлігі болып табылады.
27. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды
өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-
ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекітілген конкурстық құжаттамамен жəне оған қосымшалармен
танысуға тиіс.
3. Əлеуетті өнім берушілердің тізімін бекіту
28. Жабық рəсімдерді қолдана отырып, конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы əлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілген əлеуетті өнім
берушілердің атына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларды қамтитын мəліметтер
пайдаланылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік
ақпаратты қамтитын мəліметтер пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру туралы хабарлама жіберілетін əлеуетті өнім берушілерде Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жəне оның органдары белгіленген тəртіппен беретін мемлекеттік құпияларды
құрайтын мəліметтер пайдаланылатын жұмыстарды істеуге рұқсат болуға тиіс.
29. Атына хабарлама жіберілетін əлеуетті өнім берушілердің тізімін Заңның 6-бабында көзделген
шектеулерді есепке ала отырып, тапсырыс беруші жасайды жəне оны тапсырыс берушінің бірінші бас-
шысы не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
Мемлекеттік сатып алу Заңның 7-бабының 3 жəне 4-тармақтарына сəйкес өткізілген жағдайда, конкурсқа
қатысуға шақырылатын əлеуетті өнім берушілердің тізімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
жасайды жəне ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не тапсырыс
берушінің жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын басқа лауазымды
адам немесе оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
30. Өндіру, қайта өңдеу, жеткізу жəне өткізу үшін əлеуетті өнім берушінің оларды өндіруге, қайта
өңдеуге, жеткізуге жəне өткізуге құқығы талап етілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс беруші тиісті құқықтары бар əлеуетті өнім берушілер қатарынан
конкурсқа қатысуға шақырылатын əлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастырады.
Азық-түлік тауарларын жəне тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып
алу кезінде тапсырыс беруші конкурсқа қатысуға шақырылатын əлеуетті өнім берушілердің тізімін отандық
тауар өндірушілер жəне/немесе отандық кəсіпкерлер қатарынан қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |