2015 жылғы 27 ақпан №147 Астана қаласы
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 70-5)
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру
бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін
күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он
жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы
тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс – шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді
ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-
министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қағидалардың 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 9, 3 және 12 тармақтарын
қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В.ШКОЛЬНИК.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы №147 бұйрығымен бекітілген
Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру
бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін
қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы
9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және жүктемені көтеруге
белгіленген тәртіпте аттестацияланған генерациялық қондырғының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру
бойынша жүйелік операторға энергия өндіруші кәсіпорындармен көрсетілетін электр энергиясына шекті
тарифті және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту
тәртібін анықтайды.
1) электр энергиясына арналған шекті тариф – энергия өндіруші ұйымдардың жаңа активтерді құруға, қолда
бар активтерді жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға арналған
инвестицияларын қаржыландыру көзі ретінде инвестициялық құрауышын ескермейтін, энергия өндіруші
ұйымдар тобы үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) бекітілген ең жоғары шамасы;
2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тариф – электр
қуатының нарығына қатысатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр қуатының (тендерлік негізде жаңадан
пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда) әзірлігін ұстап
тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған энергия өндіруші ұйымдар топтары бойынша бекітілген,
өтемділіктің жеті жылға тең нормативтік мерзімі шегінде қолда бар өндірістік активтерді жаңартуға, қолдауға,
реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға салынған инвестициялардың қайтарымдылығын
3) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекетті орган.
Осы Қағидаларда пайдаланылған басқа ұғымдар мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.
3. Электр энергиясына шекті тариф жеті жыл мерзімге бөлінетін мерзімде электр энергиясын іске асыратын
энергия өндіруші ұйымдармен топтары бойынша бекітіледі және жыл сайын түзетіледі.
4. Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді.
5. Энергия өндіруші ұйымдардың тобы келесі критерийлер бойынша қалыптастырылады: энергия өндіруші
ұйымдардың типтері, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отынның орналасқан жерінен қашықтығы.
«Энергия өндіруші ұйымдардың типі» критерийі бойынша энергия өндіруші ұйымдар электр
2) жылу электр орталығы – электр энергиясын өндірумен қатар, жылумен жабдықтаудың
орталықтандырылған жүйелеріндегі жылу энергиясы көзі болып табылатын электр станциясы;
3) газ турбиналық - газ тектес отын түрін энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы;
4) су электр станциясы – су ағымы энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы;
Энергия өндіруші ұйымдар «белгіленген қуат» критерийі бойынша 100 МВт-қа дейін, 100 Мвт-тан 300
МВт-қа дейін, 300 МВт және одан жоғары болып бөлінеді.
Энергия өндіруші ұйымдар «пайдаланылатын отын түрі» критерийі бойынша көмірмен, жергілікті газбен,
импортталған газбен, мазутпен жұмыс істейтіндер болып бөлінеді.
Энергия өндіруші ұйымдар «отынның орналасқан жерінен қашықтығы» критерийі бойынша 500 км-ге дейін,
500 км-ден 1000 км-ге дейін, 1000 км-ден одан жоғары болып бөлінеді.
6. Егер энергия өндіруші ұйымның құрамына бір-бірінен ерекшеленетін бірнеше электр станциясы кіретін
болса, онда аталған энергия өндіруші ұйым жеке топ болып қалыптасады.
7. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясына босатылатын бағаны дербес, бірақ өзі енгізілген энергия
өндіруші ұйымдардың тиісті тобының шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.
8. Электр энергиясына арналған шекті тарифтер енгізілген жылдың алдындағы бір жыл ішінде электр
энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан іс жүзіндегі ең жоғары баға
электр энергиясына арналған шекті тарифті оның қолданылуының бірінші жылына арнап айқындау үшін
база болып табылады.
3. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібі
9. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке арналған шекті тарифті электр
қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсететін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша
жылдарға бөліне отырып, жеті жылға тең мерзімде бекітіледі және саланың инвестициялық тартымдылығын
қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, жыл сайын түзетіледі.
10. Уәкілетті орган электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті көрсететін энергия өндіруші
ұйымдардың топтарын бекітеді.
11. Энергия өндіруші ұйым электр қуатын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке бағаны дербес, бірақ
өзі енгізілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұруы бойынша қызмет көрсететін энергия өндіруші ұйымдардың
тиісті тобының шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.
12. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтер енгізілген
жылдың алдындағы 1 жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында
қалыптасқан, өтемділіктің 7 жылға тең нормативтік мерзімі шегінде қолда бар өндірістік активтерді жаңартуға,
ұстап тұруға реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға салынған инвестициялардың
қайтарымдылығын қамтамасыз ететін энергия өндіруші ұйымдардың қаражаты электр қуатының әзірлігін
ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифті оның қолданылуының бірінші жылына
арнап айқындау үшін база (бұдан әрі - База) болып табылады.
13) Электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызмет көрсетет ін энергия өндіруші ұйымдар
үшін электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф мына формула
– жеке тұтынудың ең жоғары қуатының сомасына i- сол энергия өндіруші ұйым топтарының
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтің бірінші қолданылу
жылы электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының жеке тұтынудың ең жоғары
қуатының сомасы және генерацияның қолда бар орташа жылдық қуатының іс жүзіндегі мәнінің сомасы 2014
жыл үшін алынады.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шекті тарифінің өлшемі млн. теңге/
(МВт*айына) болып табылады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 сәуірдегі Нормативтік
құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10627 болып енгізілді.
18 ақпан 2016 жыл
www.egemen.kz
16
(Соңы 17-бетте).
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығы
2015 жылғы 20 сәуір №200 Астана қаласы
Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 19) тармақшасына сәйкес
бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігіне жолдасын;
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми түрде жариялау
үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына ор-
наластырсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лей-
тенант О.Б. Сапаровқа жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі И.ТАСМАҒАМБЕТОВ
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі №200 бұйрығымен бекітілген
Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери
өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженің
21-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығы әскери өкілдіктерінің
меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсыры-
сын ұйымдармен орындау кезінде жұмыс үдерісін ұйымдастыруды нақтылайды.
3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) аванжоба – өнімді әзірлеу негіздемесін және оның көрсеткіштерін, өнімді әзірлеу, өндіру және пайдалану
жөніндегі бастапқы талаптар мен ұсыныстарды қамтитын бастапқы техникалық құжаттама түрі. Аванжобаның
құрамына түсіндірме жазба, қажетті сызбалар, сұлбалар, есептер, сондай-ақ өнімді әзірлеуге арналған техникалық
тапсырма жобасы кіреді;
2) арнайы киім нысаны – оқу-жаттығулардағы, арнайы міндеттерді орындау кезінде, жауынгерлік кезекшіліктерде
(жауынгерлік қызметтерде), оқу-жаттығу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техника мен сабақтарда
және техника мен қару-жараққа қызмет көрсетуде, гараждардағы, парктердегі, доктардағы, шеберханалардағы,
әуеайлақтардағы, зертханалардағы, қоймалардағы, корабльдердегі, әскери бөлімдер мен мекемелердегі, жағалық
базалары аумағындағы жұмыстарды орындауда киетін әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың киім нысаны;
3) әскери мақсаттағы тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер – қару-жарақ, әскери техника
мен оларға оқ-дәрілер, әскери өнімнің, жұмыстың өзге де түрлері (оның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық), құжаттама, зияткерлік меншік құқығының объектілері және әскери-техникалық мақсаттағы ақпарат;
4) әскери өкілдіктері (бұдан әрі – әскери өкілдіктер) республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алы-
натын, тапсырыс берушінің мүддесінде, оның ішінде экспортқа ұйымдар жеткізетін өнімнің сапасын бақылайтын
әскери орган болып табылады.
5) бастапқы бақылау – жабдықтаушының тұтынушыға немесе тапсырыс берушіге келіп түскен және өнімді дай-
ындау, жөндеу немесе пайдалану кезінде қолдануға арналған өнімінің сапасын бақылау;
6) бұйым (партия) – бір техникалық құжаттама бойынша шектелген уақыт кезеңінде әзірленген және тапсырыс
берушінің мекенжайына жіберуге арналған бір текті өнімдер бірлігінің жиынтығы;
7) кезеңдік сынақ – өнімді қолданыстағы конструкторлық және технологиялық құжаттама бойынша дайындауды
жалғастыру мүмкіндігін растау және оның қабылдануын жалғастыру мақсатында белгіленген кезеңде өнімнің сапа-
сын және технологиялық үдерістің тұрақтылығын кезең-кезеңімен растау үшін жүргізілетін сынақ;
8) қабылдау – өнімнің техникалық құжаттаманың талаптарына, стандарттарға, техникалық шарттарға және
шарттың талаптарына сәйкестігін және оның сапасын бақылаудың оңтайлы нәтижелері кезінде әскери өкілдіктер
жүзеге асыратын осы өнімдерді жеткізуге және (немесе) пайдалануға жарамдылығын құжат түрде растау рәсімі;
9) қабылдау-тапсыру сынағы – өнімді қабылдау мүмкіндігін айқындау үшін сынақтың осы санаттары, сондай-ақ
бақылау үлгі-нұсқасы үшін (егер олар стандарттарда көзделсе) белгіленген стандарттардың талаптарына өнімнің
сәйкес келуін бақылау мақсатында жүргізілетін сынақ;
10) қос мақсаттағы (қолданудағы) тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер – азаматтық мақсатта
пайдаланылатын, бірақ әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер ретінде мемлекеттік
қорғаныстық тапсырысқа мемлекеттік тапсырыс берушілер пайдалануы немесе кейіннен қайта бейімдеп пайда-
лануы мүмкін өнімдер мен технологиялар;
11) міндетті ұсынымдар тізбесі – ұйымның техникалық бақылау бөлімі бақылауға әскери өкілдікке міндетті
ұсынуға тиіс әскери өкілдіктер әзірлеген бұйымдар, жинақ бірліктері, технологиялық үдеріс операциялары тізбесі;
12) нормативтік-техникалық құжаттама (НТҚ) – әртүрлі санаттардағы стандарттар, жалпы техникалық талаптар
жүйесінің нормативтік-құқықтық құжаттары, тапсырыс берушінің тактикалық-техникалық (техникалық) тапсырмалары,
заңда белгіленген тәртіппен бекітілген материалдарға, заттарға, басқа да құжаттарға арналған техникалық шарттар;
13) өнім – тапсырыс беруші бекіткен өнім номенклатурасына енгізілген әскери және қос мақсаттағы тауарлар
(өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
14) өнім номенклатурасы – әскери өкілдіктер сапасын бақылауға және қабылдауға тиіс қару-жарақ пен әскери
техника (кешендер, жүйелер) үлгілерінің, олардың құрамдас бөлшектерінің, жиынтықтаушы бұйымдар әскери-
техникалық және өзге де мүлік, аванжобалар, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-құрылымдық, жобалық, монтаждау
жұмыстары және басқа да әскери өнім және қос мақсаттағы өнім тізбесі. Өнімнің номенклатурасын ұйым мен
тапсырыс беруші арасындағы шарт негізінде әскери өкілдіктер әзірлейді және оны тапсырыс берушінің бірінші
басшысында бекітеді;
15) өнімді қабылдауды уақытша тоқтату – өнімді қабылдау үдерісін уақытша тоқтату жөніндегі әскери өкілдіктің
өкілеттігі ол мынадай жағдайларда жүргізіледі, егер: қабылдауға екі рет ұсынылған өнім бірлігі (партиясы) қатарынан
екі рет ұсынылған кезде қабылдау-тапсыру сынағынан өтпеген; егер өнім бірліктері кезеңдік сынақтан өтпесе; жой-
ылмайтын өнім ақауларына әкеп соқтыратын техникалық үдерісті бұзушылық анықталса (оның ішінде сынау және
бақылау құралдарының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталса);
16) сапаны бақылау – әскери өкілдіктің әскери өнім мен қос мақсаттағы өнімнің техникалық құжаттаманың
талаптарына, стандарттарға, техникалық шарттарға (ерекшеліктерге) және шарттың талаптарына сәйкестігін
айқындау жөніндегі қызметі;
17) ішінара бақылау – ол жататын жиынтық ішінен өнім бірлігінің шағын мөлшеріне қатысты бақыланатын
кездегі бақылау;
18) техникалық құжаттама (ТҚ) – әскери өнімді әзірлеу, дайындау, монтаждау, пайдалану, жөндеу және
кәдеге жарату үшін пайдаланылатын құрылымдық, технологиялық, жобалық, бағдарламалық және нормативтік
құжаттама жиынтығы;
19) техникалық бақылау бөлімі (ТББ) – ұйымның техникалық бақылау бөлімі немесе ұйымның өндірістік үдерістер
мен өнімнің сапасын бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті адамдары;
20) техникалық (кепілдік) қадағалау – әскери өкілдіктердің қатысуымен тапсырыс берушімен бірлесіп,
өнімді дайындаушы (әзірлеуші) ұйым оларды тағайындалуы бойынша қолдану (пайдалану) үшін өнім үлгілерін
(жиынтықтаушы) жарамды және жұмысқа қабілетті жай-күйде ұстау жөнінде жүргізетін жұмыстар мен іс-шаралар
кешені. Техникалық (кепілдік) қадағалау тапсырыс берушінің пайдаланылатын бөлімшелерінде өнімдерге және
оларды жиынтықтаушыларға техникалық қызмет көрсету, қалпына келтіру, толық пысықтау немесе жөндеу және
жұмыстарын және кейбір басқа да жұмыстарды қамтиды;
21) жаппай бақылау – өнімдердің барлық бірліктері бақыланатын бақылау;
22) ұйым – меншік нысанына қарамастан, тапсырыс берушінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсыры-
сты орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
23) лездеме бақылау – айқындалған ақау немесе кемшіліктер жойылған бұрын бақыланған өнімдерді бақылау.
Ол ТББ жұмысының сапасын немесе жабдықты тексеру қажет болған кезде жүзеге асырылады. Лездеме бақылау
кенеттен, уақыттың кездейсоқ сәтінде жүзеге асырылуына байланысты оның нәтижелері анағұрлым нақты болады.
Жүйелі лездеме бақылауға сонымен қатар цехтардың, учаскелердің және жұмыс орындарының да жай-күйі жатады.
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери өкілдіктері (бұдан әрі – әскери өкілдіктер)
республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын, тапсырыс берушінің мүддесінде, оның ішінде экспортқа
ұйымдар жеткізетін өнімнің сапасын бақылайтын әскери орган болып табылады.
2. Өнімнің сапасын бақылау және қабылдау
5. Өнімнің сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру тәртібі «Меншік нысанына қарамастан мемлекеттік
қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 968 қаулысына (бұдан әрі – бақылауды жүзеге асыру қағидасы)
сәйкес жүзеге асырылады.
Әскери өкілдік тапсырыс беруші мен ұйым арасында жасалған келісімшарттар негізінде осы Нұсқаулықтың 1
қосымшасына сәйкес нысан бойынша бақылауға және қабылдауға жататын әскери өкілдікпен бақыланатын өнімнің
номенклатурасын әзірлейді, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық
бақылау бөлімі әскери өкілдікке міндетті ұсынуға жататын бұйымдардың, жинақ бірліктерінің, технологиялық үдеріс
операцияларының міндетті ұсынымдар тізбесін белгілейді.
3. Өнімнің сапасын бақылаудың түрі мен әдісі
6. Ұйымның жеткізілетін өнім сапасы бөлігіндегі шарттық міндеттемелерді орындауды бақылау жөніндегі
жұмысы жаппай және ішінара бақылау әдістерімен жүзеге асырылады, бұдан әрі бақылауда оның жоспарында
мынадай іс-шаралар:
1) ұйымнан және оның қосалқы мердігерлерінен өнімді өндіруге арналған рұқсаттама құжаттарының
көшірмелерін алу;
2) жауапкершілігі анағұрлым жоғары ұйым мен қосалқы мердігерлерден орындау сапасын әскери өкілдік дайындау
мен сынаудың мынадай кезеңдерінде тексере алмайтын жиынтықтаушы бұйымдарды, жинақ бірліктерін, тетіктерді
және технологиялық үдерістің операцияларын өндіру мен қабылдап алу және өнім бұйымдарын сынау үдерісінің
мониторингі, сондай-ақ оны өндірісте игеру сатысында өнімді өндіру мен қабылдап алу үдерісі;
3) ұйым мен оның қосалқы мердігерінде конструкторлық және технологиялық құжаттамалардың, білікті
өндіруші персоналдың, жарақтардың, жабдықтардың және құрал-саймандардың, жұмыс орындарының және
өнімді жасау (аспаптық бақылау) жөніндегі зертхананың бар болуы және сатып алынатын бұйымды бастапқы
бақылау, жиынтықтаушы материалдар, дайындамалар және дайын сатып алынатын тетіктер туралы ресми рас-
тау алу сипатталады.
