МИКРООРТА
Отбасы, балабақша,
мектеп, аула
ШАҒЫН ТОП
Өмір сүру мекені
МАКРООРТА
Ғылым, мәдениет,
заң, білім
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
32
қабылданған тәртіп, ережелерді сақтау керек. Ең бірінші, қарым-қатынаста адам өз көңіл-күйін, эмоциясын
басқара білуі тиіс.
Қарым-қатынас барысында:
-
тәртіптің «негативті» үлгілерінен алшақ болу;
-
сөйлеушіні тыңдай білу;
-
алғыс, ризашылық білдіруге талпыну;
-
сөйлеушіні жеке тұлға ретінде қабылдау;
-
қарым-қатынаста шынайы болу керек.
Қарым-қатынасты ең алдымен дұрыс амандасудан бастау керек. Адамның жылы лебізі, сәлемі айналаға
қуаныш әкеледі. Сәлем шынайы болуы керек, осылайша ол адал қарым-қатынасты тудырады. Әр адамның
қаншалықты тәрбиелі, мәдениетті екендігі, сол адамның айнасы болып табылатын – аманынан байқалады.
Адамның мәдениеті алдымен амандасуымен өлшенеді.
Қарым-қатынас мәдениетінің бір элементі - ол танысу. Танысу барысында бұған дейін бірін-бірі біл-
мейтін адамдар өзара ақпарат алысады. Танысу арқылы адамдар бір-бірі туралы, аты-жөні туралы мағлұмат
алысады, бұл орайда қажет емес артық сауалдар қою қарым-қатынас этикетінің бұзылуына әкеледі.
Қарым-қатынас мәдениетінің келесі элементі, бұл - құттықтау. Құттықтау - белгілі бір адамның
шығармашылық өмірбаянына байланысты табыстарын мадақтап, жылы лебіз білдіру. Ол белгілі бір күн,
құбылыс, жағдайларға байланысты орындалады.
Қарым-қатынас мәдениетіне, қоштасу рәсімі де жатады. Амандасу сияқты, алдымен шығып бара
жатқан адам коштасады. Қоштасу вербальды («Сау болыңыз», «Аман болыңыз» т.б.) және вербальды емес
(қол алысу) формада болуы мүмкін. Мәдениетті қарым-қатынастағы қолданылатын басқа да вербальды
емес құралдарға: киім кию, отырып -тұру, мимика (бет - әлпеттегі бейне) жатады.
Қарым-қатынас мәдениетіндегі адамның жүріс-тұрысы, дене бітімі сол адамның эмоционалды
көңіл-күйінің басты белгісі. Сол арқылы адамның дене және психологиялық көңіл-күйі, жасы (жас бала,
егде адам), мамандығы (әскери адам, теңізші т.б.), басқа адамға деген қатынасы бейнеленеді.
Айталық, өзіне толық сенімді адам жылдам, басын тік көтеріп жүреді. Керісінше, өз күшіне сенімсіз
адам жүргенде екі қолын қалтаға салып, басын төмен, жерге қарата баяу жүреді. Мінезі тұйық адам
жүргенде қолдарын сермемей жүруге икем келеді.
Қарым-қатынас мәдениетіндегі адамның бет-әлпеті де сол адам туралы біраз ақпараттар береді.
Адамның бет-әлпетінен сол адамның мінез-құлқын, жан дүниесін, кейде адамгершілік сапаларын да
байқауға болады. Адамның бет-әлпетінен таң қалу, қорқыныш, ашу, жатсыну, қуаныш, қайғы, әбіржу
сияқты эмоцияларды көруге де болады.
Әр халықтың мәдениеті сол жердегі адамдардың мінез-құлық, тәртіп, қарым-қатынас ұйымдастыру
ерекшеліктеріне байланысты. Шығыс халықтарының мәдениеті мен қарым-қатынас ерекшеліктері, Батыс
елдерінің мәдениеті мен қарым-қатынасынан өзгешелеу.
Мәселен, Ежелгі Қытай елінде адамдар арасында қарым-қатынас жасаудың үй-ішіне кіру, амандасу,
отырып-тұру сияқты отыз мыңға жуық түрі болса, Жапон халқының қатынас жасау мәдениетінің басты
белгісіне иіліп ниет білдіру негізгі болып есептелінеді. Ал, ағылшындықтар таныс емес бөгде адаммен еш
уақытта қарым-қатынасқа түспейді. Ағылшын мінезінде ерекше көрінетін: тұрақтылық, біркелкіліктің
көрінуі, өзін-өзі ұстауы. Сондықтан, ағылшындардың орнынан қозғалмау реті, кейбір керек емес жағ-
дайларға қатыса қоймау жолдары - "өз орныңды біл" деген ұлттық девизді жоғалтпаулары.
Жоғарыда сөз болған көршілес қытайлар - өте көнгіш, шыдамды халық. Қай жерде, қай кезде болмасын
регламентті ұмытпайды, негізінен көңілді, тез ойларын шеше алатын, дұрыс мінез көрсете білетін біздің
халыққа ұқсас жерлері бар болса, жапондықтар - ұқыпты, өзін-өзі күте алатын, кішіпейіл, тәртіпті міндетін
түсіне білетін, көп білуге тырысатын эстетикалық талғамы жоғары халық. Олар еш уақытта "жоқ" деп
айтпайды, тұспалдап, жұмбақтап сөйлейді.
Қазақ халқында да жорамалдап, тұспалдап, астарлап сөйлеуі жоғары денгейде болған. Көшпелі қазақ
халқының да ғасырлар бойы қалыптасқан өзіне ғана тән ұлттық ерекшеліктері бар. Оларға - суырып салма
шешендік, әдептілік, қонақжайлылық сияқты қасиеттер жатады. Қазақ халқының сөйлеу өнері, негізінен
билердің шешендік сөз өнерінен өзекті орын алған. Сондықтан қазак билерінің шешендік сөз өнері
Цицерон, Демосфен сияқты Еуропа шешендерінің сөз қолданыс түрлерінен мүлде өзгеше. Бұған орыс, шет
ел зиялыларының айтқан ойлары дәлел бола алады. Мәселен, атақты түріктанушы С.Малов: «түркі
халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл – қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз
әдебиетімен даңқты», - десе, шығыстанушы П.Меллиоранский: «...қазақ тілі түркі тілдерінін ішіндегі ең
таза, бай тілге жатады. Қазақтар әрі шешен, әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері», - дейді. Шешендік өнер
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
33
дарыған кісі отаншыл, әдет-ғұрпын жетік білетін ұшқыр ойлы болып келсе, әдептілік - отбасында,
ауыл-аймақ, ел-жұртта қалыптасқан мінез-құлық нормаларын бұзбауға міндеттейді. Қазақ халқының
ежелгі салтында баланы жастай жоғарыда көрсетілген әдептілік, мәдениеттілік сияқты қасиеттерге
ата-анасы тәрбиелейтіні белгілі. Көргенді отбасының баласы парасатты, талғамды, ақылды болып өседі.
Керісінше, көргенсіз отбасының баласы тәртіпсіз, әдепсіз, даңғой, ойсыз, дарақы болып өседі. Сонымен, әр
баланың алғашқы ұстазы, тәрбиешісі әкесі мен шешесі. Баланы бастан әдептілікке тәрбиелеу ата-ананың
негізгі борышы. Ежелгі қазақ салтында, бала ер жетіп, есейе келе үлгі-өнеге алатын ұстаздары аталас,
ауылдас, көп жасап, көпті көрген көнекөз қариялар отағасылар болған. Бала тәрбиесі баршаның ісі болып,
бүкіл ауыл-аймақ түгел қатысқан, әрбір іске ынтасы бар, талабы мол жастар ұсталық, зергерлік тағы да
басқа шеберліктермен айналысып кемелделген. Тілге жүйрік жастар әншілік, ақындық, тапқырлық өнер
жолына түскен. Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пар санаған. Сондықтан, жастарды сөз
өнеріне үйрету үшін ата-аналары, ата-әжелері оларға мақал-мәтел, терме, өлең-жыр жаттатып үйреткен.
Қазақ халқының да қарым-қатынас жасау мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері де бар. Біздің халық
қарым-қатынас мәдениетін амандасудан бастаған. Кісі сөзін "сіз" деп бастайды. Бұл сөз - құрмет білдірудің
басты белгісі. Қазақ халқында өзінен бірер жас үлкен болсын немесе кішкене болсын, бейтаныс адамға
"сіз" деп айту салтқа айналған. Мұнымен қатар аңғалдық жасап, ыңғайсыздық жәйттарға «ғафу етіңіз»,
«кешіріңіз» деген сөздер айту сияқты әдептілік атадан балаға берілетін халықтық тәрбие. Бала атасына
тартқаны үшін өздігінен әдепті болып шыға бермейді.
Қазақ халқында баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған. Бала тәрбиесіне терең мән берген
қазақ халқы, бұл істі нәресте дүниеге келмей-ақ бастаған. Оған дәлел ретінде «Құрсақ той» дәстүрін алуға
болады. Жас келіншек екі қабат болғаны белгілі болса, оның абысын, қайын-сіңлілері сол үйге оңаша құр-
сақ тойын жасап, аман-сау босануына тілек білдірген. Болашақ ананы «күмәнді», «аяғы ауыр» деп тұспал-
дап айтып, оған ерекше көңіл бөлген. Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: «Егер сен бір
жылдық өмірінді ойласаң онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң, онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді
ойласаң, онда бала тәрбиеле». Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген. Қазақ отбасы ата-ана,
әке-шеше, балалар үш ұрпақтың құрамынан тұрған.
Кейіннен экономикалық-әлеуметтік жағдайға қарай отбасы мүшелері шағындалып, жастардың отбасы
үлкендерден бөлек тұратын болды. Отбасындағы ұрпақтар тәрбиесін, олардың қазіргі кезде толық мәнінде
пайдаланылмағанын, балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде үш құрамды ұрпақты отбасының ықпалын
Д.Р. Муталиева зерттеді. Оның зерттеулерінде баланы адамгершіліке тәрбиелеу үлкендердің тәрбиеге
қатысуына байланысты екені дәлелденеді. Отбасы ішілік дұрыс қарым-қатынас, үлкендер мен кішілердің
үздіксіз қарым-қатынасы, халықтық педагогиканы қолдану, баланың тұлғалық қасиетін, адамгершілігін
дамытады. Осыған орай, ұрпақ тәрбиесіндегі атадан балаға беріліп келе жатқан тәрбиелік сабақтастық
үзілді. Дегенмен де, жас отаулар бөлектенгенмен ата мен әженің немере тәрбиесіне ықпалы зор. Үлкендер
немере тәрбиесінен қол үзгілері келмейді. Бүгінгі таңда үш ұрпақты құрамындағы қазақ отбасы әлеуметтік
жағдайлардың себебінен сақтай алмады. Жас отбасылар ата-анасынан бөлек тұрғандықтан үлкендер бала
тәрбиесінен аулақ болады. Ұрпақтар сабақтастығының үзілуі - жас ұрпақ бойында қара басының қамын
ойлау (эгоизм) тәкәппарлық орнықтырады. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің
депутаты, философ А.Айталы соңғы кезде қазақ отбасында батыс елдерінің өзімшілдігі орын алып келе
жатқанын айтады. [5] Мысалы 1999 жылғы санақ бойынша республикада 3,5 млн отбасы болса, 1989
жылмен салыстырғанда оның 227,6 мыңға немесе 6,0 пайызға төмендегені байқалады. Республика
бойынша отбасындағы адамдардың саны орта есеппен 4 адамнан келеді. Қала тұрғындары арасында бұл
көрсеткіш - 3,6, ауылдық жерлерде - 4,6. жеті және одан да көп адамдардан тұратын отбасылар күрт
төмендеп барады. Қазіргі кездегі отбасының өміріне ананың жауапкершілігі басым, ол отбасын басқарады,
баламен эмоционалды жақындықта болады. Ер адамдар отбасылық қатынастар жүйесінен тыс шығып
қалған.
Ал, осы отбасылық әдептілік бұзылса, халық дәстүрлері де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді.
Әдеп ұлттық тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, қайта сол зандылықты құрметтеу, қастерлеу, адам-
гершілік борышты өтеу деген болып табылады. Адамдар арасындағы ұнамды, мәдениетті қарым-қатынас -
үлкен әдептілікті береді. Олар адамның бала жасынан алған тәлім-тәрбиесіне, өскен ортасына айналасын-
дағы адамдармен жасаған қарым-қатынасына байланысты қалыптасатын қасиеттер. Әдептілік, мәдениет-
тілік - баланың сәби кезінен бойына дарыған басты қасиеті болуы тиіс .
Әдеп сақтау - қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық сананың тәжірибелік көрінісі, әлеуметгік
тәртіптің, борыш пен міндеттердің заңды айғағы. Қарым-қатынас мәселесінде тіл мәдениетінің орны
ерекше екені белгілі. Бұл туралы С.Ғаббасов: ата-ана мен бала арасындағы сыйластық қазіргі кездегі
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
34
жай-күйі қалай екенін айтсақ, бұл мәселе қатты дағдарыста екендігін аңғару қиын емес, деген. Бұрыңғы
ата-бабаларымыздың салып кеткен жолы бойынша, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық аса үлкен
этикалық заңдылықтарға бағынатындықтан, өзара үндесіп жатады. Ал, қазір ол үндестіктің бұзылуының
салдарынан ата-ана баланы, бала ата-анасын түсіне алмайтын күйге ұшырап отыр.
Лингвистикалық энциклопедия сөздігінде тіл, қарым-қатынас мәдениетіне төмендегідей анықтама
беріледі: «қарым-қатынас мәдениеті - ауызша және жазбаша сөйлеу ережелерін меңгеру (сөздің айтылуы,
грамматика, стилистика) мен түрлі қарым-қатынас жағдайларында тілдің мәнерлі шыға білуі». Белгілі
ортаның дәстүрлерін сақтай сөйлеудегі сөздің дұрыстығы және нақты, тура мағынадағы сөз шеберлігі
бізге, қарым-қатынас мәдениетін береді. Қарым-қатынас мәдениеті кез-келген адамның жалпы мәдениет-
тілігінің, ойлау мәдениетінің, тілге деген сый-құрметінің негізгі көрсеткіші. Ақылды адамның сөзі әрі
көркем, әрі қисынды келеді. Ондай адам жұрт алдында құрметке бөленеді.
1.
Петровский А.В., Ярошевский М.И. «Психология» словарь. 2-ое издание. – М.:Политиздательство, 1990. – 494 с.
2.
Андреева Г.М. «Социальная психология». –Москва, 1989. – 61-65 с.
3.
Рогов Е.И. «Психология общения». – Москва: Владос, 2002 . – 336 с.
4.
Марцинковский Т.Д., Марютин Т.М., Стефанина Т.Г. «Психология развития» Учебник для студентов
высших психологических и педагогических учебных заведений. Серия: «Мастера психологии». – Москва, 2001. – 368 с.
5.
Айталы А. Ошағыңда отың жансын // «Қазақстан әйелдері». – 2003. – №11. – 4 б.
Резюме
А.А. Жумадуллаева А. – к.п.н., доцент, МКТУ им. Х.А.Ясави,
juma033@mail.ru
К.О. Отеген – к.п.н.., заведующий кафедры «Педагогика и психология»,
Международный гуманитарно-технический университет,
hadisha63@mail.ru
Этнические особенности культуры семейного отношения
Появление духе гуманности и философских систем, религии и языка - все это может быть выровнен с культурой. И
философский контекст культуры народа в результате физического труда (орудия труда, жилье, одежда и т.д.),
материальной культуры, который является плодом работы человеческого ума (религии, литературы, науки,
нравственности, языке и т.д.) классифицируются как духовной культуры. Значить, одна ветвь вопросам и рассмотреть
нашу духовную культуру. Духовная культура казахского народа очень богать: это устная и письменная литература,
фольклор, эпос, музыкальная композиция. Все человеческое взаимодействие, в ходе отношений, благодаря социаль-
ным опытом сохранился до наших дней. Культура, образование, искусство из поколения к следующему поколению
дается общением.
Ключевые слова: культура, семья, коммуникация, религия, слова, литература, наука, культура общения,
культура речи, духовная культура.
Summary
A.А. Jumadullaeva – associate professor, IKTU named after Kh.A.Yassawi,
juma033@mail.ru
K.O. Otegen – docent, Head of the department "Pedagogy and Psychology", International Humanitarian and Technical
University,
hadisha63@mail.ru
Ethnic peculiarities of the culture of family relationships
The appearance of the spirit of humanity and philosophical systems, religion and language - all of which can be aligned with
the culture. And the philosophical context of the culture of the people as a result of physical labor (tools, housing, clothing, etc.),
material culture, which is the fruit of the work of the human mind (religion, literature, science, morality, language, etc.) are
classified as spiritual culture. This means that one branch of the issues and consider our spiritual culture. Kazakh people very
rich spiritual culture: this oral and written literature, folklore, epic, musical composition. All human interaction in the course of
the relationship, because of the social experience preserved to this day. Culture, education, art from one generation to the next
generation is given communion.
Keywords: culture, family, communication, religion, speech, literature, science, communication, culture, language culture,
spiritual culture.
ӘӨЖ
372.65.943
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
35
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ТҮСІНУ ДЕҢГЕЙІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
С.С. Қожагелдиева – п.ғ.к., доцент, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, saule_611@mail.ru
Ж.Қ. Абдиева – магистрант, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ,juzya10@mail.ru
Бастауыш сыныпта түсіну деңгейінде оқытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері жөнінде қарастыры-
лады. Адамның ойлау әрекетінде шындықтағы заттар мен құбылыстардын негізгі қасиеттерін, ерекше белгілерін,
мәнін түсіне білудің маңызы зор. Біз айналамыздағы заттардың себеп-салдарлы байланыстарын, бір-біріне тәуелді-
лігінің шығу тегі мен даму жолын түсіну арқылы ғана ажыратамыз. Түсіну шындықтағы заттар мен құбылыстармен
танысудан, көріп– білуден басталады. Өйткені қандай да бір нәрсені ұғыну үшін оны эмпирикалық жолмен зерттеу
қажет.
Педагогикалық зерттеулерде дәстүрлі түрде негізгі мақсаттары зерделеу барысында білімді қалыптастыру,
іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру қарастырылады. Түсіну, білім беру құндылықтары санатқа кірместен, білім
беру мақсаты ретінде қарастырылмайды.
Түйін сөздер: бастауыш сынып, түсіну, түсіну деңгейі, білім, білім меңгеру, білім сапасы.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына
жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру» қызметін
көрсетуге қол жеткізуіміз керек деп атап көрсетті. [1]
Сапалы білім беру қызметін көрсету – білім мекемелері мен педагогтар алдында тұрған зор әрі жауапты
міндет. Білім сапасы ең бірінші мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, мұғалімнің,
педагогикалық іс-әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы.
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген нақыл сөзден халқымыздың ықылым замандардан-ақ
білімнің қадірін білгендігін аңғару қиын емес. Бұл күнде осы аталы сөздің өзектілігі артпаса, кеміген жоқ.
Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын
ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті.
Қоғамдағы білім беру үдерісінің күйі мен нәтижесін, оның жеке адамның адамзаттық, тұрмыстық және
кәсіби біліктілігін дамытудағы және қалыптастырудағы қоғам қажеттілігі мен үмітіне сәйкестігін
анықтайтын әлеуметтік категория - білім берудің сапасы болып табылады .
Білімді меңгеру — белгілі уақыт аралығын талап ететін үрдіс. Білімді меңгеру арқылы адам ой
және дене еңбегінің мазмұнын жан-жақты, әрі терең ұғынады. Білімді меңгеруге ұмтылдыратын түрткілер
(мотивтер) адамның жас ерекшелігіне байланысты өзгеріп дамып отырады. Жасы өскен сайын мотив-
терінің түрлері мен мазмұны да дамиды. Білімді меңгеру адамның танымдық әрекеттерін ұйымдастыруға
да тәуелді.
Б.Блумның оқу мақсаттары (оқыту нәтижелері) Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне
ендірілді.
Б.Блум таксономиясының алты білім меңгерту деңгейлерінің әрқайсысы оқушының танымдық сала-
сында ойлау операциялары арқылы іске асады. Алайда, деңгейден деңгейге көшкенде оқушының таным
саласындағы ойлау операцияларында өзгерістер болып жатады.
Осы тұста бастауыш сыныпта түсіну деңгейінде оқытудың әдістемесін жасау, түсіну деңгейіндегі
тапсырмалар түрлерін анықтау, түсіну деңгейіне жету үшін түсіну кезеңдерін зерттеу қажеттігі туындап
отыр.
Оның үстіне жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сыныптарында түсіну деңгейінде оқытудың
басты мақсаты оқушылардың оқу материалдарын меңгеруі мен түсінуі. Оқу материалдарын меңгеру мен
түсіну білім сапасының артуына апарары анық.
Түсіну ойлаудың негізгі белгісі болып табылады. Адамның ойлау әрекетінде шындықтағы заттар мен
құбылыстардын негізгі қасиеттерін, ерекше белгілерін, мәнін түсіне білудің маңызы зор. Біз айналамыз-
дағы заттардың себеп-салдарлы байланыстарын, бір-біріне тәуелділігінің шығу тегі мен даму жолын
түсіну арқылы ғана ажыратамыз. Түсіну шындықтағы заттар мен құбылыстармен танысудан, көріп- білу-
ден басталады. Өйткені қандай да бір нәрсені ұғыну үшін оны эмпирикалық жолмен зерттеу қажет.Түсіну
сөз арқылы берілетіндіктен түрліше формаларда тұжырымдалады.
С.Л. Рубинштейн: «Түсіну – объективті құбылыстарды бастан кешіру. Білім мен сезімнің бірлігі.
Эксперимент арқылы түсіну поцесін зерттеуге болады» деген тұжырым жасады. [2]
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
36
Түсіну-тану түсінудің бірінші және ең қарапайым түрі. Бұрынғы кеңес психологиясында түсіну туралы
бұл көзқарас Л.С. Выготскийдің теориясында айқын көрінеді.
Түсіну бұл жеке дара-ерекше үрдіс. Бұл үрдіс әр адамда әр түрлі өтетін ерекше жеке сананың феномені
екенін Гераклит айтып өткен.
Г.Ю. Ксензовның басқа да тұлғалық-бағдарлық технологияларды сипаттау еңбегінде (деңгейлеп оқыту,
ұжымдық өзара оқыту және модульдік оқыту) түсіну ұғымы оқушының жай-күйінің сипаттамасы ретінде
мүлдем қолданылмайды немесе күнделікті тұрмыстық мағынада пайдаланылады. Бейімдік мектебінде
жүргізген дәрісінің кезеңдерінің бірі туралы балалардың жаңа ақпаратты меңгеруі жайында
Г.Ю. Ксензова, мысалы: «Үшінші кезең - іс-тәжірибе мұғалімнің жетекшілігімен» деп жазады. [3]
А.К. Колеченко келесі анықтаманы береді: «Түсіну ойлаудың құрамдас бөлігі болып табылады - бұл
ойлаудың функциясы және оның нәтижесі». [4]
Түсіну деңгейі педагогикалық мақсаттардың белгілі таксономиясына (иерархиясы) алғаш рет
Б.Блуммен енгізілген болатын. Оқушылардың ақпараттың белгілі бір түрлерімен жұмыс жүргізгені
арқылы зерделенетін түсіну деңгейі бірден "білім"деңгейінен кейін із басқан. Еңбекте "түсіну" терминің
анықтау жұмыстары жүргізілмеген, бірақ Блум оқушылардың оқу материалын түсінгенін дәлелдейтін
іс-қимылдарын ерекшелендіреді.
Б.Блумның таксономиясындағы түсінік деңгейін сипаттай отырып, С.Е. Шишов пен В.А. Кальней
былай деп жазады: «Түсіну – зерттелген материалды бір нысаннан басқа нысанға құрастыру, түсіндіру
(зерттелген материалды қысқаша баяндау немесе түсіндіру), оқиғалар, құбылыстар, іс-әрекеттердің одан
әрі дамытуын пайымдау». [5]
М.Е. Бершадский алғашқыда В.П. Симоновтың оқулық мақсаттары таксономиясына түсіну деңгейін
енгізу қажет деп санайтын авторлардың бірі болып табылады.
В.П. Симонов «түсіну» ұғымын анықтамаған. Бірақ, сипаттай отырып, ол былай деп жазады: «Ол
зерттелетін заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен байланыстарын табуды көздейді, кездейсоқ,
елеусіз талдау және синтез арқылы жалпылама көптің арасынан мүшелеу, логикалық ойлау ережесін
қолдану, осы объектілердің пайда болуына және дамуына себеп болған құбылыстардың ұқсастығымен
айырмашылығын анықтау, алынған ақпаратты қолда бар біліммен салыстыру». [6]
Оның үстіне жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сыныптарында қазақ тілін түсіну деңгейінде
оқытудың басты мақсаты оқушылардың оқу материалдарын меңгеруі мен түсінуі. Оқу материалдарын
меңгеру мен түсіну білім сапасының артуына апарары анық.
Психологтар шын жүректен түсінуді оқудың негізі және ең маңызды мақсаты ретінде қарайтынын тағы
да бір рет растау үшін психодиагностика бойынша белгілі еңбегінде Н.И. Шевандринның аталып өткен
пікірін келтірейік. Педагогикалық зерттеулерде дәстүрлі түрде негізгі мақсаттары зерделеу барысында
білімді қалыптастыру, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру қарастырылады. Түсіну, білім беру
құндылықтары санатқа кірместен, білім беру мақсаты ретінде қарастырылмайды. Педагогикалық үштіктен
айырмашылығы-оқыту жүйесінің тиімділігін бағалауда Н.И. Шевандрин төрт негізгі санатын енгізеді:
білім алушының білімі, біліктілік, дағды деңгейі, түсіну. [7] Н.М. Шевандринмен түсіну санатымен
тәжіленген геометриялық бейнесі ретінде көрсетілген аталған элементтері ара-қатынасы өте үлгі боларлық
деңгейінде келтірілген.
Түсіну
Білік
Білім
Дағды
Жоғарыда көрсетілгендей, түсіну маңыздылығына қатысты психологтар ынтасы педагогикалық қоғам-
дастыққа ортақ емес. Өкінішке орай, түсінудің маңыздылығын нақтылай отырып, одан әрі
Н.И. Шевандрин түсіну феноменін психологиялық санаты ретінде суреттей отырып, көптеген қанатты
және түсініксіз ұғымдарды мазмұнсыз тілмен пайдалануға ауысады. «Егерде түсінудің нөлдік деңгейін
шеттетсек (кәдуілгі сана деңгейінде алсақ), онда бірінші деңгейдегі феномологиясына сәйкес (алдын ала
концептуализациясынан соң) түсіну-бұл қажеттілік, ену, қабілет, болмыстың тәсілі, болмыстың қатынасы,
болмыстың өмір сүру тәсілі, ойлау рәсімі, танымдық қатынасы, тұлғалық ойлау тәсілі, психикалық
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
37
процесс, әлеуметтік ойлау компонент тетігі және т.б.». Түсіну ұғымының осыншама кең философиялық-
психологиялық тұрғыдан түсіндірілуі оны сөзсіз бақылауға жатпайтынын, эмпирикалық салдарын
верификациялауға болмайтынын және барлық жерде кездесетін фантомға айналдырады. Түсіну шын
мәнінде күрделі интегралдық түсінігі болып табылады (дегенмен, кез келген басқа да ғылыми ұғымдар
секілді), бірақ бұдан әрі оны сипаттауда істің мәнін шынайтып ойға салатын белгілер санасына қосуға
тырыспау керек. Әрине, Н.И. Шевардин дұрыс айтқан: «Әр түрлі адамдар «Түсінемін» деп айтқанда, – әр
түрлі мағынада түсінгенін білдіреді. Бірақ адамдар түсіну ұғымын әрдайым ғылыми мағынада қолдана
бермейді. Ғылыми мәтінде бұл дәстүрді жалғастыруға орынсыз деп санаймын. Н.И. Шевандринмен
түсінуді талдауға ұсынылған құралдарының жеткіліксіздігі құр бос маңыздылығының салдары болып
табылады (түсінуді талдауға арналған тарауға оралғанда бұл мәселені әлі де көтереміз). Н.И. Шевандрин-
ның жұмысы жөнінде айта келе түсіну деңгейі туралы түсінік енгізетінін атап өтпеуге болмайды:
«Түсінудің деңгейлері формальды түрде келесідей белгіленуі мүмкін:
-
феноменологиялық (доминант - белгіліге жатқызу арқылы түсіну; жетекші белгісі - танымды
сәйкестендіру ретінде);
-
сыныптамалық (белгісі бойынша сыныпқа жатқызу);
-
типологиялық (көптеген белгілері бойынша түрлерге жатқызу);
-
жүйелік (түсінуді жүйеге қосу ретінде, құрылымдау, жүйелеу);
-
интегралды (бағыт, мақсаты арқылы түсінуді салыстыру; бағдарлану, синергия)».
Түсіну деңгейінде оқытуда оқушының атқаратын қызметі:
1)
фактілерді (айғақтар), ережелер мен тәсілдерді түсiнедi;
2)
сөздiк материалдарды, схемаларды, графиктерді, диаграммаларды түсiндiрiп бередi;
3)
сөздiк материалдарды математикалық өрнектерге өзгертедi / түрлендіреді;
4)
бар мәлiметтерден туындайтын алдағы салдарларды дұрыс сипаттайды.
Бастауыш сынып оқушылары жаттап қана қоймай ережелер мен қағидаларды түсіну керектігін –
М.Б. Бершадский айтқан болатын. [8]
Ал түсіну деңгейінің міндеті:Ерекшелік сипаты зерделеген/оқыған материалдардың мәнін түсіну
мүмкіндігінің көрсеткіштері бір формадан басқа формадаға түрлендіруі, бір «тілден» басқасына тасымал-
дау (мысалы, сөздік формасындағыны математикалық тілге) болу мүмкін. Түсінудің көрсеткіші ретінде
оқушының өз сөзімен айтып беруі (түсіндіруі, қысқаша мазмұндауы) немесе құбылыстың, оқиғаның
(салдарын, нәтижелерін алдын ала айтуы) жүрісінің барысын болжауы болуы мүмкін. Мұндай оқу
нәтижелері материалды қарапайым есте сақтаумен жүреді.
Отандық ғалым әрі зерттеуші А.Әлімов бойынша: түсіну дегеніміз мәліметті таныс, анық күйге
(формаға) ауыстыру арқылы өзіндік түсінік қалыптастыру. Бұл деңгейде оқушылар мағлұматты тек есте
сақтамайды, олар оның ауқымы мен көлемін ұлғайтпаса да, сол берілген мөлшерде басқаша қылып көрсе-
теді. Олар мәлiметтердi басқа таныс жүйеге түрлендiреді, есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу
жолдарын айқындайды, ұқсастықтар пен айырмашылықтарды анықтайды, салыстырады, нәтижелердi
суреттейді. Мәселен, мектепте жиі қолданатын «Шығарманы (анықтаманы, ережені) өз сөздеріңізбен
айтып (түсіндіріп) беріңіздер» тапсырмасы түсінік деңгейін көрсетеді. [9]
Осылайша, оқу ақпараттың оқушылармен түсіну мәселесі бойынша әдебиеттерді қысқаша шолып,
қорытындылай келе, біз келесі тұжырымға келеміз:
1. Педагогикалық ғылым оқу ақпаратын оқушыларға беру процесінде түсінуді міндетті кезең деп
қарамайды;
2. Түсіну педагогикалық категория ретінде белгіленбеген, бұл ұғымның елеулі сипаттары анықтал-
мaған, оқу-таным құрамында орны белгіленбеген;
3. Түсіну белгіленбесе, бақылау объектісі ретінде операциональды түрде анықталмаған, яғни оқу
ақпаратын оқушылармен түсінуге қызмет ететін объективтік индикаторлардың оқушының іс-әрекеттер
жүйесі бөлінбеген;
4. Оқу ақпарат оқушылармен түсіну деңгейін зерделеу үшін тапсырмалар жүйесі әзірленбеген.
Бастауыш сыныпта түсіну деңгейінде оқытудың әдістемесін жасау, түсіну деңгейіндегі тапсырмалар
түрлерін анықтау, оқушылардың оқу материалдарын меңгеруде түсіну деңгейіне жеткізу бүгінгі күннің
басты мәселелерінің бірі деп білеміз.
1.
Назарбаев Н.А. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012.
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
38
http://www.akorda.kz/kz/page/page_kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna-zholdauy-2
012-zhylhy-14-zheltoks_1357813742
2.
Рубинштейн С. Л. Основы общей психологии: в 2-х т. / Акад. пед. наук СССР. – М.: Педагогика, 1989. – (Труды
действительных членов и членов-корреспондентов Акад. пед. наук СССР).
3.
Ксензова Г.Ю. Перспективные школьные технологии: Учебно-методическое пособие. – М.:Педагогическое
общество России, 2001. – 224 с.
4.
Колеченко А.К. Энциклопедия педогогических технологий: Пособие для преподавателей. – СПб.: КАРО, 2001. –
С.21.
5.
Шишов С.Е., Кальней В.А. Школа: мониторинг качества образования. – М.: Педогогическое общество
России, 2000. – С.28.
6.
Симонов В.П. Народное образование. № 6. 1997. – С.56-57.
7.
Шевандрин Н.И.Психодиагностика, коррекция и развития личности. – М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС,
1999. – С. 249.
8.
Бершадский М.Б. Понимание как педагогическая категория. – М.: Центр «Педагогический поиск», 2004. – 176 с.
9.
Әлімов А. Интербелсенді әдістемесін мектепте қолдану / Оқу құралы. – Алматы, 2014. – 250 б.
Достарыңызбен бөлісу: |