омбудсмен институты
Компанияда омбудсмен институтының құрылуы Корпоративтік этика кодексімен (бұдан әрі – Кодекс,
КЭК) көзделген. 2011 жылдан бастап Компанияның омбудсмені Корпоративтік хатшы, ол Директорлар
кеңесімен сайланған болатын.
Корпоративтік этика кодексіне сәйкес, омбудсменнің негізгі функцияларына мыналар жатады:
• КЭК ережелерінің орындалмауы туралы мәліметтерді жинақтау,
• Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге Кодекстің ережелері бойынша кеңес беру,
• Кодекстің ережелерін бұзу бойынша дауларды қарастыруға ұйытқы болу және оларды реттеуге қа-
тысу.
Омбудсменнің міндеттерінің біріне Корпоративтік этика кодексі талаптарын ұстану туралы есеп беруді
Директорлар кеңесінің қарастыруына ұсыну жатады, бұл есеп беруде Корпоративтік этика кодексінің
ережелерін орындамау мәселелері бойынша арызданулар туралы мәліметтер қамтылады.
82
Басқару
6.2 тәУекелдерді басҚарУ және
ішкі баҚылаУ
Тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметі мен Даму стратегиясының
негізгі элементі болып табылады. Тәуекелдерді дәл және уақытында анықтау, баға беру, мониторинг
жүргізу және оларға ден қою басқарудың барлық деңгейлерінде шешім қабылдап және Компания қы-
зметінің стратегиялық мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндік
береді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімше құрылған. Тәуе-
келдерді басқару жөніндегі басты мәселелер алдымен Компания Басқармасының жанындағы Тәуекел-
дерді басқару комитетімен алдын-ала қаралып, мақұлданып не келісіледі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-
да тәуекелдерді басқару қызметі үшін жауапты құрылымдық бөлімше құрылған.
Компанияда тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша едәуір жұмыстар жүргізілген. Атап айт-
қанда, тәуекелдерді басқарудың бірыңғай әдіснамалық қоры (тәуекелдерді басқару саясаты мен ере-
желерін, тәуекелдерге баға беру нұсқаулықтары мен әдістемелерін қоса алғанда) құрылды, тәуекел-
дерді «төменнен-жоғары» анықтаудың тиімді процесі ретке қойылды, тәуекелдерді шектеу тәжірибесі
енгізілді: тәуекел-тәбетті, негізгі тәуекелдерге қатысты толеранттылық деңгейлерін белгілеу, банкілерге
арнап лимит қою, сондай-ақ негізгі тәуекел көрсеткіштерінің жүйесі енгізілді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-дағы тәуекел-мәдениеті барлық негізгі бөлімшелер мен мүдделі тарап-
тардың тартылуының арқасында, сондай-ақ басқару барысында Компанияның Директорлар кеңесінің,
Басқармасы мен бөлімшелерінің өзара ақпаратпен алмасуының арқасында қалыптасады. Бөлімше-
лердің басшылары мен тәуекелдердің иеленушісі болып табылатын өзге қызметкерлерге арнап тәу-
екелдерді басқару бойынша корпоративтік оқыту ұйымдастырылады, жыл сайын кәсіпорындардағы
тәуекелдерд басқару қызметі үшін жауапты қызметкерлермен өзекті мәселелерге арналған дөңгелек
үстел өткізіліп отырады.
Басты органдардың функциялары туралы ақпарат Компанияның Интернет-сайтындағы Тәуекелдерді
басқару саясатында көрсетілген.
Қазіргі уақытта әлемдік уран нарығы жағдаятының өзгеруіне байланысты және өзге де макроэкономи-
калық факторларға орай уранның бағасы алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмендеп кетті. Алайда
тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесінің арқасында, сондай-ақ тәуекелдерді анықтау, оларға баға
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік
жүйесінің құрылымы
директорлар
кеңесі
басҚарма
тәУекелдерді
басҚарУ ко-
митеті
тәУекелдерді
басҚарУ Үшін жа-
Уапты ҚҰрылым-
дыҚ бөлімшелер
ішкі аУдит
Қызметі
дара акционер
аУдит жөніндегі
комитет
корпоратиВтік
хатшы
тәУекелдерді
басҚарУ Қызметі
Үшін жаУапты
ҚҰрылымдыҚ
бөлімше
1
1
2
1
4
3
3
4
1
1
3
4
1
1
Әрбір аймақ бойынша тәуекелдер саны көрсетілген карта
Ә
СЕРІ
1 2 3 4 5
5
4
3
2
1
ЫҚТИМАЛДЫҚ
83
біріктірілген жылдық есеп
2013
беру және ден қою шараларын уақытында қабылдаудың арқасында Компания өзінің қызметін табысты
түрде жалғастырып және әлемдік уран нарығындағы жайғасымдарын сақтап келеді.
негізгі тәуекелдер және оларды оңтайландыру шаралары
Компанияның барлық сәйкестендіру тәуекелдері COSOERM әдіснамасына сәйкес негізгі төрт категория-
ға бөлінген: стратегиялық, қаржылық, операциялық және құқықтық.
Компанияда жыл сайынғы негізде өздерінде Компанияның қызметіне жататын тәуекелдер белгіленген
тәуекелдер тіркелімдері мен карталары бекітіліп отырады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тәуекелдер картасы әсер ету және ықтималдық аймақтарына бөлін-
ген.
2013 жылға арналған тәуекелдер тіркелімі мен картасына сәйкес 30 анықталған, оның ішіндегі сынды
тәуекелдер – 2 (қызыл аймақ). Компания тәуекелдердің іске асуына жол бермеуге және тәуекелдердің
іске асу зардаптарын азайтуға арналған іс-шараларды табысты түрде жүргізіп отырды, 2013 жылы «Қа-
затомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тәуекелдер тіркелімінде көрсетілген жоспарланған алдын-алушы және
реактивті шараларға сәйкес:
тәуекелдің атауы
2013 жылы тәуекелдерді азайтуға бағытталған шаралар
Уран бағасының
төмендеуі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның даму стратегиясының компанияның қызметін әртараптан-
дыруға қатысты бөлігінің жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қызметін салалас жоғары технологиялық бағыттарға
әртараптандыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру.
Әкімшіліктік жән өндірістік шығындарды қысқарту.
Уран нарығына апта сайын шолу жүргізіп отыру, меншікті дайджестер түріндегі уран на-
рығының күйіне мониторинг жүргізу.
Келісімшарттардың оңтайлы қоржынын жоспарлау (баға құрылымы механизмі бойынша).
84
Басқару
тәуекелдің атауы
2013 жылы тәуекелдерді азайтуға бағытталған шаралар
Уранды сату жоспа-
рының орындал-
мауы
Рұқсаттық құжаттарды (лицензияларды) алу шарасын алдын-ала жоспарлау, мәмілелерді
құзырлы басқару органдарымен келісу.
Уранды теңіз көлігін қолданумен физикалық жеткізудің оңтайлы мерзімдерін белгілеу.
Өнімді физикалық нұқсаннан сақтандыру.
Келісімшарттардың оңтайлы арақатысын таңдау (ұзақтығы бойынша, баға құрылымы меха-
низмі бойынша).
Келісімшарттарға ең төмен бағаны енгізу мүмкіндігін қарастыру.
стратегиЯлық тәУекелдер
2013 жылы басты стратегиялық тәуекел ретінде уран бағасының төмендеуі анықталған болатын.
Компанияның оңтайлылығы әлемдік уран нарығындағы бағаларға байланысты және Компанияға бай-
ланысты болмайтын түрлі факторлардың әсеріне түсіп отырады, ол мынадай факторлар:
• Ядролық қуатқа деген сұраныс және АЭС-тің құрылыс қарқыны;
• U
3
O
8
АЭС-тің қажетсінулеріне арнап сату туралы форвардтық келісімшарттар жасасу;
• Уран өндіретін және тұтынатын елдердегі саяси және экономикалық жағдайлар;
• Үкіметтердің және сала кәсіпорындарының тарапынан уранның артық азаматтық және әскери қо-
рын сату (сонымен бірге ядролық қаруды бөлшектеудің нәтижесінде);
• Уран өндірісінің деңгейі және өнімнің өзіндік құны;
• Ядролық қалдықтарды сақтау саласындағы саяси ек технологиялық әзірлемелер;
• Әлемнің кез келген бұрышындағы атом электростанциясында апаттың орын алуы;
• Жаңартылатын энергия көздерінің (күн және жел энергиясы мен гидроэнергетиканың) бағасы, сон-
дай-ақ мұнай, табиғи газ және көмірдің және т.б. бағалары.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уран бағасының төмендеу тәуекелінің іске асуына әсер ете алмай-
тынын ескере отырып, Компания бұл тәуекелді қабылдап және тәуекелдер тіркеліміне енгізіп отырады.
2013 жылы осы тәуекелдің іске асуына әкеп соқтырған уран өндіруші компаниялар үшін табиғи уран
нарығының жағымсыз конъюнктура жағдайында Компанияның тәуекелдерді басқару шеңберіндегі
күш-жігері уран бағасының төмендеу тәуекелінің іске асу зардаптарын барынша азайтуға бағытталған
болатын, атап айтқанда, келесі алдын-алу шаралары жүргізілді:
• Компанияның Даму стратегиясына сәйкес, оның қызметін әртараптандыру жүргізілуде, бұл шара қо-
сылған құнға ие уранды өнімдердің сатылу көлеміндегі табиғи уранның үлесін (табиғи уранға қаты-
сты) азайтуға бағытталған;
• Өзіндік дайджестер түрінде уран нарығының күйіне мониторинг жүргізу үшін нарыққа апта сайын
шолу жүргізіліп отырады;
• Табиғи уранды үйлестірілген баға механизмін қолданумен сату туралы ұзақмерзімді келісімшарттар-
ды жасасу (негізгі және споттық құраушының есебімен);
• Спот нарығында уран өнімдерінің шағын партияларымен қызу жұмыс жүргізу.
қаржылық тәУекелдер
Компанияның негізгі қаржылық тәуекелдеріне өтімділік тәуекелдер мен валюталық тәуекелдер жатады.
Өтімділік тәуекелі
Компанияның өтімділікті басқаруға деген көзқарасы әдеттегі, сондай-ақ шиеленіскен жағдайларда,
елеулі залалдардың туындауына жол бермей және өз беделін тәуекелге тікпей, өз міндеттемелерін
мерзімінде өтеу үшін жеткілікті болатындай өтімді қаражаттың үнемі түрде болып отыруын қолдан кел-
генше қамтамасыз етуге негізделген.
Компания алғашқы талап ету бойынша қол жетімді ақшалай қаражаттардың болып отыруын сонымен
қатар жаңартылатын кредиттік желілердің есебінен қамтамасыз етеді, ондай кредиттік желілердің шең-
берінде қажетіне қарай қысқамерзімді займдар тартылып отырады.
85
біріктірілген жылдық есеп
2013
валюталық тәуекел
Валюталық тәукел Компанияның оның әрекеттегі валютасынан өзгеше болып келетін валютамен ұсы-
нылған сату, сатып алу және займдарды тарту бойынша операцияларды жүргізуі кезінде туындап отыруы
мүмкін. Займдар әдетте Компанияның әрекеттегі бөлімшелерінің ақшалай қаражаттарының генерир-
ленетін ағымының валютасына сәйкес келетін валюталармен ұсынылған. Осылайша, көп жағдайларда
туынды аспаптарды қолданусыз экономикалық хеджирлеу әсеріне қол жеткізіліп отырады.
Компания шетел валютасымен ұсынылған өзге ақшалай активтер мен міндеттемелерге қатысты тәуе-
келге түскен нетто-жайғасымды төлем валютасын ескерумен келешек шығындарды жоспарлау арқылы
жарамды шектерде ұстап отыруға тырысады.
операциЯлық тәУекелдер
қауіпсіздік тәуекелдері
Компания физикалық қорғау және меншігін қорғау, сондай-ақ экономикалық және ақпараттық қа-
уіпсіздік тұрғысында қауіпсіздік жүйесін күшейту жұмыстарын үнемі түрде жүргізіп отырады. Компания
серікестерімен ядролық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Компания кәсіпорындарындағы
ақпаратты қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері бойынша кездесулерді ұйым-
дастырып отырады.
Компания мүлкінің сақталуын, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге,
сыртқы және ішкі заң бұзушылардың тарапынан заңа қайшы әрекеттердің алдын-алуға, кәсіпорындар-
да, елдімекендер мен вахталық ауылдарда құқықтық тәртіптің күшеюіне және заң бұзушылықтардың
алдын-алуға Компанияның құқық қорғау органдары мен күзет құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасауы
ықпал етеді.
Компанияның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясаты туралы толығырақ «Тұрақты даму» бөлімін-
де берілген.
Экологиялық тәуекелдер
Компания уранды ұңғымалық сілтілеу әдісімен өндіреді. Бұл әдістің уран кеніштерін игерудің дәстүр-
лі таукен әдісіне қарағанда қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсері анағұрлым аз, себебі ол шаң
бөліну көздерін толығымен жоққа шығарады және радиоактивті заттардың атмосфераға бөлінуін көп
есе азайтады. Алайда, радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ұстанбаған
жағдайда штаттан тыс жағдайлардың туындау ықтималдығы орын алады, бұл қоршаған ортаның нор-
мадан тыс ластануын, мемлекет органдарының тарапынан айыппұл салуды тудырып және Компанияның
беделіне жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін.
Бұл тәуекелді бақылау мақсатында Компанияда қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерін барынша
азайтуға бағытталған бірқатар саясаттар мен рәсімдер әзірленіп қолданылуда.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жүйесі туралы толығырақ ақпарат «Тұрақты даму»
бөлімінде берілшен
құқықтық тәУекелдер
Заңнаманы бұзу тәуекелі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өз қызметін Қазақстанда және бірқатар шет мемлекеттерде жүзеге
асырып отырғандықтан Компания әртүрлі мемлекеттер мен аймақтардың заңдары мен ережелерінің
күшіне бағынып отырады. Компанияның ядролық-отын циклы сатысында жүзеге асыратын операцияла-
рының барлығы, оның ішінде уранды өндіру мен өңдеу және Компания өнімдерін оның тапсырыс бе-
рушілерінің қолдануы қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі
халықаралық және ұлттық заңнама талаптарына бағынады.
Компания заңнамадағы өзгерістерге жедел ден қойып отыруға және өнеркәсіптік қауіпсіздік және ең-
бек қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласында және өзге мәселелерде ілгері тәжірибелерге сай бо-
86
Басқару
лып отыруға тырысады. Осы мақсатта заңнамаға өзгертулердің енгізілуіне тұрақты мониторинг және
заңнамамен белгіленген талаптардың орындалуына бақылау жүргізіліп отырады. «Қазатомөнеркәсіп»
ҰАК» АҚ қызметкерлері өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау сала-
сындағы жұмысты тиісті түрде жүргізу және сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнама нормалары
бойынша білімін жетілдіру бойынша тұрақты түрде оқытылып және нұсқауламадан өтіп отырады.
ішкі бақылау жүйесі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі оның ұйымдық құрылымының, Компанияның өз
мақсаттарын қамтамасыз етуге және операциялық қызмет шеңберіндегі тұрақты процестерді орында-
умен байланысты тәуекелдерді азайтуға бағытталған рәсімдер мен іс-қимылдардың жиынтығы болып
табылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-дағы ішкі бақылау оның қызметінің негізгі үш бағыты бойынша, соның
ішінде қаржылық және басқармалық есептілік, заңнама мен ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын
орындау, сондай-ақ процестердің нәтижелілігін арттыру бойынша тәуекелдердің алдын-алуға бағыт-
талған.
Компаниядағы Ішкі бақылау жүйесі COSO «Ішкі бақылау – Ықпалдастырылған үлгі» үлгісіне сәйкес
құрылған және келесі бес өзара тәуекелді компоненттен тұрады:
• бақылау ортасы;
• тәуекелдерді бағалау;
• бақылау рәсімдері;
• ақпарат және оны беру;
• мониторинг.
Ішкі аудит қызметінің «Самұрық-Қазына» АҚ әдістемесінің негізінде Компанияның 2013 жыл бойынша
ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне жүргізген баға беруі 78,59% құрады.
87
біріктірілген жылдық есеп
2013
6.3 сапаны басҚарУ
Өндірістік қызметтің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетін арттыру үшін, сондай-ақ
өнімдері мен қызметтерінің сапасын жақсарту үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЕТҰ-лардың стандарт-
тау, метрология және сәйкестігін растау (сынақтық зертханаларды басқару) бойынша қызметін реттеуді
жүзеге асырады. Шығарылатын өнімнің сапасын басқару әр кәсіпорынның өндірісін нормативтік және
техникалық қамтуға негізделген.
Сапаны бақылау өнімді өндірудің технологиялық процесі барысында оның өмірлік циклының барлық
сатыларында жүргізіліп отырады. Өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардың барлығы заманға сай жаб-
дықтармен қамтамасыз етілген сынақтық зертханалардың ресурстарымен, өлшеулерді жүргізу әдісте-
мелерімен, стандарттық үлгілермен, білікті қызметкерлермен қамтылған. Дайын өнімнің сапасын бақы-
лауды ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025-2007 «Сынақтық және калибрлегіш зертханалардың біліктілігіне қатысты
жалпы талаптар» бойынша аккредитациядан өткен сынақтық зертханалар орындайды. Өнімнің сапалық
көрсеткіштерін бақылау әдістері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік стандарттау жүйесінің
тиісті нормативтік құжаттарында белгіленген. Корпоративтік стандарттар ЕТҰ сапа менеджментінің сер-
тификатталған жүйелері мен аккредитациядан өткен сынақты зертханаларының құжаттамасының ажы-
рағыссыз бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта 32 корпоративтік стандарт әзірленіп бекітілді, оларда
ортақ бағыт бойынша біріктірілген стандарттардың ішкі жүйелері мен кешендері қамтылған, мысалы:
«Өнімге арналған стандарттар», «Инновациялық қызмет», «Еңбек қауіпсіздігі», «Корпоративтік басқару»
және басқасы.
Оған қоса, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының ISO 14001 және OHSAS 18001 халықара-
лық стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің сертификаттары бар.
Корпоративтік стандарттау жұмыстары жыл сайынғы бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізіліп отыра-
ды, олар кәсіпорындардың қызметін нормативтік қамтамасыз етуді талдауға негізделген Компанияның
құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдерін ескере отырып құрылады.
2013 жылы Компания есептік жылға арнап бекітілген осы қызмет саласындағы жұмыс жоспарын орын-
дау арқылы Корпоративтік стандарттау және шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің са-
пасын бақылауды жақсарту стратегиясын сәтті түрде іске асыруды жалғастырды.
88
басшылар
Дың
компанияның
Қаржы-
шару
ашылы
Қ Қ
ызм
Еті тур
алы
Ес
Ебі
7
К
омпанияның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері «Қазатомөнеркәсіп»
ҰАК» АҚ тобына кіретін ұйымдардың біріктірілген үлесін көрсетеді.
2013 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес компаниялары тобына кіретін ұйым-
дардың саны өзгерді:
• Компанияның құрылымына «Қазақстан ядролық университеті» ЖШС енді;
• «Семізбай-U» ЖШС 2013 жылдың 2-ші тоқсанынан бастап өзінің қаржылық нәтиже-
лері үлестік қатысу әдісімен біріктірілетін бірлесіп-бақыланатын ұйым ретінде жікте-
луде;
• «ТКК» ЖШС-ның «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен бірігуіне байланысты жер қой-
науын пайдалану келісімшарттары Компанияға тапсырылды, сондай-ақ Компанияның
құрамына «ТКК» ЖШС қызметкерлері енді;
• «Кварц» ЖШС «KazSilicon» МК ЖШС-ға қосылды, соның нәтижесінде «Кварц» ЖШС-
ға жасалған 242 000 мың теңге инвестициялар «KazSilicon» МК ЖШС инвестицияла-
рына өтті;
• «Каустик» АҚ акцияларының 40-пайыздық жинағын сатып алу.
табиғи уран нарығына шолу
2013 жыл бойы уран нарығы бұрынғыдай ұсыныстың сұраныстан асуымен және баға
құлдырауының тұрақты беталысымен сипатталып отырды. 2011 жылы жапондық Фуку-
сима АЭС-те болған апаттан кейін әлем бойынша атом энергетикасының дамуы баяу-
лап қалды, және жаңа АЭС-тардың құрылыс қарқынының төмендеу беталысы байқалып
отырды. Дегенмен, 2013 жыл әлем бойынша АЭС құрылысының жағымды беталыстарын
байқатты: мысалы АҚХА мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылы жаңадан 10 АЭС-тің құрылыс
жұмыстары басталды, бұл 2012 жылғы көрсеткіштерден 30% жоғары.
2013 жылы негізгі өндірушілердің барлығы жақын келешекте уран өндірісінің төмендей-
тіні, шығынын қысқартатыны туралы, өздерінің кейбір жобаларының күшін жойып не
болмаса уақытша тоқтататынын, сондай-ақ жаңа жобаларды іске қосу мерзімін ауыс-
тырғанын жариялаған еді. Мысалы, Австралиядағы Ranger, Honeymoon сияқты жоба-
лардағы жұмыстар уақытша тоқтатылып, Willow Creek (АҚШ) кенішіндегі өндіріс көлемі
азайды, ал Нигердегі Imouraren кенішіндегі кен өндірудің басталу сәті кейінге шегерілді.
Атай кететін бір жайт, 2013 жылы ЖБУ-ТБУ бағдарламасы аяқталды. Бұрынғы КСРО-
ның қару-жарақ материалдарының нарығынан кетуінің салдарынан қайталама көздер
уранның бастапқы өндірісі жетіспеушілігінің орнын толтыра алмайды. Осылайша, мұндай
жағдай келешекте нарықтың жандануын негіздейді. 2013 жылғы 14 қарашада Санкт-Пе-
тербург қ. айлағына ядролық қарудан алынған ЖБУ-ды пайдалану туралы ресей-амери-
кандық келісім шеңберінде жасалған ТБУ-дың ақырғы партиясы тиеп жіберілді.
2013 жылдың соңы нарыққа әсерін тигізуі мүмкін жаңа оқиғаларға толы болды, мыса-
лы, Goldman Sachs банкі мен Deutsche Bank банкі сияқты екі трейдер уран нарығынан
кететінін жариялады. Бұл банкілер белсенді ойыншы болып табылатын, олар кеткеннен
кейін спот нарығындағы өтімділік азаятын болады. Банкілердің уранмен және энерге-
тикаға арналған өзге шикізатпен байланысты сауда қызметін тоқтататыны туралы ха-
барламалары споттық бағаға әсерін тигізді, ол жылдың соңына дейін 35,00 $/фунт U
3
O
8
деңгейге жете алмады. 2013 жылдың басынан бастап споттық баға біртіндеп төмендеп
отырды, ал қыркүйекте ең төмен шамаға - 34,00 $/фунт U
3
O
8
түсіп кетті.
89
біріктірілген жылдық есеп
2013
U
3
O
8
-ның споттық баға-
сының апта сайынғы
индикаторлары
жылдың басы
жылдың соңы
Өзгеріс
UxC
42,75 $/фунт U
3
O
8
34,50 $/фунт U
3
O
8
-19,3%
TradeTech
42,75 $/фунт U
3
O
8
34,50 $/фунт U
3
O
8
-19,3%
U
3
O
8
-ның ұзақмерзімді
бағасының апта сайынғы
индикаторлары
жылдың басы
жылдың соңы
Өзгеріс
UxC
56,00 $/фунт U
3
O
8
50,00 $/фунт U
3
O
8
-10,7%
TradeTech
57,00 $/фунт U
3
O
8
50,00 $/фун U
3
O
8
т
-12,2%
Уранның алдағы уақыттағы бағасы Жапониядағы АЭС жұмысының қайта жандану қарқынына және
әлемде АЭС энергоблоктарын салу жобаларына байланысты болады. 2014 жылы Жапония үкіметі реак-
торларды қайта жүктемелеу туралы шешім қабылдайды деп күтілуде.
2013 жылы WNA деректері бойынша сұраныс 64 978 тU құрады, болжамдарға сәйкес 2014 жылы сұра-
ныс 65 908 тU құрамақ.
тантал мен бериллий нарығына шолу
Тантал нарығы өзінің жоғары құбылмалығы мен белгісіздігімен сипатталады, бұл ақырғы тұтыну салала-
рының (электроника, авиақұрылыс) циклдық сипатымен, шикізат нарығының тапшылығы мен алып-са-
тарлық сипатымен, өткізу арналарының жабықтығымен туындалған.
Әлем нарығында тантал өндіруші кәсіпорындардың жалпы саны онша көп емес. Әлемде «ҮМЗ» АҚ-дан
өзге, толық өндіріс циклындағы тантал шикізатын өңдейтін барлығы төрт кәсіпорын бар (шикізатты хи-
мия-металлургиялық өңдеу, құймаларды балқыту, конденсаторлық ұнтақтар мен илемді өндіру). Олар:
1) H.C.Starck (Германия, АҚШ, Таиланд және Жапониядағы зауыттар);
2) GAM Technology (АҚШ пен Жапониядағы зауыттар);
3) Ningxia Non-ferrous Metals Smelter (Қытайдағы зауыттар);
4) DuoLuoShan (Қытай).
2013 жылдың I тоқсанында әлемдік нарықта бастапқы шикізаттың салыстырмалы түрдегі тапшылығы
сақталып отырды, бұл бірқатар Африка елдерінен «заңсыз» шикізатты экспорттаумен байланысты, бұл
өз кезегінде шикізатқа қатысты әлемдік қажетсінудің тең жартысын қамтамасыз етіп отырды, сондай-ақ
бірқатар шикізат өндірушілерінің қаржылық қиындықтарының өндіріс қуаттылықтарын қайта іске қо-
суды мүмкін етпеуге соқтыруымен байланысты. Дегенмен, 2012 жылдағымен салыстырғанда шикізат
тапшылығы салыстырмалы түрде жоғары болмады. Бұдан әрі жыл ішінде әлемдік нарыққа шикізатты
жеткізудің жағдайы қалпына келіп және тапшылық тіркелмеді. Бұл танталдың ақырғы тұтынушыларының
тарапынан сұраныс деңгейінің жалпы төмендеуімен байланысты болуда, бұл негізгі тұтынушы-елдердегі
жалпы макроэкономикалық жағдаймен туындалған. Соған орай, танталдың бағасы жылдың басындағы
$125/ фунт Ta
2
O
5
шамадан жылдың соңында $75/фунт Ta
2
O
5
дейін төмендеп кетті. Осы беталысты ескер-
сек, металды танталдың бағасы бір жылда әр кг үшін – $520–500 деңгейінен $400–440 деңгейге дейін
төмендеп кетті
Бериллийдің жоғары мамандандырылған нарығы жоғары шоғырлануы мен жабықтығымен сипаттала-
ды, бұл өндірушілердің шектеулі санымен, сондай-ақ таза бериллийді негізгі тұтыну сегментіне қорғаныс
өнеркәсібінің жататындығымен негізделген. Ашық дереккөздерде бериллийдің бағасы көрсетілмеген,
металл биржаларда бағамдалмайды. 2013 жылы бериллийдің әлемдік нарығында бериллий өнімдеріне
деген сұраныс пен бағаның тербелуі байқалмады. Бериллийдің әлемдік тұтыну мөлшерінің артуы ең
алдымен электронды және компьютерлік өнеркәсіптің ілгері қарқынмен өсуімен байланысты болуда,
мұнда орташа жылдық өсу қарқыны жуықтап алғанда жылына 9–11% құрауда. 2013 жылы бұл сала-
да күрт өсім байқалмады. 2013 жылы негізгі нарықтық тауашаларды үлестіру саласында қандай да бір
түбегейлі өзгерістер болмады, және бұрынғыдай бериллийдің әлемдік нарығында бериллийді кеннен
қорытпаларға дейін өңдейтін бериллий өндірісінің толық циклына ие үш негізгі өндіруші қалып отыр,
олар – Materion Corp. (АҚШ), «ҮМЗ» АҚ (Қазақстан) және SKS (Қытай).
90
басшыларДың компанияның Қаржы-шаруашылыҚ ҚызмЕті туралы ЕсЕбі
Достарыңызбен бөлісу: |