А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Елеуов С.Е. Халық әндерінің операдағы мәні
267
«Біржан-Сара» операсын халық композиторы, ақыны, әншісі Біржанның
өз әндерінсіз елестету қиын. Оның әндері терең шыншылдығымен, әсем
жарқындылығымен ерекше естіледі. Олар ең әуелі, басты кейіпкерге
мінездеме береді. «Айтпай» әнімен Біржан жәрмеңкені қошеметтейді. Бұл
әннің екінші жартысын хор орындап, жеке шумақ ретінде естіледі.
«Адасқақ» әнінің сарынында, ІІ көріністегі ариозо және анасымен
қосылып орындаған дуэті, 4 көріністегі Біржан мен Сараның дуэті жазылған.
Оның зарланып шыққан үні музыкалық көріністің жағдайын қатайтып,
шиеленістіру үшін көмектеседі. Біржанды бейнелейтін ең негізгі ән, ІІ
көріністе жастармен кездескенде айтқан «Біржансал» әні. Бұл ән Біржанның
бейнесін, Сара мен Аналықтың әуендік партияларына жалғасып операның ең
соңында оркестрде естіледі. Болысқа деген өшпенділігін «Жанбота» әні
арқылы көрсетеді. Шынында да бұл Біржан ақынның Жанбота деген болысқа
наразылығынан туындаған. Бұл әнінде ақын ыза кернеген ашуын, сөз
өнерінің құдіретімен қорытындылаған.
Біржанның әндері операда жаңа түске боялып қайта туады. Мұнда әннің
мәнерлігі айқындалып, орындау үлгісі өзгеріп, түседі. Автордың әуездік
тілімен біте қайнап, олар операның драматургиясына бағынышты болып,
мазмұнын жан-жақты ашады. Ән туындысына деген мұндай көзқарас
композиторға тән нәрсе. Біржанның әндерінен басқа операда Жаяу Мұсаның
және халық әндерін пайдаланған. Айтыс көрінісінде Біржан, Жаяу Мұсаның
«Халау» әнімен шығады, ал Сара оған жауапты халық әндері «Гүлдер-ай»
және «Шұбар ағаш, ой жайлау» әндерінің сарынында қайтарады. Одан әрі,
композитор Сараның бейнесін суреттей отырып Жаяу Мұсаның «Сұрша қыз»
және «Гауһар қыз» (ІІІ көрінісі), ал Біржанның жастармен кездесу
көрінісінде, Естайдың партиясы және хор - «Шолпан» және «Сапар»
әндерінің сарынында құрылады. Мұнда композитор, бір-біріне жақын
әндердің үлгісін қосқан [1].
Операдағы ән үлгілері бай. Мұнда авторлық материалмен табиғи ән
үлгілері өрнектеліп, үйлесім тапқан. Кейде автордың өзінікі ме, жоқ әлде
шеттен алып пайдаланған материалы ма, оны анықтау қиын. Өйткені оның
әндерінің қайнар көзі жатыр. Демек, жоғарыда қол жеткізген қазақ
операсындағы шығармашылық табыстар, халықтың рухани байлығы - ән-
күймен нәрлендірген, оны молынан профессионалды тұрғыда пайдаланған
композиторларымыздың арасынан жиналған әншілер мен бишілер түгел
музыкалық студияға ауысқан. Олардың ішінде әйгілі әртістерден Күләш
Байсеитова, Құрманбек Жандарбеков, Манарбек Ержанов, Қаныбек
Байсеитов және басқалар бар болған еді.
1934 жылы 13 қаңтарда студия артистері тұңғыш рет М.Әуезовтің,
«Айман-Шолпан» атты музыкалық спектаклін көрсетті. Бірінші қойылған
ойынды жұртшылық аса құптай қабылдайды. Спектакль сол маусымның
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Елеуов С.Е. Халық әндерінің операдағы мәні
268
өзінде 101 рет қойылады. Сонымен 17 қаңтар күні студияға «Қазақтың
мемлекеттік музыкалық театры» деген атақ беріледі. Қазақтың Абай
атындағы мемлекеттік опера және балет театрының шаңырағы содан
көтерілген. Құрылған күннен бастап театрдың ұлт кадрларын дайындау және
кәсіби тәрбиелеу жұмысына көңіл бөлінеді. Осыған байланысты театрдың
жанында балет-хореография, дауысты қою, сахна өнері музыкалық білім
және гримм бөлімдері бар студия ашылады. Бұл жайларға бас артистер зор
ынта және жауапкершілікпен атсалысады. Әншілер дауысты қою жұмысына,
музыка сабағына жігерлене кіріседі. Әнді еуропалық мәнерде айтудың
опералық сахнада өте пайдалы әрі қажет екенін олар тез түсінеді. Дауыс
техникасын үйренудің, артистердің әншілік мүмкіншіліктерін байыта
түсетініне көздері жетеді. Көп ұзамай театр Ғабит Мүсіреповтің либреттосы
бйынша жазылған «Қыз Жібек» пьесасын көрсетеді.
Мемлекеттік музыкалық театрдың көркемдік жағын дарынды артист,
режиссер, драматург және тамаша ұйымдастырушы, өнер жұмысына
түгелдей берілген Жұмат Шанин басқарады.
Асқан сахна шеберлері Күләш Байсеитова, Қаныбек Баисеитов,
Құрманбек Жандарбеков, Манарбек Ержановтың қатысуымен қойылған бұл
жаңа жанрдағы тұңғыш музыкалық пьеса - «Айман-Шолпан» халқымызды
шын мағынасында қуантқан. Соңғы жылдағы А.Жұбанов пен Л.Хамидидің
«Абай», М.Төлебаевтің «Біржан-Сара» сияқты операларының әрқайсысы
өзінің композициясы, музыкалық көркем образдары, бейнелеу тәсілі жөнінен
қазақтың тұңғыш «Қыз Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» операларымен
салыстырғанда әлдеқайда жоғары сатыдағы шығармалар. Себебі, «Абай»,
«Біржан-Сара» опералары қазақ музыкасының түрлі жанрда жан-жақты
дамыған жаңа шығармашылық белестерге көтерілген кезінде туған
шығармалар «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» опералары басынан
аяғына дейін қазақтың халық әндері мен күйлерінің негізінде жазылған.
Себебі, сол кезде ұлттық опера жасауда жұртшылық құлағына бұрыннан
таныс халық музыкасын пайдалану ең қажетті жағдай болған, бұрын
опералық шығарманы естіп білмеген аудитория үшін мұның тәрбиелік мәні
де үлкен болған. Бұл қазақ халқының опера сияқты үлкен жанрға қадам
басуға, күрделі опералық шығармаларды тыңдаудағы мәдени революция
болды. Сондықтан опералық өнеріміздің «Қыз Жібек», «Ер Тарғын»,
«Жалбыр»
сияқты
алғашқы
тырнақалды
туындылары
осындай
қажеттіліктерден туады [2].
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
«Қазақ музыкасы» антологиясы: бес томдық. І том - «Көне музыкалық фольклор». Алматы:
Казақақпарат. 2005.
2.
Ерзакович Б., Қаспақова Г. Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы. Алматы: Ғылым. 1986.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Г.К.ШҮКІРОВА
269
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доцент м.а.
БАЛАЛАР ДАУЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕР
В этой статье рассматриваются некоторые особенности, встречающиеся в голосах детей, и
различные методы работы с голосами.
This article deals with some peculiarities of children’s voice and with various methods of work with
these voices.
Балалардың дауысының үлкен адамның дауысынан айырмашылығына келер
болсақ сәбилердің көмейі 2-2,5 есе кіші әрі жоғары орналасқан. Көмей еттері мен
дауыс сіңірлері толық жетілмеген үлбіреген нәзік жұмсақ болып келеді.
Сондықтан баланың дауысында вокалдық бұлшық еттер болмайды олардың
орнын жалғастырушы тканьдер алмастырады тек дауыс қатпарларын
жақындастырушы еттер ғана болады. Бес жастан бастап жекелеген вокалдық
бұлшық ет талшықтары біліне бастайды.
9-10 жасқа дейін көптеген балаларда ән айтқан уақыттарда дауыс
қатпарлары толық ашылмайды, олардың дыбыс шығаруы барлық диапазонда
фальцетті түрде болады. Дауыс бұлшық еттері толық дамымағандықтан оның
дауыс диапазоны да шектеулі болады.
Сонымен қатар көмейдің атқаратын бірнеше қызметтері бар. Ол
қорғаушылық және қозғалтушылық міндетін атқарумен бірге, жоғарғы тыныс
алу мүшелеріне қатысты болғандықтан, барлық тыныс жолдарымен тығыз
байланысты болады. Балалардың дауысымен жұмыс істегенде дыбыс
бастамасының алатын орны ерекше. Дыбысты дайындау және оның бастамасы
шабуыл деп аталады. Вокалдық практикада үш түрі бар: қатаң, жұмсақ және үзік
дыбыс бастамасы. Сондықтан да, балалардың дауысымен жұмыс істегенде,
қандай шабуыл кезінде баланың дыбыс шымылдығы іске қалай қосылады және
қандай дауыс шабылуымен жұмыс істеу колайлы екенін ескерген жөн. Негізінен,
бала дауысымен жұмыс істегенде жұмсақ дауыс шабуылын қолдану дұрыс деп
саналады. Сонымен біз дауыс аппаратымен таныстырып болған соң, өзіміз
музыка сабағында пайдаланған орындаушылық шеберлікті дамытуға ықпалын
тигізген әдістемелік тәсілдерді ортаға саламыз [1.68].
Әншілік мәдениетке баулуда дауысты баптаудың алар орны ерекше. Оның
мақсаты - әншілік дауысты қалыпқа келтіру және бір арнаға түсіру.
Дауысты баптау жолында байқағанымыз - жұмыс істеу барысында үнемі бір
қалыпты жаттығулар жасау балаларды қызықтырмайды, сондықтан да дауысты
шақыру үшін әртүрлі көркем шығармалардан үзінділер пайдаланып отырған жөн.
Қазақ мектептерінде музыка сабағын жүргізгенде халық әуендерінен үзінділер
ала отырып жұмыс жасаудың тиімді екенін тәжірибеде көптеп кездестіруге
болады.
Балаларды музыкаға баулу жолында халық әуендерінің тәрбиелік мәнінің
зор екендігін ескере отырып, жұмыс барысында халықтың ән дәстүрін шебер
талғаммен пайдалана білген жөн. Б.В.Асафьев халық әндерін музыка
сабақтарында пайдалана білудің орны ерекше екендігін айта отырып былай деген
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Шүкірова Г.К.
Балалар дауысында кездесетін кейбір ерекшеліктер
270
еді: «Халық арасында музыканың кеңінен дамуы үшін және оның әсерлігінің
артуы үшін, халықтың өзі туғызған мәңгілік өлмес ән өнерінің орны бөлек».
Б.В.Асафьев халық әніне ерекше мән бере отырып, оның мектеп жасындағы
балаларды музыкаға тәрбиелеуде алатын орнын осылайша көрсетті.
Ән айту мәдениетін қалыптастыруда, мүмкіндігінше баяу да созылыңқы
түрде айтылатын халық әндерін енгізу пайдалы болмақ. Мысалы, халық әні
«Әлдиді» алар болсақ, оның баяу да салмақты сипаты шығарманы орындағанда
дауыс аппаратының қысылмауына, тыныс алуды бақылап отыруға, сөздің анық
айтылуына және дыбыстың сапалы шығуына мүмкіндік береді [2.55].
Халықтық дәстүрдегі орындаушылар, әдетте, әннің басында, ортасында
немесе аяғында қысқа ғана вокализдерді қолданып отырған (аха-ха, или-гай, гәк-
ку, хай-ли-лау, әридаш-ау, угу-гу, иги-гак, т.б.) мұның өзін кейде әннің келесі
шумағына дайындық ретінде немесе көмейді дем алдыру үшін пайдаланған.
Аталған жаттығуларды біз өз тәжірибемізде дыбыстарды дұрыс, анық, таза айта
білу үшін қолданамыз.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Шүкірова Г.К.
Балалар дауысында кездесетін кейбір ерекшеліктер
271
Вокалдық педагогиканың талаптарына сай (демді дұрыс алу, қоңыржай
үнділікті сақтай айту, кантилена), сөздің ашық, айқын айтылуы (дикция),
мәнерлеп орындауға дағдылану) балаларды әншілік өнерге баулуда
практикада қолданылатын арнайы ән жаттығуларының алатын орны ерекше.
Сабақтың мақсатына сай өз орнын тауып қолданылған жаттығулар, тек дауыс
аппаратын ән айтуға дайындап қана қоймай, белгілі бір орындаушылық
шеберлікті дамытуға байланысты дағдыны қалыптастырады. Әдетте,
вокалдық жаттығулар әнді орындау алдында іске асырылады. Біздің
пайымдауымызша, алғашқы орындалатын жаттығу жай екпінде, дыбыс
легінің қоңыржай үнділігі сақталып, оқушылардың сезіміне әсер ететін болуы
тиіс [2.84].
Ескере кететін бір жай: 7-8 жастағы балалар ән айтудың көркемдік
немесе техникалық қағидасын тек қана әр түрлі буындардың жиынтығынан
тұратын жаттығулардан гөрі, белгілі бір мазмұны бар әуендер арқылы тезірек
қабылдайды. Сондықтан қазіргі кезде мектеп мұғалімдері өз тәжірибесінде
мұндай ән жаттығуларын жиі қолданып, елеулі нәтижеге жетіп жүр.
Жұмыстың бұл түріне керекті әуендерді халық әндерінен, балаларға
арналған әндерден, кейбір жағдайда практикада қолданылып жүрген
жаттығулардың бірін сөз тіркесімен айтуға болады. Мысалы: тақтаға
мүмкіндігінше биік талғамға сай әсем бейнеленген раушан, қызғалдақ немесе
басқа бір гүлдің суреті ілінеді. Мұғалім сұрақ-жауап арқылы балалармен
гүлдің әдемі, нәзіктігін анықтап, айтылатын жаттығудың да сондай әсерлі
болуы тиіс екендігін ескеріп, мынандай әуенді орындауды ұсынады:
Жаттығудың «қ» дыбысынан басталуы балалардың дауыс аппаратын айқын
таза дыбыс шығаруға жетелейді. Қатаң «қ» дыбысынан кейінгі орналасқан
«а» дауысты дыбысының құлаққа жағымды, майда болып шығуына, сөз
мұқамы мазмұнына лайықты сезімталдықпен орындауды талап ету әсерін
тигізеді. «Гүл» деген сөзді айтқанда «ү» дыбысының созыла айтылуын
қадағалан жөн. Әдетте тәжірибеде созылу ұзақтығы мүмкін бола тұрса да,
дауысты дыбыстың орнына дауыссыз дыбысты созып тұрып алатын
жағдайларда кездесіп қалады («ү»-нің орнына «л»). Жаттығуды бір мезгілде
бастап, бірдей аяқтауда, оның характерін жеткізе білуде мұғалімнің
дирижерлік қол қимылын оқушылардың дұрыс түсіне білуінің мәні зор. Әуен
өз дәрежесінде орындалған соң, берілген тональдықтан бастап жарты тоннан
жоғарылатып
айтқызуға
болады.
Алғашқы
жаттығуды
балаларға
орындатқанда дыбыс бірінші октаваның си Ь ,-си ноталарынан аспауы қажет.
Бірте-бірте әнді орындау қабілетінің қалыптасуына орай, орындау диапазоны
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Шүкірова Г.К.
Балалар дауысында кездесетін кейбір ерекшеліктер
272
кеңейтіле береді. Шығарманы мәнерлеп, нақышына келтіре орындауға
дағдыландыратын жаттығудың біріне «Әлди» әуені жатады.
Бұл жаттығуды орындағанда орфоэпия заңдылықтарына сүйенуге тура
келеді. Әдетте балалар әрбір сөзді жазылуы бойынша айтады, сондықтан
дыбыс легі үзіліп-үзіліп естіледі. Мұғалім жаттығуға қойылатын талапта
мынадай құбылыстарға көңіл аударуы тиіс: «әлі-ақ ұйықтап қаласың» деген
сөйлемдегі «әлі-ақ» деген сөзде «а» дыбысының ықпалынан «і» дыбысы түсіп
қалады, ал «қ» қатаң дыбысы келесі «ұйықтап» сөзінің бірінші дыбысы «ү»-
нің әсерінен «ғ»-ға айналады. Сонда жазылуы «әлі-ақ» болғанмен,
орындалғанда «әлағ» болып айтылады.
Ән сөзінің ашық, таза айтылуы да әншіліккке баулудың негізгі
компоненті болып табылады. Орындалатын шығарманың мазмұнының
тыңдаушыға дұрыс жетуі үшін, баланың әрбір дыбысты айқын айта білуінің
маңызы зор. Мұғалім дыбыс шығаруға қатысатын ауыз, ерін, тіл, көмекей,
төменгі жақ сүйегінің жұмысын өзі өте жақсы меңгеріп, оны балаларға
ұғымды тілде жеткізе білуі тиіс.
«Гәк», «гик», «гай» буындарында кездесетін «г», «к» дыбыстары таңдай
дыбыстарына жатады. Сондықтан бұл дыбыстар бірден дауыстың жоғарғы
позицияда құрылуына жағдай жасайды, ал «ку», «гу», рай», т.б. буындағы
«у» дыбысы болса, ежелден дауысты көмекейден қысып шығаратын
адамдардың сол дауыс аппаратын босатуға қолданылатыны белгілі.
«У» дыбысы ерін дыбыстары қатарына жатқанмен, өзінің акустикалық
формасы жағынан терең, көлемді естіледі.
Артикуляция аппаратының жұмысын жандандыруға жаңылтпаштарды
жай екпіннен бастап, бірте-бірте тездете айтуға жаттықтырудың маңызы зор.
немесе
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Шүкірова Г.К.
Балалар дауысында кездесетін кейбір ерекшеліктер
273
Халық шығармаларында кварта, квинта интервалдары жиі кездеседі.
Домбыраның құлағының бұрауы да осы квартаға ре-соль дыбыс аралығына
негізделген. Музыкада кездесетін аталған дыбыс аралығын балалардың дауыс
ырғағымен дұрыс айта білуі үшін төмендегі жаттығулар көрсетілген: «Бала
уату», «Әлди-әлди», «Қоғый-көк», «Әуен».
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Асафьев Б.В. Развитие голоса девочки. Академия педагогических наук РСФСР. М., 1960.
2.
Нұғыманова Ә. Қазақтың әншілік дәстүрі. Алматы: Жазушы, 1975.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
П.САРСЕМБАЕВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы
274
А.Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ХАҚЫНДА
В статье рассматриваются и анализируются жизнь и творчество А.Жубанова.
The article discusses and analyzes A. Zhubanov’s life and creative activity.
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) - қазақтың музыкалық мәдениетін
зерттеп-тануда, жорып-түсіндіруде және жүйелеп-насихаттауда жаңа сапалы
биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажырлы қайрат көрсеткен ұлы тұлға. Өз
кезеңіндегі музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім иесі,
оған қоса Тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен ұлтжандылық сезімін
дарытқан А.Қ.Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне
ұстаздық қызметке келді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін
ол қазақтың музыкалық мәдениеті деген жалпылама ұғымды ұлт
болмысындағы нақтылы категориялық мәні бар рухани құбылысқа
айналдыру үшін тыным таппастан еңбек етті. Бұл ретте, Шоқан Шыңғысұлы
сияқты Ахмет Қуанұлы да адам қабілетінің қандай құдіреті болатынын
нақтылы да нәтижелі істерімен көрсете алды. Алғашқы музыкалық әліппе,
қазақ музыкалық сынақ шеберханасы, Ғылым академиясындағы өнертану
секторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының музыка
бөлімі, Қазақтың мемлекеттік филармониясы, Қазақ консерваториясы,
ондағы халық аспаптар кафедрасы, Қазақтың музыкалық театры, қазақ
музыкасы туралы оқу құралдары, міне, осының бәрінің ұйтқысы
А.Қ.Жұбанов болды. Мұның сыртында дирижерлік, ұстаздық, ғылыми-
зерттеушілік, қоғамдық, әсіресе шығармашылық жұмыстарының өзі сала-сала
болып құнарлы арналарға ұласады.
А.Қ.Жұбановтың
мұрындық
болуымен
қырқыншы
жылдары
ұйымдастырылған ғылыми экспедиция сексенінші жылдарға дейін
Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңдай ән-күй нұсқаларын жинаған [1].
Қазақтың кәсіпқой композиторларының өмір дерегін жинастырып,
шығармаларын нотаға түсіріп, одан соң кәнігі әнші-күйшілерге үйрету
арқылы халықтың рухани игілігіне айналдыруда теңдесіз еңбекқорлық пен
іскерліктің үлгісін Ахмет Қуанұлының өзі көрсетіп отырды [2].
Қазақ музыкасын зерттеу, жинау және жариялау ісіне мейлінше
ыждахаттылық танытты. А.Жұбанов - академик, профессор өнертану
ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда
жазған көптеген музыкалық шығармаларының және музыкатану ғылымында
баға жетпес «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары» кітаптарының авторы.
А.Жұбанов қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық
халық аспаптары оркестрін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі және
бас дирижері болды. Ол сондай-ақ Жамбыл атындағы мемлекеттік
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Сарсембаева П. А.Қ.Жұбановтың шығармашылығы хақында
275
ашып, консерватория мен Ұлттық ғылым академиясының негізін
салушылардың бірі болды. А.Жұбанов бірнеше күрделі музыкалық
шығармалар және «Қарлығаш», «Ақ көгершін» атты әндерін, «Ария»,
«Көктем» сынды туындыларын, Л.Хамидимен бірігіп «Абай», «Төлеген
Тоқтаров» операларын жазып қалдырды.
Алғашқы
мектеп
мұғалімдері
өздерінің мүмкіншіліктері
мен
жағдайларына байланысты орыс тілінде жазылған кітаптарды, оқулықтарды,
оқу құралдарын пайдаланды. А.Жұбанов 1920 жылдары И.О.Пирожниковтың
«Музыка сауаты», «Мектепте және өздігінен үйренушілерге арналған «Нота
сауаты», Н.С.Потоловскийдің «Музыканың қарапайым теориясын үйретудегі
тәжірибелік жетекшілік ету» еңбектерін қолданды.
А.Жұбанов қазақ халқының шығармашылығының ғасырлар бойы
қалыптасқан дәстүрлерін жақсы білгендігінен де музыкалық ғылымды,
педагогиканы, концерттік тәжірибиені, сазгерлік шеберлікті алғашқы
бастаушы болады. А.Жұбановтың оқытушы мамандықты қалауына оның
ауыл мектебінің ұстазы Хұсайын Ашғалиев әсерін тигізді. Әдістемелік
кеңестерді қолға ала отырып, фонографтың көмегімен Жұбанов қазақтың
халық әндері мен күйлерінің жинағын жазды. Кейбір әндерді балалар
орындады, себебі сол кездерде кейбір мектептерде бір дауыста ән салатын
хорлар пайда болған. Қазақ халқы әндерге бай, онда сан ғасырлар бойы
басынан кешкен тарихы, үміті, мұңы мен қуанышы, ойы мен арманы
бейнеленген. Көшпенді қазақтың өмірі әнсіз өтпеген. Халық әнді той-
думандарда, соңғы сапарларда, т.б. салатын болған. Ол қазақ халық әндерін
жинақтап халық арасында кеңінен насихаттап, ұлттық мәдениеттің негізгі
бұлағы ретінде саналып, Қазақстандағы кәсіби өнердің туындауын көздеді.
Оның атақты жинақтары «Қазақ халқының мың әндері», «500 қазақ әндері
мен күйлері» атты еңбектері музыкалық этнографияның алтын қорына енді.
1933 жылы қазақ мектептеріне арналған «Музыкалық сауат әліппесі» атты
А.Жұбановтың алғашқы оқу құралы басылып шықты.
Қазақ халқы өнер біткеннің ішінен сөз бен сазды жоғары қойған. Осы екі
өнерді бір-бірімен бітістіре, ажырамас тұтастықта дамыта отырып,
бойындағы
барша
рухани
қуатын
поэзиялық
және
музыкалық
шығармашылыққа сіңіре білген. Жақсы туындының философиялық,
дүниетанымдық астары да айтарлықтай терең жатады десек, мәдени-ғылыми
философиялық мұрасы бар тарихи тұлғалардың бірі қазақ халқының атақты
өнертанушы ғалымы - А.Жұбанов.
А.Жұбанов, ең алдымен, ерекше табиғи дарын иесі. Адам бойындағы
айрықша қабілет - құдайдың сыйы, әлі ғылым зерттеп бітпеген
жаратылыстың жұмбағы. Ол өз халқының бойындағы биік ұлттық рухқа
сенді. А.Жұбанов Құрманғазының музыкалық мұрасын жүйелі зерттеді.
Оның «Қазақтың халық композиторы Құрманғазы» (1956), «Құрманғазы
Достарыңызбен бөлісу: |