Этикалы сұхбат тəрбиешi мен тəрбиеленушiлердiң пiкiр алысуға екi жақты кiрiсуiн керек
ететiн жүйелi жəне бiрiздi əдiс түрi. Сұхбаттың (беседа) əңгiмеден айырмашы-лығы – сөйлеушiнi
тыңдап, оның ойын ескере отырып, онымен қарым-қатынас жасау жолдарын құру. Мұндай əңгiме
моралды, этикалы, тəрбиелi мəнi бар тақырыптардан тұрады. Этикалы сұхбат мақсаты –
адамгершiлiк түсiнiк-терiн тереңдету жəне бекiту, бiлiмдi жалпылау жəне нақтылап орнықтыру,
адамгершiлiк көзқарастары мен нанымдар жүйесiн қалыптастыру.
Этикалы сұхбатқа нақты деректер, оқиғалар, сыныптағылардың қылықтары себепшi
болады. Мұндай сұхбаттасу оқиға ''iзiнше'' немесе кейiнiрек, балалар өз қылықтарының жақсы не
жаман екенiн ойластырып түсiнген соң өткiзiледi.
Этикалы сұхбаттасудың нəтижелiлiгi бiрнеше маңыз-ды шарттарға байланысты:
1. Сұхбаттасудың проблемалы болғаны маңызды. Тəрбиешi шəкiрттерiн үйреншiктi емес сұрақтар
қоюға ынталан-дырады, сол сұраққа жауапты оқушылардың өздерiнiң табуына көмектеседi.
2. Этикалы сұхбаттар алдын-ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған даяр сценарий
бойынша өтпеуi тиiс. Оқушы-ларға өз ойларын баяндауға мүмкiндiк беру қажет, оларды басқалар
ойларын сыйлауға, оған дұрыс көзқарас нышаны-мен қарауға үйрету керек.
3. Сұхбатты дəрiсбаянға айналдыруға болмайды.
4. Сұхбаттасу құралдары тəрбиеленушiнiң эмоционалды тəжiрибесiне жақын болғаны абзал.
5. Сұхбаттасу кезiнде барлық көзқарастар мен пiкiрлердi анықтап, оларды салыстыра бiлудiң
маңызы зор.
6. Əңгiмеге дұрыс жетекшiлiк – тəрбиеленушiнiң оңды шешiмге өзбетiмен келуiне арқау.
Тəрбиеленушiлермен өткiзiлетiн жеке этикалы сұхбат тəрбиешiнiң жоғары кəсiптiк деңгейiн
керек етедi. Мұндай сұхбат кезiнде психикалы тосқауыл туып кетпеуi лазым. Егер тəрбиешi
жеке сұхбаттасуға жан-тəнiмен мəн берсе, онда оның үлкен табысқа жететiнi сөзсiз.
Пiкiрталастар - тəрбиеленушiлердi қызықтыратын əртүрлi тақырыптарға арналған қызу
пiкiр сайысы. Мұндай тəрбиелiк əдiс орта жəне жоғары сыныптарда əртүрлi қоғамдық-
гуманитарлық тақырыптарда қолданылады.
Пiкiрталас негiзi - бұл пiкiр сайысы, ой күресi, ол арнайы дайындықты талап етедi.
Пiкiрталас мақсаты – белгiлi бiр шешiм шығару емес, оның маңызы - балаларды процеске қосу əрi
оны басқара жүргiзу. Педагог балаларға ойды жинақтауға, логикалы дəлелдерге сүйенуге, өз
ұстанған бағытын ашып көрсете бiлуге көмектеседi.
Пiкiрталас - қиын əдiстердiң бiрi жəне ол педагогтан жоғары кəсiби бiлiктiлiктi, бiлiмдiлiктi
талап етедi. Басқаларды үйрету үшiн тəрбиешiнiң өзi алдымен, шебер ұйымдастырылған пiкiр
сайыстар мектебiнен өтуi керек.
өнеге-өрнек – өте күштi тəрбие əдiсi. Бұл əдiс келесi заңдылыққа негiзделедi: көру арқылы
қабылданатын құбылыстар тез əрi ешбiр қиындықсыз санада бекидi. Сонымен бiрге кiтаптағы,
кинодағы бас кейiпкерлердi, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталман-дарды т.б.
өнеге ету үлкен тəрбиелiк мəнге ие.
Мысалы, бұл жағдайдың психологиялық негiзi ретiнде елiктеудi айтуға болады.
Елiктеудiң арқасында адамдар əлеуметтiк жəне адамгершiлiк тəжiрибе жинақ-тайды. Елiктеу -
жеке адам iс-əрекетi. Кейде елiктеудiң аяқталып, шығармашылықтың басталатын кезiн анықтау
қиынға соғады. Көбiнесе шығармашылық өзiндiк, ерекше елiктеуден болады.
өмiрде жақсы да, жаман да өрнектер бар. Оқушылар-дың назарын адамдар өмiрiндегi терiс
қимылдарға аударып, соларды талқылап, дұрыс қорытынды шығаруға бағыттау қажет. Уақытында
жəне орынды келтiрiлген мысалдар тəрбиеленушiнiң терiс қылықтардан аулақ болуына
көмектеседi.
Əрине, тəрбиешiнiң өз өнегесiн, тəрбиеленушiлерге қатынасын, iскерлiк қасиеттерiн, жеке
басының қадiрiн мысал етуi тəрбиенiң дұрыс жүргiзiлуiне əсерiн тигiзедi. Тəрбиешi өз тұлғасымен,
қадiр-қасиетiмен жүйелi жəне бiрiздi əрекет жасаса, өзiн мысал етудiң оңды əсерi ұлғая түседi.
5. Iс-əрекет ұйымдастыру əдiстерi
Тəрбие талапқа сай тұлға қалыптастыруы керек. Тұлғаның түсiнiгi, нанымдары емес,
iстеген iсi, қылығы оның тəрбиелiлiгiн сипаттайды. Сол себептi қоғамдық қылық тəжiрибесiн
қалыптастыру жəне iс-əрекет ұйымдастыру тəрбие процесiнiң түбiрi деп қарастырылады.
Бұл топқа кiретiн барлық əдiстер тəрбиеленушiлердiң тəжiрибелiк iс-əрекетiне негiзделген.
Осы iс-əрекеттi бас-қаруда педагогтар оны құрамдас бiрлiктерге, яғни қылық-əрекеттер мен кiшi
бөлiктер - операцияларға бөлiп қарас-тырғандықтан iске асыра алады. Тəрбие процесi
педагогтың операцияларды орындаудан əрекеттердi басқаруға, содан кейiн тəрбиеленушi iс-
əрекетiн басқаруға өтуiмен анықталады.
Тəрбиеленушiнiң пайдалы iстерiн ұйымдастыру мiндеттi түрде олардың басқа адамдармен
жан-жақты қарым-қатынас жасауын қажет етедi. Əртүрлi жағдайда болған ұжымдық қарым-
қатынас белгiлi-бiр iске, шешiмге, құлықтың бiр жолын таңдауға əкелiп соғады, яғни тұлғаның
күрделi құлықтары мен белгiлерi қарапайым қылықтар негiзiнде қалыптасады.
Тұлғаның қажеттi қасиеттерiн қалыптастырудың бiртұтас əдiсi – бұл жаттықтыру.
Қоғамдық қылық тəжiрибесiн игеруде iс-əрекет шешушi рөл атқарады. Тəрбиеленушiлердi нақты,
мақсатты бағытталған, белсендi iс-əрекетке кiрiстiрмей, қажеттi қылық типiн қалыптас-тыру мүмкiн
емес. Iс-əрекетке кiрiстiру тəсiлi – жаттық-тыру болады. Жаттығу – автоматты түрде жеткiзiлетiн
талап əрекеттi көп қайталап орындаудан болатын тəрбиенiң тəжiрибелiк əдiсi. Жаттығу нəтижесi –
тұлғаның тұрақты қасиеттерi – дағдылар мен əдеттер. Əдеттер сана мен ерiктi жаңа
жұмыстарды атқаруға босатады. Ойлау қабiлетiмен айналысып, жақсы əдеттердiң қалыптасуын
қадағалаудан тыс қалған тəрбие өзiнiң мықты сүйенiшiнен айрылады.
Жаттығу нəтижесiнiң ұтымды болуы мына жағдай-ларға байланысты: 1) жаттығулар жүйесi; 2)
оның маз-мұнына; 3) жаттығулардың мүмкiндiкке сай болуына; 4) көлемiне; 5) қайталау жиiлiгiне;
6) бақылау мен түзетуге; 7) тəрбиеленушiнiң өзiндiк ерекшелiгiне; 8) топтық, жеке жəне ұжымдық
жаттығулардың үйлесiмдiлiгiне; 9) жаттығу-дың мотивтiк негiзiне жəне ынталандыру iстерiне.
Талап – бұл тəрбиеленушiнiң бiлгiлi бiр iс-əрекетiн тежеп не ынталандырып, жекелей
қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгiлi қасиеттерiнiң көрiнуiне себепшi əсер ететiн
тəрбие əдiстерiнiң бiр түрi.
Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бөлiнедi: 1) тiкелей талап (жеке,
нақты, дəл, түсiнiктi); 2) қосымша (кеңес, өтiнiш, сенiм, қолдау т.б.); 3) талап-кеңес; 4) ойын
түрiндегi талап; 5) сенiм арқылы талап; 6) талап-өтiнiш; 7) талап-ишара; 8) талап-қуаттау; 9)
позитивтi жəне негативтi талаптар.
Үйрету – бұл пəрмендi жасалатын дағдыландыру. Тез жəне жоғары деңгейде керектi
сапаны қалыптастыру қажеттiлiгi туғанда осы əдiстi қолданамыз.
Гуманистiк педагогика қатал үйретуге қарсы, себебi ол адам құқығына қайшы келедi, оны
басқа əдiстермен бiрге, əсiресе ойын əдiстерiмен пайдаланған жөн.
Үйрету əдiсiн дұрыс пайдалану шарттары:
1) мақсаттың айқын болуы;
2) түсiнiмдi үйрету;
3) тапсырманы беру уақытымен санасу;
4) орындау жолдарын жəне нəтиженi көрсету;
5) сапалардың бiрiздi жəне қатар тəрбиесi;
6) үнемi бақылау жасау.
Тапсырма беру əдiсi жақсы нəтижелер бередi. Жүйелi тапсырма беру арқылы
оқушыларды дұрыс iстерге үйретуге болады. Тапсырма беру əртүрлi болып келедi: ол көбiнесе
оқушылардың жас ерекшелiктерiне байланысты шешiледi. Мысалы, ойыншықтар, модельдер,
схемалар дайындау.
Тəрбиеленушiлердiң iс-əрекетi мен жасанды жағдай-дағы қылығын ұйымдастыру əдiсi
тəрбиелеушi ситуациялар əдiсi деп аталады.
6. Ынталандыру əдiстерi
Ынталандыру əдiсi мақтау жəне жазалау болып бөлiнедi. Тəрбиеленушiнiң iс-əрекетiне
қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады. Мақтаудың түрлерi: қолдау, қуаттау, алғыс айту,
мадақтау. Мақтау əдiсi əдептiлiк пен нақты мөлшердi сақтауды талап етедi. Ең алдымен
мақтаудың психологиялық тарапы маңызды келедi. Мақтау əдiсi мына жағдайда нəтиже бередi:
1) Балалардың мақтау алуға iштей сенiмдi талпыныстары болуы.
2) Мақтау арқылы тəрбиеленушiнi ұжымның қалған мүшелерiне қарсы қоймау.
3) Мақтаудың қылық-iсiне сай болуы.
4) Мақтау арқылы оқушыға жекелей шешiм табуды үйрету.
5) Мақтаудың шындыққа негiзделуi.
Жазалау - қате қылықты ескертiп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында
кiнəсiн түсiнуге əсерiн тигiзетiн педагогикалық əдiс.
Жазалаудың мынадай түрлерi белгiлi:
1) қосымша тапсырмалар беру;
2) белгiлi бiр құқынан айыру немесе уақытша рұқсат етпеу;
3) моральдық кемшiлiгiн таныту.
Педагогикалық талаптар iшiнде жазалау əдiсiнiң нəтижелi болуына негiз қалайтын шарттар:
1) жазаның ұжым тарапынан туындауы;
2) жазаның нақты болуы;
3) жазаның мiндеттi түрде орындалуы;
4) оқушының не үшiн жазаланғанын түсiнуi;
5) тəрбиеленушiнiң жеке тұлғасын масқаралаудан аулақ болу;
6) жазалау мақсатының тек ұнамды қасиеттердi баулуға бағытталуы;
7) жазаның қате қылықтарды толық түсiну негiзiнде орындалуы;
8) жазаның өш алу құралы болмауы;
9) жазалаудың жеке оқушыға бағытталуы;
10) балалардың дара психологиясын бiлiп барып жазалау.
Тəрбиелеушiлерге тəрбиесiз болудың пайдасыз екендiгiн сезiндiретiн жағдайларды тудыру-
ынталандырудың субъективтiк - прагматикалық əдiсi деп аталады.
Субъективтiк - прагматикалық əдiстiң нақты форма-лары мыналар: 1) келiсiм; 2) жеке өзiн-
өзi тəрбиелеу кар-точкалары; 3) ЭЕМ мониторингi; 4) тəрбиелеу тестерi.
Жарыс – адамға, қоғамға қажеттi сапаларды тəрбиелеуде оқушылардың табиғи,
бəсекелестiк қасиет-терiн бағыттайтын əдiс. Жарысу əсiресе, үлгермеушiлер арасында маңызды
болып, олардың дамуы үшiн қажет болған мақсатты ынталануға жол ашады. Жарысты
ұйымдастыру оңай шаруа емес, ол тəрбиеленушiлердiң психологиясын толық бiлудi талап етедi.
Жарысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеру қажет:
1) жарысты белгiлi мақсатқа орай ұйымдастыра бiлу;
2) жарыстың бағытын белгiлеп, мазмұнын анықтау.
Тəрбие технологиясы
1. Тəрбие өнерi мен тəрбиелеу технологиясы
Тəжiрибеде теория технология көмегiмен iске асады. ''Технология'' сөзi ''техно'' - өнер,
шеберлiк жəне ''логос'' - ғылым деген сөздерден құралған. Технологияның өндiрiстiк процестегi
мəнi – бұл қолдану кезiнде алдын-ала белгiленген нəтижеге жеткiзетiн, берiлген саны мен сапасы
арқылы тауар алуға керек болар ғылыми-өндiрiстiк əдiстер, құралдар мен алгоритмдер жүйесi.
Қазiргi өндiрiстер осы технологияға негiзделедi. Технология – бұл өндiрiстiң қол жеткiзер
деңгейiнiң шоғырлы көрiнiс белгiсi, ғылыми жетiстiктердi енгiзудiң тəсiлi мен нəтижесi. Кез-келген
iс-əрекет негiзiнде технология немесе өнерлiк сипат бар. өнер интуицияға негiзделедi, ал
технология ғылымды арқау етедi.
Технология əзiрге жасалынбаса, онда жеке шеберлiк үстем алады. Бiрақ ерте ме, кеш пе
''ұжымдық шеберлiктiң'' жинақты көрiнiсi технологияға айналады.
Соңғы кезге дейiн ''ой шығармашылығы'', оның iшiнде адам тəрбиесi де технология
түсiнiгiнен тыс болатын. Қазiргi педагогикалық теория технологияның мақсат-тылығын
рационалды, яғни ұтымды екендiгiн мойын-дайды, бiрақ мектеп өндiрiсiндегi технологияның
механи-калық түрде өтуiмен ешбiр келiспейдi.
Мектеп тəрбиесi мен өндiрiс түсiнiктерi бiр-бiрiнен алыс емес. өндiрiс сияқты мектепке де
қоғам өзiнiң əлеуметтiк тапсырысын жасайды, өндiрiстегi сияқты мектептiң де алдына қойылған
мiндеттерiне сəйкес белгiлi материалдық базасының болуы көзделедi. Осы мiндеттердi шешуге
өндiрiстегiдей тəрбие процесiне бағытталады. Бұл процестiң негiзi – жоспарланған нəтижеге жету
тəсiл-дерiмен, сол тəсiлдердiң модельденуiмен, адамдар iс-əрекет жəне қылығын басқарумен
байланысты педагогтардың тəрбиелiк iс-əрекетi. Мұндағы педагогтардың басқару iс-əрекетi
өндiрiстегiдей жүйенiң жағдайы жəне оның жүргiзiлу пəрмендiлiгiн сипаттайтын ақпараттар
негiзiнде iске асырылады.
Мектептегi тəрбие жүйесi сонымен бiрге өндiрiс секiлдi қоғамдық мақсаттар жолында
материалдық базаны iске қосып, оқу-тəрбиелiк мiндеттердi шешуге, педагогтар ұжымына арналған
процестер бағдарын түзедi, яғни əртүрлi iс-əрекеттерiн басқару ұйымдастырып, сонымен бiрге
оларды орындаушыларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ететiн коммуникативтi желiнi iске
қосады.
Бiрақ адам тəрбиелеу технологиясының өзiндiк ерекшелiктерi болатынын ескеру қажет.
өндiрiстегi қарапайым да анық жұмыс барысына қарағанда мектептегi технологияның күтiлмеген
күрделi жəйiттерi мен белгiлерi сан-қилы, олар:
1. Тəрбие процесiнiң өндiрiстiк процестен айырма-шылығы оның бiртұтас болуында. Тəрбие
процесiн жеке операцияларға бөлiп-жаруға, жеке қасиеттер қалыптас-тырып, педагогикалық
ықпалдарды кiшiгiрiм қадамдар ретiнде iске асыру қиынға соғады. Тəрбиелiк ықпал бiрiздi –
параллель схемада емес, комплекс түрде орындалады.
2. Сапаларды қалыптастыру əдiстемесiн, яғни ''технологиялық операцияларды'' игерушi
тұлғаларды тəрбиеге тарту мəселесiн өте байыппен, салмақты шешу керек. Тəрбиешi алдында
технологиялық процестi басынан аяғына дейiн жүргiзу қажеттiлiгi тұрады, яғни тəрбие жалпы
технологияға негiзделген жеке шеберлiкпен ұштасады.
3. Тəрбие технологиясы барлық тəрбиешiлерге ортақ, ол тұлғаны жан-жақты
қалыптастыру, оны дамыту жолын-дағы барша кезендерiмен толық қабылдануы тиiс. Оларды
анықтап, нəтижеге жету бағыт-бағдарын көрсету педаго-гика ғылымының мiндетi. Тəрбие
мəселелерiн технология-лық шешуде əрбiр тəрбиешi мақсатқа қол жеткiзудiң мехнатты жолын
алдын-ала белгiлеген ''өзектi нүктелердiң'' арасында əрбiр тəрбиешi өз мүмкiншiлiгiне жəне
нақты жағдайларға байланысты шеберлiк əрекетiн жасай алады.
Қазiргi тəрбие тəжiрибесi өзiнiң өтпелi кезеңiнде тұр. Тəрбиешiлердiң көбi ғылыми
технология бойынша жұмыс iстеудi əлi де мойынсынбайды, бiрақ тəрбие мiндеттерiн шешудiң
жекелей интуитивтi жолынан жалпы бұрылыс көрiнiс бере бастады. Пайдасы көп, сарапталған
техно-логиялық жаңалықтарды енгiзуге педагогтар қауымы ыңғай танытуда.
2. Тəрбиенiң комплекстiгi
Тəжiрибелiк технологиядағы бiртұтас тəрбие процесi оның құрылым бiрлiктерiн комплекстi
түрде қабылдау арқылы iске асырылады. Комплекстi ықпал тəрбиелiк мақсаттардың, мiндеттердiң,
мазмұнның, əдiстер мен формалардың бiрлiгiн бiлдiредi.
Комплекстi қажеттiк тəрбие теориясы мен мектептегi тəрбие жұмысы тəжiрибесiнiң соңғы
10 жылдықта жетекшi процестердiң бiрiгiмi ретiнде танылуына байланысты болды. Бұл процестер
уақытында өз бетiнше ұйымдас-тырылатын, сонымен өзiнше жетiлетiн құбылыс деп есептелiндi.
Осыдан бұл процесте бiртұтас тұлғаны қалыптастыруға емес, сол тұлғаның жеке-дара қасиеттерiн
қалыптастыруға көп көңiл бөлiндi. Тұлғаны жан-жақты, үйлесiмдi дамыту принципi бұзылды.
Қазiргi тəрбие технологиясы комплекстi бағыт мəселесiн шеше отырып мынадай
талаптарды орындайды:
1. Тəрбиеленушiлерге үш бағытта, яғни санасына, сезiмiне жəне қылықтарына əсер ету.
2. Тəрбие жəне өзiндiк тəрбие бiрiгуi арқылы дұрыс нəтижеге қол жеткiзу.
3. Тəрбиеге қатысты барлық факторлардың бiрлiгi мен реттелуi – тəрбиеге комплекстi түрде
қараудың кезек күттiрмес шарты.
4. Тұлғада берiлген қасиеттер тəрбие iстерiнiң жүйесi арқылы қалыптасады. Бұл iстер бiр арнаға
бағытталып, процестегi ой, дене, адамгершiлiк, эстетикалық жəне еңбек тəрбие мiндеттерiнiң бiр
мезетте орындалуын талап ететiн нақты комплекстi сипатта болуы қажет.
5. Тəрбиеге комплекстi қарау тəрбие процесiнiң жəне оны басқарудың жүйелiлiгiн талап етедi.
Тəрбиедегi сыртқы жəне iшкi факторлар мен олардың өзара байланысын ескермей тұрып, басқару
табысты болмайды. Ол үшiн бұл факторлар мен олардың əсер ету сипаты туралы педагог-тың
айқын түсiнiгi болуы шарт.
Негiзгi факторлар қатарына жататындар:
1) оқушының өмiр сүру қалпы; 2) əртүрлi аймақтардың өмiр сүру жағдайлары мен дəстүрлерi; 3)
бұқаралық ақпарат жəне насихат құралдары; 4) ұжымның өмiр сүру жағдайы мен даму деңгейi; 5)
оқушының ұжымдық қатынас жүйесiндегi жағдайы; 6) тəрбиеленушiнiң жеке жəне тұлғалық
ерекшелiктерi.
Тұлғаны толық қалыптастырудағы комплекстiк осы жағдайлардың бiрiккен сипаты ретiнде
ескерiлгенi жөн.
Тəрбие комплекстiгiнiң маңызды шарты – тəрбие мақсаттарының, мазмұнының,
формалары мен əдiстерiнiң бiрлiгi. Мұндай бiрлiкке келген ой мен əрекеттiң қара-қарсылықсыз
орындалуы жəне алға қойған мақсат, мiндеттiң нəтижелерiмен сəйкес келуi комплекстiлiктiң
жоғары деңгейде iске асқаны.
3. Тəрбиелiк iстер
Тəрбиенiң жүйелiлiгi, комплекстiлiгi, бiрiздiлiгi, үздiксiздiгi ''тəрбие iсi'' деген түсiнiк бередi.
Бұны соңғы кезде теоретиктер мен практиктер көп қолданып жүр. Тəрбие iсi - тəрбиеленушiлердiң
нақты iс-əрекетiн ұйымдастыру мен дамытудың бiр түрi (формасы). ТI ең басты ерекшелiктерi -
қажеттiлiгi, пайдалылығы, мiндеттi орындалатындығы.
Тəрбие процесi үздiксiз жалғасты ТI-нен тұрады.
ТI ұжымдық жəне шығармашылық сипатта болатындықтан жəне ұжымдық тəрбие iстерi
(ҰТI) немесе ұжымдық шығармашылық iстер (ҰШI) деп аталады. ТI-де тəрбиешi мен
оқушылардың өзара əрекеттерiнiң формасы, құралы жəне тəсiлдерi үйлесiп келедi.
ТI өз құрамында адамгершiлiк, эстетикалық, саяси, ақыл-ой əсерлерiн топтастырады. Iс-
əрекеттiк тұрғыдан ТI тəрбие бағытын көрсетсе, комплекстi қолдаудан тəрбие сипаты мен
мазмұнын анықтайды.
ТI бiлiм жүйесiне сəйкес, негiзiнен сабақтас құралады. Кез келген ТI кезеңдерi: 1) мақсат
анықтау; 2) жоспарлау; 3) дайындық жəне ұйымдастыру; 4) жұмыстың мiндеттi түрде iске асуы; 5)
нəтижелердi талдау.
ТI-нiң мақсаты мен жоспарлауының негiзгi көздерi: 1) қоғамдық жағдайларға
негiзделген əлеуметтiк ситуация-лар; 2) белгiлi бiр кезеңге арналған оқу-тəрбие мекемесi
жұмыстарының бағыты; 3) тұлғада қалыптасуы қажет сапаларға анықтама.
Осындай негiзгi көздердiң бəрi ТI-нiң өмiрлiк күшiн толықтырады, оның нақты бағыты мен
көкейтестiлiгiн айқындауға көмектеседi. Осының арқасында төмендегi сұрақтарға оңды жауаптар
берiледi:
а) Тəрбиелiк ықпал бағытталатын ұжым сипаты қандай?
б) Оның осы бағыттағы даму деңгейi қай дəрежеде?
в) Iстердi орындау барысында неге қол жеткiзу керек?
г) Жоспарланған нəтижеге қандай тəрбие құралдар жүйесi арқылы жетуге болады.
ТI педагогикалық тəжiрибесiн жалпылау арқылы келесi əдiстемелiк ережелердi ұсынуға
болады:
1. ТI-нiң мiндеттерiн терең түсiну.
2. ТI, педагогикалық iс-əрекетке нақты жəне комплекстi назар сала бiлуден құралады.
3. Процесте ТI-нiң мiндеттерi шешiмiнiң баламалылығын қолдау қажет.
4. ТI-нiң мiндеттерi мен жағдайларына қарай мазмұнын анықтап алу өте маңызды.
5. ТI əр кезеңiндегi iстер мен құралдар рационалды түрде жобаланады.
6. ТI дайындық кезiнде мейлiнше ұйымдастыру сапасына мəн беру керек.
7. ТI көптүрлiлiгi мiндеттi.
8. ТI оқушылар көңiлiнiң ең əсерлi қозғаушы күшi ретiнде қабылдануы тиiс.
9. ТI ''сiңiрлi’’ дəстүрге көнбейдi, икемдiлiк жəне тапқырлықтың кеңдiгi – ТI-нiң өзiндiк ерекше
белгiлерi.
Жоспарлау кезеңi мақсаттық кезеңнен кейiн келедi. Ол мақсаттық кезеңнен теориялық
жағынан бөлiнгенiмен, практикалық жағынан үздiксiз процестiң құрамды бiрлiгi. Бұл кезеңде
педагог алдында тұрған маңызды мiндет – тəрбиеленушiлермен бiрге барлық бөлшектердегi
жұмыс бағытын белгiлеу, оқушылардың жеке мiндеттерiн айқын-дау, орындалған iстiң қалай
өткенiмен бiрге, ендi iстелiне-тiн iстiң қалай жасалатынын көрсету.
Тəрбие iстерiн жоспарлауда оқушылар да ат салысып, жұмыс жоспарын ұйымдастыру
мектебiнен өтедi. Сол үшiн жұмыс жоспарының тəжiрибелiк мəнiн жете түсiндiрудiң маңызы зор.
ТI ұйымдастыруда мұғалiмдер басшылыққа алатын 6 теориялық кезеңi ұсынылады, олар:
1) мақсатты айқын түсiну;
2) əрбiр оқушының мiндетiн дəл анықтау;
3) мақсат пен нəтижеге қол жеткiзу үшiн барлық қажеттiктi дайындау;
4) нəтиже өзгерiсiне орай орындалатын қосымшаларды белгiлеу;
5) ТI-не жауапкердiң есеп беру сəтiн белгiлеу;
6) орындаушыларға түсiнiктеме-нұсқау беру.
ТI - ұйымдастыруға қатысу тұлғаның төмендегiдей маңызды қасиеттерiн тəрбиелейдi:
а) мақсатқа жетуде шаршап- шалдықпау;
б) жауапкершiлiк;
в) бастаған жұмысын аяғына дейiн жеткiзу;
г) тəртiптiлiк;
д) орындаушылық.
ТI-нiң барлық процестерiн орындау кезiнде, ескерiлетiн жəйттер:
1) тəрбиешi бастаған iсiн оның аяғына дейiн назардан тыс қалдырмауы мiндеттi;
2) ТI-i кезiнде тəрбиешi дұрыс бағыт-бағдар ұстануы қажет;
3) байқалған қателiктер дер кезiнде түзелуi шарт.
Iстiң қорытындылау кезеңi ұжымдық талқылау мен жеке педагогикалық сарапқа
бағытталады. Қойылатын мақсат – жетiстiк пен кемшiлiктердiң себептерiн анықтау.
ТI талдау схемасында ескерiлетiн мəселелер:
1. Жоспарда ТI дайындау мен өткiзудiң барша бағыт-бағдары ескерiлген бе?
2. Ұйымдастыру деңгейi көзделген мақсаттар мен мiндеттерге жауап бере ме?
3. Мазмұн мақсаттарына сəйкес келе ме?
4. Жоспарланған iстерге сəйкес қор жеткiлiктi ме?
5. Iстiң қай бөлiктерi жақсы нəтиже бердi, не себептi?
6. ТI жоспарлы уақыты сақталды ма?
7. Орындалу мерзiмiн кiм жəне нелiктен өзгерттi, не бұзды?
8. ТI жүйелi болды ма, əлде кездейсоқ байланысқан бөлiктермен шектелдi ме?
9. Жаңалықты енгiзудiң пайдасы қаншалықты болды?
10. ТI-нiң эмоциялық жағы оның бастау ниетiне сай ма?
11. ТI-нiң сапасы қанағатанарлық па, оқушылардың оған қатынасы қандай жəне толғандыра ма?
12. ТI қатысқан ұжымның əрбiр мүшесi қандай бағаға лайық?
13. Оқушылардың əрекет-қылығы ТI-ге қаншалықты сəйкес болды?
14. Педагогтың кейбiр əрекетiне оқушылар қарсылығы нелiктен туындады?
15. Кезектi ТI-де неден аулақ болған жөн?
16. Келесi ТI-ге қандай жаңалықтар енгiзу қажет?
4. Əлеуметтiк бағдарлық тəрбие iстерi
ТI мақсаттарына қарай бiрнеше түрге бөлiнедi: этикалық, əлеуметтiк бағдарлы (ƏБ),
эстетикалық, танымдық, спорт жəне дене тəрбиесi, экология, еңбек жəне т.б. Қоғамдық маңызы
бар қасиеттердi тəрбиелеу мақсатындағы ТI-iн ƏБ деп атайды. Бұл бағыттағы ТI-дiң негiзгi
мақсаты - оқушыларда əлеуметтiк қатынастар жүйесiн қалыптастыру: қоғамға, мемлекеттiк
басқару жəне құқық мекемелерiне.
Тұлғаның негiзгi қоғамдық сапаларының мазмұны қандай? Маңыздысы - қоғамда,
мемлекетте, əлемде болып жатқанның барлығына жеке азаматтық бағам бiлдiре алу. Азаматтық
Достарыңызбен бөлісу: |