1. Вавилов Ю.Н. Концептуальные предпосылки перестройки школьной системы физического воспитания в СССР
// Теория и практика физической культуры. – 1990. – № 10. –
С. 2-8.
2. Бальсевич В.К. Физическая культура в школе: пути модернизации преподавания // Педагогика. – 2004. № 1. –
С. 26-32.
3. Бальсевич В.К. Инфраструктура высокоэффективного физического воспитания в обще-образовательной
школе: методология проектирования и эксплуатации // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка.
– 2003. – № 4. – С. 2-6.
4. Лукьяненко В.П. Состояние и перспективы совершенствования физического воспитания школьников в свете
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
26
современных концептуальных подходов // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 1999. –
№ 1-2. – С. 19-25.
5. Симон Н.А., Гречко А.С. Формирование мотивации на уроках физической культуры // Физкультурное
образование Сибири. – 1999. – № 1. – С. 11-14.
6. Жмулин А.В., Силаева Н.А. Повышаем эффективность урока // Физическая культура в школе. – 2009. – № 5. –
С. 48-50.
7. Фонарев Д.В. Технология управления муниципальной системой спортивно ориентированного физического
воспитания школьников // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 2009. – № 2. – С. 5-12.
8. Усаков В.И. Динамика физической готовности школьников в свете современной образо- вательной парадигмы
// Человек в мире спор- та: новые идеи, технологии, перспективы: тезисы доклада Международного конгресса. – М.,
1998. Т. 1. – С. 296-297.
9. Об образовании: федеральный закон РФ № 309-ФЗ от 01.12.2007. – Ст. 14, п. 5.
10. Лубышева Л.И. Спортизация – новый вектор поиска и развития спортивных талантов // 12 Международный
научный конгресс «Со- временный Олимпийский и Паралимпийский спорт и спорт для всех»: материалы конфе-
ренций. – М., 2008. Т. 1. – С. 138-139.
Түйіндеме
А.Н. Ильясова – п.ғ.д., профессор
Д.Д. Федорцов – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Дене мәдениеті және спорт мамандығының 2-курс магистранты
Дене шынықтыру сабақтарында педагог пен оқушылардың белсенді түрде
өзара әрекеттесуді оптимизациялау
Жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтыру сабақтарының төмен нәтиже көрсету себептерін талдай келе
оқушылардың дене дайындығының жеткіліксіз және денсаулығының нашар, сабаққа деген қызығушылықтарының
жойылу және пассивті көзқараста болуы екендігінен екені туралы қорытынды жасалады. Бұл мақалада
қарастырылған негізгі және маңызды мәселелерінің бірі. Бүгінгі таңда дене шынықтыру сабағының шеңберінде дене
тәрбиесі көкейтесті және балалардың денсаулығын нығайтудағы ең оңай жол болып табылады. Осыған байланысты
оқу-тәрбие процесі педагогпен оқушылардың өзара әрекеттесуімен сипатталады. Ол оқушы және оқытушы
арасындағы жеке қатынасында көрініс табады. Өзара әрекеттесу педагогтың оқушыны дене мәдениеті сабақтарына
ынталандыру ынтымақтастық түрінде айқындалу керек. Ал оқушы ондай әрекетке сабақта белсенділік көрсетіп
жұмыс жасаумен жауап қайтарады.
Түйін сөздер: дене дайындығы, тесттер, әдістеме, жүктеме, дене жаттығулары, мектеп, оптимизациялау.
Summary
A.N. Ilyasova – Ph.D., professor
D.D. Fedortsov – 2 undergraduate courses in Physical Education and Sports
Kazakh Pedagogical University named after Abai
Optimization of active interaction of teachers and students to a portion to physical training
Analyzing the causes of the low efficiency of a portion to form classes of physical training in a comprehensive school,
resulting in poor health and lack of physical fitness of students, a passive attitude and loss of interest in activities. This is a major
and important issue which is discussed in this article. Physical education in the framework of physical education lesson for
today actual and the simplest solution to enhance the health of children. In this regard, the educational process is accompanied
by the interaction of teachers and students, which is a personal contact between student and teacher. Interaction should be
manifested in the form of co-operation, when the teacher encourages the student to physical training, and student reciprocate
and works in the classroom.
Key words:
physical fitness tests, methods, load, exercise, school, optimization
ӘОЖ 371,1
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
27
БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
А.А. Куралбаева – PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университететі, Түркістан қаласы, E-mail:
kural-aliya84@mail.ru
Бұл мақалада оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесінің зерттелу деңгейі мен теориялық негіздері қарасты-
рылады. Сонымен қатар білім сапасының деңгейлері мен өзіндік көріністері ашылады. Қарастырылып отырған
мақала тақырыбының өзектілігі соңғы уақыттағы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруға ерекше
көңілдің бөлінуіне байланысты.
Мақалада білім сапасы, білім сапасын арттыру, білім сапасының деңгейлері түсініктеріне қатысты сұрақтар
ашылады. Білім сапасы қазіргі уақытта жаңа оқыту технологияларын енгізу арқылы білім мазмұнын кеңейтуге және
тереңдетуге жол ашады. Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі бойынша зерттеудің теориялық негіздеріне
және деңгейлеріне тұжырымдар жасалған.
Түйін сөздер: білім сапасы, білім сапасының артуы, білім сапасының деңгейлері.
Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында:
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі
әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең
озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.
Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор
көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды», – деген
болатын. [1, 29 б.]
Әлемдік тәжірибені негізге алып, 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдар-
ламасы қабылданды. Бағдарлама мақсаты білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты
өсуі үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту болып
табылады. 2008 жылдан бастап жаппай әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін бұл бағдарлама
бойынша отандық 12 жылдық білім берудің мазмұны жаңартылуда, яғни қазақстандық бастауыш білім
мазмұны шетел тілі мен информатика негіздері бойынша толықтырылуда. Бұл бастауыш сыныпта оқитын
балалардың ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыратындай пәндер екендігін көрсетеді, өйткені
қазіргі таңда бастауыш сатының білім мазмұнында оқушының жеке қасиеттерінің дамуына әсер ететін,
білімді, икемділікті, дағдыны меңгертіп қана қоймай, тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыруды көздейтін
бастауыш білім мазмұнын іске асырудың төрт стратегиясы қолданылады. Олар: үдету - мектепке ерте
оқуға келген немесе сыныптан сыныпқа аттап көшетін балалармен жұмыс, шығармашылық шеберхана-
лардағы, жазғы, қысқы лагерьлердегі жұмыстарды қамтиды; тереңдету - қандай да бір пәнді тереңдетіп
оқытатын сыныптар, гимназиядағы, лицейдегі жұмыстар қарастырылады; жалпылау - пәнаралық сипатқа
ие, өзіндік ізденіс жұмыстарын, арнайы тренингтер ұйымдастыру; проблеманы нақтылау - жалпылау
бағдарламаларының құрамды бөлігі болып табылады, тұлғалық білім беруге негізделеді.[2]
Қарастырып отырып отырған оқушылардың білім сапасы және оны арттыру жолдары көптеген
дидактикалық зерттеулерде біршама қарастырылған. Сондай-ақ аталған мәселе педагог классиктердің
еңбектерінде де көрініс тапқан. Я.А. Коменский өзінің дидактикалық еңбектерінде алғаш рет білімнің
саналылық, жүйелілік, беріктік және т.б. сияқты сапаларына (қасиеттеріне) сипаттама берсе [3], осы ойды
дамыта отырып, А.Дистервег оқушылардың білімінің жүйелі, саналы, берік болатындай жағдайлар мен
шарттарды сипаттап береді. Атап айтқанда:
- баланың сезім арқылы қабылданатын материалдарды терең ойластыруын және мағынасын жете
түсінуді;
- оқытудың үздіксіздігі;
- көрнекілікті қолдануды;
- оқушылардың жеке басының ерекшелігін ескеруді;
- оқу материалын есте бекітуді;
- ақыл-ой күштерінің қозуына ықпал ететін оқыту әдістерін, оқушылардың оқыту үдерісіндегі ақыл-ой
белсенділігін;
- оқу материалының түсініктілігін, баланың шамасына лайықтылығын және т.с.с. жатқызды. [4,150-162 б.]
«Требования к знаниям и умениям школьников» атты авторлық бірлестікте жазылған монографиялық
еңбекте, Т.Л. Коган оқыту нәтижесінің сапасы туралы тұтастай білім сапасын арттыру, білім беру
тиімділігі туралы жазылып жүргендігін айтады. [5, 64 б.] Сондай-ақ, ғалым сапа деп, меңгеру нәтижесінің
толықтылығы, дұрыстығы сияқты жекелеген едәуір мәнді қасиеттерін түсінеді, білім сапасын «меңгеру
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
28
нәтижелерінің біртұтас және тұрақты ерекшеленіп білінуі» ретінде анықтайды. Ол білім сапасының
«меңгерілетін оқыту мазмұнының және оны меңгеру үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттің мәнін
анықтайтын белгілер жиынтығы ретінде және қалыптасу үстіндегі оқушының жеке басының қасиеті»
ретінде көрінуі мүмкін екендігін атап көрсетеді. [5, 65 б.]
Энциклопедиялық сөздікте білім сапасы – білім түрлерінің білім мазмұны элементтерімен және
меңгеру деңгейлерінің арақатынасы. Әрбір білім оны қолдану тәсілімен әлеуетті түрде байланысқан-
дықтан ол шығармашылық үдеріске қатысып қандай да бір маңызға ие болғандықтан мұндай арақатынас-
ты белгілеу қажет. Білім сапасы адамның білімді меңгеруі мен түрлі іс-әрекетте қолданудың көпжақты
талдауы нәтижесінде айқындалады және толықтық, тереңдік, жүйелілік, шапшаңдық, икемділік, нақты-
лық, түйіндеу сипатына ие болады. Сол сияқты ол түйінделу және өрістелу, саналылығымен және берікті-
лігімен сипатталады. Білімнің барлық сапасы өзара байланысты және өзінше дербес, себебі бірін-бірі
алмастырмайды деп түсіндірме берілсе, білім беру сапасы – 1) қойылған талаптарға – тұлғаның азаматтық
кәсіптік құзырлығының қалыптасуы мен даму дәрежесінің ішкі және сыртқы тұтынушылардың сұранысы
мен күткеніне сәйкес келу деңгейімен сипатталатын білім беру үдерісінің жайы мен нәтижелілігі; 2) білім
алушылардың белгілі бір кезеңде қол жеткізген білім мен біліктілік, ақыл-ой, адамшершілік және дене
тәрбиесі дамуының жоспарланған мақсатқа сәйкестік дәрежесі; 3) білім беру ұйымдары көрсететін білім
беру қызметінен күтетін білім беру үдерісіне қатысушылардың қанағаттанушылық деңгейі деп
қарастырылады. [6, 43 б.]
Білім сапасы ұғымына берілген анықтамаларды талдай келе, білім сапасы - деп, білімдік құраушы-
лардың (таным) деңгейіне сәйкес меңгерілетін/тіркелетін ақпарат, оқу материалдары және соларға сәйкес
ақпаратты амал жасаудағы сапа қасиеттерінің бірлігі деп түсінеміз, ал, сапалы білім беру дегеніміз –
ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүние-
танымын кеңейту, баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеудің
үздіксіз үрдісі болып табылады.
Оқыту сапасы – білім алушылардың оқыту мақсаты мен міндеттері негізінде қойылған белгілі бір
талаптарды орындау қабілеттілігі.
Қазіргі таңда білімнің сапасы оқытудың сапасына және оқушының білім сапасына тікелей байланысты.
Оқыту сапасы мұғалімнің сабақтағы әрекетінің мынадай өзіндік ерекшелігімен сипатталады:
- жаңа дидактикалық әдістерді қолдануы;
- сабақты оқытудың әдістемесі және түрлері;
- оқушының сапалы меңгерген білімі, іскерлігі, дағдысының жетістігі;
- оқушының оқуға көзқарасы, шәкіртінің әр түрлі олимпиада, сайыс, ғылыми конференцияға қатысуы;
- ғылыми-әдістемелік біліктілігін жетілдіруі;
- ғылыми экспериментке қатысуы, т.б.
Жоғарыда аталғандардың барлығы мұғалімнің сабағындағы берген білімінің сапасының көрсеткіштері
болып табылады. Ал, оқушының білім сапасы - орта, негізгі, бастауыш білім беру мазмұнының міндетті
минимумын игерген жетістігін бағалаумен анықталады. [7]
Білім берудің сапасы – қоғамдағы білім беру үдерісінің күйі мен нәтижелігін, оның жеке адамның
адамзаттық, тұрмыстық және кәсіби біліктілігін дамытудағы және қалыптастырудағы қоғам қажеттілігі
мен үмітіне сәйкестігін анықтайтын әлеуметтік категория. [8]
Оқушының білім сапасы, яғни орта, негізгі, бастауыш білім беру мазмұнының міндетті минимумын
игерген жетістігін бағалаумен анықталатын (күнделікті, тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық,
қорытынды) нәтижесі. Бұл анықтама ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы білім
беру сапасы күтілетін нәтижеге қол жетуімен анықталады деген көзқарасқа сай келеді.
Қазақстанда білім беру мониторингі білім сапасын сырттай және ішкі бағалау әдістері арқылы өткізі-
леді. Тәуелсіз сыртқы бағалау лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірыңғай тестілеу,
мемлекеттік аралық бақылау, талапкерлерді кешенді тестілеу және т.б. элементтерін қамтиды.
Еліміздің мектептерінде білім беру сапасын анықтау үшін түрлі халықаралық зерттеулер жүргізіледі.
Атап өтер болсақ: Trends in International Mathematics and Science Study (TIMSS) – Халықаралық зерттеуі 4
және 8 – сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төрт
жылдық мерзіммен (1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015) өткізілетін зерттеу болса, Programme for
International Student Assessment (PISA) – үш жылдық мерзіммен өткізілетін жалпы орта, техникалық және
кәсіби білім беру ұйымдарында 15 жастағы білім алушылардың математика сауаттылығы мен оқу және
жаратылыстану саласындағы сауаттылығын бағалауға арналған Халықаралық зерттеу (2000, 2003, 2006,
2009, 2012, 2015) ал, Progressin Internationa lReading Literacy Study (PIRLS) – бастауыш сынып оқушы-
ларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған Халықаралық жоба бес жылдық мерзіммен
өткізіледі (2001, 2006, 2011, 2016). PIRLS оқу, стратегия және оны тәжірибе жүзінде пайдалану саласында
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
29
оқушылардың білім жетістіктерін бағалауға, бастауыш сынып оқушыларының оқу және мәтінді түсіну
сапасы мен деңгейін салыстыруға, ұлттық білім беру жүйелерінде айырмашылықтарды анықтауға бағыт-
талған. PIRLS зерттеуінің бастымақ саты түрлі әлем елдері бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді оқуы
және түсіну сапасы деңгейін салыстыра бағалау болып табылады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда еліміздегі білім сапасының деңгейін анықтайтынын көрсеткіштер ұлттық
бірыңғай тестілеу және оқушылар жетістігін сырттай бағалау болып отыр.
Білім сапасын бағалау әдістері білім жүйесін жетілдірудің ең тиімді құралы ретінде ұдайы жетілдірілуі
тиіс. Жаңа бағалау жүйесі біріншіден, оқушылардың ынта-ықыласын, сапалы білімге ұмтылысын арттыру-
ға, екіншіден, оқушы білімінің жүйелілігін, орнықтылығын, іс-әрекеттік мәнділігін, өмірлік қажеттілік-
терге жарамдылығын; үшіншіден, оқушылардың шығармашылық-конструктивтік ойлау қабілеттерін,
кәсіптік және ой еңбегін атқаруға, таныс емес жағдайларда проблемаларды шешуге бейімділігін;
төртіншіден, танымдық, жалпы білімділік, талдау, салыстыру, жүйелеп қорыту, синтез жасау қабілеттерін
бағалауға бағытталуы тиіс.
1 Назарбаев Н.Ә. ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012 //
http://www.akorda.kz/kz/page/page_
kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna-zholdauy-2012-zhylhy-14-zheltoks_1357813742
.
2 Пірәлиев С.Ж. XXI ғасырда кәсіби маман мұғалім даярлаудың қазіргі заманғы мәселелері // Труды
международной научно-практической конференции «Современные проблемы подготовки педагогических кадров и
перспективы развития естестесвенных наук». – Шымкент: МКТУ им. Ясави, 2006. – С. 3-8.
3 Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения: 2 т. / под. ред. А.И.Пискунова. – М.: Педагогика, 1982. –
396 с.
4 Дистервег А. Избр. пед. соч. – М.: Учпедгиз., 1956. – С.150-162.
5 Требования к знаниям и умениям школьников: Дидактико-методический анализ / под.ред. А.А.Кузнецова. – М.:
Педагогика, 1987. – 176 с.
6 Энциклопедиялық сөздік. Білім және ғылым. – Алматы, 2009. – 400 б.
7 Куралбаева А.А. «Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде білім сапасын арттыру». (PhD)
философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Түркістан, 2014. – 195 б.
8 Құсайынов А.Қ. «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы» монография. Педагогикалық Ғылымдар
Академиясы. – Алматы: Курсив, 2013. – 196 с.
Резюме
А.А. Куралбаева – PhD. Международный казахско-туреский университет имени Ходжи Ахмеда Ясави,
г. Туркестан E-mail:
kural-aliya84@mail.ru
Проблемы повышение качества знаний
В этой статье расматривается теоритические основы и уровень исследование проблемы повышение качество
знание учащиихся. Также раскрываются своиственные признаки и уровни качество знание. Актуальность выбранной
темы данной статьи связана с уделением особого внимания повышение качество знаний в начальных классах в
последнее время.
В статье освещаются вопросы понятие качество знание, повышение качество знание, уровни качеств знание.
Качество знание в настоящее время позволяет расширять и углублять содержание образования путем внедрения
новых обучающих технологий. На теоритические основы и уровень исследование проблемы повышение качество
знание учащиихся сделаны некоторые выводы.
Ключевые слова: качество знание, повышение качество знание, уровни качеств знание.
Summary
A.A. Kuralbayeva – PhD. International Kazakh-Turkish University named after Kh.A.Yassawi,
c.Turkistan. E-mail:
kural-aliya84@mail.ru
Problems improvement of knowledge quality
Thе article deals with increasing quality of students’ knowledge is considered theoretical bases and level research of a
problem. Also peculiar signs and levels quality knowledge reveal. Оf the chosen subject of this article is connected with paying
of special attention increase quality of knowledge in initial classes recently.
In article questions concept quality knowledge, increase quality knowledge, levels of qualities knowledge. Quality
knowledge allows to expand and to deep the content of education by introduction of the new training technologies now. On
theoretical bases and level research of a problem increase of students’ quality knowledge.
Keywords: quality knowledge, increase quality knowledge, levels of qualities knowledge.
ӘОЖ - 370. 19 31
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
30
ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІНІҢ ЭТНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
А.А. Жумадуллаева – п.ғ.к., доцент, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, juma033@mail.ru
Қ.О. Өтеген – п.ғ.к.,«Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі,
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті,hadisha63@mail.ru
Бұл мақалада адамзаттың рухы мен келбеті, философиялық жүйелері, діні мен тілі - осының бәрі мәдениетпен біте
қайнасқан. Ал, философиялық тұрғыда - мәдениет адамдардың дене еңбегінің нәтижесінде жасалған (еңбек құрал-
дары, баспана, киім т.б.) заттай мәдениет, адамның ақыл-ой еңбегінің жемісі болып табылатын (дін, әдебиет, ғылым,
мораль, тіл т.б.) рухани мәдениет болып жіктеледі. Демек, біздің қарастырып отырған мәселеміз рухани мәдениеттің
бір тармағына кіреді. Қазақ халқының рухани мәдениеті өте бай: ол дегеніміз бізге дейінгі ауызша және жазбаша
әдебиет, фольклор, эпос, музыкалық туындылар. Осының бәрі адамзаттың өзара әрекеттестігінен, қарым-қатынас
барысында пайда болып, әлеуметтік тәжірибе алмасу арқасында бүгінгі күнге дейін сақталып келді. Мәдениет те,
білім де, өнер де бір ұрпақтан келесі ұрпаққа қарым-қатынас арқылы беріліп отырады.
Түйін сөздер: мәдениет, отбасы, қарым-қатынас, дін, сөз, әдебиет, ғылым, қарым-қатынас мәдениеті, сөйлеу
мәдениеті, рухани мәдениет.
Қарым-қатынас жасау мәдениетіне тоқталмас бұрын, жалпы мәдениет туралы түсінікті қарастырайық.
Әлеуметтану, мәдениеттану ғылымдары тұрғысынан мәдениет - бұл, халықтың мыңдаған жылдар
бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен
адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, философиялық жүйелері, діні мен
тілі - осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан. Ал, философиялық тұрғыда - мәдениет адамдардың дене
еңбегінің нәтижесінде жасалған (еңбек құралдары, баспана, киім т.б.) заттай мәдениет, адамның ақыл-ой
еңбегінің жемісі болып табылатын (дін, әдебиет, ғылым, мораль, тіл т.б.) рухани мәдениет болып
жіктеледі. Демек, біздің қарастырып отырған мәселеміз рухани мәдениеттің бір тармағына кіреді. Қазақ
халқының рухани мәдениеті өте бай: ол дегеніміз бізге дейінгі ауызша және жазбаша әдебиет, фольклор,
эпос, музыкалық туындылар. Осының бәрі адамзаттың өзара әрекеттестігінен, қарым-қатынас барысында
пайда болып, әлеуметтік тәжірибе алмасу арқасында бүгінгі күнге дейін сақталып келді. Мәдениет те, білім
де, өнер де бір ұрпақтан келесі ұрпаққа қарым-қатынас арқылы беріліп отырады. Қарым-қатынас үрдісінің
мазмұны өте күрделі. Бұл мәселені әр ғылым өзінше қарастырады. Атап айтсақ: философиялық сөздікте,
қарым-қатынас - бұл адамзаттың өзара әрекеттестігінің түр пішіні деп айтылса, психологиялық сөздікте -
қарым-қатынасқа былайша анықтама беріледі: қарым-қатынас - бұл адам іс-әрекетінін аса ауқымды
саласы, өмір сүру, тыныс -тіршіліктің негізгі арқауын білдіретін ұғым. [1, 67]
Г.М.Андреева қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағы бар: біріншісі - қарым-қатынастың
коммуникативті жағы - адамдар арасындағы ақпарат алмасумен, келесі қарым-катынастың интерактивті
жағы адамдармен өзара әрекеттестік ұйымдастырумен, үшінші - қарым-қатынастың перцептивті жағы -
қатынастағы адамдардың өзара ынтымақтастық, түсіністік негізімен белгіленеді. Үлгі ретіндегі
көрсетілген адамдардың қарым-қатынас кезіндегі көрінетін іс-әрекеті - сөйлеу мәдениетін береді, - деп
көрсетеді. [2] Ал, мәдениетті адамның қарым-қатынас кезінде мінез-құлқының жағымды-жағымсыз
жақтарының сөйлеу арқылы көрінуі немесе оның реттелінуі бүгінгі күнгі талап болып табылады. Адамның
әдеп сақтауы сол адамның өзін-өзі түсінуі және басқа адамды түсінуі. Қоғамда түрлі типтегі адамдар
кездеседі: ашуланғыш, шағым жасай беретін, өмірден түңіліп жүретін, білгіштеніп, өтірік айтып жүретін
т.с.с. Ондай адамдармен сөйлесу қарым-қатынасында эмоциялық дәрежеге бақылау жасау керек. Әрбір
мәдениетті адамның дұрыс сөйлеуі - сол адамның парасаттылығы мен адамгершілік интеллектісінің
бейнесі болып табылады. Ондай адам қандай қоғамның ортасында болса да өзін сенімді түрде ұстай
алатыны және сол ортадағы адамдарға қолайсыз жағдайлар тудыра қоймайтындығына кәміл сенеді.
Онтогенездегі қарым-қатынас мәселесін С.Л. Рубинштейн, М.И. Лисина, А.Н. Леонтьев т.б. ғалымдар
экспериментті және теориялық тұрғыда зерттеді. С.Л. Рубинштейн, қарым-қатынас құралы болып
табылатын сөйлеу үрдісін қарастыра келе, адамның сөйлеу мәдениеті негізінде сол адам туралы, оның ішкі
дүниесі туралы ақпарат алуға болады десе, қарым-қатынасты іс-әрекет тұрғысында қарастырған ғалым
А.Н. Леонтьев сөйлеуді - заттық әрекет орындаудағы адамдардың қарым-қатынасының басты құралы,
тәжірибе меңгерудің негізгі жағдайы деп түсіндіреді.
Демек, индивидтің жеке тұлға болып қалыптасу үрдісі белгілі социумда, қарым-қатынас және
әрекеттестік негізінде жүзеге асады. Адам тіршілік ету барысында белгілі бір топта, сол жердің
талаптарына сай өз ойын, тәртібін өзгертіп, қарым-қатынасқа түсіп, әбіржу, үрейлену, қуану, т.б. сезім-
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
31
дерін басынан өткізеді. Бұл тұрғыда қарым-қатынас ерекше құбылыс. Себебі, бұл үрдіссіз, біз, әжелер
ертегісін, ата-аналардың тәрбиесін, ұстаздардың тәлімдік ой-пікірін түсінбес едік. Тек қарым-қатынас
үрдісі барысында ғана жеке тұлға қалыптасуы жүзеге асады. Әркім тұлғалық сапаларды белгілі ортада -
отбасы, балабақша, мектеп, ауладағы қатынаста меңгереді. Е.И. Рогов бұл ортаны - микроорта деп айтады.
[3] Микроортадағы қарым-қатынас үдерісінде адам әлеуметі әлемді танып-біліп, макроортаның ықпалын
сезінеді. Ал, макроортаға –мәдениет, білім, ғылым, заң, қоғамдық ережелер жатады. Бұл екі орта үнемі
байланысып, әрекеттестікте болады, екеуінің табысқан жерін - шағын топ немесе адамның өмір сүру
мекені дейді. Дәл осы, адамның өмір сүру мекені болып табылатын отбасы, топ, сыныпта бала өзіне дейінгі
аға ұрпақтың тәжірибесі мен білімін меңгереді. Бұл кұбылысты 1-суреттен көруге болады. Бұл кестеде
баланың жеке тұлға болып қалыптасуы және оған тікелей ықпал ететін орта, қарым-қатынастың өзара
сабақтастығы айқын бейнеленген.
1 – сурет. Макроорта, микроорта және шағын топтың бірлігі
Бала туғаннан бастап өзінің ұлттық мәдени құндылықтарын меңгеріп, әлеуметтене бастайды. Бұл
үдеріс кезінде балада ары қарай мамандандырылған мекемелерде де, өмір сүру барысындағы үлкендердің
басшылығымен де жүзеге асады. Психология, педагогикада индивид дамуындағы мәдениеттің ықпалын
қарастыратын салыстырмалы - мәдени зерттеулер бірнеше. Атап өтсек: Пиаженің баланың интеллектуал-
ды даму тұжырымдамасы, Эриксонның адам өмірінің эпигенетикалық тұжырымдамасы т.с.с.
Әрбір адамның ішкі жан дүниесі мен мәдениет арасындағы байланыс өте ертерек шақта, жаңа туған
кезде - нәрестені тамақтандыру, жөргекке орау, бесікке бөлеу, тазалыққа дағдыландыру сияқты тәжірибе-
лермен байланысты қалыптасады.
Жалпы, бала дамуына мәдениеттің тигізер ықпалы түрлі саладағы мамандарды толғандырды
(Л.С. Выготский, А.Р. Лурия т.с.с). Дегенмен де, индивид дамуындағы мәдениеттің әсерін американдық
ғалым М. Мид эмпирикалық тұрғыда зерттей келе, Тынық мухитындағы Самоа, Жаңа Гвинея сияқты
аралдарда жүргізген зерттеулері негізінде, «мәдениет - қоғамда өмір сүріп, дұрыс ойлап, дұрыс
қарым-қатынас жасауының алғы шарты деп тұжырымдайды». М.Мид, мундугумар тайпасындағы адамдар
мәдениеті зорлық-зомбылық, күш көрсетумен байланысты болғандықтан, осы аталған тайпа балаларының
мінез-құлық, тәртіптерінде агрессия, дөрекілік ерекше байқалады дей келе, тәрбиедегі махаббат пен
қамқорлықтың тапшылығы - бала тәртібінде агрессия, ал мейірімділік пен жылы қатынас - пацифизмді
қалыптастырады деп көрсетеді. [4]
Психология мен педагогика жеке тұғалық қарым-қатынастардың - достық, махаббат, әлеуметтік
әсерлер, қақтығысушылықтар, жоралық әрекеттестіктер, құштарлық сияқты көптеген түрпішіндері бар.
Белгілі бір ұжымда, отбасында адамдар өздеріне жүктелген міндеттерін барынша нәтижелі орындауда
әлеуметтік әсерлер негізінде қарым-қатынас орнатып жатады. Ал, белгілі қоғамда адамның өзіндік
мәртебесі және шынайы әлеуметтік қатынастары, сол жердегі қабылданған ережелерге сәйкес құрылған
әрекеттестік - жоралық әрекеттестікті бейнелейді. Жоралық әрекеттестіктер - жинақталған салт-дәстүр,
тәжірибелерді келешек ұрпаққа жеткізу үшін қажет. Жоралық әрекеттестіктер - отбасындағы адамдардың
ынтымақтастығын, әлеуметтік байланыстардың сабақтастығын сақтайтын және қарым-қатынастағы
адамдарға терең эмоционалды әсер қалдыратын құбылыс. Адамзат қоғамы өзінің өмір сүру тарихында
көптеген жораларды өндіреді. Атап айтсақ, оларға: діни салт-дәстүрлер, дипломатиялық салтанатты кеш-
тер, әскери жоралар, түрлі мерекелер жатады. Жораларға сонымен қатар көптеген тәртіп нормалары -
қонақ күту, танысу, біреуді қошаметтеп күтіп алу, бөгде адаммен қарым-қатынасқа түсу т.б. жатады.
Адазат өмір сүру барысында міндетті түрде басқалармен қарым -қатынаста болады. Ал, осы қатынас ең
әуелі әдептен басталады. Әр адам сөзін «сіз» деп бастап, сол адамға деген құрметті білдіреді. Сонымен
қатар адам аңғалдық жасап, ыңғайсыз жағдайларға кездессе «кешіріңіз», «ғафу етіңіз», «рұқсат па?» деген
сөздерді айтады. Осылайша, әр адам-әлеуметтік құбылыс ретінде нәтижелі байланыстар орнатуда
«сауатты» түрде қарым-қатынас ұйымдастыра білуді үйренеді. Ол үшін өмір сүріп отырған қоғамда
Достарыңызбен бөлісу: |