7. Әскери өкілдік қабылдайтын өнімнің өндірілуін бақылау жөніндегі жұмыс лездеме бақылау әдісімен жүзеге
асырылады.
Лездеме бақылаумен міндетті бақылау (жаппай немесе ішінара) тізбесімен қамтылмаған өнімді жасау жөніндегі
ұйымның қызметті жан-жақты және бірінші кезекте бекітілген технологиялық үдерістердің сақталуы, конструкторлық
және технологиялық құжаттаманың, жарақтардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың жай-күйі, экономикалық
мәселелер, тікелей өнім жасалатын жұмыс орны, сатып алатын бұйымды бастапқы бақылау, материалдардың, дай-
ындамалар мен сатып алынатын дайын тетіктердің сақталуы, сондай-ақ өндірістің, ұйымның зертханалық жұмысы
жалпы мәдениетінің жай-күйі, қабылданған өнімді сақтау ережесінің сақталуы және әскери өкілдік бастығының
нұсқауы бойынша басқа да мәселелер тексеріледі.
8. Өндірісті лездеме бақылау ұйыммен әзірленген және әскери өкілдікпен келісілген, ұйым басшысы бекіткен
жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
9. Өндірісті лездеме бақылау жоспарлы және жоспарланбаған болуы мүмкін.
Жоспарланбаған лездеме бақылау әскери өкілдік бастығының нұсқауы бойынша жүргізіледі.
Әскери өкілдікте лездеме бақылау бақыланатын объектілерді және тексеру кезеңін көрсете отырып, жылдық
және айлық жоспарларда жоспарланады.
Лездеме бақылау жоспары әскери өкілдіктің ішкі құжаты болып табылады және ұйымның басшылығына ха-
барланбайды.
10. Осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данадағы өндірісті лездеме бақылауға
тапсырмаға әскери өкілдіктің бастығы қолтаңбасын қояды және осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес ны-
сан бойынша өндірісті лездеме бақылауға тапсырманы (бұдан әрі – тарсырма) беру журналына есепке алынады.
11. Лездеме бақылау үдерісінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралардың әзірленуін және іске
асырылуын бақылау лездеме бақылау тапсырмалары бланкілері бойынша әскери өкілдік жүзеге асырады, бланктің
бір данасы ұйымның басшысына беріледі, екіншісі (ұйымның іс жүргізуіне қабылданғаны туралы белгі қойылған)
есепке алынатын болып табылады және әскери өкілдікте сақталады.
12. Ұйымға келіп түскен жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдардың сапасы бастапқы бақылаумен
бақыланады, оны ұйым НТҚ белгілеген талаптарға жауап бермейтін сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдар
мен материалдардың өндіріске түсуінің алдын алу мақсатында жүзеге асырады.
13. Әскери өкілдік ұшпа бақылаудың жүйелі әдісімен НТҚ бастапқы бақылау жөніндегі талаптарын ұйымның
орындауын тексеруге, бақылау кезінде анықталған ақауларға талдау жүргізуге және наразылық білдіру актілерді
ресімдеуге қатысуға міндетті.
Бастапқы бақылау жөніндегі құжаттарды және бастапқы бақылауға жататын бұйымдар мен материалдардың
тізбесін ұйым жасайды оны ұйымның басшысы бекітеді және әскери өкілдіктің бастығымен келісіледі.
14. Өндіріске әскери өкілдік зауыт-жеткізушіден қабылданған, тапсырыс беруші жеке шарт бойынша қабылдаған
және олардың сапасын растайтын ілеспе құжаттары бар (паспорттары, формулярлары, сертификаттары және т.б.)
жиынтықтаушы бұйым жіберіледі.
15. Ұйымдағы сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдарды бастапқы бақылау рәсімдерін
мониторингілеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру кезінде әскери өкілдік ерекше назарды:
1) бұйымдар мен материалдарды есепке алуды ұйымдастыруға және олардың қоймаларда сақталуына;
2) дұрыс таңбалануы мен маркіленуіне, паспорттардың, сертификаттардың, ярлыктардың және заттаңбаларының
бар болуына және олардың дұрыс толтырылуына;
3) құжаттарда көзделген кооперация бойынша (қосарлы мердігер) жабдықтаушыдан жиынтықтауға келіп түсетін
бұйымдарды, материалдарды, шикізатты, жартылай дайын өнімдерді сақтау ережелерінің сақталуына;
4) қоймаларда жарамсыз немесе кепілдік мерзімі өткен бұйымдар мен материалдардың болмауына;
5) ұйымдардың қоймаларында жарамсыз (істен шыққан) және жарамды бұйымдар мен материалдарды бірге
сақтау жағдайларын болдырмауға;
6) сатып алынған бұйымдар мен материалдарды өндіріске жіберуде ұйымда белгіленген тәртіптің сақталуына;
7) сақтау мерзімі шектелген бұйымдар мен материалдардың өндіріске уақтылы берілуіне;
8) тексеру зертханаларына жіберу үшін материалдар сынамасының уақтылы іріктелуіне;
9) жаңадан сатып алынатын бұйымдар мен материалдарды, сондай-ақ жабдықтаушылардан жаңа стандарттар
бойынша немесе ТУ-дан келіп түсетін, өнім үшін алғаш рет шығарылатын жиынтықтауыштарды мұқият бақылауды
қамтамасыз етуге;
10) металдарда (материалдарда) сұраптарын (маркілерін) шатастыруды болдырмайтын шартты бояулардың
(таңбалардың) бар болуына;
11) бұйымдар мен материалдарды сақтау ережелерін және оларды өндіріске жіберу тәртібін айқындайтын
нұсқаулықтардың бар болуына;
12) бастапқы бақылау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу техникасы мен өлшеу құрал-саймандарының
жиынтықтаушы бұйымдар параметрлерін өлшеу кезіндегі дәлдік табының талаптарына сәйкестігін тексеруге
аударады.
16. Әскери өкілдік бастапқы бақылауда жиынтықтаушы бұйымдар жарамсыз болған және өндіріс үдерісінде істен
шыққан жағдайды қорытындылауға және талдауға және олардың сапасын жақсарту жөніндегі шараларды қабылдауға
міндетті. Жиынтықтаушы бұйымдардың жарамсыздығы, анықталған жарамсыз бұйымдар және қабылданған шара-
лар туралы әскери өкілдік пайдалануға қабылданған өнімнің төзімділігін қамтамасыз ету жөніндегі соңғы шараны
қабылдау үшін тапсырыс берушіге хабарлайды.
17. Жаппай бақылау әдетте, орындау сапасын әскери өкілдік өнімді дайындау мен сынаудың келесі кезеңдерінде
тексере алмайтын жауапкершілігі анағұрлым жоғары жиынтықтаушы бұйымдарды, жинақ бірліктерді, тетіктерді
және технологиялық үдерісті қамтиды, ал ішінара бақылау оның белгіленген талаптарға сәйкестгін жан-жақты
бағалауға мүмкіндік бермейді.
Жаппай бақылау сондай-ақ әскери өнімді өндірісте игеруде және осы өнімді ұзақ үзілістен кейін өндірісте қайта
жаңарту кезінде қолданылады.
18. Ішінара бақылау әскери өкілдікке толық ұсынылған бұйымдардың партиясынан жүзеге асырылады. Осындай
жағдайда өнімге техникалық шарттарда бақылау жоспары көрсетілуі тиіс (бақыланатын партияның көлемі, таңдау
және байқау көлемі, бақлау нормативтері).
Достарыңызбен бөлісу: