Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М


Дəстүрлер – тəрбиеленушi-лердi  эмоционалды  қабылдайтын  əдет-ғұрып,  ниет  арқылы



Pdf көрінісі
бет7/31
Дата06.03.2017
өлшемі2,56 Mb.
#8472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31

Дəстүрлер – тəрбиеленушi-лердi  эмоционалды  қабылдайтын  əдет-ғұрып,  ниет  арқылы 
жасалатын  ұжым  өмiрiнiң  тұрақты  формалары.  Дəстүр  жүрiп-тұру  нормаларының  бекуiне 
көмектесiп, ұжымдық мəселелердi бiрлiктi шешу қабiлеттерiн дамытады, өмiрдi қызықты етедi.
 
              Ұжымда  мақсатты  таңдай  бiлу  маңызды  рөл  атқарады.  Тəрбиеленушiлер  мұрат  еткен 
мақсат  перс-пектива  деп  аталады.  Адам  өмiрiнiң  негiзгi  стимулы  (ынтасы) – ертеңгi  қуаныш. 
Тəрбиеленушiге  түсiнiктi  перспективалы  мақсат - қиыншылықтар  мен  кедергiлердi  жеңiуге 
көмектесетiн үлкен күш.
 
    Тəрбие  жұмысы  тəжiрибесiнде  перспективаның  үш  түрi  кездеседi,  олар:  жақын,  орташа  жəне 
алыс перспективалар.
 
                Жақын  перспектива – ертеңгi  серуен,  яғни  ұжым  мүшелерiнiң  жеке  қызығушылығынан 
туындайды.
 
              Орташа перспектива – уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.
 
    Алыс  перспектива - ұзақ  уақытқа  көзделген  үлкен  мағыналы,  маңызды  талаптарға  қол 
жеткiзуге арналған мақсат.
 
              Мұндай  перспективада  тұлға  мен  ортаның  қажеттерi  мiндеттi  түрде  үйлеседi. 
Перспективалық жолдар жүйесi ұжымға етене енуi керек. Оны уақыттың кез-келген сəтiн ұжымның 
айқын  да  қызықты  мақсаты  болатындай,  сонымен  өмiр  сүретiндей  əрi  сол  мақсатты  орындауға
талпынатындай  етiп  құру  қажет.  Перспективаны  таңда-ғанда  жұмыстың  нəтижелi  бiтуiн  ескеру 
əбден қажет.
 
              Кейде  педагогтың  оқушыға  əсерi  кейбiр  себептерге  байланысты  кем  нəтижелi  болып 
қалады.Оған жанындағы оқушылар арқылы əсер ету өте жақсы жемiс бередi. Бұдан қатар əрекет
(параллельное  действие)  принципi iске  қосылады.  Оның  негiзiнде  оқушыға  тiкелей  емес,  ұжым 
арқылы əсер ету талабы жатыр.
 
 А. С. Макаренко ұжымаралық қатынасқа көп көңiл бөлдi. Қалыптасқан ұжымның ерекше белгiлерi 
ретiнде ол мыналарды ескердi: 1) үнемi сергектiк, iс-əрекетке дайындық; 2) өзiндiк қадiрiн сезiну; 
3) мүшелерiнiң достық бiрлiгi; 4) əр мүшенiң өз қауiпсiздiгiн сезiнуi; 5) iс-қимыл, əрекет белсендiлiгi; 
6) дер кезiнде ұстамдылыққа əдеттенуi,көңiл шарпулары мен тiлдесудегi өзiне шек қоя бiлуi.
 
 
 
                5. Ұжым жəне тұлға
 
    Ұжым  мен  тұлға  арасындағы  байланыс – тəрбиенi  демократияландыру  жағдайындағы,  адам 
құқығы  мен  бостандығын  сақтаудағы  маңызды  мəселенiң  бiрi.  Көптеген  онжылдықтар  бойы 
ұжымға  əсер  ету  арқылы  оқушы  тұлғасын  қалыптастыру  отандық  педагогикалық  əдебиет-терде 
қарастырылмады. Тұлға мiндеттi түрде ұжымға бағыну керек деп есептелiндi. Қазiргi кезде  адам 
жөнiндегi  философиялық  концепцияларға  жəне  əлемдiк  педагогика-лық  ой  тəжiрибесiне  сүйене 

отырып заманға сай, жаңа шешiмдер iздестiруге тура келдi. 
            Оқушыны ұжымдық қатынас процесiне енгiзу қиын əрi күрделi шаруа.
 
             Ең  алдымен  баланың  жекелей  мəндi  екенiн  ескеру  керек.  Оқушыларды - болашақ  ұжым 
мүшелерiн бiр-бiрiнен денсаулықтарына, сыртқы көрiнiстерiне, мiнез бiтiстерiне, қатысу деңгейiне, 
бiлiмiне,  бiлiктiлiгiне  т.б.  қасиеттерiне  қарап  ажыратамыз.  Сондықтан,  олар  ұжымдық  қатынас
жүйесiне  əртүрлi  болып  енедi,  жас  жағынан  əртүрлi  реакциялар  туындатады,  кейде  ұжымға  керi 
əсерiн  тигiзуi  де  мүмкiн.  Ұжымдық  қатынас  жүйесiн-дегi  тұлғаның   жеке  əлеуметтiк  тəжiрибесiде 
маңызды келедi. Ол арқылы оқушының сана-сезiм ерекшелiктерi, құнды бағдарлау жүйесi, жүрiс-
тұрысы белгiленедi. Ал бұлар осы ұжымның дəстүр-тəртiптерiне, құндылықтарына сай келуi не сай 
келмеуi де мүмкiн. Оқушы тəжiрибиесi басқадай болған жағдайда тəжiрибе ауқымы мен сапасына 
сəйкес  өз  құрдастарымен  қарым-қатынас   орнатуы  қиынға  түседi.  Əсiресе,  жеке  əлеуметтiк 
тəжiрибе сол ұжымның құнды тəжiрибесiне қарама-қайшы келсе, онда қарым-қатынас қиындыққа 
соқтырады.
 
             Тұлға  мен  ұжым  арасындағы  қатынас  тек  тұлға  сапасына  ғана  емес,  ұжымға  да 
байланысты.  өз  күшiн,  салт-дəстүрiн  құрған,  басқарушы  белсендiлерi  бар,  даму-дың  жоғары 
деңгейiне қол жеткiзген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда 
өзiне жаңадан кiрген тұлғамен қатынасқа оңай түседi.
 
             Əрбiр  адам  аз  немесе  көп  күш  жұмсау  арқылы  ұжымдағы  өз  орнын  табуға  талпынады. 
Бiрақ  кейбiр  объективтi  немесе  субъективтi  себептердiң  əсерiнен  тұлғаның  барлығы  бiрдей 
табысқа  қол  жеткiзе  бермейдi.  Табиғи  мүмкiндiктерi  бойынша  жеке  адам  ұжымдағы  кейбiр 
құндылықтардың  өзiне  сəйкес  келмеуiнен  өз  жасқаншақтығын  жеңе  алмай,табыстарға  қолын 
жеткiзе бермейдi. Əсiресе, ұжымның, достарының өзiне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзiн-
өзi  тануы  мен  бағалауы  сияқты  қасиеттерi  толық  дамымаған  бастауыш  сынып  оқушыларына
мұның  қиын  соғуы  мүмкiн.  Бұл  педаго-гикалық  жағдайдың  объективтi  себептерi  бар: iс-əрекет-
тердiң  бiрсарындылығы,  ұжымдағы  оқушының  атқаратын  рөлiнiң  тарлығы,  ұжым  мүшелерi 
арасындағы  қатынастың  ұйымдастыру  формаларының  бiртараптылығы  мен  мазмұнының 
жұтаңдығы, бiрiн-бiрi қабылдау мəдениетi-нiң кемшiлiгi, жолдасының ескеруге тұрарлық бағалы да 
қызықты қасиеттерiн елей алмауы жəне т.б.
 
             Ғылыми  зерттеулер  нəтижесiнде  тұлға  мен  ұжым  арасындағы  қатынас  дамуының  кең
тараған  үш  түрi  анық-талған: 1) Тұлға  ұжымға  бағынады  (конформизм); 2) Тұлға  мен  ұжым  бiр-
бiрiмен үйлесiмдi қатынаста (гармония) болады. 3) Тұлға ұжымды өзiне бағындырады (лидерлiк).
 
             Бiрiншi  түрi  бойынша  тұлға  ұжым  талаптарына  өз  еркiмен  бағынады,  ал  кейде  ұжымға 
сырттай бағынып, əрi қарай өзiнiң жекелiгiн жəне тəуелсiздiгiн сақтауы мүмкiн. Егер тұлға ұжымға 
кiргiсi келсе,  онда ұжымның құндылықтарын,  нормаларын жəне дəстүрлерiн қабылдайды.  
 
             Екiншi  түрi  бойынша  жағдай  əртүрлi  жолмен  дамуы  мүмкiн: 1) Тұлға  өз  тəуелсiздiгiн 
барынша  сақтап  ұжым  талаптарына  сырттай  бағынады;   2)  Тұлғаның  кейбiр  өзiндiк  iс-қимылы 
ұжым  талаптарына  сай  келмейдi.  Мектеп  ұжымдарында  көп  кездесетiн  мотив  немесе  себеп-
салдарынан  тұлға  кейбiр  қиын  iс-қимылдарға  бой  ұрады.  Мұндай  жағдайда  оқушы  ұжым 
нормалары мен құнды-лықтарын сырттай қабылдайды, талқылау кезiнде ұжым-ның одан күтетiнiн 
айтады,  əртүрлi  жағдайларда  ұжымдағы  қалыптасқан  қасиеттердi  ұстанады,  бiрақ  мектеп 
ұжымынан  тыс  жерде  бұрынғы  қалыптасқан  тəжiрибесi  бойынша  өзiн  басқадай  ұстайды,  өзгеше 
ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл жағдай кейде уақытша болса, кейде тұрақты болып отырады. 
Соңғысы тұлғаның бұрынғы əлеуметтiк тəжiрибесi ұжым тарапынан қолдау көрмей, өз ұжымының 
тəжiрибесiмен  ұштаспайтын  жайларда  жиi  кездеседi.  Бiздiң  мектептерiмiзде  ұжымға  ашық  түрде
қарсы  шығу  көп  кездеспейдi.  Алайда,  балалар  кейде  қарсылық  бiлдiредi,  оның  өзi  де  негiзсiз 
себептерден туын-дайды: көбiне өзiн-өзi қорғап қалу сезiмiнiң үстемдiгiнен болады.
 
            Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазiргi мектепке сай типi – бұл бiрлiктi өмiр сүру 
талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым-қатынаста болуы тиiс.
 
             Үшiншi  модельде  тұлға  ұжымды  бағындырады,  бiрақ  бұл  сирек  кездесетiн  құбылыс. 
Нағыз  лидер  еңбектерi, iс-əрекеттерi  ескерiлумен,  бұл  модельде  тиiстi  бағасын  алады.  Жарқын 
тұлға, оның өзiндiк жеке тəжiрибесi ұжым мүшелерiне тартымды болуы мiндеттi.
 
            Психологтар мен педагогтар жекелiк қасиеттердiң жасырын түрде дамитын мектеп ұжымы 
мүшелерiнiң  арасында  кең  тараған  бағыт-бағдарын  бөлiп  қарастырады.  Берiлген  жұмыстарды, 
əсiресе  жауапты  тапсырмаларды  бар  ынтасымен  орындайтын  оқушылар  аз  емес.  Баршаның 
көзiне  түсу,  басқаның  үстiнен  өз  билiгiн  жүргiзу – олардың  талпынысына  күш-қуат  бередi.  Олар 
ұжымның қиын жағдайына қайғырмайды, жұмысына көп мəн бермейдi, басты мақсаты - өз беделiн 
ғана таныту.
 
 
 

6. Ұжымға педагогикалық жетекшiлiк
            Ұжым үнемi өзгерiп отырады, себебi оны құрайтын адамдар ауысады. Бiрақ ұжымның даму 
процесi  кездейсоқ  емес,  оған  педагогтар  жетекшiлiк  етедi.  Ұжымға  жетек-шiлiк  етудiң  нəтижелiгi, 
оның  даму  заңдылығын  қандай  мөлшерде  зерттегенiне,  тəрбие  жағдайының  қаншалықты  дұрыс 
анықталғанына, педагогтың əсер ету тəсiлдерiне байланысты.
 
             Мұндай  əсердiң  маңызды  шарты - үздiксiз  болып  келетiн,  ұжымға  əсер  ететiн  тəрбиелiк 
шаралардың  бiр  жүйеге  бiрiгуi.  Ал  мұндай  интеграцияға  келесi  жолдар  арқылы  қол  жеткiзуге 
болады: 
 
1) Ұжымға болар педагогикалық əсерлердi бiрлiктi (комплекстi) пайдалану; 
 
2) Күнделiктi өмiрде ұжым мүшелерiнiң бiр-бiрiне үнемi жəне жан-жақты көмегi;
 
3)   Ұжым өмiрiне жəне оның жеке мүшелерiне жағымды əсер ететiн жағдайлар тудыру;
 
4)   Оқушылардың өзiн-өзi басқару iсiн кеңейту;
 
5)   Ұжыммен жұмыс iстейтiн барлық ұйымдардың талпыныстарын бiрiктiру.
 
       Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тəжiри-бесiнде келесi маңызды ережелердi сақтау 
керек:
 
1.  Педагогикалық  жетекшiлiктi  оқушының  өз  қызығушы-лығына,  ынтасына,  тəуелсiздiгiне 
орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру;
 
2. Ұжым – динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемi өзгерiп, дамып отырады жəне кемелденедi. 
Сол үшiн педагогикалық жетекшiлер қарым-қатынас жəне əсер ету жобаларын жиi өзгертiп отыруы 
мiндеттi.
 
3.  Сынып  жетекшiсi  ұжым  тəрбиесiнде  мұғалiмдер  тобына,  сынып  ұйымына  сүйенiп, 
отбасыларымен үнемi бай-ланыста бола отырып, жоғары жетiстiктердi көздеуi лазым.
 
4. Формализм – тəрбиенiң қас жауы;
 
5.  Жетекшiлiктiң  жақсы  көрсеткiшi – сынып  өмiрiндегi  маңызды  мəселелерге  ортақ  ұжымдық 
пiкiрдiң болуы;
 
6. Ұжым мүшелерiнiң өз мiндеттерiн орындауын дұрыс қадағалау негiзiнде тəрбиенi дамыту;
 
7. Тəрбиенi ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлiгiн ескере жүргiзу:
 
1) Жекеше қарым-қатынас жасау;
 
2) Бiрлескен iс-əрекет қатынастарын дамыту;
 
3) Əлеуметтiк мəнi бар ұжым iс-əрекетiне байланысты қатынас жасау;
 
8. Ұжым мүшелерiнiң атқарып жүрген рөлдерi мен олардың шын мəнiндегi мүмкiндiктерiн дұрыс 
пайдалану;
 
9. Ұжымдағы қатынастың өтiп жатқан жағдайына белсене араласу;
 
10.  Уақытша  ұжымдар  құру,  нашар  оқушыларды  жоғары  мүмкiндiктерге  жеткiзе  алатын  ұжымға 
ауыстыру;
 
11. Ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кiрiстiретiн ұжымдық iс-əрекет түрлерiмен олардың 
қалпын өзгертудi əр кез естен шығармау.
 
 
 
Бақылау сұрақтары
 
1. Тəрбие формалары дегенiмiз не?
 
2. Оқушылар ұжымының жұмыс ерекшелiгi, сипаты қандай?
 
3. А. С. Макаренконың ұжым туралы ой-пiкiрлерiнiң мəнi неде? 
 
4. Ұжым жəне тұлға тұтастығын қалай ұйымдастыру мүмкiн?.

1.7 
Жалпы тəрбие əдiстерi
 
 
1. Тəрбие əдiстерi мен тəсiлдерi жөнiнде түсiнiк
 
             Тəрбие  əдiсi  (гректiң ''методос'' – жол  деген  сөз) – бұл  мектеп  тəжiрибесiнде  тəрбиеге 
қойылған  мақсаттарға  қол  жеткiзу  үшiн  пайдаланылатын  жол,  тəсiлдер – тəрбиелеу  саласына, 
еркiне, сезiмiне, iс-əрекетiне əсер ету шаралары.
 
            Тəрбиелеу мақсаттарына əртүрлi жолдармен жетуге болады. Тəрбиешi тəрбиеленушiмен, 
олардың  күш-қуатына,  мүмкiндiктерiне,  ынталарына  сүйене  отырып, iстеген  жұмысында  қанша 
жол  тапса,  сонша  тəрбие  мақсатына  жету  тəсiлi  ашылады.  Əрине,  кейбiр  жолдар   басқасына 
қарағанда  мақсатқа  тезiрек  жеткiзедi.  Тəрбиешiнiң  алдында  тəрбиеге  сай  келетiн,  көзделген 
жетiстiкке  тез  апаратын  жəне  аз  күш  жұмсайтын  жаңа,  қолданылмаған  жол  табу  мiндетi  тұрады. 
Құрастыру, таңдау жəне тəрбие əдiстерiн дұрыс пайдалану – кəсiптiк педагогиканың асқар шыңы 
болып есептеледi.
 
             Алайда,  тəрбиенiң  жаңа  əдiсiн  жасауға  көрiнген  тəрбиешiнiң  күшi  келе  бермейтiнi  белгiлi. 
Əдiстердi  жоғары  деңгейге  көтеру  үнемi  алға  тартылатын  мiндет.  Тəрбие  процесiнiң  жағдайына 
тура келетiндей, тəрбиешi өз күшi мен мүмкiндiгiне қарай жалпы əдiстер мен толықтырулар енгiзе 
отырып, өз мiндеттерiн шеше алады.
 
            Тəрбие тəсiлi - жалпы əдiстiң бөлiгi, жеке дара əрекет (əсер ету), нақты iс. Тəсiлдер – бұл 
тəрбиешiнiң қойылған мақсатқа тез жету үшiн тəрбиеленушiмен бiрге салатын соқпақ жолы деуге 
болады.  Егер  оны  басқа  тəрбиешiлер  де  пайдалана  бастаса,  бiртiндеп  ол  соқпақ  үлкен  жолға  -
əдiске айналады. Тəрбие əдiстерi мен тəсiлдерiн тану, оларды дұрыс қолдану - бұл педагогикалық 
шеберлiк деңгейiнiң маңызды сипаттамасын бiлдiредi. Демек, тəрбие əдiстерi мен тəсiлдерi тығыз 
байланысты.
 
             Тəрбие  құрал-жабдығы  кең  түсiнiктi  қамтиды.Тəсiл-  деп  жеке  əсер  етудi  түсiнсек,  құрал 
түсiнiгi сол тəсiлдердiң бiрлiгiн бiлдiредi. Құрал-жабдық - бұл қолданымдағы тəсiл емес, бiрақ əлi 
əдiстiкке  жете  қоймаған  шара.  Мысалы,  еңбек - тəрбие  құралы,  бiрақ  еңбектi  бағалау,  көрсету, 
қателiгiн  анықтау - бұл  ондағы  тəсiлдер.  Сөз  (кең  түсiнiктегi) - тəрбие  құралы,  бiрақ  ескертулер, 
сын  айту,  теңеу - бұлар  тəсiлдерге  жатады.  Осыған  байланысты  кейде  тəрбие  əдiсi  қойылған 
мақсатқа  жету  тəсiлдерi  мен  құралдары  жүйесi  ретiнде  анықталады,  өйткенi  əдiс  құрылымында 
тəсiлдер мен құралдар мiндеттi түрде бiрге қарастырылады.
 
 
 
2. Тəрбие əдiстерiн таңдау
 
            Əдiстердiң жақсы, жаманы болмайды, тəрбиелеу жолын алдын-ала оның қандай жағдайда 
қолданылғанын ескермей тұрып, жемiстi-жемiссiз деп жариялауға болмайды.
 
            Əдiстердi таңдау көптеген жағдайларға байланысты. Бiрақ факторлардың саналуандығына 
қарамастан  əдiстердi  таңдау  детерминатты,  яғни  себептi  байланыста  болып  келедi.  Тəрбиешi 
қолданған  əдiстерiнiң  себептерiн  қанша-лықты  терең  түсiнсе,  əдiстiң  өзiндiк  сипатын  бiлiп, 
қолдануды бiлсе, соншалықты əдiстiң өнiмдiсiн, тəрбиелеу жолының дұрысын таңдағаны.
 
             Тəжiрибеде  үнемi  тұратын  мiндет - əдiстiң  бiреуiн  ғана  қолданбай,  тиiмдiсiн,  нəтижелi 
болатынын  таңдау.  Тиiмдi  деп - қойылған  мақсатқа  көп  күш-қуат  жұмсамай  жететiн  неғұрлым 
пайдалы жолды айтамыз.
 
             Кейбiр  жағдайларды  жете  ескерген,  өзiне  тиiмдi  педагогикалық  iс-əрекеттi  пайдаланған 
тəрбиешi  тəрбие  жұмысында  əрқашан  жоғары  жетiстiкке  жетедi.  Тəрбие  əдiсiн  таңдау - жоғары 
өнер. Ал бұл өнер ғылымға сүйенедi.
 
            Тəрбие əдiстерiн таңдауды анықтайтын жалпы принциптердi қарастырайық. Бiрiншi кезекте 
төмендегiлер ескерiлуi қажет:
 
1.  Тəрбие  мақсаттары  мен  мiндеттерi.  Мақсат  əдiстi  тек  жақтап  қана  қоймай,  оны  белгiлейдi. 
Қандай мақсат болса, оған жетудiң нақты тəсiлi болуы керек.
 
2. Тəрбие мағынасы. Бiр мiндет бiрнеше мағынаға ие болатынын естен шығармау қажет. Сол үшiн 
əдiстi мазмұнмен емес, нақты мағынамен байланыстыру тиiмдi.
 
3.  Тəрбиеленушiлердiң  жас  ерекшелiктерi.  Тəрбиелену-шiлердiң  жас  ерекшелiктерiне  қарамай, 
мiндет  əртүрлi  əдiстермен  шешiледi.  Тəрбие  процесiнiң  барлық  кезеңiнде  белгiлi  бiр  сапалар 
қалыптасады,  бiрақ  əр  жеке  сыныпта  тəрбие  əдiсi  өзгерiп  отыруы  тиiс.  Бiрiншi  сыныпқа  дəл 
келетiнi,  үшiншi  сыныптағыларға  сəйкес  келмейдi,  ал  бесiншi  сыныптағылар  оны  қабылдамауы 
мүмкiн.
 
4.  Ұжымның  қалыптасу  деңгейi.  Ұжымның  өзiн-өзi  басқару  формасының  дамуына  қарай 
педагогикалық  əсер  əдiстерi  өзгерiссiз  қалмайды:  басқарудың  ыңғайлы  (гибкость)  болып  келуi 

тəрбиешi мен тəрбиеленушiнiң бiрiгiп қызмет етуiнiң табысты шарты ретiнде қажет.
 
5.  Тəрбиеленушiлердiң  жекелiк  жəне  тұлғалық  ерекшелiктерi.  Жалпы  əдiстер,  жалпы 
бағдарламалар  тəрбиелiк  өзара  əрекеттегi  тек  бастама  ғана.  Жекелiк  жəне  тұлғалық  түзетулер 
(корректировка)  қажет.  Инабатты  тəрбиешi  өз  əдiстерiнде  əр  тұлғаның  өзiне  тəн  қабiлеттерiн 
дамытуға,  оның  өзiндiк  қасиеттерiнiң  сақталуына, ''мендiк''  белгiлерiн  қалыптастыруға  мүмкiндiк 
беретiн əрекеттердi жасайды.
 
6.  Тəрбиелiк  жағдайлар.  Мұндай  жағдайларға  психологиялық-физиологиялық,  санитарлы-
гигиеналық,  сонымен  бiрге  сыныпта  болатын  қарым-қатынастар,  яғни  ұжымның  көңiл-жайы, 
педагогикалық  жетекшiлiктiң  стилi  жəне  тағы  басқалар  жатады.  Абстрактты  (дерексiз)  жағдайлар 
болмайды,  жағдайлар  əрдайым  нақты  келедi.  Олардың  үйлесуiмен  жасалатын  тəрбиелiк  шара-
iстер – педагогикалық ситуация деп аталады.
 
7.  Тəрбие  құралдары.  Тəрбие  əдiстерi  тəрбие  процесiнiң  бөлiктерi  ретiнде  көрiнедi,  олар 
педагогикалық құралдар бiрлiгiн құрайды. Əдiстерден басқа да тəрбие құралдары баршылық, олар 
əдiстермен  тығыз  байланыста,  бiрге  қолданылады  (көрнекi  құралдар,  өнер  шығармалары, 
бұқаралық  ақпарат  құралдары).  Тəрбие  құралдарына  олармен  бiрге,  əртүрлi iс-əрекет  түрлерi 
(ойын,  оқу,  еңбек),  педагогикалық  техника  (тiл,  ым,  қимыл  т.б.),  мұғалiм  мен  оқушының  қалыпты 
өмiрлiк  iс-əрекетiн  жасауға  көмектесетiн  құралдар  жатады.  Егер  аталған  жабдықтар  белгiлi  бiр 
деңгейде  пайдаланылмаса,  олардың  маңызы  еленбейдi.  Алайда  осы  жаңа  жабдықтар  əсерi 
тəрбие əдiстерiн таңдауға негiзгi ықпал жасайды.
 
8.  Педагогикалық  дəреже  деңгейi.  Тəрбиешi  өзi  бiлетiн,  жеке  меңгерген  əдiстердi  таңдайды. 
Көптеген əдiстер қиын, əрi көп күш жұмсауды талап етедi: кейбiр педагогтар бұл мəселенi айналып 
өткiсi келедi. Осыдан болатын кемшiлiк - тəрбиенiң жетiмсiздiгi.
 
9. Тəрбие уақыты. Уақыт аз болып, мақсат ауқымды болған жағдайда ''ықпалды əсер ету'' əдiсi 
қолданылады.  Бұл  əдiс  əсiресе  қысқа  мерзiмде  қайта  тəрбиелеу  үшiн  қолданылады.  Мектеп 
уақытының,  тұлғаның  тұрақты  қасиеттерiн  қалыптастыруға  жеткiлiктi  болатынын  мойын-дайтын 
бiртұтас көзқарас жоқ. Кейбiр педагогтар уақыттың жеткiлiксiздiгiн алға тартып, ықпалды əсер ету 
əдiстерiне  бағытталғанды  жөн  көредi.  Қалай  болғанда  да,  уақыт  факторы  тəрбие  əдiстерiн 
таңдауда жəне жобалауда маңызды рөл атқарады.
 
10.    Күтiлетiн  қорытындылар.  Тəрбиешi  əдiстердi  таңдай  отырып,  оның  табысқа  жеткiзетiнiне 
сенiмдi болуы қажет. Бұл үшiн ол қолданылған əдiстердiң қандай қорытындыға əкелетiнiн алдын-
ала болжай бiлуi шарт.
 
    
 
    3. Тəрбие əдiстерiнiң жiктелуi
 
            Əдiс құру - тəрбиелеу мiндетiне орайластырылған жауап болып есептеледi. Педагогикалық 
əдебиеттерде  көптеген  мақсаттарға  қол  жеткiзуге  мүмкiндiк  беретiн  əртүрлi  əдiстердi  табуға 
болады.  Əдiстер  жəне  олардың  əртүрлi  модельдерiнiң  көптiгi  соншалық,  керектi  мақсатқа  сай 
келер  əдiстi  таңдауға  сол  əдiстердiң  жiктелуi  ғана  көмектесе  алады.  Əдiстердiң  жiктелуi  –
анықталған  белгiлерге  қарай  құрылған  əдiстер  жүйесi.  Жiктелудiң  өзi  əдiстердiң  қайсысының 
жалпы  жəне  жалқы  екенiн,  нақты  жəне  кездейсоқ,  теориялық  немесе  практикалық  екенiн  бiлуге, 
сонымен  бiрге  оларды  дұрыс  таңдауға,  барынша  ұтымды  пайдалануға  көмектеседi.  Жiктелуге 
сүйене  отырып,  педагог  тек  əдiстер  жүйесiн  ғана  танып  қоймай,  ол  əртүрлi  əдiстер  белгiлерiнiң 
өзгерiсiн жақсы түсiнедi.
 
             Кез  келген  əдiстiң  ғылыми  жiктелуi  олардың  жалпы  негiздерi  мен  белгiлерiн  анықтаудан 
басталады.  Тəрбие  əдiстерi  жүйесiне  орай  танылатын  белгiлер  өте  көп.  Кез  келген  жалпы 
белгiлерден жеке-дара жiктеме жасауға болады. Қазiргi педагогикада ондаған жiктеме белгiлi, бiрi 
тəжiрибелiк  мiндеттердi  шешуге  қажет  болса,  екiншiсi  теориялық  мiндеттердi  қарастырады. 
Көптеген  əдiстер  жүйесiнде  жiктелудiң  логикалық  негiзi  анық  емес.  Бұған  тəжiрибелiк  мəнi  бар 
жiктеулерге негiз ретiнде əдiстiң бiр емес, бiрнеше маңызды жəне жалпы тұстарының болуы айқын
дəлел.
 
             Тəрбие  тəсiлдерi  өз  ерекшелiктерi  бойынша  былай  жiктеледi:  сендiру,  жаттықтыру, 
мадақтау  жəне  жазалау, iс-əрекеттi  ұйымдастыру,  оқушыларды  мiнез-құлыққа  ынталандыру, 
түсiндiрмелi-көрнекi, үйрету, үйлесiмдiлiкке келтiру, өзiндiк тəрбие. Тəрбиелiк əсер ету əдiстерiнiң 
нəтижесi бойынша оларды екi топқа бөлуге болады:
 
1.  Адамгершiлiк  қасиеттерiн  құрайтын  ықпалдар:  түрткiлер,  қатынас,  көзқарас  қалыптастыратын 
түсiнiктер, жаңашыл көзқарастар, ой-пiкiрлер.
 
2. Қандай да бiр көзқарас ұғымдарға сəйкес əдеттер орнықтырушы ықпалдар.
 
       Қазiргi кезде тəрбие əдiстерiнiң тиiмдi жетiлуi бiр мақсатқа, мазмұнға негiзделген тəрбие 
бағытын қолдайды. Осыған орай тəрбие əдiсiнiң үш тобын бөлуге болады:
 

1. Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру əдiстерi.
2. Iс-əрекеттердi ұйымдастыру жəне қоғамдық, құқықтық тəжiрибе қалыптастыру əдiстерi.
 
3. Iс-əрекетке жəне мiнез-құлыққа ынталандыру əдiстерi.
 
 
 
4. Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру əдiстерi
 
             Көзқарас,  түсiнiк,  сенiмдi  қалыптастыру  үшiн  тұлға-ның  ақыл-ойын  қалыптастыру  əдiстерi 
қолданылады.  Бұл  əдiстер  сенiм,  қажеттi  құлықтың  эмоционалдық  жақтарын  қалыптастыруда  да
маңызды орын алады. Егер оқушылар педагогикалық əсерден тыс қалып отырса, онда қойылған 
мақсатқа жету процесi өте баяу жүредi. Терең сезiм оқушы-лардың ойы айқын, əсерлi бейнелерге 
аударылғанда  ғана  пайда  болады.  Тəрбиеленушiлердiң  тəрбие  iс-əрекетiне  белсендi  араласу 
дайындығы қалыптасқан жағдайда ғана əдiстер өз мақсатына жетедi.
 
             Əрбiр  əдiстiң  өзiндiк  сипаты  жəне  қолдау  аумағы  болады.  Педагогтың  деңгейi  жоғары 
болған  жағдайда  бұл  топтағы  əдiстер  жүйелi  əрi  басқалармен  бiрлескен  түрде  қолданылады. 
Мазмұны  мен  қолданылуына  қарай  ана-ғұрлым  қиын,  сөздiк-эмоционалдық  əсер  етушi  əдiстерi 
мынадай:  əңгiмелеу,  түсiндiру,  этикалық  кеңес,  диспут  жəне  көрнекi  тəжiрибелiк  əсер  ету  əдiсi, 
өнеге-өрнек келтiру.
 
             Бастауыш  сыныптарда  пайдаланылатын  этика  тақырыбындағы  əңгiме – бұл 
адамгершiлiк мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрiнiсi. Сезiмге 
əсер  ету  əңгiмелерi  тəрбиеленушiлердi  моралды  жəйттердi  бағалауға,  олардың  мəнiн  түсiнуге 
көмектеседi.  Этика  тақырыбындағы  əңгiме  бiрнеше  қызмет  орындайды:  баланың  бiлiм  деңгейiн 
көтеру,  басқа  адамдардың  тəжiрибесiн  баланың  тұлғалық,  адамгершiлiк  тəжiрибесiн  байытуға 
бағыттау.
 
 Этикалық əңгiменi өткiзудiң жағдайлары:
 
1. Əңгiме оқушының əлеуметтiк деңгейiне сай келуi керек.
 
2. Əңгiме көрсетпе-көрнекi құралдармен бiрге жүрiлуi қажет.
 
3. Қоршаған ортаның эмоциялы əсерi əңгiменiң мəнi мен мазмұнына сай болуы керек.
 
4. Əңгiме кəсiптiк деңгейде өткенде ғана тартымды болады.
 
5. Əңгiме тыңдаушыларды толғандыруы мiндеттi.
 
            Түсiндiру - тəрбиеленушiге эмоционалды - сөздi əсер ету əдiсi. Түсiндiрудiң əңгiмелеуден 
айырмашылығы  -берiлген топқа немесе нысаналы əсер етуде. Бұл əдiстi қолдануда педагог ұжым
мүшелерiнiң  тұлғалық  сапасына,  сыныптың  бiлiм  ерекшелiктерiне  сүйенедi.  Бастауыш  сынып 
оқушылары  үшiн  түсiндiрудiң  қарапайым  тəсiлдерi  мен  құралдары  қолданылады: ''Былай  iстеу 
керек'', ''Барлығы  осылай  iстейдi''  т.с.с.  Бұл  əдiс  мынадай  жағдай-ларда  қолданылады:  а)  қылық 
формасы  немесе  жаңа  моралдық  сапаны  қалыптастыру  жəне  бекiту  үшiн;     б)  болған  iске 
тəрбиеленушiнiң дұрыс қатынасын орнық-тыру үшiн.
 
              Мектеп тəжiрибесiнде түсiндiру адам психикасына енiп, iс-əрекеттiң себептерiн тудыратын 
жəне тұлғаға жалпы əсер  ететiнiн сендiруге сүйенедi. Сендiру тəрбие-ленушiге белгiлi бiр шешiм 
қабылдату  жағдайында  пайдаланылады.  Сендiру  басқа  тəрбие  əдiстерiнiң  əсерiн  күшейту  үшiн 
қолданылады.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет