Адамның басынан кешкендері



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата06.03.2017
өлшемі2,4 Mb.
#8411
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

198 
 
 
Менің  заңгер  боламын  деген  арманым  орындалмай  қалды.  Оның  орнына,  осыдан  елу 
жылдан астам уақыт бұрын мені қызметке шақырғанда «мен барамын» деп жауап беріп, Билл 
Брайт негізін салған «Кэмпус Крусейд» ұйымының қозғалысына қатысып, өзімнің қызметімді 
іске  асыруды  жалғастырудамын.  Жылына  мыңдаған  шақырым  жол  жүріп  (кейде  мен  тіпті 
уақытты  үнемдеу  үшін,  неге  Құдай  маған  қанат  бере  салмайды  екен  деп  ойлаймын),  мен 
мыңдаған  жастарға  Құдайдың  Сөзін  уағыздаймын  және  Құдайдың  менің  өмірімдегі  істеген 
істерінің алдында, Оны терең қастерлеуді жалғастырудамын. Менің «мамандығым» ешқашан 
керексіз  болып  қалмайды  және  Иса  Мәсіхтің  Ізгі  хабарын  жариялау  міндетіне  бір  сарынды 
еңбекке немесе  мәжбүр  болғандықтан  істейтін  жұмысқа  қараған  сияқты  қараймын  деген  ой 
менде  мүлдем  жоқ.  Менің  тілегім  —  Құдай  маған  қанша  уақытқа  мүмкіндік  берсе,  сонша 
уақыт  осы  істі  әрі  қарай  жалғастыру.  Ол  маған  менің  бұрынғы  барлық  шектеулерімді  артта 
қалдырып өмір сүруге күш пен жігер берді. Мен үшін әрбір күн — мереке іспетті. Мен әр күні 
микрофонға жақын келіп, біздің Құдайымыздың қаншалықты ізгі екенін есіме аламын. 
Мәсіх туралы айтуға  осыншама мүмкіндік маған қайдан келді екен? Әрине, Құдайдың 
шынайы және қарапайым рақымы арқылы келді. 
Менің басыма түскен: бала кезімдегі жыныстық зорлаудың жарақатын, ішімдік пен ашу-
ызаның  кесірінен  быт-шыты  шыққан  отбасымның  ауыртпалығын,  кекештеніп  сөйлеуімнің 
салдарынан  пайда  болған  өзімді  төмен  тұту  сезімін  жеңуге  деген  талпыныстарымды,  – 
Құдайдың  қалай  Өзіне  алғанын,  мен  осы  күнге  дейін  түсіне  алмаймын,  сонымен  қатар  Ол 
өзінің өткен өміріне жайбарақат қарайтын, Құдайдың Рухынан туылған, мүлдем жаңа  Джош 
Макдауэллді  жаратты.  Менің  әлсіздіктерім  —  Оның  құдыретін  көрсететін  ең  жақсы  мысал 
бола алады. 
Мен  –  елші  Пауылдың  Қорынттықтарға  арнап  жазған  бірінші  хатындағы  шындықтың 
тірі  дәлелімін.  Ол  өзінің  хатында:  «Бірақ  осы  дүние  кімдерді  «ақымақ»  деп  санаса,  Құдай 
«данышпан-ақылгөй»  делінгендерді  ұялту  үшін  соларды  таңдап  алды.  Осы  дүние  «күшсіз» 
деп  тапқандарды  Құдай  «күштілерді»  ұялту  үшін  Өзіне  таңдады.
 
Осы  дүние  маңызды  деп 
есептейтіндерді  жою  үшін  Құдай  осы  дүниенің  менсінбей,  қорлап,  түкке  тұрғысыз  деп 
санағандарын таңдап алды» (1:27,28), – деп жазған болатын. Елшінің осы сөздері жүз пайыз 
маған қатысты айтылған! 
Мен Құдайдан күш алып, бүкіл дүние жүзін бойлап студенттік қалашықтарда жастарға 
Ізгі  хабарды  тікелей  және  ашық  айтып,  батыл  түрде  алға  қарай  адымдап  келемін.  Бұл 

199 
 
әлдекімге ақымақтық болып көрінетін шығар, алайда, осы Ізгі хабар менің жаныма күш беріп, 
қуатқа  толтырады.  «Мен  Ізгі  хабар  үшін  еш  ұялмаймын,  ол  —  Мәсіхке  сенетін  барлық 
адамдарды ... құтқаратын Құдайдың құдіреті!» (Рим. 1:16). Сен ақылдысың ба, жоқ па, кедей 
немесе  ауқатты  отбасынансың  ба,  қандай  көзқарасты  ұстанасың  –  ол  маңызды  емес,    Ізгі 
хабар  –  кез  келген  адамның  өмірін  өзгертуге  құдыретті.  Құдай  менің  өмірімді  түбегейлі 
өзгертті  және  егер  сіз  Оған  мүмкіндік  берсеңіз,  Ол  сіздің  де  өміріңізді  өзгертеді.  Сіз  Иса 
Мәсіхті өз өміріңіздің Иесі ретінде қабылдауыңызға кедергі болатын күнделікті тұрмыстағы 
әбігершілікке  берілмеңіз.  Иса  былай  дейді:  «Енді  бәрін  де  жаңадан  жаратамын  …  Жаны 
сусаған  әркімге  шынайы  өмірдің  қайнар  көзінен  суды  тегін  ішкіземін»  (Аян.  21:5,  6).  Ол 
сіздің жүрегіңіздің есігінің алдына келіп, қағып тұр. Сіз Оған жүрегіңіздің есігін ашасыз ба, 
сіз өз өміріңіздің әрбір қырын, әрбір саласын Оның қолына тапсыруға дайынсыз ба? Сіз Оны 
өзіңіздің Иеңіз және Құтқарушыңыз ретінде қабылдауға келісесіз бе? Егер сіздің жауабыңыз 
«иә»  болса,  онда  дәл  қазір  былай  деп  қарапайым  мінәжатпен  шын  жүректен  сиынуыңызға 
болады:  
 
Ием  Иса,  мен  Саған  мұқтажбын.  Мен  өзімнің  күнәһар  екенімді  білемін.  Менің 
күнәларым  үшін  айқыш  ағашта  құрбан  болғаның  үшін,  Саған  алғыс  айтамын.  Мен 
өзімнің күнәларыма шын жүректен өкінемін. Мені кешірші және тазалашы. Мен жалғыз 
Сенің — Жол, Шындық және Өмір екеніңе сенемін. Мен өз өмірімді Құтқарушым және 
Ием  ретінде  дәл  қазір  Саған  тапсырамын.  Менің  өміріме  келіп,  мені  өзгерте  гөр.  Мен 
Саған  сенім  арта  алатыным  үшін  алғыс  айтамын.  Мәсіхтің  атымен  мінәжат  етемін. 
Аумин. 
 
Егер сіз Исаны өзіңіздің Құтқарушыңыз және Иеңіз ретінде қабылдаған болсаңыз, онда 
— Ол сіздің әрі қарай рухани өсуіңізді қалайтынын біліңіз. Мен де соны қалаймын — Мәсіх 
сіздің  өміріңізді  толығымен  өзгерткенін  көруіңізге  көмектескім  келеді.  Біздің  Ғаламтордағы 
www.josh.org/undaunted
,  арнамызға  кіріңіз,  мен  ол  жерде  сізге  қолдау  көрсететін,  ие  болған 
сеніміңізде  өсуге  көмектесетін  және  сіздің  өміріңіздегі  тамаша  жаңа  бағытты  берік 
ұстануыңыз үшін көп шындықтармен бөлісе аламын. Құдай сізге ақ батасын берсін! 
 
 
 

200 
 
Ескертулер 
 
4 бет. «Сен мені ертең де сүйесің бе?» (Will You Still Love Me Tomorrow?) / Джерри Гоффин 
және Кэрол Кинг, бұл әнді алғаш рет 1960 ж. «Ширелль» тобы орындады. 
63  бет.  Киелі  кітапта:  егер  адам  Мәсіхпен  тығыз  байланыста  болса  …  .:  Қор.  2-хаты  5:17 
қар. 
92  бет.  «Ол  туралы:  мен  Исаны  ұлы  өнегелілік  ұстазы  деп  қабылдауға  дайынмын…  Клайв 
Льюис, «Жәй ғана мәсіхшілік». 
94  бет.  «Елшілердің  Сенім  Рәмізіндегі  «Үшінші  күні  қайта  тірілді…»  Фрэнк  Морисон,  
«Тасты орнынан жылжытқан Біреу»/ Frank Morison, Who Moved the Stone? (Grand Rapids, MI: 
Zondervan, 1987ж.) 193. 
95  бет.  Мәсіхшіліктің  Құдайдың  Аяны  екеніне…  «Қаситті  Пауылдың  сұхбаттары  мен 
елшілігі». Хана Мор/ An Essay on the Character and Practical Writings of Saint Paul, Volume 2 
(London: T. Cadell and W. Davies, 1815) бойынша дәйексөздер келтіріледі 286-287. 
95 бет. Мен көптеген жылдар бойына ерте замандағы тарихты оқып-үйренудемін … Джон 
Филипс бойынша келтірілген дәйексөздер/John Phillips, Exploring 1 Corinthians: An Expository 
Commentary (Grand Rapids, MI : Kregel, 2002), 343. 
96 бет. Егер де Иса шын мәнінде өлімнен қайта тірілмеген болса… Саймон Гринлиф/Simon 
Greenleaf,  «An  Examination  of  the  Testimony  of  the  Four  Evangelists  by  the  Rules  of  Evidence 
Administered  in  the  Courts  of  Justice»  (Grand  Rapids,  MI:  Baker,  1965)  бойынша  келтірілген 
дәйексөздер, 29. 
 119 бет. Адамның ортақ жаулары болған…  : 
http://www.jfklibrary.org/JFK/Life-of-John-F-
Kennedy.aspx?p=4
. қарап шығыңыз.
 
 
 
 
 
 
 
 

201 
 
Мазмұны 
 
 
Бірінші тарау 
Жер бетінде бәрі тамаша 
 
Екінші тарау 
Әуел баста 
 
Үшінші тарау 
Уэйн 
 
Төртінші тарау 
Кішкентайдың опасыздығы 
 
Бесінші тарау 
Мектеп  
 
Алтыншы тарау 
Әскери-әуе күштері 
 
Жетінші тарау 
Жаңа көкжиектер 
 
Сегізінші тарау 
Ұлыбритания 
 
Тоғызыншы тарау 
Саяхат жалғасуда 
 
Оныншы тарау 
Бәрін басынан бастау 
 

202 
 
Он бірінші тарау 
Уитон және одан әрі қарай 
 
Он екінші тарау 
Үйге қайта оралу 
 
Он үшінші тарау 
1961 жылдың жаз мезгілі 
 
Он төртінші тарау 
Бітіруші курс 
 
Он бесінші тарау 
Атастыру және оқудың аяқталуы 
 
Он алтыншы тарау 
Соңғы жаз мезгілі  
 
Он жетінші тарау  
Батысқа бет алу 
 
Он сегізінші тарау 
Шақырылу  
 
Он тоғызыншы тарау 
Көгілдір мұхиттың көрінісі 
 
Эпилог 
          Ескертулер  
 
 
 

203 
 
Туындыгерлер туралы
 
 
Джош  Макдауэлл  кеңінен  танымал  уағыздаушы,  ол  өзінің  қызметін  1961  ж.  бастады. 
Сол  кезден  бастап,  ол  дүние  жүзінің  118  елдерінде  10  миллионнан  астам  жиналған 
адамдардың  алдында  24000  рет  Құдайдың  Сөзін  уағыздады.  Ол  шамамен  110  кітаптың 
туындыгері немесе бірлескен туындыгері, оның кітаптары 85 тілге аударылды. Джош жастар 
мен  ересектерге  сенімдерінде  нығаюына  көмектесіп,  дүние  жүзі  бойлап  саяхатын 
жалғастыруда. Ол әйелі Доттимен бірге 35 жылдан астам уақыт некеде бірге өмір сүріп келе 
жатыр, олардың төрт баласы және сегіз немересі бар. 
 
Кристобаль Крузен — өзі негізін қалаған «Messenger Films» кинокомпаниясының басшысы 
(Тампа  қ.,  Флорида  штаты).  Нью-Йорк  штатындағы  университеттің  жанындағы  Кино  мен 
теледидар  мектебін  үздік  бітірген  ол,  «Art  Center  College  of  Design»  кинематография 
факультетінде  магистр  дәрежесіне  де  ие  болды.  Ол  «Ақтық  шешім»  («Final  Solution»), 
«Арманнан да үлкен» («More Than Dreams»), «Бірінші қону» («First Landing»), «Инкассатор» 
(«The Bill Collector») фильмдерін, сонымен қатар испан тілінде сөйлейтін көрермендер үшін 
«Con  Quién Te Vas?»  және  «Ropa  Nueva  para  Felipe»  фильмдерін  де  түсірді.  Оның  ең  соңғы 
түсірген  «Табанды»  (Undaunted)  деп  аталатын  фильмі  Джош  Макдауэллдің  балалық  шағы 
туралы  әңгімелейді.  Кристобаль  Крузен  «Мен  өзімнің  ұлыммен  бірге  болғым  келеді»  («Let 
Me  Have  My  Son»)  және  «Менің  скептицизмнен  сенімге  дейінгі  жолым»  («My  Journey  from 
Skepticism to Faith») деп аталатын кітаптардың да туындыгері.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

204 
 
Табанды 
 
Джош Макдауэлл дүниедегі ең әйгілі уағыздаушылардың бірі болып саналады. Бір 
таңқаларлығы, балалық шағында бұл кісі Құдайға сенбейтін... 
 
Оның  өмірінің  бастапқы  кезеңінде  болған,  биік  асулары  мен  құлдырау  кезеңдерін 
барынша  толығырақ  көрсету  үшін,  қылқаламның  қалың  бояумен  жазылған,  осы  аты  аңызға 
айналған адамның оқиғасы сіздердің алдарыңызда. Джош өзінің тағдырын құдыретті Құдайға 
сеніп  тапсырып,  Құдайдың  рақымын  жақыннан  танып-білген  кезде:  бастан  кешірген  өзінің 
таңқаларлық  рухани  қайта  туылуы  туралы  алғашқы  рет  әңгімелеп  береді:  тіпті  біздің 
өмірімізде  болған  ең  сұмдық  жағдайларды  да  Құдай  еркін,  терең  және...  табанды  сенімге 
айналдыра алады.   
 
Джош  Макдауэлл  кеңінен  танымал  уағыздаушы,  ол  өзінің  қызметін  1961  ж.  бастады. 
Сол  кезден  бастап,  ол  дүние  жүзінің  118  елдерінде  10  миллионнан  астам  жиналған 
адамдардың  алдында  24000  рет  Құдайдың  Сөзін  уағыздады.  Ол  шамамен  110  кітаптың 
туындыгері немесе бірлескен туындыгері, оның кітаптары 85 тілге аударылды. Джош жастар 
мен  ересектерге  сенімдерінде  нығаюына  көмектесіп,  дүние  жүзі  бойлап  саяхатын 
жалғастыруда. Ол әйелі Доттимен бірге 35 жылдан астам уақыт некеде бірге өмір сүріп келе 
жатыр, олардың төрт баласы және сегіз немересі бар. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет