А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Мұстапаева Д.
Салқам Жәңгір хан
мен діни құрылыстарды осы жерде салдырып отырған. XVII ғасырдың
басында Есім ханға сағана салынса, оның ұлы Жәңгір хан да Қожа Ахмет
Ясауи кесенесінің аумағында жерленген [11.21].
Кейінгі ортағасырларда Түркістан қаласындағы некрополь хандық
маңызға ие болды. Қазақ хандығының астанасы болған Түркістанда Қожа
Ахмет Ясауи кесенесі маңына XVII ғасырдан бастап қазақ хандары, отбасы
мүшелері жерлене бастады. Бұл кезеңге Есім хан, Жәңгір хан мазарларын
айтуға болады. XVII ғасырда қазақ хандарының қайтыс болған соң Қожа
Ахмет Ясауи кесенесінің маңына жерленгені туралы, Есім, Жәңгір, Тәуке
хандардың кесенелері болғаны туралы деректер бар. Бұл зерттеулерді жазба,
археологиялық деректер деп бөлуге болады.
XIX ғасырдың жазбаларына келсек, Орыс Географиялық қоғамының,
Ғылыми орталықтардың, Ресей империясының әскери шенді мамандарының
жазба деректерін атауға болады.
Түркістанда Қоқан хандығының билік жүргізген жылдары 1819-1864
ж.ж. аралығында, кесенеге, оның аумағында орналасқан мазарларға деген
қамқорлық бола қоймады.
1825 жылы Қоқан хандығына келген елшілік құрамында болған
хорунжи Потанин (Г.Потаниннің әкесі) Әзірет Сұлтан кесенесінің алдында
Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хандардың мазарлары барын жазады [12].
Осы сапарында Шоқан Уәлихановтың досы, Г.Н.Потаниннің әкесі Ахмет
Ясауи кесенесінің қас алдыңғы бетінде, яғни оңтүстік порталының
алдындағы аумақта ескірген кесенелерді көрген [13]. Шырақшылар ол
кесенелерді «Есім, Жәңгір, Тәуке хан мазарлары» деп түсіндіреді. Кейінгі
ортағасырларда хандарды жерлеу, басына мемориалдық діни құрылыс
салумен ұштасқаны белгілі.
1864 жылы, Түркістанға Орыс әскерлері кірген кезеңдерде де аталған
хандардың кесенелері, соның ішінде Жәңгір ханның мазарының сақталуына
көңіл бөлінбеген. Кесене төңірегінде соғыс қимылдарының болуы, кесене
төңірегінің ұдайы су алып жатуы, сақтауға көңіл бөлмеу мазарлардың
сақталуына кері әсерін тигізді [14]. Салқам Жәңгірдің кесенесінің, басқа да
тарихи ескерткіштердің сақталып қалмауына сол кездегі саяси жағдайлар,
тарихи оқиғалардың шиеленісуі ықпал етті. Көптеген мазарлар бұзылып,
ескіріп, басқа да жағдайлармен жойылды. Жәңгір хан өмір сүрген XVII
ғасырдан кейін қазақ жерінде, астана еткен Түркістанда, Қожа Ахмет Ясауи
кесенесінің жанында жерленген хандар мазарлары Қоқан хандығы, Ресей
құрамындағы кезеңдерде сақталмай, бұзылу, басқа құрылыстар салу секілді
іс-әрекеттердің әсеріне ұшырады.
XIX ғ. бірінші жартысында қоқандықтар салған қорған астында қалып
кеткен кесенелер де болды. 1865-1866 ж.ж. Түркістанда боған М.С.Бекчурин
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне сипаттама жасайды, сонымен қатар
некропольдің
210
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Мұстапаева Д.
Салқам Жәңгір хан
басқа да құрылыстары туралы дерек береді. Әзірет Сұлтан кесенесінің
ауласындағы қазақ сұлтандарының мазар, молалар туралы айтып өтеді
[15].
1928 жылы археолог М.Е.Массон, 1958 жылы Н.Б.Немцева жүргізген
зерттеулерде көне кесенелер қалдығы табылғаны айтылады. 1958 ж.
археолог Н.Б.Немцева табылған кесенені зерттеп «Есім хан немесе Жәңгір
хандікі болар» деген болжам айтады. Жобамен Есім, Жәңгір, Тәуке хан
кесенелері Ахмет Ясауи кесенесінің сыртына, қас бетіне жерленіп, кезінде
күмбезді ғимарат орнатылған. Жалпы, Салқам Жәңгірдің кесенесі басқа да
көптеген діни жерлеу ғимараттары секілді бұзылып, қазіргі кезге дейін
сақталмады. Дегенмен, Жәңгір ханның кесенесі Ахмет Ясауи кесенесінің
қас бетінде, жеке күмбезді кесене ретінде болған деуге негіз бар.
Археологиялық
зерттеулерге
сүйенсек
хандарды
жерлеу
мемориалдық, діни құрылыс салумен ұштасады. Сонымен Қожа Ахмет
Ясауи кесенесінің маңында кейінгі ортағасырлық діни монументтік сәулет
ескерткіштерінің жиынтығы құрылды. Бірақ, бұл мазарлар қазіргі күнге
дейін сақталып жетпеген және орындары мен орналасуы жоғалды. Қазіргі
кезде ежелгі Түркістан некрополінде археологтар бес мавзолей тауып
отыр, олардың төртеуі XVI-XVII ғғ. мерзімделеді [15.164].
«Ер есімі - ел есінде» деген халықтың қанатты сөзі бар. Қандай қиын
заман болмасын елдің елін қорғар жаужүрек азаматтары жауға қарсы тұра
білді. Қазақ халқының тарихында өзінің ерекше батырлығымен қалған
хандарының бірі - Салқам Жәңгір. Жәңгір өз елінің шынайы жанашыры,
өз дініне берік тұлға ретінде көріне білді. Тарихи деректерде Жәңгірдің
жоңғар тұтқынында ламайзмді қабылдауға байланысты қиын кезеңдерді
өткізіп, өз дініне беріктігін сақтап қалуымен ерекшеленеді. Өмір бойы
жоңғарларға қарсы соғысып, аса шебер әскери әдістерді қолданып жауды
жеңе білуі әрқашан ел есінде тұратыны анық. Орыс деректерінде Жәңгір
алғашында «сұлтан» деген атпен аталады. Кейінгі орыс жазба
деректерінде «хан» деген атақпен аталғаны белгілі. Хан аталуы 1743
жылғы атақты шайқастан кейінгі кезеңдерден басталады. Жәңгір хан
қазақ тарихында атақты қолбасшы ретінде қалды [16.68]. Жәңгірдің
нәтижелі әскери шабуылдары мен жорықтары, батырлығы ел санасында
өшпес орын алды.
Салқам Жәңгір ел басқарған саясаткер, елін жаудан қорғаған батыр,
дініне,
діліне
берік
қазақ
ретінде көрінген
тұлға.
Жоңғар
шапқыншылығына қарсы күресте одақтасу жұмыстарын алға ілгерілетті.
Қазақ батырларының ел үшін, жер үшін күресуіндегі бірлігі мен
ынтымақтастығын, жоңғарларға қарсы шайқастағы бір-біріне
көмегін
тарихи
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
211
Мұстапаева Д.
Салқам Жәңгір хан
деректер дәлелдейді. Салқам Жәңгір хан саяси билікті басқарып, қан
майданда жауға қарсы тұрып, жеңе білген батыр ретінде ұрпақтар
санасында қалды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Шакарим Кудайберды-улы. Родословная киргизов, казахов и ханских династий. –Алма-Ата:
Жазушы, 1990. -120 с; Ұлы Дала мемлекеттері. –Алматы: Адамар, 2006. -216 б.
2.
Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық . 2 т. –Алматы, 1998. -532 б.
3.
Түркістан. Халықаралық энциклопедия. –Алматы, 2000. -655 б.
4.
Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи XVII-XVIII вв.. –Алма-Ата: Ғалым, 1991. -238 с.
5.
Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингизхана. –Алматы: Дайк-Пресс, 2001. -
276 с.
6.
История Казахстана в русских источниках. I том. Посольские материалы Русского государства
(XV-XVII вв). –Алматы: Дайк-Пресс, 2005. -699 с.
7.
Тынышпайұлы М. XVI-XVIII ғасырдағы қазақтар //Қазақ тарихынан. Құрастырған
Е.Аққошқаров. –Алматы: Жалын, 1997. -544 б.
8.
Галиев В.З. Хан Джангир и Орбулакская битва. –Алматы: Ғылым, 1999. -128 с.
9.
Казахи. 1 т. Исторические события. –Алматы, 1998. -432 с.
10.
Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. –Алматы, 1994.
11.
Пищулина К.А. Присырдаринские города и их значение в истории казахских ханов в XV-XVII
веках // Казахстан в XV-XVIII веках. –Алма-Ата, 1969. -202 с.
12.
Записки о Кокандском ханстве хорунжего Н.И.Потанина //Военный журнал, СПб, 1831. №4;
Жандарбек З. Кесенеде кімдер жерленген? //Қазақ әдебиеті, 1992. №5.
13.
Тұяқбаев М. Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар. –Алматы, 2000. -265 б.
14.
Массон М.Е. Мавзолей Ходжа Ахмеда Ясеви. Ташкент, 1930.
15.
Смагулов Е.А., Григорьев Ф.П., Итенов А.А. Средневековая археология города Туркестана
Туркестан: Мирас, 1998. -228 с.
16.
Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик. –Изд. 3-е. Исправленное и
дополненное. –Алматы: Дайк-Пресс, 2007. -456 с.
212
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Т.ПАРЛАК
доцент, доктор
А.Ясауи атындағы ХҚТУ
ОРТА АЗИЯДАН АНАДОЛЫҒА ДЕЙІН ТҮРІК МӘДЕНИЕТІНДЕ
КЕЗДЕСЕТІН БАРЫС ФИГУРАСЫНЫҢ ИКОНОГРАФИЯСЫ
В этой статье рассматривается фигура барса в тюркской культуре. Снежного барса тюрки
называли парсом, барсом, ирбисом, жолбарсом. По мнению некоторых исследователей, слово
«парс\барс» является частью слова «леопард» пард.
Барс и во времена Огузов являлся священным животным. Барс очень ловкое и сильное
животное, он никогда не охотился стаей и всегда добивался своей добычи. И поэтому его назвали
«жолбарсом» то есть «идущий до конца дороги, добивающийся своей цели».
Snow leopard was known as Pars / Bars / Jolbars / İrbis / Alabars / Alapars in Turks. According to
some researchers, the vocabulary Pars/ Bars, is the synonym of the word Pardın in Leopar. A Pars has an
important place in Turkish culture. “Oghuz” chose “THE DOUBLE-HEADED EAGLE” which represents
the Sky God and the creature getting the nearest place to “KÜN/SUN and MOON”as a Totem. “Inner
Oghuz” chose single-headed eagle and “Outer Oghuz” chose the bird “SİMURG” formed by combining
“PARS” living the peak of mountains and the eagle representing the Sky God, the creature getting the
nearest place to “KÜN/SUN and MOON”.
Анадолыда жолбарыс
Мысық тұқымдас қар леопарды деп те аталатын жолбарыс, көп
жылдардан бері адамзат тарихында ерекше орын алады. Анадолыда адамдар
леопардқа өте көне дәуірлерден бері назар аударып келеді. Сондай-ақ, ол
қасиетті деп танылған. Анадолы жолбарысы - әлемдегі барлық барыстардың
ішіндегі ірісі. Анадолы жолбарысы, Иран барысының бір тұқымдасы ретінде
танылған әрі одан ірі болып келеді. 1974 жылы Анкара Бей базарында
атылған Анадолы жолбарысынан кейін ешқандай жолбарыс көрінбей кеткен.
Сол себепті оның тұқымы жойылды деп саналған. Анадолы жолбарысына
алғаш рет «Фемсе Туляана» ғылыми атауы 1856 жылы француз зоологы
М.А.Валенциенес тарапынан Анадолы пантерасы туралы алғашқы дерек
көздерін жинақтаған Италяндық Маркус Тиллус Цицероның құрметіне
берілген.
Анадолы жолбарысының Анадолыдағы тіршілігі көне тарихи кезеңдерге
негізделеді. Кониядағы Чаталхөюк қорығынан табылған тоғыз мың жылдық
қабырға суреттеріндегі Ана Тәңірше мүсініндегі барыстар, біздерге Анадолы
жолбарысының 9000 жыл бойы Анадолыда мекендегенінің дәлелі ретінде
табылған археологиялық жаңалықтардың бірі болып есептеледі. Аталмыш
осы кесененің ішкі қабырғаларының сол жағында ұрғашы, оң жағында еркек
барыс бейнесі суреттелген.
213
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Парлак Т.
Орта Азиядан Анадолыға дейін түрік мәдениетінде кездесетін барыс фигурасының ...
Сурет 1,2. Ана Тәңірінің ескерткішіндегі парсылар және Анадолу Селжук қағанаты
2. Гияседдин Кейхусрев кезеңіне тән ақша бетінде Анадолу ақшасының суреті.
Палеолит дәуірінен кейін б.з.д 8000 жыл бұрын, табиғаттағы климат
өзгерістеріне байланысты адамдар үңгірден ашық алаңдарды мекендей
бастап, жеміс жинаумен қатар оны өндіру мәдениетін игерді. Сонымен қатар
жабайы аңдарды қолға үйрете бастады. Осы экономикалық даму дәуірінде аң-
жануарлардың адам өмірінде алатын орны ерекше болғандықтан, Анадолы
мәдениет музейіндегі бейнелер жануарлардың маңыздылығын білдіреді.
Мәселен, ескі Тәңір ретінде танылған Ана Тәңіршенің отырған тағының екі
жағында да леопард бейнесі сақталған. Бұл бейне Ана Тәңіршенің бейнесінің
құндылығын жоғарылатады.
Жалпы Анадолыда да, Орта Азияда да леопард, жолбарыс бейнелері
адамзат тарихымен сабақтастырылып бейнеленген. Түркі халықтарының
жәдігерлеріне көз салсақ, рухани тарихына да назар аударсақ барыс бейнесі
үнемі көз алдымызға елестейді [1]. Ақшада да, архитектуралық ғимараттарда
да барыс бейнесі өте көп қолданылған. ІІ-ші Гияседдин Кейхусрев дәуірінде
металл ақшаларда да барыс бейнеленген.
Сурет 3, 4. Ерзурум Жақұт медресесінде тасқа ойылып салынған барыс бейнесі.
214
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Парлак Т.
Орта Азиядан Анадолыға дейін түрік мәдениетінде кездесетін барыс фигурасының ...
Сурет 5,6. Тортым Хахули шіркеу және Исхак паша сарайындағы жолбарыс бейнелері.
Ерзурумдағы Илханлының Якутия Медресесінің кіру есігінде де барыс
суреттелген. Өмір ағашы композициясының астында кестеленген және кейбір
деректерде арыстан фигурасы деп берілген бейнелер соңғы зерттеулердің
нәтижесінде Орталық Азиядағы Шаманизмді жалғастырған түрік
мотивтерімен салыстырғанда барыс екендігі анықталған [2]. Барыстардың
аяқтары, тырнақтары және мойны ойықтармен безендірілген [3]. Көздері
адам тәрізді, құйрығы жоғарыға қарай бұрылып тұрғандай. Төменде
орналасқан бұл фигуралы тақтайшаның үстінде де, тік төртбұрышты рамкаға
алынған өсімдік тәрізді басқа бір тақтайша бар [4]. Шамандық сенімдер
бойынша өмір ағашы дүниенің орталығы және Шаманның жер асты және
аспан жолдарының сатысы ретінде қолданылған. Өмір ағашының
бұтақтарында және Ерзурумдағы екі мұнаралы медресенің кіре беріс
есігіндегі тақтайшалардағы анар жемістері жұмаққа ұқсатылған. Бұтақтардың
ұшындағы құс фигуралары шамандық сенімдер бойынша «туылмаған шаман
рухтары» болып есептеледі [5]. Өмір ағашының екі жағында орналасқан
барыс фигураларын кейбір зерттеушілер арыстан деп санаған. Бірақ, соңғы
зерттеулерде және ғылыми басылымдарда бұл фигураның мысық тұқымдас
қар барысы екендігі анықталған [6]. Орта Азия георафиясында терең мәдени
мирас қалдырған Түріктердің символдық барыс фигурасын Анадолыдағы
архитектуралық жәдігерлерден де кездестіруге болады. Бұлар Доғубаязит
Исхақ Паша сарайының кіре беріс есігінде, Хахо шіркеуінің де кіре беріс
есігінде және Қайсер қаласындағы 1276 жылы салынған айналма күмбезде
кездеседі.
1568 жылы Абрахам Ортелиус Мармара аймағындағы барыстардың
мекендеген жерін картадан көрсеткен. Бұл өте маңызды тарихи дерек болып
табылады. Осман Империясы кезеңіндегі миниатюраларда да барыс бейнесі
бейнеленген [7]. 1936 жылы Түркия аймақтарында 350 дана Анадолы барысы
бар екендігі анықталған [8].
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
215
Парлак Т.
Орта Азиядан Анадолыға дейін түрік мәдениетінде кездесетін барыс фигурасының ...
Сурет 7. Қазақстан жартас суреттерінде жолбарыстың қасиеттілігі.
Сызу 1,2.
Әзірбайжан, Гобустан жартас суреттеріндегі жолбарыс бейнесі.
Орта Азиямен ұқсастық ерекшеліктері
Бір жағынан қабырғада бірі ұрғашы, бірі еркек екі леопардтың
бейнеленуінің себебі, профессор Ибрахим Кафесоғлының пікірінше, алғашқы
және ежелгі прототүрік отаны Саян Алтай аймағында ежелден бері тұратын
Хакас түріктері және оның арғы аталары Енесей Қырғыздарына тән ұлттық
киіз үйдің бөлінуін білдіреді. Хакас түріктерінен профессор Виктор Бутанаев
сипаттағандай, (1998:94) киіз үйдің ауыз есігі әрқашан шығысқа қараған, оған
дәл қарама-қарсы яғни киіз үйдің батыс жағындағы төр болып саналатын
жерде үйдің иесі отырған. Сол жақтағы «алтынзарық» (төменгі жақ
,солтүстік, төмен) әйел бөлмесі, оң жақтағы «үстінзарық» (жоғарғы жақ,
оңтүстіктің, жоғары) еркек бөлмесі ретінде қолданылған. Киіз үйде үй иесінің
отыратын төрінен әлемнің төрт бағытын бақылаумен қатар, Азия түріктерінің
жағрафия атауларында осы күнге дейін сақталып келген ұқсастықтар
байқалады [9].
Ұлттық киіз үйдің ішінде жоғарыда айтылып өткендей, оң және сол деп
бөлінетін еркек және әйел бөлмелері Түрік және Моңғол халықтарында да
кездеседі. Сол себептен Чаталхоюуктегі леопардқа табынатын жердің
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Парлак Т.
Орта Азиядан Анадолыға дейін түрік мәдениетінде кездесетін барыс фигурасының ...
216
қабырғасында еркек және ұрғашы леопардтардың бейнеленуі осыған
байланысты болса керек [10].
Сонымен қатар, «барыс» сипаттамасы Алтай-Саян таулы аймақтары мен
Хакас Меңгусу жазығында жүргізілген археологиялық зерттеулерден кейін
нақтыланды. Бұған Хакас және Тыва түріктері өмір сүрген Азия құрлығының
орталығында өз құйрығын тістеп шеңбер пішінінде дөңгеленіп тұрған
қоладан жасалған қар барысы пішіндерін жатқызуға болады. Көктүріктердегі
Көкбөрінің алатын орны, Енисей қырғыздарында да жолбарыс деп танылған.
Қырғыздар да жолбарыстың алатын орны ерекше. Хакас түріктерінде осы
күнге дейін жеткен түріктердің анасы болып табылатын Ах Пүр (Ақ бөрі)
аңызы бар. Одан басқа Хакас Республикасындағы Аскиз аймағында Ах Пүр
мазар тасы бар. Мереке және той рәсімдерінде оның алдында шамандық діни
рәсімдер ұйымдастырылады. Енисей өзенінің екі жағында орналасқан
Қырғыз түріктерінде де «Парыс/жолбарыс» қасиетті аң болып саналады.
Сызу 3,4,5. Алтайларда, Пазырық қорғанынан күн сәулесіне қауыштырылған бір ат
егерінің жапқышында бүркіт пен қар қабыланы және самрұқ құстарының күресуінің
көрінісі.
Тарих тағылымында Түріктер арқылы тараған барыс атауы
Қар барысы түріктерде парыс/барыс/ирбис/жолбарыс/алапарыс деп
аталған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, парыс/барыс сөзі леопард
сөзіндегі «пард» сөзінен шыққан. Түрік георафиясында палеолит кезеңінен
бастап парыс (барыс) бейнесі Әзірбайжандағы Қобузтан деп аталатын
жартас
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Парлак Т.
Орта Азиядан Анадолыға дейін түрік мәдениетінде кездесетін барыс фигурасының ...
217
жартас суреттерінде кездеседі. Қазақстан жартастарында барыстың қасиетті
жануар ретінде бейнеленуінің басқаша мәні бар. Барыстың Оғыз дәуірінде де
қасиетті мифологиялық аң болғаны белгілі. Ғұн дәуірінде Пазырық
қорғандарында мифологиялық тұрғыдан сипатталған көптеген барыс
бейнелері табылған. «Оғыз» тотемі «Көк Тәңірдің» өкілі «Күнге» және
«Айға» ең жақын тұрған «екі басты Бүркітті» таңдаған. «Ішкі Оғыз» жалғыз
басты бүркітті және «сыртқы Оғыз» болса жер жүзінің биік таулардың
басындағы «Көк Тәңірдің» өкілі «Күн» және «Айға» ең жақын орналасқан
«Барыс» жолбарыс/йол барыс» пен «Бүркіттен» құралған «Самұрық» құсын
таңдаған. Мұнда барыс жануары өте жылдам және күшті жыртқыш аң
болуымен қатар, үлкен үйірімен емес, керісініше жалғыз ауланатыны және
қуған аңының соңына жеткенше жемтігінен бас тартпайтындығымен
ерекшеленеді. Сол себептен, барысты «жолдың соңына яғни мақсатына
жететін» деген мағынада жолбарыс деп атаған.
Сурет 8.
Пазырық (Берел қорғаны) қорғанында табылған кілемде жолбарыс мүсіні.
Сурет 9,10. Сызу 6, 7, 8.
Пазырық кілемшесінде, Тортым Хахули шіркеу және Берел
қорғанында табылған жолбарыс мүсіндері мен Оғыз, Ішкі Оғыз және Сыртқы Оғыздың
онгун және таңбаларының көрінісі. Тахсин Парлак тарапынан жасалған ескерткіш.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
218
Парлак Т.
Орта Азиядан Анадолыға дейін түрік мәдениетінде кездесетін барыс фигурасының ...
Алтайдағы және бүгінгі Эрмитаж мұражайында сақталған әлемдегі ең
көне кілемде де барыс суреті бейнеленген. Түркі халықтарының арасында кең
тараған барыс фигурасы Түркі мемлекеттерінің арасында Татарстан
Республикасы, Хакас мемлекетінің ел таңбаларында және Еуропаның Берекет
тотемі, тіпті Алматы қаласы және Германияның Қазрухе қаласының ел
таңбасында да барыс бейнеленген. Көне түркі жазбаларының Енисей
нұсқасында берілген Енисей Қырғыздарының көшбасшысының аты да
Барысбек болған. Барыс атауының түрік халықтарында кең таралғаны жайлы
мәліметтер бар. Африка құрлығының солтүстік шығысында орналасқан
Мысыр
жерінде
орта
ғасырда
құрылған
Мемлүк
түріктерінің
көшбасшысының аты да Сұлтан Бейбарыс еді. 1260 -1277 жылдар арасында
билік жүргізген Сұлтан Бейбарыс кезеңінде Мысыр Түрік мемлекеті ең
мықты мемлекетке айналған. Қазақ халқының тарихында ерекше орын
алатын тұлғалардың бірі және қазіргі кезде кесенесі ескі Яссы (Түркістан)
қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішіне жерленген Жолбарыс
ханның аты да осы қасиетті барыс аңына байланысты қойылған. Барыс
атауының иудаизм дінін қабылдаған және сонымен қатар аталарынан қалған
Шаманизм дінін жалғастырып келе жатқан Хазар Түріктерінде де
кездесетіндігі анықталған. Түріктердің ежелден қолданылып келе жатқан
жыл атауларының арасында да барыс атауы кездеседі. Сондықтан да барыс,
Түркі халықтарында әрі рухани әрі материалдық мәдени тұрғыдан ерекше
маңызы бар жануар болып табылады.
Сурет 11, 12.
Достарыңызбен бөлісу: |