Әдебиет
1. Сламбекова Н.М. Қазақстанда шағын жинақталған ауыл мектептеріндегі оқыту
процесінің сапасын жетілдіру тәжірибелері / Научно-педагогический журнал «Білім». –
2004. – №2(16).
2. Ералиева М. Ауыл мектептерінің әлеуметтік-педагогикалық мәселелерінің қазіргі
жай-күйі / Научно-педагогический журнал «Білім». – 2006. – №2(26).
3. Тойбазарова Н.Ә. Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесі мен болашағы /
Научно-педагогический журнал «Білім». – 2009. – №6(49).
4. Сламбекова Н.М., Тойгулиева А.Б. Шағын комплектілі ауыл мектептерінде
қолдануға қолайлы оқыту технологиялары / Научно-педагогический журнал «Білім». –
2005. – №1(19).
5. Жамиева А. Шағын комплекті мектептің оқу үрдісін ұйымдастырудағы
қиындықтарды шешудің маңызды бағыттары / Научно-педагогический журнал «Білім». –
2006. – №6(30).
6. Шұғаева Г. Шағын комплектілі мектептердегі тәрбие мәселелері / Научно-
педагогический журнал «Білім». – 2005. – №4(22).
ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН
АРТТЫРУ – БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ
Г.Е. Исенова
№2 жалпы орта білім беру мектебі, Ақсу қаласы
Шағын жинақталған мектеп – біріккен сынып құрамында шағын
оқушылары бар жалпы білім беру мектебі. Шағын жинақталған мектептің
ерекшелігі сыныптарда оқушы саны аз, мұғалімнің қызметіндегі көппәнділік,
мектеп басшыларының әкімшілік міндеттерді қоса атқаруы болып табылады.
Соған қарамастан шағын жинақталған мектептер Қазақстан Республика-
сының жалпы білім беретін мекемелер туралы нормативті құжаттарында
белгіленген шараларды толық атқаруға міндетті.
Шағын жинақталған мектептердің мақсаты: оқушыларға жалпы орта
білім берудің мемлекеттік стандарттары талаптарына сәйкес білім беру;
мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, оның өмір
шындығын дәл әрі терең түсіндіру қабілеттерін дамыту; өмір бойында
үздіксіз білім алуға және өз бетінше білімін көтеруге дайындығын
қалыптастыру.
Шағын жинақталған мектептердің көбі ауылдарда орналасқан. Ауыл
тұрғындары үшін ауылдың театры да, киносы да, кітапханасы да – осы білім
ордасы. Мектеп білім шаңырағы болумен қатар, сол ауылдың әлеуметтік те,
экономикалық та проблемаларын шешіп отыр. Шағын жинақталған
мектептер жас ұрпақтың, ауылдың, тұтас ұлттың болашағы үшін қызмет
54
етуде. Осы ХХІ бәсекелестік ғасырда шағын жинақталған мектептерде білім
сапласын арттыру жолдарына көп көңіл аударылады.
Шағын жинақталған мектептерде сабақтар сынып-кешен болып
оқытылады. Оқу үрдісі бір мезгілде екі-үш сыныпта бірдей ұйымдас-
тырылады, ұқсас сабақтар өтеді. Бұдан бір емес, бірнеше проблема туады.
Бала жан-жақты білім ала алмайды. Мұндай мектептерде материалдық-
техникалық база төмен болғандықтан, әсіресе арнайы жабдықталған
кабинеттер болмағандықтан, оқушы тақырыпты толық игере алмайды. Сағат
аз болғандықтан, шағын жинақталған мектептерге баруға мамандар
ықыласты емес. Соның салдарынан бір пәннің мұғалімі бірнеше пәннен
сабақ беруіне тура келеді. Ал әр сыныптың оқушылары өздерінің жас
ерекшеліктеріне лайықталып жасалған оқу бағдарламасы бойынша белгілі
бір білім көлемін меңгеруі тиіс. Сондықтан екі немесе үш-төрт сыныптың
біріктіріліп оқытылуы оқушыларға да, мұғалімге де психологиялық жағынан
да, оқыту әдістемесі тұрғысынан да үлкен қолайсыздықтар туындатады.
Сыныптағы оқушы санының аздығы, бір жағынан, оларды даралап оқыту
мүмкіндігін ұлғайтса, екінші жағынан, психологиялық тұрғыда ұжымдық іс-
әрекет
жасау,
оқушының
коммуникативтік
қабілеттерін
дамыту
мүмкіндіктерін шектейді, шамадан тыс бақылауды күшейтеді, осының
барлығы оқушының психологиялық ахуалына, білім сапасына әсер етеді.
Мұның үстіне бала саны аз болғандықтан, сыныптар топтастырылып, сабақ
өтетіндігін ескерсек, оқушының бағдарламаны толық игеріп, жан-жақты
білім алуы мүмкін емес.
Пән мұғалімдерінің жетіспеуі немесе жүктеменің аздығы салдарынан
шағын мектептерде әдетте бір мұғалімнің бірнеше пән бойынша сабақ
беруіне тура келеді. Бұл мұғалімге қиындық тудырады, соның салдарынан сөз
жоқ, білім сапасын нашарлатады. Сонымен қатар олар – оқушылардың ынта-
ықыласын арттыруға, оқу-тәрбие жұмысын тиімді жүргізуге мүмкіндік
беретін педагогикалық технологияларға, оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдеріне
негізделген оқу-әдістемелік құралдарға зәру.
Сондай-ақ біріктірілген сыныптарда немесе әртүрлі пәндерден сабақ
беретін мұғалімдердің кәсіби санатын, еңбекақысын анықтауға байланысты
нормативтік тұрғыда шешімін таппаған мәселелер де кездеседі. Шағын
жинақты мектеп басшыларына арналған әдістемелік нұсқаулар тапшы.
Шағын жинақталған мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім
дәрежесін төмендететін бірнеше себептер де бар. Атап айтқанда:
– бір мезгілде бірнеше сыныппен жұмыс істейтін шағын кешенді
мектепке арналған оқыту әдістемесінің аздығы;
– өздігінше жұмыс істеу әдісі кең тарамағандығы;
– шағын кешенді мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан
әдістемелік және көрнекілік оқу құралдарының аздығы;
– оқушылар санының және сапасының төмендеуі;
– мамандардың жетіспеуі және сапасының нашарлауы;
55
– тұрмыс-тіршіліктегі қиындықтарға байланысты ата-аналардың бала
тәрбиесіне назарының төмендеуі, мектеппен байланысының нашарлауы.
Қала мектептерінде айтарлықтай жолға қойылған ақпараттық-
коммуникациялық технология арқылы білім беру, электрондық оқыту шағын
жинақты мектептерде енді ғана қолға алынуда. Ол жергілікті жерлердегі
инфрақұрылымның талапқа сәйкессіздігі, кең жолақты интернеттің болмауы
және білікті мамандардың тапшылығымен байланысты.
Осыдан бірнеше уақыт бұрын шағын жинақталған мектептердің
жағдайы төмен десек, соңғы жылдары білім саласын қаржыландыру көлемі
айтарлықтай көбейді. Соның нәтижесінде мектептердің материалдық-
техникалық базасы нығайып, жағдайы жақсара түсті.
Бүгінгі күні шағын жинақталаған мектептердің көбі компьютер,
интернет жүйесімен, жаңа буын оқулықтармен қамтамасыз етілген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыруда
Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан халқының
әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты
Жолдауында: «Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі
білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып,
осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» деген сөзі басшылыққа
алынды.
2005 жылы Алматы қаласында Білім беру жүйесі басшы және ғылыми-
педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтын-
да «Білім беру мазмұнын модернизациялау жағдайында шағын жинақталған
мектептегі педагогикалық-психологиялық үрдісті басқару ерекшеліктері»
атты курсқа қатысқанбыз. Аталған курста еліміздің әр облысымыздан
қатысқан мамандар, мұғалімдер шағын жинақталған мектептің іс-
тәжірибесімен, жаңа технологиялармен білім беруді сапалы басқарудағы
инновациялық қызметінің нәтиже, жетістіктерімен бөлісті.
Сол уақыт аралығымен салыстыратын болсақ, көптеген жаңа өзгерістер
ене бастады. Бұдан бес-жеті жыл бұрын мамандардың жетіспеуі және
сапасының нашарлауы барлық мектепте өзекті мәселе болатын.
Ал соңғы кездері шағын жинақталған мектепте жұмыс істейтін арнаулы
орта білімі бар мұғалімдер сырттай жоғары оқу орындарында түсіп, оны
бітіріп, соның нәтижесінде көбінесе маман кадрлар жетіспеу мәселесі біраз
шешілді. Мұғалімнің әдістемелік шеберлігі және жалпы мәдени біліктілігі
арқылы оқытудың дәрежесін көтеру – оқушыларды сапалы біліммен
қаруландыруға болатындығының кепілі. Сондықтан олардың біліктілігін
арттыру жұмысында, оны жүзеге асыру жолдарында, әдістерді де осыған
бағытталған.
Осы бағытта бүгінгі күні шағын жинақталған мектептерде педагогика-
лық ұжым жоспарлы да жүйелі жұмыстар ұйымдастырып, оқушылардың
бойына адамгершілік, имандылық және салауаттылық тұрмыс негіздерін
қалыптастыруға, отаншылдыққа, азаматтылыққа тәрбиелеуге, халықтың
56
тарихын, тілін, дінін құрметтеуге үйретуге, шығармашылық қабілетін
дамытуға үлкен күш жұмсауда.
Ата-анамен тығыз байланыста болу, мектеп-ата-ана-оқушылар үштігінің
ынтымақты жұмыс атқаруы, сөз жоқ, білім игерудің алтын кілті.
Шағын жинақталған мектепте әрбір мұғалім оқушылармен қарым-
қатынастың демократикалық стилін меңгеруге ұмтылуы тиіс, ал әкімшілік
тарапынан әр мұғалімге арнайы көмек көрсетілу тиіс.
Олар:
– ізденістік-зерттеу бағытына негізделген оқу-әдістемелік құжаттардың
қорын жасау арқылы озық тәжірибені жинау;
– әрбір мұғалімнің жеке тақырыптарды зерттеуіне көмектесу, оқытудың
отандық және әлемдік жаңа технологияларын оқу үрдісін жүйелі пайдалану
үшін мұғалімдерге теориялық және практикалық мүмкіндіктер туғызу;
– сабақ тиімдігі мен білім сапасын көтеруге бағытталған өздерінің
ізденістік-әдістемелік
жұмыстарын
жүйелеуге,
кезеңдер
бойынша
нәтижелерін талдауға, бағалауға әр мұғалімді ынталандыру, білімін үздіксіз
және өз бетімен жетілдіруге жағдай жасау;
– оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру, әдістемелік жұмыстарды
жаңаша ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыру іс-шараларына бағытталған.
Нәтижелі іске себепкер болатын фактордің бірі – марапаттау мен сынау,
материалдық және моральдық көтермелеу, қажетті психологиялық жағдай
қалыптастыру. Бірлігі жоқ ұжым бір қиындыққа немесе сәтсіздікке
кездескенде, әр жаққа тартса, бірлігі қалыптасқан ұжымының бір тұтастығы
нығая түсетіндігі, қандай күрделі де қиын міндеттерді ұйымшылдықпен
шеше алатыны анық.
Шағын жинақты мектептер қызметін ұйымдастырудың өзіндік
ерекшеліктері жетерлік және олар оқу үдерісі барысында ескеруді қажет
етеді. Бұл мектептердегі оқыту үдерісі білім мазмұнының сабақтастығы мен
үйлесімділігін қамтамасыз етуді, оқыту барысында бір пәнділік және бір
тақырыптылық ұстанымдарын қолдануды талап етеді.
Еліміздің білім беру жүйесі халықаралық талаптарға сай болуы тиіс.
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруда кешенді жұмыстар
жүргізіліп жатыр. Соның бір парасы – білім беруді дамытудың 2011–2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Осы бағдарлама негізінде
шағын жинақталған мектептердің проблемасын шешуде ресурс орталығы
моделі қолға алынды.
Қазір республикамыз бойынша 20 ресурстық орталық құрылды. Айта
кету керек, еліміздің бірнеше облысында, оның ішінде Павлодар облысында
да ресурстық орталық-тірек мектебі қызметін ұйымдастыру, оқу-тәрбие
үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, технологиялық карталар арқылы
өзіндік оқыту жұмысын ұйымдастыру жолға қойылған.
Жаңа оқу жылынан бастап Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру
мектебінде ресурстық орталық ашылды. Нақтырақ айтсақ, ресурстық
мектеп – шағын жинақталған мектеп оқушыларының бейімделген, әр
57
деңгейлі, көп салалы, саралай және терең білім алуына жағдай жасайтын,
оқу-тәрбие үрдісінің әрекеттерін бағыттап отыратын мектеп.
Ең бастысы шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие жұмысын
атқаруға, ауыл балаларын бүгінгі күн талабына сай оқытуға мүмкіндіктер
бар.
Әдебиет
1. «Қазақстан мектебі» журналы. – 2002. – №9.
2. «Қазақстан мектебі» журналы. – 2002. – №10.
3. «Бастауыш мектеп» журналы. – 2005. – №5, 6, 8.
4. Шапиева Л. Шағын жинақталған мектептің іс-тәжірибесінен. – Алматы, 2004.
ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТІҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕСІ –
БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
І.Қ. Кушербаева
Железин ауданының Еңбекші ЖОББМ, Еңбекші ауылы
Шағын жинақталған мектептердің қазіргі күйі мені қатты толғандырады.
Нақты мәліметтерге сүйенсек: соңғы 15 жылда ШЖМ-ның саны күрт өскен.
Қазақстандағы 7576 жалпы білім беретін мекеменің 4288-і (56,5) ─ ШЖМ.
ШЖМ-ның басым бөлігі Солтүстік Қазақстан (облыстағы барлық мектеп
санының 88,1 пайызы), Ақмола (81 пайыз), Қостанай (77,5 пайыз), Павлодар
(76,5 пайыз), Батыс Қазақстан (72,9 пайыз), Ақтөбе (68 пайыз), Шығыс
Қазақстан (67,9 пайыз) облыстарында.
Енді осы Павлодар облысындағы 76,5 пайызды құрап отырған шағын
жинақталған мектептер ауылдық жерлерде орналасақан. Біздің ауданда
барлығы 36 мектеп бар соның бәрі ШЖМ. Осы арадан мен ертеңгі
мектебіміздің білім сапасы қалай болады екен деген ойға келдім.
Шағын жинақталған мектептегі басты мәселелер:
1. ШЖМ «қаржыландыру бойынша мәселесі», бір оқушыны оқыту
бағасы тағайындалған мемлекеттік нормативтерден бірнеше есе артады және
оқыту сапасын қамтамасыз ете алмайды.
2. ШЖМ үшін ескірген материалдық-техникалық база, ақпараттық
қамтамасыздандыру, тұрақты қаржыландырмау және кадрлармен қамтамасыз
ету деңгейі төмендігі тән.
3. Коммуникацияның дамымауы, көлік құралының аздығы, энергиямен
қамтамасыз етудің тұрақсыздығы, педагогикалық кадрлардың көп ауысуы
проблемалары жиі кездеседі.
4. ШЖМ оқушыларының жеке білім алу траекториясын қамтамасыз
етуде
ресурстық-ақпараттық
және
Интернет-кеңістігі,
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялары тиімді бағдарланбаған.
Шағын жинақталған мектептердің оқу процесін ұйымдастыру келесідей
қиындықтарға байланысты:
58
– мұғалімнің педагогикалық қызметінің көп пәнділігі (көп бейінділігі)
балаға кәдімгі мектептердегідей сапалы білім беруді қамтамасыз етуге
мүмкіндік бермейді.
– шағын жинақталған мектептерді жабдықтауға (пәндік кабинеттер,
көрнекі құралдар, кітапхана және т.с.с.) қаржы салудың тиімділігі аз, өйткені
оқушылардың саны аз болғандықтан, ең көбі оқу уақытынының 30% ғана
қолданады, ал олардың болмауы мектептерде оқытудың практикалық
компонентін іске асыру мәселесі қосылады.
– сынып толымдылығының аздығы, балалар жасының әртүрлілігі білім
алушылардың жоғары саралап жіктеу жағдайында оқуға талап деңгейі мен
мотивациясын төмендетеді, нәтижесінде білім сапасы төмендейді, ол
коммуникацияның жалпы шеберлігін, әлеуметтік өмір нормаларын, ұжымдық
еңбек дағдыларын қажетті деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік бермейді,
тұлғаның толығымен әлеуметтендірілуін қиындатады.
Ауылдық шағын жинақталған мектеп оқушысында қазіргі сапалы
білімге қол жеткізуіне мүмкіншілігі тең емес.
Яғни, шағын жинақталған мектептердің басым бөлігі ауылдарда
орналасқан. Бұл мектептерде сабақтар сынып-кешен болып оқытылады.
Мысалы, 6,7-сыныптар топтастырылып, ұқсас сабақтар өтеді. Бұдан бір емес,
бірнеше проблема туады. Бала жан-жақты білім ала алмайды. Мұндай
мектептерде материалдық-техникалық база төмен болғандықтан, әсіресе
арнайы жабдықталған кабинеттер болмағандықтан, оқушы тақырыпты толық
игере алмайды. Сағат аз болғандықтан, шағын жинақталған мектептерге
баруға мамандар ықыласты емес. Соның салдарынан бір пәннің мұғалімі
бірнеше пәннен сабақ беруіне тура келеді. Дегенмен, проблемасы шаш
етектен деп шағын жинақталған мектептерді жауып тастауға мүлде
болмайды. Шағын жинақталған мектептердің дені ауылдарда екендігін
ескерсек, мектептерді жабу ұлт болашағына балта шабумен тең. Өйткені,
бүгін мектеп жабылса, ертең ол ауыл да жоқ болады. Ауылдың болашағы
мектепке тікелей байланысты. Мектеп білім шаңырағы болумен қатар, сол
ауылдың әлеуметтік те, экономикалық та проблемаларын шешіп отыр. Шағын
жинақталған мектептер жас ұрпақтың, ауылдың, тұтас ұлттың болашағы
үшін қызмет етуде. Сондықтан ауыл мектептерін көркейтуге, дамытуға
көбірек күш салу керек.
Кей облыс аймақтарында ШЖМ зерттеу орталықтар ашылған. Зерттеу
орталықтары жұмысының басты мақсаты – шағын жинақты мектеп
мұғалімдерінің қажеттіліктерін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.
Сонымен қатар шағын жинақталған мектеп мұғалімдерін ғылыми-
зерттеушілік жұмыстарға тарту, ШЖМ мәселелерін шешуде оқытудың заман
талабына сай жаңа технологияларын мектептің оқу-тәрбие үдерісіне енгізе
отырып, оқу-әдістемелік кешен әзірлеу.
Еліміздегі шағын жинақталған мектеп (ШЖМ) желісінің даму
динамикасы туралы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: «Қазақстан-
59
дық білім беру жүйесінің ерекшелігі – мектептердің жалпы санының 56,5
пайызын құрайтын ШЖМ болуы. Оның ішінде, ауылдық жерлерде – 68,6%.
Іс жүзінде әрбір төртінші мұғалім шағын жинақталған мектепте жұмыс
істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы шағын жинақталған мектепте
оқиды» делінген. Шын мәнінде, бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі
көптеген проблема осы шағын жинақталған мектептер төңірегінде
қалыптасып отыр. Атап айтқанда, мұндай мектептерде оқу-тәрбие үрдісін
ұйымдастыру, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру, оларды оқу-әдістемелік
және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселесін шешуде
қиындық өте көп. Ал осында қызмет істейтін мұғалімдердің психологиялық-
педагогикалық, ғылыми-танымдық білімдерді, оқытудың инновациялық әдіс-
тәсілдері мен арнайы технологияларын меңгеруіне мүмкіншілік жетіспейді.
Өйткені бұған әкімшілік басқару орталықтарының алыстығы, шағын
жинақталған мектептердің мұғалімдері үшін жергілікті жерлерде мамандық
жетілдіру курстарының аз ұйымдастырылуы, ұстаздардың өз беттерінше
білімдерін көтеруіне қажетті оқу-әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігі,
ШЖМ үшін арнайы мамандандырылған кадрлардың дайындалмауы,
мұғалімдердің тұрмыстық жағдайының төмендігі, кадрлардың тұрақтамауы,
тірек мектептердің мұғалімдерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндіктің жоқтығы
себеп болып отыр.
Ауыл мектебінің, оның ішінде шағын жинақталған мектептердің жайы
да – Елбасын толғандырып отырған мәселелердің бірі. Бұл ретте Президент-
тің: «...ауыл – бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениетінің, дәстүрінің, салты
мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек осы факторлар жиынтығы ғана бізден
ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды
талап етеді» деген сөздері жоғары пікірімізге дәлел бола алады.
Қазіргі таңда Үкімет қаулысымен шағын жинақталған мектептер
қызметінің құқықтық-нормативтік ерекшеліктері анықталып, олардың
нормативтік-құқықтық базасы жасалуда. «Білім туралы» Заңда шағын
жинақталған мектеп мәселесіне арнайы бап енгізілді. «Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында» да шағын жинақталған мектептердегі білім
беру сапасын арттыруға ерекше назар аударылып, оның негізгі тетіктері
белгіленді.
Шағын жинақталған мектептерде қордаланып қалған проблемаларды
ескерер болсақ, осы мектептерде білім беру жүйесінің құрылымы мен
мазмұнын қоғам талабы мен мемлекеттің даму болашағына сай құру жоғары
білім беру жүйесіне де бірқатар өзгерістер енгізуді қажет ететініне көзіміз
жеткен болар еді. Осы орайда шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің
кәсіби біліктілігін арттыру мәселесін шешуде он-лайн режимі бойынша білім
беру қызметін көрсету қажеттігі туындап отырғанын атап өткен жөн.
Ақпараттық технологиялар тұрмысымыздың барлық саласына кеңінен еніп
отырған қазіргі таңда оның жан-жақты мүмкіндігін пайдаланбау орынсыз
болар еді. Алайда, шағын жинақталған мектептердегі ақпараттық технология
60
жүйесін осы уақытқа дейін дұрыс пайдалана алмай отырғанымыз, бұл
бағыттағы көптеген түйткілдерге назар аударуға жетелейді. Мұнда әлі күнге
дейін шағын жинақталған мектептердің интернет желісіне қосылмауы,
арнайы қондырғылардың болмауы, «Шағын жинақталған мектеп»
порталының осы күнге дейін жасақталмауының өзі бізден мұндай игілікті
істерді шұғыл іске асыруды қажет етеді.
Шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің білімін көтеруге арналған
оқу-әдістемелік әдебиеттердің, оған қажетті дидактикалық материалдардың
жеткіліксіздігі, сыныптардың компьютерлік және басқа да қазіргі заманғы
техникалық құралдармен жабдықталуының төмен болуы қазір мұндай
мектептерді қашықтықтан оқыту жүйесіне енгізуді талап етері сөзсіз. «ҚР-да
білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында»: 2011 жылдан бастап оқушылар саны 10 және одан да көп
барлық ықшам мектептер жаңа үлгідегі компьютерлермен және кең жолақты
интернетпен қамтамасыз етіледі, қашықтықтан оқыту «e-learnіng»
электрондық
оқыту
шеңберінде
ұйымдастырылады»
делінуі
осы
қажеттіліктен туындап отырған жаңа міндет екені белгілі.
Шағын жинақталған мектептерде мәселе шешімін тауып, білім беру
сапасын жақсарта алатын бірқатар инновациялық идеяларды атап өтуге
болады:
1. Өткізілетін пәндердің сапасын жақсартатын материалдық-техникалық,
кәсіби, қаржылық ресурстарды біріктіру мақсатында, жақын орналасқан
шағын жинақталған мектеп желілерін ұйымдастыру.
2. ШЖМ-ге арналған ресурстық орталықтадың желілік әрекеттестік
орталығының қызметін орындау.
3. Жергілікті қауымдастықтардың барлық субъектілерімен әлеуметтік
серіктестік ұйымдастыру.
4. Ауыл мектептерін ақпараттандыру, оларды бірыңғай ақпараттық –
білім беру ортасына белсенді қатыстыру, аймақтық және жергілікті
әлеуметтік – мәдени дәстүрлерін сақтай отырып, өркениет жетістіктеріне
ендіру.
5. Шағын
жинақталған мектептерді қаржыландыру механизмін
жетілдіру.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім беру академиясы өткізген шағын
жинақталған мектептер мәселесіне арналған республикалық семинар өтті.
Кеңеске қатысушылар шағын комлектілі мектеп мәселелерін, олардың
келешектегі дамуын талдап, келесі ұсыныстарды (жобаларды) қабылдады:
I. Білім және ғылым министрлігіне:
1. Ауылдық шағын жинақталған мектептерді дамытудың стратегиялық
бағыттарын білім берудің жаңа парадигмалары мен әлемдік қаржы дағдарыс
жағдайында негіздеп тұжырылымдау.
2. ҚР
шағын комлектілі мектептерінде білім беруді дамыту
Тұжырымдамасының жобасын өңдеуді және талқылауды ұйымдастыру.
61
3. ҚР
шағын комлектілі мектептерінде білім беруді дамыту
Тұжырымдамасын іске асыруға қаржылық қамтамасыз ету.
4. Ауылдық шағын комлектілі мектептерді дамытуда заңнамалық және
нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуге өзгерту мәселелерін жасау:
– сыныпта (мысалы, 16) ___ оқушы бар болғанда, жеке пәндерді оқыту
кезінде топтарға бөлуді енгізу;
– елді мекендегі демографиялық жағдай мен жергілікті жас ерекшелігін
ескере отырып, «Мектеп–жанұя» типі бойынша саны аз оқушылармен
І сатылы мектептерді құру;
– ауылдық шағын жинақталған мектеп мазмұнына жаңа нормативтерді,
оларға типтік штаттық кестелерді енгізу;
– ШКМ тиімділігіне жаңа бағалау жүйесін жасау (мысалы, ШЖМ
инновациялық қызметтерге қатысу квотасын көбейту, басқа мектептердің
педагогтарына көмекке баратын, «тьютер-мұғалімдерге», «эдвайзер-
мұғалімдерге», «куратор-мұғалімдерге» қолдау көрсету»;
– «Ресурстық (білім беру) орталығы», «Шағын жинақталған мектеп
желілері» сияқты – жаңа типті (түрдегі) білім беру ұйымдарын нормативті
және қаржылай қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасы білім
беру ұйымдарының типтер (түрлер) тізіміне енгізу;
– «Ресурстық (білім беру) орталығы», «Шағын жинақталған мектеп
желілері» туралы ережелерді әзірлеу;
– «Ресурстық (білім беру) орталығы» мен «Шағын жинақталған мектеп
желілерінде» мемлекеттік-қоғамдық басқару (соның ішінде қамқорлық
кеңестер) қызметін нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз ету.
5. 2010–2013 жылдарға «ҚР білім беру ұйымдарын көлік құралдарымен
қамтамасыз ету» атты республикалық мақсатты кешенді бағдарламаның
жасалып, жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
6. Ауылдық шағын жинақталған мектептерге радио және теледидар оқу
бағдарламаларын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
ІІ. Облыстық білім беру басқармаларына:
1. 2010-2013 жылдарға «ҚР білім беру ұйымдарын көлік құралдарымен
қамтамасыз ету» атты республикалық мақсатты кешенді бағдарламаның
жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
2. Ауылдық жерлерде орта білім беру ұйымдары желісін, Ресурстық
(білім беретін) орталықтарын ұйымдастыру.
3. Ауылдық жерлерде білім беру ұйымдарының жаңа модельдері мен
жүйелерін тәжірибелі саралаудан өткізуді (материалдық-техникалық,
қаржылық, нормативтік-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, кадрлық, мотивация-
лық, ұйымдастырушылық-басқару) шарттармен қамтамасыз ету.
IІI. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім беру академиясына:
1. Шағын комлектілі мектептердің дамуын қолдау Орталығын құру.
2. Бейіналды даярлығы және бейіндік оқыту, құзіреттілік-бағдарлы білім
беру теориясын, білім беру ұйымдарында сапа менеджментінің жүйесін,
білім беру ұйымдарының тиімді әлеуметтік-қызметтік құрылымын жобалау-
62
ды жетілдіруді, педагогикалық ұжымның, соның ішінде ШКМ-дің де
мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін жетілдіруді қамтамасыз ету.
3. Шағын комлектілі мектептердің дидактикалық базасына сәйкес
келетін оқыту әдістемелері мен білім беру технологияларының Тұжырым-
дамасын әзірлеу.
4. ШКМ әртүрлі жастағы топтар үшін білім беру процесін ұйымдастыру
теориясын бейімдеп жүзеге асыру.
5. Білім беру процесін ұйымдастырудың сыныптан тыс сабақ жүйесімен
ауылдық жерлерде «Ресурстық (білім беру) орталығы», «Шағын жинақталған
мектеп желілері» моделін тәжірибелі сараптаудан өткізуді ұйымдастыру.
6. Білім алушылардың жеке білім алу траекториясының толық жүйелі
іске асуы мен жобалау мәселесін әзірлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |