А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Сарсембаева П. А.Қ.Жұбановтың шығармашылығы хақында
276
Сағырбаев өмірі мен творчествосы» (1960), «Құрманғазы» (1968) сияқты
зерттеулері бар. Ол еңбектерде Құрманғазы күйлерінің идеялық мазмұны мен
әлеуметтік-этикалық астарлары, мәдениетіміздің дамуындағы орны мен рөлі
анықталды. Музыка өнердің ұлттық тілге мемлекеттік шекараға бағынбайтын
жанры. Алайда, барлық өнер туындылары тәрізді музыкалық шығармалары да
ұлттық дүниетаным мен түсініктен бастау алып, туған халқының мұңы мен
арманын бейнелегенде ғана шынайылық сипатқа ие болады. Ал бір адамның
мұндай шығармалары өзгеше мазмұндық-сарындық тұтастық құрып, халық
көңіліндегі мәңгілік арманы мен рухтың әрі символына, әрі осынау ұлы
сезімдерді ұрпақтан-ұрпаққа жалғайтын қайнар бастауға айналады. Тарихта
атақты, танымал тұлғалар болғаны белгілі. Олар ұлттың, мәдениеттің, тіпті бүкіл
қоғам мен мемлекеттің дамуында үлкен рөл атқарған. Солардың қатарында біз
сөз етіп отырған Құрманғазы мен Жұбановтың өзіндік орны бар. Олар артына еш
уақытта өлмейтін із қалдырды, өнер мен музыка саласында керемет жаңалықтар
ашты. Осыған орай философиялық және рухани адамгершілік астары тереңде
жатқан атақты Құрманғазы күйлерін тыңдаған бүгінгі қазақ баласының өнерге
деген құштарлығы артады.
Жұбанов дүниетанымындағы құндылықтардың жүйесі әділеттілік, әсемдік,
адалдық, халыққа шынайы қызмет ету, жауапкершілік пен бостандық сияқты
құндылықтардан тұрады. Сонымен қатар А.Жұбанов әлеуметтік әділеттілік пен
қайрымдылық жаршысы және ол өзінің өнер танушы ғалым және қазақ
музыкасының тарихы мен теориясын жүйелі зерттеуші ретінде болашақта іштей
үйлесімді жаңа қоғам орнатуды армандады. Ол өз халқы мен отанын ыстық
жүрегімен сүйді.
А.Жұбановты терең түсіну, мұрасын белсенді түрде игеру арқылы біз
халқымыздың тарихи ой-санасына, этикалық ойлау мәдениетіне бойлай түсеміз,
яғни сол арқылы жаңа пайымдауларға жол аша аламыз. Міне, сондықтан да
Ахмет Жұбановтың рухани мұрасын жан-жақты кешенді зерттеудің
маңыздылығы арта түспек. Өйткені, тарихи тұлғалар іс-әрекетінде қоғамдық
танудың сипаты айқын көрініс табады. Ендеше, Жұбанов тануды өрістету керек.
Тоталитарлық кеңес мемлекетінде адам құқы мен бостандығы ылғи
жаншылып, тапталып, бұзылып отырады. Еркін ойлау мүмкін болмады. Кезінде
Ахмет Жұбановқа жалаң айып осының айқын көрінісі болды.
А.Қ.Жұбановтың ғалым, педагог, композитор, орындаушы және
ұйымдастырушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне сіңірген еңбегі
ұлттың мәдени-рухани шежіресіндегі ең көрнекті белестердің бірі болып қалады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Ерзакович Б.Г., Қоспақов З.Қ. Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы. А.: Ғылым. 1986.
2.
Жұбанов А.Қ. Замана бұлбұлдары. А., 1963.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Р.ДАРМЕНОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы
277
ҮКІЛІ ЫБЫРАЙДЫҢ МОЛ МҰРАСЫ
Статья о композиторском искусстве одного из выдающихся представителей народной музыки
– Ыбрае, о его песенном поэтическом творчестве.
This article is about the great representative of folk music Ukili Ybrai. The author of the article
reveals Ybrai as a poet, a singer and a composer.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ән байлығы кәсіпқой өнер
қайраткерлерінің жоғары шығармашылық шеберлігімен ІХІ ғасырдың музыка
мәдениетінде жақсы сақталып әрі молая түсті. Бұл ғасырда өмір сүрген қазақ
классикалық музыкасының негізін салушылар шығармашылығындағы
демократиялық бағытты олардың шәкірттері одан ары жалғастырып
дамытты. Олар: Ыбырай Сандыбайұлы, Естай Беркімбаев, Балуан Шолақ
Баймұрзаұлы және Майра Уәлиқызы сияқты әнші және композиторлар.
Халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі белгілі әнші, композитор ақын-
импровизатор Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы. Үкілі Ыбырайдың қазақтың
атақты әнші ақындарымен (Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, т.б.) достық
қарым-қатынаста болуы, оның өнерге деген көзқарастарына, дүние танымына
дұрыс әсер етті. Ол халық композиторларының шығармашылық дәстүрін
бойына сіңірді. Халықтың әлеуметтік әдет-ғұрпын, күн көріс кәсібін, қазақ
жерінің ерекшелігін және әсем табиғатын жыр етті. Сондай-ақ оның әндері
жастық шақтың жалын атқан нәзік, таза махаббат сезіміне, оптимистік
әуенге, көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді.
Халық композиторының музыка өнерін жете зерттеген орыс ғалымы
В.В.Радлов: «Қазақ халқының әндері әлдебір ғажайып ертегі әлемін
дәріптемейді. Керісінше ол әндерде өз өмірін, өзінің сезім түйсігін, арман
мақсатын жыр етеді... тыңдаушыларды әлдебір таңғажайып оқиға мен күштен
тыс құбылыстар масайратпайды, оларды рахатқа бөлейтін табиғи өмір
шындығы» деп жазды [1].
Ақын, аса көрнекті композитор, кезінде алдына жан салмаған әнші Үкілі
Ыбырай... Оның «Үкілі Ыбырай» атануының себебін «Өзім жайлы» атты
өлеңінде бабамыз өзі айтып кеткен.
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы осы күнгі Солтүстік Қазақстан облысының
Айыртау ауданына қарасты №5 ауылында 1860 жылы дүниеге келді. Кеңес
үкіметі кезінде бұл ауыл «Өскен» деп аталды. Жалғызтаудың бауырын
жайлаған Жақсылық қарауылынан шыққан ақынның ата тегі Дербісал
Сәбденнен тарайды. Сәбден – Абылай ханның әрі досы, әрі даңқты батыры
болған әйгілі кісі. Дербісалдың Сандыбай, Маңдай, Әбіле атты үш ұлынан
үлкен әулет тарайды.
Үкілі Ыбырайды сипаттағанда Сәкен Сейфуллин:
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Дарменова Р. Үкілі Ыбырайдың мол мұрасы
«Әні бар «Гәкку» деген аңқылдаған,
278
Аққудай айдын көлде саңқылдаған.
«Кідігай», «Қалдырған» мен «Маңмаңгерді»,
Ырғалтса керней даусы қарқындаған»,-
деп Шаляпинге теңесе, бұл Ыбырайдың жетпіске тақап қалған шағы, әлгі
Мұсадай кезінде кездессе не дер еді? - деп ой қозғайды [2].
Үкілі Ыбырайдың композиторлық, әншілік мол мұрасы жайлы жазылған
еңбектер баршылық. Үкілі Ыбырайдың музыкалық мұрасында қырыққа жуық
әндері бар. Ыбырай хат танығаннан кейін қолына түскен кітапты жаттап
аларлық өнер көрсетіпті. «Мұңлық-Зарлық», «Қыз жібек», «Жүсіп пен
Зылиха», «Тотының тарануы», «Сейфул Мәлік», «Мың бір түн» іспеттес
лира-эпостық, батырлық һәм ғашықтық жырлары мен қисса-дастандарды
жатқа өз әуенімен айта білген. Әсіресе, «Ер Тарғын» мен «Мың бір түнді»
әнге қосып жатқа айтуға жалықпапты. Кейде қара сырнаймен, кейде үкілі
домбырасымен қоса шырқап, поэзияның желісіне қарай ән мақамының өрісін
жатық үйлестіре білгені үлкен өнер. Ұзақ дастанды әндеткенде, кейде
қолындағы домбырасын жерге қоя салып, тақпақтатып кетіп, отырған
жерінен ілгері-кейін жылжып қызғылықты қимылдармен жалықтырмас
даланың дар әртісінше тыңдаған жанды жіпсіз байлағандай баурапты. Бойға
қонған жан-жақты өнердің арқасында ауыз әдебиетінен әбден сусындап,
жазба әдебиетіне иек артып, өз ақындық өрісін кеңейте білгені біз үшін сонау
алыстан айдай анық көрініп тұр.
Үкілі Ыбырайдың өзіне үлгі болған Арыстан, Орынбай, Шал ақын, Сегіз
сері, Тезекбай, Шөже, Нұркей, Біржан сал, Ақан сері, Мұстафа сияқты
саңлақтардың әндерін, айтыстарын ел арасына тарата білгендері бір төбе.
Қолына домбыра алғанда мынау Орынбайдың, мынау Біржанның, мынау
Ақанның домбыраны қолдарына алғандағы өз ырғағы, өз құлақ күйі деп,
әрқайсысының өз әуезімен, әуенімен, өздері сүйген сарынымен орындауға
жетіктігін шебер көрсете білген.
Ыбырай тек қана ауыз әдебиетінің өкілі емес, ол өзінің ең жақын һәм
жанашыр пір тұтқан ұстазы Ақан сері секілді суырып салма төкпе де,
ойланып жазар жазба да ақын. Негізінде олар ауыз әдебиеті мен жазба
ақындарының ортасындағы табиғи алтын көпір іспеттес жол салды.
Ыбырайдың ақындық ерекшелігіндегі басты көрініс сол жан-жақтылықта
жатыр. Керегінде ағыл-тегіл құйғылтып, қай сайысқа болса да іркілмей кірісе
кетеді.
Үкілі Ыбырайдың тіл өрнегіне аздап қана назар аударсақ, оның мейірімі
мен қайырымы тартып, өзгеден айырымы ашық көрініске жолығамыз.
«Гәкку» деген сөздің өзі де қазақтың поэзиясы мен бүкіл тіл әлеміне алтын
айдардай болып кірген ғажайып. «Үлпікер сүт бетінде балдай қаймақ»,- десе,
«үлпікері» үздік тілдің белгісі ғой. «Қарақат көзді сым саусақ»- теңеуге
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Дарменова Р. Үкілі Ыбырайдың мол мұрасы
279
жүйріктігі. «Көк зеңгір, жасыл жартас Жалғызтауым»,- дегені қандай әсем.
«Қайқақтамай көтерер, досы үшін тау-тасын»,- дегені де нағаз қазақы тіл. Ал:
«Бір атым насыбайдан көңіл қалар, айта бер, айтсаң сағың сынбағанға»,-
дегені тереңдіктің көрінісі [3].
Майталман ақынның қай өлеңін алсақ та, ұлттық суреттілікті білдіретін
бояуы ашық, ояу сөзді, ішкі маңызы мен айтар ойға дәлме дәл келтіріп, тап
бастығышына қайран қаламыз. Тіл мен жаққа құр сүйену емес, өткір тілі әсем
әндеріне дәйек болып, ескек желдің табиғи сыбырындай поэзия әлемін
кеңейте түсуге сенімді семсер міндетін атқарды.
Ыбырайдың ақындық талантынан әншілік дарынын да бөле жаруға
болмайды. Ол алдындағы ұстаздары Біржан сал, Ақан серіге еліктеп алғашқы
өлеңдерін де әнімен қоса шалқытты. Уыз туындылары ғашықтық сарында,
әзіл күлкі ауқымында дәстүрлі лириканы байытқаны анық.
Ол көңілі ауған, шабыты желген жерде еркін сілтеп, алты қырдың астына
жетердей шырқауға дағдыланды, ерен ақындыққа ере туған қанатты әндері
елді жалт қаратты. «Үкілі Ыбырай» атанды. Дарқан ақындығы қай думанға
кірсе де ел құлағын елеңдетті, жан құшырын қандырды, әрдайым өрелі
дәрежеге жетелеп, өрге шапса өршенелер жүйріктей заулатты.
Үкілі Ыбырай Абылай ханның батыры атанған Сәбден дауылпаздан
тарап, немере ағасы Әбіле Шыңғыс Уәлиұлының хатшысы болып, өзі атақты
ақын, әнші ретінде дүниенің қызығын көріп, көрешектің есесін қайтарғандай
ән-жырын іркілмей төгілтіп өтсе де, оның тағдырының тәбдел бермес
қиындығы да зор болды. Әсіресе, жасы ұлғайған кезде жазған өлеңдерінде
сол баяғы ерке екпінмен өмір шындығын бояусыз, бүркемесіз шертеді.
Ыбырайдың әндерінің ішінде әлемге кең тарағаны «Гәкку». Ол әнді де
Қытайда естігеніміз аққу ақынымыз Марфуға Айтқожадан біліп едік, – деп
жазады К.Салықов [3].
Кезінде «Гәкку» әнін Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында
шырқап, қазақтың ұлы әнші қызы Күләш апамыз да «Гәккуге» талмас қанат
бітіріп, шартарапқа таратып кеткен. «Гәкку» дегенде Үкілі Ыбырайдың өз
аузынан естіп үйреніп алып, бұлжытпай айтып асқақтатқан Иса Байзақов
ағамыз да айтып кеткен. «Гәкку», «Аңшының әні», «Сырғақты»,
«Қараторғай», «Қалдырған», «Қарақат көзді, сым саусақ», «Көкше» , «Па,
шіркін!», «Алтыбасар», «Толқын», «Апайкөк» сияқты әндері Үкілі Ыбырай
бабамыздың атағын мәңгілікке жеткізуіне еш күмән жоқ.
Үкілі Ыбырай да тап солай өзге еш ақынға ұқсамайтын өзіндік мінез-
құлқымен, өзіндік ашықтығы, айқындығы, турашылдығы, шапшаңдылығы
мен салмақтылығы бар ақындық дара құбылыс. Ыбырай кейбір халық
ақындарынша бірсарында, бір ғана ырғақта, бір ғана өлшемде қалған ақын
емес. Оның шығармашылық, ақындық тәсіл, әдістері сан қилы құбылмалы
келеді. Оған қоса ол қазақтың жазба әдебиетіне де, суырыпсалмалығы да бар
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Дарменова Р. Үкілі Ыбырайдың мол мұрасы
280
ауыз әдебиетіне қатысы бар қаламгер, сегіз қырлы, бір сырлы парасатты
дарын. Бір сөзбен айтсақ, шындықты тура сілтеуден жалтармайтын, қай
заманда өмір сүрсе де өзінің өжет қалпында өршелене қала беретін бірбеткей
ақын. Оның қай өлеңін, термесін, толғауын алсаңыз да жаңалық пен
ақиқаттан нәр алған өткір де шешен, терең де ерен жалтарусыз мінезіне
қанығасың. Дүниеге мейлінше ғашық ақын, дүниені соншалықты айқын
ашық жырлап өтті. Өз қара басының қамын күйттеген жоқ, қоғамдық талас-
тартыстарға қатынасып, сол елім деп жүрген жолында қатыгез заманның
аяусыз ажал оғынан қаза тапты. Үкілі Ыбырай сал-серіліктің сайранында
қалып қоймай, бойына Махамбеттің мінезі сіңген қайсар ақын, алғыр
айтыскер, үлкен сықақшы, ержүрек азамат бола білді. Оған қоса айтарымыз:
«Көкіректе қайнаған шер оңдыра ма, көңілді бір орынға қондыра ма?»-деп
өткен нағыз мұңлы ақын.
Біржан сал, Ақан сері секілді өз заманының еркесі болып, әндетіп,
дабылдатып өтсе де ақынның өмірінің соңғы кезеңі ХХ ғасырдың отызыншы
жылдары әкелген зұлматтың құрсауында өтті. Голощекиншіл «ұр да жық»
белсенділердің «асыра сілтеген» әрекеттері елді ашаршылыққа ұшыратты.
Ұжымдастырудың зардабынан байғұс қазақтың жайлауында жаны,
қыстауында қаны шықты. 1929-1932 жылдардағы қырғын аштықты көзі
көрген ақтангер ақын ел мұңын ашық айтып, сұқ көзге түсті. Ащы тілі
шымбайларына тиген ауылдағы шенділер соңына шырақ алып түсті. 1933
жылы Қазақстанды басқаруға Л.И.Мирзоян келіп, жағдайды түзей
бастағанша 1932 жылы Үкілі Ыбырай «халық жауы» атанып, атылып кетті.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Ерзакович Б.Г., Қоспақов З.Қ. Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы. А.: Ғылым, 1986.
2.
Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. Алматы: Жазушы, 1975.
3.
Салықов К. Үкілі Ыбырай //Егемен Қазақстан. 2010.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
М.Ж.МУХАМЕДЖАНОВА
преподаватель МКТУ им. А.Ясави
281
ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ И ТВОРЧЕСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ И.И.МАНСКОЙ
Мақала Қазақстандағы балет өнерінің дамуына үлкен үлесін қосқан тұлғалардың бірі, Қазақ
КСР-нің халық әртісі И.И.Манскаяның шығармашылығы мен атқарған педагогикалық жұмысы
жайында жазылған.
This paper is dedicated to the pedagogical and creative activity of people’s artist Manskaya I.I.
Manskaya is one of the persons who has contributed herself into the development of ballet in Kazakhstan.
Манская И.И. – артистка балета, заслуженная артистка КазССР.
Воспитанница Казахского Хореографического училища, ученица А.
Селезнева. В театре им. Абая работала с 1945 г. Артистка большого и
своеобразного таланта, И. Манская является одной из ведущих солисток
казахского балета, создала целую галерею запоминающихся образов. В ее
репертуаре
Одетта
–
Одиллия
(«Лебединое
озеро»),
Зарема
(«Бахчисарайский фонтан»), фея Карабос («Спящая красавица»),
Эсмеральда, Гудула («Эсмеральда»), Раймонда («Раймонда»), Мирта
(«Жизель»), уличная танцовщица («Дон Кихот»), Алтынай («Дорогой
дружбы»), все сольные партии классических и национальных балетов.
И.Манской свойственны динамическая экспрессия, четкая и уверенная
техника, выразительность пластического жеста. В дни декады казахского
искусства и литературы в Москве (1958) исполнила партию Заремы
(«Бахчисарайский фонтан»), Алтынай («Дорогой дружбы») [ 1.43].
Творческие успехи и активное участие И.Манской в развитии
национальной хореографии отмечены орденом «Знак почета» (1959).
Творческую деятельность продолжила в коллективе «Молодой балет
Алматы» как солистка, а затем как педагог-репетитор этого ансамбля.
Ее хорошо знают алматинцы. Здесь она родилась и вся ее жизнь
принадлежит Южной столице. Она продолжает традиции своего
гениального учителя и партнера по сольным танцам А.В.Селезнева, в
честь которого названо хореографическое училище. Ей благодарны за
знания и профессионализм несколько поколений артистов балета,
составивших балетную славу Казахстана.
Манская хорошо справляется с задачей педагога-репетитора, готовя
высококвалифицированных исполнителей народно-сценического танца,
способные не только правильно и гармонично выполнять данные им
элементы, но и выразить имеющиеся в танце идейно-образное
содержание, передать национальный характер танца. Сообразно с этим
Манская, добиваясь точности и четкости в выполнении каждого движения
стремится повысить техническую сторону танца. Она требует от
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Мухамеджанова М.Ж. Педагогическая и творческая деятельность И.И. Манской
исполнителей
понимания стиля, характера исполнения. Приучая их уже
на репетициях выполнять движения не только технический, а
282
эмоционально, развивая выразительность, умея доносить до зрителя
особенности каждого движения. Тем самым выявляя и подчеркивая
национальный характер танца [2.35].
Манская считает, что у учащихся нужно развивать понимание танца
через музыку. Потому что музыка – это основа, которая помогает
исполнителю выявлять характер движения и раскрывать содержание
танца. Чтобы движения не были формальными, механическими.
Она хорошо разбирается, какие движения характерны для изучаемого
танца, не допуская смешения стилей и не засоряя танец надуманными
движениями, не имеющими к этому танцу никакого отношения.
При постановке народно-сценических танцев Манская несколько
усложняет техническую сторону танца, видоизменяя его композицию
применительно к сценической площадке, но при этом сохраняя народную
музыку она строго следит за тем, чтобы танец не утратил присущий ему
национальный колорит.
Манская И.И. в 65 лет стала несменным педагогом-репетитором
государственного ансамбля «Салтанат». Она в хорошей физической
форме. Всегда окружена молодежью, зажигает их своим жизнерадостным
характером. Живет интересами ансамбля и своей семьи: «У меня не было
счастливого и безоблачного детства. Помню бабушку и ее рассказы о
муже, польском офицере, который был расстрелян в Алма-Ате. С этим
горем бабушка и прожила всю жизнь. Она не оправилась от этого ужаса и
страха. Революционное вдовье прошлое мамы было бурным. Она
гордилась, что убивала врагов, что была красногвардейкой и
пулеметчицей на тачанке. Семейная жизнь родителей не сложилась тоже.
Мама растила меня в разводе. Отец оставил нас ради Москвы, где он
работал редактором «Дагестанской правды». Мы ездили к нему в гости,
но это не приносило мне счастья. Когда партийная работа моей мамы
потребовала ее переезда в Караганду, то она проявила неслыханную
дерзость, отказалась от партийного билета (1950) и осталась жить в Алма-
Ате ради моего образования в хореографическом училище. В Караганде
не учили балету. Она боялась мести и наказания от партийных бонз».
Унаследовав строптивый и твердый характер мамы, вся жизнь Манской
И.И. продолжается под звездой балетного искусства. А все началось после
благословения ее на этот путь великим танцовщиком, балетмейстером и
преподавателем – Александром Владимировичем Селезневым. От него
она унаследовала традиции хореографической школы Императорского
Русского Балета. Теперь, когда его имя носит Алматинское
хореографическое
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Мухамеджанова М.Ж. Педагогическая и творческая деятельность И.И. Манской
283
училище, он представляется для всех в виде монумента, памятника,
легенды… Она же общалась с ним день за днем. Выслушивая его
нарицания, благодарности или восхищения.
Все это началось для нее в счастливом 1938, когда она участвовала в
конкурсе для поступления в хореографическое училище в Алма-Ате. Она
была зачислена с высоким результатом на экзаменах. Фантастическим же
было и то, что Селезнев лично учил ее с первого по выпускной классы.
Увидев и усвоив его методы преподавания в полном объеме всех
курсов хореографического образования, она опирается на них по сей
день. Его добрый фанатизм передавался всем нам, его студентам. Его
любовь к детям была до обожания. Он ездил ежегодно по окраинам и
собирал сирот и бездомных из детдомов Казахстана. Он считал это своим
долгом по отношению к репрессированным семьям.
Александр Владимирович гениально учил, чем редко одарены
артисты балета. Его ученики знали абсолютно все о творчестве
выдающихся личностей по их специальности. Он учил требовательно
относиться к себе и на сцене, и в быту. Манская его обожала и это было
взаимно. Ей было трудно успевать везде. Ведь она училась еще и в
общеобразовательной школе №54. Селезнев ждал всех, не начиная урока,
если кто-то опаздывал. Если он выгонял из класса, то первым шел
мириться. Никто не обострял конфликт. Их объединяло серьезное дело –
учение Танцу. Манская стала образованной и воспитанной благодаря его
вниманию. «Высокая образованность растет на благородстве, любви,
уважении. Если любишь, то не балуешь. Забота всегда строилась на
внутренней ответственности. В военное время (1941-1942) мы все
голодали. Алма-Ата изо всех сил помогала фронту. Страшно, когда в
школе твои сверстники падают от голодного обморока. Каждый день в
одно и то же время по моей улице возили хлеб с хлебозавода по
магазинам. Каждый день я видела, как на улицах пешеходы падали в
обморок – от запаха хлеба из проезжающей телеги с автоматчиками.
Странно, но на уроках танца обмороков не было, хотя мы питались
одинаково. Ведь наши физические нагрузки превышали во много раз
нагрузки в обычной школе. Вдохновение и атмосфера творчества спасли
от сонливости и неизбежных обмороков. Все, что у меня было на день –
200 граммов серого хлеба. Неустроенность, жуткая бедность,
бесконечный голод и нищета – не мешали Александру Владимировичу
преподавать на самом высоком уровне. Это была особая порода
талантливых людей. Сегодня они редкость. Честь и совестливость были
их сутью и жизненным кредо. В 1942 на моем экзамене была Галина
Сергеевна Уланова, беженка войны из Москвы. Вместе с Ириной Учаевой
Достарыңызбен бөлісу: |