Біріктірілген жылдық есеп


табиғат қорғау мақсаттарына қатысты шығындар



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата09.03.2017
өлшемі5,28 Mb.
#8527
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

табиғат қорғау мақсаттарына қатысты шығындар 
2013 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау 
шараларына қатысты шығындары былтырғы жылдағымен салыстырған-
да 12,5%-ға азаюмен 1 234 млн теңгені құрады. Оның 224 млн теңгесі 
– Компанияның жағымсыз әсері үшін төленетін төлем, ол былтырғы жылдың деңгейінен едәуір төмен. 
Төлемдердің азаюы негізінен қоршаған ортаға жағымсыз әсердің азаюының, сондай-ақ сала кәсіпорын-
дарындағы жекелеген өндірістердің тұрып қалуының есебінен орын алды.
Экологиялық бұзушылықтар үшін төленген айыппұлдық экологиялық санциялардың жалпы сомасы 
102,2 млн теңгені құрады.
2011–2013 жж. қоршаған ортаны қорғау қызметінің негізгі бағыттарын қаржыландыру, 
млн теңге
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес, Компания қоршаған ортаны қорғауға 
арналған резерв құруды көздеуде, ол пайдалануы аяқталған кеніштерді пайдаланудан шығару және 
қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде жұмсалатын болады. 2013 жылғы 31 желтоқсанға 
қатысты кеніштерді қалпына келтіру шығындарының сомасы 2349 млн теңге құраумен былтырғы жыл-
дағымен салыстырғанда 2 есе артты.

әлеуметтік салаға қатысты 
облыстар бойынша 
көрсетілген шығындар, млн. 
теңге 
1 462
661
Оңтүстік-Қазақстан 
облысы
Қызылорда облысы
әлеуметтік салаға қатысты 
кәсіпорындар бойынша 
көрсетілген шығындар, млн. 
теңге 
666
250
434
264
125
40
15
«ТКК» ЖШС
«Қаратау» ЖШС
«Аппақ» ЖШС
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
«Бетпақ Дала» БК» ЖШС
«Ақбастау» БК АҚ«МАЭК-Қа-
затомөнеркәсіп» ЖШС
0
500
1 000
1 500
2 000
2013
2012
2011
201
201
1
1
201
201
2
2
201
201
3
3
2011-2013 жж. кәсіпорындар бойынша 
демеушілік және қайырымдылық көмекке 
жұмсалған шығын, млн. теңге
1 279
686
1 506
61
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
5.5 орын алУ өңірлерін дамытУ 
орын алу өңірлерімен әріптестік ету 
Әлеуметтік саланың және уран өндіру өңірлерінің дамуы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» 
АҚ-ның басымдылықтарының бірі болып табылады. 2004 жылы осы мақсаттарға ар-
нап «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» мамандандырылған әлеуметтік компаниясы – Компания 
мен Оңтүстік-Қазақстан және Қызылорда облыстарының арасындағы әріптестік тура-
лы меморандумдардың, сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау және Шығыс-Қазақстан облы-
старының жергілікті органдарымен жасасқан келісімдер шеңберінде жүзеге асырылып 
отырған әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудың ресми операторы. «Қазатомөнер-
кәсіп-Демеу» компаниясының негізгі міндеттері – әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына 
келтіру және дамыту, кадрларды даярлау, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнесті 
дамыту мен қолдау, мәдениет және спорт, сондай-ақ абаттандыру мен жасылдандыру.
2013 жыл ішінде жалпы сомасы 2 123 млн теңгенің 87 астам әлеуметтік жобасы іске асы-
рылған болатын. Жобалар өңірлердің инфрақұрылымдық нысандарының күйін жақсар-
туға, көгалдандыруға, балалар алаңшаларын ағымдағы жөндеу мен сырлауға, қатқыл 
тұрмыстық қалдықтарды шығарып әкетуге және айналаны тазартуға бағытталған бо-
латын. 2013 жылы орын алу өңірлерін дамытуға жұмсалған инвестициялардың жалпы 
көлемі 2 369 млн теңгені құрады.
қайырымдылық және демеушілік қызмет
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қайырымдылық және демеушілік қызметін жүзеге асы-
руға арнап жыл сайын қомақты қаржы бөліп отырады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» 
АҚ-ның Демеушілік және/не қайырымдылық көмек ұсыну жөніндегі нұсқаулығы мен 
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Демеушілік және/не қайырымдылық көмегін ұсыну саясаты-
на сәйкес, Компания Қазақстан Республикасының аз қамтылған азаматтарына, сонымен 
бірге жетім-балаларға, мүгедектерге, ардагерлерге, зейнеткерлерге, сондай-ақ Компа-
ния кәсіпорындарының қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне жыл сайын 
қолдау көрсетіп отырады. Осындай жұмыстың нәтижесінде халықтың Компанияға деген 
сенім білдіру мен ниеттестік дәрежесі өсті.
2013 жылы қайырымдылық және демеушілік қызметке 1 500 млн теңгеден астам қаржы 
бөлінді, соның ішінде 1 304 млн теңгенің демеушілік көмегі, 200 млн теңгенің қайырым-
дылық көмегі ұсынылды. Демеушілік көмек Оңтүстік-Қазақстан облысы Созақ ауданы-
ның Тайқоңыр кентінің әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын ұстауға, сондай-ақ Аста-
на қ. Әкімдігінің «Оқушылар сарайы» МКҚК Ұлттық интерактивті сабағының жанындағы 
баламалы энергетика зертханасын құруға бағытталды.
Есептік жылы тұтастай алғанда қайы- 
рымдылық және демеушілік көмек 
 
бойынша 354 млн теңге, не 19% игеріл-
мей қалды. Есептік кезеңдегі игеріл-
меудің негізгі сомасы Қызылорда қ. 
Перзентхана құрылысын қаржылан-
дыруға арнап жоспарланған 565,0 млн 
теңге көлеміндегі шығындық баптар-
дың есебінен құралды. Сонымен қатар, 
аталмыш жоспарланған қаражаттардың 
есебінен «Атамекен» одағы» ҚҰЭП-қа 
Елбасының тапсырмасын орындау үшін 
Қазақстан Республикасының индуст- 
риалды-инновациялық дамуының екін-
ші бесжылдығының тұжырымдамасын 
іске асыруға арнап 300,0 млн теңге 
көмек көрсетілді.

Өңірлердегі шығындардың 
түрлері бойынша көрсетілген 
серпіні, мың теңге
Денсаулық сақтау
Мектепке дейінгі  
балалар мекемелері
Мәдени-спорт 
кешендері
Абаттандыру және  
жасылдандыру
Мектептерді күтіп ұстау
Серіктік 
телевидение
Монша-сауықтыру  
кешендері
867,8
702,2
319,3
106
24,7
2,8
100,8
62
ТұрақТы даму
мәдениет, спорт және бос уақыт
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатының стратегиялық мақсаттарына 
сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Компания қызметкерлері мен жергілікті қа-
уымдастықтарға арнап мәдениетті, спортты дамыту және бос уақытты ұйымдасты-
руға қолдау көрсетіп отырады.
2013 жылы мәдени, спорттық және бос уақытын өткізу шараларына арнап 225 млн 
теңге бөлінді. Қызметтің негізгі бағытына түрлі мерекелік концерттер мен спорттық 
шараларды ұйымдастыру ісі айналды. 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ең алдыңғы кезекте балалардың шығармашылық 
әлеуетін дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және патриотизмді дамытуға 
көңіл бөледі. Компания есептік кезең ішінде балалардың шығармашылық жұмыста-
рының бірқатар көрмелерін, сондай-ақ әртүрлі спорттық жарыстарды ұйымдасты-
рды. Қыземшек а. әкімшілігімен бірлескен түрде тақырыптық сынып сағаттарының 
топтамалары өткізілді, онда мемлекеттің тарихы, көрнекті қайраткерлердің өмірі 
және білім беру мәселелері қамтылған болатын. Өз кезегінде балалардың өзге де 
әлеуметтік топтары қамтылып, аз қамтылған балаларға және мүмкіндігі шектеулі 
балаларға арналған барып құттықтаулар ұйымдастырылды.
Компания кәсіпорындарының қызметкерлеріне арнап мини-футбол, волейбол, 
үстел теннисі, шахмат, жеңіл атлетика және т.б. бойынша жарыстар өткізілді. 2013 
жылы сондай-ақ Спартакиада өтті, ол еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі Компания қы-
зметкерлерінің басын қосты және аса жарқын әрі ойын-сауықты корпоративтік 
оқиғалардың бірі болып табылады. 
2013 жылы Компания Қазақстан Республикасында спорттың дамуын қолдауға 
белсенді ат салысты. Мысалы, «ҮМЗ» АҚ әкімшілігі мен кәсіподағының бастамасы  
бойынша жыл сайынғы жеңіл атлетикалық жүгіру ұйымдастырылды. Шараларға зауыттың дене шынық- 
тырушылары, «ҮМЗ» АҚ еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері, Өскемен қ., қаланың өнеркәсіптік 
кәсіпорындарының жеңіл атлеттері, студенттер мен оқушылар, балалар-жасөспірімдер спорттық мек-
тептерінің тәрбиеленушілері қатысты. 
2013 жылғы 27 қыркүйекте Атом өнеркәсібі қызметкері күнінің құрметіне арнап «Қазатомөнеркәсіп» 
ҰАК» АҚ кәсіпорындарының арасында екінші жыл сайынғы КВН турнирі өтті. Сондай-ақ Компания қы-
зметкерлері шахматтан Халықаралық командалық корпоративтік Интернет-турнирге қатысты. Турнир 
ФИДЕ ережелеріне сәйкес, Интернеттегі ойын ерекшеліктерін ескеретін қажетті түзетумен өткізілді.
Есептік кезеңде Компания А. Матросов ат. Балалар сауықтыру лагерін қайта жөндеу арқылы Шығыс-Қа-
зақстан облысындағы балалардың жазғы демалысын дамытуға да өз үлесін қосты.
білім беру
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да жергілікті және мемлекеттік деңгейде білім беру жүйесіне қолдау көр-
сетіліп отырады. Қолдау көрсетудің негізгі бағыттары: мектепке дейінгі мекемелерді, бастауыш және 
орта мектептерін салу және жөндеу, жоғары оқу орындарының жобаларын қолдау, форумдарды, 
конференциялар мен өзге ғылыми шараларды өткізу. Компания дарынды оқушылар мен студенттерге 
олардың Қазақстанның жоғары оқу орындары мен шетелде білім алуын қаржыландыру, олимпиада, 
ғылыми-практикалық конференция, зияткерлік пікірталастар мен өзге бағдарламаларді өткізу арқылы 
белсенді қолдау көрсетіп отырады. 2013 жылы Компания орын алу өңірлеріндегі білім беру жүйесін 
қолдауға арнап 589 млн теңге қаржы бөлді. 
2013 жылдың соңында Тайқоңыр ауылында (Оңтүстік-Қазақстан облысы) «Волковгеология» АҚ салған 
бөбекжайдың ашылу салтанаты болып өтті. Компанияның қолдауымен 2012 жылдың тамызында бірінші 
ауылдық бала-бақшаның құрылысы басталды. Балалар мекемесінің ғимараты орталық жылыту, желде-
ту, сумен қамту, кәріздік, электрмен қамту, байланыс, өрттік сигнал берумен жабдықталған.

63
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
денсаулық сақтау
Компанияның уран өндіру өңірлеріндегі ауылдардың әрқайсысында тұрғылықты, педиатриялық, диаг- 
ностикалық, хирургиялық және перзентханалық негізгі бөлімдері бар медицина-санитарлық бөлімдер 
салынған. Кейбіреулерінде физиотерапевтикалық, массаждық және рентген-кабинеттер, УДЗ мен ЭКГ-
ға арналған жабдықтар бар. Компания медицина орталықтарының заманға сай жабдықталуы мен жоға-
ры білікті дәрігерлермен қамтылуын ойластырып отырады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның емдеу 
мекемелерінде медициналық көмекті барлық жергілікті тұрғындар ала алады. 2013 жылы Компания ден-
саулық сақтауға арнап 629 млн теңге қаржы жұмсады. 
Есептік кезеңде денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдылыққа Компания қызметкерлеріне, сон-
дай-ақ жергілікті халыққа шұғыл, мамандандырылған және білікті медициналық (хирургиялық, терапев-
тикалық, гинекологиялық, педиатриялық, неврологиялық, стоматологиялық, офтальмологиялық, ото-
риноларингологиялық) көмек көрсету айналды. Сонымен қатар зертхана-диагностикалық зерттеулер 
(клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық), өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлерін жыл сай-
ынғы профилактикалық тексеру, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының қызметкерлері мен 
жергілікті халықты ауруханалық емдеу шаралары жүргізілді.
2013 жылдың желтоқсан айында Ақтау қ. тұрғындарына арналған «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-
ның жаңартылған медицина-санитарлық бөлімі (МСБ) салтанатты түрде ашылды, ол қалалықтардың 
барлығына қызмет көрсетеді. Ғимаратты жөндеу, жапсарлап салуды қамтыған МСБ-ның жаңарту жұмы-
стары және жаңа жабдықты сатып алу 2012 жылы басталды. 
абаттандыру және жасылдандыру
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметін жүзеге асыру өңірлерінде қаржыландыру, инфрақұрылымды да-
мыту және уран өндіру кенттерін абаттандыру бойынша нысаналы бағдарламаларды жыл сайын қолдап 
отырады. 2013 жылы орын алу өңірлеріндегі абаттандыру мен көгалдандыруға арнап 106 млн теңге 
қаржы бөлінді. Жүргізілген шаралардың арасында өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, саябақтар 
мен аллеялардың аумағына газондық шөп себу, аулалардың аумағын тазарту, ағаш отырғызу және сен-
біліктер өткізу. 
Ақырғы бірнеше жыл ішінде жүзеге асырылған елеулі жобалардың біріне «Буденовское-2» кенорнында 
(Оңтүсті-Қазақстан облысы) өндіріс кешенін дамыту болды, ол 2010 жылы басталған болатын. «Қаратау» 
ЖШС мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның арқасында небәрі екі жыл ішінде 106 төсек-орындық вах-
талық кентіне қосымша 40 пәтерлік 10 коттедж салынған болатын. Сондай-ақ жатақхананың құрылысы 
басталды, мұнда: кинотеатр, намаз оқу бөлмелері, сауналар, спортзалдар, қысқы бақ, кітапхана, ком-
пьютерлік зал қамтылған. Айналасындағы аймақта Компания қызметкерлері 1 250 ағаш пен бұташық 
отырғызып, 4 га-дан астам алаңда газондық шөп отырғызды.
«Қаратау» ЖШС басшылығы дұрыс және дәмді тамақтануды ұйымдастырды, сондай-ақ суды тазарту 
жөніндегі арнайы станция орнатылып және өрт қауіпсіздігі жүйесі, кенорнын бейнебақылау күшейтілді. 
Ұялы байланыстың сапасын жақсарту үшін 40-метрлік баған орнатылды. 
Инфрақұрылымды жақсарту барысында Бақырлы ауылына бұрылыстан «Буденовское-2» кенорны мен 
Созақ ауданының Ақсүмбе ауылына дейін қырда асфальтбетонды жабынымен 64 км жол салынды. Бұл 
жекелеген кенттерді байланыстыратын жалғыз жол.

64
бас
Қару
6
6.1 корпоратиВтік басҚарУ
Корпоративтік басқару жүйесін ең үздік принциптер мен әлемдік тәжірибелерге сәй-
кес жетілдіру «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басымдылық міндеттерінің бірі болып 
табылады.
Компанияның корпоративтік басқару жүйесі қызметінің айқындылығын арттыруға, Дара 
акционермен және инвесторлармен сенімді және тиімді қарым-қатынастарды орнатып 
және сақтауға бағытталған және келесі принциптерге негізделген:
•  Дара акционердің құқығы мен мүддесін қорғау;
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ны Директорлар кеңесі мен Басқарманың тиімді басқа-
руы;
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің айқындылығы мен объективтілігі;
•  заңдылық пен этика;
•  тиімді дивиденділік саясат;
•  тиімді кадр саясаты;
•  қоршаған ортаны қорғау;
•  еңбек жағдайларының қауіпсіздігі;
•  корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу;
•  жауапкершілік.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның корпоративтік басқару органдарының жүйесі:
•  жоғарғы орган – Дара акционер;
•  басқару органы – Директорлар кеңесі;
•  атқарушы орган – Басқарма;
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қызметін жетілдіру мақсатында Қоғамның 
қаржы-шаруашылық қызметін бақылайтын, ішкі бақылау саласында баға беретін, 
тәуекелдерді басқарып және кеңес беретін орган – Ішкі аудит қызметі.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік басқармасының ұйымдық құрылымы
дара акционер
«Самұрық-Қазына» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Дара акционері болып табы-
лады және өзінің қызметін Компанияның Жарғысымен ескерілген құзырлыққа сәйкес 
жүзеге асырады.
«Самұрық-Қазына» АҚ қабылдайтын басты шешімдердің арасында:
•  Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау және олардың уәкілеттігін мерзімінен 
бұрын тоқтату;
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қаржылық есебі мен жылдық есебін бекіту
•  дивиденділердің көлемін бекіту;
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Жарғысы мен оған енгізілген өзгерістерді бекіту.
директорлар кеңесі
Директорлар кеңесінің Корпоративтік Басқару (КБ) жүйесіндегі негізгі міндетіне Ком-
панияның қызметіне жалпы жетекшілік ету жатады. Директорлар кеңесі жыл сайынғы 
негізде Дара акционермен сайланады. Шешім қабылдау кезінде әрбір директор Ком-
панияның ұзақмерзімді жетістігі принциптеріне және қабылданған шешімдердің Дара 
акционердің мүдделеріне сай болуына негізделеді. Директорлар кеңесінің шешім қа-
былдау кезіндегі негізгі критерийлердің біріне Компанияның ұзақмерзімді өсіп-өркендеуі 
мен алға қойылған қысқамерізмді міндеттерді орындау арасындағы теңгерімді қамтама-
сыз ету.

65
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
Компанияның Директорлар кеңесі өзінің қызметін Жарғыда, Корпоративтік басқару ко-
дексі мен Директорлар кеңесі туралы ережеде бекітілген принциптерге сәйкес жүзеге 
асырады. Бұл құжаттарда Директорлар кеңесінің рөлі туралы, Директорлар кеңесі мү-
шелерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы ақпарат берілген.
Директорлар кеңесінің қызметі Компанияны тиімді басқаруды қамтамасыз етумен ғана 
шектелмейді, ол сонымен қатар оның атқарушы органдарының қызметіне мониторинг 
жүргізуді, басқару органдарының өзара тиімді іс-қимылын, сондай-ақ Дара акционердің 
құқықтары мен заңды мүдделерін ұстану мен қорғауды қамтиды. Аталмыш функциялар-
ды орындау кезінде Директорлар кеңесі Компанияның Ішкі аудит қызметімен, құрылым-
дық бөлімшелердің басшылары мен лауазымды тұлғаларымен белсенді түрде өзара 
іс-қимыл жасайды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік басқармасының ұйымдық құрылымы
директорлар 
кеңесі 
басҚарма 
тәУекелдерді 
басҚарУ  
жөніндегі 
комитет
инВестициялыҚ 
комитет
кредиттік  
комитет
ғылыми-
техникалыҚ  
кеңес
ішкі аУдит 
Қызметі
дара акционер
ішкі аУдит 
жөніндегі  
комитет
басҚарма  
хатшысы
корпоратиВтік 
хатшы
кадрлар және 
сыЙаҚылар 
жөніндегі 
комитет

66
Басқару
Директорлар кеңесінің қызметі шешім қабылдау кезіндегі тиімділік, жауапкершілік, объективтілік прин-
циптеріне, Дара акционер мен Компанияның мүддесін барынша ұстану мен қорғау принциптеріне не-
гізделеді.
Директорлар кеңесі қызметінің басты бағыттары:
•  Компанияның даму стратегиясы мен даму жоспарын бекіту, сондай-ақ оларды алдағы уақытта іске 
асыру;
•  Компанияның акцияларын орналастыру мен сату туралы шешім қабылдау, сондай-ақ өзге компания- 
лардың акцияларын сатып алу;
•  облигациялар мен туынды құнды қағаздардың шығарылыу шарттарын белгілеу;
•  ірі мәмілелерді және мүдделі болатын мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдау;
•  Компания қызметкерлерінің жалпы санын бекіту;
•  өзге еншілес компанияларды құруға қатысу туралы шешім қабылдау.
директорлар кеңесінің құрамы
Қазіргі Директорлар кеңесінің құрамы Корпоративтік басқару кодексінің нормалары мен корпоративтік 
басқарудың халықаралық практикасына сай келеді. Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына 
бірқатар өнеркәсіп салаларында іскерлік қызметті жүзеге асырудың сан-алуан түрлі дағдыларын мең-
герген, білімі мен тәжірибесі бар әртүрлі жастағы мамандар кіреді.
Директорлар кеңесінің құрамына алты директор, соның ішінде екі тәуелсіз директор кіреді, бұл страте-
гиялық шешім қабылдау кезіндегі объективтілік пен жан-жақты ойлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бе-
реді. Директорлар кеңесі мүшелерінің тәуелсіздік нормаларына сай болу критерийлерінің сипаттамасы 
Жарғыда және Директорлар кеңесі туралы ережеде келтірілген, ол Компанияның Интернет-сайтында 
берілген. 
Компанияның қазіргі Директорлар кеңесінің құрамы:
ердебай дәурен иманжанұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы (Дара акционердің Өкілі)
1977 жылғы 20 қарашада туылған. Қазақстан Республикасының азаматы.
•  1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар» ма-
мандығы бойынша тәмамдады, мамандығы «Халықаралық-экономист».
•  1998 жылдан бері Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі бөлімінің жетекші ма-
маны, басшысының орынбасары болып қызмет етті.
•  2001 жылғы тамыздан бастап 2002 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі 
орынбасарының кеңесшісі болып қызмет етті.
•  2002 жылғы ақпан және қыркүйек аралығында – Азиялық Даму Банкінің кеңес берушісі.
•  2002 жылғы қыркүйек және 2004 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы мини-
стрлігі департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсеханасы-
ның кеңес берушісі, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар 
жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды.
•  2004 және 2007 жж. аралығында «SAT&Company» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары, 
2007 - 2009 жж.– «KazakhstanPetrochemicalIndustriesInc» АҚ президенті, «KazakhstanPetrochemicalInd
ustriesInc» АҚ бас директоры.
•  2009 жылғы ақпаннан бастап «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма Төрағасы болып табы-
лады.
•  2013 жылғы мамырдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары болып 
табылады.
•  2013 жылғы маусымнан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы.

67
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
рамазанов тілекқабыл сәбитұлы
Тәуелсіз директор
Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.
Қазақстан Республикасының азаматы. 1961 жылы туылған.
•  1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетін «Физика» мамандығы бойынша тәмамдады.
•  1986 жылы КСРО Ғылым академиясының аспирантурасын бітірді. Физика-математика ғылымдарының 
докторы, профессор.
•  1987 жылдан бастап Әл-Фараби ат. ҚазМУ ғылыми көмекші, аға оқытушы, доцент, профессоры бол-
ды.
•  1998 - 2000 жж. – ҚазМУ физика факультетінің деканы.
•  2000 - 2006 жж. – Экспериментальді және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының дирек-
торы.
•  2006 - 2007 жж. – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Төрағасы.
•  2007 - 2008 жж. – ҚазҰУ ғылыми еңбекті қажет ететін технологиялар мен ендіру жөніндегі прорек-
торы.
•  2008 - 2010 жж. – Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Экспериментальді және теориялық физика ҒЗИ зерттеу және 
инновациялық жобалардың жетекшісі, плазма оптикасы және физикасы кафедрасының профессоры.
•  2010 бастап осы кезге дейін – Әл-Фараби ат. ҚазҰУ ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.
Проф. Т.С. Рамазановтың жетекшілік етуімен 1 докторлық, 13 кандидаттық және 1 PhD диссертация 
қорғалған, 350 астам ғылыми еңбек жарияланды, беделді халықаралық конференцияларда 120 астам 
ғылыми баяндама жасалды. 2 монографияның, 15 оқу-әдістемелік құралдарының авторы.
2009 жылғы 23 ақпаннан бері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тәуелсіз директоры болып табылады, 
қазіргі Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні – 2012 жылғы 8 мамыр.
тұрмағамбетов мәжит әбдіхалықұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі (Дара акционердің өкілі)
«Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма Төрағасы.
Қазақстан Республикасының азаматы. 1961 жылы туылған.
•  1984 жылы Н.Э. Бауман ат. Мәскеу жоғары техникалық училищесін «Инженер-механик» мамандығы 
бойынша үздік бітірді.
•  1984 жылдан бастап – Алматы қ. С.М.Киров ат. Машина жасау зауытының шебері, цех бастығының 
орынбасары.
•  1989 - 1997 жж. жекеменшік коммерциялық ұйымпдардың жетекшісі болды.
•  1997 жылы ҚР Экономика және сауда министрлігі Өнеркәсіп департаменті директорының орынба-
сары болды.
•  1999 жылдан бастап – ҚР Мемлекеттік табыс министрлігі Алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналы-
мын мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы.
•  2001 жылдан бастап – ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің вице-ми-
нистрі.
•  2003 жылдан бастап – «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
•  2004 жылдан бастап – «Астанаэнергосервис» АҚ Басқарма Төрағасы.
•  2006 - 2008 жж. – коммерциялық құрылымдардағы басшы лауазымдар.
•  2008 жылдан бастап – ҚР Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
•  2009 жылғы наурыздан бастап – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Вице-министрі.
•  2012 жылғы қаңтардан бастап «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма Төрағасы.
•  2012 жылғы 8 мамырдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Дара 
акционердің өкілі.

68
Басқару

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет