Қонақжай қылқан жапырақты желектен
кетіп бара жатып және оның иесімен қо-
штасарда бір ой туды: бүгін өмірдегі өз ор-
нын тапқан, басыбайлы бақытты адамда
қонақта болдық.
«Өз ісімді мен шынайы ұнатамын. Мен
біздің шыршаларымызды сатып алатын өз
клиенттеріммен кері байланыстың болғанын
жақсы көремін. Мен үшін бұл маңызды, се-
бебі менің бизнесім адамдар мен табиғатқа
деген сүйіспеншіліктен құрылған. Оның ақ-
шалай жағының мен үшін маңызы бар, алай-
да осы мақсат жолында мен өз ұстанымыма
қарсы келе алмаймын, мысалға, ешқашан
шыршаны кесу үшін сатпаймын. Өз тапқа-
нымның бір бөлігін Алматының бір бала-
лар үйіне көмек көрсету үшін жұмсаймын,
оларға көмек беруге және жаным қалаған
іспен айналысуыма мүмкіндігімнің бар бо-
луы мен үшін бақыт. Бақытты өмірдің бір
сыры осы шығар».
BUSINESS MONEY
Өз ісің
42
№6(14) желтоқсан 2015
DIGITAL MONEY
Көлік құралы
Дмитрий Ким
ҚОЛДАҒЫ ТАКСОПАРК
Қазақстандағы такси нарығы күрделі өзгерістерді бастан
кешіруде. Жеке тасымалдаушылар әлі де тасымалдаулардың
қомақты бөлігін басқарып жатыр, алайда күн өткен сайын жол
бойында көлік тоқтатуға қарағанда такси шақыру бойынша
қосымшаны артық көретін адамдардың саны арту үстінде.
Қазақстан кеңсесіне қызметкерлерді қабылдауға кіріскен
бұл саладағы әлемдік үздік Uber компаниясының келуінен
сескене отырып, жергілікті және ресей интернет-ойыншылары
төлемге қабілетті және қалталы клиенттер үшін бәсекелесуде.
43
№6(14) желтоқсан 2015
DIGITAL MONEY
Көлік құралы
«Бомбила» дәуірінің
аяқталуының бірін-
ші белгісі болып Қа-
зақстан нарығына
inDriver ресей жасақта-
масының келуі болды.
Тапсырысты онлайн
орналастыруға, өзді-
гінен баға белгілеуге
және көліктің қозғалы-
сын смартфон экра-
нында бақылауға мүм-
кіндік беретін қосымша
клиенттердің, сон-
дай-ақ жүргізушілер
арасында бірден таны-
малдылыққа ие болды
«Шақырту» vs. «ұстау»
«Бомбила» дәуірінің аяқталуының бірінші
белгісі болып Қазақстан нарығына inDriver
ресей жасақтамасының келуі болды. Тапсы-
рысты онлайн орналастыруға, өздігінен баға
белгілеуге және көліктің қозғалысын смарт-
фон экранында бақылауға мүмкіндік бе-
ретін қосымша клиенттердің, сондай-ақ жүр-
гізушілер арасында бірден танымалдылыққа
ие болды. Технологияның кең таралуына
жүргізушінің бизнеске қосылуының қара-
пайымдылығы әсер етті: қосымшаны жүкте-
ген көлік жүргізушісі жеңіл онлайн-тіркеу-
ден өтеді және компанияға шағын комиссия
төлей отырып тапсырыстарды орындауға
кіріседі. Жүргізушілерге жолаушылар баға-
сын қоятын, сол арқылы оның рейтингін жо-
балайтын жүйе қызмет көрсетудің сапасын
арттыруға айтарлықтай түрткі болды.
Онлайн-бәсекелестің жетістіктері дәстүр-
лі таксомоторлық компаниялардың ызасы-
на тиді. Елордалық тасымалдаушылар ҚР он-
лайн-қызметтерге рұқсат бермеу талабымен
Астана әкімдігіне және Бас прокуратураға
арыз бағыттаған болатын. Демпинг - жеке та-
сымалдау бойынша ұялы қызметтерге қарсы
шағымдар арасында – автокөлікке техника-
лық бақылау болмауы және жүргізушілер ту-
ралы ақпараттың аз болуы.
inDriver айтуы бойынша компанияның
қызметіне бұл шағымдардың әсері шамалы.
«Қызмет әкімшілігіне такси қызметтерінен,
мемлекеттік органдардан ешқандай шағым
келіп түскен жоқ. Шағым жазуға жұмсалған
күшті өз қызметін жасақтауға, клиенттердің
көңілінен шығуға бағыттағандары дұрыс бо-
лар еді, - деп жасақтаушы-компанияның бас-
пасөз хатшысы Надежда Алексеева GM-мен
ой бөлісті. – Адамдар inDriver-ді ол арзан,
жылдам және сапалы болған соң таңдайды.
Қызмет нарығына inDriver келгенінің арқа-
сында жолаушы тасымалындағы бағалар
бірнеше жылдар бойы бір деңгейде тұрғаны
анық».
Жолаушылардың қауіпсіздігінің төменді-
гін-мыс негізге ала отырып, таксопарктың
көліктері болмағандықтан, ұялы қызметке
негізсіз айып тағылуда. «Қоңыраулардың та-
рихы мен тапсырыстардың мекенжайлары
жүйеде сақталады, бұл қауіпсіздікпен қамта-
масыз етуде басты роль ойнайтыны рас.
Мысалы, форс-мажорлық жағдайларда көлік-
ті бақылау және ақпаратты құқық қорғау ор-
гандарына жөнелту процедурасы қарасты-
рылған», - дейді Алексеева. – Қауіпсіздікті
арттырудың маңызды құралы жүргізушілерді
тексеру процедурасы болып табылады. Жүр-
гізушілер өз деректерін растағаннан кейін,
біз оған «тексерілген» статусын ұсынамыз.
Клиенттер өз тапсырысын тек тексерілген
жүргізушілерге жолдай алатын мүмкіндік
ұсынылған. Сонымен қатар рейтингке талап
қою мүмкіндігі бар, бұл жағдайда рейтин-
гі төмен жүргізушілер бұл тапсырысты көре
алмайды».
Жау түбінде жалғыз емес
inDriver нарықта жалғыз жайлануы таңға-
ларлық жағдай болатын еді. Таяу күндері
отандық жасақтаушылар өз баламалы қыз-
меттерін ұсынған болатын. taxi.kz қосымша-
сын жасап шығарушы Тимур Худайбергенов
нарыққа ресей ойыншысының келуі өзінің
бизнес-жобасына әсер еткенін жасырмайды.
Өз сөздеріне қарағанда Тимурдың тарихы
мынандай. Ресейдегі студент кезінде ол түн-
гі уақытта таксист болып қызмет атқарған.
Шығынсыз жолға түскен кезден бастап, өз
көліктерін сатып ала бастаған. 2014 жылы
оның компаниясы жүздеген көліктерден
тұратын ірі таксопарк қатарына қосыл-
ды. Батыста такси шақырту қызметтері бе-
лес алғанына куә болып, Худайбергенов
44
№6(14) желтоқсан 2015
«Батырманы бір ба-
сып кез келген меке-
мені таңдайсыз, ол ту-
ралы кеңестер оқисыз,
қоңырау шалып орын
броньдап, сол меке-
меге такси шақырта-
сыз. Әр жөнелтім үшін
клиентке баллдар сый-
лаймыз, оларды меке-
меде ұсынатын түрлі
дисконттарға ауысты-
ра аласыз. Бұл шешім
өзін ақтауда және
жоба үшін қосымша
табыс болу үстінде»
DIGITAL MONEY
Көлік құралы
өз қолданушыларына taxi.kz қосымшасын
ұсынды және ол клиенттердің көңілінен
шыққаны анық. Алайда бір жыл көлемінде
Астана нарығында inDriver пайда болды, бұл
Тимурдың бизнесінің бағытына өзгерістер
енгізді.
«Бұл жігіттер бізді оза шауып, көптеген се-
бептер бойынша олармен бәсекелесу мүмкін
болмады. Негізгі себептердің бірі – inDriver
қызметіндегі қолжетімді тіркелу. Біз жүр-
гізушілер жинап, олармен сұхбат жүргізе
отырып, айына ең көптегенде 500 адам жи-
най алатын едік. Ал бұл уақыттың ішінде
inDriver үш мыңнан бес мыңға дейін жүр-
гізушіге ие болды. Бұл жағдай олардың біз-
ден асқақ тұруына жеткілікті болды, ал бізге
қандай да бір маркетингтік қадамдар жа-
сауымыздың мәні қашты», - деп GM-мен ой
бөлісті.
Нәтижесінде 2015 жылдың наурыз ай-
ында қосымшаның барлық маркетингі
тоқтатылып,
ал
жасақтаушылар
жаңа
өнімнің шығарылуын жарты жылға кештет-
ті. Худайбергеновтың айтуынша, қосымша-
ның жаңа нұсқасында өзге баламалы қосым-
шаларда жоқ қызметтер қосылған. Негізінен
taxi.kz-те жүргізушілердің рейтингін құруда
тек клиенттердің бағалауы ғана емес, сон-
дай-ақ автокөліктің келу уақыты және орын-
далған тапсырыстар саны ескеріледі. «Яғни,
жүргізушінің жүйедегі тәжрибесі есепке
алынады. Бұл біз үшін аса маңызды, себебі
жүйедегі тапсырыстардың мардымды бөлі-
гін кәсіби жүргізушілер орындағанын қалай-
мыз және олар өздерінің кәсібилігінің және
клиенттермен жақсы қарым-қатынасының
арқасында табыс тапқанын дұрыс деп есеп-
тейміз», - дейді кәсіпкер.
Taxi.kz-тің өзгелерден тағы бір айыр-
машылығы – «қайда барамыз» қызметі. «Ба-
тырманы бір басып кез келген мекемені
таңдайсыз, ол туралы кеңестер оқисыз,
45
№6(14) желтоқсан 2015
«Еуропамен салысты-
рғанда Қазақстанда
Uber құратын нарық
бұрыннан бар. Біздегі
әр диспетчерлік қыз-
мет мини-Uber болып
табылады. Олар ли-
цензия алған кәсіби
таксисттер емес. Бұл-
тапсырыс ұсынатын
диспетчерлік қызмет
пен келісімге отырған
қарапайым көлік жүр-
гізушілері. Осының не-
гізінде Uber Еуропада
өз үкімін жүргізіп тұр»
ИНВЕСТИЦИЯЛАР
UBER ÜBER ALLES
Uber компаниясы қаржыландыру-
дың келесі раундын жасауға дайын-
далуда, одан кейін ол әлемдегі ең бай
жеке компаниясына айналуы мүм-
кін. Ағымдағы жылдың шілде айын-
да Uber $1 млрд инвестиция тарт-
ты, Microsoft-тың $100 млн есепке
алғанда. Тамыз айының басындағы
жағдай бойынша компанияның на-
рықтық құны шамамен $50 млрд
бағаланды. Анонимдік ақпараттан-
дырушылар сөзіне сенсек, Uber тағы
$1 млрд инвестиция алуды мақсат
тұтуда, содан кейін компанияның
бағасы $60-70 млрд дейін өсуі мүм-
кін. Стартаптың инвесторларды тар-
ту жылдамдығы және жиілігі барлық
мамандарды таңғалдыруда. Uber әлі
ресми мәлімдеме берген жоқ.
The New York Times
DIGITAL MONEY
Көлік құралы
қоңырау шалып орын броньдап, сол мекеме-
ге такси шақыртасыз», - деп тап өтті Худай-
бергенов. – Әр жөнелтім үшін клиентке бал-
лдар сыйлаймыз, оларды мекемеде ұсынатын
түрлі дисконттарға ауыстыра аласыз. Бұл
шешім өзін ақтауда және жоба үшін қосымша
табыс болу үстінде.
Uber-дің астында
Әлемге танымал Uber (жеке көлігі бар жүр-
гізушілер мен әлеуетті жолаушыларды байла-
ныстыруға арналған смартфон қосымшасы-
ның жасақтаушысы) компаниясы Алматыда
кеңсе ашып, қызметкерлер жинау туралы
сыбыс нарық ойыншыларының үнжұрғасын
түсіргені сөзсіз. Әлемнің 63 мемлекетінде
және 300-ден астам қалаларда өз технология-
сын шыңдаған компанияға қарсы тұру қиын-
ның қиыны.
Алайда Тимур Худайбергенов «бірегей
мүмкіндіктері бар супер ойыншы ретінде
Uber рөлін асқақтатушылар» қатарында емес.
Uber Еуропаның лицензияланған нарығында
айтулы жетістікке жетті, дегенмен де таксо-
парк құру кезінде көптеген қиыншылықтарға
соқтырады. Және ол жерде өзіне өзі жұмыс
істейтін жүргізушілер түсінігі мүлдем жоқ.
Бұл жағдайларда Uber авто иелердің нарығы-
на жеңіл сіңісіп оны демпингпен жаулауы
оңайға соқты», - деп мәлімдеді кәсіпкер.
Еуропамен салыстырғанда Қазақстанда
Uber құратын нарық бұрыннан бар, деп са-
найды Худайбергенов: «Біздегі әр диспетчер-
лік қызмет мини-Uber болып табылады. Олар
лицензия алған кәсіби таксисттер емес. Бұл
тапсырыс ұсынатын диспетчерлік қызмет-
пен келісімге отырған қарапайым көлік жүр-
гізушілері. Осының негізінде Uber Еуропада
өз үкімін жүргізіп тұр».
Жергілікті такси қызметкерлері Uber-
дің маркетингтік мүмкіндіктерінен сақта-
нулары қажет деп ескертеді Худайбергенов:
«үлкен қаражаты бар халықаралық компа-
ния жөнінде сөз қозғаудамыз және бұл ретте
тек Uber-дің маркетингтік стратегиясы ғана
емес, сонымен қатар GetTaxi секілді ұлтара-
лық интернет-агрегаторлар үрей туғызады.
Бұл жігіттер немен айналысады? Олар өзге
нарықтарға айтарлықтай демпингпен келеді.
Мысалы Мәскеуде GetTaxi бірінші шақыртуды
тегін ұсынған. Бұл маркетингтік шығындар
үшін миллиондаған доллар». Оның ойынша
осындай үлкен шығындар компанияның кли-
енттік базасын өсіруге ұмтылысын білдіреді.
«Мұндай асыра айтылатын хабар жаңа ин-
весторлар қарсаңындағы IPO болуы мүмкін.
Айта кетерлік жайт бұл коммерциялық не-
месе таксидің салалық жобасына қарағанда,
қаржылық жоба екені рас», - деп GM сұхбат-
тасушысы ой түйді.
Оның ойынша, егер Uber пайда табу үшін
емес, тағы бір мемлекетті өз қызметіне бірік-
тіру үшін Қазақстанға келетін болса, онда
жергілікті такси қызметтерінің жағдайы на-
шарлауы айдан анық. «Елестетіңізші, Uber
тегін шақыртулар таратып, жүргізушілерге
айлық төлейтін болса, яғни табыссыз салым
салатын болса. Әрине мұндай қызмет қысқа
мерзімнің ішінде танымалдылыққа ие бола-
ры сөзсіз», - деп ойын қорытты Худайберге-
нов.
46
№6(14) желтоқсан 2015
WORK MONEY
Кадрлар
МӘДЕНИЕТ АРҚЫЛЫ
НӘТИЖЕЛЕРГЕ
ХХ ғасырдың өте ықпалды менеджмент
теоретиктерінің бірі Питер Друкер
бірде былай деген болатын: «Мәдениет
стратегияның негізі». Компания мен оның
көшбасшыларының стратегиясы қанша жерден
үздік болғанымен, соған пара-пар корпоративті
мәдениет болмаса ол түкке тұрмайды.
Ринат Шаяхметов,
RBK BANK басқарма төрағасының кеңесшісі, HR Club KIMEP төрағасы
Корпоративті мәдениет – мақсат-мүддені бір
нәтиже үшін жұмылдыруға және бәсекеге қа-
білетті имиджді қалыптастыруға септігін ти-
гізетін мықты стратегиялық құрал. RBK BANK
үшін бұл жолдан тайдырмайтын ортақ құн-
дылықтарға, қағидаттар мен қалыптарға негіз-
делген біздің жұмыс істеуіміздің айрықша түрі.
RBK брендінің аясында жұмыс істей
бастағаннан бері (2011 жылдың күзі) корпо-
ративті мәдениетке көп көңіл бөлінді, себебі
стратегиялық мақсатымыз «сапалы қызмет
көрсететін сапалы банк болу» еді, «тапсы-
рыс бойынша тігілген» деген ұранмен жұмыс
істейтін бутик тектес банк секілді, бұл бізге
көп міндеттер жүктеді. Жаңа атаумен бірінші
жыл ішіндегі жұмыс барысында өзара әрекет
етумен құндылықтар қалыптасты, соның не-
гізінде корпоративті этика Кодексі қабылдан-
ды, ол негізгі этикалық қалыптар мен іс-әре-
кеттер ережесін бекітті (2012 жыл).
Келесі кезекте RBK BANK-ның барлық
құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарына
біздің мәдениетіміздің негіздерін көшіру ке-
зеңі болды (2013 жыл). Осы уақытта сыртқы
және базалық мәдениет деңгейі қалыптасты:
құндылықтар, қағидаттар, фирмалық стиль, кеңселер,
фронт кеңседегі арнайы киім үлгісі, жиһаз, интерьерлер,
слогандар, баламалар және басқа да қажетті элементтер.
Басқа банктердегі іш пыстыратын қарабайлылықтан
ерекшелендіру мақсатында мұның барлығын іс-қимыл
үлгісін қалыптастыру үшін қызметкерлердің санасына
құйып қана қоймай, бойына дарыту қажет болды. Біз
сыртқы көріністерімізбен ғана емес, іс-әрекеттерімізбен
өзгелерден өзгеше болуымыз керек еді, ал ол өте қиын
шаруа. Бұған көп уақыт пен шыдамдылық керек, бар-
лығын кезек-кезегімен енгізу қажет, шыдамсыздық тау-
сылғанда төзімділік орнын басады.
Бір белгілі бизнесменнің айтқаны бар: «Мен өз компа-
ниямның стратегиясын ұшақтың креслосында қалдырып
кетуім мүмкін, оны менің бәсекелесім оқиды, алайда мен
ештеңеге уайымдамаймын, себебі мәселе мәдениетте
47
№6(14) желтоқсан 2015
жатыр». Шынында да қандай да
бір өнімді не болмаса қызметті
көшіріп алуға болады, алайда кор-
поративті мәдениетті көшіре ал-
майсың. Оны қалыптастыратын
көшбасшылар. Бұл керек десеңіз
банктің ДНК-сы, аурасы. Ол мына
маңызды функцияны атқарады:
басқарушылық (іс-қимыл стандар-
тын қалыптастыру, әсіресе этика-
лық жағынан күрделі жағдайлар-
да, жеңіл бой үйрету, төзімділікті
шыңдау), беделін арттыру (банк
туралы бірыңғай пікір қалыпта-
стыру, қоғам ішінде ол туралы
жағымды пікірді қолдау) және ин-
теграциялық (құндылықтарды қа-
былдап, қолдайтын қызметкер-
лерді командаға топтастыру).
Қазақстанның қаржы нарығын-
да алғашқы қадамдарынан бастап
RBK BANK баршаның назарын өзі-
не аударды: «тұтыну несиелері»
санатында көрсететін қызметінің сапасы бойынша үздік
болып танылды (2012 жыл) және «Жылдың үздік марке-
тингтік жобасы» атағын жеңіп алды (2013 жыл).
Корпоративті мәдениетті қалыптастыру мен дамыту-
дың келесі кезеңі «тамыр жаю кезеңі» болды, 2014 жылы
біз «Білім арқылы көшбасшылыққа» атты бағдарламаны
жариялаған болатынбыз. Ұжымда мәдениет желілік бас-
шылар арқылы тамыр жаюы керек, себебі олар бизнес
үрдістерінің қайнаған ортасында жүреді.
Көшбасшылық пен мәдениет егіз ұғым, басшының,
әсіресе желілілік буындағы басшылардың іс-әрекетінен
банктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуі байла-
нысты. Эдгар Шейн айтқандай бұл «медальдің екі жағы»
секілді. Көшбасшы өз қызметкерлерін шабыттандырып,
корпоративті стратегияны, мақсаттар мен құндылықтар-
ды насихаттаушы болуы қажет.
Егер сіз өз бөлімшеңіздің жұмысын қалай жақсарту
керек екендігін білсеңіз, онда ұжым ішіндегі жаттықты-
рушы немесе тәлімгері боласыз, жауапкершіліктен қо-
рықпаңыз. Осылайша сіз шынайы көшбасшыға айнала-
сыз, жоғары қызметке тағайындауға және жалақыңызды
өсіруге бірден бір үміткер боласыз. Бұл біздің қызмет-
керлерге қозғау салады: теңіздің тынышталғанын күтіп
отырудың қажеті жоқ, белсенді әрі пайдалы болыңыз, ал
атақ-даңқ деген өзі келе береді!
Бұл үшін шеберлікті шыңдап, озық тәжірибелерді зер-
делеп, әріптестермен өз ойларыңмен, идеяларыңмен
бөлісіп отыру қажет. Бұған RBK BANK Оқу орталығы
WORK MONEY
Кадрлар
көп қолдау көрсетеді, ол жақын арада сапа-
лық жаңа деңгейге көтеріледі. Желілік менед-
жерлерді оқыту орталықтың басым бағытта-
рының бірі. Оқыту менеджерлік, кадрлық,
корпоративтік және психологиялық құзыр-
лықтың негіздері бойынша құрылады. Оңай
болу үшін мен оны желілік менеджерлердің
басқару құзырлығын дамыту – ЖМБҚД деп
атаймын.
Біздің корпоративтік мәдениетіміз, ішкі
оқыту жүйесі және қызметкерлердің интелек-
туалды капиталы банктің материалдық емес
активі болып саналады, ол банктің капитал-
дандыруын еселей түседі, брендті бекітеді және
банктің қоғамдағы беделін нығайтады.
Банктің табысы анық: биыл Forbes Kazakhstan
журналының мәліметі бойынша RBK BANK Қа-
зақстандағы жедел дамушы компания болып
танылды, осы ретте банк қызмет көрсетудің
сапасын арттыруда, жаңа бөлімшелер мен фи-
лиалдарды ашуда, өнімдер мен қызметтер қа-
тарын кеңейтуде, мәдениет пен спорт саласын-
дағы әлеуметтік жобаларды қолдап келеді.
Мәдениет деген сөз латынша «өңдеу» деп
аударылады, сондықтан мақсаттар мен та-
бысқа жету үшін біз өзімізді бау-бақшаны бап-
тап, күтетін бағбан болдық деп есептеуіміз ке-
рек.
48
№6(14) желтоқсан 2015
48
Алоис Назаров
ТЕМІР ТҰЛПАРЫҢ
КЕНЕТТЕН ТҰРЫП
ҚАЛСА
Қыс көліктер мен олардың
қожайындары үшін сындарлы сынақ.
Аяздан астыңдағы «атың» ғана емес,
бюджетің де қиындық көреді.
LIFE MONEY
Автомектеп
Дайын бол
Қыста көлік жолға себілетін тұз аралас
құмнан және басқа да реагенттерден көбірек
зақымданады. Егер профилактикалық шара-
лар қолданылмаса металл тез таттана бастай-
ды. Бұл көп ретте жаңа көліктерге қатысты
айтылмайды.
Ең алдыменен пластмассалық қанатша-
ларын қадағалау қажет, олар көліктің бар-
лық маркаларында бола бермейді. Олардың
4 жиынтығы 16 мың теңге тұрады. Оларды
49
№6(14) желтоқсан 2015
LIFE MONEY
Автомектеп
орнатуға 4 мың теңге кетеді. Ең кемінде айы-
на бір рет көлік жуу орындарына барып тұру
керек.
Аязды күні көлік жуу өте ұқыптылық пен
тиянақтылықты қажет етеді. Біріншіден, сы-
рттан жылы боксқа кіргенде бірден жууға
кірісіп кетпеген жөн, кемінде 5 минут көлік
жылынып тұрсын, себебі қатып тұрған тере-
зеге жылы су тисе, ол шытынап кетуі мүмкін.
Екіншіден, жуып болған соң есіктің жақта-
уындағы резеңкеге су тимегенін қадағалау
қажет, өйткені түнімен далада тұрған көлік-
тің есігі қатып, кейін ашылмай қалуы мүмкін.
Суды шаң сорғыш пен компрессормен оңай
құрғатуға болады. Бұл есіктің тұтқасы мен
құлпына да қатысты. Сенімдірек болу үшін
силиконды спрейді қолданған жөн, себебі ол
сумен кетпейді, салондағы бөгде дыбыстарды
құртады.
Көлікті жуғанда балауыз қосылған арнайы сабынсу-
ды қолданған дұрыс. Жұқалап жағылған балауыз су мен
балшықтың көлік сыртына жабысып қалуына жол бер-
мейді, көлік таза болып тұрады.
Біздегі қолданыста жүрген көліктердің есіктері
қашықтықтан ашылып, жабылмайды, көбінде клас-
сикалық құлып орнатылған. Олар аяздың әсерінен
сыр бере бастайды, бойында су қатып, ашылуы қиын-
дайды. Тәжірибелі жүргізушілер құлыптың ішін со-
лидолмен немесе арнайы маймен алдын ала майлап
қояды. Егер қол астында оның екеуі де болмай қал-
са, капотты ашып, тежегіштің сұйығына кілтті бір
малып алыңыз, құлып майланып шыға келеді. Отын
багының құлыпты қақпағын да ұмытпаңыз, егер ол
сіздің көлігіңізде қарастырылған болса. Ол құлып-
ты майламасаңыз, көктемнің күн жылуына дейін кү-
тетін боласыз.
Салондағы қысқы төсеніш кілемшелердің көп көме-
гі бар. Олардың резина жиектері аяқ киімнен тараған
саз-балшықтың салонға жайылуына жол бермейді. Ол
болмаса аяқ астыңыз шылқып суға толып, жазға дей-
ін кеппейтін болады. Нарықта резиналық кілемше-
лердің түр-түрі бар (әр көліктің түрі үшін, әмбап түр-
лері), бағалары 6 мыңнан 20 мың теңгеге дейін жетеді.
Таңдаудағы басты талап - резинаның жағымсыз иісінің
болмауы, төзімділігі мен икемділігі. Айтпақшы, арулар
үшін өкшесі үшкір аяқ киімдері кілемшені тесіп кетпей-
тін берік материалдардан жасалған кілемшелерді ұсы-
нуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |