***
Кобб мырзаның заңгерлік фирмасы Лондонның батыс бөлігіндегі, лондондық
барристерлер білім алып, өздерінің кеңселерін ашқан, төрт тарихи Инндердің бірі,
Линкольнс-Инннің Құрметті қоғамында орналасқан болатын. Лондонның айтулы ауданында
бірнеше шақырым жерді алып жатқан, кең залдары, ұлан-ғайыр кітапханалары, күтім көрген
бау-бақшалары, сонымен бірге барристерлердің жеке кабинеттері бар Сот Инндері*,
Оксбридж сияқты көне Англияның ерекше нышандарының бірі болды**.
*Сот Инндері — бұл ғимараттың төрт кешені: Грейс-Инн, Линкольнс-Инн, Миддл-Темпл және Иннер-
Темпл, оларда ағылшындық қорғаушылар өмір сүрген, оқыған және сот ісін жүргізген. Қорғаушылардың
бірлестігі Лондонда XIII ғасырда пайда болып, әрбір заңгер сол бірлестікке кіруге міндетті болған — осылайша,
қалада үлкен сот махаллалары пайда болды. Линкольнс-Инн — бұл сонымен қатар қорғаушылардың Құрметті
қоғамы және олардың орын алған махалласы. Бұл жерде қызыл кірпіштен салынған тарихи үйлердің құрылысы
толығымен сақталған, ғимараттардың арасында жайлы жап-жасыл бау-бақшалары мен аулалары сап түзеген. —
Ред.ескер.
** Оксбридж — бұл Оксфорд пен Кембридж — сияқты дүние жүзіндегі беделді университеттерді
белгілеу үшін Ұлыбританияда жиі пайдаланатын жинақтама ұғым. Ред.ескер.
Маған Кобб мырзаны өзінің қабылдау бөлмесінде жарты сағаттай күтіп тұруға тура
келді, міне, Кобб мырза да өзінің кабинетінің есігінен шығып, менен:
— Мені Олд-Холлға дейін шығарып салғыңыз келмей ме? — деп сұрады да, сол сәттің
өзінде-ақ менің жауабымды күтпей, дәлізбен шапшаң жүріп кете барды. Мен оны қуып жету
үшін, тұрған орнымнан тез-тез жүре бастадым.
Олд-Холлдың ұзындығы шамамен отыз, ал ені он метрдей шаңырағы биік кең зал екен.
Мықты ағаштан жасалып, тозығы жеткен едендері, менің білуімше, көптеген жүзжылдықтар
бойына дәстүрлі мерекелер мен сот істерінің куәсі болған. Енді Олд-Холл көбірек пікірталас
залы немесе оқу сыныбы ретінде пайдаланылады. Біз кіріп келген кезде, мен жұптарымен
84
сұхбаттасып, асықпай адымдап ары-бері жүріп жүрген бірнеше барристерлерді көрдім. Кобб
мырза менің оған қосылуыма ыммен ұсыныс жасады, содан кейін екі қолымды арқама
айқастыра қойып алып, басқалармен бірге залдың ішінде адымдап жүре бастадым. Кобб
мырза маған қарап:
— Жігітім, менің сізге бірнеше сұрақтар қойғым келеді, және сіздің осы сұрақтарға
барынша дұрыс жауап бергеніңізді қалар едім. Осылай әрекет етсеңіз мен сіздің зерттеуіңізге
қатысты, сізге дұрыс бағыт-бағдар бере аламын деп үміттенемін. Келісесіз бе? – деп сұрады.
Мен келісетінімді білдіріп, басымды шұлғыдым.
— Олай болса, маған айтыңызшы, сіз Киелі кітапты қалай сипаттайтын едіңіз? Менің
сұрағымның мәні мәсіхшілік пен бүкіл адамзатқа және басқа да осыған ұқсас нәрселерге
қатысты, оның нені білдіретінінде емес. Мен тек нақты ауызша сипаттаманы сұрап тұрмын, –
деді. Мен оған:
— Бұл кітаптың аты biblia деген латын сөзінен шыққан, ол «шиыршық қағаз» деген
мағынаны білдіретін грек сөзінен келіп шығады, – деп жауап беріп едім,
— Тамаша. Сіз ол жайында тағы не айта аласыз? – деп сұрады
— Тағы ма… Шын мәнінде бұл кәдімгі кітаптардан басқаша кітап. Бұл көптеген
ғасырлар бойына жазылған, әр түрлі туындыгерлердің жазбаша мәтіндерінің жинағы. Ал бір
күні қауымның лауазымды басшылары жиналып, бұл көптеген түпнұсқалық қол жазбаны бір
кітапқа жинақтау керек деп өзара шешім қабылдайды. Бұл шамамен төртінші немесе бесінші
ғасырда болып өткен, – дедім.
Кобб мырза менің құрметсіздікпен айтқан кейпімді байқамай қалған сияқты:
— Ал осы ғасырлар бойына жоғарыда аталған кітаптың қанша көшірмесінің немесе
бөліктерінің бізге дейін жеткенін, сіз білесіз бе? – деген сұрағынан құйтырқылықты сезіп
қалып:
— Жоқ, мырза, мен білмеймін, – дедім.
— Дәл қазіргі сәтте олардың саны жиырма екі мыңнан асады, бұған қоса тұрақты түрде
жаңа ашылулар жасалуда, — деп Кобб мырза маған мұқият қарады да: — Алайда бұл сізді
қатты таң қалдырып, ешқандай әсер қалдырмаған сияқты, – деді.
— Әсер қалдыруы қажет деп есептейсіз бе? – деп сұрадым мен одан.
— Шын мәнінде, солай болу керек еді. Көне замандағы мәтіндер туралы сөз қозғағанда,
біздің қолымызда көшірмелер неғұрлым көп болса, түпнұсқалық мәтіннің мазмұнын қайта
қалпына келтіру ықтималдығы да соғұрлым жоғары болады. Мәтін — қандай да бір оқиғаның
85
көзбен көрген куәгері болып табылады. Егер көзбен көрген куәгер тек біреу ғана болса,
түсініктемеге кез келген қателік кіріп кетуі мүмкін: асыра сілтеу, жеке қызығушылық…
немесе адам бір нәрсені ұмыт қалдыруы мүмкін, ал нәтижесінде бүкіл көрініс бұрмаланады.
Екінші жағынан, егер нақты бір оқиғаның куәгерлері көп болатын болса және олардың сол
оқиғаның негізгі сәттеріне байланысты берген куәліктері бір-бірімен үйлесімді болса, онда
олардың бәрі бір кісідей дұрыс айтпаған деп ойлаудың ықтималдығы қандай? – деп
сұрағанда, мен оған:
— Бұлай болуы екіталай деп ойлаймын, – дедім.
— Дәл солай.
— Алайда, осы жағдайда мені алаңдататыны орын алған оқиға мен оның жазылу
уақытын бөліп тұрған аралық, тіпті сол оқиғаның тарихи растығы да алаңдатады. Біздің
бүгінгі күнде оқып жүрген кітабыміз бен көзімен көрген куәгердің куәлігінің – бірдей екенін,
біз қайдан білеміз?
Кобб мырза басын изеп:
— Түсінікті қарсылық. Сондықтан да соның өзіне жүгініп көрейік. Кез келген тарихи
құжаттың растығы мен нақтылығын өлшеу үшін, сіз қандай өлшемді таңдар едіңіз? – деп
сұрады.
— Өлшем? – дедім мен түсінбей.
— Иә, өлшем. Ашық сөйлесейік: «Илиаданың» растығын біз қалай өлшей аламыз
немесе мысалы, «Геродоттың оқиғасын»? Бүгінгі күнде біздің қолымызда, тек көшірмелер
ғана бар, – деген кезде біз залдың бір шетіне жеттік. Кобб мырза кері бұрылып, өзінің ой-
өрнегін
жоғалтпай, адымдап жүріп келе жатып:
— Егер рұқсат етсеңіз, мен өзімнің сұрағымды басқаша қисындастырайын.
Жиырмасыншы ғасырға дейін Платонның шығармаларының қанша көшірмесі жеткенін, сіз
білесіз бе? – деп сұрағанда, мен оған:
— Мен оны білмеймін, алайда сіз қазір оны маған айтып бересіз деп ойлаймын, – дедім.
Мен Кобб мырзаның көзінен тірі ұшқынды көрдім.
— Бар болғаны жеті көшірме.
— Жеті көшірме? Бар болғаны, сол ғана ма?
— Ең ерте көшірмесі шамамен б.з. 900 жылы деп белгіленген. Ал бұл Платонның
өлімінен кейін мың екі жүз жыл өткен соң болды. Пәлсапашының өлімі мен жалғыз ғана
сақталған көшірмелерді бөліп тұрған айтарлықтай көп уақыт аралығын есепке ала отырып,
86
Платонның туындыгер екеніне әлдекімнің жүрегінде күмән пайда болуы мүмкін екенін, көз
алдыңызға елестетіп көру қиын емес. Тіпті ол өмір сүрді ме, жоқ па деген күмән да пайда
болуы мүмкін! — деп Кобб мырза, қасын жоғары көтеріп, маған қарады да, сөзін
жалғастырып:
— Бәлкім, мен бұл мысалды босқа келтірген болармын? Бәлкім, сіз Платон — ойдан
шығарылған кейіпкер деген көзқарасты ұстанатын шығарсыз? – деп сұрады менен.
— Мен бе? — дедім мен сасқалақтап, өйткені Кобб мырзаның сөздері мені аңдаусызда
ойландырып қойды. Кобб мырза басын изеді. — Платон… — деп мен жөтеле бастадым. —
Жоқ, оның өмір сүргені анық. Мұны біреу-міреудің теріске шығаруға тырысқанын тіпті
естімеппін. Мүмкін, сіз осы туралы естіген шығарсыз? – деп Кобб мырзаның өзіне сұрақ
қойдым.
— Кез келген сұрақтар бойынша айтысуды қалайтын адамдар әрқашан табылады деп
ойлаймын. Сонда да, оның шын аты Аристокл болған болса да, Платонның — шынайы тұлға
болғанына батыл түрде сенуге болады.
— Мен оның атының Аристокл болғанын білмеген екенмін.
— Егер қарсы болмасаңыз, көне замандағы басқа бір жазушыға қарап көрейік?
— Кімге?
— Білмей тұрмын… Юлий Цезарьге қалай қарайсыз?
— «Келді, көрді, жеңді», — деп мен әзілдеуге тырыстым.
— Дәл солай! — деп басын изеді Кобб мырза. — Бұл грек тарихшысы Плутархтың
Цезарьға қатысты айтқан сөзі. Тарихшының өзі, әрине, бұл әйгілі сөздерді естіген жоқ,
өйткені Цезарь туралы жүз жыл өткен соң жазылған. Міне, осыны заңгерлік-тарихи дәлелдер
арқылы шындықты анықтаудың мысалы деп есептеуге болады.
Ол иегін саусағымен тартқылай бастады да:
— Егер қателеспесем, бұл б.з. дейінгі 47 жылы Цезарь II Понтий Фарнакты жеңіп, сол
өзінің таңқаларлық жеңісін сипаттаған кезде, римдік Сенаттың алдында айтқан сөзі.
Мен Кобб мырзаға еріксіз тесіліп қарап қалдым. Осыншалықты әр түрлі көп нәрселер
туралы білу — бұл қалайша мүмкін болады екен? Осы сәтте қарама-қарсы бағытта адымдап
жүріп келе жатқан екі барристерлермен бірге қатарласып қалдық. «Кобб», — деді олардың
бойы ұзындау біреуі, ілтипатпен басын изеп. «Уитэкр», — деп Кобб мырза оған жауап
ретінде дәл солай ілтипатпен басын изеді.
Біз шамалы уақыт үндемей жүріп келе жаттық. Ақыры, Кобб мырза маған бұрылып:
87
— Жігітім, біз не туралы әңгімелесіп жатыр едік? – деп сұрады.
— Сіз Юлий Цезарь туралы айтып бастаған едіңіз. Оның жазушы болғаны туралы. Мен
оны жазушы болды деп ешқашан ойламаған екенмін! Әрқашан да оны қолбасшы болған деп
есептегенмін.
— Иә! Әрине, ол қолбасшы болған, сонымен қатар жазушы да болған, ол шамамен б.з.
дейінгі 58 және 50 жылдардың аралығы деп белгіленген «Ғаллдағы соғыс туралы хаттар»
деген кітаптың туындыгері. Бұл өте қызық кітап — міндетті түрде оқып шығыңыз деп кеңес
беремін. Соған қарамастан, кейбір сәттерді ескере отырып, сіз бұл жерде де олардың
растығына күмәндануға құқығыңыз бар, – деді. Мен одан:
— Нақты қандай? – деп сұрадым.
— Түпнұсқалық жазбаның шынайылығы он шақты көшірмеге негізделеді, олардың ең
еретедегісі шамамен Цезарьдың өлімінен кейін мың жыл өткен соң табылған. Ұзақтығы мың
жылға созылған сол уақыт аралығы римдік тарихшы Тациттің еңбектеріне жатады. Ал,
Аристотельге және оның өте ерте жазылған шығармаларына қатысты айтатын болсақ, онда
біз оның өлімі мен оның ең танымал ерте көшірмелерінің арасында мың төрт жүз жылдай
уақыт өткені туралы мәліметке иеміз. Алайда, мен тақырыптан ауытқып кеттім. Сіз осы ерте
заманда өмір сүрген адамдардың тіршілік еткенін және олардың кітаптарының шамамен
шынайы деректерге негізделетінін теріске шығару үшін келген жоқсыз, қайта мәсіхшіліктің
растығын теріске шығарғыңыз келеді, солай ғой, – дегенде, мен оған:
— Соған қарамастан, Кобб мырза, сізден өзіңіздің ойыңызды аяқтауыңызды өтінемін, –
дедім.
— Менің ойым ... Иә, — менің ойым! — Кобб мырзаның беті одан да қатты қызарып
кетті. — Жаңа Өсиетті басқа да көне замандағы мәтіндермен салыстыра отырып, біз жақсы
сақталған, онша бөлектенбейтін және бүгінгі күнде біздің қолымызда бар көне замандағы кез
келген түпнұсқалық қол жазбаларға қарағанда, сансыз көп құжаттармен жұмыс істейміз. Олар
көптеген жүз жылдар бұрын жазылған, оның бастапқы түпнұсқасына айтарлықтай жақын
екендігі және осы көшірмелердің көптігі туралы айтпағанның өзінде, — есіңізде болса, мен
олардың жиырма мыңнан асатыны туралы айтып өткен болатынмын, — олардың нақтылығы
кез келген тексеруге де икемді. Ал, енді, жігітім, егер сыншылар Киелі кітаптың, соның
ішінде Жаңа Өсиеттің түпнұсқа екендігінің рас екеніне күмәнданғысы келсе, онда олар көне
заманнан біздің заманымызға дейін жеткен, рас деп саналатын, кез келген басқа да жазбаша
88
құжаттардан, дәл солай бас тартуына тура келеді. Тек көне замандағы жазбалардан ғана емес
деп те айтқым келеді. Ал, сіз, осылай істеуге дайынсыз ба? – деді.
Мен жауап берерден бұрын Кобб мырза:
— Себебі, егер турасын айтатын болсақ, жоғарыда айтылғандардың бәрінің ақылға
қонымды қорытындысы бар екеніне ешбір күмән жоқ, – деп қосты.
— Менің зерттеулерімнің бастапқы нүктесі Иса өмір сүрді ме, жоқ па, соны түсіну
болғанын мойындауым қажет және менің бәрібір осы сұраққа қайта оралғым келіп тұр. Иә,
Ол туралы Плиний сонымен қатар Тацит сияқты тарихшылар да жазған, ал оларды
мәсіхшіліктің жақтастары деп айта алмаймыз. Сондықтан Ол өмір сүрді делік. Сонымен бірге
біздің бүгінгі күнде оқып жүрген Киелі кітаптың түпнұсқалық екенін мойындау үшін, сіздің
сенімді дәлелдер келтіргеніңізді менің мойындауым қажет. Алайда, қандай жағдай болса да,
бәрібір Киелі кітапта көп нәрселер бірден көзге түседі, егер мұқият ойланып қарайтын болсақ
— бұл қисынды ма немесе тіпті солай болуы мүмкін бе?
— Менің ойымша, сіз кереметтерді меңзеп отырған сияқтысыз.
— Солай деп айтуға да болады.
— Исаның судың үстімен жүргені, адамды өлімнен тірілткені …
— Бұл да бар және көптеген басқа да нәрселер бар. Неліктен мен мұның бәріне сенуім
керек?
— Егер Құдайға сенбейтін болсам деп айтқыңыз келеді ғой, солай ма?!
— Олай болса, рұқсат етсеңіз, енді мен сізге бір сұрақ қояйын, Кобб мырза. Сіздің өте
білімді кісі екеніңіз, шүбәсіз. Сіз өзіңіз осы Киелі кітаптық керемметтер шын мәнінде болған
деп сенесіз бе? – деп сұрап едім,
— Иә, сенемін, — деп жәй ғана жауап берді ол.
Тыныштықты тек қана еденнің ақырын сықырлағаны бұзғаны болмаса, біз тағы да біраз
уақыт үндемей жүруді жалғастырдық. Маған терезеден жаңбырдың жауа бастаған дауысы
мен залдағы басқа да барристерлердің сұхбаттарының бәсеңдеген дауыстары естіліп жатты.
Кенеттен менің есіме Уизерспун ханым мен оның маған көмектесе алатын кісіні білемін деп
айтқан сөзі түсіп кетті. Мен сол кездің өзінде-ақ өзім сияқты күмәншіл (скептик) одақтас
кісіні таптым-ау әйтеуір деп ойлаған едім. Алайда бұл ойымның Кобб мырзаға ешқандай
қатысы болмай шықты. Алайда, ол дұрыс пайымдай алатын және осы тақырыпты жақсы
меңгерген кісі екен. Менің бұл жөнінде ешқандай таласым жоқ.
— Ал, егер…
89
— Мен сізді тыңдап тұрмын, жігітім. Не айтқыңыз келсе, соның бәрін жайып салыңыз.
— Мұны, тіпті, сөзбен қалай жеткізу керектігін білмей тұрмын … Ал егер ертедегі
қауым Мәсіх туралы аңызды әдейі ойластырып құрған болса ше? Айталық, қандай да бір
партиялық бағыт үшін?
Менің сөздерім Кобб мырзаны қызықтырғанға ұқсайды, ол маған:
— Жалғастырыңыз! – деді.
— Егер Исаның Өзі ешқашан Құдайлық мәртебеге ұмтылмаған, қайта жәй қарапайым
жақсы кісі болған болса ше? Ол жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштыққа сенген болып, ал
адамдар қалың тобыр халықты бақылай алуы үшін оларды Оған табындырып, Исаны Құдайға
айналдырып, әдейі мәсіхшілік дінді ойлап шығарған болса ше. Әсіресе, император
Константиннің өзі мәсіхшілікті қабылдап, соның нәтижесінде Рим империясының әрбір
адамын да жаңа сенімді қабылдауға күштеп мәжбүр етті емес пе екен?!
— Сіз Иса Құдайлық болмысқа ие болды және кереметтер жасады деген шындыққа
сенгеннен гөрі, осы теорияға сенуге дайынсыз ғой, солай ма?!
— Егер шынымды айтсам, мырза, иә, солай!
— Басқалармен де, өзіңізбен де шынайы болу — бұл өте жақсы қасиет, – деп маған
қошемет білдірді.
Енді мен шешіле сөйлеп:
— Егер Жаңа Өсиеттің қолжазбалық мәтіндері туралы сіздің сөздеріңізге қайтадан
оралатын болсақ, — бұл шын мәнінде нені дәлелдейді? Сенушілер қауымын сақтап қалғысы
келген көшірмешілердің көшірмелерді ресми нұсқаға сай жазғанын мен жоққа шығармаймын.
Бәлкім, болған оқиғаларды мүлдем басқа түрде көрсеткен ертедегі нұсқаларға күйе жағылған
немесе жойылған шығар және ақыр аяғында мүлдем ұмытылып кеткен болар, – дедім.
Кобб мырза маған қызығушылықпен қарады да:
— Ақылға қонымды дәлелдер — бірақ, әттеген-ай үстіртін. Егер қаласаңыз, мен
олардың әрқайсысын теріске шығара аламын, – деді.
— Сіздің теріске шығара алатыныңызға ешбір күмәнім жоқ, — деп жауап бердім мен,
ішімде қайнап келе жатқан ашу-ызаны жасыруға тырысып.
— Алайда, бәрібір әуелі сізге бір жеке сұрақ қоюыма рұқсат етіңізші.
— Қойыңыз.
— Сіз жалған үшін өз өміріңізді құрбан етуді қалайсыз ба?
— Не?
90
Кобб мырза өзінің сұрағын қайталап:
— Сіз жалған үшін өз өміріңізді құрбан етуге келісер ме едіңіз? – деді.
— Жоқ, менің мүлдем мұндай ойым жоқ.
— Ал, Исаның алғашқы ізбасарлары өздерін құрбан етуге дайын болды.
Мен кенеттен, бір сәтте барлық дәлелдерімнен айырылып:
— Мен осы сияқты сұрақтарға қалай жауап табуға болатынын да білмеймін. Сіз
қайтадан екі мың жыл бұрын болып өткен оқиға туралы айтып отырсыз, – деп қарсыластым.
Кобб мырза басын иіп, адымдауды жалғастырып:
— Бұдан бұрын біз, тарих негізінен — куәліктерге негізделген өткен өмір туралы білім
деп анықтама берген болатынбыз. Осы жағдайда Мәсіхтің ертедегі ізбасарлары мен
елшілерінің өмірлерінің өзгергені арқылы куәлік өзінің рас екендігінің дәлелін тапты. Олар
қудалауларды, азаптауларды және қиындықтардың барлық түрлерін бастарынан өткізуге
дайын болып, солардың бәріне төзді, өйткені олар Мәсіхтің Құдайлық болмысы мен Оның
өлімнен қайта тірілгеніне шынымен сенді. Олардың ешқайсында өздерінің көздері жеткен
шындықтың рас екендігінен бас тартамыз деген ниет болмады, олар шындықтан бас тартуды
қаламады да, – деді.
— Әдепсіз болып көрінгім келмейді, мырза …
— Тыңдап тұрмын сізді, жігітім.
— Шынымен сенген нәрсесі үшін, өзінің өмірін құрбан еткендер аз ба? Бірақ бұл нені
дәлелдейді? Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі камикадзе-ұшқыштар да өздерін құрбан
етті ғой.
— Мен сізді түсіндім. — Кобб мырзаның қастары ұйытқыған желмен желбіреп тұрған
ту сияқты, жоғары көтеріліп, қайтадан орнына түсті. — Енді сіз менің сұрағыма жауап
беріңіз: сіз қандай да бір жалған үшін өміріңізді құрбан ететініңізді анық біле тұрып, өлуге
келісесіз бе? Егер сіз бұның алдамшылық, арсыз жалған екеніне ешбір күмәніңіз жоқ екенін
білетін болсаңыз, өміріңізді қиясыз ба? – деп сұрады да, Кобб мырза менің жауап беруімді
күтіп отырмай:
— Иса тұтқындалып, айқыш ағашқа шегеленген кезде, Оның шәкірттері қашып кетіп,
жасырынып қалды. Олар өздерінің өмірі үшін қорықты. Олардың сеніп жүрген, ең жақсы
көретін Құтқарушы Мәсіхі мүлдем Ол емес сияқты болып көрінді. Керісінше, Ол айқыш
ағашта азапталып жан тапсырған кезде, Оның тірі кезіндегі айтқан сөздерін тыңдап
рахаттанған олардың, бүкіл армандарының күл-паршасы шықты. Содан бірнеше күн өткен
91
соң, күтпеген бір таңқаларлық жағдай орын алды: бұрынғы қорқып қашып кеткен адамдар
енді көзді ашып-жұмғанша батыр адамдарға айналып шыға келді. Олар енді ешкімнен
қорықпай, жасырынбай, қоғамдық орындарда пайда болды. Иерусалимде Исаны тұтқындап,
айқышқа шегелеген адамдардың көз алдында, олар өлімнен қайта тірілген Иса туралы уағыз
айта бастады. Оларға үндерін өшіріп, адамдардың көзіне түспеуді бұйырады. Алайда, олар ол
бұйрыққа бағынбады. Сонда оларды түрмеге жауып, Оның атын жариялауға тыйым салды,
бірақ олар адамға емес, Құдайға мойынсұнуды артық деп санады. Сол үшін оларды ұрып-
соғып, сабады. Кейбіреулерін таспен ұрып өлтіріп, тіпті айқышқа да шегеледі. Енді
біреулерінің басын шауып тастады. Алайда, олардың өз көздерімен көріп, өз құлақтарымен
естігендерін уағыздауына, адамдарға шындықты үйретуіне, бүкіл дүниеде ешкім кедергі
жасай алмады. Олар жалған үшін өлуге дайын болды ма, сонда?! Мен үшін бұл бір-ақ нәрсені
білдіреді, – деп сөйлеуін тоқтатып, өзінің жүрісін де тоқтатты.
Біз залдың ортасында тоқтап тұрып қалдық. Мен Кобб мырзаға қарадым, маған ол қазір
есінен танып қалатын адам сияқты болып көрінді. Ол тек өзінің алдына қадала қарап тұрды,
еріндері дірілдеп, алақанымен қастарын сүртті де, сосын көзін жұмды. Мен абайлап оның
қолынан ұстадым. Ол терең күрсінді де, бұрылып маған қарады, маған оның көзіне жас толып
қалғандай көрінді. Сәлден соң ол ешнәрсе болмағандай қайтадан адымдап ілгері жүруін
жалғастырды, ал мен оның ендігі айтатын сөздерін ести алу үшін, оған жақындай түстім. Ол
сөзін жалғастырып:
— Киелі кітапта Исаның өлімнен қайта тіріліп, Өзінің ізбасарларына көрінгені жайында
айтарлықтай егжей-тегжейлі баяндалған. Олардың батыл әрекеттері мен олардың әрі қарай да
өмірдегі ерліктерін түсіндіретін бірден бір нәрсе міне осы, – деді.
Біз Кобб мырза екеуміз әңгімемізді әрі қарай жалғастырдық және сұхбатымыздың
соңында мен өзімді бірнеше шақырым жол жүріп тастаған кісідей сезіндім. Кеш түсіп қалды,
біз қоштасқан кезде, залдың іші мүлдем қаңырап бос қалған еді.
***
Лондонда мені тағы да Кобб мырзамен бірге өткізетін екі күн күтіп тұр еді. Иса мен
Киелі кітап жайлы және көне замандағы оқиғалар мен мәсіхшілік туралы сұхбаттасып, Олд-
Холлдың ұзынынан да, енінен де, қаншама рет адымдап жүргенімізді айтып жеткізе
алмаймын. Британдық Мұражайдың қабырғаларында сақталған, таңқаларлық көлемдегі
ғылыми ақпараттарға қолымызды тигізіп көру үшін, біз оған тағы да барып қайттық. Өзім
92
қаламасам да, мен болып өткен оқиғалардан бар болғаны елу-алпыс жыл кейін жазылған,
Жаңа Өсиеттің ертедегі мәтіндерінің растығын аздап мойындай бастадым.
Біздің арамызда ешқандай тыйым салынған тақырыптар болмады, біз біртіндеп Исаның
өлімнен қайта тірілу тақырыбына көңіл аудара бастадық. Мен Келлог колледжінің мәсіхшілік
үйірмесінің студенті Оливердің менің алдыма қойған мақсатын атап өттім, ол маған: Мәсіхтің
өлімнен қайта тірілмегенін дәлелде, сонда сен бүкіл мәсіхшілікті күл-талқан ететін,
олардың сенімінің негізінен сызат табасың, – деген еді.
Біз Кобб мырза екеуміз «қате қабір» теориясын талқыладық: мүмкін, шәкірттері Исаны
іздеп жүргенде қабірді шатастырып алып, басқа бір бос қабірге тап болып, Ол өлімнен қайта
тіріліп кетті деген аңыз таратқан шығар.
— Иә, осы теорияда бірінің екіншісіне сәйкес келмейтіні, үйлеспейтіні анық, — деп
мойындауға мәжбүр болдым. — Оны теріске шығару оп-оңай: жерленген денені қабірден
алып шығып, кез келген қауесеттерді таратпауға мәжбүрлеу. Менің пікірім бойынша,
сектаның аузын жауып басып тастауды қалайтындар, осылай әрекет еткен болар еді.
Содан кейін біз «елестеушілік теориясын» қарастырдық, осы теорияны жақтаушылар,
Исаның өлімнен қайта тірілгеннен кейінгі, көзге көрінген сыртқы келбеті елес немесе қиял
болды деп айтады. Кобб мырза екеуміз осы теория бойынша да негіздерге сүйеніп қарап
шықтық: иә, егер елестеушіліктің ықпалына бір-екі адам түсіп қалса, оны жоққа шығаруға
болмайды деп мойындауға болар еді. Алайда, елші Пауыл айтып өткендей; болған оқиғаны
бір мезгілде көзімен көрген бес жүзден астам адамды қайтеміз? Елес көргендігі туралы
мүлдем ешнәрсе айтпайтын, Исаның ізбасарлары туралы не айтуға болады! Жоқ,
елестеушілік теориясын адам сенерлік дәлел деп есептеуге болмайды. Қайта бұл түкке
тұрғысыз сылтауға ұқсайды.
Сонымен қатар, біз Карл Фридрих Барт деген неміс теологы ұсынған, «естен тану
теориясына» қатысты, оны қолдайтын пікір мен оған қарсы пікірлерді талқыладық. Осы
теория бойынша; Иса айқыш ағашта жан тәсілім еткен жоқ, Ол тек есінен танып қана қалған,
ал содан кейін қабірде өзіне келген деген пікір айтылады.
Алайда, Кобб мырза бұл теорияны тез арада теріске шығарды. Ол:
— Римдіктер Исаны әбден сабап, айқышқа шегелегеннен кейін, Оның өлмей, шынында
да тірі қалғанын көз алдымызға елестетіп көрейік. Мұндай жағдайда, Оның бет-әлпеті ауыр
соққылардан әбден қалжыраған, бейшара күйде болады деп болжауға болады, ал шәкірттері
93
өздерінің өлімнен қайта тірілген Құтқарушысымен кездескен кезде, Оны сондай күйде көріп
сүйсініп қастерлеуі және Оның алдында құрметпен тізе бүгуі екіталай деп ойлаймын! – деді.
Содан кейін кезек «ұрланған дене» мен «ауыстырып қойған дене» теорияларына және
«ұқсатып қою теориясына» келді, бұл теорияларда мәсіхшіліктің негізгі қағидалары ежелгі
гректер мен римдіктердің құпия діни ұйымдарынан (мистериясынан) алып пайдаланылған
деп айтады. Біз осы теориялардың әрқайсысының кемшіліктерін бірінен соң бірін зерттеп
шығып, олардың әрқайсысын шеберлікпен теріске шығардық.
Әрине, бұл менің Мәсіхтің өлімнен қайта тірілуін тарихи шындық деп қабылдағанымды
білдірмейді. Мәсіхтің өлімнен қайта тірілгеніне сену, мен үшін әлі де тым мүмкін емес,
ақылға сыймайтын сияқты болып көрінді!
Ақыры, біз өлімнен қайта тірілу туралы пікірталасты шамалы уақытқа тоқтатуды
ұйғарып, Иса жер бетінде өмір сүрген кезде, қандай адам болды деген сұрақты зерттеуге
кірістік. Ол Будда, Конфуций немесе Лао-Цзы сияқты, жәй әншейін өнегеліліктің ұлы ұстазы
болды ма? Олардың да Иса сияқты өнегелі қасиеттерге ие болғаны, шүбәсіз. Егер де біздің
заманымызға Исаның тек Таудағы уағызында айтқан сөздері ғана жеткенде, онда Ол солармен
бір қатарда тұрған болар еді. Бірақ Иса Өзі туралы өнегелілік ұстаз ретінде айтқан жоқ. Иса
Өзі туралы Құдай ретінде айтты.
Кобб мырза мені К. С. Льюистің шығармаларымен таныстырды, бір қызығы, ол да
кезінде агностик болған екен. Алайда, Кобб мырза Клайв Льюистің жазған «Жәй ғана
мәсіхшілік» деген кітабынан, жазушының өзінің көзқарасының күрт өзгергені туралы жазған
жерін маған көрсетті:
«Ол туралы: мен Исаны ұлы өнегелілік ұстазы деп қабылдауға дайынмын, бірақ Оның
Өзінің — Құдай екені туралы айтқан сөздерін қабылдамаймын деген, жиі естуге тура
келетін ақымақтықты басқалардың қайталамауы үшін мен осыны жазып отырмын.
Міне, осылай айтудың қажеті жоқ. Егер адам қарапайым адам бола тұра, Мәсіхтің
айтқан сөздерінің бәрін айтатын болса, — онда ол қандай өнегелілік ұстаз болуы
мүмкін! Бұл не есі ауысқан (өйткені адам өзі туралы, шала қуырылған жұмыртқа деп
айтатын деңгейде тұр) немесе нағыз әзәзіл шайтанның өзі. Қалай болған жағдайда да,
сіз бен біз біреуін таңдау керекпіз: не бұл кісі Құдайдың Ұлы болған және қазірде
Құдайдың Ұлы болып табылады, не ол ақымақ, немесе одан да бетер біреу».
94
Ал біздің пікірталасымыз жалғаса берді және оның шеті де, шегі де жоқ сияқты болып
көрінді. Менде ол айтқан барлық нәрсеге қатысты қарсылықтар табылатын. Кобб мырзаның
келтірген кез келген «дерегі» мен әрбір дәлеліне мен күмәнмен, қарсылықпен, сұрақпен
жауап бердім. Ақыры Лондоннан кететін күн келгенде, біз екеуміз де жеңілдікпен күрсіндік
деп ойлаймын..
Мен Линкольнс-Иннің тамаша, баптап күтілген бау-бақшаларымен біржолата қоштасу
үшін келдім.
— Кембриджден кейін қайда барамын деп ойлап тұрсыз? — деп сұрады Кобб мырза
менен.
— Оксфордқа қарай жылжитын шығармын, – деп жауап бердім.
Кобб мырза басын изеп:
— Иә, Оксфорд баруға тұрарлық жер. Ал, әрі қарай мен сізге солтүстікке, Манчестерге
сапар шегуге кеңес берген болар едім. Джон Райланд университетінің кітапханасында сіз
Жохан жазған Ізгі хабардың үзіндісін көре аласыз, – деп өзінің кеңесін айтты.
— Солай істеймін, мырза, – дедім мен.
Кобб мырза ризашылықпен басын изеді де, пенжагының қалтасынан конвертті алып:
— Мына жерде менің еуропалық жақсы екі жолдасымның аттары мен мекен-жайлары
жазылған: доктор Зауэр Гейдельбергте және профессор Цендер Женевада тұрады, – деді.
— Үлкен рахмет, мырза!
— Мен оларға телефон шалып, сіздің оларға да жолуығыңыз мүмкін екенін ескертіп
қойдым. Олар археология мен лингвистика саласындағы беделді кісілер. Екеуі де ағылшын
тілінде сөйлейді.
Біз біраз уақыт үндемей тұрдық. Жаз мезгілінің таңертеңгі тамаша жаймашуақ күні еді.
Мен оған қолымды созып:
— Маған көрсеткен көмегіңіз үшін дән ризамын, Кобб мырза. Енді сіздің арқаңызда мен
көп нәрселер туралы ойланатын боламын, – дедім.
Кобб мырза бірден жауап бермей, сәл кідіріп тұрды да:
— Мен сіздің көзіңізді жеткізе алдым ба, тіпті білмеймін. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де,
менің негізгі мақсатым – барлық нәрсенің ақ-қарасын өзіңіздің ажыратып алуыңыз болды.
Мен жауап ретінде басымды изеп:
— Мүлдем күмәнім жоқ. Бұған қоса, сіз маған қаншама көңіл бөлдіңіз, — сіздің жұмыс
күніңіздің әрбір сағаты үшін ақы төлеу қажет болмағанының өзі, қандай бақыт! – дедім.
95
Кобб мырза жауап ретінде тек гүрілдеп күлді. Ақыры соңында біз бір-біріміздің
қолымызды қысып, басымызды изедік. Оны соңғы рет көріп қалу үшін артыма бұрылып
қарағанымда, Кобб мырзаның тамаша раушан гүлінің иісін рахаттанып иіскеу үшін
еңкейгенін көрдім. Мен күлімдеп, қақпа арқылы бақтан шығып кеттім. Ал бірнеше минут
өткен соң, мен Холборн-стриттің адамға толы көшесіне еніп кеттім.
Иә, Кобб мырзаның мені қамтамасыз еткен ақпараттар байлығы, маған әлі ұзақ уақытқа
жетуі қажет. Алайда менің жүрегімде ерекше әсер қалдырған Кобб мырзаның шын жүректен
менімен бөліскен білімінің көлемі емес. Оның өзі мені таңқалдырды. Жоқ, ол мені Құдайдың
бар екеніне сендіріп, Оған деген сенімді қабылдатқан жоқ. Алайда, егер мен бір күні осындай
шешім қабылдайтын болсам, онда мен өзімнің нанымдарымның күші мен батылдығы,
ішінара болса да Кобб мырзаның нанымына ұқсағанын қалар едім. Баспалдақпен Лондондағы
жерасты жолына түсіп бара жатып, мен өзімнен алдымда мені тағы да қандай таңғажайып
оқғалар күтіп тұр екен деп сұрадым.
Мен сағатқа қарадым. Кембриджге баратын пойызға үлгіру үшін, сағат 9:30 да мен
Ливерпуль-стритте болуым қажет еді.
Достарыңызбен бөлісу: |