Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011



Pdf көрінісі
бет21/32
Дата09.03.2017
өлшемі4,08 Mb.
#8610
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Сердәлі Б. Қазақ газеттерінің қазіргі таралу сипаты 
 
 
облыс  орталықтарында  бұл  жағдай  Кеңестік  дәуір  кезеңімен  салыстырғанда 
тез  өзгерген  болса,  аудандар  мен  қалаларда  ресми  емес  басылымдарды 
кездестіру қиын. 
Жекеменшік  және  акционерлік  басылымдарды  тәуелсіз  деп  айту 
шындыққа  жанаспайды.  Өйткені  белгілі  бір  саяси  күштердің  бұл 
басылымдарға  тигізер  ықпалы  айқын  көрініп  тұрады.  Басылымдардың  да, 
телевизия  мен  радионың  да  белгілі  бір  саяси  топтардың  (мәселен,  жеке 
саясатшылардың) мүддесін қорғап жатқаны байқалады.  
Негізі,  көп  жағдайда  ресми  құрылтайшылар  БАҚ-тың  саясаты  мен 
бағытын  белгілеуге  қатыспайды.  Бұл  өкінішті.  Осыдан  келіп,  көптеген 
басылымдардың тілшілері өсек-аяң теріп, жете тексерілмеген ақпараттармен 
әуестенуден арыға бара алмай жүр.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Бауыржанұлы Б. Әлемге танымал газеттер // Айқын. – 2010. – 7 қазан. 
2.
 
Бөкейханқызы Л. Журналистиканы қабiлетi жеткендер меңгередi // Дала мен қала. – 2005. – 14 
қазан. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

193 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
 
Ә.Б.ТӘШІМОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 
 
ЖАҢА МЕДИА: БЛОГГИНГ 
(Қазақ блог журналистикасының дамуы)  
 
В статье рассматривается область современной медии – блог. Анализируются формирование
развитие и проблемы казахского блога. 
This paper touches upon a new field of mass media –a blog. The foundation of the Kazakh  blog, its 
development and problems are considered as well. 
Әлемде  ХХ  ғасырдың  соңғы  ширегінде  пайда  болған,  бізде  90-
жылдардан  бастап  есік  қаққан  Интернеттің  дамуымен  XXI  ғасыр  басында 
дүниеге  жаңа  медиа  түрі  келді.  Дәстүрлі  журналистикамен  қатар  бүгінде 
«азаматтық  журналистика»,  «блогтық  журналистика»  деген  ұғымдар  пайда 
болып,  өмірімізге  дендеп  енуде.  Азаматтық  журналистика  ол  желідегі 
медиамен (интернетпен) тікелей байланысты. Ғаламторда блог деген түсінік 
қалыптасқанына  біраз  болды.  Яғни,  қазақ  интернетінің  тарихы  Қазнеттің 
пайда болуымен (1994) басталса, қазақ блогы 2007 жылдан белең алды.   
Ең  әуелі  «блог  дегеніміз  не»  деген  сауалға  жауап  беруден  бастайық. 
Басында  блог  жай  ғана  уақыт  өткізудің  немесе  әуестенушіліктің  бір  түрі 
болса,  уақыт  өте  келе  БАҚ-тың  жаңа  формасына,  саяси  факторға,  ал  кейін 
маркетинг  пен  PR-дың  жаңа  құралына  айналды.  «Блог  дегеніміз, 
(ағылшынша:  blog,  web  log  дегеннен  «желі  журналы  не  оқиға  күнделігі» 
шыққан  сөз)  –  үнемі  толықтырылып  тұратын  қысқа  жазбалардан, 
суреттерден, таспалардан тұратын мәнді мағлұматы бар торап» [1]. Көбінесе 
блог дегеніміз – пікір алмасу мүмкіндігі бар, онлайн күнделік деп түсіндіреді. 
Бiрiншiден,  блог  –  бұл  нақтылы  мағынадағы  бiрлестiк.  Оқырмандар  өзіне 
қызықты  тақырыптағы  блогтардың  жазбаларын  оқи  отырып,  өз  пікірлерін 
білдіреді.  Блог  авторлары,  өзінің  блогының  блогроллына  өзі  оқитын 
блогтарды  жариялау  арқылы,  бiрлестіктерге  бiрiккен.  Бұл  Қазақстан 
блогосферасында  жақсы  дамыған.  Олар  көбінесе  автормен  жеке  таныс.  Бұл 
көптеген  таныс,  дос-жолдастар,  клиенттер,  т.с.с.  адамдар  арасындағы 
қызықты  және  жалықтырмайтын  араласумен  қатар,  ыңғайлы  байланыс 
құралына  айналады.  Екіншіден,  ақпарат  көзі  үшін  тиімді.  «Блог 
жазылымдары хронологиялық ретпен жарияланады, яғни, соңғы жазылым ең 
бірінші  болып  тұрады.  Автор  жазылымдарды  кейбір  көрсеткіштеріне 
байланысты  топтап  отырады,  мәселен  тақырыптарына  байланысты»  [2]. 
Сондықтан қажет материалдарды табу да тез, оқуға да ыңғайлы. 
Блогтың нақты қай жылы пайда болғандығы туралы түрлі пікірлер бар.  
«1994  жыл.  Жаңа  кезеңнің  бастауы.  Студент  Джастин  Холл\Justin  Hall 
алғаш  интернетте  күнделік  жүргізе  бастады.  Кейде  блогтың  алғашқы  иесі 
танымал  бағдарламашы  Дэйва  Вайнера\Dave  Winer  болған»  [3]  десе,  «Жәй 
қазақ блогер»  блогының  деректерінде  ең  бірінші  блог  ретінде  «www – ны  

194 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Тәшімова Ә.Б.
 
Жаңа медиа: блоггинг (Қазақ блог журналистикасының дамуы)
  
 
 
 
ойлап  тапқан  бағдарламашы  Тим  Бернерс-Лидің  1992  жылғы  жазуларын 
айтуға болады дейді. Weblog терминін ең бірінші Jorn Barger қолданған» [4] 
деп жазады.  
Қазақстандық  сегменттің  жайы,  оның  ішінде  қазақ  тілді  блогтарға 
келсек.         
Қазнетте  «vseti»,  «nur  kz»  ,«on  kz»,  «birge  kz»  әлеуметтік  желілері 
құрылып, белсенді жұмыс істеуде. 
Қазақша блогтар қазірге 300-ден астам көрінеді. Ал, күніне орта есеппен 
6  блог  дүниеге  келеді  және  олардың  көпшілігі  wordpress.com  блог-
тұғырнамасында орналасқан немесе жеке домендік хостингте. Ал орыс тілді 
қазақстандық  блогтар  көбіне  livejournal.com  блог-тұғырнамасында  тіркелген 
не  жеке  домендік  атауда.  Ал  blogger.com,  blogspot.com  секілді  блог-
тұғырнамаларда  қазақша,  орысша  қазақстандық  блогтар  қатар  кездесіп 
жатады. “Біздің КазНет соңғы уақытта қарқынды жылдамдықпен өсіп келеді, 
сәйкесінше  блогтардың  да  көбейетінін  күтуімізге  болады,  демек  әр  адам 
қосыла алатын осы ақпараттық ортаның аясы кеңейеді деген сөз» - дейді бұл 
жөнінде  [5].  Ал  қазірге  бар  блогтарды  қарап  сараптайтын  болсақ,  қазақ 
блогосферасындағы  журналистиканың  функцияларын  орындайтын  блогтар 
көп  және  олардың  авторлары  кәсіби  журналистер  мен  үнемі  қызықты, 
пайдалы ақпарат жазатын басқа сала мамандары.  
Ал, енді қазақ блогтарының тақырып бағдары қандай? Соңғы айлардағы 
блогтарды  сараптай  келе  мынадай  түйін  түюге  болады.  Яғни,  қазақ  блогы 
саласында  қазақ  және  орыс  тілінде  талқыланатын  ең  танымал  тақырыптар 
мыналар:  
1.
 
Әлем елдеріне саяхат (алған әсерлері, суреттер). 
2.
 
Мемлекеттік тіл. 
3.
 
Қазақ тілінің, қазақ әдебиетінің дамуы. 
4.
 
Кино және шоу-бизнес жаңалықтары. 
5.
 
Дін тақырыбы. 
6.
 
Өңірлік қозғалыстар жаңалықтары (жастар қозғалысы, дебаттық). 
7.
 
Қолөнер. 
8.
 
Ақпарттық қауіпсіздік. 
9.
 
Қазақ блогерлерінің құрылтайы.  
Халықаралық  MediaNet  Журналистика  орталығының  зерттеуінше,  блог 
тақырыптарының  сараптамасы  төмендегідей:«Қазақ  блог  тақырыптары: 
71% – әлеуметтік тақырыптар мен жаңалықтар; 
29% – АТ тақырыбына посттар мен тұрмыстық кеңестер [6]. 
Ғаламторда web 2.0 технологиясының келуімен, тілдердің дамуына жаңа 
және  үлкен  мүмкіндіктер  ашылды.  Алғашқы  ұлттық  портал  «Массаган» 
http://www.massagan.com/  2003  жылы  дүниеге  келіп  әлеуметтік  атақты  торға 
айналды. Онда жаңалықтар жарияланды,  музыкалық архив,  форумдар  және  

195 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Тәшімова Ә.Б.
 
Жаңа медиа: блоггинг (Қазақ блог журналистикасының дамуы)
  
 
 
 
тұлғалы  беттер  болды.  Блог  жүргізушілер  қазір  «Блог  ішіндегі  блог»  деген 
атпен  қазақ  блогсферасына  қатысты  мәліметтер  зерттеу  бетін  құрды.  Онда 
КазНеттегі блогтар жайында қызықты деректер көруге болады. Блогинг елдер 
арасындағы шекараны ғана жоймай, сонымен бірге салалық журналистиканы 
дамытуға  атсалысады.  Мысалы,  тек  қана  экономикаға,  фото  өнеріне, 
аспаздыққа, ақпараттық технологияларға, әдебиетке немесе спортқа арналған 
блогтар  бар.  Нақты  салада  жазылған  блог  таңдалған  тақырыпқа  сай  барлық 
жаңалықты  жариялауға  тырысады,  өз  тәжірибесімен,  идеяларымен  бөлісіп, 
кеңес береді. Елімізде тәуелсіз журналистер блогшы ретінде өздерін көрсете 
білсе,  ақпарат  нарығын  қалыптастыруға  мүмкіндік  туатыны  сөзсіз.  Осыған 
орай,  тәуелсіз  журналистер  қызметіне  жүгінетін  БАҚ-тар  да  пайда  болады. 
Қазақ  журналистикасы  интернет  еркіндігі  және  пікірлердің  плюрализмі 
арқылы жаңа белестерден көрініп, алға қадам жасай алады. Бұқарамен тығыз 
байланыста  болған  журналист  ешқашан  ұтылмайды,  керісінше,  ақпарат 
көздерін  күн  сайын  ұлғайта  береді.  Әр  блогшы  журналист  болмаса  да,  кез-
келген  журналист  блогшы  бола  алады  және  кез-келген  мамандық  иесі 
оқырман  үшін  маңызды  ақпаратпен  бөлісе  алады.  Сонымен  әлемтордағы 
блогтарды  қарап  отырып  мазмұнына  сәйкес  тақырыптарын  былай 
жіктеуімізге болады: 
1.
 
Саяси. 
2.
 
Пиар және жарнама. 
3.
 
Кәсіптік. 
4.
 
Жалпытанымдық. 
5.
 
Фотоблогтар. 
6.
 
Сатира және юмор. 
7.
 
Жеке күнделіктер. 
Блогтардың түрлері сан алуан және олар қашан да аралас болып келеді, 
бірақ олардың бәрі түрлі факторларға байланысты мынадай белгілері бар: 
Автордың санына байланысты:  

 
Жеке  -  бұл  блогинг  түрінің  ең  көп  тарағаны.  Автор  тек  қана  біреу. 
Көбінесе, тек қана автордың кез-келген оқиға, мәселелерге байланысты ойы, 
пікіріне, біліміне байланысты мақалалар жазылады. 

 
Корпоротивті  блог.  Корпоративті  блог  –  Қазақстанда  аз  тараған, 
жоқтың қасы.      
Блогтардың атқаратын қызметін реттеп былай көрсетуімізге болады: 
а) жеке күнделік. 
ә) әлеуметтік желі. 
б) бұқаралық ақпараттың жеке құралы. 
в) пікір жинақтауға және сауалнама жүргізуге арналған алаң. 
г) мәліметтер сақтауға арналған архив. 
Блог жүргізу жас журналистер үшін тиімді, мұнда жазуды үйреніп қана 

196 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Тәшімова Ә.Б.
 
Жаңа медиа: блоггинг (Қазақ блог журналистикасының дамуы)
  
 
 
 
қоймай,  жазбаңызға  оқырманның  көзқарасын  байқау  арқылы  қай  арнаға 
ойысу керек екенін біліп отырасыз. Сондай-aқ, блогтарда тікелей атақты блог 
жүргізушілермен  сөйлесе  аласыз.  Өз  сұрақтарыңызға  тез  жауап  ала  аласыз. 
Сонымен  қатар  блогосфера  кез-келген  50 000  тұрғыныннан  асатын  елді 
мекендердің  барлығында  болады,  олардың  жазбаларында  сізге  қажет 
материалдар  болса  пайдалануға  болады.    Блог  жүргізушіден  рұқсат  алу  да 
қиынға  соқпайды.  Бұл  –  авторлық  жобаның  бір  түрі.  Ақпараттық 
агенттіктердің сайтына ұқсайды, айырмашылығы әр жазбаға пікір қалдыруға 
болады.  Көп  ретте  блогты  бір  адам  жүргізеді  дегенмен  көптеген  атақты 
блогтардың блоггерлері – бірлестіктер. Интернетке қолжетімділік және блог 
жүргізудің  қарапайымдылығы  журналистиканың  бұқаралық  феноменін 
туғызуда.  Мыңдаған  адамдар  бүгін  бастан  кешкенін,  көрген-білгенін  жазуға 
дайын.  Ал  редакторлар  олардың  арасынан  өзіне  лайықты  маманды  таба 
алады. 
Блогтардың аудиториясына келер болсақ, «дәл қазір әлемде ондаған, жүз 
миллиондаған,  түрлі  тілдердегі  және  түрлі  блогосервистерде  блогтар  бар. 
Мәселен, атақты әлеуметтік желілердің бірі Facebook (Александр Москалюк, 
Facebook, lnc): 

 
Сайтта 55 000 желі бар (ЖОО, компаниялар, аймақтар).  

 
45%  тұтынушы  сайтқа  күніне  қайта  айналып соғады (олардың ортақ 
уақыт сессиясы 25 минутка созылады). 

 
Айына 65 млрд. бет көрсетіледі. 

 
фото-сайт жағынан ең көп тұтынылатын (1-ші тұрған сайт).  

 
танымалдығы жағынан әлемде 5-орында тұр. 

 
Күніне 14 млн. жаңа суреттер қойылады...» [7]. 
Ал  Қазақстанда  дәл  қазір  танымалдығы  мен  ұсынатын  қызметтеріне 
қарай бірнеше блогосервистер бар: 
1.  Livejournal.com  (орыстілді,  кириллица  секторында  қызмет  көрсетеді) 
Қазақстандағы юзерлерінің саны шамамен 6000. 
2.  Liveinternet.ru  (ЛиРу)  Қазақстанда  қолданушылары  шамамен  4000-
6000 адам. 
3.  Мэйл.ру  блогтары  –  пошталық  сервистің  көрсететін  қызметтерінің 
бірі. 
4. Neweurasia жобасы.  
5.  Тәуелсіз  жеке  сайттар  (мәселен  Александр  Ляховтың  сайты  «блог 
Дяди Шала» және Ерлан Асқарбековтың «Первый блог Казахстана»). 
6.  Zona.kz.net  –  пайда  болғанына  көп  болған  жоқ.  Ортақ  тұтынушылар 
саны күн санап өсіп келеді. 
7. «Центр Тяжестидің» блогтары әуелгісіне ұқсас.  

197 
 
Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  және  ТМД  аумағында  алдыңғы  қатардағы 
блогосервис  ол  -  Livejournal.com.  Бірақ  мұның  барлығы  да  орыс  тіліндегі 
блогтар үшін. Қазақ тіліндегі блогтардың жағдайы төмендегідей: 
 
 

198 
 
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2011 
 
Тәшімова Ә.Б.
 
Жаңа медиа: блоггинг (Қазақ блог журналистикасының дамуы)
  
 
 
 
wordpress.com.  
- blogspot.com.  
- livejournal.  
- blog.ru.  
- жеке домен.  
«Журналистика  блогинг»  блогының  блогері  қазақ  блогосферасының 
дамуының  жайын  анықтау  үшін  сауалнама  жүргізген.  Сауалнама  нәтижесінде 
жауап бергендердің 57% блогтарын бір жыл, ал 27% жарты жыл, 14% бір жылдан 
көп  жүргізгенін  көруге  болады.  Келесі  сұрақ  «Блог  бастауға  не  түрткі  болды» 
дегенге,  блогшылардың  86%  «жеке  қызығушылығым»  деп  жауап  берді.  Жеке 
веб-бет жүргізгенде блогшылардың 57% ешқандай қиындық болмағанын, ал 43% 
блогты жиі жаңартуға, басқа блогтарды оқуға мүмкіндігі шектеулі болғандығына 
себеп  болған  –  интернет  қызметінің  қымбаттығы  деп  жауап  берген.  Жеке  веб-
беттегі мағлұматтың маңыздылығын бағалау кезінде блогшылардың 43% қажетті 
ақпараттың  жоқ  еместігін  мойындаса,  43%  өзіңе  қажетті  ақпаратты  блогтан 
тауып алатынын көрсетті. Қазақ блог жүргізушілердің 71% әлеуметтік хабарлар, 
соның  ішінде  жаңалықтар  немесе  зерттеулерді,  ал  қалғаны  ақпараттық 
технологиялар  мен  тұрмыстық  кеңестерді  жариялаймын деп  жауап  берген. Осы 
сауалнаманы  зерлеп  қарасақ,  қазақ  блогосферасының  пайда  болуы,  қалыптасуы 
және оның маңыздылығы қандай екенін аңғаруға болады [8].  
2010 
жылдың 
басында 
әлеуметтік 
желілер 
жөніндегі 
зерттеу 
құрылымдарының 
бірі 
Қазақстанның 
әлеуметтік 
желілерді 
пай-
даланушыларының  басым  көпшілігі,  яғни  80%-дан  жоғары  тұтынушы  орыс 
тілінде  қарым-қатынас  жасайтынын  хабарлаған  еді.  Ақпарат  және  байланыс 
министрлігінің  2010  жылғы  қыркүйек  айының  соңындағы  ресми  деректері 
бойынша:  Қазнет  каталогы  6  997  сайттан  құралған,  олардың  ішінде  617-і  - 
мемлекеттік  тілде  немесе  сайттардың  жалпы  көлемінің  8,8%-ы. 
Бұл елдің ақпараттық кеңістігінде қалыптасқан ахуалды көрсетеді, мұнда да орыс 
тіліндегі БАҚ сан жағынан басым келеді. Мәселен, 2010 жылғы 25 маусымдағы 
ресми деректер бойынша Қазақстан Республикасы БАҚ-тарының жалпы  саны 2 
427-ні  құрады,  олардың  437-і  қазақ  тілінде  немесе  елдегі  БАҚ-тардың  жалпы 
санының 18%-ы.  
Бұл  жөнінде  саясаттанушы  Ерлан  Қарин:  «Дегенмен  де  біз  интернет  желі-
сінің қазақ тіліндегі сегменті қарқынды түрде ілгері жылжып келе жатқанын айта 
аламыз. Аталған сегменттің дамуының маңызды қыры - қазақ тіліндегі интернет-
ресурстарға  жүйелі  түрде  қолдау  көрсету  болды.  Мәселен,  Қазнетте  қазақ 
тіліндегі  БАҚ-тардың  бірыңғай  тұғырнамасын  жасауға  шешім  қабылданды.  Ол 
туралы  пікір  сайысының,  үнқатысудың  болуының  өзі  билік  пен  интернет-
қоғамдастықтың  Қазнетті  дамытуға  дайындығы  мен  мүдделілігін  көрсетеді. 
Интернетте  қазақ  тіліндегі  сегменттің  дамуына  блоггерлер  елеулі  үлес  қосады. 
Оның үстіне қазақ блогтары өз шамасында белгілі бір феномен болып табылады. 
Егер Қазнетте орыс тіліндегі сегменттің қазірдің өзінде коммерциялануы жүріп, 
инвестиция жүргізіліп, 
оның белгісі сот талқылауына ұшыраған жағдай болып
  

199 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Тәшімова Ә.Б.
 
Жаңа медиа: блоггинг (Қазақ блог журналистикасының дамуы)
  
 
 
 
жатса,  Қазнеттің  қазақ  тіліндегі  бөлігінің  жобалары  әзірге  ынта-жігердің  және 
блоггерлердің  өздерінің  қарапайым  азаматтық  белсенділігінің  арқасында  ғана 
дамып  отыр.  Қалай  болғанда  да,  қазақ  блогы  саласының  артықшылығы  да, 
әлсіздігі де осында» [9]. Жүзден астам (104) қазақ тіліндегі блогтарда жүргізген 
мониторинг мәліметтері бойынша төмендегіні айтуға болады: 
Біріншіден,  қазір  қазақстандық  блог  саласы  дамудың  бастапқы  кезеңінде 
тұр.  Зерттеуге  алынған  блогтардың  жартысынан  астам  бөлігінің  соңғы  жылда 
ашылғаны да осының айғағы. 
Екіншіден,  блогтарда  жеке  сипаттағы  мәселелер,  сонымен  бірге  жалпы 
ақпараттық  жобадағы  басылымдар,  оның  ішінде  шет  елдерге  жасаған  саяхаты 
туралы,  күнделікті  өмірде  қажетті  пайдалы  кеңестер  басым.  Осы  сипаттағы 
блогтар  ең  белсенді  болып  табылады  -  жиі  жаңартылады,  адамдар  көп  қарайды 
және түсініктер береді. 
Үшіншіден,  блог  авторлары  көтеретін  қоғамдық-саяси  сала  мәселелері, 
оқырмандардан әдетте онша қолдау таппайды. Кейде тіпті оқырмандардың 
пікірлері де болмайды. Осыдан қазақ тіліндегі блогтардың қоғамдық-саяси 
пікір  алмасу  алаңы  болмағандығын  түйіндеуге  болады.  Мысалы,  көрші 
Ресейдегі секілді (А.Навальныйдың блогы).  
Төртіншіден,  қазақ  блогы  саласы,  сонымен  қатар  қазақ  журналистикасы 
секілді  руханилық,  мәдениет  мәселелеріне  бағдарланған.  Авторлар  мемлекеттік 
тілді дамыту мәселелеріне, сонымен қатар дін тақырыбын көп көтереді».  
Бесіншіден,  ең  белсенді  блоггерлер  –  журналистер,  оның  ішінде 
журналистика  факультетінде  оқитын  студенттер  басымырақ  келеді  [9].  Соңғы 
кезде  қазақ  блогосферасында  белсенділік  танытып  жүрген  блогшылардың 
бірқатары  жас  журналистер.  Олардың  басында  Асхат  Еркімбай,  Әлия  Сембай, 
Аршат  Оразов,  Өркен  Кенжебек,  Ерлан  Оспан  сынды  блогшылардан  бастап, 
бүгінде  журналистика  факультеттерінің  студенттері  де  бар.  Олардың  жеке 
блогтарында  әлеуметтік  тақырыптар  бірінші  орында.  Мысалы,  мәдениет,  тіл 
мәселесі, денсаулық, жолақы, тәрбие, білім беру және т.б. Ұлттық рухқа қатысты 
материалдар ішінде мемлекеттік идеология және жастар, жастар саясаты сияқты 
тақырыптар көп қозғалады. Нұркен Тоқаев [10] - жас журналист, оның блогында 
публицистикалық  сарында  жазылған  материалдар  қазақ  еліне  қатысты 
мәселелерге  арналған.  «Ұлттық  идеологияның  жоқтығынан  әрбір  азамат  өзінің 
барар  жерін  толық  білмейді,  ертеңгі  күнін  болжай  алмайды»  немесе  «Тіл  – 
ұлттың  жаны.  Ұлттың  жанына  ине  шаншуға  ешкімнің  хақысы  жоқ»  -  сияқты 
авторлық  публицистика  редакторлық  өзгерістерге  ұшырамаған,  ол  еркін  түрде 
оқырманына  жеткізілген.  «Алтыбақан»  блогының  авторы  да  жас  журналист 
Нұрболат  Аманжол  [11].  Оның  блогында  ұлттық  рух,  ұлттар  достығы,  өнер, 
автордың жеке зерттеулері және әдеби шығармалары жарияланады. Алматылық 
Анар  Мұстафина  танымал  екі  блог  жүргізеді.  Бір  блогы  қазақ  поэзиясына 
арналған  (http://akzere.wordpress.com).  Енді  бірінде  киноларға  пікір  жазады, 
әлеуметтік мәселелер көтереді. (
http://akzere.dosum.kz)
. Анардың блогына күніне 
300-
500 адам кіреді [6]. Блог  жастар  талғамына бағытталса да, қоғамдық
  

200 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Тәшімова Ә.Б.
 
Жаңа медиа: блоггинг (Қазақ блог журналистикасының дамуы)
  
 
 
 
басылымның талаптарымен санасады. Орталық Азияның ұйымдық блогы «Жаңа 
Евразия»  [12]  Қазақстан,  Қырғызстан,  Өзбекстан,  Түркіменстан  мен 
Тәжікстанның  белсенді  блогшы-журналистерімен  жүргізіліп,  Евразияны 
әлеуметтік, саяси жағдайынан хабардар етеді. Бұл блог әр елдің ана тілімен қоса 
ағылшын және  орыс тілінде  жүргізіледі,  осылайша оны тек  қана Орталық Азия 
елдері  ғана  емес,  бүкіл  әлем  оқи  алады.  Қазақстандық  блогшылар  үшін  бұл 
блогта  материалдардың  мынадай  айдарлары  бар:  «Ауыл,  Ашық  хат,  Байқоңыр, 
Баспана,  Білім,  Дастархан,  Жастар  саясаты,  Жемқорлық,  Көші-қон,  Ислам, 
Мәдениет,  Сайлау,  Сапар,  Экология,  Экономика,  Ғылым,  Қауіпсіздік,  Ұлттық 
идея,  Өнер,  т.б.».  Қарап  отырсаңыз,  бұл  блог  көп  салаларды  қамтиды  және 
авторлары  мен  оқырмандары  үшін  әр  салада  тікелей  ақпарат  алмасуға  көп 
мүмкіндік жасайды.                
Бүгіндері  блог  жазбалары,  блогтық  журналистика  қарқынды  дамып  келеді. 
Зерттеушілердің  айтуынша,  бұл  процесс  алғашында  Батыс  елдерінде  қарқын 
алса,  соңғы  уақытта  бәсең  тартқан.  Керісінше,  бүгінде  Ресейде,  ТМД  елдерінде 
соның  ішінде  Қазақстанда  қарқынды  дамуда.  Десек  те,  кей  блоггерлерді  БАҚ 
өкілдерімен  бір қатарға  қоюға  болмайды.  Ақпаратты  өңдеу,  оны  жеткізу  тәсілі, 
кейбір  кездерде  журналистің  қызмет  атқаратын  мекемесінің  ұстанымына 
байланысты хабарды ұсынуы, қалай дегенмен де жүз жылғы тәжірибеге ұласып 
жатыр.  Ал  блоггерлер  -  “әуесқой  журналистер”.  Әр  түрлі  жаңалықты  өздігінше 
жеткізгісі  келеді,  басқа  БАҚ-тардан  оқшау  пікір  жазғысы  келеді.  Өздері 
қарапайым  интернет  қолданушы  болғандықтан  да  олар  бұқараға  жақын.  Соңғы 
кезде  BBC,  SNN  сынды  ақпарат  алпауыттары  тарапынан  да  қарапайым 
блоггерлер  әзірлеген  ақпараттарға  «тәуелділік»  байқалады.  Себебі,  қашан  да 
оқиға  орнына  ресми  БАҚ  өкілдерінен  бұрынырақ  жететін  «әуесқойлардың» 
ақпараттары сенсациялы әрі құнды болмақ.     
Саясаткерлер  де  әлемдік  үрдісті  байқап,  блогты  электоратпен  жұмыс  үшін 
пайдалануға  болатынын  түсінді.  Мәжіліс  депутаттары  Мұрат  Әбеновтің,  Бек-
болат  Тілеуханның  жеке  блогтары  басқа  Үкімет  мүшелері  блогынан  өзгеше. 
Себебі  олар  оны  өздер  жүргізіп,  жиі  жаңалап  отырады.  Әрі  twіtter  тәрізді 
әлеуметтік  желілерде  кеңінен  насихаттайды.  Сол  сияқты  саясаткерлер  Айдос 
Сарым мен Ерлан Қарин, оппозиция өкілі Әміржан Қосан да – twіtter әлеуметтік 
желісінің  белсенді  қолданушылары.  Әсіресе  Айдос  Сарымның  Facebook 
желісіндегі  белсенділігі,  өзге  ұлтжанды  азаматтарға  үлгі  боларлықтай.  Жалпы, 
осы  аты  аталған  саясаткерлер  жаңа  медианы  жұртшылықпен  байланыстың 
құралы ретінде тиімді пайдаланып отыр деп айтуға болады.   
 Дәстүрлі  журналистика  мен  жаңа  медиа,  блог  бір-біріне  бәсекелес  емес, 
керісінше,  бір-бірін  толықтырады,  ақпарат  айдынындағы  әрбір  оқиғаға  дұрыс 
баға беруге көмектеседі. Блогтың қоғамдық өмірде маңызы артып, әсері күшейіп 
келеді. Блогты көбіне азаматтық ұстанымы мен көзқарасы бар жандар жүргізеді, 
әрі білім беру саласында қолдану үрдісі кең етек жаюда. Алғашында Батыс елде-
рінде  блог  азаматтық  көзқарасын  танытатын  құрал  ретінде  жиі  пайдаланылса, 
қазір белсенді азаматтар блог емес, twіtter, facebook тәрізді әлеуметтік сипаты
  

201 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет