Психология пәнінің әдіснамалық негіздері (студенттерге көмек ретінде) Оқу құралы Павлодар



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата06.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#8369
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

аккомодация деп атайды. Уақытты қабылдау да сыртқы дүниедегі заттар мен 
құбылыстарда болатын өзгерістердің санаға әсер етіп алдыратын бейнесі. 
Уақыт –дүниедегі заттардың өзгеріп бір қалыптан екінші қалыпқа көшіп 
ескі   заттардың   жоғалып,   олардың   орнына   жаңа   заттардың   пайда   болып 
отыруының көрсеткіші. Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады. 
Уақыттың ритмі  – құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп жататын бір 
ізділігі. 
Уақыт   темпі  –   құбылыстардың   бір   ізділігінің   не   баяулығының 
көрсеткіші.
Тақырып 7. Зейін
Зейін-адам   санасының   белгілі   бір   затқа   бағыттала   тұрақталуын 
көрсететін құбылыс немесе айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп 
алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
Доминанта   теориясы-сыртқы   дүниенің   көптеген   тітіркендіргіштерінің 
ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек 
қоздырады.
Ырықсыз зейін-пассивті зейін немесе эмоциялық зейін.  Ырықсыз зейін 
деп сананың белгілі бір объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. 
Сан   қилы   тітіркендіргіштер   ішінен   күші   басым   тітіркендіргіш   зейінді   өзіне 
еріксіз аударады.
Ырықты   зейін-белгілі   бір   мақсат   қойып,   объектіге   ерекше   зер   салып 
отыру   көзделеді,   ол   жұмыстың   басынан   аяғына   дейін   ерік-жігірді   сарқа 
жұмсауды талап етеді.
11

Үйреншікті зейін-адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ 
орындалатын зейін.
Зейіннің   тұрақтылығы   және   жинақтылығы-адамның   зейіні   бір 
объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтата алуы.
Зейіннің   аударылуы-  бір   объектіден   екінші   объектіге   назарымызды 
көшіруді   айтады.   Физиологиялық   тұрғыдан   мидағы   оптималдық   қозудың 
ауысуы.
Зейіннің   бөлінушілігі-адам   санасының   бір   мезгілде   бірнеше   әрекетті 
атқара білу мүмкіншілігі. Адам зейінің екі-үш нәрсеге бөле алады.
Зейіннің   көлемі-бір   уақыттың   ішінде   оның   қамтитын   объектілерінің 
санын айтады. 
Тахистоскоп-зейін көлемін анықтауға арналған құрал.
Алаң   болушылық-белгілі   бір   объектіге   саналы   түрде   зейінді 
ұйымдастыра алмаушылықты айтады.
Тақырып 8. Ес
Ес-cыртқы  дүние  заттар мен құбылыстарының  адам  миында  сақталып, 
қайтадан жаңғартылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. 
Қозғалыс (немесе моторлық) ес- ойын, еңбек әркетіне байланысты туып 
отыратын қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды 
айтады. Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын (мәселен, коньки тебу, жазу, оқу, 
самолет жүргізу, турникте ойнау т.б.) қалыптастырудың негізі болып табылады. 
Бейнелі ес-заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін 
ойда   қалдыруда,   қайта   жаңғыртуда   көрініп   отыратын   ес   деп   атайды. 
Суретшілер мен архитекторлардың, музыканттар мен актерлердің есі көбінесе 
нақты, көрнекті болып келеді. Мұндай адам оқып шыққан кітабының мазмұнын 
есіне   түсіргенде   ондағы   ұсақ   бөлшектеріне   дейін   көз   алдына   жақсы   келтіре 
алады. 
Сөз-логикалық   ес-   адам   ойының   түрлі   формаларын   (ұғым,   пікір,   ой 
қорытындылары) еске қалдыра алу қабілеті. Сөз жүйесін есте сақтау – ойлау 
жұмысына   байланысты.   Естің   осы   түрі   көбінесе   философтар   естің   оқу 
процесінде   маңызы   аса   зор.   Өткен   тақырыптарды   есте   қалдыру,   оны   қайта 
жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады. 
Эмоциялық ес- сезімдерді еске қалдырып отыру есі дейді. Мәселен, жас 
кезімізге   тұрған   бір   жерге   келсек,   сол   кезде   бізге   ерекше   әсер   қалдырған 
нәрселердің   бәрі   есімізге   оп-оңай   түседі.   Өткендегі   оқиға   бір   қуанышқа 
байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді. 
Есте   қалдыру-еріксіз   есте   қалдыруда   адам   алдында   арнаулы   мақсат 
қоймайды, есте қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды. 
Қайта жаңғырту және тану-қайта жаңғырту еріксіз және арнайы қайта 
жаңғырту   деп   2   бөлінеді.   Еріксіз   қайта   жаңғыртуда   адам   алдына   мақсат 
қоймайды.  Мұны  іс-әрекеттің  барысы  туғызып  отырады.  Мәселен,  музыкант 
мелодияларды   қалай   болса   солай   жаңғырта   береді.   Еріксіз   қайта   жаңғырту 
кездейсоқ туып отырғанмен, ол белгілі жүйеде жүріп жатады. Арнайы қайта 
жаңғырту   мақсат   қоюмен,   ерік   күшін   жұмасумен   арнаулы   әдіс,   тәсілдер 
12

қолданумен   жүзеге   асады.   Арнайы   қайта   жаңғырту   -   әдейілеп   еске   түсіру, 
ойлаумен тығыз байланысты өте белсенді процесс. 
Ұмыту процесі – есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс. Өмірге 
қажет емес нәрселерді ұмытып отыру – адамның рухани дамуына көп көмегін 
тигізеді.
Реминисценция- материалды оқыған бойда оны бірден қайта жаңғырту 
кейде қиынға түсіп, мазмұны толық берілмей қалатын кездер болады. Бірақ, 
бұлар екі үш күннен кейін тым тәуір қайта жаңғыртылуы мүмкін. 
Ретроактивтік   тежелу-   өткен   материалға   ұқсас   екінші   бір   материал 
оқылса, бұл қайта жаңғыртудың сапасының төмендеуіне әсер етеді. 
Проактивтік   (ілгері   әсер   етуші)   тежелу-бұрын   есте   сақталған 
материалдың екіншісіне бөгет жасауы.
Тақырып 9. Қиял
Қиял-сыртқы   дүние   заттары   мен   құбылыстарының   субъективтік 
образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана 
тән психикалық процесс. 
Түс   көру-ұйқы   кезінде   ми   клеткаларының   бәрі   тежелмейді,   кейбір 
бөлімдері   қозу   жағдайында   болып   жұмыс   істей   береді.   Мидың   мұндай 
бөліктерін   «күзетші   пункт»   деп   атайды.   Осы   «күзетші   пункттерде»   біздің 
бұрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың 
бейнелері мида қайтадан «тіріледі».
Қайта   жасау   қиялы-адам   шындыққа   сай,   дәл,   дұрыс   образдар   беріп 
отырады. Бұл үшін түрлі сипаттау, схема сызықтарын дұрыс түсіне білуімен 
қатар, адамда өмірден алынған көрнекті образдардың жеткілікті қоры болуы 
қажет. Көркем суреттеулер адамда қиялдың бірнеше түрлерінің (көру, есту, иіс, 
т.б.) қатарынан жұмыс істеуін қажет етеді. 
Шығармашылық қиял-өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, 
жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, 
ғалымның, композитордың т.б. қиялы шығармашылық қиялға жатады.
Арман-өз   қалауымызша   жаңа   образдар   жасау.   Мұның   шығармашылық 
қиялдан   ерекшелігі   мынада:   арман   өзіміздің   тілеген   келешекке   бағытталған 
қиял процесі. 
Гипербола-нәрсенің   жеке   сипаттары,   белгілері   үлкейтіліп   көрсетіліуін 
айтады. Сөйткенде бейне ашық, мәнерлі болып шығады.
Агглютинация-бұл   әдіс   арқылы   мифологиялық   бейнелер   мен   түрлі 
механизмдердің, машиналардың конструкциялары құрастырылады.
Типизация-тұтас   бірқатар   объектілердің   барлығына   бірдей,   ортақ 
белгілері бар бейне жасап, жанастыру.
Тақырып 10. Ойлау 
Ойлау-сыртқы   дүние   заттар   мен   құбылыстарының   байланыс 
қатынастарының   миымызда   жалпылай   және   жанама   түрде   сөз   арқылы 
бейнеленуі. 
Анализ-ой   арқылы   түрлі   заттар   мен   құбылыстардың   мәнді   жақтарын 
жеке бөліктерге бөлу. 
13

Синтез-ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. 
Анализ бен синтез – бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз бірі болмайтын 
құбылыс. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл анализ (талдау) 
болады   да,   кейіннен   осы   бөліктерді   белгілі   тәртіппен   құрастырсақ   синтез 
(топтастыру) болады. 
Салыстыру-заттардың   ұқсастық,   айырмашылық   қасиеттері 
айқындалады.   Бұл   операция   салыстыратын   заттардың   бір   түрлі   белгілерін 
көрсетумен   қабат,   басқа   белгілеріндегі   айырмашылықтарын   да   айырып 
көрсетеді.   Мәселен,   заттарды   оның   түсіне,   түріне,   құрылысына,   атқаратын 
қызметіне қарай салыстыруға болады. 
Абстракция-шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы 
оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алу. Мәселен, квадрат, 
трапеция,   параллелограмм   деген   сөздерді   «төрт   бұрыш»   деген   сөзбен 
белгілесек, соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ бор, қар, қант сөзді алсақ, 
ортақ қасиеті «ақшыл» сөз абстракция болады. 
Нақтылау  –   абстракциялық   ұғымды   соған   сәйкес   келетін   жеке 
ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. 
Жалпылау-бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен 
біріктіру.   Жалпылау   арқылы   шындықтағы   заттар   мен   құбылыстарды   белгілі 
принцип бойынша орналастыруда жүйелеу (систематизация) дейді. Жүйелеудің 
жоғарғы түрі – класқа, кластан – отрядқа, отрядтан – отбасыға, отбасыдан – 
текке, тектен- түрге т.б. жүйеленеді. 
Ұғым-заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және 
негізгі   қасиеттері   бейнеленеді.   Ұғымдар   дара   және   жалпы   болып   бөлінеді. 
Мәселен,   жиналыс   (студенттер   жиналысы),   кітапхана   (балалар   кітапханасы). 
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. 
Пікір-бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін 
ойлаудың   формасы.   Мәселен,   «Астана   –   Қазақстан   Республикасының 
астанасы» десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал «атом – заттың 
бөлінбейтін және өзгермейтін бөлігі» десек, бұл жалған пікір болып табылады. 
Ой қорытындылары-бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. 
Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз 
қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. 
Дедукция-жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мәселен, 
бір   тірі   организмдер   оттегі   жоқ   жерде   тіршілік   ете   алмайды,   ал   балық   тірі 
организнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды 
деген қорытындыға келеміз.
Индукция-жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. 
Аналогия-   ұқсастық   бойынша   ой   қорытындыларын   жасау.   Мәселен, 
Ньютон   бүкіл   әлемдік   тартылыс   заңын   тапқанда,   ой   қорытындысының   осы 
түріне   сүйенген.  Ол   жер   үстіндегі  денелердің  қозғалуы,   әсеріне   құлауы  мен 
аспан   денелерінің   қозғалуы   арасындағы   ұқсастықты   түсіндіруде   аналогияны 
келтіреді. 
14

Тақырып 11. Темперамент
Темперамент-жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның 
жеке өзгешіліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-
қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Сангвиник-қуатты,   тұрлаулы,   ширақ   тип,   ойнақы,   еті   тірі   бірақ   кез-
келген   істі   бастап   кейін   тастап   жүре   береді.   Ол   жұмысқа   қабілетті,   беріліп 
істейді,   басқа   адамдармен   тез   тіл   таба   біледі,   ұжым   арасында   өзін   көңілді 
ұстайды, ақкөңіл, қызу істің адамы.
Флегматик-көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез-келген нәрсеге 
сезім   білдіре   бермейді,   асықпай,   баппен   жүріп-тұрады,   сезімдері   сыртқа 
шықпайды.
Меланхолик-бұл  адамдарға   әсер  етпейтін  нәрсе   жоқ,  бірақ   әсер   еткен 
нәрсенің   бәріне   өз   сезіімін   білдіре   бермейді,   не   болса   ішінде   жүреді.   Өзге 
адамдармен онша көп жұғыспады, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта 
алады.
Холерик-жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, 
көбінесе,   ұйытқымалы,   қимыл-қозғалысқа   шапшаң   келеді.   Олар-ұстамсыз, 
күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. 
Тақырып 12. Мінез
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің 
айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. 
Мінез акцентуациясы-мінездің кейбір бітістерінің басқаларға қарағанда 
шектен тыс дамып келуі. Бұл түсінікті психологияға К. Леонгард еңгізген.
Гипертимді   мінез   акцентуациясы-бұл   мінез   акцентуациясындығы 
адамдардың көңіл-күйлері әрқашан жоғары, психикалық белсенділік, бастаған 
істі аяғына дейін жеткізбеу қасиеттері сай. 
Демонстративті   мінез   акцентуациясы-бұл   мінез   акцентуациясындағы 
адамдар өздеріне басқалардың көңілін көп аударуын қажет етеді. Осы мақсатқа 
жету ішін түрлі әдістер қолданады. Мысалы: өтірік айту, көп армандау, өзін 
шектен тыс мақтау және жоғары бағалау.
Дистимді мінез акцентуациясы-бұл мінез акцентуациясындағы адамдар 
көбінесе көңілсіз болып келеді, депрессияға көп ұшырайды. Ішкі дүниесіне көп 
үңіле қарайтын тұлғалар. 
Конформды   мінез   акцентуациясы-   бұл   мінез   акцентуациясындағы 
адамдар өзгелердің көзқарастарына тәуелді болып келеді. Олардың айтқанынан 
шыға алмайды. Белсенділіктері жоқ және өздеріне сын көзбен қарай алмайтын 
тұлғалар.
Циклоидті   мінез   акцентуациясы-бұл   мінез   акцентуациясындағы 
адамдардың көңіл-күйлері әрқашан қуаныштан мұнаюға дейін толқып отырады. 
Шизоидті   мінез   акцентуациясы-   бұл   мінез   акцентуациясындағы 
адамдар   өздірінің   эмоционалдық   салқындығымен   және   эмпатияның 
жоқтылығымен мінезделеді.  Тақырып 13. Қабілет
Қабілет-белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр 
түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезі.
15

Нышан-қабілетті   дамытудың   табиғи   және   әлеуметтік   алғы   шарттары. 
Нышан   көп   мәнді   қасиет,   яғни   сол   нышанға   негізделіп,   адам   өмірінің   жан-
жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. 
Дарындылық-қабілеттің   бастапқы   деңгейі.   Әр   түрлі   іс-әрекеттер 
аймағына   қажет   білім,   ептілік   дағдылар   бірлігін   жеңіл   әрі   нәтижелі   игеруді 
қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігі.
Талант-бір   әрекетті   шығармашылықпен   орындау   мүмкіншілігің 
қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Оның дамуы еңбек ете 
білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. 
Шабыт-шығармашыл   тұлғаның   жоғары   белсенділігінен,   оның   іс-
әрекетінің   жемістілігінен,   ептілігінен,   жаңалық   ойлап   табу   қызметіне   толық 
берілуінен көрінеді.
16

2-ТАРАУ
Кесте 1-ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН 
ҒАЛЫМДАР
Ғалымның 
аты, жөні
Психология ғылымының дамуына қосқан үлесі
1
2
Абай Құнанбаев
(1845-1904)
психологияның   негізгі   мәселесі-жан   мен   тәннің 
арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы 
тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала 
психологиясы мен әлеуметтік, ұлттық психологиясының 
жекелеген   мәселелері   көрініс   тапқан.   Ақын   туған 
халқының   әлеуметтік   жағдайымен,   оның   әр   түрлі 
топтарының мінез-құлықтарына да ерекше зейін қойған. 
Оның   шығармаларынан   мінез-құлықтары   сан   алуан 
адамдардың   психологиялық   бейнесі   тамаша   көрініс 
тапқан.   Поэзия   мен   өнердің   міндеті-адам   өмірін 
олардың көңіл-күйі мен іс-әрекеттерін шыншылдықпен 
көрсете білу.
Ахмет 
Байтұрсынов
(1873-1937)
«Әдебиет   танытқыштың»   деген   еңбегінің   бір   өзінде 
психологияға   қатысты   толып   жатқан   ой-пікірлер   мен 
салмақты түйіндер көп. Мұндағы «Көркем өнер», «Жан 
жақтау»,   «Жан   қоштау»,   «Көректеу»,   «Ес   ұғымы», 
«Зейіндеме» т.б. атаулар мен ұғым түсініктерде, сондай-
ақ   оның   жұмбақ,   жаңылтпаш,   айтыс,   толғау,   терме, 
тақпақ, жоқтау, жарапазан, бата, мақал т.б. әдебиеттану 
ғылымына   қатысты   пікірлерінде   халықтық 
психологияның   теориялық   қисындарды   үшін   іздесе 
таптырмайтын әдістемелік қазық боларлықтай түйіндер 
мол.
Әбу Насыр әл-
Фараби
(870-950)
«Жан   туралы»   жеті   еңбек   жазған.   Пантеизм   д.а.   ілім 
жүйесін   ұсынған.   Тану   процесінің   екі   кезеңі:   сезімдік 
және ойлау. Бала психикасының дамуына байланысты 
пікірлер   айтқан.   «Ізгі   қала   тұрғындарының   көзқарасы 
туралы трактатта» әлеуметтік психологияны дамытқан. 
«Үлкен   музыка»   кітабының   авторы.   Бұл-   эстетика, 
психология проблемаларын қамтитын шығарма. 
Әлихан Бөкейханов
(1866-1937)
ғалым әр халықтың өзіндік әдет-ғұрпы, дәстүрі, ұлттық 
мінез-бітістері, әлеуметтік сезімдері мен көңіл-күйлері, 
алуан ойлары мен талап-тілектері, яғни рухани өмірдің 
сан   қилы   жақтары   мен   қайшылықтары   болатындығын 
үнемі   ескеріп   отырған.   Ғалымның   ұлттық   психология 
мәселелерінен   кейін   сөз   еткен   психологиялық 
түйіндерінің   негізгі   желісі-   жалпы   психологияның 
теориялық қисындарының төнірегінен табылады.
17

Жүсіпбек 
Аймаутов
(1889-1931)
психология   ғылымына   байланысты   жазған   еңбектері 
«Психология»,   «Жан   жүйесі   және   өнер   таңдау», 
«Комлексті   оқыту   жолдары».   Ұлттық   психологиялық 
терминдердің алғаш жүйеге түсуі де Аймаутов есімімен 
байланысты.
Мағжан Жұмабаев
(1893-1938)
«Ақыл   көріністері»   тақырыбын   әсерлену,   оның   пайда 
болу шарттары, күші һәм тоны деп жеке- жеке талдай 
келіп, кейбір психологиялық терминдердің мәнін ашып 
көрсетеді. Заттарды ұғу үшін жұмсалатын жан көрінісі 
ойлау деп аталады. Автор қиялды еріксіз және ерікті деп 
екіге   бөлді.   Сұлулық   (эстетика)   сезімдері   жайлы 
ғылыми ұғымдарды да әр қырынан ашып, өнер адамына 
тән   өрнекті   сезімдерді   тәптешеп   түсіндірді. 
«Педагогика» д.а. аталмыш кітабы түгелдей психология 
мәселелерін сөз етеді.
Нәзипа Құлжанова
(1887-1934)
«мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» 
деген   еңбектерінде   автор   мектепке   дейінгі   балалар 
мекемелерінің   тарихын,   олардың   отандық   және 
шетелдік үлгілерін сөз етумен бірге қоғамдық ортадан 
тәрбие алатын баланың жас ерекшелігіне қарай, оның 
қоршаған   ортасының   ықпал-   әсерінен   туындайтын 
психологиялық   өзгерістерді   кеңінен   баяндаған.   Қазақ 
баласының   психологялық   ерекшеліктерін   жазбай 
танитын ол ересектер мен бөбекетер арасындағы қарым-
қатынас мәселесіне айырықша мән берген.
Сұлтанмахмұт 
Торайғыров
(1893-1920)
қазақ   тарихында   бірінші   болып   жан   мен   тәңнің   яғни 
психика   мен   мидың   ара   қатынасы   туралы   мәселе 
көтеріп,   бұл   екеуінің   өзара   байланысын   ғылыми 
тұрғыдан дұрыс түсіндірді. Адам өлгеннен кейін онда 
«қимыл жоқ, сезім жоқ... жек көру жоқ, махаббат жоқ... 
өмір   жоқ,   яғни   бір   сөзбен   айтқанда,   тәңнен   бөлінген 
жанда ешуақытта өмір болмайды», -деп, осы мәселені 
материлистік жағынан түсіндірген. 
Халел 
Досмұхамедов
(1883-1939)
ғұлама   ғалымның   психологиялық   тұрғыдан   ерекше 
назар   аудартар   бір   түйіні-ұлттық   психологияның 
қалыптасуына   қоғамдық   ортаның,   әсіресе   ондағы 
әлеуметтік тәрбиенің ықпалы жайлы мәселе. 
Шәкәрім 
Құдайбердіұлы
(1858-1931)
жан мен тән, адам психологиясы туралы айтылған ой 
пікірлер.   Орысша-қазақша   терминологиялық   сөздік 
жасаған.   Жанның   мәңгі-   бақи   өлмейтіндігіне   сенген. 
Психологиялық пікірлерінің негізгі жүйесі, оның 1919 
ж.   «Психология»   дейтін   кітапқа   жазған   сын-пікірінен 
жақсы байқалады.
18

Шоқан Уәлиханов
(1835-1865)
халқымыздың   ұлттық   санасы,   оның   ішінде   өзіндік 
психологиялық ерекшеліктері туралы мәселені қозғаған. 
Адамның   қиялы   мен   діни   сенімдері   оның   табиғатқа 
тікелей   қатынастарының   бейнесі   ретінде   пайда 
болғанын   айтады.   «Құлжа   сапарының   күнделігі», 
«Қашқария   сапарының   күнделігі»   психологиялық 
жағынан құнды дүниелер.
Ыбырай 
Алтынсарин
(1841-1889)
әлеуметтік   және   педагогикалық   психология 
мәселелеріне   орайлас   айтылған   көптеген   қызықты 
деректер   жазған.   Бала   және   оны   тәрбиелеу   жолдары, 
оқыту   процесінің   психологиялық,   педагогикалық 
негіздері,   мұғалім-ұстаз   проблемалары,   әлеуметтік 
психология мәселелері
Адлер Альфред
(1870-1937)
психологияға   «комлекс   неполноценности»   ұғымын 
еңгізген,   тұлға   теориясының   психодинамикалық 
бағытының нұсқасы
Ананьев Б.Г.
(1907-1972)
«өмірлік   жол»   ұғымын   еңгізген,   бірыңғай   адамтану 
концепциясын шығару идеясы
Анохин П.К.
(1898-1974)
функционалды жүйелер теориясы
Аристотель
(384-322.б.э.д.)
«Жан»   туралы   трактат,   жан   мен   тән   бөлінбейтін 
теориясы
Бандура Альберт
тұлғаның   мінез-құлық   теориясындағы   әлеуметтік-
когнитивті үйрету
Берн А.
(1902-1970)
«Трансакт анализі» ұғымын шығарған
Бехтерев В.М.
(1857-1927)
1885ж.   Ресейде   алғашқы   эксперименталды 
психологиялық   лаборатория   ашқан,   мінез-құлықтың 
жаратылыстану-ғылыми теориясын құрастырған
Бине А.
(1857-1911)
тест   арқылы   интеллектуалды   дамудың   сапалық 
анықтауы
Блонский П.П.
(1884-1941)
психологияны тірі ағзалардың мінез-құлқын зерттейтін 
ғылым ретінде қарастырған
Божович Л.И.
(1908-1981)
бала   және   педагогикалық   психология   проблемаларын 
зерттеген, «Тұлға және оның бала кезінде қалыптасуы» 
атты еңбектің авторы
Валлон А.
(1879-1962)
тұлға   дамуындағы   онтогенетикалық   деңгейлер 
схемасын еңгізген
Вольф Христиан
(1679-1754)
ғылымға «психология» терминін еңгізген, эмпирикалық 
психология ұғымын анықтаған
Вундт Вильгельм
(1832-1920)
1879ж.   алғашқы   эксперименталды   психология 
лабораториясын ашқан
19

Выготский Л.С.
(1896-1934)
жоғары   психикалық   функциясының   қалыптасу 
механизмдерін   ашқан,   психика   дамуының   мәдени-
тарихи концепциясы, «дамудын жақын зонасы» ұғымын 
еңгізген,   сана   және   іс-әрекет   бірлік   ережесін   алға 
шығарған
Гален 
темпераментке психологиялық анықтама
Геккель Э.
биогенетикалық заңды негіздеген
Декарт Г.
мінез-құлықтың
 
антропсихизм,
 
детерменизм 
концепциясының негізін қалаушы 
Запорожец А.В.
қабылдау зерттеуінде іс-әрекет принципі
Зейгарник Б.В.
Зейгарник   эффекті:   аяқталмаған   іс-әрекет   жақсы   есте 
сақталып қалады деген тұжырым
Зинченко П.И.
ес зерттеуінде іс-әрекет принципі
Кедров Б.М.
ғылым классификациясында психология орталық орын 
алатын тұжырым
Корнилов К.Н.
реактология   ұғымын,   тұлға   зерттеуде   принциптерді 
құрастырған,   ерік   және   мінез   психологиясының 
проблемалары
Кречмер Эрнст
темпераменттің конституциялық теориясы
Ланге Н.Н.
эксперименталды
 
психологияның
 
негізін 
қалаушылардың   бірі,   танымдық   процестердің 
физиологиялық негіздері
Лейбниц Г.
«апперцепция» терминін еңгізген
Лурия А.Р
нейропсихология, естің психологиялық проблемаларын 
зерттеген 
Маслоу Абрахам
қажеттердің   иерархиялық   пирамидасы,   тұлға 
дамуындағы гуманистік бағыт
Морено Я.
(1892-1974)
психодрама авторы
Нечаев А.П.
(1875-1943)
ес   процесін   және   оның   даралық   ерекшеліктерін 
зерттеген, ресейлік педалогиясының негізін қалаушы
Олпорт Гордон
тұлға теориясындағы диспозициялық бағыт
Павлов И.П.
адамның жоғарғы жүйке жүйе ілімінің негізін қалаушы, 
темпераменттердің физиологиялық негіздері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет