Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата06.03.2017
өлшемі2,56 Mb.
#8472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

гуманизация.  Бұл  принциптiң  талаптары: 1) тəрбиеленушi  тұлғасына  адамилық  тұрғысынан 
қарау; 2) оның  құқықтары  мен  тəуелсiздiгiн  сыйлау; 3) тəрбиеленушiге  саналы  ойлас-тырылған 
талаптар қою; 4) қойылған талапты орындаудан бас тартқан кезде де оның ұстанымын (позиция) 
құрмет-теу; 5) адамның өзiмен-өзi болу құқығын қолдау;    6) тəрбиеленушiнiң санасына тəрбиенiң 
нақты мақсатын жеткiзу; 7) қажеттi сапалардың қиналыссыз, зорлықсыз қалыптасуы; 8) тұлғаның 
қадiр-қасиетiн төмендететiн дене жəне басқа да жазалаудан бас тарту; 9) тұлғаның наным-дарына 
қандай  да  бiр  себептермен  қайшы  келетiн  қасиеттердi  қалыптастырудан  аулақ  болу  құқығын 
мойындау (гуманитарлық, дiни сенiмдер жəне т.б.).
 
ЮНЕСКО  қабылдаған ''Адам  құқығы  деклара-циясының''  бiрiншi  бабында  былай  деп 
жазылған: ''Барлық  адамдар  өз  қадiрi  мен  құқығы  бойынша  ерiктi  жəне  тең.  Олардың  өзiндiк 
санасы мен намысы бар жəне олар бiр-бiрiмен қарым-қатынаста болуы керек. Тəрбиеленушiлердi 
құлдық  бас  июшi  емес,  тəуелсiз  адамдар  санатында  танып,  тəрбиешi  күш  билiгiн  пайдаланбай, 
шəкiрттер төбесiне тұрмай, олардың болашағы үшiн жас əулетпен бiрлiкте күресуi қажет''.
 
 
 
5. Тəрбиеге тұлғалық бағыт беру
 
            Тəрбиелеу процесiнде тəрбиеленушiлердiң жеке мiндеттемесi мен мүмкiншiлiктерiн есепке 
алу  маңызды  жұмыс  болып  табылады.  Тұлғалық  сапаларға  сүйену  тəрбиенiң  өте  маңызды 
сипаттамаларының бiрi, яғни тұлғаның бағыттылығы мен оның құндылықтар таңдауын ескере бiлу. 
Тұлға бағыты оның өмiрлiк жоспарларын, қалыптасқан өмiр жолдарын, iс-əрекетiн жəне қылығын 
басқарушы мотивтерiн бiлдiредi.
 
             Тəрбиеге  тұлғалық  тұрғыдан  қарау  принципi  тəрбиешiден  мына  мiндеттердi  орындауды 
талап  етедi:    1)  өз  тəрбиеленушiлерiнiң  жеке  темперамент  ерекшелiк-терiн,  мiнез  бiтiстерiн, 
көзқарастарын,  талғамдарын,  əдеттерiн  қырағы  танып,  жақсы  бiлу; 2) ойлау  бейiмi,  тұлғаның 
бағыттылық  мотивтерi,  қызығушылықтары,  өмiрге,  еңбек  етуге  көзқарасы,  құндылықтар  пайымы, 
өмiрлiк  жоспарлары  т.б.  сияқты  аса  маңызды  сапалардың  қалыптасу  деңгейiнiң  қаншалықты 
болғанын жəне болатынын анықтай бiлу; 3) тұлға дамытудың əсерлi түрiн бiртiндеп күрделендiре 
отырып  тəрбиелiк  iс-əрекеттерге  əрбiр  тəрбиеленушiнi  тарту; 4) дер  кезiнде  мақсатқа  жетуге 
кедергi  болатын  себептердi  анықтап,  олардан  арылу,  ал  егер  дер  кезiнде  сезiп,  жою  мүмкiндiгi 
болмаса,  онда  жаңа  туындаған  жағдайларға  байланысты  тəрбие  тактикасын  ауыстыра  бiлу; 5) 
тұлғаның  өз  белсендiлiгiне  көбiрек  сүйену; 6) тəрбиенi  тұлғаның  өзiндiк  тəрбиесiмен 
байланыстырып,  өзiндiк  тəрбиенiң  мақсат,  əдiс,  форма-ларын  таңдауға  көмектесу; 7) 
тəрбиеленушiнiң  өзiндiк  iс-əрекетiн,  белсендiлiгiн,  дербестiгiн  дамытып,  оған  жетекшiлiк  етiп, 

ұйымдастыра табысқа жетуге бағыттау.
             Бұл  талаптардың  бiрлiктi  түрде  iске  асырылуы  жас  жəне  жеке  ерекшелiктерiне  үстiрт 
қарамай,  процестердiң  тереңнен  дамуына,  себеп-салдарлы  қатынас  заңдылық-тарына  сүйенуге 
тəрбиешiнi мiндеттейдi.
 
             Тəрбиенi  тұлғалық  тұрғыдан  жүргiзген  кезде  жас  жəне  жеке  ерекшелiктердi  есепке  алу 
жаңа  бағыт  алады.  Адамгершiлiк,  əлеуметтiк  сапаларды  қалыптастырудың  ең  ыңғайлы
мүмкiндiктерi  бастауыш  мектеп  жасында  болады.  Неғұрлым  жасы  кiшi  болса,  соғұрлым  тəрбие 
ықпалдарын  нақты  қабылдап,  бала  өз  тəрбиешiсiне  көбiрек  сенедi,  оның  беделiне  сөзсiз 
бағынады.  Сондықтан  кiшi  мектеп  жасында  жəне  ерте  жеткiншек  жаста  жағымды  əдеттердi 
тəрбиелеуге, балаларды еңбекке, тəртiпке, қоғамдық iс-əрекеттерге үйрету жеңiл болады. Ересек 
жеткiншектер  болса,  пайдалы  еңбектiң  тура,  ашық  мiндеттерiн  қалайды,  оларды  орындауда 
белсендiлiк  танытуға  құмар  келедi.  Дегенмен  де,  бұл  белсендiлiк,  талпыныстар  педагогтар
тарапынан өте жақсы ұйымдастырылуы қажет.
 
             Тəрбиенiң  болашақ  нəтижелерiн  жобалағанда  тəрбиеленушiлердiң  мүмкiншiлiк 
пəрмендiлiгiнiң  кейбiр  сапаларды  қалыптастыруда  азаятынын,  жасына  байланысты  жүйке 
жүйесiнiң  нəзiктiгiн,  сыртқы  əсерлерге  психологиялық  қарсылықтың  көбейетiнiн,  сензитивтi  кезең 
қажеттерiнiң өзгеруiн естен шығармаған жөн.
 
            Тəрбиешi сүйенетiн оқушының жеке ерекшелiктерiнiң қатарында олардың қабылдау, ойлау, 
есте  сақтау,  сөйлеу,  мiнез,  темперамент,  ерiк  бiтiстерiн  атауға  болады.  Бұл  жəне  басқа  да 
ерекшелiктердi  айыра  тану  тəрбиелеуде  қиынға  соқса  да,  тəрбиешi  табысқа  жетудi  ниет  қылса, 
қосымша  уақытын,  күш-жiгерiн,  құралдарын  пайдаланып,  тұлғалық  сапаларды  толық  жəне  нақты 
танып-бiлуге ынта-ықыласты болуы шарт.
 
             Тəрбиешi  қазiргi  заманғы  оқушылардың  бiлiм  деңгейiнiң  жоғарылығын  ескере  отырып,  өзi 
де жан-жақты дамып отыруы керек, яғни өз мамандығы төңiрегiндегiнi ғана бiлiп қоймай, сонымен 
қоса  саясат,  өнер,  мəдениет  саласындағы  бiлiмдердi  жинақтап,  өз  тəрбиеленушiлерiне  өзiн 
адамгершiлiктiң жоғары үлгiсi ретiнде, адамдық қадiр-қасиеттiң, құндылықтың таратушысы ретiнде 
танылуы тиiс. 
 
             Балалық  жəне  жеткiншек  жастағы  тұлғалық  сапалар-дың  жылдам  қарқынмен  қалыптасуы 
озық  əрекет  етудi,  тəрбиеленушiден  даму  желiсiндегi  тəрбие  мазмұны  мен  оның 
ұйымдастырылуы, əдiстерi жəне формалары арасында қайшылық туындамай тұрғанда, жағымсыз 
əдеттер  баланың  жан  дүниесiне  орнығып  қалмай  тұрып,  алдын-ала  қимылдауды  қаурыт  талап 
етедi. 
Əйтсе 
де, 
талаптарды 
күшейте 
отырып, 
тəрбие 
ықпалдары 
бағытталған 
тəрбиеленушiлердiң  шама-шарқын  ескерген  абзал.  Қиын  талаптар  баланың  өз  күшiне  сенiмiн 
азайтып, көңiлдерiн  қалдырады, тiптi  ең  қауiптiсi, сол талаптарды үстiрт орындауға  итермелейдi. 
Əдетте, мұндай жағдайда жартылай iстелiнген iске қанағат тұту əдетi  қалыптасып қалуы мүмкiн.
 
            Тəрбиешiлер əсiресе,  тұлғаның негiзгi сапаларына, яғни,  олардың құндылықтарды таңдау 
бағытына, iс-əрекет  жасаудың  жəне  қылық  қалыптастырудың  өмiрлiк  жоспарларына  мəн  берiп, 
тəрбие процесiн түзейдi,  əрi  бұл  процестi  тұлғалық жəне қоғамдық  қажеттердi  қанағат-тандыруға 
бағдарлайды.
 
            Кейбiр тəрбиешiлер нақты тəрбиенi тек ''қиын'' оқушылар мен тəртiп бұзушыларға қатысты
деп  ойлайды.  Сөз  жоқ,  мұндай  тəрбиелеушiлер  көбiрек  бақылауды  керек  етедi.  Бiрақ ''жағдайы 
жақсы'' оқушыларға да мойын бұру керек. Сырттай жақсы көрiнiстiң көлеңкесiнде жаман пиғылды 
ойлар,  мотивтер,  əрекеттер  де  жасырынып  жатуы  мүмкiн.  Бұған  ешкiмдi  ешуақытта  кiнəлауға 
болмайды, бiрақ барлық оқушыларға теңдей көңiл бөлу керек.
 
             Тұлғаның  сыртқы  көрiнiс,  əрекеттерiнен  оның  iшкi  мiнез-құлқын  түсiну  өте  қиын,  осыдан 
тəрбие  мақсаты  əрқашан  iске  аса  бермейдi.  Тəрбиешiге  тəрбиеленушiнiң  өзi  көмектесуi  қажет. 
Тəрбиеленушiнi дос, көмекшi, одақтас етiңiз. Бұл түпкiлiктi сапаларды түсiнiп, болжаудың ең қысқа, 
анық жолы болып табылады.
 
 
 
6. Тəрбиелiк ықпалдар бiрлiгi

             Бұл  принцип  келешек  ұрпақ  тəрбиесiндегi  мектеп,  отбасы  жəне  қоғамдық  орындар 
талпыныстарын  реттеу  принципi  деп  те  аталады.  Бұл  принцип  тəрбиеге  қатысы  бар  барлық 
адамдардың  педагогикалық  əрекеттердi  өзара  хабарласа,  бiрлесе  толықтырып  жəне  дамытып 
баруын  талап  етедi.  Егер  тəрбие  ықпалдарын  iске  асыру  бiрлiгi  келiсiлмей,  керiсiнше,   қайшы 
келсе, онда табысқа жету қиынға соғады.
 
             Ықпалдар  келiсiмi  болмаған  жағдайда  тəрбиеленушi  үлкен  психикалық  ауыртпашылық 
тартады, өйткенi кiмге сенерiн бiлмей, кiмнiң соңынан ерерiн түсiнбей, ықпалдар iшiнен дұрысын 
анықтай алмай, ол дал болады. Баланы əрқилы деңгейдегi тəрбие ықпалдарының қайшылығынан 
құтқарып,  тұлғаға  болған  педагогикалық  əсерлердi  арт-тырып  бару – осы  тəрбиелiк  ықпалдар 
бiрлiгi принципiнiң талабы. 
 
            Бұл принциптi негiзге алудан тəрбиешi барлық ықпал етушi талаптар жұмыстарын қамтып, 
басқаруға мүмкiндiк алады. 
 
             1.  Тəрбиеленушi  тұлғасы  жанұя,  жолдас-жоралары,  ересектер,  қоғамдық  ұйымдар, 
оқушылар  ұжымдары  əсерлерiнен  қалыптасады.  Осы  ықпалдар  iшiнде  сынып  ұжымы  мен 
тəрбиешi беделi ерекше рөлге ие. Тəрбиешi мен тəрбиеленушiлер тарапынан қойылған талаптар 
бiрлiкте болып, бiр-бiрiне қайшы келмеуi аса маңызды. 
 
             2.  Тұлға  қалыптастыруда  отбасы  өте  ауқымды  қызмет  атқарады.  Ата-ананың  өз 
баласындағы  жекелiк  қасиеттердi  бiлуi,  отбасы  ықпалдарының  көптүрлiлiгi  мен  қайталанбауы 
басқа педагогикалық əсерлерден ерекше келедi. Шынына келсек, адамның отбасындағы тəрбиесi 
түбегейлi  болады.  Осыдан  отбасымен  байланыс  құру  жəне  оны  дамыту  барлық  тəрбие
мiндеттерiн шешуде басты рөл атқарады. 
 
             Отбасы  мен  мектеп  арасын  байланыстыруда  өзiн  ақтаған  құрал – оқушының  күнделiгi
Сондықтан күнделiк рөлiн арттырып, оны оқушы өмiрiнiң айнасы – негiзгi құжат деп тану қажет. 
 
            3. Тəрбиешiнiң өзi жоғары инабаттылық тəрбие өнегесiн көрсете бiлуi шарт. Педагогтар мен 
ата-аналар  балаларға  қандай  қажет  сана  бергiсi  келсе,  соларды  алдымен  өз  бойында 
қалыптастыруы тиiс. 
 
            4. Тəрбиеде тəрбиешi мен ата-ана арасындағы келiспеу-шiлiктер де аз емес. Кейде ата-ана 
педагог  талаптарын  жоққа  шығарып,  балаларын  шектен  тыс  еркелетедi.  Мұндай  келiспеушiлiктi 
жою үшiн екi тараптың да тəрбие талпыныс-тары өзара үйлесiмге келгенi жөн.
 
             5.  Кейде  тəрбиешiнiң  ұжым,  қоғамдық  орындардың  пiкiрлерiмен  келiспей,  басқа 
тəрбиешiлердiң əрекеттерiн сынайтын кездерi де кездеседi. Осының бəрi тəрбиеленушi тұлғаның 
көзқарасы  мен  нанымын  қалыптастыруда  өзiнiң  керi  əсерiн  тигiзбей  қоймайды.  Сондықтан, 
тəрбиешiлер  бiр-бiрiне  саналы  талаптар  қойып,  ұжымның  абырой  беделiн  сақтауға  талпынуы 
педагогикалық процесс тиiмдiлiгiнiң кепiлi.
 
             6.  Ықпалдар  бiрлiгi  принципiнiң  практика  жүзiнде  iске  асырылуы  сабақта  жəне  одан  тыс 
кезде  де  тəрбиенiң  бiртұтас  жүйесiне  байланысты.  Тəрбие  процесiнiң  жүйелiлiгi  тұлғалық 
белгiлердi  қалыптастырудағы  бiрiздiлiктi  сақтаумен  қамтамасыз  етiледi.  Тəрбие  жұмыстарында 
алдыңғы  қалыптасқан  сапалар  мен  қылық  нормаларына  сүйену  қажет.  Педагогикалық  ықпал 
нормалары мен құралдары бiртiндеп күрделенiп баруы тиiс. Тəрбиешiлер ата-ананы хабардар ете 
отырып, осы талаптың отбасында сақталып, орындалуын қадағалауы қажет.
 
             7.  Тəрбие  ықпалдарының  бiрлiгiне  жету  тəсiлi – бұл  тəрбие  процесiне  қатысты 
ересектердiң,  əлеуметтiк  мекемелер  талпыныстарын  реттеп  бару  қызметi.  Мiне,  сондықтан  да 
тəрбиешiлер,  сынып  жетекшiлерi  тəрбиеге  қатынасы  бар  барлық  адамдармен  қарым-қатынас 
жасауға күш-жiгерiн аямауы қажет.
 
 
 
Бақылау сұрақтары
 
1. Тəрбие принциптерiнiң негiзгi ерекшелiктерi қандай?
 
2. Тəрбиенiң қоғамдық бағытта болуы жəне оның өмiрмен байланысын дəлелдеңiз?
 
3. Тəрбие гуманизациясы дегенiмiз не?
 
4. Тəрбиенiң тұлға дамуындағы маңызы қандай?
 
  
  

Тұлғаны ұжымда тəрбиелеу
 
 
  1. Тəрбие формалары
 
             Тəрбие  формасы - бұл  тəрбие  процесiнiң  сыртқы  көрiнiсi.  Мазмұн  жəне  форманың 
философиялық  категориялары  тəрбие  құбылыстарындағы  iшкi  жəне  сыртқы  ұғымдардың  бiрлiгiн 
танытады,  яғни  бiрiншiсi,  не  бар  екенiн  көрсетсе,  ал  екiншiсi,  қандай  түрде  екендiгiн  бiлдiредi. 
Мазмұн  мен  форма  бiр-бiрiмен  тығыз  байланысты,  яғни  мазмұн  өзгерiсi  форма  өзгерiсiне  əкелiп 
соғады жəне керiсiнше. Мазмұн қалыптасады немесе формаланады, форма мазмұнмен толығады. 
Жетекшi рөл мазмұнға қарасты. 
 
             Тəрбие  процесiнiң  мазмұны  жан-жақты  жəне  үйлесiмдi  дамыған  тұлғаның  рухани, 
адамгершiлiк, эстетикалық, еңбектiк, əлеуметтiк қасиеттерден құралады. 
 
             Тəжiрибе  жүзiнде  бұл  мазмұн  өзiне  барынша  сəйкес  келген  ұжымға  өтедi.  Егер  бұл 
сəйкестiк бұзылса, онда тəрбие қиын жəне шешiлмес дағдарыстарға тап болады. 
 
             Педагогика  тарихы  тəрбие  процесiн  ұйымдастыру-дың  əртүрлi  формаларын  басынан 
кешiрдi.  Олардың  əрқайсысы  өзгермелi  жағдайлардағы  белгiлi-бiр  мазмұнды  ашу  үшiн 
жасалынады.  Бiрiншiден,  балалар  саны  өзгердi:  ежелгi  оқу  орнындағы  бiр  немесе  оншақты 
баладан  бүгiнгi  барлық  балалардың  мiндеттi  мектеп  тəрбиесiне  өтуi.  Сондықтан,  тəрбие 
формасын талдаудың алғашқы бағамы сандық өлшеммен берiледi. Тəрбие процесiнде қамтылған 
адам санына қарай тəрбие формалары жекешағын топтықтоптық (ұжымдық) жəне бұқаралық
болып бөлiнедi. Топтағы (ұжымдағы) тəрбиеленушiлер саны 5-7-ден 25-40 дейiн болса, бұқаралық 
формада оның шегi болмайды. Тəрбие процесiнiң пəрмендiлiгi оны ұйымдастырудың формасына 
байланысты.  Тəрбиеленушiлер  саны  тəрбие  жұмысының  мазмұнына  жəне  оны  басқаруға  əсерiн 
тигiзедi.  Тəрбиеленушiлер  саны  көбейген  сайын  тəрбие  сапасы  нашарлайды.  Тəрбиелеуде  жеке 
жəне  шағын  топтық  формалар  дұрыс.  Бұл  тəрбие  жұмысын  ұйымдастыру  формаларын  өте
жылдам  жəне  мақсатты  бағдарлауға,  жағдайдың  өзгеруiне  қарай  педагогикалық  амалдарды 
өзгертуге  ыңғайлы.  Бiрақ  жеке  жəне  шағын  тəрбиенiң  жоғары  экономикалық  шығындарды  керек 
етуi – оның  кең  тарауындағы  елеулi  кедергi.  Қазiргi  жүйелердiң  көпшiлiгi  тəрбиенiң  топтық 
(ұжымдық)  формасын  пайда-лануға  көштi.  Ол  өзiнiң  жеткiлiктi  тиiмдiлiгiмен,  санымен  бiрге 
өкiнiштiсi,  педагогикалық  қызметтiң  салыстырмалы  түрде  төмен  бағалануымен  ерекшеленедi. 
Соңғысы – бiздiң елiмiзде тəрбие формасын таңдаудағы шешушi себеп болып отыр.
 
 
 
2. Мектеп тəрбиесiндегi жетекшi идея
 
            Мектеп тəрбиесiн ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. ''Тек ұжымда 
ғана  тұлға  өзiнiң  жан-жақты  даму  мүмкiншiлiгiне  ие,  сонымен  бiрге  тек  ұжымда  ғана  жекелей 
еркiндiк  болуы  мүмкiн''.  Ұжымдық  рухта  тəрбиелеу  педагогикалық  тəрбие  мақсатындағы  негiзгi 
принцип. Бұл мақсатқа жетудiң жолдары мен формалары ұжымға байланысты.
 
             Шетелдiк  жүйе  тəрбиесiнен  өткен  кеңестiк  жүйе  өзгешелiгi - тұлға  дамытудағы  ұжымның 
атқаратын  қызметi  жетекшi  болып  белгiленуiнде.  Кеңес  мектебi  əлемде  бiрiншi  болып,  жеке 
тұлғаға бағдарланған тəрбиеден бас тартып, тəрбие iс-əрекетiнiң негiзiне ұжымды қалады. Сөйтiп, 
тəрбие  тəжiрибесi  мен  теориясының  дамуына  деген  көз-қараста  үлкен  қадам  жасады.  Ұжым 
тəрбиелiк талпыныс-тар орталығына айналды, оны қалыптастыру мектептiң негiзгi мiндетi ретiнде 
қабылданды.  Жаңа  қойылған  мақ-саттар  кiшi  жəне  үлкен  мəселелердi  теориялық  үйлестiру  мен 
талдауды қажет еттi. Оларды шешуге А. С. Макаренко, Н. К. Крупская, В. А. Сухомлинский жəне 
т.б. атақты педагогтар күш жұмсады.
 
             Бiрақ,  кең  көлемде  көзделген  тəрбие  жұмыстары  жақсы  нəтиже  бере  қоймады,  жақсы 
ойлар  iске  аспады.  Көптеген  жылдар  бойы  үстемдiк  еткен  ұжымдық  тəрбие  бiздiң  мектептерде 
адамды  жаңаша  тəрбиелеуге  өзiнiң  елеулi  үлесiн  қоса  алмады.  Бұл  ненi  көрсеттi – идеяның 
нашарлығын  ба,  əлде  оның  өмiр  қажеттiгiне  сай  келмегенiн  бе?  өткендi  ойлай  келе,  бүгiнде 
адамның  жеке  табиғатын  жасау  идеясы  нақты  да  қарапайым  болып  шықты.  Бұдан  мынадай 
қорытынды  шығады:  жекелей  дамуды  кемсiте  не  ұжымдауды  əсiрелеп,  тəрбие  iсiн  бiржақты 
қателiкке апаруға болмайды. Ұжымдық жəне тұлғалық үйлесiм көп жағдайда тəрбие туралы дұрыс 
көзқарастар негiзiне алынуы шарт.
 
 
 
3. Оқушылар ұжымы
 
             Латынның ''коллективус''  деген  сөзi ''жиын'', ''ұжым'', ''топ''  дегендi  бiлдiредi.  Осыдан 

коллектив, яғни ұжым - бұл адамдар тобы. Бiрақ кез-келген топ ұжым ба? Қазiргi əдебиетте ''ұжым'' 
түсiнiгiнiң екi мəнi қолда-нылады. Бiрiншi: кез-келген адамдар тобы ұжым болып табылады; екiншi: 
жоғары  ұйымдасқан  топ  қана  ұжым  болып  есептеледi. ''Ұжым''  педагогикалық  əдебиеттерде 
тəрбиеленушiлер  (оқушылар)  бiрлестiгi  деп  түсiндiрiледi.  Ал  мұндай  ұжымның  өзiндiк  маңызды
белгiлерi бар:
 
             1.  Жалпы  əлеуметтiк  мəндi  мақсат.  Кез-келген  топта,  трамвайға  мiнген  жолаушыларда 
да, ұрлық iстеген қылмыскерлерде де мақсат болады. Мəселенiң бəрi мақсат мазмұнымен, оның 
бағытында.  Ұжымның  мақсаты  қоғамдық  мақсаттармен  сəйкес  келедi,  яғни  өкiмет  заң-дарына, 
конституцияға, басшы идеологияға сай келмей, қоғам мен мемлекеттiк қолдау көрмейдi.
 
            2. Жалпы бiрлiктi iс-əрекет. Қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн жалпы бiрiккен iс-əрекет 
ұйымдастыру қажет. Адамдар белгiлi бiр мақсат жолында ұжымдарға бiрiгедi. Бұл үшiн ұжымның 
əрбiр  мүшесi  бiрiккен  iс-əрекетке  белсендi  қатысуы  керек  жəне  жалпы  iс-əрекет  ұйымдастыруы 
шарт. Ұжым мүшелерiн ерекшелейтiн белгi – олардың iс-əрекет қорытындысы үшiн болған жоғары 
өзiндiк жауапкершiлiгiнiң болуы.
 
             3.  Керi  жауапты  тəуелдiлiк  қатынастары - ұжым  мүшелерi  арасында  өзiндiк  ерекше 
қарым-қатынас.  Бұл  олардың  iс-əрекеттерi  мен  мақсаттарының  бiрлiгiнде  ғана  емес,  ортақ 
толғаныстары мен бағалы өзара талқылау-ларында да көрiнедi.
 
             4.  Жалпы  таңдалған  басқарушы  орган.  Ұжымда  демократиялық  қатынас  пайда  болады. 
Басқару органы ұжымның беделдi мүшелерiн ашық жəне тiкелей таңдайды.
 
             Ұжым  аталған  қасиеттерiнен  басқа  да  маңызды  ерекшелiктерiмен  бөлектенедi.  Бұл 
ұжымның  iшкi  хал-ахуалын,  ұжым  мүшелерiнiң  бiр-бiрiне  деген  қарым-қатынасын  бiлдiретiн 
сипаттама.  Жақсы  ұйымдасқан  ұжымда  бiр-бiрiне  көмек,  бiр-бiрiне  жауапкершiлiк,  дұрысын  айту, 
өзiн-өзi сынау, бəсекелестiк сияқты сана қалыптасады.
 
             Формалды  қатынастағы  адамдар  тобында  мұндай  қасиеттер  болмайды,  ал  ұжым  бұл 
қасиеттерсiз өзiнiң артықшылығынан айрылады.
 
             Жоғарыда  аталған  белгiлерi  бар  ұжымда  еңбекке,  адамдарға,  жеке  жəне  қоғамдық 
мiндеттерге гуманистiк қатынастар жүйесi қалыптасады.
 
             Берiк,  бiрауызды  ұжымда  мұндай  қатынас  жүйесi  тұлға  мен  барлық  ұжым  мүшелерiнiң 
қызығушылық  үйлесiмiмен,  тұлғаның  көпшiлiк  беделiн  мойындаумен  ерекшеленедi.  Бұл  жүйе 
объективтi  жəне  субъективтi  қарама-қайшылықтарды  жеңе  алатын,  өз  мiндеттерiн  бiлетiн 
ұжымның əрбiр мүшесiнде айқын сенiмдi көзқарастар бағытын қалыптастырады.
 
             Мектеп  ұжымы  құрылымының  негiзгi  де  тұрақты  бөлiгi - басты  iс-əрекетi  оқу  болатын 
оқушылардың  сыныптық  ұжымы.  Осы  сыныптық  ұжымда  оқушылар  арасындағы  тұлға  аралық
байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол мектеп ұжымдарының басқа да түрлерiне негiз 
қалайды.
 
             Мектеп  сынып  ұжымындағы  ерекшелiктерге  орай  мынадай  қорытындыға  келуге  болады:
оқушылар  ұжымы - бұл  жалпы   əлеуметтiк  маңызды  мақсаттарымен, iс-əрекеттерiмен, iс-
əрекеттi ұйымдастырумен, жалпы мiндеттерiмен, теңдiк жағдайында ортақ мүдде бiрлiгiмен 
ұжымдасқан оқушылар тобы.
 
 
 
 4. А. С. Макаренконың ұжым туралы тағылымы
 
             А.  С.  Макаренко  тағылымы  ұжымды  сатылы  қалып-тастырудың  егжей-тегжейлi 
технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмiр сүру заңын былай түсiндiредi: қозғалыс - ұжымның 
өмiр  сүру  формасы;  тоқтау – оның  жойылу  формасы.  Əйгiлi  педагог  ұжымның  даму
принциптерiн анықтады (ашықтық, жауапкерлi тəуелдiлiк, перспектива-лық, бiрлiктi əрекет). 
 
             Ұжым  болу  үшiн,  топ  сапалы  тiктелу  жолынан  өтуi  қажет.  Осы  жолда  А.  С.  Макаренко 
бiрнеше сатыларды белгiлейдi.
 
             Бiрiншi  саты - ұжымның  құрылуы  (алғашқы  бiрiгу  сатысы).  Бұл  кезеңде  ұжым  педагог 
тəрбие жұмысының мақсаты ретiнде көрiнедi, мұның өзi ұйымдасқан, белгi-ленген топты (сынып, 
үйiрме  т.б.)  ұжымға  айналдыруға  талпыну,яғни  оқушылардың  ұжымға  қатынасы  бiрлескен  iс-
əрекет 
мазмұнымен, 
мақсат-мiндеттерiмен, 
құнды-лықтарымен 
анықталады. 
Ұжымның 
ұйымдастырушысы-педагог,  барлық  талаптар  осы  педагогтан  басталады.Ұжым  белсендiлерi 
анықталып, тəрбиеленушiлер жалпы мақсатқа,iс-əрекетке жəне ұжымдық бiрлiкке келгенде бiрiншi 
кезең аяқталады. 
 
            Екiншi сатыда белсендiлердiң ықпалы арта түседi. Ендi белсендiлер тек педагогтардың 
талаптарын  қолдап  қана  қоймай,  ұжым  мүшелерiне  ұжымға  не  пайдалы,не  зиянды  екенiн 

байқатып,өз  түсiнiктерi  бойынша  басқара  бастайды.  Егер  белсендiлер  ұжым  қажеттiлiгiн  дұрыс 
түсiнсе,  онда  олар  педагогтың  сенiмдi  көмекшiлерiне  айналады.  Бұл  кезеңде  белсендiлер 
жұмысына педагог көп көңiл бөлуi керек.
 
             Екiншi  кезең  ұжым  құрылымының  тұрақтауымен  сипатталады.Бұл  сатыда  ұжым 
бүтiнделген  жүйе  ретiнде  көрiнедi,  онда  өзiн-өзi  ұйымдастыру  жəне  өзiн-өзi  реттеу
механизмдерi iске  қосыла  бастайды.Ұжым  өз  мүшелерiнен  белгiлi-бiр  қылықтар  нормаларын 
талап ете бастайды, ал талаптар бiртiндеп кеңейе бередi.
 
             Бұл  сатыдағы  педагогтың  басты  мақсаты-осы  ұжымның  алға  қойған  мiндеттерiн  шешу 
мүмкiндiктерiн мейлiнше көп пайдалану.
 
             Тəжiрибе  жүзiнде  əр  ұжым – дара  оқушының  жеке  дамуын  мақсатты  бағыттайтын  тəрбие
субъектiсi ретiнде танылуы тиiс.
 
             Ұжымның  бұл  сатыда  дамуы  кейбiр  қарама-қайшы-лықтарды  жеңумен  байланысты,  атап 
айтқанда:
 
  - ұжым мен жеке оқушылар арасындағы;
 
  - жалпы жəне жеке перспективалар арасындағы;
 
  - əр қилы ерекшелiктерi бар оқушылар топтары арасындағы т.б.
 
             Сондықтан  ұжым  дамуында   секiрiстер,  тоқырау-лар,  өзгерiстер  мен  ауысулар  болмауы 
мүмкiн емес.
 
            Үшiншi жəне одан кейiнгi сатылар ұжымның кемел-денуi. Алдыңғы даму сатыларында қол 
жеткiзген қасиеттер киелi тұлғалық ерекшелiктердi топтастырады: жолдас-тарына қарағанда өзiне 
жоғары талап қоюы, көзқарастары-ның, əдеттерiнiң, əрекет-қылықтарының тұрақтануы. Егер ұжым 
осы  сатыға  жетсе,  онда  толыққанды,  адамгер-шiлiктi  тұлға  қалыптастыру  үстiнде  деген  сөз. 
Жалпы  тəжiрибе,  болған  оқиғаны  бiрдей  бағалай  бiлуi - үшiншi  сатыдағы  ұжымның  ең  негiзгi 
белгiсi.
 
             Барлық   даму  сатыларында  ұжым  үлкен  жəне  кiшi  дəстүрлердi  қалыптастырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет