Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М



Pdf көрінісі
бет15/31
Дата06.03.2017
өлшемі2,56 Mb.
#8472
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31

Көрнекiлiк  əдiстер  оқу  материалын  оқушылардың  көзiмен  көрiп,  нақтылы  түсiнулерiне 
мүмкiндiк бередi. 
 
Бұған демонстрация, иллюстрация жəне бақылау тəсiлдерi жатады.
 
Демонстрация  (көрсету)  оқушыларды  құбылыстар,  процестер  жəне  заттардың 
нысанасымен  табиғи  жағдайда  таныстыру  барысында  қолданылады.  Əдiстiң  бұл  түрi  оқылып 
отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың iшкi құрылысы жəне сыртқы көрiнiсiмен немесе 
бiрыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейдi. 
 
Табиғи  нысананы  көрсету  негiзiнен  сыртқы  көрiнiсiнен  басталады  (көлемi,  түсi,  формасы, 
өзара  байланысы   т.  б).  Келесi  кезекте  оның  iшкi  құрылысы  немесе  жекелеген  құрамы  бөлiнiп 
көрсетiледi. Заттың үлгiсi жəне көркем туындылар оқушылар тарапынан бiртұтастық жағдайында 
қабылданады. 
 
            Демонстрациялау көбiнесе оқушылардың практика-лық оқу əрекетiмен ұштаса жүргiзiледi. 
Приборлар  мен  нысандарды  демонстрациялау  нəтижесiнiң  табысты  болуы  бiрнеше  жағдайға 
байланысты болады:
 
 - көрсетiлiп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрiнуi тиiс;
 
    -  оқу  материалын  түсiндiру  кезiнде  көрсету  жұмыс-тары  жүргiзiлiп,  соңынан  нысана  алынып 
тасталуы керек. Оны оқушыларға алдынала көрсетуге болмайды;
 
 - көрнекi құралдарды бақылау барысында əрбiр оқушы мұғалiмнiң нұсқауы бойынша жұмыс iстеуi 
тиiс;
 

  - көрсету кезiнде мұғалiмнiң ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға жəне көркем
сөйлеуiн орнықтыруға ықпал етуi тиiс;
 
  - оқушыларды бақылау жұмыстары нəтижесiне қорытынды жасай бiлуге дағдыландыру т. б.
 
             Оқытуды  бұлай  ұйымдастыру  оқушылардың  оқу  материалын  жеңiл  əрi  терең  ұғынуына 
мүмкiндiк туғызады, олардың ойлау əрекетiн жандандырып, қосымша ақпараттар бередi.
 
             Оқушылардың  құбылыстарды,  процестердi  жəне  нысандарды  өздерi  белсендiлiк  танытып 
оқып үйренсе, шын мəнiсiнде бұл əдiс нəтижелi болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас 
оқытуда проблемалық жəне iзденушiлiк жағдайға итермелейдi. 
 
             Сабақ  барысында  оқытудың  демонстрациялау  əдiстерiнен  қолдануда  оқу  киносы, 
диапозитив,  диафильм,  магнитофон,  радио,  үнтаспа,  киноскоп,  эпидиоскоп,  теледидар, 
видеофильм секiлдi техника құралдары көптеп пайданылады.
 
             Заттар  мен  құбылыстарды,  кейбiр  жағдайда  қажет-тiгiне  сай  табиғи  ортада  көрсетуге 
болады  (Мысалы,  табиғат,  оның  құбылыстары,  жан-жануарлар,  өсiмдiктер,  ауылшаруашылығы 
техникалары, өндiрiс құралдары т.б.).
 
             Иллюстрация   -  демонстрация  əдiсiмен  тығыз  байланыста  болады.  Бұл  əдiстi 
иллюстративтi  құралдарды  (плакаттар,  картиналар,  суреттер,  чертеждер,  портреттер, 
картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады. 
 
Иллюстрация  əдiсiнiң  нəтижелi  болуы,  негiзiнен  оның  қолдану  тəсiлдерiн  мұғалiмнiң 
қаншалықты  меңгер-генiне  байланысты  болып  келедi.  Соның  негiзiнде  оқушы-лар  мен  мұғалiмге 
оқу  материалын  табысты  меңгеруге  айтарлықтай  көмек  бере  отыра,  ғылыми  ұғымдарды  жеңiл 
меңгеруге септiгiн тигiзедi.
 
Мектеп  тəжiрибесi  көрсеткендей  сабақта  иллюстра-циялы  материалдарын  көптеп  қолдану, 
оқушылардың  назарын  нақтылы  оқу  материалынан  ауытқуына  əкеп  соғады.  Сондықтан,  көрнекi 
құралдарды  пайдаланудың  дидактикалық  қолданысын  жəне  таным  процесiнде  олардың  рөлiн 
алдын-ала  жақсылап  ойластырып  алу  қажет.  Бұған  қосымша  мұғалiмдер  көрнекi  құралдардың 
тиiмдi көлемiн де анықтауы қажет.
 
Бұл  əдiстердiң  iшiнде  ең  басты  рөл  атқаратыны – бақылау  əдiсi.  Ол  барлық  оқу  пəндерiн 
оқытуда кеңiнен қолданылады.
 
Бақылау  əдiсi  сабақта  нақты  заттар  мен  көрнекi  жəне  техника  құралдарын  көрсету  кезiнде, 
экскурсияда,  лабораториялық  жұмыстарда,  еңбек  операцияларын  орындау  барысында  ерекше
орын  алады.  Бақылау  мұғалiмнiң  басшылығымен  сабақ  үстiнде  жəне  сабақтан  тыс  уақытта 
мұғалiмнiң тапсырмасына байланысты немесе оқушылар-дың өздерiнiң қалауы бойынша кеңiнен 
iске  асырылады.  Дұрыс  қолданған  бақылау  əдiсi  оқушылардың  байқағыш-тық,  логикалық  ойлау 
қабiлеттерiн дамытады.
 
            Бақылау əдiстерiн қолданудың тиiмдiлiгi мынандай тəсiлдердi қолдана бiлуге байланысты: 
 
 - байқаудың мақсатын анықтау; 
 
   -  қабылдайтын  нəрселердiң  мөлшерiн  белгiлеу,  салыстыру  арқылы  олардың   көптеген 
белгiлерiнiң iшiнен ең негiзгi, бастыларын ажырату; 
 
  - оларды топтастырып, қортындылар мен тұжырымдар жасау. 
 
            Байқайтын нəрселердiң, бейнелердiң ерекшелiктерiне байланысты бақылау əдiсiнiң негiзгi 
түрлерi:
 
  - демонстрациялық бақылау;
 
  - экскурсиялық бақылау;
 
  - лабораториялық бақылау;
 
  - техникалық бақылау;
 
  - оқушылардың өздiгiнен дербес бақылауы.
 
             Оқушылардың  ойлау  қабiлетiн  дамытудың  күштi  құралы – бақылау.  К.  Д.  Ушинский 
''Бақылау-логикалық ойлаудың  негiзi'',-  деп жай  айтпаған.  Ұлы  педагог логикалық  ойлауға үйрену 
үшiн, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектiгiн де ескертедi.
 
            Бақылау өткiзудiң негiзгi əдiстемелiк талаптары:
 
  1.  Мұғалiм оқушыларды белгiлi нəрсенi жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп жəне əртүрлi 
қасиеттерiн,  ерекшелiктерiн,  мүмкiндiгiнше,  көру,   есту,  дəм,  иiс  т.б.  сезiм  мүшелерiн  қатыстыру 
арқылы  зерттеуге  бағыт  беруiнiң  маңызы  зор.  Бақылау  тек  көру  т.  б.  сезiм  мүшелерiнiң 
жұмысымен ғана емес, ол адамның ойлау əрекетiмен тығыз байланысты болуы керек.
 
   
 
    2.  Мұғалiм  бақылауда  оқушыға  анализ  бен  синтез  арқылы  заттардың  негiзгi  қасиеттерiн 
ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау процестерiн қолдануға басшылық етуi қажет.
 
    3.  Мұғалiм  оқушылардың  бақылауын  ұйымдастыру  үшiн,  ең  алдымен,  бақылаудың  мақсатын, 

байқайтын нəрселердiң мөлшерiн немесе көлемiн анықтап, жоспарын жасап беруi керек.    
             Тəжiрибелiк  əдiстер.  Оқушылардың  сабақта  алған  теориялық  бiлiмдерiн,  бiлiктiлiк  пен 
дағдыларын  тереңдету  жəне  жетiлдiре  түсу  мақсатында  олардың  практикалық  жұмыстарының
маңызы ерекше.
 
             Оқытудың  негiзгi  дəстүрлi  əдiстерiмен  қатар  мұғалiм  оқушылармен  бiрiгiп  сабақта,  оқу-
тəжiрибе участогiнде оқу приборлары жəне техника құралдары көмегiне сүйенiп оқу тəжiрибелерiн 
жүргiзедi. 
 
             Оқытудың  зертханалық  тəсiлi  негiзiнен  биология,  химия,  физика  пəндерiнде  жиi 
қолданылады. Аталған пəндердiң мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етедi.
 
             Зертханалық  жұмыстар  жаппай  түрде  немесе  оқушының  жеке-дара  орындауы  арқылы
жүредi. Жаппай түрде жүргiзгенде сыныптағы оқушылардың  бəрi  бiрыңғай тəжiрибе жасайды,  ал 
жеке  оқушылар  орындағанда  əрқайсысының  жасайтын  тəжiрибесi  əр  түрлi  болады  да,  кейiн  ол 
жинақталады.
 
             Оқушылардың  зертханалық  жұмыстары  мектеп  жанындағы  оқу-тəжiрибе  учаскесiнде 
жүргiзiлетiн тəжiрибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткiзу, қорыту кезеңi болып 
бөлiнедi. 
 
       Дайындау кезеңiнде оның мақсаты белгiленедi, жоспары жасалады жəне оқушыларды 
қажеттi аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс iстеу принциптерiмен  
таныстырады.
 
            өткiзу барысында мұғалiм əр оқушының қойған тəжiрибесiн мұқият бақылайды жəне қажет 
болған жағдайда оларға көмектеседi.
 
             Қорыту  кезеңiн  бiрнеше  тəсiлмен  өткiзуге  болады.  Бiрiншiден,  əр  оқушы  өзiнiң  орындаған 
жұмысын  хабарлайды,  екiншiден,  ұжымдық түрде  орындалған  жұмыстың нəтижесi  туралы əңгiме 
өткiзiледi,  үүшіншіден,  зертханалық  жұмыстардың  нақтылы  қорытындыларын  мұғалiмнiң  өзi 
жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нəтижесiн қорытып баяндайды
 
            Графикалық жұмыстар барлық пəннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар 
құру, сызбалар сызу секiлдi оқушылар əрекеттерi жатады. Графикалық жұмыстар география мен 
тарих, сурет сабақтарында кеңiнен пайдаланылады.
 
            Тəжiрибелiк əдiстердiң iшiнде ең көп қолданылатыны – жаттығу əдiсi. Бұл əдiс оқушыларда 
бiлiктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды
қайта  пысықтап,  тиянақты  меңгеру  жаттығу  арқылы  орындалады.  Сондықтан,  бұл  əдiс  барлық 
пəндердi оқытуда кеңiнен қолданылады.
 
Жаттығу  жұмыстары  негiзiнен   тiл  мен  математика,  сонымен  бiрге,  шет  тiлдерiн  оқу 
пəндерiнде  көбiрек  жүргiзiледi.  Оқушылар  осы  пəндердiң  мазмұнына  қатысты  теориялық 
бiлiмдерiн пысықтау барысында практикалық жұмыстарын атқарады. Мысалы, есеп сабақтарында 
жазбаша  есеп  шығару,  тiл  сабақтарында  диктант  жазу,  грамматика  жəне  фонетика  жұмыстарын 
орындау т. б.
 
Жаттығу  оқушылардың  оқу  жұмысын  өздiгiнен  орындау  белсендiлiгiн  арттырады.  өзiндiк 
жұмыстарына  оқушылардың  шығармашылықпен  атқаратын  реферат,  шығарма  жұмыстары  да
жатады. Оқушылардың осындай жұмыстары жазбаша жаттығу деп аталады.
 
Ауызша  жаттығу  оқушының  оқу  материалын  ауызекi  баяндауға  дағдылану  мақсатын 
көздейдi.  Бұны  негiзiнен  үш  түрге  бөлуге  болады.  Бiрiншiсi - ғылыми  пəндердiң  ережелерi  мен 
қағидаларын жатқа айта бiлу. Екiншiсi – оқу материалының мазмұнын ауызекi баяндау. Үшiншiсi –
көркем  əдебиеттерден  жатқа  үзiндiлер  оқу,  баяндамалар  жасау  немесе  өздерiнiң  жазған 
шығармаларын ауызша айтып беру.
 
 
 
 
 
Оқыту  əдiстерi - оқыту  процесiнiң  барлық  кезең-дерiнде  оқытудың  түрлi  мақсат-мiндеттерiн 
орындау барысында оқушылардың таным əрекетiн арттыруға бағытталуы тиiс. Сондықтан, оқыту 
процесiнде  оқушылар-дың  таным  əрекетiнiң  белсендiлiгiн   арттыруға  септiгiн  тигiзетiн  əдiстерге 
айрықша назар аудару қажет.
 
 
 
4. Оқыту əдiстерiн жетiлдiру жəне мұғалiмнiң  сабақтар
 
 жүйесiнде оларды таңдай бiлуi
 
 Оқыту  əдiстерiн  жетiлдiру  бүгiнгi  күннiң  басты  мəселесi  болып  отыр.  Оқыту  əдiстерiнiң 
тиiмдiлiгiн  арт-тырып,  оқытудың  жаңа  формалары  мен  тəсiлдерiн  мең-геру  қажеттiгiне 
педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз берiледi.
 
             Алайда,  оқыту  əдiсiн  қайта  құру – күрделi  процестiң  бiрi.  Кейбiр  əдiстердi  қолдануда 

бiржақты  асыра  сiлтеушiлiкке  жол  бермеу  керек.  Тiптi  əр  тақырыптың  өзi  де  оқытудың  ерекше 
тəсiлдерi мен жолдарын талап етедi. Сондықтан, оқытуда əртүрлi əдiстердi қолдану қажет.
 
             Сабақтың  тақырыбы  мен  мақсатына,  оқу  материалы-ның  мазмұны  мен  көлемiне, 
оқушылардың  дайындық  дəрежесiне  сəйкес,  сабақтың  құрылысы  мен  оқу  əдiсiн  ұдайы 
толықтырып отыруды мұғалiм өзi белгiлеп, өзi таңдап алады.
 
             Олай  болса,  оқыту  əдiсiн  мұғалiмнiң  таңдап  алуы  белгiлi  шарттарға  байланысты  болып 
келедi.
 
1.  Оқыту  əдiстерiн  оның  мақсат-мiндеттерiне,  оқушы-лардың  жас  жəне  таным  əрекетiнiң 
ерекшелiктерiне сай қолдану.
 
2. Қолда бар нақтылы көрнекi жəне техника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескеру.
 
3.  Мектептiң  географиялық  орналасуын  ескеру.  Мысалы,  оқытуды  қала  мектептерiнде 
оқушылардың өндiрiс орын-дарына экскурсия жасау мүмкiндiгiмен, ал ауыл мектеп-терiнде мектеп 
жанындағы  участкелерге,  табиғатқа,  ауылшаруашылық  өндiрiсiне  бару  жағдайымен  байланыс-
тыру.
 
4.  Мұғалiмнiң  iс-тəжiрибесiнiң  шығармашылық  сипатына,  оның  шеберлiгiне  тiкелей  байланысты 
шараларды iске асыру.
 
             Оқытудың  нəтижелi  өтуiне  негiз  болатын  түп  қазық - мақсаттың  жүзеге  асуы.  Мұғалiм 
қандай тақырып өтсе де, ен алдымен, оның мақсатын анықтауы тиiс. Бұл мұғалiмнiң өзiне қажет. 
Себебi  оқылатын  оқу  материалын  баяндауда  оның  негiзгi  идеясын  немесе  оқушылардың  назар 
аударатын басты мəселесiн есте сақтауға тиiс жəне оқушының ойында бекiтiлуге қажеттi қосымша 
материалдарды анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгiлей  алмайды. 
 
 
 
Бақылау сұрақтары
 
1. Оқыту əдiсi дегенiмiз не?
 
2. Оқыту əдiстерiнiң педагогикалық-психологиялық негiздерiне талдау жасаңыз.
 
3.  Оқыту  əдiстерiнiң  түрлерiн  топтастыру  қажеттiлiгi  неде  деп  ойлайсыз? ''Бiлiм  беру  көзiне  сай 
топтастыру'' деп ненi айтамыз?
 
4. Оқыту əдiстерiнiң түрлерiне сипаттама берiңiз. Олардың бiр-бiрiнен ерекшелiгi қандай?
 
5. Мектептегi озат мұғалiмдер тəжiрибесiнен қандай əдiстердi жиi қолдануын байқадыңыз? 
 
6. Қазiргi оқыту əдiстерiне қандай талаптар қойылады?
 
7. Оқыту əдiстерiн мұғалiмнiң таңдап алуы немен байланысты?

2.5
 
Оқытуды ұйымдастыру формалары
 
 
1. Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсiнiк
 
            Оқытуды ұйымдастыру формасы -  оқыту процесiнiң мiндеттерiн iске асырудағы мұғалiм 
мен оқушылардың iс-əрекеттерiнiң сыртқы көрiнiсi. Ұйымдастыру форма-сында оқытудың мақсаты, 
мазмұны мен əдiстерi бiр-ыңғай жүзеге асады.  
 
                Қоғамның  даму  тарихында  жас  ұрпақты  оқыту-дың  ұйымдастыру  тəсiлдерi  де  өзгерiп 
тұрады.  Оқыту  жұмысын  ұйымдастырудың  тарихында,  оның  негiзiнен  үш  түрлi  формасы 
қалыптасқан: жеке-дара, топтық жəне сынып-сабақтық жүйе.
 
             Жекелеп  оқыту  жүйесi  көне  жəне  орта  ғасырларда   пайдаланылды.  Мұғалiм  жеке 
оқушының  орындаған  жаттығу  жұмыстарын  тексерiп,  мəтiндi  оқытып  тың-дайтын,  қалай  оқу 
керектiгiн  көрсететiн,  үй  тапсыр-маларын  орындау  амалдарын  түсiндiретiн,  музыкалық 
құралдармен  пайдалануды  үйрететiн.  Дене  шынықтыру  тəрбиесiнен  жарыс  жəне  бəсеке 
жұмыстарын  ұйымдас-тыратын,  жеке  не  бiрнеше  оқушымен  əңгiме  жүргiзу  əдiстерiн  де 
қолданатын.
 
            Бұрын қазақ елiндегi молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесiне 
өте ұқсас едi. Əр жастағы балалар молданың алдында жүгiнiп отырып, əр кiтаптан оқыған. 
 
             Жаңа  дəуiрде  Англияда  оқытудың  ''белл-ланкастер''  жүйесi  тарады.  ''Сатылы''   немесе 
''өзара  оқыту''  түрiнiң  ерекшелiгi:  бiр  оқу  жылында  жас  шамалары,  бiлiм  дəрежелерi  əртүрлi, 
құрамы  тұрақты  емес  оқушыларды  жылдың  қай  мезгiлiнде  болмасын  оқуға  қабылдап  отырған. 
200-300   немесе 600-ден  астам   оқушыны  мұғалiм  сатылап  оқытуды  ұйымдастырған,  түске  дейiн 
ересектердi   оқытса,  түстен  кейiн  олар   өз  кезегiнде  жасы  кiшi  оқушыларға  өздерiнiң  мұғалiмнен 
алған бiлiмдерiн үйретiп отырған.  
 
             Америка  Құрама  Штаттарында  ХХ  ғ.  басында   ''дальтон-жоспар''   оқу  формасы  тұңғыш 
рет  қолданылды.  Бұл  жүйенiң  ерекшелiгi,  оқу  жеке  дара,  əрбiр  оқушының  өз  күшiмен,  белгiлi  бiр 
бағдарламаларды  бөлшектеп  оқытуды  ұсынды.  Мұндай  оқытуды  ұйымдастыруда  мұғалiмнiң 
басшылық рөлi төмен болды. 
 
            Кеңес мектебiнiң алғашқы жылдарында оқу iсiнде балалардың бiрлесiп атқаратын жұмысы 
ретiнде бригадалық-зертханалық əдiс жүйесi ұсынылды. Бұл əдiс бойынша, оқу сыныптары 3-4 
топқа  бөлiндi.  Əр  топты  басқаратын  бригадирлер  (жақсы  оқитындары  жəне  ұйымдастыруға 
қабiлеттi  балалар)  белгiлендi.  Бригадирлер  өз  тобындағы  оқушылардың  орындаған
тапсырмаларын  жинақтап,  мұғалiмге  бригада  атынан  жауап  бердi.  Бригадирдiң  жауабына  қарай, 
бригадаға  оқушылар  бiлiмiнiң  бағасы  қойылды.  Мұндай  жағдайда  оқушының  жеке  басының 
ерекшелiгiмен санасушылық болмады. Мұғалiм тек консультант есебiнде ғана жұмыс атқарды.       
             Оқытудың  кең  таралған  сынып - сабақ  жүйесiнiң  негiзiн  қалаған  Ян  Амос  Коменский 
болды.  Ол  өзiнен  бұрын  өткен  жəне  ағымдағы  педагогикалық  тəжiрибелердi  зерттеп,  оқу  iсiн 
жүйелi ұйымдастыруды ұсынды. 
 
1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабiлеттерi бойынша топтастыру.
 
2. Сыныптағы оқушылар құрамының əркезде тұрақты болуы.
 
3. Жеке пəндердi тұрақты оқу кестелерi арқылы алмакезек оқыту.
 
4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары жəне оқулықтарға негiздеу.
 
5. Оқытуды жылдың тұрақты бiр мезгiлiнде бастап, аяқтау.
 
6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалiмнiң басшылығымен жүргiзiлуi.
 
             Қорыта  айтқанда,  мұғалiм  бiр  мезгiлде  жас  шамалары  бiрдей,  құрамы  əркезде  тұрақты
оқушылар тобымен жұмыс iстейдi. 
 
             Немiс  педагогы  И.  Ф.  Гербарт  сабақтың  негiзгi  төрт  кезеңiн  ұсынды.  Мұғалiмнiң  оқу 
материалын  мазмұндау  кезеңi,  жаңа  материалды  өткен  материалмен  байланыстыру  кезеңi, 
сабақты жаттығу əдiсiмен жүргiзу кезеңi жəне қысқаша қорытынды жасау кезеңi. 
 
             Сынып-сабақ  формасы  оқыту  жұмысын  ұйымдас-тырудың  негiзгi  формасы  ретiнде  күнi 
бүгiнге  дейiн  өзiнiң  маңызын  жойған  жоқ.  Себебi,  ол  ең  алдымен  мұғалiмге  оқытатын  пəннiң 
мазмұнын  жүйелi  түрде  баяндауына  мүм-кiндiк  бередi.  Сондай-ақ,  сабақ  баланың  оқу  əрекетiнiң 
сыныптан тыс жəне үйдегi түрлерiне де бағыт-бағдар берiп, жетекшiлiк рөлiн атқарады.
 
            Сабақ - оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендiгi жерде оның 
атқаратын қызметi мен оқыту процесiнде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға бiлiм 
берумен  қатар,  олардың  рухани-адамгершiлiк  қасиеттерi  мен  ақыл-ой  қабiлеттерiн  дамыту 
мақсаттары көзделедi.
 
             Сабақ - күрделi  психологиялық  жəне  дидактикалық  процесс,  онда  оқушылармен 
педагогикалық қарым-қатынас жасау жəне тəрбиелеу мiндеттерi iске асырылады.
 

 
2. Сабаққа қойылатын дидактикалық  талаптар жүйесi
 
1.  Сабақтың  мақсаты  айқын,  мазмұны,  жоспары  жəне  оның  құрылымы  алдын-ала  белгiлi  болуы 
тиiс.
 
2. Сабақ оқыту принциптерiнiң ережелерi мен талаптарына сəйкес болуы қажет.
 
3.  Сабақтың  ғылыми  мазмұны  оқушылардың  жас  жəне  дара  ерекшелiктерiне  сай  ұғынымды, 
түсiнiктi  болуы  керек.  Сондай-ақ  сабақта  оқушылардың  бойында  бiлiктер  мен  дағдыларды 
қалыптастыру мiндетi жүзеге асырылуы тиiс.
 
4.  Сабақтың  мазмұны  оқытатын  пəннiң  бағдарламасына  сəйкес  болуы  жəне  əрбiр  сабақ  басқа 
сабақтар жүйесiнiң буыны болуы мiндеттi нəрсе.
 
5.  Сабақта  оқушылардың  бiлiмге  ынтасы  мен  қызығуын  арттыру  үшiн  сабақтың  құрылымы  мен 
əдiстерiн  түрлендiрiп,  көрнекi  жəне  техникалық  құралдарды,  түрлi  ойындарды  тиiмдi  қолдану 
керек. ''Баланың  ынтасын  арттыру  үшiн  оқытылатын  нəрседе  бiр  жаңалық  болуы  керек''-  деп  Ж. 
Аймауытов жайдан-жай айтпағанын ескеру керек.
 
6.  Сабақта  оқушылардың  белсендiлiгiн  арттыру  үшiн  проблемалық  ситуациялар  туғызып, 
проблемалық мiндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
 
7.  Сабақтың  сапасын  жақсарту  үшiн  мұғалiм  оқушылар-мен  қарым-қатынас  жасау  шеберлiгiн 
арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалiмге оқушы-лармен рухани байланыс
жасауға  мүмкiндiк  бередi.  Бiлiм  арқылы  қарым-қатынас  жасау  жəне  қарым-қатынас  арқылы  бiлiм 
алу керек деген қағиданы iске асыру пайдалы.
 
8.  Сабақта  оқушыларға  бiлiм  берумен  қатар  оларды  өздiгi-нен  бiлiм  алудың  əдiс-тəсiлдерiне 
үйрету мiндет.
 
9.  Сабақ  оқытудың  бiлiм  беру,  тəрбиелеу  жəне  дамыту  қызметiн  бiртұтастық  принципке  сай 
жүргiзуi тиiс.
 
10.  Сабақтың  дидактикалық  құрылымы  немесе  кезеңдерi  бiрiздiлiкте,  бiр-бiрiмен  өзара 
байланыста, бiрiн-бiрi толықтырып тұрулары қажет.
 
11.  Сабаққа  дайындалу  жəне  оны  өткiзу  барысында  мұғалiмнiң  сыныптағы,  мектептегi  нақтылы 
жағдайды  (оқу  кабинетiнiң  жабдықталуы,  оқу-техникалық,  көрнекi-лiк  құралдарының  нақты  қолда 
болуы, тұрғылықты жер-дегi табиғат, өндiрiс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескерiп отыруы шарт. 
 
 
 
 3. Сабақтың түрлерi жəне оның   дидактикалық құрылымы
 
             Қазiргi  кездегi  сабақты  жетiлдiру  жұмыстарының  iшiндегi  негiзгi  мəселелерiнiң  бiрi - оның 
түрлерi мен құрылымы. 
 
              Мектеп тəжiрибесiнде бiр типтi сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелi əрi 
нəтижелi жүргiзу үшiн, оны топтастырудың мəнi орасан зор. Сол себептен əрбiр мұғалiмнiң сабақ 
классификациясын ойдағыдай бiлуi шарт.
 
             Сабақ  классификациясы  (жiктелуi) - сабақтарды  құрылысы  жөнiнен  топастыру,  түрге 
бөлу.  Дидактикада  сабақ  классификациясын  анықтауға  айрықша  маңыз  бередi.  Бұл  мəселе 
турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пiкiрлер əлi де қалыптаспаған. Қоғам дамыған 
сайын оқу жүйесiнiң қайта құрылатындығы жəне соған орай оқытудың мазмұны, əдiс-тəсiлдерiнiң 
де өзгерiп, жаңарып отыруы сөзсiз.
 
             Сонымен  қатар,  сабақты  жiктеу  əрбiр  пəннiң  ерек-шелiктерiне,  оқушылардың  жас  жəне
таным ерекшелiк-терiне де байланысты болып келедi.
 
             Мысалы,  И.  Н.  Казанцев  сабақты  жiктеудi  оқу  материалының  мазмұны  мен  дидактикалық
мақсатына  жəне  өткiзу  əдiсiне  қарай  белгiлесе,  С.  В.  Иванов  оқыту  процесiнiң  ерекшелiктерiне 
қарай  анықтайды.  Ал,  Данилов  пен  Есипов  сабақтың  негiзгi  дидактикалық  мақсаттарына  қарай 
құрады.  Бұлардың  сабақ  түрлерiн  топтастыру  ұстанымдары  əр  түрлi  болғанымен  де, iшкi 
мазмұндары бiр-бiрiне өте ұқсас келедi.
 
            И. Н. Казанцев бойынша:
 
1. Алғашқы сабақ - əр пəннен оқу жылының басында өтетiн сабақтар.
 
2. Кiрiспе сабақ - бағдарламаның күрделi тараулары мен тақырыптарынан өтетiн бiрiншi сабақ.
 
3. Жаңа бiлiмдi меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетiн сабақ.
 
4. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
 
5. Жаттығу сабағы - оқушылардың бiлiмi мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
 
6. Тəжiрибелi сабақ - оқушылардың алған бiлiмiн өмiрде қолдану жолдарын көрсететiн сабақтар.
 
7.  Қайталау-қорыту  сабағы - өткен  күрделi  тараулар  мен  тақырыптарды  қайталау-қорыту 
сабақтары.
 
8. Тексеру сабағы – оқушылардың бiлiмiн тексеретiн сабақтар.

9. Бiлiм сапасын бағалау сабағы – оқушылардың алған бiлiмiн бағалау сабақтары.
 
10. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында əр пəннiң жылдық курсын қорыту сабақтары.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет