Часть первая. Древние и средние века. Лекции, читаемые в Оренбургском
отделении Московского археологического института в 1921 году –
Киргизское государственное издательство. Оренбург – 1924.
12. Бұл да сонда
13. Бұлда сонда
14. Есенберлин. Алмас қылыш. Көрс. Әд.
15. ҚР ОММ. «Есенберлин қоры» Ф. 2144. Ж.. 1. І. 215 л. 1
16. Сейфуллин С. Көп томдық шығармалар жинағы. 2 том. - А., Қазығұрт,
2006. 206 б.
17. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.1. – А., Алаш,
2003.
18. Қайырбеков Әділғазы. Жұмбақ жолаушы //Халық кеңесі. 1992. 1
мамыр.
19. Нұрғожа Оразов. Ел ардағы – Ер тұлға //Сарыарқа. – 1996. - №3. 11
б.
20. Есенберлин Ілияс. Он томдық шығармалар жинағы / Қатерлі өткел.
Екінші том. – Алматы. «Жазушы». 1984. – 440 б.
146
21. Бүркітбай Аяған. Бізді басқарғандардың бет-бейнесі //Егемен
Қазақстан. - 2013. - 27 ақпан
22. Есенберлин І. Қатерлі өткел. Көрсет. әд.
23. Бұл да сонда
24. Бұл да сонда
25. Бұл да сонда
3.3 Қазақтың «алмас қылышы»
Қазіргі заман зерттеушілерінің пікірінше, кез келген халықтың пайда
болуы және қалыптасу тарихы – өте ұзақ та күрделі құбылыс, оның
нәтижесінде белгілі бір аймақта тілі ортақ, этникалық өзіндік түсінігі мен
өзіндік атауы ортақ, материалдық және рухани мәдениеті бар адамдардың
берік қауымдастығы қалыптасады. Тарих көрсетіп отырғандай, бұл
процесс қазақ ұлты мен оның орталықтанған мемлекетке айналуына да тән
құбылыс.
Ғасырларға созылған осындай көріністің барысында дала иелері –
көшпелі тайпалар – талай құбылысты басынан кешірді. Ұзақ та күрделі
процестерден тұратын көне қазақ даласында орын алған алғашқы адамдар
арақатынастарының тайпалық кезеңнен өтіп, рулық одағының құрылуы,
соңғысының - дами келе мемлекеттік түр алуы (үйсін, қаңлы, ғұндар); және
де олардың ізбасарлары – көне түркілердің әлемдік өркениетке қосқан өшпес
іздері; Алтын Орда атанған феодалдық мемлекеттің тарихи сахнада елеулі
орын алуы. Одан бара келе оның құрамынан бөлініп шығып, Қазақстанның
Солтүстік шығысы мен Орталық және Оңтүстік жерлерін иемденген Ақ
Орда; Оңтүстік шығысы еншісіне тиген Моғолстан мемлекеттері секілді
адамдар бірлестіктерінің негізгі күшіне айналған Ұлы Даланы мекендеген
тайпалардың дами келе «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару»
тұрғысында ғана орталықтанған мемлекет құрудың қажеттілігін түсінуі мен
оған жетудің алғышарттарын көрсете алғандығы – адамзаттың дамуына тән
мәңгі өшпес жалғастықтың нақты көрінісі.
XV ғасырдың 50-60 жылдарында Әбілхайыр ханнан Керей мен
Жәнібек бастаған тайпалар бөлініп шыққаннан кейін «қазақ» атауы
ресми түрде әлемдік айналымға еніп, біріккен елдің этнониміне айналды.
Қорытындысында, өздерінің атамекенінде сан ғасырлар бойы өмір сүріп
келген тайпалардың этникалық қалыптасуы аяқталды. Осылайша тарих
сахнасына шыққан Қазақ хандығы үш ғасырдан артық тек қана «ақ найзаның
ұшымен, ақ білектің күшімен» емес, соныменен бірге бабалардан өсиет
147
болып келген елге, жерге деген рухани күштің арқасында бірлікке берік
болып, ел шетінің ыдырауына жол бермей келді.
Осылайша тарихи сахнадан орын алған Елдің іргесі шайқалған кезді
де басынан кешірді қазақ ұлты. Қазақ хандығының тұрақты дамуына оның
Ресей мемлекетімен жақындасуының қатты ықпал еткендігі, өкінішке орай,
тарихи шындық. Мұны XIX ғ. соңында Ресей зерттеушілерінің өздері
мойындаған да. Соның ішінде 1898 жылы Орынбор баспасында И.И.
Крафттың құрастыруымен жарық көрген «Сборник узоконений о киргизских
степных областях» атты еңбектен төмендегі жолдарды кездестіруге болады
деп көрсетеді белгілі ғалым Марат Мұқанов: «Өлкені (қазақ даласын орыс
мемлекеті осылай атаған) отарлауда екі нәрсені аңғаруға болады: мұнда еркін
отаршылдардың пайда болуы және солардың ізімен, үкімет жасақтарының
жылжуы. Еркін отарлау ауыр тұрмыстың тауқыметіне шыдай алмай
қашқан немесе қорғансыз бұратана халықтың (сызған Біз – А.Қ.) үстінен
оңай олжа табуды мақсат еткен шаруалардың және әртүрлі бұзақылардың
келуіне байланысты болды. Олар бұл жағдайда, әсіресе, Оңтүстік Орал мен
біздің өлкенің (сызған біз – А.Қ.) Солтүстік-шығысына әбден бауыр басып
алды. XVI, XVII және XVIII ғасырларда мұнда осындай белгісіз адамдар
жиналды. «Жер көру» туралы ой осында туындап, ішке, «беймағлұм елге»
тереңдей ену қозғалысы басталды [1, 9 Б.].
Патшалық Ресейдің империялық тұрғыдан жүргізген бұл саясаты қазақ
шаруашылығы мен тұрмысына, әсіресе тарихи санасына қатты әсер етті.
Соныменен қатар ол саясат жалпы орыс халқының да өмірлік қозғалысына
әсер етіп, бара-бара орыс мемлекеті өкілдерінің аяқ басқан жерлерінің
бәрін өз меншігі деп қарау тұрғысындағы қағида ана сүтіне дағдыланған
нәрестенің әдетіне айналды. Басқарудың орыстық жүйесін енгізу, патша
билігінің орталық губернияларынан орыс және басқа ұлттардың өкілдерін
қазақ даласына жаппай қоныс аударту сияқты бағыттарды тиімді пайдалана
алған үстемдік етуші мемлекет бара-бара барды жоққа айналдырып, көп
уақыт бойы елдің берекесіне айналып келген, өзіндік ерекшеліктер негізінде
тарихи сахнада орын тапқан Қазақ хандығы мемлекетінің қалыптасуы мен
дамуына негіз болып отырған алғышарттарын жоюға жанталаса кірісті.
Соның ішінде, әсіресе, қазақ ұлтының жанына батқаны – бар жоғы екі
жүз жылға жетер-жетпес уақыт ішінде қазақ жерінің орыс мемлекетінің
меншігіне айналуы, аймақта орыстық басқару жүйесінің орнауы. Осы
жерде сәл алға қарайтын болсақ, қазақ даласында орыс мемлекеті басқару
жүйесінің орнауының зардабы күні бүгінге дейін байқалуын осыдан көруге
болады.
«Қазір кейбір адамдар белгілі бір халықтың айрықша қасиеттерін атап
148
көрсетуді немесе оларды ерекше бөліп қарауды, немесе Қазақстан жерінің
бір бөлігін кесіп алуды жақтаушылар ретінде бой көрсетіп жүр» – деп жазған
болатын зерттеуші Марат Мұқанов тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, -
«олар бұл талаптарды қойғанда не нәрсеге сүйенеді? Ондайлар орыстардың
белгілі бір облыс халықтары арасында көпшілік болып отырғандарын ғана
тілге тиек етеді» [2, 74 б.].
«...Сен туған көне тарих, көне халық.
Бір кезде бұ әлемге төккен жарық.
Төнгенде талай жауы «құртамын» деп
Шыға алған тауды бұзып, тасты жарып!
Жатқан соң шапқыншылар жолы болып,
Көп көрдік күштілерді салған жорық.
Сонда да бермедік біз ешкімге де
Қазақтың ұлы жерін, қалдық қорып...
Бұл ара дозақ та еді, бейіш те еді,
(Талай хан бұл далаға кейісті еді),
Бұл жерсіз дүние жүзі тарихы жоқ,
Шығыс пен Батыс мұнда түйіседі!»
Бұл, үлкен творчестволық жолға түсуден біршама бұрын жазылған «Әл-
Фараби» дастанында кездесетін І. Есенберлиннің үлкен ойды қозғаудағы
алғашқы қадамдарының бірі болып, одан әрі бүкіл шығармашылық
бағытының айнымас Темірқазығына айналған өмірлік берік қағидаты еді.
Ұлттың бойындағы алып рухани күштің астын сыза көрсету бұл
кездері І.Есенберлинге маңызды болуының да себептері бар. Социалистік
қатынастар дамыған сайын одақтас мемлекет құрамына енген ұлттардың
арасында үлкен түсінбеушіліктер бет ала бастады. Ол – социализмнің алға
басқан қадамдарын тек өз жетістіктері деп санаған бір мемлекеттің ішіндегі
бір ұлттың үстемдік көрсете бастауынан туындайтын еді.
Өкінішке орай, патшалық билік кезінде ғылыми ұстанымға айналған
қағидадан көптеген кеңестік тарихшылар алыс кете алмаған. Нәтижесінде,
кезіндегі қазақ даласында байқалған әлеуметтік көріністердің деңгейін
ғылыми тұрғыдан түсіндірудің төмендігі, қазақтардың өздерінің арасында
нигилистік қөзқарастардың туындауына әкеліп соқтыра бастады. Кеңестік
авторлардың бірі С.Е. Толыбеков өзінің қомақты еңбегінде Қазақстан
мен Ресей қатынастары туралы төмендегідей жазған: «Несмотря на
вынужденное отставание в своем экономическом и политическом развитии
от европейских стран, Россия сразу же выступила на мировой арене как
149
исполинская сила, которая благотворно повлияла на судьбы многих стран
мира, где так или иначе существовало татарское-монгольское владычество»
- дегенді мойындай отыра, қазақ қоғамына байланысты: «Разрозненные
условиями кочевого скотоводства казахские племена и роды, образовав
союз в виде кочевого ханства, в основном продолжали характерные для всех
непрочных политических объединений древних и средневековых кочевых
народов межплеменные раздоры, грабительские войны» - дегенді тағы да
орыс орыс зерттеушілерінің пікіріне негіздей отыра нығыздаған [3, 233-234
бб.].
Шындығына келгенде, қандай да болмасын қоғамдық қатынастарға сай
болуы мүмкін алауыздықтарды (қазақ қоғамында бұл рулар арасындағы
байқалған қарама-қайшылықтар: жер дауы, жесір дауы т.т.) өз пайдасына
шеше білген екінші мемлекет осы көріністерді «жабайы қазақ қоғамына
тән табиғи жаугершілік» деп түсіндіріп, кіші мемлекеттің ішкі мәселелерін
«шешіп беруде» өзінің «борышына» лайықты әрекеттерге кірісті. Бұл
дегеніміз, қазақ елінің өзіне лайықты қарастырып отырған бостандық, нағыз
теңдік заманының жақындағанынан гөрі, алшақтап бара жатқандығының
бейнесі болып шықты.
Соның бір көрінісі ретінде кеңестер жүйесінің қоғамның негізін құрап
отырған ұлттардың мүддесімен санаспай, орталықтанған мемлекеттің
атынан сөйлеп, ойларына келген әрекеттерге (соңы неге әкеліп соғатынын
ойластырмай!) барып отырғаны – тек империялық саясаттан туындайтын
істер екендігі даусыз деп айтуға болады.
Нәтижесінде бір кездері ел үшін, жер үшін ерен ерлікке барып отырған
халық (соның ішінде әсіресе, қазақтар) жаси бастады.
Жазушы І.Есенберлин болса өзінің алдында тұрған басты мақсаттардың
бірі – Кеңестік идеологияның ғана емес, өзара тартыстар мен көре
алмаушылық, қызғаншақтық шырмауынан әбден шаршап, шырғалаңға
тірелген қоғамды селт еткізіп, одан әбден мысы басылған отандастарына
әсер ететіндей бір әрекетке баруды дұрыс деп санаған. Ал мұндай әрекетке,
бір кездері «халық жауы атанған» азаматтың қызына үйленіп, таяқ жеген,
одан да күрделісі – «Бекмаханов ісі», «Олжас ісі» деп атанған процестерден
кейін баруы – кеудені оққа тосқанмен пара-пар болатын.
Кезеңнің күрделілігін түсіндіру барысында тарихшы Т.Я.Сәтбай
мынадай мысал келтіреді: «1972 жылы Алматыдан 100 км жердегі
Тайғалттас сайында мұғалімнің басшылығымен серуендеп жүрген мектеп
оқушылары көне жазуы бар тастарды тауып алған. Ол тас Қазақстан ҒА
ауласына жеткізілген. Табылған жазулардың құны шексіз. Т.Я.Сәтбай
айтқандай, «ұлы жаңалық» ашқаны үшін ғалымдар сый-сияпат сұрағанда
150
бір ғылым докторы тізімге ілікпей қалған. Ашынған ол «Комсомольская
правда» газетінің меншікті тілшісіне жаңалықты бұрмалап түсіндіріп, бұл
жазулар «Қыз Жібек» фильмін түсіру кезінде қолдан қашалып жазылған
деп «әшкерелейді» [4, 167-168 ББ.]. Ал, әріптестерінің «жанашырлығының»
арқасында осылайша бүкіл тарихшылар алдында жаман атқа қалған қазақ
ғалымдарының моральдік тұғыдан «тайған аяқтарын қайта тұрғызу» үшін
де Есенберлин тарихы романдары өте-мөте қажет еді. Олжас Сүлейменов
ашына айтқандай «орыс халқы тарихынан жүздеген адам есімдерін атап
білетін, ал өз тарихына келгенде тарихи есімдерді он саусақтан асыра алмай
қалған ел үшін Есенберлиннің тарихы да, баспа шығармалары да тұңғиық
жер астынан жарқ еткен сәуледей еді [5, 168 Б.].
Тарихшы-ғалым, профессор Ханкелді Әбжанов пен оның әріптестерінің
ойынша тоталитаризм ережелері үстемдік құрған тар кезеңде Қазақстан
ғылымының жасампаз күші мен мүмкіндіктері толық ашылды деуге
болмайды «... сол жылдары қанат жайған буржуазиялық ұлтшылдықпен
күрес науқанының қысымымен М. Әуезов, А. Жұбанов тәрізді ғалымдар
республикадан тысқары жерлерге кетуге мәжбүр болса, тарихшы Б.
Сүлейменов, филолог С. Кеңесбаев жұмыстан қуылды... профессор Е.
Бекмаханов буржуазияшыл – ұлтшыл идеологияны насихаттады, ...хандарды
дәріптеді деген айыптаумен 25 жыл мерзімге сотталды» [6. 66Б.]. Десе
де, ғалым идеологиялық қысымның көркем мәдениеттегі жасампаздық
бағыттарына тежеу бола алмағандығын М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ.Мүсірепов,
Ғ.Мұстафиннің жаңа туындылары, Ә. Нұрпейсовтың, Ә.Кекілбаевтың,
Х.Есенжановтың, Ш.Нұртазаның, С. Жүнісовтың, Т.Ахтановтың,
М.Мағауиннің, Б.Момышұлының, Ә.Нұршайықовтың, Қ.Салғараның,
Қ.Жұмаділовтың еңбектері негізінде көрсете келе, Ілияс Есенберлиннің
«Көшпенділерін» де атайды [7, 69 Б.].
Бар ғана кереметтігі, нақ осындай уақытта жазушы І.Есенберлин
өзінің шығармалары арқылы бір жағынан ұлттың еңсесін төмендеткен
жағдайларға назар аудара отыра, халықты рухтандырудың жолдары тек
қана тарих қойнауында деген қағиданы қатты ұстаған. Жазушының тарих
беттеріне үңілу себептері де осында: «Әбілқайыр» (Дешті Қыпшақтағы
көшпелі өзбектер мемлекетінің ханы – А.Қ.) Ақжол мен Қобыланды (арғын
мен қыпшақ елдерінің батырлары – А.Қ.) арасына астыртын шоқ тастап,
шиеленістіре түскен. Бірақ бұдан екі батырдың өшпенділігі екі рудың
өшпенділігіне айнала қоймады, – деп жазады жазушы Есенберлин. Соның
ішінде «... Бұрын мұндай батырлар таласы бірден ойран-асыр рулар таласы-
на айналып кететін-ді, бұ жолы ондай өрт шықпады. Тіпті айтыс, бәйге
таластары да екі топтың уақытша қызбаланғаны болмаса, кектесіп, қан төгі-
151
сер күйге жетпей қойды» [8], - деп отырған жазушы қазақ руларының арасы-
на амалын тауып ірткі салу жалғыз Әбілхайыр сияқтылардың ғана арманы
екенін назарынан тастамайды. І.Есенберлиннің «Қазақ хандығының ірге
тасын сақтап тұрудың жалғыз жолы қанды қақтығыстарда деп түсінген «...
аңғал батыр, шойыратын шорт мінезді Бұрындық та бар» деуінде екі жақтың
(екі батыр) арасында кез-келген сәтте бола кететін қақтығыстың, сол сәтте
әлеуметтік сипат алып (екі жаққа бөлінген рулар), енді келе саяси бағытқа
ұласып кетуге лайықтығын ескертіп отыр. Сөйтіп, мансапқор адамдардың
билікке жету мақсатында рулардан тұратын елдерді (тайпаларды) амалын
туып бір-біріне қарсы қою арқылы қоғамның бірлігін бұзуға тырысатынын
көрсеткен.
Солай бола отыра, өздерінің теріс мақсатын өзінің негізгі қағидасына
айналдырған билеушілер (бұл жерде, әзірше, хандар), өздері орнатуға ынта-
лы жүйенің тұрақсыздығын әрқашан да басқалардан көреді. Жазушының
«Көшпенділеріндегі» Әбілхайыр үшін арғын мен қыпшақтарды оған
«қарама-қарсы» қойып жүргендер – Жәнібек пен Керей сұлтандар болса,
Бұрындық хан үшін қарсы жау – Қасым. Себебі, осы Қасым хан «Қазақ
хандығының күшею жолы – үнемі соғысуда емес, алдымен өзіңе ешкімнің
тісі бата алмайтын айбарлы, қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын
бейбітшілікті арман еткен ел болуында » - деп түсінген. [9, 189 Б.].
Қазақ халқының тарихи жағдайларға орай үш жүзге бөліну мәселесі
тек Есенберлинді қызықтырып отыр десек – ол дұрыс түсінік емес.
Ол күні бүгінге дейін тарихшы-ғалымдарды ғана емес, жалпы тарихқа
қызығушылығы бар зиялы қауым өкілдерін қызықтыруда. Сонымен
қатар Қазақ даласына орыс мемлекетінің ықпалын барынша күшейту
қажеттілігін іске асыруды өз міндеттері деп түсінген патша шенеуніктері де
аз болмаған. Қазақ ұлтымен тікелей араласа бастаған олар, әсіресе, ұлттың
менталитетіне, оның елге, жерге деген сүйіспеншілік себептеріне бірден
назар аударған. Солардың бірі орыс зерттеушісі А.И.Левшин «Предания
говорят... что народ сей после смерти одного из единственных ханов был
разделен его сыновьями на три части, которые по старшинству новых
повелителей получили названия «Большой, Средней и Меньшей» дегенді
айта отыра, еуропалық авторлардың да осы мәселеге көп тоқталғандығын
тілге тиек етеді: «В книге Витсена Noorden Dost Tortarye, печатанной в 1705
году в Амстердаме и сочинения по известиям, которых большая часть была
доставлена из России по воле Петра Великого, нынешие киргизские орды
не называется иначе, как казачьими ордами, или татарскими казахскими».
Нәтижесіндегі А. Левшиннің негізгі қорытындыларының бірі: «Вскоре
начались междоусобия, и соседние народы не замедлили воспользоваться
152
ими. С запада начали нападать волжские калмыки, с севера – башкурты и
сибирские казаки. Страшнее всех было с востока Зюнгары» – дегенді алға
тартады [10, С. 165].
Осылайша, орыс пен батыстық тарихнамада қазақ қоғамы ішіндегі
тайпалар мен рулар арасындағы «өзара тартыс», «өзара соғыстар» ресми
жолға қойылып, қазақтанудың негізгі методологиясына айнала бастаған.
Бұл процесс кезінде-ақ байқалып, осыған байланысты қазақ қоғамында
туындай бастаған наразылықтардың басында білімге аяқ басқан ұлттық
зиялы қауым өкілдері мен қазақ қоғамының элитасы болған. Солардың
бірі жас ғалым-зерттеуші Шоқан Уәлиханов. Ол «В Европе до сих пор
господствует ложное понятие, представляющие кочевые племена в виде
свирепых орд и дикарей; понятие о кочевом ...киргизе тесно связано с идеей
грубого и скотоподобного варвара. Между тем большая часть этих варваров
имеет свою литературу и сказания – письменные или устные», - деп жаза
отырып, өз ұлтына деген теріс ұстанымға қарсы ойды айтқан [11.390 Б.].
Осыған қарамастан, қазақ қоғамында жікшілдік, руға бөліну қазақ
ұлтына тән емес жаңа көрініс ретінде (бір руды ерекше таңдап алып, оның
өкілдерінің қоғамның дамуына қосқан үлестерін рулық тұрғыдан аса
дәріптеу, бір руды екінші рудан жоғары қою т.б.) өкінішке орай Кеңестік
басқару жүйесінде биресми түрдегі кадрлар таңдаудағы басты қағидаға
айналса, осы көріністің кейбір қазақ зиялыларының арасында бүгінге дейін
орын алуы өкінішті жайт.
«Жазушылар Одағы ол кезде жасыл орманға ұқсаушы еді. Ол орманда
аю да, түлкі де, қасқыр да, қоян да мекендейтін. Одақ ішінде рушылдық-
жүзшілдік ниеттегі жазушылар тобын жоғарыдан астыртын түрде қолдап
отыратын құпия күш те бар болатын. Өз жүзінен емес, өзге жүзден шыққан
жүйрік жазушыларға астыртын айбалта сілтеп, Құлагердей құлатып отыру
олардың тактикалық тәсілдері болатын», - деп сипаттайды кезеңді белгілі
қазақ қаламгері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов
[12].
Мақаларымыздың бірінде біз Қаныш Сатпаевтың осы тұрғыдан өзін
арашалап қалуды сұрап Орталық Комитеттің атына арыз жазғаны туралы
мысал келтіргеніміз бар болатын. «Ұлттық кадрларды таңдап алып, оларды
тәрбиелеудегі, соның ішінде әсіресе жерлестік тұрғыдан жіберілген
кемшіліктері үшін» Қазақстан Ғылым Академиясының президенті
қызметінен босаған ол өзі басқарған ғылыми мекемедегі 1789 адамның
289 қазақтар екені, олардың 17-сі ғана баянауылдықтар екенін айтып және
олардың қандай облыстардан екендігі туралы ресми түрде есеп беруге
мәжбүр болған [13. 8-14 ББ].
153
Қазақ халқының жанын жеп бара жатқан осы бір дерттен арылудың
жолын Ілияс Есенберлин тарихтан іздеген. І.Есенберлин Қазақ қоғамындағы
рулық қатынастардың өте күрделі де, маңызды екеніне назар аударып, осыны
оқырманға жеткізуді негізгі мақсат етіп қалаған. Жазушының кереметтігі
сонда, ол бірде-бір руды қарама-қарсы қоймай, керісінше олардың бірлігі
мен бас қоса жасаған әрекеттерін «Алмас қылышқа» теңеп, дәріптеген.
Жазушының терең түсінігі Қазақ қоғамы қай кезде болмасын ұлтжанды
өкілдерден кенде болмағанын болжайды. Қай заманда болсын, олардың
жатса-тұрса ойлағандары ұлттың жанға батар проблемаларын көтере
отырып, олардың оң түрде шешу жолдарын көрсету, нәтижесінде ұлтын
өркениеттің кезеңіне сай биіктеріне көтеру. Осы жердегі І.Есенберлиннің
негізгі методологиясы: «Кең байтақ далада бар күн көрісі мал бағу ғана
болған қазақ рулары бірігіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару өте
қажет екенін ұға бастаған. Жерінің шалғайлығы да, сол жердің шалғай
болуын тілеп отырған мал шаруашылығы да, бірлесіп бір жерде отыруға
болмайтыны рас. Бірақ қазақ руларының түсіне бастаған тағы бір жағдай
бар.
Ол жағдай – бастары қосылмағандықтан, көрінгеннің жеңіл олжасына
айналып кете беруі еді. Осыдан барып, бытыраған қазақ Жошы ұлдарынан
да, Ақсақ Темір қосындарынан да жеңілген. Шапқыншылық заманда тағы
бөтен жақтан келген бір басқыншының жеміне айналып кетпес үшін, бүкіл
қазақ рулары бір жерде бас қоспағанымен де, әдет-ғұрпы, жайлау-қыстауына
қарай одақтас жұрт болу керек екенін ұққан... халық тұрғысынан дәстүрге
айналған, әркім өз байлығын, ерлігін, шешендігін дәріптейтін айтыстарға
қатынасқанымен де, бұл бірігудің абзал екенін Асан Қайғы, Қазтуған, Қотан
секілді бүкіл қазақ қауымы ардақтаған жыршылар да қолдаған» [14, 70-71
ББ.].
«Ілияс Есенберлин тарихи романдарында әдебиетті саясат құралына
айналдырып келген догматикалық нұсқаулар көлеңкесінде, қалмай
батыл ізденістер жасады», - деп жазған болатын үлкен ғалым Рахманқұл
Бердібай өзінің «Егемен Қазақстан» газетіне жазған мақаласында. –
«Оның шығармаларында бұрын ылғи дерлік қараланып келген, сол кездегі
терминмен айтсақ, үстем тап өкілдері жан-жақты бейнеленеді Мәселен,
«Көшпенділердің» бірінші кітабы «Алмас қылышта» Дешті Қыпшақтың
сонау ХV ғасырда өмір кешкен ханы Әбілхайырдан бастап, Мұхамед
Шейбани, Қазақ хандығының іргесін көтерген Жәнібек пен Керей, олардан
кейініректегі Бұрындық хан, даланың дана жыраулары Қазтуған мен Қотан,
аты аңызға айналған Қобыланды батыр бейнелерінің жасалуы «жабық
тақырыптың» тоңын бұзған өзгеше құбылыс болды. Осы шығарма жөнінде
154
бұдан ширек ғасыр бұрын жазған: «Бұл романда желі тартқан басты идея
– қазақ руларының бірлесу, бір хандық шеңберінде ынтымақ құру идеясы».
Жазушы тарихи фактілерге берік сүйене отырып, мұндай бірліктің аса
қатал өмір сынында, өлім мен өмір кезек алмасқан алмағайып, аласапыран
ауыр жағдайда жүзеге асқанын, қазақтың жеке хандығын орнатқан күштер
кім, сатылғыш, дүниеқоңыз дұшпандар кім екенін тайға таңба басқандай
тізіп береді. Өз халқы тарихының көп мәселерінен бейхабар оқушы үшін
мұндай мағлұмат аса зәру» (жазушы бұл жерде өзінің 1979 жылы «Қазақ
тарихи романындағы» сөздерін қайталап отыр – А.Қ) деген сөздеріме қазір
де қосып аларым жоқ», де жазған. [15].
Десек те І.Есенберлин Қазақ елінің бірігу мәселесінің түп-тамырына
ұзақтан көз салып отыр. «Жалғанда не қиын, қазақтың ру таласын шешу
қиын. Бірақ оны шешудің қандай қажеті бар? – Әбілхайыр хан мырс-мырс
күлді. – Шыңғыс тұқымының хан тағына осыншама ұзақ отыруының
себебі де осында емес пе? Егер ру-ру боп бөлінген бар қазақ бірігіп кетсе
не болар еді? Жо-жоқ, бұл жұртты – абайлап ұстамасаң, қолыңды алып
түсер қылшылдаған ұстара. Абайлап ұстаудың жалғыз жолы – біріне-бірін
бақтырып қою. Сонда ғана бұл ұстара қауіпсіз». Бұл – Әбілхайырдың ойы
[16, 22 Б.].
«Қазақтың көшпелі рулары алмас қылыш», - деп ойлаған сұлтан
Жәнібек, «егер жұмсай білсең – ол жауыңа айбар, жер-суыңа қорған. Қара
халық өз бетімен бір-бірімен соғыспайды, тыныштықты, достықты тілейді.
Бар пәле бізде, хан, сұлтандарда. Қолыңдағы осындай күшті аужайлап
пайдалана алсаң, ойыңдағы хандықты құруға болады....» [17, 23 Б.].
«Қазақ хандары Түркістан өлкесі үшін сексен жылдай соғысты» – деп
жазады Есенберлин, - «Ақырында осы Хақназар хан болған кезінде ғана
тегіс өз жерін өзіне қайтарып алды. ...Және осы Хақназар хан кезінде үш
жүз жылдан көп әңгіме болып келген жай – бүкіл халықтың үш жүзге
бөлінуі аяқталды... Иә, сар даласында, сонау ұзақ тарихында қазақ халқы
не көрмеді. Суға да батты, отқа да жанды, бірақ тірі қалды, құрып кетпеді.
Осының бәріне айғақ халықтың ерлігі, тағдыры үшін күресі еді.
Бағанадан бері әскерінен көз алмай тұрған Қасым хан осыншама
жауынгер ұл берген халқына риза болып кетті.
Мына сұрапыл күшке қарап тұрып ойға келдім, - деді ол ...Оңай
-
батырға, - қазақ елі нағыз бір алмас қылыш қой, қарашы, алмас қылыштан
айни ма?...
Гәп осы алмас қылыш кімнің қолында болады, сонда ғой – деді Оңай
-
батыр ханға сәл бұрылып, - кім оны қалай ұстайды, қандай арман үшін
жауына салады.
155
Жөн айтасын, - деді Қасым, бабын таппасаң, қыран құс қасқыр ала
-
алмайды, - сөйтті де ол қалың қол аттанып бара жатқан күншығыс пен
оңтүстікке қобалжи қарады. – Ел шетіне жау келді, алмас қылыш тағы
қынабынан суырылды» [18, 212 Б.].
«Ал осыған дейін «бүлінген жұрттың басын қосу тек еліне жаны ашыған
ұлдарының қолынан келетінін жақсы түсінген Қасым Жәнібекұлы бар
арманы – елді біріктіру әзірге қолынан келмесе де, сол арманның үстінде
жүрген.
Болашақта Қасым хан арманына жетті. Оның нәтижесі: ...Сейбан
(Шейбан) ұрпағы Әбілхайыр Көк орда тағына отырғанымен де, халықтың
басын қосып, Сайын ордасының қызыл туын бүкіл Дешті Қыпшақ үстіне
желбірете алмады. Оған себеп – бәз баяғы қазақ руларының өз батырларына,
биіне ғана бағынуы. Рушыл халық хан үстемдігін тек ру басшылары би,
батырлар қабылдаса, сонда ғана мойынұсынған... [19, 54 Б.].
Патшалық жүйе қазақтың осындай тіршілігіне қол сұқты. Қол сұғып қана
қойған жоқ. Қандай да қоғам мүшелерінің бірдей ойда болмауын, әсіресе,
олардың арасындағы билікке жету деген асқан құмарлық танытатындарын
пайдалана отырып, «қазақтың алмас қылышын» мұқата алды. Бұл да тарихи
шындық екенін Есенберлин жасырып қалмақ ойда болған емес.
ХVШ ғ. 30-шы жылдарында Ресей мемлекеті құрамына өз еркімен
кірген қазақ жүздері алғышарт болған әлеуметтік-экономикалық және
сыртқы саясаттағы жағдайларды сараптауды міндет тұтқан жоғарыдағы
С.Е.Толыбековтың еңбегі осы жерде тағы да назар аудартып отыр. Рулық
қатынастарға өзінше нүкте қоймақшы болған автор: «Анализ материалов,
характеризующих кочевое общество казахов в ХV-ХVШ вв., дает возмож-
ность считать, что батырство возникло вместе с переходом кочевых скотоводов
от патриархально-родовой стадии развития к патриархально-феодальной,
от бесклассового общества к классовому. Оно было постоянным спутником
и надежной опорой казахского кочевого ханства. Без батырства немыслимо
существование самого кочевого хана, как главного батыра» - [20. 256 Б.]
дей келе, бір кездері жас Есенберлинге ой қорытуға себеп болған, әсерлі
патриоттық сезімге жетелеген (есіңізде ме – қырғыз ақыны Кәкбайдың
орындауындағы қазақтың көне замандағы батырлары туралы эпостар! –
Қ.А.) ортаға күмән келтіреді. Ол аз болғандай: «В эпоху расцвета батырства
народная масса казахских кочевых ханств систематический подвергалась
насилию. Общественно-экономическая жизнь казахского народа в этот
период характеризовалась грабежом слабых и беззащитных, алчностью,
грубой страстью к наслаждениям. Все гнусные средства, как насилие,
разбой, воровство, обман, измена и эксплуатация человека человеком было
156
в ходу. Это привело к разобщенности и раздорам как внутри родов, так и
между отдельными родами» - деп қорытынды да жасайды [21, 258 Б.].
Бұл аз болғандай, Есенберлиннің заманында қазақ ұлтындағы бар
өзгерістер экономикалық тұрғыдан болу керек деген ұғым басымдық ала
бастады. Алғашқы социалистік алып құрылыстар, тың және тыңайған
жерлерді игеру процестері қазақ даласына тек демографиялық тұрғыдан
өзгерістер әкеліп қойған жоқ. Олар ғасырлар бойы ұлттың өзіндік
ерекшеліктеріне нәр беріп отырған бастамалардың бұлақ көздеріне күрек
салдырды. Осылайша, бір кездері рулар арасына ірткі салу арқасында «бөліп
ал да, билей бер» саясаты кеңестік заманда сыртқы түрін өзгерткенімен,
кеңестік көзсіз билеушілер арқасында мазмұнын өзгерткен жоқ. Жетпіс
жыл бұрын ұлт мәселесін шештік деп жариялаған билік иелерінің алдынан
теңдік тұрғысынан шешуі табылмаған ұлт тағдыры туралы мәселе шыға
берді.
Осы жерде «Көлеңкеңмен қорғай жүр» романында атасы мен немересі
арасындағы Есенберлин жасаған сюжетке назар аударсақ: «...қарт ұзақ
қамықса да, біраздан соң оның қиялы өзінің күнде көріп жүрген жер
тіршілігіне ауысты. Ол кеше осы маңдағы жартылай мал шаруашылығына
бейімделген совхоздың түгелдей астық совхозына айналғандығын естіген.
Енді соны әңгіме етті.
- Жер бетінің гүлін де, шөбін де жоқ қылып, әсемдігінен айырудың
қанша қажеттігі бар? – деді шал түнере түсіп.
- О не дегеніңіз, ата, қандай сұлулықты айтып отырсыз сіз? – деді жігіт.
– Бидай неғұрлым көп сепсе, солғұрлым астық молшылығы болмай ма? Бұл
сөздер Хасеннің жүрегінен жарып шыққан сөздер емес, кеше ғана газеттен
оқып, жаттап алған сөздері. – Мұның бәрі халықтың игілігі, Отан игілігі
үшін...
- Игілік, игілік! – деп күбірледі қарт. Қариялар бұрын «байлықтың басы
- денсаулық, содан кейін бес саулық ...» деп босқа айтпаса керек-ті. Мал ел
ырысы ғана емес, жер ырысы...
...Шал өзінің сөздерін дәлелдеу үшін немересінің басындағы бөрігін
алды да оның қырылған басын бес саусағымен үздіксіз қаси бастады. – Егер
де сенің басыңды өстіп мәңгі-бақи қаси берсе, саған шаш шығар ма еді,
жоқ па? Жер де сол осы сенің басың сияқты. Анда-санда шөп шығарып
отырмасаң, ол өзінің бар жерлік қасиетінен жұрдай болып айрылады да
қалады.
Кейін Хасен атақты профессорлар мен ғылыми-зерттеушілер арқылы
жерді өңдеуді үйренген кездерінде баяғы қарт атасының айтқан уағыздарын
естен шығармайтын. Жер туралы халық ойының даналығы оны сан
157
Достарыңызбен бөлісу: |