Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет57/64
Дата06.03.2017
өлшемі8,24 Mb.
#8347
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64
    Бұл бет үшін навигация:
  • Summary

  

636.22/28.033.234.1 

 

ҚАРАКӨЛ ЕЛТІРІСІН АЛҒАШҚЫ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ 



САПАСЫ 

 

Тұрлыбаев  ЕТ.,  Байбеков Е.Қ., Ажіметова А.Б., Сүлейменов М.Қ 



 

Халықаралық гуманитарлық –техникалық унивеверситеті 

 

Резюме


 

 

В  статье  приведены  технология  первичной  обработки  каракулевой  мерлушки  и 

сведения о его качествеТехнология обработки ягненка состоит из первичной обработки

выделывания  и  покраски  кожи.  При  сушке  каракулевой  мерлушки      50%  -  ой  солью 

увеличивается плотность мерлушки и при полной обработке высок показатель качества

 

                                                                           Summary 

 

The  paper  presents  the  technology  of  primary  processing  of  Astrakhan  lambskin  and 

information  about  its  quality.  Lamb  processing  technology  consists  of  primary  processing, 

Elaboration  and  painting  the  skin.  When  drying  karakul  lambskin  50%  -  oh  salt  increases  the 

density of lambskin and full processing high levels of quality.

 

 

Қозылардын  терісін  өңдеуден  өткізу  технологиясы  –  алғашқы  өңдеу,  илеу,  бояу 

жұмыс  жиынтығынан  тұрады.  Ғылыми-зерттеу  əдістемелерінің  негізгі  бағыты  -  əр  түрлі 

топта алынған елтірілерді тұздау əдісіндегі тұз мөлшерінің сапалық көрсеткіштеріне əсері. 

Илеу  жəне  бояу  технологиясындағы  –  тұз,  химиялық  қоспалардың  илеу  сапасына, 

елтірілерді  бояу  тəсіліндегі  –  тұз  химиялық  қоспа  мөлшерінің  бояу  сапасына,  сонымен 

бірге  тауарлық  қасиетіне  əсерін  айқындау  жəне  де  толық  өңдеу  технологиялық  жүйесін 

жетілдіру болып табылды. 

Тəжірибе  жұмыстарының  жүйесі  бойынша  қаракөл  қозыларын    терісін  алғашқы 

өңдеуден өткізу əдісіне уақыт өлшемін жүргізіп тұздау, илеу, бояу нəтижелерінде елтірінің 

сапасын жақсартуға бағытталды [1].  


426 

 

Қаракөл  қозылары  терісін  алынатын  елтірілерді  өндіру  барысында,  елтірі  өндіру 



кезеңінде  оның  тиімді  жолын  қарастыру  керек.  Сондықтан  қаракөл  қозысының  елтірісін 

алғашқы  өңдеуден  өткізу  қажет.  Терілер  алғашқы  өңдеуден  өткізілмесе,  терінің  тауарлық 

құндылығы төмендеп, жүн талшықтарының жидіп түсуіне əкеп соғады. Елтірілерді дұрыс 

алғашқы  өңдеуден  өткізе  білмесе,  елтірінің  тауарлық  құндылығы  төмендеп,  илеу  кезінде 

жарамай  қалуы  əбден  мүмкін.  Сондай-ақ  алғашқы  өңдеуді  дұрыс  жолға  қоя  білсе,  онда 

терілердің тауарлық құндылығы мен сапасы өте жоғарғы деңгейде болады. 

Қаракөл  қозыларыны  терісін  алғашқы  өңдеуден  өткізу  əдістерінің  жиынтығы  мына 

төменде көрсетілгендей:  қозыны сою, қанын ағызу, қозыға ауа үру,  іреу, елтірісін сыпыру, 

ұлтабарын (мəндір) алу, ұшасын бөлу, құлағының шеміршегін алу, тұмсығын кесу, майын, 

етін шелдеу, тұздау. 

Қаракөл  қозылар  терісін  алғашқы  өңдеуден  өткізу  əдістеріне  уақыт  өлшемін 

жүргізгенде –  бір қаракөл  қозысын  өңдеуге  кеткен  уақыт  өлшемі  пайыз  есебімен  мынаны 

көрсетті:  қозыны  союға  5,1%,  қанын  ағызуға  26,1%,  қозыға  ауа  үруге  1,5%,  іреуге  12,8%, 

елтірісін  сыпыруға  7,7%,  мəндірін  алуға  2,9%,  тушка  алуға  2,5%,  құлағының  шеміршегін 

алуға 6,1%, тұмсығын кесуге 2,3%, майын шелдеуге 12,8%, тұздауға 11,8% жұмсалды. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

толық


 

өңдеудің


 

сапалық


 

көрсеткіштері

 

ел

тір



і 

к

ө



л

емі


н

е 

са



л

ма

ғы



н

а 

қ



ал

ы

ң



д

ы

ғы



 м

ен

  



ты

ғы

зд



ы

ғы

н



а 

ж

ұ



қ

ал

ы



ғы

н

а 



со

зы

мд



ы

л

ы



ғы

 ме


н

 

ж



ұ

мс

ақ



ты

ғы

н



а 

б

ер



ік

тіг


ін

е 

ж



ү

н

ін



ің

 қ

о



ю

л

ы



ғы

н

а 



ж

іб

ек



тіл

іг

і 



ме

н

 



ж

ы

л



ты

р

л



ы

ғы

н



а 

зерттеудің

 

экономикалық



 

тиімділігі

 

ҚАРАКӨЛ ЕЛТІРІСІ 



алғашқы

 

өңдеу



 

илеу


 

бояу


 

427 

 

Алғашқы өңдеудің тұздалу əдісіндегі тұз мөлшері. Шелденген соң терілер көп жатып 



қалса  бүлінеді.  Өйткені  оның  құрамында  ақуыздар,  майлар,  ферменттер  мен  сулар 

микроорганизмдердің  дамуына  мүмкіндік  туғызады.  Сонан  терідегі  жүн  талшықтарының 

жидіп  түсуіне  əкеп  соғады.  Сол  себептен  терілерді  тұздайды.  Тұздың  өзі  бактериялық 

процестердің тез тоқтауына ықпал етіп, елтірідегі жүннің беріктігін – төзімділігін арттыра 

түседі. 

Тұздағандағы  мақсат  –  терінің  беткі  өңіне  тері  ұлпасының  ішіндегі  бактериялық 

процестерінің тежелуіне немесе тоқтауына, теріні іріп-шіруден сақтатып, əрі илеуге дейін 

сақтағанда терінің сапалық құндылығын жоймайтындай жағдай жасау. 

Тұз  елтірінің  суын  сорып,  нығыздайды  əрі  ширатады.  Тұзды  тым  көп  сепкен 

жағдайда елтірі нығыздалмай өзара бірігуіне бөгет жасайды. Тұздағанда елтірінің ширауы 

5  пайыздан  12  пайызға  дейін  жетеді. Ширау  себебі  –  терінің  қалыңдауына  жəне  коллаген 

талшықтарының ұзындығы қысқарудан пайда болады [2]. 

Терілерді  тұздағанда  тұздың  маркасына  қарау  қажет.  Өйткені  тұздағанда  да  теріге 

тұздың маркасының үлкен əсері бар. Сондықтан теріге мына тұздардың маркасымен тұздау 

керек:  ұнтақ  №1,  ұнтақ  №2  (МемСТ  №153-57).  Терілерді  тұздағанда  таза  тұздарды 

пайдаланған жөн. Таза тұз пайдаланбаса, тұздағанда теріде тұз дақтары пайда болады, тұз 

дақтары теріні тұздап кептірген кезде пайда болады. Ол дақтар жекелей немесе топталған 

күйінде  кездеседі.  Диаметрі  0,4-4  мм  түсі  ашық  сарыдан  қара  қоңырға  жəне  қызғылтқа 

дейін ауытқиды. Терінің тұз дақтары бар бөліктерінің дермасы өзгереді. Дерманың өзгеру 

салдарынан теріні илегенде 1-15 пайыз дөңгелек тесік пайда болады. 

Теріні тұздағанда тұзда жату мерзімі жəне терінің салмағына қарай тұздың берілуіне 

байланысты.  Алынған  15  дана  қаракөл  елтірісін шелдеп,  сонан  соң  оны  тұздадық.  Тұздау 

ұнтақ №1 МСТ №153-57 маркасымен салмағына қарай берілді.  

Алғашқы  өңдеудегі  тұз  мөлшерінің  елтірі  салмағына  жəне  тығыздығына  əсері. 

Елтірінің  салмағы  əдетте  оның  аумағы,  елтірі  қалыңдығы  мен  жұқалығына,  талшығының 

қоюлығына, еріген тұздарына байланысты. 

Шикі қаракөл елтірісінің орташа салмағы  

 

851,3 



Иленген қаракөл елтірісінің орташа салмағы   375,2 

Шикі қаракөлше терісінің орташа салмағы  

251,2 

Иленген қаракөлше терісінің орташа салмағы  121,5 



Алғашқы өңдеудің тұздау əдісі кезінде судың біраз бөлігі жоғалады. Елтірінің өзінде, 

əсіресе  емізікті  қабатында  су  көп.  Ал  қасаң  қабағында  аздау.  Егерде  жаңа  сыпырылған 

елтірі салмағы 70% су болса, тұздау əдісі кезінде суын 40-50%-ға, ал кептірген соң 15%-дан 

18%-ға  дейін  суын  жоғалтады.  Ақшыл  реңді  сұр  қаракөл  мен  түрлі-түсті  елтірілерді 

тұздағанда судың жоғалуы 49%-дан 56%-ға дейін жетеді. Тері неғұрлым жеңіл болса, одан 

жасалған бұйым да соғұрлым жеңіл келеді. 

1 кесте – Алғашқы өңдеудің тұздау əдіміндегі елтірі салмағының өзгеруі 

грамм есебімен 

Тұздау тобы 

Саны 


Елтірі түрі 

жаңа сойылған 



M±m 

тұздап 


кептірілген 

M±m 


жоғалтқан 

салмағы 


M±m 

І топ – 100% 

50 

 838±52,2 



    342±36,2 

     496±1,36 

59,2 

ІІ топ – 75% 



50 

  615±37,9 

    323±31,6 

    292±1,35 

47,4 

ІІІ топ – 



50% 

50 


  364±34,6 

    284±39,0 

     80±0,01 

22,0 


 

Кестеде  тұздап  кептірілген  терілердің  салмағы  жаңа  сыпырылған  теріге  қарағанда  І 

топта 40,8%, ал ІІ топта 52,5%, ІІІ топта 78,0%-ға дейін кемігені белгілі болды. Елтірілердің 

салмағы  тəжірибедегі  топтар  арасында  неғұрлым  салмағы  көп  болған  сайын  солғұрлым 

салмағын көп жоғалтқаны байқалды. 


428 

 

Тұздап  кептірілген  елтірінің  салмағы  оның  аумағына,  қалыңдығына,  жұқалығына, 



талшығының  қоюлығына,  еріген  тұздарына  байланысты  екендігі  жүргізілген  тəжірибеде 

анықталды. 

Елтіріні  тұздаған  кезде  ұзындығы  мен  енін  қатты  тартпай  жайлап  тартып  тегістеп 

барып,  тұзды  салып,  басын,  құйрығын,  аяқтарын  тегіс  қалдырмай  тұздау  керек.  Негізі  – 

тұзды  шел  жағынан  сеуіп  тұздайды.  Тұз  –  елтірінің  суын  сорып,  тығыздап  ақуыз  –  тұз 

құрайды.  Елтіріге  тұзды  тым  көп  сепкен  жағдайда  елтірі  нығыздалмай,  өзара  бірігуіне 

бөгет жасайды. Сондықтан да тұзды мөлшерлеп беру қажет. 

Тұз елтірінің суын сорып, тығыздап – нығыздайды əрі ширатады. Ширау – елтірінің 

тығыздалып,  қалыңдауына  жəне  коллаген  талшықтарының  ұзындығы  қысқаруынан  пайда  

болады.  Елтірі  ұлпасының  тығыздығы  оның  үлес  салмағына  сонымен  бірге  ширауына 

байланысты екендігі анықталды. 

Негізі  –  тұзды  мөлшерсіз  көп  сепкен  жағдайда  елтіріні  нығыздауына,  тығыздауына, 

ширауына бөгет жасайды. Сондықтан елтіріге қанша мөлшерде тұз беруге болатындығына 

тəжірибе жүргізілді. Жүргізілген тəжірибе бойынша елтірі салмағына қарай 50%-тұз беріп 

кептіргенде,  елтірінің  тығыздығы  артып,  толық  өңдеудегі  көрсеткіш  сапасының  жоғары 

екендігі анықталды. 

Тұздап  кептірілген  елтірінің  беріктілігі.  Елтірі  ұлпасының  беріктігі  бастапқы  шикі 

күйіндегі  беріктігіне  жəне  де  тері  ұлпасының  беріктігі  мен  жүн  талшығының  теріге  беку 

беріктілігіне  көбінесе  байланысты.  Алғашқы  өңдеу  кезінде  теріні  шелдегенде  ақуыздары 

көп  алынып  жұқарса,  сойған  соң  көп  уақыт  жатып  қалса,  онда  жүн  талшығының  теріге 

беку беріктілігі нашарлайды. 

Жүн  талшығының  елтірі  ұлпасымен  байланысты  беріктілігі  əр  түрлі  жағдайда 

болады.  бірінші  жағдайы  -  өлі  туылған  қозының  жүн  талшығы  тері  ұлпасына  беріктілігі 

нашар болады. екіншіден, қозыны сойған соң, көп уақыт жатып қалса да жүн талшығы тері 

ұлпасына  беріктігі  нашарлайды.  Оны  сүт  қышқылы  мен  тұз  ерітіндісіне  салып,  беріктігін 

арттыруға  болады.  Сондықтан  жүн  талшығының  тері  ұлпасы,  жүн  талшығының  тері 

ұлпасымен байланысты беріктілігі бір-біріне тəуелді [3]. 

Жүннің  елтірі  ұлпасымен  байланысының  беріктігі  шикі  терідегі  беріктігіне  жəне  де 

алғашқы  өңдеудің  шелдеу  əдісіне  байланысты.  Теріні  тым  қатты  шелдеу  жұқартып,  тесіп 

немесе жыртып жібереді. Сондықтан шелдейтін пышақ тым өткір болмай, шелдегенде тері 

асты шелі мен майын көп алып жұқарту қажет емес. 

 

Əдебиеттер 



 

1  Талянский  О.В.,  Миронова  Т.Ф.,  Макаров-Землянский  Я.Я.  Способ  обработки 

кожевенного сырья. . 2004.01.27. -4с. 

2    Чурсин  В.И.,  Шалкарина  Н.П.  Способ  обработки  кожевенного  сырья.  . 

2003.10.10. -3с. 

3  Григорьев Б.С., Богданов Н.В., Комисарова Л.А., Фомина Л.А., Маракова Т.И., 

Игнашина Т.П., Богданова М.Б. Способ обработки меховых шкур. . 2005.11.20. 

-6с 


 

ƏОЖ


 81.81.19 

 

ӨНІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР МЕН 

ШАРТТАРДЫ АНЫҚТАУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Усербаева С., Серманизов С



 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университет, Шымкент, Қазақстан Республикасы 

 

Резюме


 

В  статье  рассматриваются  значимость  факторов  и  условии,  влияющих  на  обеспечение 

качества  продукции.  Качество  продукции  формируется  на  этапах  её  проектирования  и 


429 

 

изготовления и поддерживается на этапе эксплуатациии на каждом из этих этапов на качество 



влияют определенные факторы и условияДанные факторы позволяют сформулировать основные 

направления повышения качества продукции.  

 

Summary 

 

In article are considered value factor and condition, influencing upon provision quality to product. 

The quality to product is formed on stage of her(its) designing and fabrications and is supported in step of 

usages, and on each of these stage on quality affect the certain factors and condition. Given factors allow to 

formulate the main trends of increasing quality to product.  

 

Соңғы  қырық  жыл  аралығында  бүкіл  əлемде  өнім  сапасына  үлкен  көңіл  бөлінуде. 

Нарықтағы  бəсекелестікте  өнімнің  жоғарғы  сапасы  өнім  өндірушінің  негізгі  жетістігі 

болып табылуда. 

Нарықтық 

қарым-қатынастық 

жағдайында 

өнім 


өндірушінің 

жетістіктері 

тұтынушылардың  талаптарын  қанағаттандыру  дəрежесіне  байланысты  болады.  Осындай 

жағдайда  ғана  өнім  өндіруші  өзінің  өніміне  деген  тұрақты  сұранысқа  ие  болып,  табысқа 

жетеді.  Тұтынушылардың  талаптарын  сəйкесінше  өніммен  қанағаттаттандыру  дəрежесі 

оның  сапасымен  анықталады.  Өнімнің  сапасы  оның  бəсекелестік  қабілеттілігінің  негізгі 

факторы болып саналады [1].  

«Өнім сапасы» түсінігінің күрделі, көп қырлы сипаттамаларын жəне оған қойылатын 

тұрақты өзгермелі талаптарды ескергенде, өнім өндірушілерге қажетті сапаны қамтамасыз 

ету  жəне  оны  өнімнің  өмірлік  кезеңінің  барлық  сатыларында  басқару  тапсырмасы 

қойылуда. Осыны іске асыру үшін өнім сапасын басқару аясында сəйкесінше білім мен ілім 

қажет етіледі [2]. 

Сапа  аясында  қажетті  білім  мен  ілім  алуда  жəне  кəсіпорындарда  сапаны  басқару 

жүйесін  құруда  9000  сериялы  ИСО  халықаралық  стандарттары  қуатты  демеу  көрсетуде. 

Осы  стандарттар  өнім  сапасын  арттыруда  кəсіпорындар  үшін  сапасын  басқару  моделін 

сипаттайды. Аталған стандарттардың əмбебап сипаты жəне мұнда сипатталған сапа жүйесі, 

сапа арқылы кəсіпорынды басқару теориясы мен əдістерінің терең білімін қажет етеді [3].  

Өнімнің  сапасы  оны  жобалау  мен  жасау  кезеңдерінде  қалыптасып,  пайдалану 

кезеңінде  қамтамасыз  етіледі.  Əрбір  осындай  кезеңдерде  өнім  сапасына  белгілі  бір 

факторлар мен шарттар ықпал етеді.  

Өнім  сапасын  қамтамасыз  етудің  факторы  ретінде  шикізаттың,  материалдардың, 

конструкциялық  элементтердің  немесе  толық  өнімнің  қасиеттерін  өзгертетін  нақты  күш 

деп түсінеді. Оған еңбек заттары мен құралдары, жабдықтар, құрал-саймандар, технология 

жəне  əзірлеушілердің,  жұмысшылардың,  өндірісті  ұйымдастырушылардың  кəсіби  білімі 

мен дағдылары жатқызылады [4]. 

Өнім  сапасын  қамтамасыз  ету  шарттары  ретінде  өнім  сапасын  қамтамасыз  ететін 

факторлар ықпал ететін өндірістік жағдайлар мен ортаны қабылдайды.  

Өнім  сапасын  қамтамасыз  ету  орнына  байланысты  ішкі  жəне  сыртқы  шарттар  деп 

ажыратады.  Ішкі  шарттарға  өндірістік  процестің  сипатын,  оның  қарқындылығын, 

ұзақтылығын, жұмыс орындарының жабдықталғандығы мен қызмет көрсетілуін, өндірістің 

бөлмелердің  экологиялық  жəне  еңбек  қауіпсіздігінің  күйлерін,  ұжым  ішіндегі  жəне 

тұлғалар 

арасындағы 

қарым-қатынастықтың 

жағдайларын, 

ұжымдағы 

рухани-

психологиялық  райы  мен  даулы  жағдайларды  шешу  сипатын,  сапаны  материалдық  жəне 



рухани ынталандыру сипатын жатқызады. Ал сыртқы шарттарға елдің ғылыми-техникалық 

дамуын,  қоршаған  ортаның  экологиялық  күйін,  күші  бар  шаруашылық  механизмін, 

кəсіпорындағы 

сапаны 


басқару 

жүйесін, 

кəсіпорын 

əрекетін 

экономикалық 

ынталандыруын,  бағаның  түзілу  қағидатын,  заңнамалық  жəне  құқықтық  ортаны  жəне 

қызметкерлер ортасының əлеуметтік-материалдық күйін жатқызады. 

Өнім  сапасын  қамтамасыз  ету  шарттары  бірқатар  жағдайларда  өнім  қасиеттерін 

тікелей  өзгертетін  күштерге  елеулі  ықпал  етеді.  Олар  факторлар  мүмкіндіктерінің  толық 

көрсетілуіне  қолайлы  болуы  немесе  оларды  əртүрлі  дəрежеде  тежеуі,  олардың 

мүмкіндіктерінің білінуін тоқтатуы мүмкін. 


430 

 

Факторлар  мен  шарттардың  ең  үйлесімді  тіркесімін  қамтамасыз  ету  сапаны 



қамтамасыздандырудың,  өнім  сапасын  басқарудың  ең  негізгі  жəне  күрделі  тапсырмасы 

болып саналады [5]. 

Өнімнің  өмірлік  кезеңінің  барлық  сатыларында  оның  сапасын  анықтайтын  негізгі 

факторларды  қарастырайық.  Жобалау-конструкторлық  əзірлеу  кезеңінде  өнімнің  сапасын 

қамтамасыз ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады, олар: 

-  отандық  жəне  шетелдік  патенттерді  ескере  отырып  өнімді  жобалау  алдында 

тереңірек өңдеу; 

-  өнімдердің  конструкциясы  мен  пайдалану  сипаттамаларын  техникалық-

экономикалық негіздеу; 

- ақаусыз жобалау; 

-  типтік  схемаларды,  унификацияланған,  стандартталған  бөлшектерді,  түйіндерді, 

агрегаттарды кеңінен пайдалану; 

- сапаны бақылаудың автоматтандырылған жүйесін ендіру; 

- өнімнің құрамына өмірлік маңызды болып саналатын ұқсас жүйені қосу; 

- күрделендірілген жағдайларда зертханалық сынақтар жүргізу; 

-  тəжірибелі  партияны  жəне  пайдалану  мəліметтерін  қайта  өңдеу  нəтижелері 

бойынша НТҚ тексеру жəне нақтылау. 

Өнімді  өндіру  сатысында  оның  сапасына  ықпал  ететін  факторларды  техникалық, 

ұйымдастырушылық, ақпараттық, əлеуметтік жəне экономикалық деп бөлуге болады.  

Пайдалану  сатысында,  техникалық  құрылғылардың  сапасы  мен  сенімділігін 

қамтамасыз етуге ықпал ететін негізгі факторлар келесілер болып саналады: 

-  техникалық  құжаттамада  ескерілген  режимдерді  ескеріп,  құрылғыларды  тікелей 

тағайындалуы бойынша пайдалану; 

-  қызмет  көрсетуді  жақсарту  жəне  белгіленген  мерзім  аралығында  регламенттік 

жұмыстарды жүргізу; 

- ағымдық, жоспарлы-ескерту жəне толық жөндеу жұмыстардың сапасын арттыру. 

Техникалық  құрылғылардың  өмірлік  кезеңдерінің  барлық  аталған  үш  сатыларында 

өнімнің  сапасына  еңбек  жəне  технологиялық  тəртіпті  жақсарту,  əрбір  жұмысшының 

еңбекке деген жеке ынтасы мен шығармашылық қатынастығын дамыту; жұмысшылардың 

кəсіби  деңгейін  ұдайы  жоғарылату;  рухани  жəне  материалдық  ынталандырудың  тиімді 

жүйесін қолдану сияқты факторлар елеулі ықпал етеді. 

Қарастырылған  факторлар  техникалық  құрылғылардың  сапасын  арттырудың  негізгі 

бағыттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, олар [5]: 

- құрылғылардың технологиялық конструкциясын құру; 

- дайындаудың технологиялық процестерін жетілдіру; 

- өнімнің унификациялау деңгейін жоғарылату; 

-  өндірістің  техникалық  деңгейін  арттыру,  өндірістік  процестерді  (негізгі  жəне 

көмекші) кешендік механикаландыру жəне автоматтандыру; 

- кəсіпорындағы барлық бөлімшелердің бірқалыпты жұмысы; 

- өнім сапасын бақылау мен талдаудың үдемелі əдістерін əзірлеу жəне пайдалану; 

- технологиялық, өндірістік жəне орындаушылық тəртіпті мүлтіксіз орындау; 

- стандарт талаптарын орындау; 

- еңбекті үдемелі ұйымдастыруды енгізу жəне өндіріс мəдениетін жоғарылату; 

-  жұмысшылардың  шығармашылық  белсенділігін,  өнім  сапасын  арттыруда  олардың 

қызығушылығын жетілдіру жəне ынталандыру. 

Сонымен,  өндірістік  жағдайда  өнім  сапасын  арттыруға  бірқатар  факторлар  ықпал 

етеді,  оларды  дұрыс  орындалуы  сапаны  арттырудың  негізгі  бағыттарын  қалыптастыруға 

мүмкіндік береді жəне қамтамасыз етеді. 

 

Əдебиеттер 



 

 



Минько  Э.В.,  Минько  А.В.,  Смирнов  В.П.  Качество  и  конкурентоспособность 

продукции и процессов: Учеб.пособие. – СПб.: СПбГУАП, 2005. – 240 с.: ил. 



431 

 



 

Фейгенбаум А. Контроль качества продукции: Сокр. пер. с англ. – М.: Экономика, 1986. 

– 471 с. 

 



Никитин В.А. Управление качеством на базе стандартов ИСО 9000:2000. – СПб.: Питер, 

2002. – 272 с. 

 

ҚР СТ ИСО 9001:2009. Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар. 



 

Иберла К. Факторный анализ / Пер. с нем. В.М.Ивановой. – М.: Статистика, 1998. – 398 



с. 

 

УДК


 658.562.64:006.354 

 

ОПРЕДЕЛЕНИЯ ПОКАЗАТЕЛЕЙ ПОВТОРЯЕМОСТИ И 



ВОСПРОИЗВОДИМОСТИКАК ОСНОВА ПРЕЦИЗИОННОСТИ  

ПРИ ОЦЕНКЕ ТОЧНОСТИ РЕЗУЛЬТАТОВ ИЗМЕРЕНИЙ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет