Он сегізінші тарау
Шақырылу
— Сіздің мені көргіңіз келді ме? — деп сұрадым мен семинарияның әкімшілік
корпусындағы хатшыдан.
— Жедел хабарлама келді: сіз мүмкіндігінше тезірек үйге телефон шалуыңыз қажет, —
деді ол. — Иә, міне тағы — мына жерде сіз үшін хат келген еді, – деп қосты.
Мен сол сәтте-ақ конверттегі ірі жазуды таныдым.
187
— Міне, керемет! — дедім мен дауыстап. — Бұл хатты жазған менің әкем ғой!
Мені сабақтан шақыртып алатындай, соншалықты шұғыл қандай мәселе болып қалды
екен деп, не болғанын түсінбей аң-таң болған мен, жақын жердегі автоматты телефонды
тауып алып, үйге қоңырау шалдым.
Тұтқаны Берта көтеріп:
— Джош… — деді де, даусы бірден үзіліп қалды.
— Берта? Не болып қалды?
— Сенің әкең…
— Оған не болды?
— Ол қайтыс болды!
— Не-не?
— Ол кеше қайтыс болды.
— Қайтыс болғаны қалай? Қайтыс болғаны қалай — деп мен қайталай бердім. Менің
жан дүниемнің астаң-кестеңі шығып, тілім байланып қалғандай болды, — Не… бұл қалай
болды? — дедім мен әрең сөйлеп.
— Ол мал қорада жұмыс істеп жүріп, жәй құлап қалыпты, – деді Берта жыламсырап.
Мал қорада құлап қалған. Менің сүйікті жылқым Долли сияқты болыпты ғой, бірнеше
жыл бұрын мен оны таңертең сіресіп қатып қалған жерінен тауып алған болатынмын.
— Дәрігер оның бауыры істемей қалған деп айтты. Ішімдік өзінің дегеніне жеткен
сияқты... — деді Берта.
Берта маған жерлеу рәсіміне қатысты дайындық туралы да айтып:
— Жерлеу рәсімі бейсенбі күні, Дженкинстің жерлеу бюросында болады және бүкіл
отбасымыз жерлеу рәсімінде соңғы сөзді сенің сөйлеуіңді сұрады, – деді.
— Неге мен? — деп ойымды жинақтауға тырыстым.
— Сен — отбасымыздағы жалғыз сенушісің … бәлкім, сондықтан шығар. — деп жауап
берді. Мен оның сөйлеуіне көз жасының кедергі жасап жатқанын сездім.
Демек, олар мені осылай көреді екен ғой. Мен әлі де қолымда қысып ұстап тұрған,
әкемнің ашылмаған хатына тағы бір қарап, ақырын тұтқаны қойдым. Сосын жақын жердегі
агенттікке барып, Детройтқа дейінгі ең ерте ұшатын ұшаққа билет алдым. Содан кейін мен
өзімнің бөлмеме келіп, ашық тұрған терезенің алдында, тіпті қараңғы түскенше отыра
беріппін.
188
Өзімді орнымнан тұруға мәжбүрлеп, сөмкемді жинадым да, төбеге қарап, кереуетте
жаттым. Терезенің артында жапалақтың аянышты жан айқайы шықты. Бір кісі бірде
«оңтүстік Калифорнияның ашық аспанының астында» ешқашан жаңбыр жаумайды деп
айтқан екен, — сірә, бұл өлкеде күзде немесе қыста жаңбыр ешқашан жаумаған болса керек.
Мен терезенің арғы жағында күн суыта бастағанын және көп айлар бойына енді ең бірінші
рет жаңбырдың иісі шыққанын сездім. Бұның менің есіме өзімнің үйімді түсіргені
соншалықты, көзімнен өзінен-өзі парлап жас аға бастады.
Келесі күні таңертең ұшақта отырып, мен әкемнің хатын оқыдым:
Сәлеметсің бе, Джош!
Сенен хат-хабар алғаныма қуаныштымын, — енді менің қолымда сенің мекен-жайың
бар. Семинарияда бәрі де өз орнына келді деп үміттенемін. Құдай Өзінің еркін орындау
үшін, керемет және ұлы істер істейтінін біз екеуміз білеміз ғой, сондықтан мен саған
артық сұрақтар қоймаймын. Сенің осындай мүмкіндігің бар кезде, қазір істеп жатқан
ісіңнің барынша жақсы болуы үшін әрекет етуге тырыс. Иса: «Жарық барда, Мені
Жібергеннің тапсырған игі істерін істеуіміз керек. Қараңғы түскен соң, ешкім еш нәрсе
істей алмайды», – деп айтты ғой. Егер нақтырақ айтатын болсақ, бұл Жохан жазған Ізгі
хабардың тоғызыншы тарауында жазылған.
Фермада бәрі тыныш. Бір-екі аптадан кейін әлі сатылмаған торайларды сатайын деп
жатырмын. Мүмкін, тіпті Гернсиді де сататын шығармын.
Түрмедегі адамдарға уағыз айту үшін, мені тағы да Джексонға шақырды. Бұл жолы
бұрын мені тыңдаған адамдардан басқа да, бірнеше жаңа жігіттер болды. Осы жаңа
жігіттердің ішінде бесеуі, Исаны өзінің Иесі және Құтқарушысы етіп қабылдау үшін
мінәжат етті. Олардың біреуі кісі өлтіруші (мен кейінірек білдім), — міне, сол жігіт
Исаға өзінің жүрегін ашты, менің қолымды ұстап алып, жас нәресте секілді еңіреп
жылады. Былай ойлап қарасаң, — басқа адамды айыптайтындай мен кім едім? Иеміз
айқыш ағашта жанын қиған кезде, Оның екі жағында тұрған адамдар да қылмыскерлер
болған жоқ па?
Өзіміздің қалада да мен бәріне Иса туралы айтып жүрмін. Сен Милад күніне үйге келген
кезіңде, екеуміз бірге Фрэнк Остиннің шеберханасына барып, онымен тағы да бір рет
әңгімелесіп қайтсақ жақсы болар еді. Мен оның жақсы адам екеніне сенемін, бірақ ол
үнемі Құдайдан қашқақтап жүреді. Ол Құдайдың рақымының дәмін аздап татып көруі
189
үшін, бір нәрсе істеу қолымнан келсе ғой, шіркін! Сонда ол біздің Иеміздің ізгі екеніне
өзі-ақ көз жеткізер еді! Ал, қазір мені алыстан көріп қалса болғаны, байқамаған адамдай
теріс қарап өтеді. Мүмкін, ең болмаса, сені тыңдар. Өйткені, сол күні кафеде сен маған
Құдай туралы және мені жақсы көретінің туралы айтқан кезіңде, мен сенің айтқаныңды
тыңдадым ғой.
Қалада Құдай туралы айтып әңгімелесетін адам тек ол ғана емес, басқалар да жетіп
жатыр. Олар жаман адамдар емес, жәй адасып жүрген адамдар. Мысалы, О’Брайен
қарттың өзін алайық. Оның кеше Иемізді өзінің Құтқарушысы ретінде қабылдау үшін,
қалай мінәжат еткенін, сен өз көзіңмен көргеніңде ғой, шіркін! Ал, бұдан бір апта бұрын
— Чарли және Энни Катценбергилер Иемізді жүректеріне қабылдады. Ал, Донна
О’Брайен қыңыр адам. Әрине, әлгі банкир Джефф Бергермен де сөйлесу керек. Бұл
кісінің кедей емес екені, әрине, саған белгілі. Бәлкім, ол Құдайдың маған керегі жоқ деп
ойлайтын шығар. Алайда, адам өз жанын ешқандай ақшаға сатып ала алмайды ғой!
Адам жанының қымбаттығы сондай, оған ешбір алтын мен күміс жетпейді. Жарайды.
Түннің жарымы болып қалды, жазудан қолым да ауырып кетті. Сабантойда сенің бізбен
бірге бола алмайтының өкінішті-ақ. Біз сені сағындық. Бірақ сен Милад күнінде
міндетті түрде үйге келуге тиіссің. Біз екеуміз мұз астынан балық аулаймыз, солай
келіскеніміз есіңде ме?
Құшақтап бетіңнен сүйдім.
Сенің әкең.
***
Екі күн өткен соң, жерлеу рәсіміне келгендердің бәріне мен әкемнің хатын оқып бердім,
шамамен елу-алпыс адам жиналды, одан көп болмаса, аз емес. Жүрегімнің түбінде мен,
әкемнің өзінің де осыны қалағанын сездім. Әкем өзінің хатында атап өткен кісілердің
көпшілігі жерлеу рәсіміне қатысты және олардың осы хатты қабылдауы да әр түрлі болды —
нақтырақ айтатын болсам, бәрі де әкемнің хатында айтылғанындай болды.
Содан кейін мен елші Пауылдың Філимонға жазған хатын оқып бердім. Бұл бағушы
Логанның маған айтқан кеңесі еді, ол әкемді бұрын Філимонның құлы болған Онисыммен
салыстыруды ұсынды. Онисым мәсіхші болып, Пауылға адал қызмет етіп, оның істеріне
көмектесе бастаған кезде, Пауыл Філимоннан оның құлына еркіндік беруін өтінген болатын.
190
Мен дауыстап: «Мүмкін, оның уақытша сенен алшақтағанының мақсаты — оны
мәңгілікке қабылдауың шығар.
Ал, қазір ол құлың ғана емес, одан әлдеқайда жоғары —
сүйікті бауырласың ретінде өзіңе қайта оралады... Сондықтан маған шынымен дос болсаң,
оны мені қабылдағандай қабылдағайсың.
Ал, егер ол саған жамандық жасаған не қарыздар болса, онысын менің мойнымда деп
есепте.
Мен, Пауыл, өз қолыммен жазып отырмын: онысын өзім өтеймін! Алайда, сенің
өзіңнің рухани өмірің үшін маған қарыздар екеніңді айтпай-ақ қояйын». (Філ.15–19.) деп
Пауылдың Філимонға жазған хатынан үзінді оқып болып, отбасыма және әкемнің достарына
қарадым да:
— Ал, егер ол саған жамандық жасаған не қарыздар болса, онысын менің мойнымда деп
есепте және бәрін өтеуіме рұқсат ет деді елші Пауыл, — деп сөзімді жалғастырдым. – Достар,
Иса Мәсіх бізді бет-жүзімізге қарап алаламай, әрқайсымызға осыны ұсынады. Ол біздің
күнәларымызды Өзінің мойнына алатынын айтады. Менің әкеме де Ол осыны ұсынды. Ал
әкем осы ұсынысты қабылдады. Ол өзі ешқашан істей алмайтын нәрсені, Исаның істеуіне
мүмкіндік берді. Ал, сіз ше, Бергер мырза? Сіз Исаға өзіңіздің күнәларыңыздың құнын өтеуге
рұқсат етесіз бе? Бүкіл әлемнің ақшасы адамның жанын құтқара алмайды. О’Брайен ханым?
Остин ханым? Сіз, әкем өзінің хатында не дегенін естідіңіз ғой. Мұның бәрін әкем орынсыз
ескерту айтып, сіздерді ұялту үшін істемегінін, жақсы білесіздер. Ол бұл хатты сіздерді
жақсы көргендіктен жазды. Мен сіздер үшін көз жасын төгіп хат жазған, әкемнің атынан
сөйлеп тұрмын. Осы залда қазір әкем өзінің хатында атын атамаған басқа да адамдар бар.
Өзіңізден-өзіңіз: мен Исаға өзімді күнә мен өлімнен құтқарып алуына рұқсат етемін бе? – деп
сұраңызшы. Онсыз біз Онисым сияқты бұғаулы боламыз. Алайда, бізді Мәсіх азат еткен кезде
ғана, нағыз шынайы өмір басталады.
Әкемді өзінің тілегі бойынша, Риверсайд мазаратында, анамның қасына жерледік. Мен
отбасылық қағаздарды Шерлимен және Джунмен заңды түрде реттеу үшін, тағы да бірнеше
күн фермада болдым. (Мак Африкадан дереу жетіп келе алмағандықтан, бізбен бірге жерлеу
рәсімінде бола алмады).
Барлық ресмилік істер реттелген уақытта, Сабантой мерекесіне де бар-жоғы бірнеше
күн қалған еді. Мен Мичиганда тағы да біраз кідіріп, достарым мен жақындарыма барып
қайтуды ұйғардым. Сол уақытта маған Остин мырза келді. Ол бірнеше күн ұйықтамаған адам
сияқты көрінді. Қысқа әңгімеден кейін ол маған, Уилмот ие болған өмірге өзінің де ие
болғысы келетінін айтты. Біз бір кездері әкем өзінің өмірін Иса Мәсіхке тапсырған бөлмеде
191
мінәжат еттік. Келесі күні мен қайтадан Лос-Анджелеске ұшып кеттім, ол жерде мені
семинариядағы сабақтар күтіп тұрған еді.
Он тоғызыншы тарау
Көгілдір мұхиттың көрінісі
Семинарияға қайта оралып, мен бар күшімді оқуға жұмсадым. Маған жіберіп алған көп
сабақтарымның орнын толтыруым қажет еді. Бірақ менің назарымды басқа жаққа аударған
бір нәрсе болды — мен анамның тағдыры туралы ойлануды үздіксіз жалғастыра бердім.
Бәлкім, осы кезде менің сезімдерімнің астаң-кестеңі шыққан шығар, өйткені мен жақында
ғана, әкемді жерлегенде, анамның мазаратының қасында тұрдым. Анамның қайтыс болғанына
бес жылдай болып қалды, алайда мен әлі де оның мәңгілікті қай жерде өткізетінін нық
сеніммен айта алмайтын едім. Күндердің күнінде көкте табысамыз деген үмітпен, жақында
ғана мен әкемді қуанышты сезіммен жерледім. Алайда, менің анам ше? Егер анам жұмақта
болмаса, ол жер мен үшін бақытты мекенге айналар ма екен? Мен өлімнен кейін өмірдің бар
екенін білетінмін, — менің сенімім де соған құрылған. Ал менің анам құтқарылды ма? Оның
есімі Тоқтының Өмір Кітабына жазылды ма екен? Менің білуімше, анам өзінің құтқарылуы
үшін Мәсіхті қабылдаған жоқ. Дегенмен, мен білетін адамдардың ішіндегі, мені шынымен
шексіз беріліп сүйетін жалғыз адам – ол менің анам еді. Негізінде ол мәсіхші адам сияқты
өмір сүрді.
Алайда, бұл оның пайдасына шешіледі ме? Елші Пауылдың Ефестіктерге жазған
хатындағы: «Біз ісімізбен емес, сеніммен құтқарыламыз». (Еф. 2:8, 9.) деп жазған сөздері
маған жауап берді. Алайда, бұл дұрыс емес сияқты болып көрінді. Бірақ бұл өмірде не нәрсе
және қашан дұрыс болды дейсің? Уағыздаушы кітабының туындыгері «Жарыста жүйрік,
шайқаста мықты жан — әрдайым жеңе бермейді екен … солар барлық адамдардың үлесіне
орайы келгенде кенеттен тиеді екен» - деп ой толғайды (9:11).
Иә, қыстың суық жаңбыры менің қазіргі көңіл-күйімнің қандай екенін айқын көрсетіп
тұрғандай. Милад күні мерекесінің қарсаңындағы демалыс күндері басталғанда, университет
қалашығында құлаққа ұрғандай тыныштық орнады. Өйткені менен басқалардың бәрі жан-
жаққа тарап кетті. Маған өзімнің — жетім екенім, жалғыз өзімнің қалғаным және туған
үйімнен өте алыста болуым, менің жүрегіме ауыр әсер етті. Жаңа жылдық мерекеден кейін
192
бірден басталатын, сессияға жақсылап дайындалу үшін, айналада тыныш және жайбарақат
болып тұрғанда, мен өзімді қолға алып, осы берілген мүмкіндікті пайдалануым керек еді.
Алайда, демалыстың орнына ұйқының кейде ауыр түстер әкелетіні сияқты, менің жүрегімде
қалған анама қатысты қорқыныштар мен күмәндарды жеңе алмадым.
Бірде таңертең қаңырап бос қалған университет қалашығы арқылы өтіп бара жатып,
мен: «Құдайым, бұл сөздерге Сенің қандай жауап беретініңді мен мүлдем білмеймін, алайда,
менің бәрібір Саған жүгінуім қажет. Өтінемін Сенен, менің анам сенуші болды ма, жоқ па,
соны маған білдірші. Менің жүрегім қатты қиналып кетті, мен жан тыныштығын аңсаймын»,
деп Құдайға жалбарындым.
Қайдан келгені белгісіз бір күшке мойынсұнып, мен батысқа қарай отыз шақырымдай
жерде орналасқан жағажайға жүріп кеттім, көлігімді тұраққа қойып, шамамен жарты
шақырымдай мұхитқа қарай созылған бетоннан жасалған жағадағы кеме аялдайтын орынмен
асықпай жүріп келе жаттым. Мұхиттың ауасымен терең тыныс алып, оның тұзды дәмін
сезіндім. Маған тек толқындардың жағаға соғылып жатқан даусы мен менің төбемде айналып
ұшып жүрген шағалалардың даусы ғана естіліп тұрды. Мен алыста толқынның үстімен жүзіп
жүрген серфингисшілер тобын байқадым. Бәлкім, бір күні менің де осылай жүзіп көргім
келетін шығар.
Ары қарай жүруді жалғастырып, жалғыз отырған балықшының қасынан өтіп, енді кеме
аялдайтын орынның соңына жақындап қалған кезде, жағажайға арналған креслоны
байқадым, ал оның үстінде қара көзілдірк пен шеті салпиып қалған ескі қалпақ киіп алған,
егде тартқан әйелдің отырғанын көрдім. Оның қармағы темір қорғанға соғылып жатты, ал
әйел болса ұйқысынан жаңа оянып, тоңған адамдай қалың көк пальтоға оранып алыпты.
— Ау қалай болып жатыр? — деп сұрадым мен ол кісіден.
— Онша көп емес … бірақ біраз бар, — деп жауап берді де, қасында тұрған шелекті
ашып көрсетті. — Бір-екі алабұға бар.
Жауап ретінде мен басымды изеп, «Рубкаға» – сегіз бұрышты форманың құрылысына
қарай бет алдым, ол жерде балық аулауға арналған жабдықтар сататын дүкен және жергілікті
жастар ұнататын дәмхана бар еді. «Рубканың» төбесіндегі тозығы жеткен шатырының кейбір
жерлері қисайып та үлгеріпті, алайда ол өзінің бүкіл көрінісімен менің қазіргі көңіл-күйіме
ұқсас еді.
Кеме тұрақжайының шетіне жетіп, мен оның темірден жасалған қорғанына сүйеніп,
төмендегі жасыл-сұр суға қарап тұрдым. Мен бірінен кейін бірі келіп жағаға үздіксіз соғылып
193
жатқан толқындарға көз жіберіп тұрғанымда, кенеттен менің жүрегімдегі ауыртпалықтың
жеңілденіп қалғанын сезіндім. Бір кезде, күтпеген жерден:
— Сіздің орныңызда мен бұлай істемеген болар едім,? – деп айқайлаған бір әйелдің
даусын естідім.
Бұрылып қарағанымда, менен көзін алмай маған қарап тұрған, егде тартқан әйелді
көрдім.
— Сіз суға секіруді ойлап тұрған жоқ шығарсыз?
— Сіз не айтып тұрсыз! Жәй ойланып кеттім.
— Сіз тым көп ойланатын адамға ұқсайсыз. Одан да бері келіңіз, маған серік болыңыз.
Сэндвич жейсіз бе? Менде біреуі қалған болуы керек … – деп, ол өзінің сөмкесін ақтара
бастады.
— Рахмет, мен үшін алаңдамай-ақ қойыңыз, — дедім мен, оның қасына жақын келіп.
— Кофеге қалай қарайсыз?
— Жоқ, мен өзімді жақсы сезініп тұрмын, абыржымаңыз.
— Олай болса, шәйға қалай қарайсыз? — деп күлімдеді ол, шәйдің қорабын алып.
— Жарайды, егер сізге қиын болмаса. Шәйдан бас тартпаймын.
Ол жымиып, қара көзілдірігін шешті де:
— Мүлдем қиын болмайды, жас жігіт. Шын жүректен айтып тұрмын, –деді.
Көз байлаушының епті саусақтарымен әрекет ететіні сияқты, ол өзінің сөмкесінен
ыстық су құйылған термос пен бірнеше қорап қантты алып шықты.
— Тек пластик стақандарым қайда кетті екен? — деп, орындықтың екінші жағында
тұрған, одан да қомақты сөмкені ақтара бастады.
Бір сәтке менің назарым серфингисшілерге ауып кетті. Ұлу қабыршағымен жабылған
толқынды кесушілердің арасынан орағытып, олар өлімнің өзімен жекпе-жекке шығып жатқан
секілді еді.
— Шамасы, сіз осы жерлік емессіз ғой деймін? — деген оның сұрағы қайтадан менің
назарымды өзіне аударды.
— Жоқ, ханым. Мен бұл өлкеден емеспін.
— Ал, қайдансыз?
— Мичиганнан.
194
— Мичиган… жаман жер емес. Мінеки, алыңыз — деп ол маған буы шығып тұрған
стақанды берді. — Абайлаңыз — ыстық. Милад күні мерекесі ғой, неге үйіңізге барып
қайтпадыңыз? – деп сұрағанда, мен басымды шайқап:
— Шын мәнінде, мен үйден жақында ғана келдім. Мен осы жерде, Ла-Мирадада
оқимын.
— Шынымен бе? Олай болса, сіз Талбот семинариясына баратын шығарсыз.
— Дұрыс айтасыз, мен семинарияда оқимын. Сіз оны білесіз бе?
— Әрине, балам, ол туралы кім білмейді дейсің? Мен мәсіхшімін ғой. Сіз өзіңіз үшін
нағыз қажет мектепті таңдаған екенсіз.
— Бірақ, әлі көндіге алмай жүрмін, — дедім мен, оның менен көз алмай қарап тұрғанын
сезіп.
— Сізді жалықтырып жібергенім үшін, мені кешіріңіз … бірақ, бәрібір — Милад күні
мерекесіне неге үйіңізге барып қайтпадыңыз? Қаражат жағынан қиындық болды ма? – деп
қайта сұрады.
Мен күліп жіберіп:
– Менің жақында ғана ұзақ жол жүріп келгендігімді ескеретін болсақ, — қазіргі сәтте
— қаражаттан аздап қиналып тұрмын. Ал, жалпы алғанда, қаражат жағынан қиыншылығым
жоқ десем де болады… — Мен оның егжей-тегжейлі түсіндіріп бергенімді күтіп тұрғанын
көрдім. — Жақында ғана әкем қайтыс болды.
— Қайғыңызға ортақпын.
— Ол Иемізді жақыннан танып біліп кетті. Мен сол үшін Құдайға ризашылығымды
білдіремін.
— Аумин, — деді ол. — Ал, сіздің анаңыз ше?
— Анам бес жыл бұрын қайтыс болған.
— Тағы кім қалды? Аға-інілеріңіз? Әпке-қарындастарыңыз?
— Иә, бар, бірақ біз онша араласпаймыз. Біздің отбасымыз өте бақытты болды деп айта
алмаймын.
— Иә, өмірде солай да болып тұрады, — деп басын шайқады ол.
Сол сәтте оның қармағы қатты майысып кетті. Ол біраз уақыт балықпен күресуге
тырысты, алайда, содан кейін қармақты менің қолыма ұстата салды да:
— Қармақты сіз тартыңызшы! — деп дауыстады.
— Бір сәт күте тұрыңыз! — дедім мен күлімдеп.
195
— Егер балықты жағаға тартып шығарсаңыз,— онда өзіңізге қалдыруыңызға болады.
Мен бұл балықты қай жерде сақтайтынымды және қалай тамақ дайындайтынымды
білмей, тек жымиып қана қойдым. Қармаққа ілінген балық табанды түрде қарсыласты, соған
қарамастан мен бәрібір оны судан шығарып алдым.
— Жарайсың! — деп әйел қуанғанынан, тіпті менің арқамнан қақты. — Бұл алабұға, өте
дәмді балық, балам! Ал, енді маған қызмет көрсетіп, қармаққа жем шаншып беріңізші, – деді.
Мен оған қуана-қуана көмектестім. Ол балықты шелекке салды, ал балық біраз уақыт
оның ішінде тыпырлап жатты. Әйел оның қармағына жем ретінде шаншып беруім үшін,
маған кішкентай балықтарды берді.
— Мичиганның бір шағын қалашығында менің немере сіңлім тұратын, — деді ол.
— Иә, бізде шағын қалалар толып жатыр.
— Ол қала қалай аталатын еді? Ол сол жерге көшкелі көп жыл өтіп кетті … Юнион-
сити! Міне, осылай аталатын, – дегенінде, мен оған аң-таң болып қарадым да:
— Сіз қалай аталады деп айттыңыз? — деп қайталап сұрадым.
— Юнион-сити. Менің жиен қызым Юнион-ситиде тұратын. Осындай қаланы естіп пе
едіңіз?
— Мен сол жерде дүниеге келгенмін.
— Мәссаған! Кім ойлапты дейсіз.
— Сіздің жиеніңіздің есімі кім еді?
— Эдит Джослин. Ол Уилмот Макдауэлл деген кісіге тұрмысқа шыққан болатын.
— Ой! — мен тіпті саусағымды қармақпен шаншып алдым. — Олар менің ата-анам ғой!
— Олай болуы мүмкін емес! — оның жүзі жарқырап кетті. — Ал, сен Джош болсаң
керек!
Ол орнынан атып тұрып, мені құшақтады да тура көзіме қарап тұрды. Оның көздерінде
мен анамның көздеріндегідей, — біздің айналамыздағы мұхиттың түсі сияқты сұр-көк
сепкілдерді көрдім.
— Біз екеуміз ешқашан кездеспегенбіз, бірақ анаң маған сен туралы айтып берген
болатын. Ал, мен — Эмма, сенің анаңның немере әпкесімін! Мені Эмма тәтей деп айта
берсең болады.
Мен айтарға сөз таппай қалдым.
— Мәссаған! Соңғы рет мен сенің анаңды шамамен 1952 жылы көрген едім.
196
Алайда, мен бұрынғысынша, бірауыз сөз айта алмай тұрып қалдым, — тілім байланып
қалғандай болды.
— Мен — Эмма тәтеңмін, балам.
— Эмма тәтей, Эмма тәтей, — деп қайталай бердім.
— Мен Айдахода сенің анаңмен бірге өстім.
— Айдахо…
— Тасташы, мына қармақты! Қазір үйге барып, түскі асты бірге ішеміз. Милад күні
мерекесіне менің екі ұлым келген, мен олардың сенімен танысқанын қалаймын. Сондықтан
тезірек маған жиналуға көмектес.
Алайда, мен таңқалғанымнан, әлі де есімді жинай алмай тұр едім. Ақыры, бірден
болмаса да, бірақ сөйлеу қабілетім қайтадан қалпына келіп:
— Эмма тәтей, менің сізге бір сұрақ қоюым қажет. Бәлкім, тек сіз ғана оның жауабын
білетін шығарсыз.
— Сұрай бер, балам.
— Сіз білмейсіз бе, … менің анам… өзінің өмірін Иесі және Құтқарушысы ретінде
Мәсіхке тапсырды ма?
Эмма өзінің сөмкесін жерге қойды. Мен қатты қиналып, сабырсыздықпен күтіп
тұрғандықтан, оның көзқарасынан жанашырлығын байқай алмаған болсам керек. Ол өзінің
жауабының мен үшін қаншалықты маңызды екенін түсінді және менің алақанымды өзінің
алақанына қойып:
— Уағыздаушылар біздің қаламызда шатыр тігіп Ізгі хабар жариялап жиын өткізген
кезде, мен де, сенің анаң да әлі жасөспірім бала едік, — деп биязы жауап берді ол. — Әр күні
кешке біз міндетті түрде жиналысқа баратынбыз. Біз үшін, сол кездері, бұл нағыз тарихи
оқиға еді. Ол жерде сондай қызық болатын!... — ол менің алақанымды қысты. — Ал, төртінші
күні … иә, әлі есімде, бұл төртінші күн болатын, біз екеуміз үзілді-кесілді шешім
қабылдадып, екеуміз қол ұстасып Мәсіхті қабылдауға бірге бардық!
— Шынымен бе?
— Иә, бәрі де дәл осылай болған еді.
— Құдайдың аты мадақталсын! — деп айқайлап жібердім мен, сөйтіп Эмма тәтейді
құшақтап, екі бетінен сүйіп алып: — Эмма тәтей, сіз — жауабы болуы мүмкін емес
мінәжаттың жауабы болдыңыз!
197
Біз, қатты айқайлап жіберген сияқтымыз, өйткені жақын жерде отырған балықшылар
тіпті бізге бұрылып қарай бастады.
— Құдайдың аты мадақталсын! — деп айқайладым мен тағы да, — бүкіл жарылқаудың
қайнар көзі болған Құдайға мадақ!
Қоршалған темір қорған жаққа қарай жүгіріп барып, мен серфингисшілерге қарап бар
күшіммен айқайлап:
— Рахмет Саған, Иса! – дедім.
Мен осыдан бір жарым сағат бұрын Құдайға мінәжат етіп, менің анам сенуші болды ма
және мен онымен көкте кездесемін бе, жоқ па, соны ашып көрсетуін сұрағаным туралы Эмма
тәтейге түсіндіріп бердім. Мен бұл өлкеде ешкімді білемесем де, дәл осы сәтте, осы жерде,
Оңтүстік Калифорнияда, — менің анамды білетін бірде-бір адам жоқ сияқты болып көрінген
өлкеде болғаным Құдайдың кереметі емес пе?! Мен бұл мінәжатыма жауап аламын деп тіпті
де үміттенбеген едім, — алайда, міне, тоқсан минут өткен соң, менің анам мен әкемнің тек бір
жерде бір-бірінің қасында ғана жатқан жоқ екенін, сонымен қатар Көктегі Қалаға олардың
бірге кіргенін және енді олар сансыз көп жандармен бірге Тоқтының тағының алдында
табынатынын, Құдай маған ашып көрсетті. Мен жан азабынан арылдым, тіпті енді көз жасын
төгудің қажеті жоқ. Эмма тәтей екеуміз тұраққа қарай бет алдық, сол жерде мен оның
заттарын көлікке салуға көмектестім. Сосын өзімнің көлігіммен оның соңынан ілесіп, үйіне
бардым, оның ұлдарымен таныстым және біз бәріміз бірге дастарқан басында түскі ас ішіп
отырып, шүйіркелісіп әңгімелестік. Енді менің Милад күні мерекесін бірге қарсы алатын
отбасым бар!
Мен олармен қоштасып, қайтарда мұхитқа жақын жағалаудың ең көркем көрініске ие
болған жолды таңдауды ұйғардым. Мен барлық жолды мұхиттың жағалауымен жүріп өткім
келді. Ол өзінің көз жетпес ұшы-қиырсыздығымен Құдайдың шексіз рақымын және
мәңгілікті еске салып тұрды. Бір кездері менің өмірім кезектесіп келетін үздіксіз
бақытсыздықтар мен сәтсіздіктерден тұратын еді, ойсыратып тастайтын соққыдан есімді
жинап үлгірмей жатып, келесі соққыны алатынмын. Алайда, енді мен керемет, таңқаларлық,
ауызбен айтып жеткізе алмайтындай жан тыныштығына ие болдым. Құдайдың адам
ақылынан асқан керемет тыныштығы! (Філ. 4:7 қараңыз). Мен болашақпен кездесуге және
мен үшін оның дайындап қойғандарының бәріне дайын болдым.
Достарыңызбен бөлісу: |