шағымданады тұрғындар.
мила Панкратова.
Алматы қаласында «Алматы
аулалары» бағдарламасының
жүзеге асып жатқанына төрт
жылдың жүзі болғанына
қарамастан, қалада жөндеу
көрмей жатқан үй аулалары мен
көше, жолдар жетерлік. Солардың
бірі – Әуезов ауданына қарасты
3-ықшамауданда орналасқан
№1 үйдің ауласы.
Сәби шетінеу
жиіледі
Облыс орталығы Өскеменде осы
жыл дың басынан бері 32 шарана ше-
тінепті. Бұл сан дәрігерлерді де тұр-
ғындарды да шошытып отырған
жайы бар. Жарияланған мәліметтерге
сүйенсек, Шығыс Қазақстан нәресте
өлімі бойынша Денсаулық сақтау ми-
нистрлігінің тізімінде бірінші болып
тір келген.
РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет
№74 (74)
15.05.2009 жыл, жұма
www.alashainasy.kz
4
?
Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
идеялар жәрмеңкесі
аукцион
Үкіметтің аграрлық саясатына байланысты қа
зіргі жұмысы – Парламент бекіткен үшжылдық
бюд жеттегі 350 млрд теңге мен Ұлттық қордан
бөлінген қайтарымды 120 млрд теңгені игеру
болып отыр. Қаржы ресурстары «Қазагро» ұлттық
холдингі арқылы 11 бағытта жұмсалмақшы. Үкімет
аграрлық саланың дамуын экстенсивті түрде, яғни
жылдағы жиналатын астық көлемі мен мал басының
өсуімен бағалайды. Бұл саланы мемлекеттік қолдау
науқаншылықпен өтуде, олар – көктемгі егін және
күздегі жинау, тұрақтылық қорға астық сатып алу,
маусымдық жәрмеңкелер өткізу, астана және ал
маты қалаларының азықтүлік белдеулерін жасау.
Бұл жұмыстар соңғы жылдары азықтүлік қауіп
сіздігін қамтамасыз ету айдарымен атқарылуда,
бірақ мазмұнында түпкілікті өзгерістер жоқ.
Қазақстанның аграрлық саясатын қалыптас
тырудағы ғылыми пікірлер өндірісті шоғырландыру,
агротехнологияға өзгерістер енгізу, агробанк құру
т.б. мәселелердің төңірегінде. Бірақ экономиканың
аграрлық саласын ауқымды мемлекеттік реттеу
жөніндегі пікірлер жоқ.
Сондықтан көп жылдар бойы қалыптасып келе
жатқан әлемдегі азық-түлік тапшылығы мен әлемдік
экономикалық дағдарысты және келешектегі да-
муды (посткризис) ескере отырып, Қазақстан өзінің
жаңа аграрлық саясатын қалыптастыруы керек.
Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының
кон цепциясы:
1. Мемлекеттің азықтүлік қауіпсіздігін әр адам
ның тамақтану физиологиялық қажеттілігінен бас
тау. Қазақстандағы бекітілген нормаларды халық
аралық стандарттарға сәйкес қайта қарау.
2. Мемлекеттің азықтүлік қауіпсіздігін қамтама
сыз ету проблемасын шешуді кешенді және жүйелі
түрде жүргізу.
Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының
мақ саты – мемлекеттің азықтүлік қауіпсіздігін
қамтама сыз ету, яғни отандық сапалы тағам
өнімдерімен халықты қамтамасыз ету көрсеткішін
80 пайызға жет кізу және оған тұтынушылардың
қолжетімдігін жақсарту. атап айтқанда, ауыл тұр
ғын дарының та ғам түрлерімен өздерін толық
қамтамасыз етуі және қала тұрғындарына отандық
өнімдерді арзан баға мен жеткізу. Түпкі мақсат –
аграрлық салада шикі зат тық экономикадан ары
лып, Қазақстанның тағам индустриясы дамыған
елдердің қатарына қосылуы на батыл қадам жасау.
Сонымен қатар уақыт ұттырмай импортталған
азықтүліктердің санитарлықэпидемиологиялық,
экологиялық тазалығы мен жоғары сапалылығын
қамтамасыз ету. Мал шаруашылығын дендеген
жұқ палы аурулардан арылту, медициналық ветери
нария жұмысын жолға қою.
Ұсынылып отырған аграрлық саясаттың
жаңа лығы бұрынғыша ауылшаруашылық саласын,
яғни шикізат өндіруді мемлекеттік қолдау емес,
тағам мен ауылшаруашылық өнімдерінен жаса
латын қазақстандық тауарларды дайындауды
қолдау. Шикізат шығарушы ауылшаруашылық
өндірісі мен тағамдық және басқа да тауар өндіруші
лердің бірігуіне жол ашу. Яғни аудан деңгейінде
Қазақстанның аграрлық саясаты
қандай болуы керек?
микро клас терлер ашу. Бұл ауыл экономикасын
индустрияландырудағы шынайы ісқимыл болмақ.
Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының
прин циптері:
– ауылдың әлеуметтікэкономикалық жағдайы
мен ауыл шаруашылығы саласының дамуын
макро
экономика және әкімшілік реформа тұрғысында
бөліп қарау. ауылға бюджеттен бөлінетін қаржы
үлесі қалалар мен тең, яғни 50 пайызға дейін жетуі
керек, ал ауылшаруашылық өндірісімен айналыса
тындарға несие және субсидия түрінде беріледі;
– елді мекендер мен аймақтардың тағам
өнімдерімен өзінөзі қамтамасыз етуі;
– ауыл экономикасын әкімшілік реттеу мен
рефор маны төменнен, яғни ауыл және аудан әкім
дерінің деңгейінен бастау;
– азықтүлік қауіпсіздігіне байланысты қажетті
тағамдардың түрлерін өндіруді үкімет пен жергілікті
атқарушы органдардың бақылау мен жауапкерші
ліктерінде болуы;
– мемлекеттік қаржылық қолдауды тек халыққа
қажетті тағамдардың керекті мөлшерін өндіруге
және оны ұқсатуға бағыттау;
– қаражатты мемлекеттің үлесі бар екінші
деңгейлі банктер арқылы микрокредиттік ұйымдар
дың қатысуымен және жергілікті атқарушы орган
дар дың бақылауымен жұмсау.
Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының
тә сілі:
– Әкімшілік ресурсты тиімді пайдалану.
– Қаржылықэкономикалық реттеу.
– интеграциялау.
– Мамандандыру (специализация).
– Тағам өндірісін ауылшаруашылық өні
мін өндірушілермен, сервистік қызметпен
байла ныстыра қарау, оларды бір жүйе есе
бін де қаржы ландыру, аудан және ауыл дең
гейінде микроклас терлер қалыптастыру.
нә ти жесінде, осы күнге дейін басы бірікпей
жүр ген шаруа қожалықтары мен үй шаруа
шылықтары кооперацияланады, тиімді өнім
шығаруға бірыңғайланады.
Қазақстанның жаңа аграрлық сая
сатының маңыздылығы:
1. Қазақстанның аграрлық саласы мен
мемлекеттің азықтүлік қауіпсіздігін сақтау көр
сеткіші Дүниежүзілік сауда ұйымының талабына
сәйкестенеді.
2. азықтүлік индустриясын қалып тас тыру
мыңдаған жұмыс орындарының ашылуы мен ауыл
да тұратын адамдардың материалдық жағ дайының
көтерілуіне жағдай туғызады.
3. Қазақстандық тауар брендтерінің қа лып
тасуы.
4. азықтүлік тауарларының экспорттық мүм
кіндіктерінің өсуі.
5. Деурбанизация және кіші қалалар саны ның
артуына мүмкіндік туады. ол мемлекеттің қорғаныс
қабілетін нығайтып, қауіпсіздігінде маңызды рөл
ат қарады.
6. ауыл экономикасының қалыптасуы, әлеу
меттікэкологиялық жағдайдың жақсаруы халық
санының өсу динамикасын жеделдетеді.
7. Мемлекеттің 90 пайыздан астам терри
ториясын қамтитын, халықтың 47 пайыз тұратын
ауыл экономикасы саяси тұрақтылықтың қайнар
көзі болмақ;
8. Ішкі және сыртқы инвестициялық мүмкін дік
тер ашылады.
9. Екінші деңгейлі банктердің аймақтық жүйе
лері, басқа да қаржылық институттар дамиды және
нығаяды.
10. Республиканың өндірістік көрсеткіштері жақ
сарады және шағын және орта бизнесі дамыған
индустриалды мемлекет қалыптасады.
Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының
мазмұны:
1. Қазақстанның жаңа аграрлық саясаты әр
адамның тағам түрлерін жылына орта есеппен келі
мөлшерінде пайдалану көрсеткішіне байланысты
жасақталады және оның негізінде ауыл, аудан, қала,
облыс көлемінде тағам ассортименттерін өздерінің
өндірулері мен сырттан әкелінуі балансы анық
талады. Соның негізінде әр аймақтың азықтүлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі орын далады;
2. азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету халық
тың тамақ өнімдерінің он түрінің тұтыну деңгейімен
бағаланады. оған нан және жарма өнімдері, ет
және ет өнімдері, балық және теңіз өнімдері, сүт
және сүт өнімдері, жұмыртқа, өсімдік және мал
майы, жемістер, көкөністер, картоп, қант және кон
дитерлік өнімдер жатады. келешекте аталған ас
сорти мент саны ұлғайтылады.
3. азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
деңгейі әр территориялық бірлікте аталған 10
тағамның кем дегенде 80 пайызына тең болуы
керек. азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету әр
территорияда жеткілікті көлемде, сапалы және
арзан тағамды өздері өндіруі болып табылады.
4. аграрлық экономиканы
мемлекеттік реттеу
және
жергілікті басқару жұмыстары мен мем
лекеттік қаржылық қолдау азықтүлік қауіпсіздігін
қамта масыз ету мақсатында халықтың тамақ
өнімдерінің түрі мен тұтыну көлемін қамтамасыз ету
аясында жүргізіледі. Яғни ауыл шаруашылығы шикі
затын өндіру ғана емес, тағам түрінде дайын далған
тауарлар қаржыландырылады.
5. «Шикізаттауар» өндірістік формуласы. ол
үшін ауыл және аудан көлемінде
шағын кластерлер
жасақталады. олар жергілікті жерлерде өндіруге
тиімді ауыл шаруашылығы шикізатынан, оны өңдей
тін цех немесе зауыттан (тағам өндіру), техника
және көлік т.б. сервистік қызмет терден тұрады.
Заңдық ұйымдастыру түрлері – азаматтық
кодекске сәйкес, ассоциация, өндірістік
кооператив, ЖШС т.б. болуы мүмкін. көр
сеткіш егілген егіс пен мал саны емес,
өндірілген тағам көлемі мен сапасы болып
табылады, яғни шығарыл ған тауармен
бағаланады. келешекте өндірістікэконо
микалық қатынастардың дамуы негізінде
агросиндикаттар, агрокартельдер құрылуы
мүмкін.
6. Шағын кластерлер жасақтау және
солар арқылы мемлекеттік тапсырыс беру,
қаржыландыру және несиелендіру ауыл
шаруашы лығындағы ша ғын өндірістер мен сервистік
қызметтердің бірігуіне жол ашады. Бұл жерде
экономикалықәкімшілік реттеу тәсілдерін ұтымды
пайдалану маңызды.
7. Үкімет тарапынан жасалып жатқан арнайы
әлеуметтік қорғау бағдарламасын тоқтатып, оның
орнына балаларға төленетін ақы мен ауылдық жер
де тұратын қариялардың зейнетақысын көбейту
ұсы ны лады. Өйткені бұл бағдарлама ауылдық жер
дегі шағын кәсіпкерліктің, шаруа қожалықтары ның
өркендеуіне тұсау болуда.
8. аудан көлемінде және үлкен ауыл аумақ
тарында микрокредиттік ұйымдар құрылып, екінші
деңгейлі банктердің және тауар өндірушілермен
бірге қаржылық бірлестіктер құру қажет. олардың
қоғамдық негіздегі кеңесші органдарын аудан
немесе ауыл әкімдері басқаруы тиіс. несие берудің
барлық түрлерін қарастыру керек, оның ішінде
шаруаларға төл түрінде және жемшөп өндіруді
несиелеу, егіншілерге тұқым беруді несиелеу т.б.
Қаржылық көмек жағдайы жыл қорытындысымен
жергілікті жерлердегі өзінөзі басқару мен мәслихат
отырыстарында талқыланады.
9. Әр аудан көлемінде екінші деңгейлі банктердің
филиалдарының ашылуына мемлекеттік қолдау
көрсету қажет. Бұл ретте БТабанк және «Халық
банкі лерінің» жүйесі оңтайлы. Әлемдік дағдарыс
жағдайында жаңадан мемлекеттік аграрлық банк
ашу тиімсіз, арнайы агробанк құру посткризис жағ
дайында ғана шешілуі мүмкін.
10. Әрбір әкімшілік аумақтарда
мемлекеттік
кепілдік қор жасақтау керек. оған коммуналдық
меншіктер, жергілікті бюджет, инвестициялар т.б.
жатады. Қазақстан заңдарына өзгерістер енгізу ар
қылы жергілікті атқарушы органдардың қор қаржы
сын тауар өндірушілерге қосымша кепілдікке салу
құқығын беру керек. Бұл ретте атқарушы органдар
дың өз территориясында алынған өнімнің бір бөлігі
не әлеуметтік баға дәлізін қоюға құқығы болады
(нан, ұн т.б.).
11. Жылдағы бюджет есебінен астық резервін
жасаудан бас тарту керек. Өйткені оның шығыны
көп: сатып алу, сақтау, тасымалдау т.б. Бұл қызметті
аудан әкімдеріне тапсыру керек. азықтүлік қауіп
сіздігін қамтамасыз ету аясында бұл мәселені
астықты аймақтар, көкөніс пен жемісі мол аудандар,
малды өңірлердің кәсіпкерлері өзара азықтүлік
алмасу (бартер) жолымен шешулеріне болады.
12. Қазақстанның жаңа аграрлық саясаты, тағам
өндірісіне деген бетбұрыс келешекте тағам индус
триясын қалыптастырады, сонымен қатар жеңіл
өнеркәсіп, құрылыс материалдары индустриясы,
жел энергетикасы мен күн сәулесін пайдалану
өндірісі өркендейтін болады.
13. ислам банкингі жүйесін ауыл экономикасына
жаңа тұрғыда енгізу қажет. Пайызсыз несие беру
мен алған несиені дұрыс жұмсауды үйретететін бұл
банк жүйесі қаржылық дағдарыс жағдайында аг
рар лық салаға керек, әсіресе қой өнімдерін өндіру
мен оларды мұсылман елдеріне экспорттау т.б.
жұмыстары тиімді болмақ;
14. «Қазагро» ұлттық холдинг жүйесін рефор
малау. Бірінші кезекте холдинг құрамына кіретін
меке мелер санын қысқартып, олардың атқаратын
қыз метін қайта қарау керек. Ең басты талап –
жергілікті тауар өндірушілермен байланысының
жақ сы болуы.
15. аграрлық саланы мемлекеттік басқаруды
әкімшілік реформа тұрғысынан қайта құру ұсыны
лады. ол үшін жергілікті жердегі ауыл шаруашылығы
министрлігі мен әкімшілік құрылымдардың орган
дарын біріктіріп, «казагро» ұлттық холдингінің ау
дан дық, облыстық филиалдарын ашу. атқарушы
жұ мыс органы «Қазагро» ұлттық холдингінен, ал
ал қа төрағалығын жергілікті әкімдіктердің жүргізуі
ұсынылады. Сонда мемлекеттік бизнес пен үкімет
органдары бірлесе жұмыс атқаруға мүмкіндіктері
болады.
16. агростатистика қызметін қайта қарау мен
қалыптастыру, олардың статистикалық мәлімет тері
нің тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
17. Мемлекеттік бюджеттен несиелеуді фьючер
стік тәсілмен жүргізу. Тегін жағармай, тыңайтқыш,
өнім үшін субсидияларды тоқтатып, оның орнына
тағам өндіруге және әлеуметтік тауарларды шығару
шы фирмалар шығынының айырмасын қаржы
ландыруға көшу керек. Соның есебінен нан т.б.
тағамдарға баға саясатын қатаң жүргізіп, үкіметтің
«қолмен реттеу» басқару жүйесін ендіруге болады.
18. Бұдан 10 жыл бұрын, 1999 жылдың 16
қазанында СанктПетербург қаласында қабыл
данған ТМДға қатысушы мемлекеттердің пар
ламент аралық ассамблеясының №1410 қаулы
сымен бекі тілген «азықтүлік қауіпсіздігі туралы»
модельдік заңына байланысты Қазақстан Респуб
ликасының заңын қабылдау қажет. Модельдік заңға
сәйкес, әр мемлекеттің азықтүлік қауіпсіздігі өзін
өзі 80 пайыз өніммен қамтамасыз еткен жағдайда
ғана болады. ал бізде ол 40 пайыз шамасында.
Статистикалық органдардың соңғы жылдардағы
мәліметіне сәйкес республика көлемінде барлық
ауыл шаруашылығы құрылымдары фермерлерді қос
қанда – 196 417, оның ішінде кәсіпорындар – 4 008,
шаруа қожалықтары – 156 978, қалғандары жұртшы
лық (үй) шаруа шылығы. Ауылшаруашылығы жалпы
өнім дері нің 54,2 пайызын жұртшылық (үй) шаруа
шылығы өндіреді. Мемлекет меншігіндегі құрлымдар
өте аз, олар негізінен ғылымиөндірістік орталықтарда
шоғыр ланған. Бұл көрсеткіш мемлекеттің ауыл эконо
микасына тікелей қатысуының аз мөлшерін көр
сетеді.
Тоқсаныншы жылдардың басында бұрынғы Кеңес
тер Одағы аумағындағы байланыстардың үзілуінің
нәтижесінде ауыл экономикасының көптеген көрсет
кіштері күрт төмендеп кетті. Ел Президенті мен
Үкіметтің үйлесімді реформаларының арқасында
құлдырау тоқтатылып, 2000 жылдардан бастап егін
шілік пен мал шаруашылығында тұрақты өсім болды.
Бірақ ауыл шаруашылығы көрсеткіштері 1990 жыл
дағы жағдайға әлі де жете алмай келеді.
Достарыңызбен бөлісу: