Адамның басынан кешкендері



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата06.03.2017
өлшемі2,4 Mb.
#8411
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

*** 
 
Бұл  бірден  бола  қойған  жоқ,  —  маған  тағы  да  бірнеше  ай  қажет  еді  және  бағушы 
Логанмен  бірнеше  рет  сенімді  сұхбаттар  өткізу  керек  болды.  Алғашында  мен  тіпті  Уэйн 
Бейлидің қайда тұратынын біле алмай, онымен кездеспейтін шығармын деп үміттенгенім әлі 

117 
 
де  есімде.  Алайда,  оның  мекен-жайы  тез  арада  табылып,  мен  оған  телефон  шалдым. 
Сұхбатымыз ұзаққа созылған жоқ. Мен оған өзінің үйінде мені күтуі керектігін айттым. 
Ол осы жерде, Мичиганда, Джексон қалашығының алыс түкпіріндегі махаллада тұрады 
екен.  Мен  ескі  түтесі  шыққан  есікке  жақын  келіп,  тақылдаттым,  ол  есікті  ашты,  мен  ішке 
кірдім. Иә, өзінің үйінен көрі, ол біздің үйді әлдеқайда жақсы қараған екен: әдемі шәйнектер 
де,  тоты  құстар  да  жоқ.  Мен  самайы  ағарған,  бүкірейіп  мазасызданып  тұрған  кісіге  қарап, 
алғы сөзсіз әңгімемді бастадым: 
— Уэйн, сенің маған істеген ісің — жиіркенішті. Иә, өте жиіркенішті! Алайда, мен енді 
Иса Мәсіхті Құтқарушым және Ием ретінде білдім.  Мен бұл жерге ... саған ... саған ...  
Менің  әбден  дайындалып  жаттыққан  сөздерім    кенеттен  ғайып  болды.  Мен  Құдайдан 
маған  күш  беруін  сұрап  сиындым,    —  қазір  айтатын  сөздерімнің  бәрі  ақыл-ойымнан  емес, 
жүрегімнен шығуы керектігін түсіндім. 
Мен терең күрсініп алдым да, сөзімді жалғастырып: 
—  Уэйн,  біз  бәріміз  де  күнәһармыз  және  біздің  бірде-біреуіміз  Құдайдың  кемелдік 
өлшемдеріне  лайықты  емеспіз.  Біз  бәріміз  де  құтқарылуға  мұқтажбыз,  сондықтан…  бір 
сөзбен айтқанда, мен сенің естуің қажет болған сөздерді айту үшін, осы жерге келдім, – дедім. 
Ол кірпік қақпай өзінің түссіз көздерімен маған қадала қарап тұра берді. 
Қандай  да  бір  сәтке  бұның  бәрінің  өтірік  екеніне  өзімнің  сенгім  келді.  Алайда,  бұл 
шындық еді, оған қоса мен оны бар дауысыммен айтуым қажет болатын. Мен оған: 
— Мәсіх сен үшін де, мен үшін де құрбан болды. Мен сені кешіремін, Уэйн, — дедім де,  
бұрылып, есік жаққа қарай бет алдым, бірақ соңғы рет бұрылып оған қарадым да: — Тағы да 
бір нәрсе, Уэйн. Егер күтпеген жерден, мен сенің кішкентай балаға қол тигізгеніңді  еститін 
болсам,  … қара да тұр — өмірге келгеніңе өкінетін боласың! – дедім. 
  Көлік тұрағына келіп, өзімнің көлігіме мініп, оны оталдырып жатып: «Иә, не болды? — деп 
сұрадым  өзімнен.  —  Әзәзілдің  көзіне  —  тіпті  өзіңнің  өткен  өміріңдегі  —  әзәзілдің  көзіне 
қараған  кезде,  асып-таситын  жан  дүниемдегі  көтеріңкі  көңіл-күй  қайда?»,  –  дедім.    Мен 
ақырын тұрақтан шығып, жақын маңдағы тас жолға шығу үшін бұрылған сәтте менің басыма 
найзағай  түскендей  болып  —  жүрегіме  тыныштық  орнады!  Бұл  мен  бұрын-соңды  ешқашан 
сезініп  көрмеген  тыныштық  еді.  Мен  өз  таңдауымды  жасадым,  Құдайдың  өсиетін  орындап, 
жауымды  кешіруді  ұйғардым  және  Киелі  кітапта  жазылғандай  Құдайдың  адам  ақылынан 
асқан керемет жан тыныштығына ие болдым. Берік те толық тыныштық менің жан дүниемнен 
орын алды. 

118 
 
Бэттл-Крикке қайтар жолды мен бір сағатта жүріп өттім. Бүкіл жол бойына жаңбыр 
жауып тұрды. 
 
 
 
Бірде мен әдеттегідей аптаның ортасында оған кезекті сабаққа келген кезде, бағушы 
Логан маған: 
— Джош, мен жақында мына нәрсе туралы ойладым … — деді. 
— Шынымен солай ма? Маған сіз үнемі бір нәрсе туралы ойлап жүретін адам сияқты 
болып көрінесіз, — деп тапқырлықпен жауап бердім. 
Бағушы Логан күлімдеп, үстелдің  басынан тұрып: 
— Серуендеп қайтсақ қалай болады? Күн де тамаша болып тұр, – деп өз ұсынысын 
айтты.  
Көктемнің  соңғы  жағы  болатын,  ал  Мичиганда  әрдайым  жылдың  осы  мезгілінде 
айналадағы жап-жасыл ағаштар мен құлпырған жабайы гүлдердің  әртүрлі түстері бүкіл жер 
бетіне керемет рең беріп тұрады. 
— Жылдың осы мезгілінде мен Мартин Лютердің сөздерін еріксіз есіме алдым, — деп 
әңгімесін  бастады  бағушы  Логан,  оның  үйінің  қасынан  басталатын,  орманның  соқпақ 
жолымен  келе  жатқанда.  —  Ол  Құдай  Ізгі  хабарды  тек  Киелі  кітаптың  беттеріне  ғана  емес, 
сонымен  қатар  ағаштарға,  гүлдерге,  бұлттарға  және  жұлдыздарға  да  жазады  деп  айтқан,  – 
деді. 
Мен  жауап  ретінде  үнсіз  басымды  изедім.  Ол  менімен  мүлдем  басқа  нәрсе  туралы 
сөйлескісі  келіп  тұрғаны,  айдан-анық  еді.  Алайда,  мен  бағушыны  асықтырмадым  және  
өзімнің сұрақтарыммен де оны мазалағым келмеді. 
— Сен Уитон колледжі туралы естіп пе едің? — деп сөзін жалғастырды ол.   
— Жоқ, — деп жауап бердім мен. — Ол қай жерде? 
— Чикагоға жақын жерде. Ол колледжде бір кездері Билли Грэм оқыған. 
— Билли Грэм? 
—  Иә-иә,  Билли  Грэм.  Бұл  мәсіхшілік  гуманитарлық  колледждерінің  ішіндегі  ең 
жақсысы.  Сен  сол  жаққа  ауысып,  оқуыңды  сол  колледжде  аяқтасаң  жақсы  болар  еді  деп 
ойлаймын. 
— Не үшін? 

119 
 
— Өйткені сен келесі қадамды жасауға дайынсың, Джош. Мен сені қолымнан келгенше 
жетеледім. 
Мен мүлдем күтпеген сөздерді естіп, тіпті тоқтап қалдым да: 
— Бағушы Логан, маған сіз сияқты осыншама уақыт  және  көңіл бөлетін,  колледж 
немесе колледждегі мұғалім табылады деп, тіпті көз алдыма да елестете алмаймын. 
— Тіпті егер солай болса да,  Джош, бәрібір менің білімім мен тәжірибем шектеулі, — 
деп жауап берді ол, соқпақ жолмен адымдап жүруін тоқтатпай. Одан бір елі  де артта қалып 
қоймау  үшін,  маған  аяғымды  шапшаңырақ  басуыма  тура  келді.  —  Уитон  —  бұл  саған 
болмашы,  ұсақ-түйек  білім  ордасы  емес  екені  түсінікті.  Ол  жерде  оқуға  бар  күшіңді  салуға 
тура келеді, алайда ... 
Ол бұрылып, әдеттегідей жігерлендіретін күлкісімен күлімдеп маған қарады да: 
— Сен бұған дайынсың деп ойлаймын. 
— Бұл колледждегі оқу, заңгер мамандығына жақсырақ дайындалуға көмектеседі деп 
ойлайсыз ба? 
—  Сен  өзің  үшін  қандай  жолды  таңдасаң  да,  Уитон  саған  жоғары  лауазымда  қалуға 
көмектеседі.  Мен  сол  жерде  бір  кісілерді  білемін,  сондықтан  сен  колледжге  менің  саған 
беретін ең жақсы кепілдемеммен барасың. Егер қаласаң мен оларға телефон шаламын, содан 
кейін бұдан не шығатынын көреміз. 
— Иә,  мырза,  сіздің кепілдемеңіздің маған өте  қатты   көмектесетініне ешбір  күмәнім 
жоқ. 
Мен әдемі күннің тәтті хош иісін ішіме тартып демалдым, менің төбемдегі көк аспанда  
қалықтап  көтерілген  ақ  мамық  бұлттардан,  айналамдағы  жап-жасыл  ағаштар  мен  әдемі 
гүлдерден  Құдайдың  Ізгі  хабарын  көріп  сүйсіндім  де,  іштей:  «Құдайым,  егер  Сен  менің 
Уитонға барғанымды қаласаң, мен Сенің еркіңді орындауға дайынмын», – деп мінәжат еттім. 
 
Он бірінші тарау 
Уитон және одан әрі қарай 
 
 
Мені  ресми  түрде  Уитон  колледжінің  үшінші  курсына  ауыстырды,  сөйтіп  колледждің 
жүз жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген 1960 жылдың күзінде мен сабаққа кірістім. Менің 
оқу бағдарламама экономика, тарих, мемлекет пен құқық, ағылшын тілі және Құдайдың Сөзін 
талқылау  кіретін.  Енді  колледждегі  сабақ  пен  қатар  жарты  күндік  жұмыс  менің  бүкіл 

120 
 
уақытымды  алатын болды. Мен Мичиганға телефон шалып, Линнмен әңгімелесу  үшін әрең 
дегенде  уақыт  бөлетінмін.  Бірақ  бәрібір  мен  бақытты  едім  және  өзімнің  болашағыма  үлкен 
үмітпен қарадым. 
1961  жылы  қаңтар  айында  Джон  Ф.  Кеннеди  Құрама  Штаттардың  отыз  бесінші 
президенті  ретінде  ант  қабылдады.  Өзінің  ұлықтау  рәсіміндегі  жолдауында  ол  дүние 
жүзіндегі  халықтарды  «адамның  ортақ  жаулары  болған:  зорлық-зомбылықпен,  кедейлікпен, 
ауру-сырқатпен және соғыстың өзімен» күресуге шақырды. Иә, бұл бір керемет ізгі сезімдер 
болды,  бұл  жолдауды    мен  толығымен  мақұлдадым,  бірақ  дүние  жүзіне  Иса  Мәсіхтің  Ізгі 
хабарын уағыздамай, мұндай мақсатқа жету мүмкін емес екенін мен жақсы түсінетінмін. 
Менің оқуға деген ынтам әлсіреген жоқ, қайта бұрынғыдан да бетер заңгер болуға деген 
шешімге  толы  болды.  Уитондегі  сабақтар  маған  грамматика  мен  тіл  мәдениетін  біртіндеп 
анық және мәнерлі етуге көмектесіп, менің бойымда зерттеу дағдылары мен өзімнің ойымды 
қағазға  түсіре  білу  шеберлігін  қалыптастырды.  Маған  екі  кәсіпкер-мәсіхші  келіп,  ұсыныс 
жасады — олардың әрқайсысы колледжді бітірген соң, заңгерлік мектептегі менің оқуымды 
төлеуге ұсыныс жасады! 
Ұзаққа  созылған  қыс  баяу  әрі  еріксіз  болса  да,  біртіндеп  көктем  мезгіліне  орын  бере 
бастады. Енді маған Құдай да, өмірдің өзі де менің жағымда сияқты болып көрінді. 
Дәл осы уақытта адамның ойына кіріп шықпайтын бір жағдай орын алды. 
 Теміржол  өткелінде, көліктің ішінде радио тыңдап отыр едім,  кенеттен бір жүк көлігі 
келіп  мен  отырған  көлікті  қатты  күшпен  соққаны  соншалық,  көлігім  аударылып,  рельстің 
үстіне ұшып түсті. Пойыздың машинисті не болғанын көрмегеніне күмәнім жоқ, тіпті көрген 
жағдайдың өзінде де, оның бұл жағдайға орай тиісінше әрекет етуге шамасы да келмес еді. 
Бәрі де бітті. Қазір мен өлемін. 
Менің  көлігім  жүйткіп  келе  жатқан  пойыздан  алақандай  ғана  ара  қашықтықта  тоқтап 
қалды.  Тағы  да  бір-екі  сантиметр  болғанда  —  бәрі  де  бітер  еді,  өмірмен  қоштасатын  едім. 
Кейінірек анықталғандай, мені соққан пикаптың жүргізушісі мас болған екен. 
Қатты  соққының  мені  арт  жаққа  лақтырып  жібергені  соншалық,  көліктің  еденіне 
бекітілген  жүргізушінің  орындығының  болат  шыбықтары  жиырма  сантиметрге  дейін 
майысып қалған. Бізді сол сәтте-ақ осы оқиғаның көптеген куәгерлері қоршап алды,  ал оқиға 
болған жерге жетіп келген полиция түсініктемені алып болған соң, менің бақытсыз жағдайға 
тап  болғаныма  жаны  ашыған  бір  бейтаныс  кісі,  өзінің  көлігімен  мені  жатақханаға  апарып 
салды. 

121 
 
Мен  оның  көлігінен  түсіп  жатқан  кезде,  ол  тіпті  менен:  «Бәрі  жақсы  екеніне 
сенімдімісің?» - деп қайтадан сұрады. Сол сәтте менің жарақатым жәй ғана терісі жырылған 
жара сияқты болып көрінді, алайда келесі күні мен есімнен танып қалып, жедел жәрдем мені 
ауруханаға  жеткізіп  салыпты.  Менің  алған  жарақатым  едәуір  ауыр  болып  шықты:  менің 
көлігімнің  орындығының  бас  қоятын  тіреуіші  жоқ  болғандықтан,  басым  қатты  күшпен 
орындықтың арт жағына қарай тартылып кетіп, мойыным мен арқамның жоғарғы бөлігіндегі 
байлаулары үзіліпті. 
Ауру адам төзгісіз болды. 
Төрт  күн  бойына  менің  өмірімді  сақтап  қалу  үшін  үздіксіз  жүргізілген  терапевтік 
емдеуден  кейін,  мен  ауруханада  тағы  да  он  күн  жаттым.  Бір  күні  таңертең  дәрігер  маған 
ауруханадан  шығатынымды  және  қалған  ем-домды  үй  жағдайында  жалғастырып  сауығуым 
үшін мені үйге апарып салатыны жайында хабарлап: 
—  Бұл  емдеу  үдерісі  ұзаққа  созылатын  сияқты,  сондықтан  да  сіздің  үйде  болғаныңыз 
дұрыс болады, – деді. 
Бір  қарағанда  бұл  әбден  ақылға  қонымды  сияқты  болып  көрінді,  алайда  егер  дәрігер 
менің үйімдегі жағдайдың қандай екенін білсе, оның мені үйге қайтаруы екіталай болар еді. 
Дәрігер өзінің ұсынысының мені қобалжытқанын сезген болса керек, ол маған:  
— Сізге тиісті түрде күтім жасау үшін, әкеңіз күтуші жалдауға уәде берді, – деді. 
— Сіз менің әкеммен сөйлестіңіз бе? – деп сұрадым. 
— Иә, біз бәрін  сөйлесіп, келісіп алдық, – деді ол. 
— Менің басыма түскен жағдайдан кейін, әкемді ешкім таба алмайды деп ойлаған едім. 
Дәрігер менің кереуетімнің қасына келіп отырды да маған қарап: 
— Біз онымен бірнеше күн бұрын хабарластық, – деді. 
Мен бір күрсініп алдым да: 
— Айтыңызшы, менің үйде қанша уақыт болуым қажет? – деп сұрадым. 
— Үш апта, бәлкім, төрт апта деп ойлаймын. Жағдайыңның қалай болатынына қарап 
көреміз, – деп жауап берді дәрігер.   
— Ал, менің сабағым қалай болады? Жақында менің емтиханым басталады ғой. 
— Менің білуімше, бұл туралы сіздің колледждің әкімшілігі қамын ойластырып қойған 
сияқты. Қазір сізге тезірек сауығып кету туралы көбірек ойлану керек.  Алайда ол үшін сізге 
төсектен тұрмай, толық тыныштық жағдайында жату қажет болады. 
Алайда мені бұған сендіру оңай болмады. Мен дәрігерге: 

122 
 
— Ал, мен үйге қалай жетіп аламын? – деп сұрақ қойдым. 
— Жедел жәрдем көлігі сізді жеткізіп салады. 
— Сонау Юнион-ситиге дейін бе? Дәрігер, бұл екі жүз километрден де көп қой!  
—  Түстен  кейін  жолға  шығасыз.  Сізді  жол  бойына  селкілдетпеу  үшін,  сізді  зембілге 
жатқызып, мықтап байлап қояды. — Дәрігер менің иығымнан қақты, ал мен менің мойыным 
ауырғанша денемді тырыстырдым. 
— Сенің жағдайыңды жете бағаламады деп ойлама, балам, — деп қосты дәрігер, — 
алайда сен тырысып көр … тіпті бұны қалай атауды да білмеймін ... бұны жоспардан тыс 
демалыс деп көз алдыңа елестетіп көр. Қалай, саған осылай айтқан ұнайды ма? 
—  Жақсысы, мен бұл туралы мүлдем ойламай-ақ қояйын. 
Дәрігер менің соңғы айтқан сөзімді естісе де, оны елемеді. Оның басқа да науқастарға 
барып,  олардың  жағдайларын  білуі  керек  болғандықтан  есікке  қарай  беттеді.  Мен  төбеге 
тесіле  қарап  жаттым.  Қояншық  ауруы  бар  адамның  шамалы  уақыттан  соң  ұстамасы 
ұстайтынын алдын ала сезетіні сияқты, мен де үйге қайту мен үшін нені білдіретінін жақсы 
түсінетін  едім.  Алайда,  оның  алдын  алуға  менің  мұршам  келмеді.  Менің  басымнан  өткен 
өмірімдегі жан түршігерлік оқиғалар бірінен соң бірі есіме түсіп, көз алдымнан өтіп жатты. 
Мен  анамның  көз  жасын  көріп,  оны  ұрып-соғып  жатқан  әкеме  қарсыласқан  анамның  әлсіз 
даусын естідім. Мен бұрынғыдай әкемді буындырып жатқанымды сезіндім және оның басын 
унитазға  батырғаным,  су  ағызатын  бактан  құйылып  жатқан  судың  дауысы,  менің  қолымнан 
әкемді ажыратып алып жатқан полицияның қарулы қолы, сонымен қатар әкемнің қан аралас 
суды түкіріп жатқаны есіме түсті. 
Мен  мінәжат  етуге  тырыстым.  Бақытыма  орай,  енді  мен  Исаның  тірі  және  Оның  мені 
еститінін білемін. Ең болмағанда, Онымен сөйлескенде менің жүрегімде күйініш пен қобалжу 
болмайды.  Ол  менің  Досым  және  Жұбатушым  болды.  Мен  бірте-бірте  жұбаныш  алдым  да,  
болып жатқан жағдайлардың бәріне басқаша көзқараспен қарауға тырыстым. 
Бәрінен де бұрын мен өзіме, біз әкеміз екеуміз тіл табысатын ортақ бір нәрсе таптық деп 
ескерттім. Менің жүрегімде оған деген жеккөрушілік сезімі болмады, қайта өткен өмірімнің 
кейбір  жағдайларында  оған  көрсеткен  зәбірім  үшін  тіпті,  ар-ұжданымның  қиналғанын 
сезіндім.  Солай  болса  да  бұл  маған  оңайлықпен  келмеген  татулықтың  нышаны  еді.  Менің 
үйге барғым келмеді. Менің үйім — бұл мен баруды қалайтын, жер бетіндегі ең соңғы орын 
болатын. 
 

123 
 
Он екінші тарау 
 
Үйге қайта оралу
 
 
Дәрігер  түскі  ас  ішетін  уақыттың  болғанын  ескертті,  бірақ  менің  ешнәрсеге  тәбетім 
болмады.  Студенттер  жатақханасындағы  менің  бөлмедегі  көршім  Дик  Пёрнел  аурухананың 
қасынан өтіп бара жатып, менің халімді білу үшін келіп еді,  мен оған енді толық сауыққанша
біраз уақыт үйде болатынымды айттым, ол маған: 
— Сенің жолың болғыш екен! — деді. 
— Сен не деп тұрсың, қайдағы жолы болғыш? – деп мен жақтырмай қалдым. 
— Солай болмағанда ше: үйдің тамағы, өзіңнің кереуетің, ескі достар...  
— Иә, егер осы жағынан қарайтын болсақ, — онда, әрине менің жолым болды. 
Үйдегі  менің  жағдайымның  шын  мәнінде  қандай  екенін,  Диктің  де  Уитондағы  менің 
достарымның да білгенін, мен мүлдем қаламадым. Дәл осы сәтте зембілдерін көтеріп, жедел 
жәрдемнің  екі  санитары  палатаға  кіріп  келді.  Олар  қара  униформа  киіп  алған,  мүмкін 
олардың үстіндегі киімдері қара түсті болғандықтан, олардың бет-әлпеті маған боп-боз болып 
көрінген  болса керек  — сондықтан олар күтпеген жерден кіріп келгенде, мен тіпті  селк ете 
қалдым.  Олардың  біреуі  ұзын  бойлы,  екіншісі  аласа  бойлы  екен,  бірақ  олардың  екеуінің  де 
бет-әлпеті маған қайғылы болып көрінді. Мен оларға: 
— Ей, жігіттер сендер жерлеу компаниясынан келген жоқсыңдар ма? Мені қайда әкетіп 
бара жатырсыңдар? — деп қалжыңдауға тырыстым. 
Сірә, менің қалжыңым санитарларға жақсы әсер қалдырмаған сияқты, тіпті мен оларды 
әңгімеге де тарта алмадым. Олар үндемей мені зембілге салып, белдікті түймелеп қойды да, 
мені аурухананың дәлізімен көтеріп ала жөнелді. Дик менімен асығыс қоштасып жатып: 
—  Жақын  арада  көрісеміз,  Джош!  Досым,  біз  сен  үшін  мінәжат  етеміз!  —  деп  қолын 
бұлғады.  
Менің де оған жауап ретінде қолымды көтергім келді, бірақ мен қолымды да, аяғымды 
да  қозғалта  алмайтын  едім.  Төбедегі  шамдар  қарама-қарсы  бағытта  қалықтап,  басым 
айналып,  көзім тұманданып кетті,  ал  сол кезде  екі  санитар  мені  жедел  жәрдемнің  қабылдау 
бөлмесі  арқылы  кіре  беріске  қарай  көтеріп  өтіп  кетті,  сол  жерде  көлік  күтіп  тұр  екен.  Бұл 
қызғылт сары түске боялған жұмсақ жүретін, іші кең «кадиллак» еді. 
Ұзын бойлы санитар жедел жәрдем көлігінің ішінде менің қасыма келіп жайғасып: 

124 
 
— Менің атым Гантер, — деп өзін таныстырды. 
Мен оның айтарлықтай ентігіп қалғанын байқап: 
— Бәрі дұрыс па өзі? — деп сұрадым, оған өзімнің зембілдегі орнымды ұсынып
онымен орнымды ауыстыруға қарсы емес екенім туралы ойланып. 
— Соңғы кезде жүрегім сыр беріп жүр, — деді ол ешбір қалжыңсыз. 
— Неге бұлай болды? — деп сұрадым мен. 
— Менің жүрегім қанды тиісті түрде айдағысы келмей жүр. Дәрігер бұл аурудың тіпті 
аты бар деп айтқан болатын — қандай да бір дана сөз еді — бірақ мен оны өзімше «Пульсты 
жоғалту ауруы» деп атаймын. 
— Пульс жоғала ма, сонда? 
Гантер басын изеді де  алақанын жоғары қарай созып: 
— Мына жерде пульс жоқ, — деді ол, сөйтіп аздап аяғын көтерді де —  мына жерде де 
пульс жоқ, – деді. 
— Сен сирек кездесетін бағалы туындысың, Гантер. Сен тірі экспонатсың, — деп жауап 
бердім мен.  
Ал  Гантер  болса,  сол  бір  сарынды  дауысымен  өзінің  ауруларын  тізіп  шығуды 
жалғастырып: 
—  Сол  жақтағы  көзіммен  мүлдем  көрмеймін,  ал  оң  көзіммен  қандай  да  бір  ақ 
нүктелердің  қалқып  жүргенін  көремін.  Оған  қоса  басым  айналады  …  естен  тану…  бас 
ауруы… 
— Осындай бола тұра өзіңнің жұмысыңды меңгеріп жүрсің… 
Гантер ернімен бір тістеніп алып: 
— Мені үш рет о дүниеге шығарып салды деп санай бер. Ал, мен соның үшеуінде де 
аман қалып, қайтып келдім, – деді. 
— Санитар болып жұмысқа орналасу үшін, бұл ең жақсы кепілдеме деп ойлаймын, – 
дедім мен, оның көңілін көтеріп. 
Гантер қарқылдап күлді. Не де болса, әңгімеміз жаман болған жоқ. Өйткені алдымызда 
әлі бізді ұзақ жол күтіп тұр еді. 
 
*** 
 
Алайда, мен жолдың көп бөлігін ұйқымен өткізгенге ұқсаймын. 

125 
 
— Біз келіп қалдық. Қазір Юнион-Сити арқылы өтіп барамыз, – деді Гантер. 
Жедел  жәрдем  көлігінің  екі  жағында  да  ұзын  терезелері  бар  болатын,    мен  көзімді 
сығырайтып, шағын қаланың қандай да бір белгілерін көріп үлгірдім. Міне, ең басты көшеден  
өтіп барамыз. Бұл үлкен көшеде:  «Реджистер Трибьюн» редакциясы, Хенсли дүкені, Уитинг 
дәріханасы  мен  Фабиано  балмұздақ  кафесі,  жергілікті  фермерлер  сүт  өткізетін  сарымай 
кәсіпорны, азық-түлік дүкені, және жаман аты шыққан «Даффи» сыраханасы орналасқан. 
Сент-Джо-ривердің  суына  шағылысып,  жарқырап  тұрған  күннің  сәулесін  сезіндім. 
Бұдан  кейін  біз  Юнион-Лейк  көлін  айналып  өттік,  тағы  да  бірнеше  минут  өткен  соң,  мен 
біздің  ферманың маңынан өтетін жолға шыққанымызды түсіндім. Ферманың өзіне апаратын 
қара  жолға  бұрылған  кезде  әрбір  соқпақ,  ағын  су  мен  ой-шұңқыр,  менімен  «амандасуды» 
сабырсыздықпен  күтіп  жатқандай  болып  көрінді.  Мен  тіпті  қазір  өзімді  сол  баяғы,  күнге 
көбірек күйдірініп және құрдастарымның әзілдесіп, менің күнге күйген арқамнан алақанымен 
қағуға ұмтылған жігітпін деп ойладым. 
Қандай да бір сәтке мен біздің үйдің қасындағы өсіп тұрған үлкен ағашты көріп қалдым. 
Оның  икемді  солқылдақ  бұтақтары,  маржандай  ұсақ  перде  сияқты  шайқалып  тұрды.  Ең 
болмағанда, бір жағымды естелік. Үйдің қасында өсіп тұрған ағаштың, әлі сол баяғы күйінде 
жайқалып тұрғаны туралы ойдың өзі, кенеттен бір жеңілдік әкелгендей болды. 
Жедел жәрдем көлігі тоқтады да,  есікке жақындау үшін артқа қарай жүрді. Алайда, мені 
күтіп  алатын  ешқандай  күтушіні  көрмедік.  Мәссаған!  Ең  болмаса,  әкем  мені  күтіп  алатын 
шығар?  Мен  бұл  туралы  ойлап  үлгірмей  жатып,  әкемнің  темекісінің  түтінін  сездім,  сосын 
мені қайда апару керектігін санитарларға айтып жатқан, оның даусын естілді. Біз үйге кірген 
кезде, мен Гантердің қайтадан ентіге бастағанын естіп қалып: 
— Бәрі дұрыс па, Гантер? — деп сұрадым мен одан. 
Гантер көтеріп келе жатқан зембілді жерге қойып: 
— Маған аздап демалып алу керек сияқты, – деді. 
— Сізге не болды? — деп әкемнің оған сөйлеп жатқанын естіп: 
— Оның пульсі жоқ, — деп жауап бердім мен Гантердің орнына. 
— Не бопты? Мен әлі ешкімді де құлатып алған жоқпын, — деп асығыс сөйледі Гантер, 
зембілдің тұтқасынан ұстап жатып. 
Әкем  қонақ  бөлмедегі  жиһаздардың  бәрін  шығарып  тастап,  кереуетті  маған  да, 
басқаларға да ыңғайлы болатындай етіп қойыпты. Гантер мен жәдел жәрдемнің жүргізушісі 
белдіктің  түймесін  ағытқан  кезде,  мен  бетімді  тыжырайттым,  олар  мені  зембілден  көтеріп 

126 
 
алып,  кереуетке  жатқызды.  Үйдің  төбесіне  қарап  жатып,  аулада  санитарларға  олардың 
көмектескені  үшін  алғыс  айтып  жатқан  әкемнің  дауысын  естідім.  Біраз  уақыт  өтіп  жедел 
жәрдем  көлігінің  кетіп  бара  жатқаны  естілді,  ал  содан  кейін  мен  бөлмеде  әкемнің  үндемей 
тұрғанын сездім де: 
— Ал, күтуші қайда? — деп сұрадым. 
— Ол бүгін келе алмады. Ертең келеді, – деп жауап берді әкем. 
Мен үндемей қалдым. Әкемнің даусынан, әдеттегіден өзгеше бір нәрсе байқалды. Ол 
бұрынғыдан басқаша сөйледі.  Ол қайтадан сөйлеген кезде, мен қандай өзгешеліктің бар 
екенін түсіндім — ол мас емес еді. 
— Саған бір нәрсе қажет пе? — деп сұрады ол. 
— Қазірше ешнәрсе қажет емес, – деп жауап бердім мен. 
Мен әкемнің басқан қадамдарын  естідім  — ол ақырын қонақ бөлменің қасындағы кең 
бөлмеге шығып, өзінің сүйікті креслосына отыра кетті. Кенеттен, үй ішінде әдеттен тыс, тіпті 
қорқыныштылау  тыныштық  орнады.  Сосын  мен  әкемнің  тағы  да  темекі  тарту  үшін  быж 
еткізіп  сіріңке  жаққанын  естідім.  Бөлменің  ішінде  шыбын  ызыңдай  бастады.  Барлық 
дыбыстар  әдеттен  тыс  қатты  естіліп  жатқандай  болды.  Мен  шыбынның  әрлі-берлі  ұшып 
жүргенін қарап жатқанымда,  кенеттен дәрігердің мені үйге шығарып салып жатқанда:  «Бұл 
жоспардан тыс демалыс деп көз алдыңа елестетіп көр», - деп айтқан сөздері есіме түсіп кетті. 
Бұның бәрі  дұрыс. Бұған қосымша ретінде, жедел жәрдем көлігімен мені  ауруханадан алып 
кетер алдында маған гипноз сеансы да, артық болмас еді. 
Арада қанша уақыт өткенін білмеймін, осы аралықта ұйықтап тұрдым ба, жоқ па, оны 
да айта алмаймын. Кенеттен, бөлмеде менен басқа біреудің отырғанын сездім — ол бір ауыз 
сөз айтпай, тып-тыныш маған қарап отыр. Бірақ, мен оның кім екенін көру үшін, басымды әлі 
де көтере алмайтын едім. 
— Әке? Бұл сенбісің? — деп сұрадым мен. 
Жауап ретінде тек ақырын ғана өксіп жылап жатқан  дауысты  естідім. Жақсылап қарау 
үшін мен отыруға тырыстым. Алайда, мойным қатты сыздап ауырып кетті де, мен қайтадан 
жастыққа жатып қалдым. Бөлмеде кімнің бар  екенін көру үшін, тек  көзіме күш салуға тура 
келді. Сосын мен көзімнің қиығымен әкемді көрдім  — ол асқазаны ауырып тұрған адамдай, 
сәл еңкейіп, терезенің қасында тұр екен.  
— Әке, сен неге жылап тұрсың? — деп сұрадым мен одан. 

127 
 
Ол жауап бермеді. Жауап берудің орнына ол үндемей, бөлменің ішінде әрлі-берлі жүрді. 
Мүмкін, оның арақтан басы ауырып, басын жазғысы келіп тұрған шығар, сондықтан ол өзін 
қоярға жер таппай жүрген болар, — деп әлі де оның мас емес күйін түсіндіретін ешбір себеп 
таба алмай, жауап іздеумен әлек болдым. Мен әкемнің «Анонимдік маскүнемдер» қоғамының 
жиналысына  барып  жүргенін  білетінмін,  бәлкім,  солардың  бағдарламасы  әсер  етіп,  нәтиже 
бере  бастаған  болар.  Егер  ол  бір  нәрсеге  ұшырап  қалса  ше?  Мен  сонда  не  істеймін?  Мен 
басымды жастықтан әрең дегенде көтеремін ғой. – деп алаңдай бастадым.   
Кенеттен әкем менің қасыма келіп, кереуетімнің шетіне отырды. Мен одан: 
—  Әке,  не  болып  қалды?  —  деп  сұрадым.  Мен  оны  бұрын-соңды  ешқашан  мұндай 
күйде  көрген  емес  едім.  Оның  көзінен  аққан  жасты  көріп,  мен  шынымен  қатты  қорқып 
кеттім. 
Ақырында, ол даусы дірілдеп: 

 
Сен  қалай  …  —  деді  де,  сөйлей  алмай,  тоқтап  қалды.  Ол кенеттен сөйлеген  кезде, 
неге екені белгісіз, мен қазір ол орнынан тұрып, кетіп қалатын шығар деп ойладым. 
Бірақ ол сөздерін үзіп-үзіп жалғастырып: 
—  Мен  сияқты  әкені…  мен  сияқты  әкені…  сен  қалай  жақсы  көре  аласың?  –  деп 
сұрағанда, мен тілін жұтып қойған адамдай, сөйлей алмай қалдым. 
Біраз уақыт ол да маған қарап үндемей отырды, сосын көзінен тоқтаусыз ағып жатқан 
жасты сүртіп, жүзін терезе жақққа қарай бұрды. 
— Сол күні… кафеде…сен маған жақсы көремін деп айттың ғой. 
— Иә, әке. 
Оның көз жасы қайтадан жаңа күшпен ағып жатты. Ол тағы да сұрақ қойып: 
— Бірақ, қалайша? – деді. 
Мен  тіпті  оған  не  деп  жауап  берерімді  білмедім.  Менің  басымда  әр  түрлі  ойлар 
құйындай айналып жатты, алайда айтатын қажетті сөздерді таба алмадым. Ол орнынан тұрды 
да, қайтадан бөлменің ішінде ары-бері адымдап жүре бастады. 
— Әке, әке... — дедім мен ақыры. 
Ол  жүруін  тоқтатты.  Мен  ашық  тұрған  терезедегі  перделердің  шайқалып  жатқан 
дыбысын естідім, сосын әкемнің қайтадан кереуеттің шетіне келіп отырғанын сездім. Көзімді 
ашқанымда,  мен  өзімнің  көріп  тұрғаныма  алғашында  сене  алмадым.  Әкемнің  басқаларға 
ашық түрде жылы ықылас пен ілтипат көрсететін әдеті жоқ еді. Ол ешкімге ешқашан ерекше 
сүйіспеншілік  көрсеткен  емес,  маған  тіпті  де  көрсетпейтін.  Алайда, енді  ол  жүрегіне толып 

128 
 
жиналып  қалған  сезімдерінен  толқып  тұрғаны  соншалық,  тап  қазір  есінен  адасып  қалатын 
адамдай болып көрінді. 
— Әке, — деп сөзімді қайтадан бастадым, содан соң біраз уақыт үндемей тұрдым да: — 
Мен өзімнің өмірімді толығымен өзгерткен бір шындық туралы білдім. Құдай адам кейпінде 
осы дүниеге келді, Оның аты — Иса. Осылай, әке, Иса сенің де Оған келгеніңді және Онымен 
бірге болғаныңды қалайды, – дедім.  
Әкем  менен  көзін  алмай  маған  қарап  тұрды, мен  оның  таңырқаған көзқарасын  сездім. 
Осындай  сәтте  басқа  адамдардың  ойларын  оқып  білу  қабілеті  үшін,  барымды  берген  болар 
едім.  Ол  қазір  не  туралы  ойлап  тұр  екен?  Осы  сәтте  уақыт  тоқтап  қалған  сияқты  болды. 
Сосын ол орнынан тұрып, үйден шығып кетті. 
Қанша уақыт өткенін білмеймін. Бөлменің іші жып-жылы болатын, шыбын да тоқтамай 
ызыңдап ұшып жүрді. Арадан шамасы бір сағаттай  уақыт өткен болса керек, әкем қайтадан 
бөлмеге кірді. Ол маған қарай еңкейгенде оның көзінен аққан жастан әлі де суланып тұрған 
бет-әлпетін көре алдым. Оған не болды екен? Неге ол жылағанын қоймай жатыр? 
— Джош, егер Иса сенің өміріңде істеген өзгерісті, менің де өмірімде істей алатын 
болса, онда менің Ол туралы білгім келеді, – деді. 
Енді менің көздерімнен жас ағып: 
— Әке, сен Оны өз өміріңе шақыруың керек. Оның алдында өзіңнің жүрегіңді ашып, 
мінәжат етуің қажет, – дедім. 
— Ұлым, мен қалай мінәжат ету керек екенін білмеймін, – деп ағынан ақтарылды.  
— Құдайға жәй ғана жүрегіңдегіні айтсаң болғаны, – деп түсіндірдім мен әкеме. 
Әкем басын изеді де қарапайым — «фермердің мінәжатын» айтты: «Құдай, егер Сен — 
Құдай  болсаң,  және  егер  Мәсіх  —  Сенің  Ұлың  болса,…  егер  Сен  менің  өзімнің  отбасыма 
істеген істерімнің бәрін кешіре алсаң …». Оның даусы үзіліп қалды. Алайда, ол өзін өзі қолға 
алып,  терең  күрсініп  алды  да,  жүрегінің  түкпірінен  шыққан  қаншама  азап  көрген  адамның 
сөздерін айтып мінәжат етуін жалғастырды: «Сен менің ұлымның өмірін өзгерткеніңді көрдім 
… және егер Сен менің ұлымның өміріндегі өзгерісті, менің де өмірімде істей алатын болсаң, 
онда  … Сенен өтінемін… — Әкем өзінің төсін жұдырығымен соғып: — Өтінемін, жүрегіме 
кірші!» - деп айқайлады. 
Ол  жүрегіндегі  толып  қалған  өксігін  баса  алмай,  еңіреп  жылады  да,  ұнжырғасы  түсіп 
көңілсіз  отырды,  болған  жәйттің  бәрінен  оның  сағы  сынғаны  анық  еді.  Мен  де  еңіреп 
жыладым,    көзімнен  жас  аққан  кезде,  мен  судың  астында  жүргендей  және  жүзетін  әуіттің 

129 
 
түбінен  жоғарыға  қарап  тұрғандай,  маған  айналадағының  бәрі  көмескі,  бұлдыр  болып 
көрінді. Мен өзімнің бет-әлпетімнің суланып кеткенін сездім, алайда ешнәрсе істей алмадым, 
өйткені мен тіпті қимылдай алмайтын едім.  Әкем қолын созып, менің көз жасымды сүртті. 
Алайда,  менің  жүрегімдегі  бұрын-соңды  болмаған  таңғажайып  қуаныш,  мені  одан  бетер 
жылауға мәжбүр етті. 
Сіз  білесіз  бе,  біреу  өзінің  өмірін  Мәсіхке  тапсырса,  оның  өмірінде  бәрі  басқаша 
болады. Мен тәубе еткен кезде, менің ойларым мен әрекеттерім өзгере бастады, бірақ бірден 
емес  —  бұған  шамамен  бір  жылдан  астам  уақыт  қажет  болды.  Алайда,  менің  әкем  Мәсіхке 
келгенде,  бұл  өзгеріс  әрі  бірден,  әрі  күрделі  түрде  болды.  Ол  менің  көз  алдымда  бірден 
өзгерді!  Әлдекім  оның  тереңде  жатқан  сырлы  жан  дүниесіне  қолын  созып,  шамды  жағып, 
бұрынғы қап-қараңғы бөлменің ішіне бірден жарық түсіргендей болды. 
Күннің  қалған  бөлігі  білінбей  өтіп  кетті.  Біз  әкеміз  екеуміз  әңгімемізді  кеш  батқанға 
дейін жалғастырып, мауқымыз басылғанша сөйлестік. Ұйықтайтын уақыт болған кезде мен, 
әкемнен терезені ашық қалдыруын өтіндім. Ұзақ жаққа кетіп бара жатқан пойыздың алыстан 
естілетін даусын тыңдағым келді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет